Материалдар / Қысқа мерзімді сабақ жоспары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді сабақ жоспарын дайындай отырып, сабақты дұрыс өтуіне, құрылымына , әдіс тәсілдерін құрастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қырқүйек 2022
350
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Көркем еңбек

Мектеп:

Күні:

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 5

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Визуалды өнер

Сабақтың тақырыбы:

Бейнелеу өнеріндегі көркем құралдары.. Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

5.1.2.1-Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін анықтау және зерделеу

5.1.3.1 -Шығармашылық идеяларды зерттеу мен дамыту үшін ақпарат көздерімен жұмыс істеу (ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдану арқылы)

Сабақтың мақсаты:

Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін түсіндіре алады. АКТ мен жұмыс істейді



Басым бөлігі: Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер қол өнер дизайн туындыларын АКТ ны қолдана отырып, талдай алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы

















Психологиялық ахуал қалыптастыру

Жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту мақсатында «Аялы алақан» әдісі бойынша жағымды ахуал туғызамын.

Нұсқаулық: қатысушылар шеңбер болып отырады. «Бүгінгі сабақтан не алғыңыз, не көргіңіз келеді?» — сұрағын оқушыларға қойып, сұрақтарға жауап алу. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады. (Тренинг соңында қатысушылар дөңгеленіп қолдарын ұстайды)

Оқушылар қорапшадан өздеріне ұнайтын түске сай маркерлер алады.

Оқушылар амандасып ,бір-біріне сәттілік тілейді.




Ойлан , бірік, бөліс әдісі арқылы оқушылар қайталау сұрақтарына жауап береді








Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау.

Оқулықтағы түсініктемелер мен иллюстрациялық суреттер

Мен қосымша тапсырмалар















Ортасы






Оқушылар қорапшадан өздеріне ұнайтын түске сай маркерлер алады.



Жаңа білім

10 минут






БО «Түсіндіру және сипаттау» түрін қолданып, «Көшбасшы және тыңдаушылар» әдісі арқылы оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

Берілген жаңа тақырыпты түсіндіру үшін сыныптан өз еркімен бір оқушы Көшбасшы ретінде өзін ұсынады. Көшбасшының қалауынша мәтінмен жұмыс жүргізу.

Бейнелеу өнері дегеніміз – айналамыздағы өмір көріністерін жазықтықта әрі кеңістікте бейнелеу арқылы суреттейтін өнер түрі.

Бейнелеу өнері сан ғасырлық даму тарихына байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Олар: живопись, графика, мүсін, сәулет өнері және сәндік-қолданбалы өнер.

Живопись – қағаз, тақтай, картон, кенеп бетіне әртүрлі бояулармен орындалатын шығарма.

Графика – қағаз, картон бетіне қарындаш, қаламұш, көмір, тушь арқылы орындалатын сурет.

Мүсін — әртүрлі материалдармен (тас, ағаш, металл, сазбалшық, ермексаз) дөңгелек көлемді кеңістікке сомдалған көркем шығарма.

Сәулет өнері – үйлер, ғимараттар, көшелерді жобалау және оны жасау өнері.

Сәндік-қолданбалы өнер – халық тұрмысында кеңінен қолданылатын көп салалы өнер. Әрбір халықтың шығармашылығымен байланысты өнер. Бұл өнер түріне қазақтың ұлттық қолөнері жатады.

Графика өнерін қағаз бетіне алғаш түсіргендердің бірі – жерлесіміз - Исатай- Исабаевтың 100 ден артық шығармаларының жарық көргенін білеміз.

Живопись орындалу ерекшелігіне қарай бірнеше жанрға бөлінеді: натюрморт, пейзаж, портрет, маринистік жанр, анималистік жанр, тарихи жанр, батальдық жанр.

Живопись жанрларымен танысу үшін галереяға саяхат жасайық. Сөзжұмбақ шешу «Галерея».

Галерея – көркем шығармалар қоры жинақталған орын. Қазақстандық суретшілердің шығармалары, жалпы Қазақстан бейнелеу өнері туындылары жинақталған орын ең алғаш рет 1935 жылы Алматыда ашылды. Ол Қазақ Мемлекеттік көркемсурет галереясы деп аталды. 1976 жылы Қазақ қолөнер мұражайымен бірігіп, 1984 жылы оған Әбілхан Қастеев есімі берілді. Қазір Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік Бейнелеу өнері мұражайы деп аталды.

Балалар, біздің галереямызда живописьтің түрлі жанрындағы шығармалар жинақталыпты.

Алдын-ала берілген тапсырма бойынша оқушылар әр жанрға түсініктеме беріп, мұғалім толықтырады.

Натюрморт – жансыз заттар мен бұйымдарды үйлесімді етіп бейнеленген шығарма. «Натюрморт» — француз сөзі, аудармасы «өлі табиғат» дегенді білдіреді. Натюрморт алғаш рет 17 ғасырда Голландияда пайда болды.

Пейзаж – табиғат көріністері бейнеленген шығармалар. Пейзаж жанры әр алуан. Кейбір пейзаж шығармалары өмірде бар нақты көріністерді бейнелесе, кейбіреулері суретшінің ой-қиялынан туады.

Портрет – адамның бет пішіні бейнеленген көркем шығарма. Портрет жазушы суретшінің басты мақсаты – адамның сырт ажары ғана емес, ішкі жан дүниесін, рухани келбетін көрсете білу.

Тарихи жанр – белгілі бір оқиғалар мен тарихи кезеңдер бейнеленген көркем шығармалар.

Батальдық жанр – соғыс оқиғалары, Отан қорғау, жер қорғау көріністері бейнеленген көркем шығарма.

Маринистік жанр – теңіз, көл, мұхит сияқты табиғат көріністері бейнеленген шығармалар.

Анималистік жанр – жан-жануарларды бейнелеген көркем шығарма. Ол латынның «animal» (хайуанат) деген сөзінен шыққан.




Оқулық,

мәтіндер.





Оқушыларға «Шебер» атты кері байланыс парағы Онда: балға суреті - «мен меңгердім», қол ара суреті - «мен білгенмін» және шеге суреті - «толықтырғым келеді» деген үш бағанға оқушылар бүгінгі сабақтан түйген ойларын жазып береді.

.









Алуан түрлі қағаздар мен картон қағаз т.б табиғи сәндік бұйымдар








Сергіту сәті











«Жылы сөз» жылулық шеңбері



Оқушылар сабақ өті барысында өз сыныптастарына жылулық сөздерін айтады .





















Аяқталуы











Кері байланыс

Оқушылар рефлекциясы : «Алма ағашы» әдісі.

  • Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым, сондықтан көңіл-күйім котеріңкі.

  • Сары алма – мен тапсырманы толықтырамын, көңіл күйім орташа.

  • Қызыл түсті алма - мен тапсырманы орындай алмадым , көңіл –күйім жоқ.

Өз ойларын еркін жеткізу .




Оқушылар бүгінгі сабақты қандай деңгейде түсініп,білгендерін алманы таңдағандары бойынша білемін.

Жасыл алманы бәрін жақсы түсінген оқушылар таңдаса , сары алманы кейбіреулерін дұрыс түсінбеген , толықтырамын деген оқушылар таңдаса, қызыл алманы тапсырманы орындай алмаған ,түсінбеген оқушылар таңдайды .Бүгінгі сабақтағы білім деңгейінің көрсетеді




Оқушылардың жасаған жұмыстарына пікір қалдыру.



Қағазға салынған қызыл, сары және жасыл алма суреттері

Қосымша ақпарат

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқыту ортасы қандай болды?

Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?

Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

1:

2:









Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Көркем еңбек

Мектеп:

Күні:

Оқытушының аты-жөні: Қаратаева Жадыра.

Сынып:5

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Визуалды өнер

Сабақтың тақырыбы:

Классикалық өнердің үздік туындылары. Қазақстандық суретшілердің шығармашылығы

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

5.3.2.1-Пәндік терминологияны қолдана отырып, өзінің және өзгелердің (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер) жұмыстарында берілген идеялар мен тақырыптарды сипаттау

5.3.3.1-Пәндік терминологияны қолдана отырып, өзінің және өзгелердің (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер) жұмыстарындағы қолданылған әдіс-тәсілдерді (техникасы) сипаттау

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: Пәндік терминологияны қолдана отырып, өзінің және өзгелердің (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер) жұмыстарында берілген идеялар мен тақырыптарды сипаттай біледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы

















Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу. Психологиялық ахуалды қалыптастыру


Түрлі жемістерден құралған стикелерді салып, себеттен геометриялық денелердің пішіндерін алады, 4 топқа бөлініп отырады. Өткен тақырыпты пысықтау: «Миға шабуыл» әдісі

Оқушылар амандасып ,бір-біріне сәттілік тілейді.




Ойлан , бірік, бөліс әдісі арқылы оқушылар қайталау сұрақтарына жауап береді










Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау.


Жіпте жайылған фотосреттерді алып, түріне сай топтарға бөлінеді














Ортасы






Сабаққа байланысты видеосабақ көрсетіледі . Тақырыпты Жигсо әдісі арқылы тақырыпты бөліктерге бөліп, оқуға тапсырма береді.Топтағы балалар бір мысалды қарастырып, бірге отырып талқылап, өз беттерінше түсіндіреді

.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!