Материалдар / Қысқа мерзімді сабақ жоспары 5-сынып қазақ тілі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қысқа мерзімді сабақ жоспары 5-сынып қазақ тілі

Материал туралы қысқаша түсінік
5-сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспар. Уақытыңызды тиімді пайдаланыңыз
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қараша 2024
89
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін: _____________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ тілі 1-сабақ

Бөлім:

6. Қиял әлемі. Морфология

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты :


Күні:


Сынып: 5

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қиял – адамға тән қасиет

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

5. 1. 5. 1 тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру;

5. 4. 2. 2 зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану

Сабақтың мақсаты

Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беріп, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіреді. Зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдана алады.

Құндылықтарға баулу

Ұлттық мүдде құндылығы: қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, қоғам игілігі үшін қызмет ету.

Ар-ұят құндылығы: адал еңбекті құрметтеу, сөзіне берік, ісіне адал болу, шешім қабылдай білу және жауапкершілікті сезіну.

Талап құндылығы: Салауатты өмір салтын ұстану. Білуге, жаңаны тануға құштарлық, сыни және креативті ойлау, дұрыс қарым-қатынас орната білу.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//

уақыты

Педагогтің әрекеті

Білім алушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басталуы

5 минут









5 минут
















Сабақтың ортасы

5 минут









10 минут



























5 минут































10 минут























Сабақтың соңы

5 минут

Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу.

1.Психологиялық ахуал қалыптастыру

2.Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру;

Ой шақыру

1-тапсырма «Ассоциограмма»

Қиял дегенде есіңе не түседі?






Қиял













2-тапсырма

Сұрақтарға жауап бер

1.«Қиял», «қиялдау» сөздерінің мағынасы қандай?

2. .«Қиял» мен «арман» сөздерінің арасында қандай ұқсастық пен айырмашылық бар деп ойлайсың?

3.Кімді қиялшыл деп санайсың? Неге?

4.Қиял-ғажайып ертегі дегенді естідің бе? Егер естісең, оның кәдімгі ертегіден қандай айырмашылығы бар?

4-тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап бер. Көтерілген мәселе бойынша ойыңды білдір. Тыңдалған мәтіннен адам бойындағы қасиеттерді білдіретін сөздерді жазып ал.

1.Мәтінде не туралы айтылады?

2.Мәтінге қандай ат қояр едің? Неліктен?

3. «Заттар мен құбылыстардың бейнесін ойда бейнесін ойда қайта жаңғыртып, өңдеу, ойша өзгерту» деген сөйлемнің мағынасын қалай таратып түсіндірер едің?

4.Қиял адамға ғана тән қасиет пе? Неге?

5. Адамның қиялы мен ерік-жігерінде қандай байланыс болуы мүмкін?

6. Мәтіннен өзің қалаған бір сөзді таңдап, оның айтылуы мен жазылуындағы айырмашылықты түсіндір.

Сөздің жазылуы

Ережесі



Тілдік бағдар

Сөз таптары

Сөз табы  лексика-грамматикалық сипаттары мен белгілері ортақ болып келетін сөздер тобы. Қазақ тілінде 9 сөз табы бар.

 Сөздерді топтастырудың үш принципі бар: 1) лексикалық-семантикалық сипаты; 2) синтаксистік қызметі; 3) морфологиялық белгісі.

 Сөз таптарының лексика -семантикалық сипаты. Әр сөздің өзіндік ұғымы, мағынасы болады. Мысалы, зат есім заттың атын: адам, мектеп, табиғат; сын есім заттың сынын: жақсы, биік, қара, таза, үлкен; сан есім заттың санын: үш, жеті, елу, мың; етістік істің қимылын: бару, келу, айт білдіреді. Бұл тұжырымдар сөзді лексика-семантикалық жағынан сипаттайды.

 Сөз таптарының синтаксистік қызметі. Әр сөз табы белгілі бір сөйлем мүшесінің қызметін атқарады. Сөз таптарының сөйлемдегі бұл функциясы синтаксистік қызмет деп аталады.

 Сөз таптарының морфологиялық белгісі әр сөз табының сөз

Тудыру тәсілі мен түрленуіне,

грамматикалық ерекшелігіне қатысты болады.


Жеке жұмыс

Мәтінді оқып, мәтіннен зат есімдерді теріп жаз. Қандай жалғау арқылы түрленгенін анықта.

Қиялмен көмкерілген шындық

Көркем әдебиеттегі автордың қалауына сәйкес өмірлік шындықты соны тәсілдермен жаңғыртатын «магикалық кристалл» туралы Пушкин заманынан бері айтылып келеді. Өмірде болмаған, болмайтын жайларды көркем образдар арқылы жаңаша бейнелеп, дүние бейнесін қайта құрып, оған төтенше, оқырманға таныс емес түр беретін әдеби амал – көркемдік ойдан шығарудың бір түрі. Жалпы, көркемдік қиял, ойдан шығару – әдебиеттің ажырағысыз белгілерінің бірі десек, әдеттегіден бөлекше бейнелеу – осы көркемдік ойлаудың, көркем шарттылықтың ең жоғары сатысы, яғни «шындыққа сәйкеспейтін» құбылыстардың поэтикалық шындыққа айналуы.Қиял – шығармашылық еркіндік көрінісі – негізінен романтикалық ирония бастауларының бірі болып табылады. Онда, көбінесе, дүние қияли сипат алып, автордың қалауымен һәм қиялымен жаңа қырынан көрінеді, «екіге жарылып», «өңі айналдырылып» фантастикаға ұласып отырады, мұнда оқиға-құбылыстар «қияли көрінеді, қандай да бір нақтылықтан адаланады, …онда көптеген ғажайыптар орын алады».


Рефлексия

 «2:1» әдісімен 2 қызықты, 1 қиналған  тұсын айту керек.



Психологиялық ахуал

-Салем достым! (амандасады)

-Сен қалайсың? (иықтарынан қағады)

-Қайда болдың? (құлақтарынан тартады)

-Мен сені сағындым! (қолдарын жүректеріне қояды)

-Сен келдің! (қолдарын жаяды)

-Жақсы болды!(құшақтайды)

Берілген сұрақтар



Қиял туралы «Ассоциограмма» әдісімен білетін ақпараттарын жазады.






Сұрақтарға жауап береді.











Мәтінді мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап береді. Көтерілген мәселе бойынша ойың білдіреді. Тыңдалған мәтіннен адам бойындағы қасиеттерді білдіретін сөздерді теріп жазады.



















































Мәтінді оқып, мәтіннен зат есімдерді теріп жазады. Қандай жалғау арқылы түрленгенін анықтайды.


Үлгі: автор-дың ( ілік септігі жалғауы), өмір-де (жатыс септігінің жалғауы)
















Рефлексия арқылы сабақтың қызықты тұстарын айта отырып,

Қиналған түстарын, меңгере алмаған тұстарын жеткізеді.







Талқылау кезінде оқушылардың айтылған пікірлері мен көзқарастары ауызша

мадақтау арқылы бағаланып, сабақтың келесі кезеңінде белсенді қатысуына ынталандырады

Жарайсың!

Керемет шешім!
Ойлы шешім!

Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!



Дескриптор

Білім алушы

-сұрақтарға жауап береді,

-көтерілген мәселе бойынша ойын білдіреді,

-адами қасиеттерді білдіретін сөздерді теріп жазады.



Сабақты бекіту кезеңін бағалау

«Жапондық бағалау» әдісі бойынша үш топ бірін-бірі бағалайды. Осы бағалау арқылы келесі өзгелердің жауаптарымен келісетін тұстарын, толықтыруға қатысты өз көзқарастарын, өздерінің қоятын сұрақтарын жеткізеді.

Дұрыс,келісемін


Толықтырамын, басқа көзқарасым бар.

Менің сұрағым бар




























Дескриптор

Білім алушы

-мәтіннен зат есімдерді теріп жазады,

-түрленуін түсіндіреді.


Оқулық

6-сынып

«Атамұра» баспасы

2018жыл



Қалыптастырушы бағалауға арналған


тапсырма

лар жинағы

6-сынып



















Оқулық

8-сынып

«Атамұра» баспасы

2018жыл
























Бөлім:

6. Қиял әлемі. Морфология

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты :

Б. Сағидолла

Күні:

10.01.2024ж

Сынып: 5

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қиял – адамға тән қасиет

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

5. 2. 2. 1 лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтіндер арқылы тану;
5. 4. 2. 2 зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану

Сабақтың мақсаты

Лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтіндер арқылы ажырата алады. Зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдана алады.

Құндылықтарға баулу

Ұлттық мүдде құндылығы: қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, қоғам игілігі үшін қызмет ету.

Ар-ұят құндылығы: адал еңбекті құрметтеу, сөзіне берік, ісіне адал болу, шешім қабылдай білу және жауапкершілікті сезіну.

Талап құндылығы: Салауатты өмір салтын ұстану. Білуге, жаңаны тануға құштарлық, сыни және креативті ойлау, дұрыс қарым-қатынас орната білу.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//

уақыты

Педагогтің әрекеті

Білім алушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басталуы

5 минут







5 минут






Сабақтың ортасы

10 минут

































10 минут
















































10 минут











Сабақтың соңы

5 минут

Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу.

1.Психологиялық ахуал қалыптастыру

«Алма, шие, өрік, банан»


2.Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру;


8-тапсырма

Мәтінді түсініп оқы.

Жазба стиліне тіліне тән сөз тіркестері мен сөйлемдерді ата.


10-тапсырма

Оқыған мәтін мазмұны бойынша төмендегі кестеде берілген қиялдың ерекшелігі мен мысалының сәйкестігін тексер. Оларды сәйкестендіріп, себебін түсіндір. Қарамен жазылған сөздер мен сөз тіркестеріне сұрақ қой. Олардың қай сөз табына жататанын айт.

Қиялдың ерекшелігі

Мысалы

1

адамның қиялы оның қызығушылығы мен қасиеттеріне, мақсатына байланысты

алға қойған мақсатты жоспарлап, жүзеге асырудың жолдарын іздестіру қиялсыз мүмкін емес.

2

адамның жас және дара ерекшеліктеріне де, білім тәжірибесіне де байланысты

ересек адамның қиялы мен айналасын енді тани бастаған жасөспірімнің қиялын салыстырып, бағалауға болмайды.

3

қиял адамның өскен ортасына, ұлттық ерекшелігіне, табиғатқа байланысты

«сары сайран далада туып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті»


Жеке жұмыс

Берілген мәтінді мұқият оқып, ауызекі сөйлеу мен жазба стильдік айырмашылықтарына сараптама жаса.

- Мама, бүгін бес алдым, барлық сабақтан!..

Қырмызы өзінен бірер жас кіші сіңлісін ертіп, анасының берген байғазы ақшасына дәріханадан гематоген сатып алады. Дүкендегі кәмпиттерден гөрі осы қызыл-қоңыр тәттіні ерекше ұнататын-ды. Әпкесінің «Бестік» алған күндері кішкентай сіңлісі үшін де бір мереке еді...

Басына байлаған ақ бантиктері желкілдеп, өмірдің әр қалт еткен көрінісінен қуаныш көріп жүретін ол бір ғажап күндер еді-ау!.. Қырмызы әжесінің баласы еді. Ол кісінің сөз саптауы мен ой-пайымын бала Қырмызы аудыртпай қағып алатын-ды. Әжесінің әр сөзі оған саф алтындай қымбат және әруақытта орынды болып саналатын.

- Менің шешем өте көрікті кісі болған еді... Сен соған тартқансың.

Балапаным-ай, кейде осы көркіңнен де қорқам...

- Неге, әже? Сұлу болған жаман ба?

- Жарқыным-ай, жақсы ғой, тек... жамандығы да бар.

- Неге?..

- Болды, қазымыр болма, ол баланың ойыны емес!

- Айтшы, әже, сұлу болған неге жаман? Ұлдар бұрымыңнан көптартқаны үшін бе?

- Е, жалған-ай... Сенің екеу болғаныңды көріп, маңдайларыңнан сүйіп барып өлсем - арманым болмас еді...

- Әже, сіз ешқашан да өлмейсіз, егер өлсеңіз сізді мен жүрегіме салып ап ешкімге көрсетпей, өзіміз ғана өмір сүреміз.

- Балапаным менің, кішкентай ақымағым... Е, Аллам, тіл-көзден аман ете гөр, бұлардың көз-жасын көрсетпе маған...


Мәтін

Ауызекі сөйлеу тіліне тән сөз тіркестері мен сөйлемдер







12-тапсырма

Жұптық жұмыс

«Аквариум» әдісі

Оқылым мәтініндегі Мағжан Жұмабаевтың пікірін негізге алып, берілген диалогті әрі қарай жалғастырыңдар. Сынып қай жұптың диалогі қызықты , сәтті шыққанын анықтасын.



Рефлексия


Шығу парағы

1.Бүгін не үйрендің?

2.Сабақ бойынша қандай сұрақтарың бар?

3. Келесі сабақта қандай мәселелерге баса назар аудару керек

Психологиялық ахуал

«Алма, шие, өрік, банан» Оқушылар орындықтарды шеңберлей орналастырып жайғасады. Мұғалім оқушыларды отырған ретімен жемістер атауымен санап шығады: «Алма, шие, өрік, банан» деп. Осыдан кейін мұғалім бір не бірнеше жемістің атын атайды (мысалы, «Шие!» деп, не «Алма,өрік!» деп, немесе « Алма, шие, өрік, банан!» деп), сол кезде жемісі аталған оқушылар орындарын алмастыру қажет. Ал мұғалім бір бос орынға отырады. Орын жетпей қалған оқушы жүргізуші болып, жемістердің атын атайды.


Мәтінді түсініп оқиды.

Жазба стиліне тіліне тән сөз тіркестері мен сөйлемдерді атайды.





Оқыған мәтін мазмұны бойынша кестеде берілген қиялдың ерекшелігі мен мысалының сәйкестігін тексереді. Оларды сәйкестендіріп, себебін түсіндіреді. Қарамен жазылған сөздер мен сөз тіркестеріне сұрақ қояды. Олардың қай сөз табына жататанын айтады.






































Берілген мәтінді мұқият оқып, ауызекі сөйлеу мен жазба стильдік айырмашылықтарына сараптама жасайды.













Оқылым мәтініндегі Мағжан Жұмабаевтың пікірін негізге алып, берілген диалогті әрі қарай жалғастырады. Сынып қай жұптың диалогі қызықты , сәтті шыққанын анықтайды.


















Жарайсың!

Керемет шешім!
Ойлы шешім!

Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!



Дескриптор

Білім алушы

-мәтіндегі жазба стиліне тән сөз тіркестерін теріп жазады;

- қиялдың ерекшелігі мен мысалының сәйкестігін тексереді.

- себебін түсіндіреді,

-қарамен жазылған сөздердің қай сөз табына жататынын анықтайды.


















Дескриптор

Білім алушы

-мәтіндегі ауызекі сөйлеу стиліне тән сөз тіркестерін теріп жазады;

-жұбының жұмысымен салыстырады;

-қажеттілігіне қарай өз кестесіне толықтырулар енгізеді.



Оқулық

6-сынып


























Тексерілді















































Бекітемін: _____________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ тілі 3-сабақ

Бөлім:

6. Қиял әлемі. Морфология

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты :


Күні:


Сынып: 5

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қиялдай алу – ерекше қабілет

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

5. 1. 1. 1 тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау;

5. 4. 2. 2 зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану

Сабақтың мақсаты

Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжай алады; Зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдана алады.

Құндылықтарға баулу

Ұлттық мүдде құндылығы: қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, қоғам игілігі үшін қызмет ету.

Ар-ұят құндылығы: адал еңбекті құрметтеу, сөзіне берік, ісіне адал болу, шешім қабылдай білу және жауапкершілікті сезіну.

Талап құндылығы: Салауатты өмір салтын ұстану. Білуге, жаңаны тануға құштарлық, сыни және креативті ойлау, дұрыс қарым-қатынас орната білу.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//

уақыты

Педагогтің әрекеті

Білім алушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басталуы

5 минут







5 минут










Сабақтың ортасы

10 минут

















5 минут



















10 минут















5 минут





Сабақтың соңы

5 минут

Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу.

1.Психологиялық ахуал қалыптастыру

«Айдаһар»


2.Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру;

3-тапсырма

Берілген тірек сөздерді оқыңдар.Осы тірек сөздер қамтылған мәтінде не туралы айтылуы мүмкін деп ойлайсың? Өз ойларыңды білдіріңдер

Тірек сөздер: қиял, таным-түсініктің дамуы, адам қажеттілігі, белсенді әрекет, шабыт беру, күш-жігер, өмір салты, адам әрекеті, танымды кеңейту, ойға ерекше әсер ету.

4-тапсырма

Мәтінді мұқият тыңда. Өз болжамдарыңды салыстырыңдар.

5-тапсырма

Тыңдалған мәтін мазмұны бойынша төмендегі тақырыптарды ретпен қойып жаз. Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықта.

Қиял және белсенді әрекет

Қиял және бала психологиясы

Қиял және өмір салты

Қиял және шабыт




Негізгі ақпарат

Қосымша ақпарат




Тілдік бағдар

Зат есім – заттың, құбылыстың атауы болатын, заттың атын білдіретін сөздер. Сұрақтары: кім? не? кімдер? нелер?

 Мысалы, кім? – ана, ақын, етікші, жазушы, елші, оқушы, аспаз, кәсіпкер, зейнеткер, арбакеш, ұстаз, ақылгөй, жәрдемші, т.б.

Не? – ауыл, қағаз, жылқы, перде, теледидар, қарындаш, нөсер, нәтиже, өзен, жапырақ, торғай, кітап, дәптер, т.б.

Кімдер? – балалар, спортшылар, жүлдегерлер, әншілер, немерелер, аналар, орманшылар, ақсақалдар, әжелер, оқушылар, т.б.

Нелер? – журналдар, көгершіндер, орындықтар, бүркіттер, жылқылар, көлдер, таулар, дәптерлер, қаламдар, гүлдер, көліктер, т.б.

Зат есім түрленеді, яғни септеледі, көптеледі, жіктеледі, тәуелденеді.


11-тапсырма

Өлеңді мәнерлеп оқы. Ақынның суреттеуіндегі табиғат көрінісіне мән бер. Ақынның шығармашылық қиялы туралы айт.Мәтіннен зат есімдер және оның түрлерін тап.

Үлгі:

Зат есімдер: Күн- дара, жалпы

Түн –нің- дара, жалпы, -нің ілік септігінің жалғауы

Алау –ын- дара, жалпы, -ы –тәуелдік жалғауы, -н-табыс септігінің жалғауы

Таң-ның- жалпы, дара, -ның- ілік септігінің жалғауы

Қорытындылау

Ұсынылған сөз үлгісін сақтай отырып, ой бөлісіңдер.

«Егер мен ... болсам, қиял маған ... үшін керек болар еді. Себебі...»

Рефлексия


 



Психологиялық ахуал


«Айдаһар»

Оқушыларды сергітіп алу үшін бәрін бір-бірінің белінен ұстатып тұрғызады. 1-оқушы «айдаһардың басы», соңындағы оқушы «құйрығы». Басы құйрықты ұстап алу керек.


Берілген тірек сөздерді оқиды. Мәтін мазмұнына болжам жасайды. Өз ойларыңды білдіреді.


Мәтінді мұқият тыңдайды. Өз болжамдарын салыстырады.


Тыңдалған мәтін мазмұны бойынша төмендегі тақырыптарды ретпен қойып жазады. Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды.


























Өлеңді мәнерлеп оқиды. Ақынның суреттеуіндегі табиғат көрінісіне мән береді. Ақынның шығармашылық қиялы туралы айтады.Мәтіннен зат есімдер және оның түрлерін табады.














Оқушылар смс жазу арқылы бүгінгі сабақтағы көңіл күйін, тақырыпты қаншалықты меңгергендігін жазады



.






Талқылау кезінде оқушылардың айтылған пікірлері мен көзқарастары ауызша

мадақтау арқылы бағаланып, сабақтың келесі кезеңінде белсенді қатысуына ынталандырады

Жарайсың!

Керемет шешім!
Ойлы шешім!

Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!



Дескриптор

Білім алушы

-өз болажмдарын салыстырады,

-тақырыптарды ретімен қояды,

-негізгі ақпараттарды анықтайды,

-қосымша

ақпараттарды анықтайды.























Дескриптор

Білім алушы

-мәтін мазмұнына сай ақын қиялы туралы баяндайды,

-зат есімдерді табады,

-зат есімнің түрлерін анықтайды.



Оқулық

6-сынып

«Атамұра» баспасы

2018жыл



Қалыптастырушы бағалауға арналған


тапсырма

лар жинағы

6-сынып



















Оқулық

8-сынып

«Атамұра» баспасы

2018жыл


























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!