Материалдар / Қысқа мерзімді сабақ жоспары. "Әлемнің жеті кереметі" 6-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қысқа мерзімді сабақ жоспары. "Әлемнің жеті кереметі" 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді сабақ жоспары 6-сыныптың қазақ тілі пәнінен "Әлемнің жеті кереметі" тақырыбына арналған. Жоспар жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес құрастырылған. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне күнделікті сабақта пайдалануға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Желтоқсан 2018
4358
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР

Сабақ: қазақ тілі

Мектеп: «№1 мектеп-гимназиясы» КММ

Күні: 07.11.2018ж

Мұғалімнің аты-жөні: Көздібаева А.Қ

Бөлім атауы:

Әлемнің жеті кереметі

Сабақ тақырыбы:

Әлемнің жаңа жеті кереметі

СЫНЫП: 6

Қатысқандар:

Қатыспағандар

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

6.2.6.1. оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, рөлге бөліп оқу.

Сабақ мақсаттары



Барлық оқшылар орындай алады:

«Әлемнің жаңа жеті кереметі» тақырыбы бойынша оқылым стратегияларын қолданады: комментарий жасайды, іріктеп оқиды.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Оқылым стратегияларын қолданады: шағын комментарий жасайды, негізгі ақпараттарды іріктеп оқиды.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Оқылым стратегияларын толықтай қолданады: дәлелді комментарий жасайды, нақты ақпараттарды іріктеп оқиды.

Бағалау критерийлері

  • Оқылым стратегияларын қолданады;

  • Комментарий жасайды;

  • Іріктеп оқиды.

Құндылыққа баулу

Қазақстанның ғажайып мұраларымен таныстыру арқылы ұлттық құндылықтарымызды құрметтеуге баулу.

Пәнаралық байланыс

Тарих, сәулет өнері.

Алдыңғы оқу: Тарихи ескерткіштер, әлемнің жеті кереметі туралы біледі.

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

5 минут


Ұйымдастыру.

Амандасу.

Дайындықтарын қадағалау.

Топтастыру. «7 лебіз, 7 тілек» әдісі

Оқушылар шеңбер бойына тұрады. Сағат тілі бойынша көршісіне 7 сын есіммен мадақтау сөз немесе тілек айтады. Мұғалім әр оқушының қолына жұлдызша жапсырады. Жұлдызшалардың түсі бойынша оқушылар 4 топқа бөлінеді.

Ой шақыру сұрақтары:

  • Балалар, бүгінгі психологиялық тренингтің сабағымызбен қандай байланысы бар деп ойлайсыңдар?

  • Неліктен жеті санымен байланыстырдым?

(сабақ тақырыбы мен мақсаты, критерийлері хабарланады)






Түрлі түсті жұлдызшалар

Ортасы

4 минут




















10 минут














































































3 минут


10 минут







3 минут

Оқылым алды тапсырма: С

«Суреттер галереясына» шолу әдісі




  • Галереяда не көрдіңдер?

  • Олар туралы қандай ақпарат білесіңдер?

Оқылым тапсырмасы. ТЖ. Мәтінді әр топ кезекпен оқыңдар. Қажетті ақпаратты іріктеп оқу арқылы кестені толтырыңдар.

Жаңа жеті кереметтің атауы

Ерекшелігі






Әлемнің жаңа жеті кереметі

Әлемнің көне жеті кереметінен Мысыр пирамидасы ғана сақталған. 2007 жылы қолдан жасалған ескерткіш болып табылатын әлемнің жаңа жеті кереметі аталынды.

1.      Ұлы Қытай қорғаны  Әлемнің ең ұзын қорғаны Қытайда орналасқан. Ұлы Қытай қорғанының ұзындығы 8850 километрден асады. Бұл жер радиусынан да ұзын. Қорған құрылысы б.з.д. ІІІ ғасырда салына бастады, екі мың жыл бойы қытай халқы қорғанды жалғастырып, оны одан әрі ұзартты. Қытай қорғанының кей жерлері эрозияға ұшырап, қиратылды. Саяхатшыларға ең танымал жері Бадалин Мао Цзе Дун заманында күрделі жөндеуден өткен. Бадалин Бейджин (Пекин) қаласынан 75 километрден қашықтықта орналасқан. Қорғанға Қытай астанасынан темір жол және автобус  арқылы қатынауға болады.

2.      Колизей   Б.з.д І ғасырда салынған Рим қаласындағы Колизей әлемдегі ең үлкен амфитеатр болып саналады. 50 мыңнан астам орны бар Колизейде бірнеше ғасыр бойы гладиаторлық айқастар мен Рим тұрғындарына арналған мерекелік іс-шаралар қойылады. Қазіргі кино құрылымындағы сюжет бойынша Колизейде өткізілетін гладиаторлық айқастар көлемі жағынан екінші орын алатын Тунистегі амфитеатрда түсіріледі. Себебі, Колизей жақсы түсірілім үшін сақталмаған. Рим қаласында болған жандардың барлығы Колизейге назар аударады. Колизей тек Рим қаласының нышаны ғана емес, күллі Италия елінің көрікті жеріне айналды. Колизей - Еуропада орналасқан жалғыз жаңа кереметтің бірі.

3.      Мачу-Пикчу  Көне әлемдегі жеті керемет Еуропа мен Азия елінде орналасса, жаңа кереметтердің географиясы кеңейіп, Америка елін де қосып алды. Оңтүстік Америка еліндегі асқар тау баурайында Мачу пикчу қаласы орналасқан. Теңіз дейгейінен 2,5 километр биіктікте орналасқан бұл қала 400 жылға жуық өмір сүрді. Белгісіз себептермен 1532 жылы инктер қаладан жырақ кетті. Ал испан конкисдаторлары биікте орналасқан қалаға шыға алмады. 1911 жылы америка ғалымдары көне қаланы табады.  Ғибадатханалардың қираған үйінділері, екі қабатты үйлер мен қоймалар сақталған. Мачу Пикчуға жету оңай емес. Агуас-Кальентес қалашығына темір жол көлігі арқылы жеткен соң, автобуспен Мачу-Пикчуға жетуіңізге болады.

4. Петра – биік тас үйінді жартаста орналасқан Иорания қаласы. Әр кезеңде қала әр түрлі шапқыншыларға тиесілі болды. Б.з.д идумей, набатей, бертін келе орта ғасырда Рим, Византия, Араб шапқыншылары жаулап алды. Әр шапқыншы қаладағы сәулет өнерінің өзіндік жаңа айшықтарын әкелді. Қала шөлді даланы кезіп жүрген керуен сарай жолаушыларына арналған демалыс орны болатын. Тар каньонда керуеншілер шөлдерін қандырып, ұзақ сапарға аттанғандар өздеріне молынан су толтырып алатын. Жартастағы ойылған үйлер мен ғибадатханалар суық күндері пана болатын. Көне қала бұл күндері саяхатшыларды өзінің айшықтарымен таң қалдыруда. Петра қаласында танымал «Индиана Джонс и последний крестовый поход» киносы түсірілген.

5.  Тадж-Махал  Әлемнің дәстүрлі жеті кереметінің қатарында Галикарнастағы кесене бар. Жаңа кереметтердің қатарында да кесене бар. Ол - Үндістанның Агра қаласында орналасқан Тадж-Махал кесенесі. Бұл кесенені ΧVІІ ғасырдың ортасында Шах-Джахан сүйікті жары Мумтаз-Махалдың құрметіне салған. Мумтаз-Махал 14 баласын дүниеге алып келген кезде өмірден өтеді. Айналасы субұрқақтарға толы саябағы бар, ақ мәрмәр тастардан қашалған ғимарат жыл сайын 5 миллионға жуық саяхатшыларды қабылдайды. Алдын ала ұйымдастырылған «Алтын үшбұрышы» саяхат бағыты бойынша, Дели-Агра-Джайпур қалаларын аралаған кезде, Тадж-Махал кесенесіне баруға болады.  Сондай-ақ, Үндістан астанасы Дели қаласынан автобус немесе темір жол көлігі арқылы Агра қаласына барып,  Тадж-Махалды көруге болады.

6.  Христос мүсіні  Рио-де-Жанейро қаласында бой көтерген Христос мүсіні темірбетон мен сабынды тастан қашалған. Қолдарын екі жаққа қарай жайған Христос биіктігі 38 метрге дейін жетеді. Мүсін құрылысы 1922 жылы басталып, 9 жылға созылды. Жыл сайын бұл мүсінді көру үшін Бразилия еліне 300 000  адам келеді. Коркаваду тауында орналасқан Христо мүсініне кішкентай поезд арқылы немесе эскалатор арқылы көтерілуге болады.

7.   Чичен-Ица  Мексикада орналасқан Юкатан жартылай аралда көне қала Чичен-Ица майя өркениетінің дамуында мәдение және саяси рөл атқарды. Бірақ, белгісіз себептермен Чичен-Ица қаласы иесіз қалды. Испан конкистадорлары құпия жермен байланысты барлық манускрипттерді жойып жіберді. Биіктігі 30 метрге жететін 9 сатылы Кукулькана пирамидасы Чичен-Ица қаласының басты нышаны болып табылады. Пирамида ішінде ягуар тағы бар. Мысыр елінің пирамидаларымен салыстырғанда Кукулькана айтарлықтай кішкентай.

Дескриптор:

  • Мәтінді оқиды;

  • Іріктеп оқиды;

  • Кестені толтырады.

ҚБ. Оқушы бағалауы: «1+, 1-» әдісі

Мұғалім бағалауы: «Жұлдызды пікір» әдісі

Оқылымнан кейінгі тапсырма. Ж

Әлемнің жеті кереметінің бірін таңдап, сөзбен суреттеп, комментарий жасайды.

Дескриптор:

  • Жеті кереметтің бірін таңдайды;

  • Ерекшелігін суреттейді;

  • Комментарий жасайды.

ҚБ. Оқушы бағалауы: «1+, 1-» әдісі

Мұғалім бағалауы: «Жұлдызды пікір» әдісі




Суреттер галереясы
























https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/sayahatty-syemin/125

Соңы

5 минут


Рефлексия: «Графикалық диктант» әдісі

Егер айтылған пікірмен келіссең үшбұрыш белгісін, келіспесең төртбұрыш белгісін қой.Белгілерді топ мүшелерімен талдаңдар.

  1. Ұлы Қытай қорғанының ұзындығы 8850 километрден асады.


  1. К олизей - Еуропада орналасқан жалғыз жаңа кереметтің бірі.


  1. М ачу пикчу қаласы теңіз дейгейінен 2,5 километр төменде орналасқан. (биіктікте)

  2. П етра – биік тас үйінді жартаста орналасқан Испания қаласы. (Иорания)

  3. П етра қаласында танымал «Индиана Джонс и последний крестовый поход» киносы түсірілген.

  4. Т адж –Махал – Иранда орналасқан атақты кесене. (Үндістанда)

  5. Т адж-Махал кесенесін ΧVІІ ғасырдың ортасында Шах-Джахан сүйікті жары Мумтаз-Махалдың құрметіне салған.

  6. Р ио-де-Жанейро қаласында бой көтерген Христос мүсіні темірбетон мен сабынды тастан қашалған, биіктігі 38 метрге дейін жетеді.

  7. Б иіктігі 30 метрге жететін 9 сатылы Кукулькана пирамидасы Чичен-Ица қаласының басты нышаны болып табылады.

Үйге тапсырма: 7-тапсырма 53-бет


Қосымша ақпарат







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!