Материалдар / Қысқа мерзімді сабақ жоспары. Сынақшы ғарышкер 4 сынып. әдебиеттік оқу пәні
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қысқа мерзімді сабақ жоспары. Сынақшы ғарышкер 4 сынып. әдебиеттік оқу пәні

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді сабақ жоспары. Сынақшы ғарышкер 4 сынып. әдебиеттік оқу пәні
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Сәуір 2024
103
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
900 тг 675 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ямышев ЖОББМ
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Әдебиеттік оқу. Сынақшы ғарышкер

Бөлім:

7 – бөлім. Ғарышқа саяхат.

Ғарыш дегеніміз не?

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Жанпеисова М.Г.

Күні:

09.04.2024

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Күміс қанат ұшақтар

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

4.1.5.1 өз ойын, сезімін, көзқарасын өмірде болған, өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып білдіру

4.3.3.1 шығармашылық жұмысын сызба, диафильм, презентация түрінде ұсыну

Сабақтың мақсаты/смарт мақсат

өз ойын, сезімін, көзқарасын өмірде болған, өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып білдіре алады;

шығармашылық жұмысын сызба, диафильм, презентация түрінде ұсына алады

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы

«Психологиялық ахуал»

Ұшу аппараттарын таңдау арқылы топтарға біріктіру.

1-топ: Атмосфералық ұшу аппараты

2-топ: Ғарыштық ұшу аппараты


Ширату тапсырмасы: «Еден-төбе-мұрын» ойыны

Ойынның шарты: Жүргізуші сұқ саусағымен біресе төбені, біресе еденді, біресе мұрнын көрсетеді және “төбе”, “еден”, “мұрын” деп айтып тұрады. Жүргізуші кейде айтқан сөзі мен қимылын керісінше жасап, қатысушыларды жаңылыстыруға тырысады. Кім қателессе, орнына отырады. Соңында қалған үш адам жеңімпаз деп танылады.


Өткенді қайталау. Үй тапсырмаларын тексеру. Үйге реферат жазу берілді

Дескриптор:

  • Үй тапсырмаларын дұрыс орындайды 2 балл


Оқушылар алдындағы сабақта алған білімдерін қайталайды





















Қызығушылықты ояту

Бұл не?

Жұпта талқылау

Ғарышкерлер не жейді?

Ғарышкерлер тамағын әзірлеу - қиын процесс. Оны ойлап табудан әзірлеуге дейін диетолог, инженер ғалымдар барын салады. Ғарышкер тамағы барынша жеңіл, пайдалы болып, оңай сақталуы тиіс.

Ғарышкерлердің рационы алғаш ғарышқа ұшулардан бастап 50 жылда талай өзгерістерге ұшырады. Адамдардың пайдалы тамақ, диета туралы көзқарастарының өзгеруі, ғылыми жаңалықтар ғарыш тағамының тенденциясының ауысуына өз септігін тигізді.

Осы өзгерістер, оған қоса технологияның дамуы ғарышкерлер мәзірінің өзгерулерін түсіндіреді. Мысалы 60 жылдары синтетикалық тағамдар пайдалы саналатын. Ал соңғы онжылдықтағы басты тренд - табиғи азық-түлік, көкөніс пен жемістер.

Ғарыш тағамы үшін оның сақталуы да үлкен рөл ойнайды. Салмақ пен кеңістік кез келген ғарыш аппаратында құнды дүние. Сондықтан бос орынды барынша тиімді пайдалану керек. Ғарышкер тағамдары барынша аз орын алатын әрі жеңіл болуы тиіс. Сондықтан инженер ғалымдар жылдан-жылға осы мәселені шешуге тырысуда.

Берліген сурет туралы өз ойларын айтады, жұпта талқылайды








Бағалау парақтарына өз өздерін бағалайды








Үлестірме қағазы


















1-тапсырма

(МК, Ұ) «Моделденген оқылым» әдісі

Оқушыларға «Сәлемдеме» әңгімесін оқу ұсынылады. Бұл әдісте мұғалім әңгімені өзі бастап мәнерлеп оқу моделін көрсетеді, оқушылар жалғастырып оқиды. Мәтінді оқып болған соң талқылау жүргізіледі.

Мұғалімнің түсіндірмесі.

Өміріне қауіп төнген жағдайда адамдар әртүрлі жағдайда, сезімде, көңіл күйде болады. Бірі абдырап не істерін білмесе, бірі қызметі бойынша бұйрықты орындаулары қажет. Әскери адамдар бұйрықты орындайды. Тоқтар да бұйрықты орындау керек еді, бірақ сол сәтте басқа шешім қабылдады.


Саралау: диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы мәтін мазмұны бойынша бірлесіп, тізбектеп оқуға ілесуде қиналған оқушыларға сөзбен ынтылындыру сөздері арқылы қолдау көрсетіледі.


Дескриптор:

-мәтінді түсініп оқиды; 1 балл

-кейіпкерін анықтайды; 1 балл

-кейіпкердің іс – әрекетін, мінез -құлқының өзгеру себептерін табады; 1 балл

-кейіпкердің іс- әрекетіне баға береді. 1 балл


Сабақтың тақырыбын анықтау.

Бұл әдісте мұғалім әңгімені өзі бастап мәнерлеп оқу моделін көрсетеді, оқушылар жалғастырып оқиды. Мәтінді оқып болған соң талқылау жүргізіледі.



(Б) «Басбармақ» әдісі арқылы талқылау барысында оқушылардың жауабы ұжымда өзара бағалау ұсынылады.


Оқулық


2-тапсырма. «Серпілген сауал» әдісі

Сынақшы-ұшқыш болудың қандай қиындықтары бар?

-Неліктен Тоқтар парашютпен секірмеді?

-Төмен зулаған ұшақта отырған Тоқтар қандай сезімде болды деп ойлайсың?

- Тоқтардың бойынан қандай қасиеттерді байқауға болады?

Дескриптор:

  • мәтін мазмұны бойынша бағалау сұрақтарын құрсатырады; 1 балл

  • сұрақтарға жауап береді; 1 балл

  • өз пікірін білдіреді. 1 балл



ҚБ. «Жарайсыңдар!», «Өте жақсы», «Керемет!» сөздерімен ынталандыру.



Негізгі бөлім

3-тапсырма

«Екі түрлі түсініктеме күнделігі» әдісі

«Екі түрлі түсініктеме күнделігі» әдісінің жүргізілу тәртібін айтып өтеді.


Тапсырма арқылы саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Кейбір оқушылар екі-үш сөйлеммен өз ойларын жазуы мүмкін.


Оқушыларға екі мәтін беріледі

1-мәтін

Ғарыш костюмдері

Ғарышта ешқандай ауа да, қысым да жоқ. Ол өте суық және қауіпті радиацияларға толы. Егер де ғарышкер ғарыш кемесінен өзінің ғарыш костюмінсіз шығатын болса, ол бірден сол жерде қайтыс болады. Ғарыш костюмі ғарышкерді ғарыштағы қатты, суық ортадан қорғайды. Ғарыш костюмдері ғарышкерді зиянды радиациядан қорғап қана қоймай, олардың экстремалды температуралар мен қысымдарда тірі қалуына көмектеседі. Олар тұрақты ішкі температураны сақтап тұрып, салқындатылған және тазартылған оттегіні айналдырады. Ғарыш костюмдері ағып кетуден сақтайтын қабыршақтардан және температураны сақтап тұратын сұйық салқындатқыш жабынмен жабдықталған. Ғарыш костюмдері қатты қалдықтарды жинай және сақтап тұра алады. Ғарыш костюмінің ең сыртқы қабаты

«Термалды Микрометеороид Жабыны» деп аталады, ол костюмді кішкене микрометеороидтардан қорғайды

2-мәтін

Ғарыш станциялары

Жерден жіберілген жасанды серіктердің барлық тапсырманы орындай беруге мүмкіндігі болмайды. Жер маңындағы Ғарышта адамның қатысуымен істелетін жұмыстар да бар. Ғарышкерлер «МИР» ғарыш станциясының бортында Ғарышта бірнеше ай жұмыс істеді. Ғалымдар айда ғылыми база салуды жоспарлап отыр.

Орбиталық станцияларында эксперимент кезінде бірден бірнеше ғарышкер жұмыс істей алады.

Автоматты станцияларда ғарышкерлер болмайды. Оларды Ғарышқа ұзақ уақытқа жібереді және олар ешқашан жерге оралмайды. Олардың көпшілігі біздің Күн жүйесінің басқа планеталарын зерттеуге қолданылады.

Балалар өз ойын, сезімін, көзқарасын салыстыра отырып білдіреді.


Оқушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады. Берілген материалынан тыңдалым барысында олар бөліктің оң жағына мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазады. Сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп- салдары қандай, қандай сұрақ бар, т.б.).



Бір-бірін

Үлестірмелі қағаз

Сабақтың соңы

Рефлексия әдісі

«Бес саусақ» әдісі

1.Бас бармақ-басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе қандай болды?

2.Балалы үйрек-бірлесу. Мен топта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмектестім? Кімге риза болдым?

3.Ортан терек-ойлау. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

4.Шылдыр шүмек-шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

5.Кішкентай бөбек-көңіл күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалай сезіндім










Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!