Қысқа мерзімді сабақ жоспары, Тақырыбы: Ғылым мен білімнің дамуы, 7 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қысқа мерзімді сабақ жоспары, Тақырыбы: Ғылым мен білімнің дамуы, 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы бойынша 7 сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары. Тақырыбы: Ғылым мен білімнің дамуы. Ғылымның дамуына үлес қосқан ғұламалар туралы мәлімет алады және жазба әдебиет өкілдерінің еңбектерімен танысып, кесте толтырады. қазақстан аумағында туып өскен ғұламалардың еңбектерінің аталуы мен маңызын біледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Күні:

Сыныбы: 7

Пәні: Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы

Тақырыбы: §21. Ғылым мен білімнің дамуы.

Мақсаты:Ғылымның дамуына үлес қосқандарды білу және жазба әдебиет өкілдерінің еңбектерімен танысу, кестеге түсіру

Күтілетін нәтиже:Ғылымның дамуына үлес қосқандарды біледі және жазба әдебиет өкілдерінің еңбектерімен танысады, кестеге түсіреді

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Негізгі идея:Ғылым мен білімнің дамуы.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Блум таксономиясы, психологиялық жайлы ахуал орнату,еркін әңгіме,

Елес, Пазл

Оқыту формасы: жеке, жұптық, топтық

Керекті құрал-жабдықтар: оқулық, қосымша материалдар, стикерлер

Бағалау түрлері:бағалау парағы,

Кері байланыс: Мадақтау сэндвичі,смаилик

Сілтеме: Жолдасбаев С, Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы, 7-сынып, «Атамұра»-2012 ж.


Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Кіріспе

Ұйымдас

тыру

Сыныпта жайлы психологиялық ахуал орнату.

Сыныпты түгелдеу.

Топқа бөлу.

Әр топқа бағалау парағын және кері байланыс түрлерін тарату.

«Үрленген шар» ойыны арқылы сыныпта жайлы көңіл күй орнайды. Суреттер арқылы топқа бөлінеді.

Бағалау, кері байланыс түрлерін алады

ойын, бағалау, кері байланыстүрлері


А кезеңі:

Білу

Үй тапсырмасын сұрау: Сұрақ-жауап. Кезбе тілші әдісі. Оқушылардың бір-біріне сұрақтар қоюын және жауап алуын қадағалау.

  • Сырдария аймағындағылар неге табынған?

  • Жібек жолы арқылы Иранда қандай дін тараған?

  • Ислам діні Орта Азия мен Қазақстанға қай уақытта келді?

  • Ғылым мен білімнің дамуына ықпал еткен қандай дін?

  • Тақырыптан өз өміріңе қажетті қандай тәлім алдың?

Оқушылар кезбе тілші әдісі арқылы бір-бірлеріне сұрақтар қойып, жауап береді. Әр

дұрыс толық жауап берген оқушыларға шапалақпен құрмет көрсетеді.



Кезбе тілші




Түсіну

Жаңа тақырып. Оқушылар көмегімен сабақтың мақсатын және критерийлерін құру. Оқушылар

дың өз бетінше игеретін тақырыптарын оқулық бойынша бөлу:

1-топ:Ғылымның дамуы

2-топ: Тіл білімінің дамуы. Әдебиет.

Еркін әңгімеәдісі арқылы бір-біріне әңгімелеп беруін бақылау

Сабақ материалын жеке игере

ді, бірге бөліседі, топта талқы

лайды. Оқушылар үш адамнан тұратын топта бірлесіп жұмыс істейді:

Еркін әңгіме



В кезеңі:

Қолдану

Қазақстан аумағындағы ғұламалар:

Аты-жөні

Өмір сүрген мерзімі

Еңбектері





Кесте толтырады

кесте

Сергіту сәті

Сергіту жаттығуын жасату

Сергіту жаттығуын жасайды

Сергіту жаттығуы

Талдау

Елес әдісі:

Әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» жайлы оқып, көз алдарына елестете отырып, талдау жүргізуіне мүмкіндік жасау

Әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» жайлы оқып, көз алдарына елестете отырып, талдайды

талдау

С кезеңі:

Жинақтау

Пазл әдісі:

Пазл таратылады. Оқушылардан бүгінгі тақырыпқа қатысты сұрақ-жауап құрастыру тапсырылады.

Оқушылар бүгінгі тақырыпқа қатысты сұрақ-жауап құрастырады. Соңынан дұрыстығын анықтайды

пазл


Бағалау

Ақиқат сыйы еңбегіндегі ақыл-кеңес, тәрбиелік мәндегі нақыл сөздерді қалай түсінесің? Өз ой-пікірін білу.

Ақиқат сыйы еңбегіндегі ақыл-кеңес, тәрбиелік мәндегі нақыл сөздерді қалай түсінетіні туралы ой-пікір білдіреді.

Ой-пікір

Үй тапсырма-сы

  1. Тақырыптың мазмұнын толық оқу, мазмұндауға даярлану.

  2. Тест құрастыру

  3. Қосымша материалдар қарау

Оқушылар күнделіктеріне жазып алады

күнделік

Оқушы білімін бағалау

Бағалау парағының толық толтырылуын қадағалау

Оқушылар бағалау парағын толықтырады

Бағалау парағы

Кері байланыс

Мадақтау сэндвичіне өз пікірлерін жазуын және өзінің бүгінгі сабақтағы көңіл-күйін смаилик арқылы көрсетуіне жағдай жасау

Мадақтау сэндвичіне өз пікірлерін жазады және өзінің бүгінгі сабақтағы көңіл-күйін смаилик арқылы көрсетеді

Мадақтау сэндвичі, смаилик


Пікір:

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.10.2018
1347
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі