400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қысқамерзімді жоспар 3-сынып өзін-өзі тану

Материал туралы қысқаша түсінік
3-сыныпқа арналған өзін-өзі тану пәнінен "Табиғатпен үйлесім" тақырыбы бойынша қысқамерзімді сабақ жоспары ұсынылған. Сабақ жоспарында өзін-өзі тану пәнінің барлық компоненті қамтылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін-өзі тану сабағының қысқамерзімді жоспары


Мектеп

Р.Қошқарбаев ауылының жалпы орта білім беретін мектебі

Сынып

3

Мұғалім

Джакенова Бақтылы Шахманқызы

Тарау

Адам болам десеңіз

Сабақтың нөмірі және тақырыбы

27

Табиғатпен үйлесім

Құндылық

Қиянат жасамау

Қасиет

Мейірімділік, қамқорлық

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу арқылы адам мен табиғат үйлесімінің маңыздылығын ұғындыру.

Міндеттері

Білімділік: Оқушыларға адамның табиғаттың бір бөлшегі екендігі туралы білім бере отырып, мейірімділік қасиеті туралы түсінік беру;

Дамытушылық: Оқушыларды табиғатқа аялы қарым-қатынас жасауға үйрету арқылы қамқорлық қасиетіне баулу;

Тәрбиелік: Оқушыларды үйлесімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалім сөзінің мәтіні

Ресурстар

Тыныштық сәті

«СУ АСТЫ ПАТШАЛЫҒЫНА САЯХАТ»

Көзіңді жұмып, терең дем ал, денеңді босат. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңды елестет. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түр. Жалаң аяқтарыңмен құмды сезін. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсың: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндің. Ол сені теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті екен, сені шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отыр, мықтап ұстап, жолға шықтыңдар. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезін, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңа қара: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қарашы, қандай орасан зор әдемі балықтар. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сен бір нәрсені байқадың ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде бол (бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындал. Айналаға жақсылып қара. Ғажап түстерге тағы бір рет қара және тыныштыққа құлақ түр. Осындай тыныштық саған самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.


Дана сөздер

«Табиғат тал бесігің – аялай біл»

Нақыл сөз

Дәйексөздің мағнасын қалай түсіндіңіздер?


Бірге оқимыз

«Жақсы ата – орман, жақсы бала – қорған»

Спандияр Ақаев


Әңгімелесейік

 Сұрақтар:

  1. Тоғайдың бастапқыда жағдайы қалай еді?

  2. Зейнеткер кісі тоғайға қандай қамқорлық жасады?

  3. Атайдың немерелері қандай істермен шұғылданды?

  4. Ел ішінде қандай нақыл сөз қалыпты?

  5. Табиғатқа неліктен қамқор болу керек?

  6. Өзің табиғатқа қандай қамқорлық жасап жүрсің?


Жақсылық жасайық


1-тапсырма

Мұзафар Әлімбаевтың «Табиғаттың панасымыз» өлеңін оқып, табиғатқа қамқорлықтарың туралы айтып береді.

Табиғаттың панасымыз

Елік қырда ауырса,

Жоқ қой ауруханасы.

Қос өкпесі қабынса,

Қайдан табар дауасын?!


Ағаш өзін қиғанды

Ат сияқты тебе алмас,

Гүл де жұлқып-жұлғанды

«Неге өйтті?» – деп сөге алмас.


Аю байғұс аяғын

Алса жырып, қанатып,

Жарасын кім таңады,

Кім бар бағып-қағатын?


Қыста бар ма шымшықтың

Жемге толы қоймасы?!

Дала кезген тұмсықты

Достар жайын ойлашы...


Түйіп айтар сөзіміз:

Табиғаттың панасы –

Біздің мына өзіміз –

Адамзаттың баласы!


2-тапсырма

«Құс жолы» аңызын оқып, сурет салыңдар.


3-тапсырма

Мәтінді оқындар. Мәтін мазмұны бойынша кестені толтырыңдар.



Жаңаны білейік

Күл-қоқырды аулаққа төк

Кейбіреулер ошақтың күлін, қорадағы малдың қиын судың жағасына төге салады. Ол арыққа түсіп, суды былғайды. Осылайша таза су жарамсыз болып шыға келеді. Төменгі ел де, мал да сол суды ішуге мәжбүр болады.

Соның салдарынан өсімдіктердің өсуі нашарлайды, мал азады. Бұлақтың бас жағында тұратындар аяққы елді де ойлауы керек. Суға көрінген нәрсені тастай бергеннің де түбі зиян. Сондықтан бабаларымыз: «Күл-қоқырды, көң-қоқысты бұлақ басынан аулақ төк!» деп өсиет айтқан.

Су таза болсын десеңдер, судың ішіндегі балығы мен бақасы уланбасын десеңдер, ағын суға лас нәрселерді тастамаңдар, тастатпаңдар.

Спандияр Ақаев


Сабақтың соңғы кезеңі.

Топпен ән айту

Осы тақырыпты қорытындылайтын болсақ, адамзаттың табиғатсыз күні жоқ екенін түсінгендейміз. Табиғат пен адам – егіз ұғым. Табиғатты қорғау біздің парызымыз, оның әрбір әсері үлкен рөл атқарады. Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес. Табиғатпен үйлесімде болу үшін оны аялауымыз керек.

«Табиғат» әні.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
06.08.2021
995
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі