Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қысқамерзімді жоспар. Органикалық заттардың ерекшеліктері
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қысқамерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Органикалық заттардың ерекшеліктері
Бөлім: |
9.4А Органикалық химияға кіріспе |
Педагогтің аты-жөні: |
Досимова Гулнара Камаловна |
Күні: |
|
Сыныбы: 9 «А» |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: |
Органикалық заттардың ерекшеліктері |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
9.4.3.1 -органикалық қосылыстардың көптүрлілігінің себебін түсіндіру. |
Сабақтың мақсаты: |
Барлық оқушылар үшін: Органикалық қосылыстардың көп түрлілігінің себебін анықтайды. Көпшілік оқушылар үшін: Органикалық заттардың бейорганикалық заттардан ерекшелігін анықтайды. Кейбір оқушылар үшін: Органикалық заттарды ажыратады |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты |
Педагогтің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
Сабақтың басы қызығушы лықты ояту. 7 мин. |
(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. 2.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. 3.Оқушыларды топтарға біріктіру. |
Топқа элементтер таңбалары жазылған қима қағаздар беріледі. Әр оқушы қима қағаздарды таңдау арқылы 3 топқа бірігеді. 1 топ: Металдар 2 топ: Бейметалдар 3 топ: Екідайлы элементтер |
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне бүгінгі күнге сәттілік тілейді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады. Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады. Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі. |
Оқулық, жұмыс дәптері Кітап, дәптер, қалам суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы (Қазіргі жағдайда) ДК экраны |
Жаңа сабаққа кіріспе
|
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі. Өзгенің пікірін толықтырады. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады. |
1.Бейорганикалық қосылыстарға қандай қосылыстар жатады? 2.Органикалық химия нені зерттейді? 3. Органикалық қосылыстарға қандай заттар жатады? |
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту. Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді. Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады. |
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру. |
Сабақтың ортасы Мағынаны ашу 26 мин. |
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді |
Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады. |
Дескриптор: Жалпы - 3 балл 1.Органикалық қосылыстардың көп түрлілігінің себебін анықтайды. |
Тақырып бойынша интернет желісін пайдаланып видеоролик көру. |
|
Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді. |
1-тапсырма Изомерлі қосылыстарды сипаттап береді |
Дескриптор: Жалпы - 3 балл 1.Реакцияны талдау |
ДК экраны 9-сынып оқулығы. Жұмыс дәптерлері. |
Жеке жұмыс |
Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді. |
2-тапсырма Органикалық қосылыстарға қандай химиялық қасиеттер тән? Органикалық қосылыстардың қоғам өмірінде маңызы? Органикалық заттардың құрамына көміртектен басқа қандай элементтер кіреді? |
Дескриптор: Жалпы - 3 балл 1.Сұрақтарға жауап береді |
ДК экраны 9-сынып оқулығы. Жұмыс дәптерлері. |
Сабақтың соңы Ой толғаныс. Рефлексия 7 мин. |
«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды. Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады. Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды. Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді. |
Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды. |
Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады. |
|