Материалдар / Қысқаша көбейту формулалары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қысқаша көбейту формулалары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қажет еткен жанға, нақты берілген
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қараша 2020
536
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.3В Қысқаша көбейту формулалары

Мектеп: №37 ЖОББМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Ж.А.Губайдуллин

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қысқаша көбейту формулалары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.2.14 тиімді есептеу үшін қысқаша көбейту формулаларын қолдану;

7.1.2.15 қысқаша көбейту формулалары арқылы алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендіруді орындау.

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

-қысқаша көбейту формулаларын біледі;

-тиімді тәсілмен есептеу үшін қысқаша көбейту формулаларын қолданады;

-қысқаша көбейту формулалары арқылы алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендіруді орындайды.

Бағалау критерийлері


Оқушылар:

-қысқаша көбейту формулаларын біледі;

-тиімді тәсілмен есептеу үшін қысқаша көбейту формулаларын қолдана алады;

- қысқаша көбейту формулалары арқылы алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендіруді орындай алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- қысқаша көбейту формулаларын ауызша тұжырымдай біледі;

- ауызша тұжырымдалған қысқаша көбейту формулаларын жаза біледі;

Бөлім бойынша лексика және терминология

- қысқаша көбейту формулары;

- екі өрнектің квадраттарының айырмасы;

- екі өрнектің қосындысының квадраты;

- екі өрнектің айырмасының квадраты;

- екі еселенген көбейтінді;

- үш еселенген көбейтінді;

- екі өрнектің қосындысының кубы;

- екі өрнектің айырмасының кубы;

- екі өрнектің кубтарының қосындысы;

- екі өрнектің кубтарының айырмасы;

Пәндік мақсат

- екі өрнектің квадраттарының айырмасы .... тең;

- екі өрнектің қосындысының (айырмасының) квадраты .... тең;

- екі өрнектің қосындысының (айырмасының) кубы ... тең;

- екі өрнектің кубтарының қосындысы ( айырмасы) ...... ;

- ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару үшін...;

- коэфициенттердің ең үлкен ортақ бөлгіші;

- берілген өрнекті .... түрінде жазуға болады;

Құндылықтарды дарыту


Белсенді қарым- қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту, бір – бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау

Пәнаралық байланыстар

Геометрия

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Қысқаша көбейту формулалары

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин


І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Оқушылар түрлі түсті қағазға жазылған әріптерден бүгінгі сабақтың тақырыбын шығарады және сынып 4 түспен 4 топқа топқа бөлінеді.

Жасырын сөз: «Қысқаша көбейту формулалары»

Мұғалім: Олай болса, біз қысқаша көбейту формуласын қолдануға есептер шығарамыз.

Мұғалім: Алдымен бүгінгі сабақтың мақсатын мынадай тапсырмалар арқылы шығарайық.

Тапсырма:

Есепте:

1. ;

2.

Оқушыларға осындай тапсырмалар бере отырып бүгінгі сабақтың мақсатын ашу.


Сабақтың ортасы

5 мин






















«Ой қозғау»

Ауызша тапсырмалар

1. Тұжырымды жалғастыр.

Екі өрнектің квадраттарының айырымы ... .

Екі өрнектің қосындысының квадраты ... .

Екі өрнектің айырымының квадраты ... .

Екі өрнектің қосындысының кубы ... .

Екі өрнектің айырымының кубы ... .

2. Қысқаша көбейту формуласын пайдалана отырып, көбейткіштерге жікте:



3. «Қатесін түзе!»

Бағалау: Жауап берген оқушыларды мадақтау.

Өте жақсы! Жарайсыңдар! Керемет!

Алгебра – 7









Алгбра Геометрия






7 мин

Топтық жұмыс «Эстафета»

Оқушылар тақтада дескриптор бойынша орындайды. Сонда оқушылардың барлығы жұмыс жасайды.

1 топ – 3 топ

Тапсырма: Өрнек түрінде жаз және мәнін есепте.

а мен 2 сандарының қосындысының квадратын жаз. a = 2 болғандағы өрнектің мәнін табыңдар.

Дескриптор:

  1. 1. Өрнекті жазады.

  2. 2. Қысқаша көбейту формуласы бойынша көбейткіштерге жіктейді.

  3. 3. Сандық мәнін орнына қояды.

  4. 4. Өрнектің мәнін есептейді.

  5. 5. Жауабын жазады.

2 топ - 4 топ

Тапсырма: Өрнек түрінде жаз және мәнін есепте.

b мен 3 сандарының айырмасының квадратын жаз. b = 2 болғандағы өрнектің мәнін табыңдар.

Дескриптор:

  1. 1. Өрнекті жазады.

  2. 2. Қысқаша көбейту формуласы бойынша көбейткіштерге жіктейді.

  3. 3. Сандық мәнін орнына қояды.

  4. 4. Өрнектің мәнін есептейді.

  5. 5. Жауабын жазады.

Бағалау: Тапсырмалары бірдей топтар бір-бірін тексереді және «бас бармақ» әдісі бойынша бағалайды.

Қосымша 1

10 мин

Жұптық жұмыс

Жұпқа бірігу. Сыныпта оқушылар көршілерімен жұпқа бөліну.

1)

с2 - 92 = (c-9)(c+9)

2)

(22 + b2) = (22)2+2*22*b2+(b2)2=24+8b2+b4


Бағалау: «Карусель» әдісі арқылы қатар отырған жұптар бір-бірінің дәптерлерін алып тексереді.



Қосымша 2

Алгебра 7 сынып




2 мин


Сергіту сәті

Ойлаған санды табу.

10 –ға дейін бір санды ойлаңыздар. Сол санды квадраттап осы санға екі еселеп ойлаған санды және бірді қосыңыздар. Шыққан санды айтыңыздар.

Мысалы, 8 ойлаған сан болсын. 64+16+1=81  


8 мин

Жеке жұмыс

Тапсырма: Берілген бірмүшелерден формула бойынша өрнек құрастырыңыз.

3х; 5у; 3х; 5у; 9х2; 25у2; 30ху; 27х3; 125х2; 15ху; 25у2; 125у3.

Жауабы:

  1. (3х + 5у)2 = 2 + 30ху + 25у2

  2. (3х - 5у)2 = 2 - 30ху + 25у2

  3. ()2 - (5у)2 = 2 - 25у2

  4. (3х + 5у) (2 - 15ху + 25у2) = 27х3 + 125у3.

  5. (3х - 5у) (2 + 15ху + 25у2) = 27х3 - 125у3.

Бағалау: Дайын жауап бойынша өзін-өзі бағалайды.

Қосымша 3

Сабақтың соңы

3 минут

Үйге тапсырма: Қысқаша көбейту формулалары. №33.15

Сабақты қорытындылау.

Рефлексия

«МЕН ҮШІН БҮГІН САБАҚТА»

Оқушыларға жеке парақша беріледі, олар үш бағыт бойынша өз жұмысы бойынша қажет сөздің астын сызу керек.

Сабақ

Мен сабақта

Қорытынды

  1. қызық

  1. жұмыс істедім

1.материалды түсіндім

  1. қызықсыз

  1. демалдым

2. білетінімнен де көп білдім.

  1. енжарлық

578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!