Тақырыбы: «Қысқы баспана»
ертегі.
Мақсаты:
Білімділік:_ Балаларға қыс мезгілі туралы
түсінік бере отырып, балаларды жыл мезгілдерін ажырата білуге
үйрету. Қыстың ерекшіліктерімен қызықтыра
білу.
Дамытушылық: Балаларға ертегіні
оқып,таныстыру арқылы ойлау қабілетін
дамыту.
Тәрбиелік : Бір-біріне қамқор
болуға,адалдыққа,шыншылдыққа ,ормандағы аңдарға қамқорлық жасауға
тәрбиелеу.
Күтілетін
нәтиже:Ормандағы аңдардың қысқы
тіршілігін ұғыну.
Көрнекі
-құралдар:интерактивті
тақта,қалам,суреттер,үнтаспа,маска
жануарлар.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,әңгімелесу,көрсету.
Пәнаралық
байланыс:көркем әдебиет, қоршаған
ортамен танысу,музыка.
Сабақтың
барысы: Ұйымдастыру
кезеңі. Балалар шаттық шеңберіне
тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін
білдіреді.
Дидактикалық ойын
: «Қайсысы қалай дыбыстайды
?»
Ойын шарты:Үй жануарлардың
суретін көрсетіполардың атауын тауып қалай дыбыстайтынын айтуы
тиіс.
Ал енді балалар ертегімізді сахналап
қонақтарымызға көрсетейік.
Автор: Ертеде
Бұқа,Қошқар,Шошқа,Мысық,Әтеш-бәрі орманды мекен етіпті. Жазда орман
іші қандай көңілді ! Бұқа мен Қошқар шөпке кенеледі. Мысық тышқан
аулайды. Әтеш жидек теріп,құрттарды шоқып жейді. Шошқа ағаштың
тамыры мен жаңғағын тамақ қылады. Бұл достар осылай рақат өмір сүре
береді. Жаз өтіп,күз болады.Орман іші суыта түсті. Бәрінен бұрын
қыс қамын Бұқа ойлай бастайды. Ол Қошқарға
келіп:
Бұқа: -Кел,достым,қыс қамын
істейік,баспана жасайық!-дейді
Қошқар: -Жарайды,құп
болады,-дейді
Автор:Бұқа мен Қошқар Шошқаға
келіп:
-Жүр,қорсылдағым,
келісе кетеді. үй
салайық,-деді.
Автор:Шошқа келісе
кетеді.Бұқа,Қошқар,Шошқа үшеуі келе жатып,Мысыққа
кездеседі.
-Амансың ба, мысықбай! Жүр бізбен бірге , қыс
қамын жасап, үй салайық!
Автор:Мысық та, Әтеш те келісе
кетеді. Бұлар орман ішінен ыңғайлы жер табады. Бәрі бірлесіп жылы
үй салады.Қыстық отын,жейтін тамақтарын да жинап алады.Қыс та
келді.Қыс суық болғанымен,қыстық баспанасы бар достаға жылы
көрінеді.Бұқа мен Қошқар үйге төселген тақтай еденде жатады.Шошқа
тақтай еденнің астына жайғасады . Мысық пеш үстіне пырылдап, Әтеш
сырғауылға қонақтайды.Достар уайымсыз өмір сүре береді.Орман кезіп
жүрген үш аш Қасқыр жаңа салынған үйді көреді. Қасқырдың ішінде
батылдау біреуі:
Қасқыр: -Бауырларым,мен барып,бұл үйде
кімдер тұратынын біліп келейін. Егер кешіксем,көмекке
келерсіңдер,-дейді.
Автор: Қасқыр үйге кіріп
келгенде,көзі бірден Қошқарға түседі.Қасқырды көріп зәресі ұшқан
Қошқар:
Қошқар:-Мә-ә-ә!Мә-ә-ә!Мә-ә-ә!
Автор:- деп маңырап қоя
береді.
Автор:Әтеш қасқырды көріп,қанатын
қағып:
Әтеш:-Ку-ка-ре-ку!..
Автор:-деп шақырып жібереді.Мысық пеш
үстінен секіріп түсіп:
Мысық:-Мияу!..Мияу!..
Автор:-деп мияулай бастайды.Бұқа
жүгіріп кеп,Қасқырдың бүйіріне мүйізін қадап
қалып:
Бұқа:-Мө-ө!Мө-ө!Мө-ө!
Автор:-деп мөңіреп жібереді.Шошқа
еденнің астынан атып шығып,қаһарлана қорс-қорс
етіп:
Шошқа:-Хрю!Хрю!Хрю!Қайсысыңды
жейін?
Автор: -дейді.Қасқыр әрең қашып
құтылып,зытып келе жатып,жолдастарына:
Қасқыр:-Ой,бауырларым,қашындар!
Автор:-деп айқай салады.Қасқырлардың
есі шығып,тым-тырақай қаша жөнеледі.
Қорытынды:
Автор
болған:Исмайл
Нұрислам.
Қасқыр
болған:Бәйгебай
Алихан.
Қошқар
болған:Нағашыбек
Ерасыл.
Бұқа
болған:Болат
Жеңісбек.
Әтеш
болған:Төлет
Элнұр.
Мысық
болған: Алтынбек
Мұхаметәлі.
Шошқа
болған:Алтай
Бекет.
Қасқырдың досы
болғандар: Ермахан
Айару.
Шот Айымкүл.
Жалғасұлы Өркен.
Біздің
ертегіміз осымен аяқталды тыңдағандарыңызға көп-көп
рақмет.
Ләнде Бөкенов атындағы
жалпы орта мектеп