Материалдар / Қысымда жұмыс істейтін механизмдердің техника қауіпсіздігі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қысымда жұмыс істейтін механизмдердің техника қауіпсіздігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Еңбек қорғау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Наурыз 2021
203
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысымда жұмыс істейтін механизмдердің техника қауіпсіздігі
ҚР Мемлекеттік қалалық техникалық қадағалау органының « Қысыммен жұмыс істейтін сауыттар орнату және қауіпсіз
пайдалану ережелерімен », артық қысыммен істейтін сауыттарды ( цистерналар, бөшкелер, балондар) орнату, дайындау,
қайта құру, жөндеу, жыйнау және пайдалануды жобалау талаптары анықталған.
Сауыт дегеніміз – химиялық, жылылық немесе басқадай технологиялық процесстерді жүргізуге , сонымен қатар газға
ұқсас, сұйық және басқа заттарды сақтауға және тасымалдауға арналған герметикалық жабық ыдыс.
Балон дегеніміз – бір немесе екі мойны бар қысыммен сығылған, сұйықталған немесе ерітілген газдарды тасымалдауға,
сақтауға және пайдалануға арналған вентилді, фланцыларды немесе штуцерлерді орнататын сауыт.
Бөшке дегеніміз - бір жерден екінші жерге домалатылатын, қосымша тіреусіз тігінен қойылатын сұйық және басқа
заттарды тасымалдауға және сақтауға арналған цилиндірлі немесе басқа формалы сауыт.
Цистерна дегеніміз –темір жол вагонының рамасына, автомобильдің шассиына (тіркемесіне) немесе басқадай
жылжымалы құралдарға орнатылған газға ұқсас, сұйық және басқадай заттарды тасымалдауға және сақтауға арналған
жылжымалы сауыт.
Штуцер дегеніміз – құбырларды, құбырлар арматураларын және өлшеп- бақылау аспаптарын сауыттарға жалғауға
арналған элемент.
Өрттен қорғану ережелері температурасы 115º С жоғары судың қысымымен жұмыс істейтін, немесе қайнау
температурасынан артық температурасы бар басқа сұйықтар кұйылған сауыттарға; будың немесе газдың 0,07 МПа
қысымында жұмыс істейтін сауыттарға; қысымдары 0,07 МПа –дан жоғары сығылған, сұйықталған және ерітілген
газдарды тасымалдауға және сақтауға арналған балондарға, цистерналарға және бөшкелерге тарайды. Төмендеу
қысыммен жұмыс істейтін және аздау қауіптілігі бар сауыттарды құрау, жөндеу және пайдалану талаптары завод
нұсқауларымен анықталады.
Сауыттардың конструкциясы есептелген жұмыс істеу мерзімі бойынша беріктікті, пайдалану ұзақтығы мен қауіпсіздігін
қамтамасыз ету керек және техникалық куәләндіруді, тазалауды, жууды, толық босатуды, үрлеуді, жөндеуді, метал мен
қоспаларды пайдаланудың бақылауын өткізуге мүмкіншілік қарастырады.
Сауыттарды дайындағанда, құрғанда және пайдаланғанда бақылау үшін пісіру тігістерінің жолдары ашық болу керек.
Олар радиография немесе ультрадыбыс дефектоскопия әдісімен 100%-тік көлемде бақылаудан өтеді. Барлық пісірілген
тігістерге таңба қойылады. Ультрадыбысты дефектоскоп және радиографиялық бақылау пісірілген қосылыстардың ішкі
ақауларын (жарылған, толық пісірілмеген, шлакты қоспалар және басқалары) табу мақсатында өткізіледі.
Сауыттарды қауіпсіз пайдалану және жұмысын басқару үшін, олар келесі бұйымдармен қамтамасыз етіледі: қорғаныс
немесе тиекті-реттеу арматурасы, қысымды және температураны өлшейтін аспаптар, сақтық құрылғылар, сұйықтың
деңгейін көрсеткіштер. Барлық сауыттарда, оларды ашу алдында қысымның жоқтығын бақылауды қамтамасыз ететін
вентиль, кран немесе басқадай құрылғылар қарастырылады.
Жарылғыш, өртенгіш заттарға, 1 және 2-классты қауіптілігі бар заттарға арналған сауыттар, насоспен немесе
компрессормен жалғану жолында, сауыттағы қысым әсерінен автоматты жабылатын қайтару клапанмен жабдықталу
керек.
Әрбір сауыт тікелей әсерілі манометрлермен камтамасыз етіледі. Манометрдің шкаласында, сауыттың жұмыс қысымын
көрсететін, қызыл сызық түсірілуі керек. Бақылау алаңының деңгейінен 2 м жоғарлықта орнатылған әрбір манометрдің
диаметрі 100 мм-ден кем болмау керек, ал 2-ден 3 м-лік биіктікте – 160 мм-ден кем болмау керек.
Манометр қолданылмайды, егер:
- манометрде пломба немесе тексеру өткізілген белгі болмаса; тексеру мерзімі өтіп кеткен болса;
- манометрді айырған кезде оның тілі, шкаланың нольдік көрсеткішіне, мөлшері сол аспаптың мүмкіндік қателігінің
жартысынан астамынан қайтпаса;
- әйнектері сынған немесе зақымданған, өйткені дұрыс көрсетпеуге әсер етсе.
Манометрлерді пломбалау немесе таңбалау тексерулері кемінде 12 айда бір рет өткізіледі.
Әрбір сауыт қысымның жоғарғы шектік мөлшерінен аспауын қадғалайтын қорғаныс құрылғыларымен жабдықталады.
Қорғаныс құрылғылары ретінде қолданылатын бұйымдар: серіппелі қорғаныс клапандар; тетіктік-жүктік қорғаныс
клапандар; негізгі қорғаныс клапаннан және тікелей әсерлі, басқарылатын шабытты клапаннан тұратын шабытты
қорғаныс құрылғылар; бұзылғыш мембраналары бар қорғаныс құрылғылар. Қорғаныс құрылғылары қарауға, жинауға
және бұзуға қолайлы ашық және қол жетерлік жерлерде орналастырылады.
Сауыттар ашық алаңдарда, адамдар жиналмайтын жерлерде, немесе жеке тұрған ғимараттарда орналастырылуы керек.
Қысыммен істейтін сауыттар, жұмысқа жіберу алдында Мемлекеттік қалалық техникалық бақылау органдарында тіркелуі
керек. Егер, сауыттар орын ауыстырса, иесі ауысса және жұмыс істеу схемасы өзгертілсе, онда да бақылау органдарында
тіркелулері керек. Сауытты пайдалануға беру тіркелуден өткеннен кейін аттестацияланған күтуші қызметкерлер болса
ғана рұқсат етіледі.
Сауыттарды күтуге 18 жасқа толған, медициналық куәләндірілуден өткен, тиісті программада оқытылған,
аттестацияланған және сауытты күтуге қақылы куәлігі бар адамға рұқсат етіледі. Ондай қызметкерді дайындау және
білімін тексеру Мемлекеттік қалалық техникалық бақылау органдарынан алынған рұқсаттары (лицензиялары) бар кәсіптік
– техникалық училищеде, оқулық-курстық комбинаттарда жүргізіледі. Қызметкерлердің мерзім аралық білімін кезексіз
тексеру, жұмыста үзіліс болса 12 айда бір рет өткізіледі. Білім тексеруден өткен қызметкер өздігінше жұмыс істеуге сынау
мерзімінен кейін жіберіледі.
Сауыттардың ақаусыздығына және қауіпсіз жұмыс істеуіне мекеме бұйрығымен жауапты адам, сонымен қатар
сауыттардың техникалық жағдайларын және пайдалануын бақылайтын адам тағайындалады. Ондай адамдардың
міндеттеріне: сауыттарды тексеру; кезекшінің журналына күнделікті жазбаларды тексеру; сауыттарды техникалық
куәләндіруге қатысу; цикл тәртібінде жұмыс істейтін сауыттардың циклді толтырылуын есептеу; қызметкерлердің
квалификациясын көтеру үшін арнайы жұмыстар жүргізу.
Сауыттатрды іске қосу схемалары қызметкердің жұмыс орнында болу керек. Сауыт бірден тоқтатылуы керек, егер:
қызметкердің қолданған шараларына қарамастан сауыттағы қысым мүмкіншіліктен артық көтеріліп төмен түспесе;

сауыттарда саңылаулар байқалса, төсемдері жыртылса; манометрдің ақауы болса т.б. Сауытты апатты тоқтату және іске
қайта қосу тәртібі әрекеттегі нұсқауларда көрсетілуі керек.
Сауыттың ішінде істеген жұмыстарда ( ішін тексеру, жөндеу, тазалау және т.б.) кернеуі 12 В-тан жоғары емес, қауіпсіз
шамдар қолданылуы керек. Керекті жағдайларда ауа ортасында зиянды және басқадай заттардың болмауын талдау қажет.
Темір жол цистерналарының жоғарғы жағында диаметрі 450 мм-ден кем емес люк және цистернаның екі жағында, люктың
қасында темір саты болу керек. Цистерналарда сұықты құйатын және төгетін сифонды құбырғысы бар вентильдер болу
керек.
Цистерналар мен бөшкелерді тек қана соларды тасуға және сақтауға арналған газдармен толтыру керек. Жауапты
қызметкер цистернаны немесе бөшкені ұқыпты түрде тексеріп қортындысын журналға жазады.
Тұтұнушы цистернаны, бөшкені босатқаннан кейін онда, 0,05 МПа –дан кем емес артылған қысымды газ қалдыруы керек.
Цистерна мен бөшкені сұйықталған газбен толтыру нормасы 22-ші кестеде қорсетілген.
Цистерна мен бөшкені сұйықталған газбен толтыру нормалары.
22-ші кесте.
Цистерна
мен
бөшкеднің
1
л
Цистерна мен бөшкенің 1 кг газға
Газдың аты сыйымдылығындағы газдын салмағы, кг, көп
сыйымдылығы л, кем болмауы керек
болмауы керек.
Азот

0,770

1,30

Аммиак

0,570

1,76

Бутан

0,488

2,05

Бутилен

0,526

1,90

Пропан

0,425

2,35

Пропилен

0,445

2,25

Фосген,хлор 1,250

0,80

Оттегі

0,926

1,080

Сыйымдылығы 100 л жоғары балондарға қорғаныс клапандар орнатылады. Оттегі бар балондардағы вентильдердің
бұрандасы тығыз материалмен орналыстырылады, оттегі бар ортаның жанбауы үшін.
Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
"Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі Техникалық регламент) қысыммен жұмыс істейтін жабдықтар мен оның тіршілік циклінің үдерісіне қойылатын
талаптарды белгілейді.
Қысыммен жұмыс істейтін жабдықты бірдейлендіру таңбалау және ілеспе құжаттары бойынша, белгілері,
өлшемдері, көрсеткіштері және талаптары бойынша жиынтығында айырып тану үшін жеткілікті болатын, Қазақстан
Республикасы сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы (бұдан әрі - ҚР СЭҚ ТН) кодтарын пайдалану
жолымен жүргізіледі.
Техникалық регламент:
1) 115оС-ден жоғары температурадағы су немесе 0,07 МПа (0,7 кгс/см2) қысым кезінде қайнау температурасынан
асатын температура кезіндегі басқа улы емес, жарылыс өрт қауіпсіз сұйықтықтар қысымымен жұмыс істейтін ыдыстарға;
2) 0,07 МПа (0,7 кгс/см2) жоғары бу, газ немесе улы жарылыс өрт қауіпті сұйықтықтардың қысымында жұмыс
істейтін ыдыстарға;
3) 0,07 МПа (0,7 кгс/см2) жоғары қысымдағы сығылған, сұйытылған және ерітілген газдарды тасымалдауға және
сақтауға, пайдалануға арналған баллондарға;
4) буларының қысымы 50оС дейінгі температура кезінде 0,07 МПа (0,7 кгс/см2) қысымнан асатын сығылған және
сұйытылған газдарды тасымалдауға және сақтауға арналған цистерналар мен бөшкелерге;
5) қысымы 0,07 МПа (0,7 кгс/см2) жоғары болғанда, оларды мерзімдік босату үшін берілетін, сығылған,
сұйытылған газдарды, сұйықтықтар мен сусымалы денелерді тасымалдауға немесе сақтауға арналған цистерналар мен
ыдыстарға;
6) барокамераларға қолданылады.
Сақтануды қажет ететін негізгі қауіпті факторлар (қатерлер):
1) қорғалмаған жылжымалы элементтер;
2) шу мен дірілдің жоғары деңгейі;
3) қысымның көтерілуі (жұмыс қысымы барынша көп жұмыс қысымынан аспауы);
4) өрт қауіпті және жарылыс қауіпті элементтер болып табылады.
Техникалық регламентте техникалық реттеу саласындағы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамада
белгіленген терминдер мен анықтамалар, сондай-ақ тиісті анықтамаларымен мынадай терминдер қолданылады:
1) үлгі-айғақ - пайдалану үдерісінде материалдың жай-күйін анықтау үшін пайдаланылатын ыдыс тәрізді, сол
материалдан және сол технология бойынша дайындалған үлгі;
2) бекемдетілген пластмассалар - пластмассадан (жалғастырушы) және толтырғыштан тұратын құрылымы біркелкі
емес материал;
3) баллон - сығылған, сұйытылған немесе газ қысымымен ерітілген газдарды тасымалдауға, сақтауға және
пайдалануға арналған вентильдерді, фланцтерді немесе штуцерлерді орнату үшін бір немесе екі қылтасы бар ыдыс;
4) иректүтік - иілген құбыр түрінде орындалған жылу алмастырғыш құрылғы;

5) композициялық материал (композит) - бірнеше біртекті материалдан (компоненттерден) құралған құрылымы
біртекті емес материал;
6) көп камералы ыдыс - әртүрлі немесе біркелкі шарт кезінде (қысым, температура, орта) пайдаланылатын, екі
немесе одан көп жұмыс қуыстары бар ыдыс;
7) тығын - штуцердің немесе дөңесшенің саңылауларын қымтап жабатын көлемді бөлшек;
8) қалдық ресурс - объектінің техникалық күйін бақылау сәтінен бастап шекті күйге өтуіне дейінгі оның жиынтық
жұмыс көлемі;
9) лейнер - жүктеме бөлігін көтеретін, бекемдетілген пластмассадан жасалған ыдыстың ішкі қымтаушы қабаты;
10) металл емес ыдыстар - біртекті немесе композициялық металл емес материалдардан жасалған ыдыстар;
11) металл пластикалық ыдыстар - ішкі қабаты (қабығы) металдан жасалған көп қабатты ыдыстар; қалған
қабаттары бекемдетілген пластмассадан жасалған. Ішкі қабат жүктеме бөлігін көтереді;
12) толтырғыш - пластмассаны бекемдейтін материал; бекемдейтін материал ретінде талшықты, мата және мата
емес материалдарды пайдаланады;
13) паспорт — өнім сипаттары және онымен қауіпсіз қатынас жасауды қамтамасыз ету бойынша шаралар туралы
мәлімет қамтитын құжат.
14) цистерна - теміржол вагонының жақтауына, автомобиль шассиінде (тіркемесінде) немесе газ тәрізді, сұйық
және басқа заттарды тасымалдауға және сақтауға арналған басқа да қозғалыс құралдарына тұрақты орнатылатын
жылжымалы ыдыс;
15) ыдыс қызметінің есептік мерзімі - ыдысты пайдалануға енгізген күнінен бастап есептелген күнтізбелік
жылдардағы қызмет мерзімі;
16) ыдыстың (элементтің) рұқсат етілген қысымы — ыдыстың (элементтің) техникалық куәландыру немесе
диагностикалау нәтижелері бойынша белгіленген барынша қолжетімді артық қысымы.
Егер қысыммен жұмыс істейтін жабдықтар Техникалық регламент талаптарына сәйкес болмаса және адам өміріне,
денсаулығына және қоршаған ортаға залал келтіруі мүмкін болса нарықта сатылмайды.
Тұтынушыларға ілеспе құжаттамада көрсетілген толық және нақты ақпарат ұсынылады.
Ілеспе құжаттама:
1) жобалық құжаттар мен өнім паспортын;
2) монтаждау жөніндегі нұсқаулықты;
3) пайдалану жөніндегі нұсқаулықты қамтуы тиіс.
Дайындаушы әр ыдысты тапсырыс берушіге паспортпен жеткізеді. Паспортқа пайдалану жөніндегі нұсқаулық қоса
беріледі.
Әр ыдысқа көрсеткіш белгі бекітіледі. Сыртқы диаметрі 325 мм кем ыдыстар үшін көрсеткіш белгі орнатпауға
рұқсат беріледі. Бұл ретте барлық қажетті деректер ыдыс корпусына түсіріледі.
Белгіге:
1) тауарлық белгі немесе дайындаушының атауы;
2) ыдыстың атауы немесе белгісі;
3) дайындаушының нөмірлеу жүйесі бойынша ыдыстың реттік нөмірі;
4) дайындалған жылы;
5) жұмыс қысымы, МПа;
6) есептік қысым, МПа;
7) байқау қысымы, МПа;
8) қабырғаның рұқсат етілетін ең жоғарғы және (немесе) ең төменгі жұмыс температурасы, оС;
9) ыдыс салмағы, кг түсіріледі.
Түрлі есепті және байқау қысымдары, қабырға температурасы бар жеке қуысты ыдыстар үшін осы деректерді әр
қуыс үшін көрсетеді.
Таңбалау "Буып-түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар
"Техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы № 277
қаулысының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтың, қажеттілігі болғанда кезде жекелеген жинақтау бірліктерінің мемлекеттік
және орыс тілдерінде жазылған анық және өшірілмейтін таңбасы болуы тиіс.
Әрбір ыдыс үшін паспортта пайдалану шарттары ескеріліп қызмет ету мерзімі белгіленеді және көрсетіледі.
Ыдыстарды сыртынан және ішінен қарап байқауға кедергі келтіретін құрылғылар (араластырғыштар, ирек
түтіктер, қаптамалар, тәрелкелер, қалқалар) алмалы салмалы болуы көзделеді.
Пісіру құрылғыларын қолданған кезде сыртынан және ішінен қарап байқауларды және орнына кейіннен орнатуды
жүргізу үшін оларды алып тастау мүмкіндігі көзделеді. Осы құрылғыларды алып-салу және орнату тәртібі ыдысты
пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көрсетіледі.
Ыдыстардың су толтыруға және ағызуға, гидравликалық сынау кезінде ауа шығаруға арналған штуцері болады.
Әр ыдыста вентиль, шүмек немесе оны ашар алдында ыдыста қысымның болмауын бақылауды іске асыруға
мүмкіндік беретін басқа құрылғы көзделеді, бұл ретте ортаны бұру қауіпсіз орынға бағытталады.
Айналымдық және белгілер орнын ауыстыратын жүктемелер шартындағы жұмыстарға арналған ыдыстар осы
жүктемелердің беріктігіне есептеліп көзделеді.
Ыстық газдармен қыздырылатын ыдыстардың конструкциясы есептік температураға дейінгі қысымда болатын
қабырғалардың сенімді салқындатылуын қамтамасыз етеді.
Ыдыстар бөлшектенген ішкі құрылғыларды құрастыруды және бөлшектеуді, ыдыстарды қарап байқауды,
тазартуды және жөндеуді қамтамасыз ететін люктер мен байқау шағын люктердің қажет мөлшерімен жабдықталады.
Цилиндрлік корпустан және оған құбырлармен (жылу алмастырғыштармен) бекітілген торлардан тұратын
ыдыстарды және криогенді сұйықтарды тасымалдауға және сақтауға арналған ыдыстарды, қауіптіліктің 1 және 2сыныпты заттарымен жұмыс істеуге арналған, бірақ тоттану мен қақтануды болдырмайтын ыдыстарды, ыдыстардың
диаметріне тәуелсіз, люктерсіз және шағын люктерсіз дайындауға рұқсат беріледі.

Ішкі диаметрі 800 мм артық ыдыстырдың люгі, ал ішкі диаметрі 800 мм және одан кем болатын ыдыстардың шағын
люгі болады.
Люктердің қақпақтары алынбалы-салынбалы болады. Вакуум негізінде оқшауланған ыдыстарда пісірілген
қақпақтарға рұқсат беріледі.
Салмағы 20 кг артық қақпақтар көтерілмелі-бұрылмалы немесе оларды ашуға және жабуға арналған басқа
құрылғылармен жабдықталады.
Люктердің, қақпақтардың және олардың фланцтерінің топсалы-қайырмалы немесе алмалы-салмалы
бұрандамаларының, қамыттарының, қысқыш айлабұйымдарының конструкциясы олардың өз еркімен ысырылуын
болдырмауы тиіс.
Ішкі диаметрі ішінен қарап байқауды өткізу мүмкіндігін қамтамасыз ететін ыдыстарда штуцерлер, фланцті
ажырамалар, алынатын түптері немесе қақпақтары болғанда люктерді қарастырмауға рұқсат беріледі.
Люктерге, шағын люктер мен штуцерлерге арналған саңылаулар пісіру тігістерінен тыс орналастырылады.
Саңылаулардың орналасуына:
1) егер саңылаулардың атаулы диаметрі 150 мм артық болмаса, ыдыстардың цилиндрлік және коникалық
тоғындарының бойлық жіктерінде;
2) саңылаулар диаметрін шектемей, ыдыстардың цилиндрлік және коникалық тоғындарының балдақты
тігістерінде;
3) түптердің пісіру тігістерін радиография немесе ультрадыбыстық дефектоскопиялық әдіспен 100 % тексеру
шартында саңылаулар диаметрін шектемей дөңес түптердің тігістерінде рұқсат беріледі.
Торосфералық (қауашақ) түптерде саңылаулардың орталық сфералық сегмент шегінде орналасуына рұқсат
беріледі. Бұл ретте түптің ортасынан саңылаулардың сыртқы жиегіне дейін хорда бойымен өлшенген арақашықтық 0,4 D
артық болмай таңдалады, мұндағы D - түптің сыртқы диаметрі.
Ыдыстарды дайындау үшін қолданылатын материалдар берілген пайдалану шарттарын (есептік қысым, ең төменгі,
теріс және ең жоғарғы есептік температура), құрамы мен орта сипатын (жемірілу белсенділігі жарылыс қауіптілік,
улылық) және қоршаған ауа температурасын есепке алумен, есептік қызмет ету мерзімі көлемінде олардың сенімді
жұмысын қамтамасыз етеді.
Ыдыстарды және олардың элементтерін дайындау, құрастыру және жөндеу үшін негізгі материалдар
қолданылады: жаймалық болат, болат құбырлар, қаптамалар, сұрыпты болат, болат құйма бұйымдар, бекіту бұйымдары,
түсті металдар мен қорытпалар, шойыннан жасалған құйма бұйымдар.
Техникалық регламентпен бекітілген шектерден шығатын параметрлермен жүргізілетін жұмыстарға арналған
материалдарды пайдалануға материалдардың сапасы мен қасиеттері техникалық регламентте белгіленгеннен төмен
болмаған кезде рұқсат беріледі.
Ашық алаңда немесе жылу берілмейтін үй-жайларда орнатуға арналған ыдыстар үшін материалдарды таңдаған
кезде, сол аудан үшін сыртқы ауаның ең төменгі абсолютті температурасы ескеріледі.
Нақты маркалардың, флюстердің және қорғаныш газдардың үстемелеу материалдарын пайдалану конструкторлық
құжаттамаға сәйкес жүргізіледі.
Жаңа үстемелеу материалдарын, флюстерді және қорғаныш газдарды қолдануға дайындаушы олардың ыдысты
пісіру кезіндегі технологиялылығы расталып, қажетті қасиеттерінің барлық кешені, пісіру жалғанулары (тігіс металының
қасиеттерін қоса алғанда) тексерілгеннен кейін рұқсат береді.
Бойлық немесе шиыршық тігісті электрмен пісірілген құбырларды қолдануға тігісті барлық ұзындығы бойынша
радиографиямен, ультрадыбыспен немесе соған тең басқа дефектоскопиямен бақылау шартында рұқсат беріледі.
Әрбір тігіссіз немесе пісірілген құбыр гидравликалық сынаудан өтеді. Гидросынау кезіндегі байқау қысымының
шамасы жобалық құжаттамада көрсетіледі. Егер тігіссіз құбырлар барлық беті бойынша физикалық әдістермен
(радиографиямен, ультрадыбыстық немесе солармен теңесетін) бақылауға түссе, оларға гидравликалық сынау
жүргізілмейді.
Жалатылған және балқытылған жаймалар мен қаптамалар балқыма қаптаумен бірге ультрадыбыстық бақылауға
және металдың негізгі қабатынан, қаптамалар металының тұтассыздығы мен қатпарлануынан жалатылатын
(балқытылған) қабаттың анықталуын қамтамасыз ететін басқа әдістермен бақылауға түседі. 4 МПа (40 кгс/см2) жоғары
қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды дайындауға арналған, қалыңдығы 25 мм артық қосметалдық жаймалар
ультрадыбыстық дефектоскопиямен немесе оған теңестірілетін басқа әдістермен толық бақылаудан өтеді.
10 МПа (100 кгс/см2) жоғары қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды дайындауға арналған, қалыңдығы 60 мм артық
көміртекті және төмен легірленген жаймалық болат, ультрадыбыстық немесе соған теңестірілетін басқа
дефектоскопиялық әдіспен парақтап бақылауға түседі.
6,3 МПа (63 кгс/см2) жоғары қысымдағы жұмыстарға арналған және габаритті өлшемдерінің бірі 200 мм артық
және 50 мм артық қалыңдығы болатын, көміртекті, төмен легірленген және легірленген болаттардан жасалған қаптамалар
ультрадыбыстық немесе соған теңестірілетін басқа әдіспен даналық бақылауға түседі.
Бұрамасұқпалар (бұрандамалар) материалы фланц материалының сызықтық кеңейту коэффициенттерінің мәндері
бойынша жуықтау сызықтық кеңейту коэффициентімен тандалады. Сызықтық кеңейту коэффициенттері мәндеріндегі
айырмашылық 10 % артық емес. Болатты сызықтық кеңейтудің әртүрлі коэффициенттерімен (10 % артық) бірге қолдануға
беріктікке негізделген есептеу жағдайларында рұқсат беріледі.
Перлитті топтағы болаттан жасалған сомындарды, аустенитті болаттан жасалған өзектерде (бұрандамаларда)
қолдануға рұқсат беріледі.
Бекіту тетіктерін салқын күйінде пішінсіздендіріп жасау жағдайында олар термиялық өңдеуге түседі.
Болат құйма бұйымдар термиялық өңделген күйінде қолданылады. Құйма бұйымдардың механикалық қасиеттерін
тексеру термиялық өңдеуден кейін жүргізіледі.
Ыдыстарды дайындау үшін қолданылатын металл емес материалдар үшін, олардың жемірілуге орнықтылығы және
температуралардың жұмыс ауқымында ерімейтін (қасиеттері өзгергенде) бөлігінде жұмыс ортасымен үйлесімділігі
тексеріледі. Ыдыс арналған орта ыдыс паспортында көрсетіледі.

Металл пластикалық ыдыстар үшін қымтау қабатының (лейнердің) материалы ыдысты сыналатын қысыммен
сынау кезінде материалда пластикалық пішін өзгерістері болмайтын түрде таңдалады.
Ыдысты дайындау үшін қолданылатын толтырғыш және байланыстырғыш материалдардың осы материалдарға
арналған сертификатта көрсетілетін кепілдік пайдалану мерзімдері болады.
Беріктігі жоғары шойыннан жасалған шойын құйма бұйымдар термиялық өңделеді.
Қысып-басу әдісімен дайындалған ирек оймаларды термиялық өңдеу қажеттігі конструкторлық құжаттамамен
реттеледі.
Ыдыстарды немесе олардың жекелеген элементтерін дайындау, қайта жаңарту, құрастыру, баптау және жөндеу
технологиялық құжаттама бойынша жүргізіледі.
Қабырғасының қалыңдығы 6 мм артық болатын, қысыммен жұмыс істейтін элементтердің пісірме қосылыстары
таңбаланады (таңба басылады). Таңбалау жүйесі конструкторлық құжаттамада көрсетіледі.
Қабырғасының қалыңдығы 6 мм кем болатын пісірме қосылыстарды таңбалау қажеттігі мен тәсілі конструкторлық
құжаттама талаптарымен белгіленеді. Таңбалау тәсілі қақтап бекітуді, тапталуды немесе металл қалыңдығының
жарамайтын жіңішкеруін болдырмайды және таңбалаудың бұйымды пайдаланудың барлық кезеңі көлемінде сақталуын
қамтамасыз етеді.
Дайындағаннан кейін (жаныштау, қалыптау, пісіру кезінде) қабырғасында жіберілмеуге тиіс қалдық кернеулер
пайда болатын ыдыстар, беріктігіне термиялық өңдеумен қол жеткізілетін ыдыстар термиялық өңделеді.
Аустенитті топтың және көміртекті және темен легірленген марганецті және марганец-кремнийлі типтегі
аустенитті топтағы болаттан жасалған, жемірілуге орнықты қабатпен бірге дайындалған болаттан жасалған ыдыстар мен
оның элементтерін термиялық өңдеу қажеттілігі конструкторлық құжаттамада белгіленеді.
Аустенитті болаттан жасалып, салқын қалыптау немесе фланжирлеумен дайындалған ыдыстардың түптері
термиялық өңдеуге түседі.
850оС төмен болмайтын температурада қалыпталған (жанышталған) аустенитті хромникельді болаттардан
жасалған түптер мен бөлшектер үшін термиялық өңдеу қажет етілмейді.
Аустенитті болаттан жасалған, қабырға қалыңдығына ішкі диаметрінің қатынасы 28 артық болатын ыстықтай
пішіні өзгерген түптер, егер олар жемірілу шытынауын тудыратын орталардағы жұмыстар үшін тағайындалмаса,
термиялық өңдеуге түспейді.
Термиялық өңдеу түрі (босату, кезекті жасытумен тұрақтандыру немесе шыңдау, аустениттендіру) және оның
режимдері (қыздыру жылдамдығы, ұстап тұру температурасы мен уақыты, салқындату шарттары) конструкторлық
құжаттамада көрсетіледі.
Термиялық өңдеу бұйымдар металының біркелкі жылытылуы, олардың ерікті жылу кеңейілуі және пластикалық
пішін өзгерістерінің болмауын қамтамасыз ететіндей болып жүргізіледі. Бұйымды термиялық өңдеу кезіндегі қыздыру,
ұстап тұру және салқындату режимдері өздігінен жазатын аспаптармен тіркеледі.
Қалдық кернеулерді алып тастау үшін термиялық өңдеудің орнына басқа әдістерді қолдануға рұқсат беріледі.
Пісіру және пісірме қосылыстар сапасын бақылау:
1) құрастыру-пісіру, термиялық және бақылау жабдықтарын, аппаратураларды, аспаптар мен құрал-саймандарды
тексеруді;
2) негізгі материалдардың сапасын бақылауды;
3) пісірме материалдар мен ақау табуға арналған материалдар сапасын бақылауды;
4) пісіру технологиясын операциялық бақылауды;
5) пісірме қосылыстар сапасын бұзбай бақылауды;
6) пісірме қосылыстар сапасын бұзып бақылауды;
7) ақаулардың түзетілуін бақылауды қамтиды.
Құйылған және қақталған элементтердің пісірілген қосылыстарын механикалық сынау көлемі мен тәртібі, құйма
бөлшекті құбырлар, түрлі сыныпты болаттан жасалған элементтер, басқа жеке дәнекерленген қосылыстар қажеттігі
конструкторлық құжаттамада белгіленеді.
Жұмысты басқару және пайдаланудың қауіпсіз шарттарын қамтамасыз ету үшін ыдыстар тағайындалуына
байланысты:
1) бекітпе немесе бекітпе-реттеуші арматурамен;
2) қысым өлшеуге арналған аспаптармен;
3) температура өлшеуге арналған аспаптармен;
4) сақтандыру құрылғыларымен;
5) сұйықтық деңгейін көрсеткіштермен жарақталады.
Жылдам алынатын қақпақтармен жабдықталған ыдыстардың қақпағын толық жаппаған кезде, қысым астында
ыдыстың іске қосылу және ыдыста қысым болған кезде оның ашылу мүмкіндігін болдырмайтын сақтандыру
құрылғылары болуы тиіс. Мұндай ыдыстар маркалы кілт құлыптармен жабдықталады.
Бекіту және бекіту-реттегіш арматура ыдысқа тікелей жалғастырылған фланцтерге немесе ыдысқа жұмыс ортасын
әкелетін және шығаратын құбыржолдарға орнатылады. Бірнеше ыдысты салдарлы қосқан жағдайда, мұндай арматураны
олардың арасына орнату жобаны әзірлеушімен анықталады.
Арматураға мынадай мәліметтер:
1) атауы немесе дайындаушының тауарлық белгісі;
2) шартты өтпе, мм;
3) шартты қысым, МПа (жұмыс қысымы мен рұқсат берілетін температураны көрсетуге рұқсат беріледі);
4) орта ағынын бағыттау;
5) корпус материалының маркасы енгізіледі.
Бекіту арматурасының сермерінде арматураны жапқан немесе ашқан кездегі оның айналу бағыты көрсетіледі.
Жарылыс қауіпті, өрт қауіпті заттарға арналған ыдыстар, отты немесе газды жылытқышы бар буландырғыштар
сорғыдан жеткізетін желімен немесе ыдыстан автоматты түрде жабылатын қысыммен, кері клапанды сығымдағышпен
жабдықталады. Кері клапан сорғы (сығымдағыш) пен ыдыстың бекіту арматурасы арасында орнатылады.

Әр ыдыс және әртүрлі қысымды жеке қуыстар тіке әрекет ететін манометрлермен жабдықталады.
Манометр ыдыс штуцерінде немесе ыдыс пен бекіту арматурасы арасындағы құбыржолда орнатылады.
Манометрлер мыналардан темен емес дәлдік сыныбына ие: 2,5 - ыдыстың 2,5 МПа (25 кгс/см2) дейінгі жұмыс
қысымында, 1,5 - ыдыстың 2,5 МПа (25 кгс/см2) жоғары жұмыс қысымында.
Манометр жұмыс қысымын өлшеу шегі шкаланың екінші үштігінде болатындай таңдалады.
Манометр шкаласында ыдыс иесі ыдыстағы жұмыс қысымын көрсететін қызыл сызық сызады. Қызыл сызықты
алмастыратын манометр корпусына қызыл түске боялған және манометр шынысына тығыз жабысатын металл тілімше
бекітіледі.
Манометр оның көрсеткіштері қызмет көрсетуші персоналға анық көрінетіндей орнатылады.
Манометр мен ыдыс арасында манометрді бақылаушы көмегімен кезеңді тексеруге мүмкіндік беретін үш арналы
кран немесе оны алмастыратын құрылғы орнатылады.
Қолданылатын өлшеу құралдары өлшеу бірліктерінің біркелкілігін қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан
Республикасы заңнамаларымен бекітілген тәртіпте тексерілуі тиіс.
Қажет жағдайларда манометр жұмыс шарты мен ыдыстағы орта қасиеттеріне қарай оны ортаның және
температураның тікелей әсерінен қорғайтын және оның сенімді жұмысын қамтамасыз ететін сифондық түтікпен немесе
майлы аралыммен немесе өзге құрылғылармен жабдықталады.
Манометрлер және оларды ыдыспен қосатын құбыржолдар қатып қалудан қорғалады.
Қабырғаларының температурасы өзгеру кезінде жұмыс істейтін ыдыстар ыдыс ұзындығы мен биіктігі бойынша
жылыну жылдамдығы мен тегістігін бақылауға арналған құралдармен және жылу ауысуын бақылауға арналған
реперлермен жабдықталады.
Ыдыстарды көрсетілген құралдармен және реперлермен жабдықтау қажеттігін, ыдыстардың жылынуы және
сууының рұқсат етілетін жылдамдығы жобаны әзірлеушімен анықталады және ыдыс паспортында немесе пайдалану
жөніндегі нұсқауда көрсетіледі.
Әр ыдыс (жинақталған ыдыс қуысы) қысымның рұқсат етілетін мәннен жоғары көтерілуінен сақтайтын
құрылғылармен жабдықталады.
Сақтандыру құрылғылары ретінде:
1) серіппелі сақтандыру клапандары;
2) иінтіректі-жүктік сақтандыру клапандары;
3) негізгі сақтандыру клапанынан (бұдан әрі - НСК) және тіке әсер ететін басқаратын импульсті клапаннан (бұдан
әрі - БИК) тұратын импульсті сақтандыру құрылғылары (бұдан әрі - ИСҚ) қолданылады;
4) бұзылатын мембраналы сақтандыру құрылғылары (мембраналы сақтандыру құрылғылары (бұдан әрі - МСҚ);
Жылжымалы ыдыстарда иінтіректі-жүк клапандарын орнатуға рұқсат берілмейді.
Оны қоректендіретін қайнар көзі қысымынан кем қысымға есептелген ыдыстың жеткізетін құбыржолда
редукциялайтын құрылғыдан кейін кіші қысым жағында орнатылған, манометр мен сақтандыру құрылғысы бар
автоматты түрде редукциялайтын құрылғысы болады.
Орама желіні (байпасты) орнатқан жағдайда ол редукциялайтын құрылғымен жабдықталады.
Сақтандыру құрылғылары ыдысқа тікелей жалғанған келте құбырларда немесе құбыржолдарда орнатылады.
Сақтандыру құрылғылары оларға қызмет көрсетуге ыңғайлы орындарда орнатылады.
Бекіту арматурасын ыдыс пен сақтандыру құрылғысы арасында орнатуға рұқсат берілмейді.
Арматура сақтандыру құрылғысы алдынан (артынан) екі сақтандыру құрылғысын монтаждау және олардың бірдей
уақытта істен шығу мүмкіндігін болдырмайтын бұғаттау шарты кезінде орнатылады. Бұл жағдайда олардың әрқайсысы
Техникалық регламентпен көзделген өткізгіштік қабілетке ие болады.
Сақтандыру құрылғыларының тобы мен арматураны орнатқан кезде оның алдында (артында) бұғаттау жобамен
қарастырылған клапандардың істен шығуының кез келген нұсқасында іске қосылған қалпында қалған клапандарды
ажырату сақтандыру құрылғылары жиынтық өткізгіштік қасиетке ие болатын түрде орындалады.
Сақтандыру құрылғыларының бұрып әкететін құбыржолдары мен конденсаттың жинақталуы мүмкін
орындарындағы ИСҚ-ның импульсті желілері конденсатты жоюға арналған сорғылық құрылғылармен жабдықталады.
Сорғылық құбыржолдарда бекіту органдарын немесе басқа арматураны орнатуға рұқсат берілмейді.
Мембраналы сақтандыру құрылғылары:
1) бұл клапандар нақты ортаның жұмыс шартында олардың инерциялылығының салдарын пайдалану мақсатқа сай
болмаса, иінтіректі-жүкті және серіппелі сақтандыру клапандары орнына;
2) жұмыс ортасының зиянды әсері (жегі, тозу, полимерлену, түйіршіктелу, жабысу, қату) салдарынан сақтандыру
клапандары сенімсіз жұмыс істейтін жағдайда сақтандыру клапандары алдында немесе жарылыс және өрт қауіпті, улы,
экологиялық зиянды және сол сияқты заттардың жабық клапан арқылы мүмкін ағуларында. Бұл жағдайда мембрананың
жұмыс істеуін бақылауға мүмкіндік беретін құрылғы көзделеді;
3) қысымды түсіру жүйесінің өткізгіштік қасиетін арттыру үшін сақтандыру клапандарымен параллель;
4) түсіру жүйесі жағынан жұмыс ортасының зиянды әсерін сақтандыру үшін және осы жүйе тарапынан сақтандыру
клапандарының іске қосылу дәлдігіне қысымға қарсы ауытқулар әсерін болдырмау үшін сақтандыру клапандарының
шығу жағында орнатылады.
Мембраналы сақтандыру құрылғылары мен олардың құрылымдарын орнату орны мен қажеттілігін жобалау ұйымы
анықтайды.
Сақтандыру мембраналары оларға арналған бекіту тораптарына орнатылады.
Мембраналы сақтандыру құрылғылары қарау және құрастыру (қайта бұзу) үшін ашық және ыңғайлы орындарда
орналастырылады; қосылатын құбыржолдар оларда жұмыс ортасының қатып қалуынан қорғалады, ал құрылғылар ыдысқа
тікелей қосылған келте құбырларда немесе құбыржолдарда орнатылады.
Мембраналы сақтандыру құрылғыларын орнатқан кезде сақтандыру клапанымен бірге (клапан алдында немесе
одан кейін) мембрана мен клапан арасындағы қуыс сигнал беру манометрі бар (мембраналар ақаусыздығын бақылау үшін)
бұрып әкету түтігімен жалғасады.

Айырып қосқыш құрылғыны мембраналы сақтандыру құрылғылары алдында мембраналы құрылғылардың екі
еселенген саны болған кезде, ыдысты айырып қосқыш құрылғының кез келген қалпында қысымның көтерілуінен сақтай
отырып қорғауды қамтамасыз етумен орнатуға рұқсат беріледі.
Орталарды ажырату шекарасы бар ыдыстарда сұйықтық деңгейін бақылау қажеттігі болған кезде деңгейді
көрсеткіштер қолданылады.
Ыдыстарда деңгейді көрсеткіштерден баска дыбыстық, жарықтық және басқа да сигнал бергіштер мен деңгей
бойынша бұғаттағыш орнатылады.
Сұйықтық деңгейін көрсеткіштер дайындаушы нұсқаулығына сәйкес орнатылады, бұл ретте осы деңгейдің жақсы
көрінуі қамтамасыз етіледі.
Сұйықтық деңгейінің рұқсат етілетіннен төмен төмендеуі болуы мүмкін жалынмен немесе ыстық газдармен
жылытылатын ыдыстарда екіден кем емес тіке әрекет деңгейін көрсеткіш орнатылады.
Әр сұйықтық деңгейін көрсеткіште рұқсат етілетін жоғарғы және төменгі деңгейлер белгіленеді.
Биіктік бойынша бірнеше көрсеткішті орнату қажеттігі болған кезде, олар сұйықтық деңгейінің көрсеткіштерінің
үзіліссіздігін қамтамасыз ететіндей орнатылады.
Деңгейді көрсеткіштер оларды ыдыстан және жұмыс ортасын қауіпсіз орынға бұрып әкетумен үрлеуден ажырату
үшін арматурамен (шүмектермен және бұрандалармен) жабдықталады.
Деңгейді көрсеткіштерде мөлдір элемент ретінде шыны немесе шынытасты қолдану кезінде, олар жарылған кезде
персоналды жарақат алудан сақтандыру үшін қорғаныс құрылғысы көзделеді.
Криогенді сұйықтықтардан басқа, сұйытылған газдарға арналған цистерналар мен бөшкелер 50 оС температурада
пайда болатын қысымға есептеледі.
Сұйытылған оттегіге және басқа криогенді сұйықтықтарға арналған цистерналар оларды төгіп босататын қысымға
есептеледі.
Цистерналарды есептеу цистерналарды тасымалдау кезінде динамикалық жүктемеден пайда болған кернеулер
есебімен орындалады.
Толықтыруды аяқтау кезінде минус 25оС аспайтын температуралы сұйық аммиакпен толтырылған цистерналарда
термооқшаулау немесе қараңғылап қорғау болуы тиіс.
Криогенді сұйықтықтарға арналған цистернала
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!