Материалдар / ҚЫТАЙ ЖӘНЕ МОНҒОЛИЯДАН КЕЛГЕН ҚАЗАҚ-РЕПАТРИАНТТАРЫНЫҢ НЕКЕСІ МЕН ОТБАСЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҚЫТАЙ ЖӘНЕ МОНҒОЛИЯДАН КЕЛГЕН ҚАЗАҚ-РЕПАТРИАНТТАРЫНЫҢ НЕКЕСІ МЕН ОТБАСЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚЫТАЙ ЖӘНЕ МОНҒОЛИЯДАН КЕЛГЕН ҚАЗАҚ-РЕПАТРИАНТТАРЫНЫҢ НЕКЕСІ МЕН ОТБАСЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қырқүйек 2024
163
0 рет жүктелген
5400 ₸
Бүгін алсаңыз
+270 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +270 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МАЗМҰНЫ



Кіріспе.........................................................................................

3




1

Қытай мен Монғолиядағы қазақ диаспорасы ЖӘНЕ Олардың Қазақстанға оралу мәселелері.............................................................



16




1.1

Қытай мен Монғолиядағы қазақ диаспораларының қалыптасу тарихы.............................................................................................


16

1.2

Репатрианттардың тарихи Отанына оралуы................................


28




2

Қытай мен Монғолия ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ОТБАСЫлық, ішкі ОТБАСЫлық жалпы және ерекше қарым-қатынастары.....................................



33




2.1

Отбасының түрі мен құрылымы..................................................

33

2.2

Ішкі отбасындағы қарым-қатынастың өзіндік ерекшеліктері мен отбасылық жоралғылар.........................................................



39




3

Қытай мен Монғолия репатрианттарының дәстүрлі және жаңа үлгідегі неке қию көріністері...............................................................................



58




3.1

Неке түрлері....................................................................................

58

3.2

Танысу түрлерінің ерекшеліктері.................................................

73









Қорытынды………………………………………………….

77





Пайдаланылған ӘДЕБИЕТТЕР тізімі........................

86











КІРІСПЕ


Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Зерттеу жұмысында Қытай мен Монғолиядағы қазақ диаспорасы, олардың Қазақстанға оралу мәселелері, отбасылық, ішкі отбасындағы жалпы және ерекше қарым-қатынастары, дәстүрлі және жаңа үлгідегі неке қию көріністері нақты тарихи деректер негізінде жан-жақты қарастырылады. Қытай мен Монғолиядағы қазақ диаспорасының қалыптасу тарихына салыстырмалы тарихи шолу жасалынады. Репатрианттардың тарихи Отанына оралуының өзекті мәселелеріне сипаттама беріледі.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақ халқы «ген тазалығы» жөнінен бүкіл әлемдік деңгейде алдыңғы орынға шығып отырғандығы баршамызға мәлім. Әсіресе «жеті ата» дәстүрінің заңдылығын бұлжытпай сақтау жөнінен тіпті түркі халықтарының да бірде-біреуін әлі күнге дейін алдына шығармай келеді. Бұл мақтанышқа халқымыз ұлттық салт-дәстүрімізбен, мәдениетімізбен, ішкі рухани құндылықтарымызбен жетіп отырмыз. Осы ұлы мақтанышымызды болашақта бұздырмай сақтап отыратын әрине, келелі ұрпақ. Осындай сағаттап, минуттап таласып дамып жатқан жаһандық заманда ірі алпауыт елдермен теңдей дәрежеде саяси тұрақтылығымызды сақтап қалуға халық санының да тигізер әсері өте көп. Демографиялық ахуалды көтеру мәселесі қазіргі таңдағы өзекті проблемалардың бірі болып отыр.

Дүние жүзіндегі диаспораның үлкен бір бөлігін қазақтар құрайтындығы белгілі. Бүгінгі таңда қазақ халқы өз республикасынан тыс, шет жерлер мен шет елдерге таралу жағынан алдыңғы орында тұр. Қазақ халқының 5,5 миллионға жуығы өз мекенімізден жырақта өмір сүруде. Өз қандастарынан бөлек ортада өмір сүріп отырған қазақтардың үлкен бір тобын Қытай мен Монғолиядағы қазақтар құрайды. Қандастарымыздың шет жерлерге таралу тарихы да баршамызға аян. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев қазақ халқының басынан өткізген қиын да ауыр тағдыры жөнінде былай дейді: «...өз жерімізде өзіміз қуғынға түстік. Мыңдаған жандар қырылып, мыңдаған жандар ата жұртын тастап кетуге мәжбүр болды. 1932-1933 жылдарда қазақ даласында болған адам айтса нанғысыз ашаршылық, 6 миллионға жуық қазақтың 2,1 миллионы жазықсыздан-жазықсыз опат болғаны, сталиндік репрессия жылдарында аяулы да абзал азаматтарымыздың жойылғаны-большевизмнің бетіне басылар қара таңба, біздің ғасырлар бойы ұмытпайтын қасіретіміз», – деп көрсетті 1, 8 б..

Бөлек этникалық ортада өмір сүріп отырған кез келген диаспораның өз атамекенінде мемлекеті бар. Сондықтан да мемлекет сол халықтың дамуының этникалық кеңістігі болып саналады. Қазіргі таңда шет жерлерде төл ортадан бөлек өмір сүріп жатқан қандастарымыздың басым көпшілігіне этникалық, мәдени-рухани дамуына мемлекетіміз бар мүмкіндігінше қамқорлық жасауда. Қазақстан Республикасы шетелдердегі отандастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасын қабылдап, оларды мүмкіндігіне қарай елге қайтару не ұлттық сана сұранысына қарай жағдай жасау үстінде. Дүние жүзі қазақтарының қауымдастығы да шетелдердегі қазақтармен байланыс жасауда маңызды іс-шаралар мен қызметтер етуде. Осыған байланысты шет жерлерде тұрып жатқан қандастарымыздың да тұрмысын зерттеп, әлеуметтік-экономикалық және мәдени рухани тыныс тіршілігіндегі мәселелерді де талдап ұлт бірлігін нығайту тарихшы-этнографтардың бірден-бір міндеті. Сондықтан да шет жерлерде мекен етіп отырған қандастарымызды тарихи-этнографиялық тұрғыдан зерттеу ұлт бірлігін нығайтып, ұлтымыздың дамуына, жандануына ғана әкеліп қоймай басқа елдердің аз санды халыққа деген қатынас тәжірибесін анықтап, зерттеуге де мүмкіншілік береді. Шет елдердегі қазақтардардың этноәлеуметтік мәселелері және этнографиялық болмысы бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Себебі, шетте жүрген қандастарымыз қазақ этносының бір бөлігі, қазақ халқының тұтастығын, көздейтін болсақ, олардың дәстүрлі мәдениетімен қазіргі жағдайдағы этномәдени үдерістеріндегі мәдени мұраларының сақталуы мен жалғастылығын зерделеу қажет. Сондай-ақ шет жерлердегі қандастарымызды тарихи-этнографиялық тұрғыдан зерттеу олардың мәдени қажеттілік сұраныстарын қанағаттандырып қана қоймай, халқымыздың мәдени мұраларын жоғалтпай, қайта тірілтуге, жандандыруға, мәдениетіміздің озық үлгілерін насихаттауға мүмкіндік береді. Қытай мен Монғолиядағы қазақтардың этникалық тарихын, этнографиялық ерекшелігін зерттеу халқымыздың тұтастығы мен этникалық бірлігін сақтауда өзекті тақырыптардың қатарына жатады.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев Дүние жүзі қазақтарының ІІ құрылтайында жасаған баяндамасында: «Дүниеде қазақ деген ұлт біреу, демек оның ұлттық болмысы, салт-санасы, әдет-ғұрпы – барша қазаққа тән, оның ғажайып мол рухани қазынасы да – бөліп-жаруға жатпайтын ортақ байлық. Сондықтан сырттағы қазақтың әдебиеті, мәдениеті, өнері деген қолдан жасалатын шек-шекара болмауға тиіс. Тағдырдың жазуымен туған топырақтан шеттеп кетуге мәжбүр болған ата-бабаларымыз бен олардан тараған ұрпақ жасаған мол рухани қазынаны шашпай-төкпей жинап алуымыз, оны атажұртта және барша әлемге таныстыру аса маңызды шаруа», – деп көрсетті 2, 11 б.. Өзімізді танып білу, жоғымызды іздеу тек еліміз егемендігін алғаннан кейін ғана мүмкін болғандығы белгілі. Бүгіндегі әлемдік өркениет жағдайында болып жатқан түбегейлі қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени үдерістер Қытай мен Монғолиядағы қазақтарға да тікелей қатысты. Себебі, сырттағы қазақтардың тарихи даму эволюциясы да, этникалық және этномәдени үдерістері де қазақ этносының дамуының тұтас бір бөлігі. Сондықтан да, Қытай мен Монғолиядағы қазақтардың қалыптастырған дәстүрлі мәдениетіндегі ерекшеліктерді, ұқсастықтарды сараптау қазіргі таңда өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр.

Зерттеу жұмысының деректік қоры. Қытай мен Монғолиядағы қазақ диаспорасы, олардың Қазақстанға оралу мәселелері, сондай-ақ отбасылық, ішкі отбасындағы жалпы және ерекше қарым-қатынастары, дәстүрлі және жаңа үлгідегі неке қию көріністері мәселесіне байланысты жинақталған дерек көздерін мағынасына қарай екі топқа жіктеп қарастыруымызға болады.

Зерттеу жұмысының дерек көздерінің бірінші тобын әр кезеңде жүргізілген санақтар мен статистикалық жылнамалар құрайды. Тәуелсіз Қазақстан Республикасындағы 1999 жылғы алғашқы халық санақтарының материалдары мен қорытындылары, ағымдағы статистикалық материалдар қамтылып, 2009 ж. екінші ұлттық халық санағының алдын ала есептеулерінің баспасөз беттерінде жарияланған мәліметтері пайдаланылды [3–4].

Дерек көздерінің екінші тобын 1992, 2002, 2005, 2011 жылдардағы дүниежүзі қазақтары құрылтайының мәліметтері, қазақ диаспорасы көші-қон жөніндегі мемлекет қаулылары мен көші-қон агенттігінің статистикалық материалдары құрайды [5–9].

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Отандық тарихнамада 1991-2013 жылдар аралығындағы Қазақстандағы көші-қон үрдісінің құрамдас бөлігі болып есептелетін репатриация мәселелері зерттеуді қажет ететін тың тақырыптардың бірі болып табылады. Дегенмен де еліміз егемендігін алып, тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап репатриация мәселесіне жекелей болмаса да біршама қаралып, тоқталған ғылыми жұмыстар мен диссертациялық зерттеулер бар. Сонымен қатар репатрианттардың өз Отанына оралуы күннен-күнге артып келеді.

Белгілі тарихшы М.Қ Қозыбаев қазақ диаспорасының тарихын зерттеудің келелі мәселелері атты ғылыми-практикалық конференцияда жасаған баяндамасында: «Ғылымның диаспорология деген ұғымы қалыптасты. Біз біртұтас ұлт, халық боламыз десек ғылымның сол саласын әлі де зерттей түсуіміз керек» – деп атап көрсетті 10. Біртұтас ұлт болу үшін барлық шет мемлекеттердегі қандастарымыздың барлығының елімізге оралуына түбегейлі кіріскеніміз орынды.

Г.Б.Қозғамбаева мен А.Б.Қалыштың біріккен авторлығымен жарық көрген «Моңғолиядағы қазақ диаспорасының тарихы» атты еңбекте Моңғолиядағы қазақ диаспорасының қалыптасуына талдау жасалып, этникалық Отанынан тысқары мекен еткен олардың саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайы, шаруашылығымен мәдениеті тың деректер негізінде нақтылы тарихи тұрғыдан сарапталған 11.

А.Қалыш пен Д.Қасымованың Қазақстандық қоғамдағы оралмандардың интеграциялық жолдары» атты еңбектен Қазақстандағы этникалық миграциялық үдерістер мен олардың Қазақстанға оралу мәселелері, репатрианттар мен жергілікті қазақтардың өзара қарым-қатынастары туралы құнды мәліметтер алуымызға болады 12.

А.Қалыш пен Д.Қасымованың «Этникалық репатрианттардың әлеуметтік-мәдени интеграциялық мәні мен жолдары» еңбегінде қазақстандық қоғамдағы оралмандардың интеграциялық үдерістерінің негізгі тенденциялары мен мәселелік тұстары нақты ашып көрсетілген. Сондай-ақ еңбекте Отандық және шетелдік ғалымдардың рпеатрианттар туралы негізгі идеяларына салыстырмалы түрде талдау жасалынған 13.

Әжіғали С, Байғаматова Н, Ошанов О сынды ғалымдардың Монғолияның Баян-Өлгей жеріне жасаған этнографиялық экспедицияларының негізінде жарық көрген «Баян-Өлгей аймағындағы 2003 жылғы этнографиялық зерттеулердің кейбір нәтижелері» мақалада Монғолия қазақтарының ұлттық ерекшеліктеріне сипаттама жасала отырып, олардың рухани және материалдық мәдениеті жеке-жеке тың деректер негізінде мазмұндалған 14.

Қазақстандық бірден-бір этнограф Б.К. Қалшабаеваның Орталық Азия қазақтары (тарихи-энографиялық зерттеу) еңбегінде ........... 15.

Қазақ диаспорасын теориялық-әдіснамалық тұрғыда талдап, алыс шетелдік отандастарымыз жөнінде келелі тұжырымдар жасаған белгілі ғалым Г.М. Меңдіқұлованың еңбектерінің маңызының жоғары екендігін айта кеткеніміз жөн. Ғалым өз зерттеуінде тағдырдың тәлкегімен туған Отанынан тыс жерлерде өмір сүруге мәжбүр болған қазақтардың тарихы мен бастан кешкен қоғамдық өзгерістерін, әлеуметтік-шаруашылық, экономикалық тұрмыс-тіршілігі мен ұрпақтарының қазіргі күнгі жағдайлары сөз болған. Сонымен қатар Шыңжаннан шығып, Түркияда, Батыс Еуропада және Америка құрама штатында тұратын қазақтардың өмірі мен салт-дәстүрін, тарихын кешенді түрде зерттеуге бағышталған бағалы теориялық және әдістемелік мазмұны еңбектің құндылығын арттыра түседі. Мұндай қортындыдан автор ағылшындық – американдық деректемелерді молынан пайдаланғандығына көз жеткізуге болады. Қазақ жерінен тыс жерлерде 4,5 миллион қазақтар алыс және жақын шет мелекеттерді мекендейді,олар КСРО аумағында құрылған 14 мемлекетте, дүниежүзінің басқа 25 елінде мекен ететіні туралы деректерді келтірген. Соның ішінде 800 мыңы диаспораға, 3 миллион 700 мыңы ирредентке жатады. Олар Қазақстанмен шекаралас, бір кезде саяси ықпалмен Ресей, Қытай, Өзбекстан иемденген ежелгі қазақ жерлерінде өмір сүруде. Оларға Ресейдің Астрахань, Орынбор, Қорған, Омбы, Таулы Алтай Автономиялық облысындағы, Қытайдың Шыңжан, Ұйғыр автономиялы аудандарынан Алтай, Тарбағатай, Іле, Құлжа, Еренқабырға, Баркөл, Монғолияның Баян-Өлгей аймағында, Өзбекстанның Сырдария, Мырзашөл, Қызылқұм, Шыршық аудандарында тұратын қазақтар жатады деп, біз зерттеп отырған Монғолиядағы қазақтарды ирредентке жатқызады. 16.

Ал, Г.М. Меңдіқұлованың «Казахская диаспора: история и современность» атты зерттеуінде Отандық және шетел мұрағаттарынан алған бұрын басылмаған құжаттар тарихи айналымға ұсынылған. Сондай-ақ қазақ диаспорасының тарихи қалыптасуына, пайда болуына және қазіргі жағдайына ерекше көңіл бөлген. Қазақ диаспорасының санының біртіндеп азайып келе жатқанына көз жеткізуімізге болады 17.

Ал саяси, экономикалық, демографиялық, мәдени, тарихи, әлеуметтік және де басқа да үрдістердің дамуында маңызды рөл атқаратын мемлекетаралық көші-қон тарихын зерттеуге Г.М. Меңдіқұлова мен Б. Ж. Атантаеваның еңбегін жатқызуға болады. Зерттеуде 1860-1960 жж Қазақстан мен Қытай аралығындағы көші-қон тарихы егжей-тегжейлі баяндалады 18.

Г.М. Меңдіқұлованың Қазақстандағы оралмандардың бейімделу мәселелеріне арнаған «Современные миграционные тренды между Казахстаном и Китаем» мақаласын айтуға болады 19. Мақалада Қазақстан мен Қытай ортасындағы миграциялық үрдістердің жылдан-жылға артып келе жатқандығы жан-жақты зерттелген.

Қытай мен Монғолиядағы қандастарымыздың тарихы мен этнографиясы, мәдениеті мен әлеуметтік жағдайы, ішкі-сыртқы саясаты мен экономикасы жөнінде көптеген ғалымдарымыз қалам тартты. Атап айтқанда, Алтай қазақтарының этникалық тарихы жөнінде белгілі ғалым, этнолог-антрополог О. Смағұлов, Монғолиядағы қазақтардың тарихы мен этнографиясы жөнінде ғалым З. Қинаятұлы, қазақ-қытай қарым-қатынастары жөнінде Н. Мұхамедханұлы т.б. Орта Азиядағы қазақтардың материалдық мәдениетін Қытай мен Монғолиядағы қазақтардың мәдениетімен салыстырмалы түрде зерттеуге арқау болған Н. Алимбай, Х. Арғынбаев, М. Мұқановтың еңбегі 20, қазақ халқының баспана құрылыстарын Орта Азия халықтарымен салыстыра зерттеуде белгілі ғалым С. Жолдасбаевтың еңбектері құнды 21. Аумақтағы қазақтардың отбасы және отбасылық қатынастарындағы әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін зерттеуде Х. Арғынбаевтың 22, Ә.Т. Төлеубаевтың 23 еңбектерін негізге алуға болады. Қазақтың қоныстары, ғұрыптық кешендерін түрікмен, қарақалпақ халықтарымен салыстыра талдап, зерттеген археолог-этнограф С.Е. Әжіғалидың 24 еңбектерінің орны ерекше.

Сондай-ақ қазақ этнографиясын аумақтық-әкімшілік тұрғыда салыстыруда Ж. Артықбаевтың 25, қазақ қолөнерінің Орта Азия халықтарымен ұқсастығы мен ерекшелігін зерттеуде Ш.Ж. Тохтабаеваның 26, Н.Ж. Шаханованың 27, Р. Мустафинаның 28, т.б. еңбектері де жұмысымыздың кейбір тұстарын айқындауда арқау болды. Ж. Артықбаев қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық жағдайын салыстырмалы түрде әр кезеңдер бойынша сипаттайды. Ш.Ж. Тохтабаева қазақ халқының рухани және материалдық мәдениетінің теориясына терең тоқтала отырып, қазақ қолөнеріне ерекше мән береді.

М.Б. Тәтімовтың еңбектерінде Отандық тарихи демографияның өзекті мәселелері зерттеліп, халық саны, көші-қон мәселелері, оралмандардың орналасуы талданып, халқымыздың өсіп-өну, даму кезеңдері туралы нақты деректер келтіріліп, болжамдар жасалынған [29]. Қазақ демографиясының күрт өсуіне шетелдердегі қазақ репатрианттарының да қосар үлесі зор. Қазақ репатрианттарының Отанымызға ағыла келуі жылдан-жылға артып келеді. Демографиялық тұрғыда қарқындап өсуіміз әлем назарын аудартатыны анық. Егемендік жағдайында Қазақстандағы демографиялық құбылыстарды зерттеуге арналған еңбектерде де репатриация мәселелері орын алған.
М.Х. Асылбеков пен Ә.Б. Ғалидың Қазақстандағы кеңес дәуіріндегі демографиялық ахуалға талдау жасаған еңбегінде, М.Х. Асылбеков пен Л.Х. Төлешованың монографиялық зерттеуінде ХХ ғасырдағы демографиялық мәселелерге тарихнамалық талдау беріліп, көші-қон, репатриация процесіне де көңіл бөлінген [30-31].

З.Қинаятұлының екі кітаптан тұратын «Монғолиядағы қазақтар» монографиясы тарихи және социологиялық, статистикалық әр жақты зерттеулерге сүйене отырып Монғолиядағы қазақтардың тарихын зерттеуге арналған, өткен ғасырдың соңы, яғни тәуелсіздік алғаннан кейін атамекенге бет бұрған көштің алғашқы кезеңі қамтылса, «Монғолиядағы қазақтар. 2-кітап» тәуелсіздік жылдарындағы Монғолия мен Қазақстанда болған тарихи оқиғалар қарастырылған ғылыми еңбектерінде Монғолия қазақтарының репатриациясы жайында жазылған [32-33].

Қазақстан егемендігін алғаннан кейінгі кезеңдегі елдегі көші-қон үрдістерінің барысын, бағыттарын талдап, ерекшеліктерін саралаған, республикадағы демографиялық ахуалдың жағдайы баяндалған М.Х. Асылбеков пен В.В. Козинаның ғылыми зерттеуінде Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңдегі демографиялық өзгерістер мен оның барысы, маңызы қарастырылып ғылыми талдау жасалған. Осы аталған авторлардың бірлесіп шығарған «Народонаселение Казахстана в условиях суверенитета» ғылыми еңбегінде тәуелсіз Қазақстан халқының демографиялық өзгерістеріне жаңаша көзқараспен талдау жасалған [34-35].

Демография мәселесі қазақ халқында негізгі өзекті мәселелердің бірі. Қазақтарды демогрфиялық тұрғыда зерттеп-зерделеу 1897 жылдан басталды. Н.В. Алексеенко мен А.Н. Алексеенконың Қазақстандағы 1897 ж. бірінші халық санағынан кейінгі жүз жыл көлеміндегі тұрғындар санының
қозғалысына арналған еңбегінде 1980 жж соңынан басталған ел тұрғындарының санының азаю себептеріне талдау жасалынып, оның себептері қарастырылған. Зерттеу еңбегінде 1897 жылдан бастап әр он жыл сайын жүргізілетін негізгі санақ қорытындыларына талдау жасалынады [36, 44 б.].

М.Х. Асылбеков пен А.И. Құдайбергенованың монографиялық зерттеуінде 1939-1959 жж. арасындағы Қазақстандағы халық санының өсіп-өнуіне, оның негізгі факторлары – табиғи қозғалыс пен механикалық қозғалыстың барысы мен салдарларына талдау жасалынып, осы кезеңдегі республика тұрғындарының демографиялық ахуалына ғылыми тұрғыда баға берілген [37]. А. Ғалидың мақалаларында халықтың көш-қоны, демография мәселелері жан-жақты қарастырылған [38]. Мақалада көші-қон процестерінің саяси деңгейіне салыстырмалы түрде түйін жасалынған.

Тарих ғылымының зерттеу бағыттарының бірі болып табылатын көші-қон мәселелердің ішінде репатриация үрдісі К.Қ. Нұрымбетованың «Тәуелсіз Қазақстандағы репатриация мәселелері мен болашағы: тарихи талдау (1991-2008 жж.)» атты диссертациясында арнайы түрде ғылыми зерттелініп зерделенген [39]. Диссертацияда автор репатриация үрдісінің болашағына болжам жасай отырып, тарихи талдаудан өткізеді.

Шығыс Түркістан өлкесінен шыққан ғалым Л. Бадавамов 1968 жылы өзінің диссертациялық жұмысынан Шыңжанды мекендеген қазақтардың тарихы жөнінде таптырмас біршама құнды мәлімет алуға болады [40]. Автор өз зерттеуінде Шығыс Түркістан халықтарының чанхайшілік гоминдан үкіметінің үстемдігіне қарсы ұлт-азаттық қозғалысқа қатысу себептері мен салдарын, тарихи нәтижесі мен маңыздылығын ашып көрсетеді.

1988 жылы Упсалада АҚШ-тың Окленд университетінің профессоры Линда Бенсонның және швед ғалымы Ингвар Сванбергтің «Қытай қазақтары» атты еңбегі жарық көрді. Зерттеу жүргізу барысында автор мәселені ашу барысында көптеген құнды деректерді пайдаланған [41].

XX ғасырдың 90-жылдарында еркіндікке енді ғана аяқ басқан тәуелсіз еліміздің алғашқы күндері бірнеше жетістікті және табысты істермен толастағаны белгілі. Ең алдымен, тілінің және дінінің ерекшеліктерін, рухани дүниесінің құндылықтарын қайта жаңғыртып, қазақ ұлтының халық жауы атанған зиялылары ақталды, өткен тарих беттеріне қайта қарап, ақ пен қараны, ұлттық көрініске орай айыруды таныдық. Қазақ елінің тәуелсіздікке қол жеткізуі әкімшіл-әміршіл жүйенің ықпалымен қалыптасқан тарих ғылымын қайта қарап, төл тарихымыздағы бұған дейін бұрмаланып келген мәселелерді жаңа қырынан ашып көрсетуге мүмкіндік туғызды. Бұл жөнінде Президент Н.Ә. Назарбаев: «...Өткенімізді тұтас күйінде ешқандай боямасыз, қоспасыз, қаз-қалпында қабылдағанымыз ләзім. Ал өткен жылдар шежіресі үнемі әрі бұрмалаусыз зерделеп отырудың жөні бөлек. Мұның өзі өткендегі тәжірибенің жақсысынан үйрену үшін, ескі қателіктерді қаулата бермес үшін, жаманнан жирену үшін қажет», – деп өткір айтқан болатын [42].

Сонымен қатар елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Дүниежүзі қазақтары құрылтайында «Бүгінгі құрылтайдың басты мақсаты – бүкіл әлемдегі қазақ қауымының болашағы жөнінде ойласу, ұлтымыздың тарихындағы осынау ерекше белестің тұсында ендігі тағдыр-талайымыздың қалай өрілетінін талқылау. Қазақ диаспорасының қалыптасуы зерделі жанды таң қалдыратын құбылыс. Әрбір үш адамның біреуі атамекеннен жырақта жүрген қазақтан басқа халықты атау қиын шығар», – деп атап көрсетті [43].

1993 жылы Алматыда Нығмет Мыңжанның «Қазақтың қысқаша тарихы» деген кітабы жарық көрді. Кітаптың авторы Қазақстан ғалымдарының еңбектеріне сүйене отырып, Шыңжандағы қазақтардың тарихынан маңызды мәліметтер береді. Сондай-ақ қазақ халқының тарихына байланысты тың мәселелерді қытай деректерінің негізінде жан-жақты қарастырған. Еңбек саяси мағынада автор Қытай жерін, әсіресе, оның батыс бөлігін қазақтар мекендеген деген ойды алға тарта отырып, соны негіздеп түсіндіруге тырысады [44].

Қытай және Қазақстан территориясымен шекаралас Шыңжан – Ұйғыр автономиялық ауданда тұратын қазақ диаспорасы туралы құнды мәліметтерді тарихшы ғалым Н. Мұқаметқанұлының зерттеулерінен таба аламыз. Ғылыми еңбек ХVIII–XX ғасырлар аралығындағы қазақ-қытай байланыстарын толықтай қамтиды. [45].

Ал К.Л. Сыроежкин 1994 жылы Қытайдағы қазақтардың әлеуметтік-экономикалық және мәдени өзгерістерін қамтып, ірі кұнды еңбегін жарыққа шығарды. Автор қытай тілін жоғары деңгейде жетік білетіндіктен қытай тілінде жарық көрген көптеген құнды деректер мен құжаттарды, зерттеу еңбектері мен баспасөз материалдарын орнықты пайдалана отырып терең дейгейде қарастырған [46].

Ж. Сәмитұлының «Қытайдағы қазақтар» деген еңбегі қазақтардың мәдениеті, әдет-ғұрпы, тұрмыс күйі, тілі, діні сынды этникалық ұлттық ерекшеліктеріне арналған. Автор Қытайдағы қазақтардың барлық салт-дәстүрінің бұрынғы қалпынан онша өзгеріп кетпегендігін, қанша уақытты артқа тастап небір қиын-қыстау кезеңді бастарынан өткерсе де ешкімге сіңіп, мәңгүрттене қоймаған, таза да тұнық күйінде сақталғандығын ашып көрсете білген [47].

Қытайдағы қазақ халқын зерттеу саласында тікелей қатысы бар еңбектердің қатарына қытай зерттеушісі Су Бихайдың «Қазақ мәдениетінің тарихы» деген еңбегін атап өтуге болады. Зерттеу Қытайдағы қазақ репатрианттарының ұлттық менталитеті мен мәдениетін зерттеуге арналған. Автор зерттеу барысында Қытайдағы қазақ халқында ұлттық идеологияның өте басым деңгейде екендігін атап өтті [48].

Монғолиядағы қазақ диаспорасының пайда болып, қалыптасу мәселесіне қатысты зерттеулер де жеткілікті деңгейде. Көбінесе бұл мәселе туралы ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Шыңжан өлкесін, Монғолияның батыс бөлігін зерттеген орыс саяхатшылары мен ғалымдарының деректеріне сүйенеміз. Г.Н. Потанин [49], Н.Я. Бичурин [50], В.В. Сапожников [51], А.Н. Казнаков [52], Г.Е. Грумм-Гржимайло [53], А.М Позднеев [54], М.В. Певцов [55], А.В. Бурдуков [56] және т.б. ғалымдар саяхатшылық, этнографиялық, археологиялық тұрғыда қарастырған. Орыс ғалымдарының еңбектерінің барлығы дерлік Монғолиядағы қазақ диаспорасы туралы тақырыпты зерттеуге өз септігін тигізеді. Аталмыш ғалымдардың еңбектерінде Монғолиядағы қазақтардың қоныстануы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы жайлы құнды деректер кездеседі. Г.Н. Потанин солтүстік-батыс Монғолияның тарихына көптеп назар аударса, Н.Я. Бичурин жалпы Орта Азия турасында қарастырады. В.В. Сапожников Ертіс пен Қобда өзенінің жағалауындағы Монғолиялық Алтай жеріне тарихи-этнографиялық тұрғыда зерттеу жүргізген. Ал, А.Н. Казнаков болса Монғолия жеріне жан-жақты сипаттама бере келе әкімшілік-аумақтық аудандарға бөледі. Белгілі зерттеуші Г.Е. Грумм-Гржимайло Батыс Монғолия тарихына көп көңіл бөледі. Ол батыс Монғолия мен Уранхай аймағына әр қырынан сипаттама бере отырып салыстырмалы талдау жасайды. Бұл еңбектен Монғолия тарихы туралы толықтай жеткілікті дәрежеде құнды мәліметтер алуға болады. А.М Позднеев Монғолияның тарихи, мәдени, этнографиялық дамуына сипаттама бере келе Монғолиядағы жалпы ұлтаралық ішкі жайды нақты ашып көрсетеді. Певцов М.В. Монғолия мен Қытайдың тарихы салыстырмалы түрде зерттеген. Автор өз зерттеуінің алғашқы тарауында Монғолия мен Қытайдағы репатрианттардың жағдайына назар аударған. Қазақ репатрианттарының қай кезден бастап бұл жерлерге қоныстана бастаған, қоныстанудың басты себеп-салдарын анықтап сипаттама береді. А.В. Бурдуков Монғолияның өткені мен бүгініне тарихи естелік ретінде талдау жасайды.

XIX ғасырдың екінші жартысында Моңғолия жеріне барып мекендеген қазақтардың бір бөлігінің тарихын зерттеуде жергілікті ғалымдардың да өзіндік үлес қосқанын атап атап айтқан орынды. 1960 жылы белгілі зерттеушілер Ә. Мініс пен А. Сарайдың құрастыруымен «МХР Баян-Өлгей аймағының қазақ халқы тарихынан» деген еңбек қазақ және моңғол тілінде жарық көрді [57]. Аталмыш еңбек Моңғолиядағы қазақ диаспорасы тарихынан сөз қозғаған алғашқы еңбектердің бірі. Қос автор еңбекте көптеген мұрағат құжаттарын, әдеби деректерді, көне-көз қариялардың естеліктерін пайдалана отырып, мысалдар келтіре жазған. Онда қазақтардың бір тобының Алтай мен Қобда өлкесін мекеңдеген уақыты, себептері, қоғамдық-экономикалық құрылысы, моңғол халық революциясына қатысуы талданып, жүзеге асырылған әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге әр қырынан баға берілген.

Монғолиядағы қазақтардың ішінен шыққан саяси партия қайраткері С. Хабшай 1976 жылы «Баян-Өлгей аймағында партия ұйымдарының құрылуы» деген кітапты моңғол тілінде басып шығарды [58]. Онда МХР партиясының жергілікті ұйымының тарихы жөнінде біраз деректер беріледі. Баян-Өлгей – қазақ халқы көп қоныстанған аймақ. Сондықтан да бұл жердегі кез-келген саяси мәні бар мәселенің барлығына монғолдармен қатар қазақтардың үлесінің зор екендігі анықталды.

Монғолияда көп жыл бойы ел басқарған Ислам Қабышұлы 1978 жылы «Керейлер керуені» [59], 1980 жылы «Моңғолия қазақтарының тарихы» [60] деген еңбегі Моңғол Халық Республикасының алпыс жылдығына, Баян-Өлгей аймағының қырық жылдық тарихына арналып жазылған. 1997 жылы оның «Қазақ кауымы» [61] деген еңбегі кітап болып шықты. Автор Монғолиядағы қазақ диаспорасының тыныс-тіршілігін, ру-тайпалық бөлінісін, өзара ішкі-сыртқы саясатын ғылыми тұрғыда ашып көрсетеді.

Қазақстан мен Монғолияның 1960-1980 жылдардағы экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени қатынастарына арналған Х.С. Абдыкадырованың кандидатық диссертациясын атап өткен орынды [62]. Зерттеуде Қазақстан мен Баян-Өлгейдің мәдени, ағарту, ғылыми байланыстары, біздің республикамыздың түрлі мамандар дайындаудағы, соның ішінде педагогикалық кадрларды дайындаудағы, моғғол жеріндегі қазақ мектептеріне оқулықтар шығарудағы тигізген көмектері кеңінен қарастырылып, нақты мәліметтер негізінде дәлелденген.

Белгілі тарихшы, профессор З. Қинаятұлы 1995 жылы жарық көрген «Жылаған жылдар шежіресі» [63] деген еңбегінде Монғолиядағы қазақ диаспорасы тарихынан көптеген мәліметтер келтіреді, олардың өткені мен болашағына байланысты өткір пікірлер айтып, орынды ой толғайды. Бұл еңбек – бұрынғы тоталитарлық жүйе кезінде коммунистік идеология тұрғысынан бұрмаланған қазақ диаспорасы тарихына бүгінгі көзқарас тұрғысынан уақыт талабына сай қорытындылар жасауымен бағалы. Автордың қазақ диаспорасының атамекенге бет түзеуі оның себеп-салдары, қазақ халқының болашағы туралы ой-толғаулары өте нанымды әрі дәлелді. Сонымен қатар З. Қинаятұлының 2001 жылы жарық көрген «Моңғолиядағы қазақтар» деп аталатын еңбегі мен 2007 жылы жарық көрген дәл осы еңбектің 2-томында тарихи, әлеуметтік және статистикалық, яғни әр жақты зерттеулерге сүйене отырып жазылғандықтан құнды дерек көзі болып есептеледі [64-65]. Зерттеуден Моңғолиядағы қазақтардың тарихы, мәдениеті, әдебиеті ондағы қазақтарға моңғолдық ортаның ықпалы, қазақ тарихында елеулі рөл атқарған адамдар мен сол ел тарихында еңбек етіп, із қалдырған қазақ зиялылыры туралы көптеген мәліметтер мен тың деректер алуға болады. Моңғолиядағы қазақтардың тыныс-тіршілігін, тарихын белгілі бір тақырып аясында ғана қарастырып қоймай ондағы қазақтардың ұлттық аймағын құрған кезеңінен бастап бүгінгі күнге дейінгі аралықтағы қоғамдық-мәдени, саяси жағдайын жүйелі қарастырған.

Биқұмар Кәмалашұлының «Моңғолиядағы қазақтардың тарихи салт-дәстүрлері» [66], «Моңғолиядағы қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы» [67] деген диссертациялық зерттеулерінде көп жылдар бойы Моңғолиядағы қазақтардың салт-дәстүрлерін, тыныс-тіршілігін, шаруашылық түрлерін аң аулау, құсбегілік, балық аулау және тағы басқа мәселелерін этнографиялық тұрғыда зерттеген. Дәстүрлі шаруашылық мал шаруашылығы және егін шаруашылығымен байланысты болғандықтан Моңғолиядағы қазақтардың шаруашылығы да негізінен малшылық пен егіншілікке бағытталған.

Белгілі этнограф Д. Қатран «Моңғолиядағы қазақтардың дәстүрлі тағамдар жүйесі» атты диссертациялық жұмысында Алтай тауының Қобда бетін мекендейтін қазақтардың тағамдар жүйесіне байланысты сан-алуан этнографиялық және мәдени дәстүрлерді жан-жақ сипаттайды [68].

Құрметхан Мұхамадиұлының «Моңғолиядағы қазақ субэтносының қалыптасуы мен дамуы» [69] атты зерртеуі тарихи-этнографиялық тұрғыда жазылған. Еңбекте Моңғолиядағы қазақ халқының тарихы, ру-тайпалық құрылымы, экономикасы, материалдық және рухани мәдениеті қарастырылған.

Белгілі отандық этнограф, профессор С.Е. Әжіғали бастаған тарихшы-этнограф ғалымдардың құрастыруымен «Монғолия қазақтары этникалық тобын зерттеудің бағдарлама-сұрақнамасы» [70] атты кітап жарық көрді. Құрастырушы авторлар монғол еліндегі қазақ диаспорасы жайлы айта келе, Монғолия қазақтарын кешенді, жүйелі және кәсіби түрде зерттеу қажеттігін, сондай-ақ тек дәстүрлі қазақ этникалық мәдениеттің көптеген белгілерін сақтап қалған қазақ этносының бөлігі ретінде ғана емес, көрші мемлекет территориясындағы жергілікті (аймақтық) этникалық топ ретінде қарастыру керектігін атап көрсеткен.

2007 жылы Моңғол мемлекетінің 800, Қазақ ордасының 550 жылдық мерекесі құрметіне арналған Ү. Құрманбайұлы мен Ш. Рахметұлының «Моңғолиядағы қазақ халқы» [71] атты еңбегі жарыққа шықты. Еңбекте қазақтардың Моңғолияға қоныстануынан бастап, Баян-Өлгей ұлттық аймағының құрылу мен оны басқарудағы қазақ зиялылары, кеңестік дәуірдегі Қазақстанмен байланыс, мәдениеті, әдебиеті және оқу ағарту мен денсаулық сақтау ұйымдары туралы, жалпы бүгінге дейінгі тыныс тіршілігі қамтылған ақпараттық сипаттағы құнды мәліметтер келтірілген.

Навий Лизаның «Моңғолиядағы қазақ мектептерінің қалыптасуы мен дамуы» [72] атты кандидаттық диссертациясында Моңғолиядағы қазақ мектептерінің тарихы мен оның дамуын үш кезеңге бөліп қарастырған. Аталмыш еңбекте Моңғолия қазақтарының оқу-ағарту жүйесінің дамуы, сондай-ақ халық ағарту және педагогика саласы бойынша көптеген деректер келтірілген.

Сұраған Рахметұлының «Моңғолия мен Қытайды мекендеген қазақтардың қоғамдық-саяси өмірінің тарихы (1912-1949 жж.)» [73] деген тақырыпта қорғалған кандидаттық диссертациясы және Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы шығарған «Көгілдір шабыт» еңбегі тың құжаттар мен мұрағат деректерін көп пайдаланғандығымен құнды.

Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда: «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», – десек артық емес. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасы мәселесін зерттеу ең маңызды мәселелердің бірі. Мемлекеттің, этностың дамуында отбасының алатын орны өте зор.

Баланың отбасынан қашықтап, оның ықпалынан сырт қалуының психикасына әсерін Т.В. Лодкина, А.И. Захаров, В.С. Мухина, Е.О. Смирновалар атап көрсеткен. А.Н. Леонтьев, С.А. Козлова, балаға отбасы жылулығының әсерін атап өткен. Жақын адамдардың әсерін баланың алдымен сезініп, түйсінуі және сөз түрінде бейнелеуінің маңызын А.В. Запорожец, А.Д. Кошелева және т.б. белгіленген. Отбасы тәрбиесінің терең эмоциялы сипатын, қаны бір адамдар арасындағы сүйіспеншілік қарым-қатынасын ата-ана мен баланы жақындатуының маңызын Ю.П. Азарова, И.В. Гребенников, Т.А. Маркова, А.Г. Харчев т.б. белгіленген. Қазіргі заман отбасыларының дефектілерін «неблагополучные» дейді. Екінші некенің бала тәрбиесіне, дамуына теріс әсерін Е.П. Арнаутова, А.И. Захарова, Е.И. Кульчицкая т.б. Жалғыз бала тәрбиесі туралы А.П. Усова, егіздер тәрбиесін Р. Скиннер, К. Витек т.б. зерттеген. Бала психикасының қалыптасуына ананың әсерін психотерапевт А.И. Захарова, психолог Д.Б. Эльконин, А.Я. Варга т.б. зерттеген [74; 17].

А. И. Антонов отбасын «адамдардың біріккен жалпы отбасылық ортақ әрекетіне негізделіп, ата-ана-туысқандық желілермен байланысқан және балалардың өсіп-жетілуі мен отбасы мүшелерінің өмір сүруін қолдау» – деп түсіндіреді [75].

Ә. Табылдиев «Халық тағылымы» атты еңбегінде былай деп атап көрсетеді: «Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғаш рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларын игереді. Сондықтан отбасылық өмір жеке адамның азамат болып өсуінің негізі. Отбасы ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді. Сондықтан ол адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.Отбасы оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы ынтымақтастыққа негізделеді» [76].

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Бүгінгі таңда шетелдерде тұрып жатқан қандастарымыздың тарихи Отаны – Қазақстанға оралу мәселелері мемлекеттік деңгейде қарастырылып, зор көңіл бөлінуде. Еліміз тәуелсіздігін алып, егеменді ел атанған күннен бастап шетелдегі қандастарымызбен мәдени, рухани салада байланыс жасай отырып, олардың атажұртқа оралуына мүмкіндік туғызуға айрықша назар аударылып отыр. Зерттеу жұмысының алдына қазақ диаспорасының жалпы даму тарихы мен зерттелуі, Монғолия мен Қытайдағы қазақ диаспорасының пайда болуы мен дамуы, тайпалық құрамы мен сол елге бейімделуі, саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайы олардың атамекенге оралуы мен бүгінгі жағдайы туралы жан-жақты мәліметтер жинақтай отырып, зерттеп-зерделеу мақсаты қойылды. Осыған орай бірнеше міндеттер туындайды:

«диаспора» терминінің мәнін аша отырып, Қытай мен Монғолиядағы қазақ диаспорасының даму тарихына талдау жүргізу;

Қытай мен Монғолиядағы қазақ диаспорасының елге оралу мәселелерін айқындау;

Дүниежүзі қазақтары құрылтайының репатриация үрдісіне әсерін көрсету;

Қазақстандағы репатриация үрдісінің ерекшеліктері мен жетістіктерін ашып көрсету, оның әлеуметтік-экономикалық үрдістерге ықпалын қарастыру.

Қытай мен Монғолиядағы қазақ диаспорасының қалыптасу себебіне, уақытына, географиялық ортасына байланысты тұжырымдарды сараптау;

қазақтардың бір бөлігінің Монғолия мен Қытайға қоныстануына байланысты деректерді талдау арқылы нақты уақытын айқындау және сол елге бейімделуіне талдау жасау;

Қытай мен Монғолиядағы қазақ диаспорасының бір бөлігінің атамекенге оралуы мен олардың тарихи Отанына бейімделу мәселелерін және одан туындап отырған кейбір қиыншылықтарды ашып көрсету;

Қытай мен Монғолиядағы қазақтардың қалыптасу, қоныстану тарихы жөніндегі деректер мен зерттеулерді сараптап ғылыми талдау;

Қытай мен Монғолияның әкімшілік аумақтары бойынша қазақтардың рулық құрамы мен ондағы кейбір рулардың ежелгі тайпалармен сабақтастығын саралап, зерттеп, шоғырланған орталықтарын анықтау;

Қытай мен Монғолиядағы қазақтардың этноэкономикасындағы негізгі дәстүрлі шаруашылығы мен қосалқы кәсіптерінің сақталуын, дамуын, жалғастылығын және жергілікті ортаның ықпалы мен байланыстылығы негізіндегі өзгерісі мен ерекшеліктерін көрсету;

Қытай мен Монғолиядағы қазақтардың отбасы және неке, отбасылық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлердің дәстүрлілігі мен жаңашылдығын, жергілікті ортаның аз санды қазақтардың дәстүрлі мәдениетіне ықпалы мен әсерін айқындау;

Қытай мен Моңғолиядағы қазақтардың тарихи Отанға оралу себептері мен олардың елде шоғырлана қоныстану орталықтары және төл ортаға бейімделу проблемаларын көрсету.

Зерттеу жұмысының хронологиялық және территориялық шеңбері. Зерттеу жұмысының тақырыбы Қытай мен Монғолиядағы қазақ диаспорасы тарихына қатысты болғандықтан, зерттеу жұмысының территориялық шеңбері осы екі мемлекетті қамтыса, хронологиялық шеңбері елімізге қандастарымыздың жаппай оралу кезеңі, яғни 1991 жылдан қазіргі күнге дейінгі аралықты қамтиды.

Зерттеу жұмысының нысаны – Қытай және Монғолиядан келген қазақ-репатрианттарының некесі мен отбасы мәселелері.

Зерттеу жұмысының пәні – Қытай мен Монғолиядағы қазақ диаспорасының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени даму деңгейін зерттеу жұмысы барысында ашып жазу.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Зерттеу жұмысы барысында Қытай мен Монғолиядағы қазақ диаспорасының қалып­тасу жағдайлары мен елге оралу мәселелері, отбасылық және неке қатынастарына кешенді түрде ғылыми талдау жасалынды. Екіншіден, Дүниежүзі қазақтары құрылтайының репатриация үрдісіне әсеріне жан-жақты аналитикалық сараптама жасалынды. Үшіншіден, дүние жүзіндегі қазақ диаспорасының дамуына субъективті сыни баға берілді.

Зерттеу жұмысының теориялық және методологиялық негізі. Зерттеу жұмысының теориялық-методологиялық негізін қалыптастыруда тарих, этнология, саясаттану, әлеуметтану, мәдениеттану ғылымдары саласындағы жетекші ғалымдардың, қоғам және мемлекет қайраткерлерінің мемлекетаралық саясат, оның принциптері мен теориясы, тарихы туралы жазған еңбектері қолданыс тапты. Іргелі еңбектер мен зерттеулерді, статистикалық мәліметтерді, деректерді ғылыми тұрғыда сараптауда тарихи-салыстырмалы, сыннан өткізу, талдау, жинақтау және қорыту әдістері қолданылды. Мұның өзі алынған ақпараттардың толықтығы мен шынайылық деңгейін анықтауға көмектеседі. Зерттеудің методологиялық негізін объективтілік, тарихилық, жүйелілік сынды ғылыми танымның маңызды принциптері құрайды. Зерттеу жұмысын жүргізуде қазіргі кезде халықаралық қатынастар теориясы мен сыртқы саясатта қолданылып жүрген «Мемлекеттердің сыртқы саясаттағы ұлттық және мемлекеттік мүдделері принципі» теориялық-методологиялық негізге алынды.

Зерттеу жұмысының сыннан өтуі. Магистрлік зерттеу жұмысы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, тарих, археология және этнология факультетінің археология, этнология және музеология кафедрасының отырысында талқылаудан өтті. Зерттеу жұмысының нәтижелері бес ғылыми мақала түрінде жарияланды.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш тараудан, бес тараушадан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.








1. Қытай мен монғолиядағы қазақ диаспорасы. олардыҢ қазақстанға оралу мәселелері


    1. Қытай мен Монғолиядағы қазақ диаспорасының қалыптасу тарихы


Қазақ диаспорасының қалыптасуы мен дамуы, олардың өз Отанына оралуы туралы мәселені жан-жақты зерттеу үшін ең әуелі «диаспора» ұғымының мазмұнын пайымдап, оған ғылыми анықтама берген орынды. Диаспора ұғымына бірнеше анықтамалар берілген. Олардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталсақ: Диаспора (гр. διασπορά - шашыраңқы) – әлеуметтік ғылымдарда ұлттық ата-жұрты болып табылатын елден тысқары өмір сүретін халықтың бір бөлігі деп сипатталады. Диаспора ұлттық шығарып жіберу, геноцид қаупі және т.б. факторлар әсерімен пайда болады [72, 98]. Диаспора күштеп көшірудің, геноцид қатерінің, экономикалық және географиялық факторлардың әсері салдарынан пайда болды. Диаспора термині алғаш рет еврейлердің Палестинадан тысқары жерлерде тұруына қатысты, әсіресе, оларды б.з.б VI ғасырдың басында Вавилон патшасы Навиходоносар ІІ-шінің, одан соң б.з І-ІІ ғасырларда римдіктердің қудалауына байланысты қоныс аударуынан кейін қолданыла бастаған. Кейінірек диаспора термині басқа этностық қауымдастықтар мен діни қауымдастықтар діни қауымдастықтарға да қатысты қолданылатын болды. Диаспора өзі тұрып жатқан елде аз этностық топ болып табылады да, әрдайым өзінің тегі шыққан елмен рухани және шаруашылық байланыста болуға тырысады [73, 133].

Диаспоралардың бес түрі анықталган, олар мына жағдайлардың нәтижесінде қалыптасады:

1) туған жерінде қудалауға ұшырап, күш қолданылуы салдарынан туған мәжбүрлік (еврейармянирландресейқазақ, т.б.);

2) отарлық көші-қон салдары (британнеміспортугалиспанорыс);

3) еңбек миграциясы (қытайитальянүнді және т.б.);

4) кәсіби (бизнессауда), миграция (жапонқытайливия және т.б.);

5) «мәдени» миграция (латын американдықүнділікқытай) [74, 42].

Бүгінгі таңда 40 мемлекетте 5 миллионға жуық қазақ диаспорасы тұрып жатыр. «Қазақ диаспорасы (бөлшектенуі, шашырауы) дегеніміз – өз елі мен жерінен, атамекенінен, Қазақ мемлекеті шекарасынан тыс жерлерге бөлек этникалық ортаға ғасырлар бойы зұлматтық саясаттың жүргізілуіне байланысты қуғындалған халқымыздың қандас бөлшектері [75; 35].

Барлығы біртұтас қазақ ұлты екені туралы қорытынды ғылымда негізделген. Осы қорытынды диаспораның анықтамасына енгізілсе, бұл атаудың мағынасы толық болған болар еді. Қазақтардың ішінде мейлі ол диаспора болса да, болмаса да, басқа ұлтқа сіңіп, ұлттық бейнесін жоғалтқандарда – баршылық. Олар өздерін қазақ деп санағысы келмейді. Оларды күштеп қазаққа жатқызуға да болмайды. Қазақ ұлты белгілерінің ең маңыздылары атаудың зор ғылыми тәрбиелік мәні бар. Тарихи тәжірибеден белгілі болып отырғандай, халықтар, ұлттар табиғи екі процесті: «өзара бірігу және ажырау» процесін басынан кешіріп отырған. Бұны, тек табиғи процесс деп қана қарамай, халықтардың, ұлттардың қалыптасуының негізгі заңдылығының бірі деп есептеу кажет. Ажырау процесінің нәтижесінде диаспора пайда болса, бірігу нәтижесінде халықтардың, ұлттардың қалыптасуына әсер етіп отырған. Диаспораның пайда болуы халықтардың, ұлттардың өз еркінен тыс болып отырғандығын атап айту қажет. Мұндай процестер негізінен шетел басқыншыларының шапқыншылығы, үлкен ұлттардың өктемдік саясаты салдарынан болып отырғандығын тарих тәжірибесі дәлелдейді. Жоғарыда айтылған диаспора туралы жалпылама ой-пікірлер қазақ диаспорасы, оның пайда болу туралы мәселеге де тікелей қатысты.

Қазақстан демографтары 2000 жылы дүниежүзіндегі қазақтардың санын он бес миллионға жетті деген есеп жасады. Қазақ ұлтының 5 миллионы алыс және жақын шет елдерде өмір сүреді. Қазақ халқының осы 5 миллионы, «қазақ диаспорасы» деген категорияға жатады. Бір ұлттың басқа жерде шашырап жүрген бөлшегінің тағдыры, оның тарихы, мәдениеті, экономикасы, саяси өмірі, болашағы әрбір ұлт азаматын, оның ішінде саясаткерлерді, ғалымдарды толғандыруға тиіс екеніне ешкім дау айта қоймас деп есептейміз.

Қазақ диаспорасының белгілі бір бөлігі атамекеніне орала бастады. Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы шақырылып, қазақ халқының, соның ішінде, қазақ диаспорасының көптеген келелі мәселелері конференциялар мен симпозиумда талқыланып, шешімін тапты. Диаспораның ағымдық мәселелерімен шұғылданатын Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы құрылды. Диаспора өкілдерінің атамекенге көшіп келуі, оларды әлеуметтік тұрғыдан қолдау көрсету, олардың Қазақстан Республикасының азаматтығын алуы және тағы басқа заңдар шешімін тапты.

Қазақтар арасында көші-қонның өcyi 90-жылдары көші-қон үрдістерінің маңызды сипатына айналды. Олардың өзінің тарихи отанына жаппай оралуы Қазақстанның егемендік алуымен байланысты басталды. «Иммиграция туралы заң» қабылданды және ел үкіметі оралмандар саясатын мақсаткерлікпен жүргізе бастады. Қазақстан Республикасының Президенті алыс шет елдерден және ТМД-дан келетін қазақ халкының иммиграциясына (оралмандарына) жыл сайын квота бекітіп отырады. Тұтасынан алғанда, халық санын көбейту мемлекет саясатының стратегиялық бағыттарының бipi болып табылады, бұл «Қазақстан 2030» даму бағдарламасында бейнеленген [76]. Этникалық қазақтардың шет елден келуі (иммиграциясы) халықтың өсуіне, сондай-ақ халықтың жалпы санында тұрғылықты ел-жұрттың үлес салмағының көбеюіне де көмектесетіндігі көзделді.

1993 жылы көшіп-қону квотасы 10000 отбасын құраса, 1994жылы 7000 отбасын, 1995 жылы – 5000 отбасын, 1996 жылы – 4000 отбасын құрады. Көшіп-қону квотасын орындау төмендегідей болды. 1993 жылы орындалу пайызы – 94,4 %, 1994 жылы – 63,9%, 1995 жылы – 72,6% және 1996 жылы – 88 % құрады. [9; 93]. Қазақстанның Еңбек Министрлігі мен Әлеуметтік қорғау орындарының мәлімдеуінше, 1991-1996 жылдары республикаға 35,3 мың қазақ репатриант отбасылары келді. Яғни, 155 мың адам, оның 85 мыңы – Ресей мен Өзбекстаннан, 62 мыңы – Монғолиядан Министірліктің аппараты бойынша, қазіргі кезде тарихи отандарына кайта келген 35 мың жанұяның ішіндегі 300-400 отбасы қайтадан қайтып кетуге мәжбүр болды, ал 3 мың отбасы репатрианттардың тұратын жері жоқ [77; 13-14].

Қазақстанның көші-қон саласындағы мемлекеттік саясаты – ТМД, Балтия мен алыс шетелдерден этникалық қазақтарды көшіріп әкелу. Мұның құқықтық базасы «Халықтың көші-қоны туралы» заңда (1977 жылы) қаланған. Бұл мәселемен ҚР көші-қон және демография жөніндегі Агенттігі айналысады. Бірнеше онжылдықтар бұрын қазақ халқы өз мемлекетінде этникалық жағынан көп емес болатын, 1986 жылдан бepi халық санының жалпы құрамында қазақ этносының саны орыс этносымен теңеліп, соңғы кездері өсе бастады. Санақтың мәліметі бойынша (1999 ж.) қазақтардың республика халкының ішіндегі үлесі 7895 млн адамды, яғни 53,4% құрайды. [78; 32-33]. Белгілі демограф М. Тәтімовтың 1991 жылғы мәліметі бойынша, 3 млн астам қазақтар шетелдерде тұрып жатыр, оның ішінде Қытайда 1296 млн-ға жуық Өзбекстанда – 870 мың, Ресейде – 660 мың, Монғолияда – 157 мың, Түрікменстанда – 90 мың, Ауғанстанда – 45 мың, Қырғызстанда – 40 мың, Түркияда – 30 мың, Иранда – 15 мың, Украинада – 15 мың, Тәжікстанда – 12 мың, Пәкістанда – 3 мың қазақ тұрады [24; 71]. Өткен он жыл ішінде шетелдердегі қазақтардың саны өзгерді. Кейбір деректер бойынша, қазірде Қытайдағы этникалық қазақтар саны 1,5 миллионға жеткен, ceбeбi саясатта тууды шектеу бұл елде қазақ халқына катысты емес. Ағымдағы статистика мәліметтері бойынша, Өзбекстанда 1999 жылы 940,6 мың қазақ және 531,3 мың қарақалпақ тұрған, Ресейде 691,2 мың қазақ бар (2000 ж.). Монғолиядағы қазақ диаспорасы, cipә, 90-100 мың адам.

Қоғамға оралмандардың қайта келуі, жайласуы, интеграциясы ауып келу саласының қажетті басымдылығы мен негізгі орындаушы органның жұмысы ретінде мәлімделінді. 1991 жылдан бастап қазақ халкының ТМД елдерінен және алыс шетелден көшіп келуі көбейе түсті. 1991-1992 жылдары аралығында Монғолиядан 41 мыңға жуық адам көшіп келді. Агенттіктің мәліметі бойынша 1991-2000жылдары аралығында республикаға 42387 қазақ отбасы немесе 183652 адам көшіп келді Оның ішінде Монғолиядан (652002 адам, Қытайдан (2214 адам) көшіп келді [29; 101].

Басқа елдерге қарағанда, Монғолиядан көшіп келушілердің үлесі көп (жалпы санының 80%) қазақтардың Монғолияға көшуі XVIII ғасырдың 60 жылдары басталған. XX – ғасырдың 20-30 жж. күштеп ұжымдастыру, аштық пен саяси қуғын-сүргіннің нәтижесінде мыңдаған қазақ отбасылары Монғолияға көшуге мәжбүр болған. Қазақ халкының ықшамдалып орналасқан жері Баян-Өлгей (1991жылдардағы – 110 мың адамға жуық) мен Қобды аймақтары болып табылады. Саны қысқаруына қарамай, бүгінгі күні Монғолияда едәуір қазақ қауымы тұрады (Қытайдан кейін 2-шi). 1991-2000жылы ауып келген 42387 отбасының жартысынан азы 20289 отбасы 1993-2000 жылдары квотаға сәйкес келді. Көшіп-қону квотасы мен Монғолиямен еңбек келісім шартымен барлығы 1991-1993 жылдары осы елден репатрианттың негізгі бөлігі келді, 1991-2000 жылдары аралығында Қазақстанға 33887 отбасы ауып келді. (2001 жылы 1 сәуір) [ 68; 32 ].

1991-2000 жылдары көшіп келген 42387 отбасының жартысына жуығы 1993-2000 жылдардағы квотаға сәйкес көшіп келген. Жыл сайын алыс шет елдер мен ТМД-дан келетін қазақтарға (оралмандарға) бекітілетін квотада қоныстанушыларды республика аумағы бойынша әкімшілік аумақтардың, еңбек рыногындағы жай-күйдің этно-демографиялық және әлеуметтік-экономикалық дамуын ecкepiп, жеткілікті, біркелкі орналастыру көзделеді. Республикадағы иммиграцияның ең жоғары квотасы жыл сайын Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Карағанды, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Жамбыл облыстары үшін тағайындалады. 1993 жылмен салыстырғанда, квотаның көлемі 20 есе азайды. Мысалы, 1993 жылы квотаның көлемі – 10 мың отбасы болса, 1994 жылы – 7 мың, 1995 жылы – 5 мың, 1996 жылы – 4 мың, 1997 жылы – 2,2 мың, 1998 жылы – 3 мың, 1999-2000 жылдары 5000 мыңнан, 2001 жылы 600 отбасын кұрады [3;12-13]. Квотаның орындалуы ең, алдымен экономикалық сипатқа байланысты десек, ол 1993 жылы – 76,5%, 1994 жылы – 51,5%, 1995 жылы – 66,6%, 1996 жылы – 63,6%, 1997 жылы – 56%, 1998 жылы - 53,4% орындалды. Агенттіктің мәліметі бойынша квотадан тыс келушілер де жетіп артылады. Мысалы, 1999 жылы 2668 отбасы келсе, оның 280-ні квота бойынша, 2388 квотадан тыс келген. 2000 жылы тиісінше 5490,458 және 5032 [3; 13].

2001 жылы квота Өзбекстанға 362 отбасы, Ресейге 71, Қытайға 40, Түркіменстанға 32, Ауғанстан 20, Монғолия 20, Пәкістан 20, Түркияға 20 отбасы, Иранға 15 отбасыдан деп бөлінді. 2001 жылдың қыркүйегінде Ауғанстандағы әскери қауіптің төнyiнe байланысты агенттік квотаны Ауғанстан, Иран, Пәкістан секілді елдерде көбейтуді ұсынды. Оралмандар проблемаларының созылмалы шешілуі олардьң кейбіреулерін бұрын өздері тұрған орынға қайтып келуге итермеледі, өйткені Қазақстанға қоныс аудару олардың лайықты өмірге деген үмітін ақтамады. 2000 жылы ресми мәліметтер бойынша, оралмандардың 5 мың отбасының осы уақытқа дейін дұрыс тұрғын үй жағдайлары жоқ, соның салдарынан жүздеген отбасылар Монғолияға қайта көшіп кетті, Монғолиядан және жақын және алыс шет елдерден қазақтарды ұйымдасқан түрде көшіріп әкелу 1991 жылдың cәyipiндe басталды. Дипломатиялық қатынас орнату және қазақтарды туған отанына қайтару мәселесі жөнiндeгi қазақ – моңғол келісімдері 1991 жылы қыркүйек айында өтті. Сол жылғы қараша айында Қазақ КСР министрлер кабинеті «Өзге республикалар мен алыс шетелдіктерді» ауылдық, жерлерде жұмыс icтeyгe ықылас, білдірген жергілікті жерлерге Қазақ КСР-на қоныстандырудың тәртiбі мен ережесі туралы қаулы қабылдады. 1991 жылдың желтоқсанында «Азаматтық туралы» заң қабылданды. Бұл этникалық қазақтардың женілдікпен азаматтық алуына мүмкіндік әперді.

1992 жылы қыркүйекте Қазақстанда Монғолия елшілігі ашылды. Одан бip ай өткенде Монғолияға Премьер Министр С.А. Терещенко бастаған үкімет делегациясы ic-caпapғa барды. Сапар барысында ынтымақтастық пен экономикалық-сауда саттық жасау туралы хаттамаларға қол қойылды. 1993 жылы қазан айында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Монғолияға ресми сапармен барды.

Осының нәтижесінде қазақтардың Монғолиядан Қазақстанға және Монғолия халық Республикасы еңбек министрліктерінің арасында 1991 жылдың 21 қыркүйегінде еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметттік қорғау саласында өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Келісімге сәйкес жүзеге асырылды. 1992 жылдың 30 маусымында еңбек және көші-қон процесстерін реттеу, 1994 жылдың 2 желтоқсанында еңбек шарты бойынша моңғол азаматтарын жұмысқа тарту туралы екі ел үкіметі арасында келісім жасалды [79; 23-24].

Екі жақты келісімге сәйкес 1991-1992 жылдары Монғолиядан Қазақстанға 7 мың отбасы немесе 40 адам қоныс аударды. Қазақтарды қөшіpiп әкелу Монғолияның Баян өлгей аймағында жинау пунктінен гортерлік ренспеге жүзеге асырылды. Көшіп келген отбасыларына мал тегін бөліп берілді (1 сиыр, 5 қойға дейін), азық-түлікпен, қажетті алғашқы жабдықтармен қамтамасыз етілді, бірақ оларға ақшалай жәрдем мен ұзақ уақытқа пайызсыз несие бepілyi тиіс еді. 1991-1996 жылдары барлығы 12,5 отбасы (62126 адам) көшіп келді. Олар Қарағанды, Талдықорған, Павлодар, Көкшетау, Семей жене Шығыс Қазақстан облысытарына қоныстардырылды, яғни орыс тілді аймақтарға жіберілді. Оларды орналастыру былайша жүргізілді. Қарағанды облысына –1922 отбасы, Талдықорғанға – 1676, Павлодарға – 1343, Көкшетауға – 1 174, Семейге – 1151 отбасы [3; 18].

Алыс және жақын шетелдерден өзінің тарихи отанына қайтушыларды қабылдауда Орталық Қазақстан алғашқы орынды иеленді. 1999 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, бұл аймақта 3654 отбасы немесе 17177 адам тұрды.

Монғолиядан келгендер көп болды – 2880 отбасы, немесе 14625 адам, (85,3%), Өзбекстаннан – 518 отбасы немесе 1591 адам (9,3%), Ресейден – 234 отбасы немесе 858 адам (5%), Қытайдан – 11 отбасы немесе 40 адам (0,2%), Югословиядан 1 отбасы немесе үш адам (0,002%), Түркменстаннан 2 отбасы немесе 6 адам (0,03%), Тәжікстаннан 4 отбасы (13 адам-0,08%), Қырғызстаннан 3 отбасы (8 адам - 0,05%), 6 адамы бар 1 отбасы Әзербайжаннан келді (0,03%). Келген қазақтардың жартысынан көбi – 54% селолық жерлерге (1919 отбасы немесе 9299 адам) қоныстанды. Негізінен бұлар Монғолиядан келген қазақтар, селолық жерлерге қоныстанушылар құрамындағы олардың үлес салмағы 98,6%. Келген отбасыларды көбірек қабылдаған аудандардың қатарына Бұқар жырау ауданынан 1521 отбасы немесе 2621 адам, Шет (369,1619), Қарқаралы (269,1488), Абай (246,1132), Оскаровка (223,1158) аудандары болды. Ақтоғай, Нұра, Жаңарқа, Үлытау аудандарына тиісінше 43 отбасы және 165 адам, 166 және 731, 60 және 291,1 және 6 адам қоныстанды. Қытайдан көшіп келіп, ауылдық жерге қоныстанған қазақтардың саны 0,3% құрады. Олардың барлығы (8 отбасы, 32 адам) Абай ауданында тұрады. Ал Ресейден көшіп келіп, ауылда тұрып жатқаны аз, бар-жоғы 12 отбасы немесе 27 адам (0,3%), олар да Абай ауданында тұрады. Өзбекстаннан келген қазақтар Абай (2 және 11), Ақтоғай (1 және 4), Жаңарқа (1 және 3), және Шет (2 және 7), аудандарына орналасты, олардың үлесі 0,3%. Құрамында 4 адамы бар Тәжікстаннан келген 1 отбасы Шет ауданына қоныс тепкен. Аймаққа келген қазақтардың 45,9% қалалар мен қалалық мекендерге қоныс тепті. Олардың ішінде көпшілігі Монғолиядан келгендер, олар 69,2 құрайды, жалпы саны 988 отбасы немесе 5441 адам. Олар аудандарға төмендегіше бөлінген: Ақтау поселкесіне – 217 отбасы немесе 1289 адам, Қаражол қаласына – 200 отбасы немесе 1612 адам, Теміртау қаласына – 91 отбасы немесе 1024 адам, Балхаш қаласына – 142 отбасы немесе 632 адам, Қарағанды қаласына 136 отбасы немесе 493 адам, Саран қаласына 136 отбасы немесе 493 адам, Сауран каласына 21 отбасы немесе 93 адам, Жезқазған қаласына 18 отбасы немесе 89 адам [4;29].

Монғолиядан келген қазақтар негізінен Қарағанды, Қаражал, Теміртау қалаларында, ал селолық аудандар ішінде Бұқар жырау, Шет, Қарқаралы, Абай және Осакаровка аудандарында қоян-қолтық тұрып жатыр. Қарағанды облысына келген шетел қазақтарының, жай-күйі, олардың үйреніп кетуі аймақтың елеулі әлеуметтік-экономикалық аясының проблемасы болып табылады. Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы» заңына және Қарағанды облысының 1998-2000 жылдарға халықтың аймақтық көші-қоны бағдарламасына сәйкес келгендерді жайлы орналастыру жөніндегі бірқатар шаралар: әл-ауқаты нашар отбасыларын айқындау және оларға материалдық көмек көрсету, еңбекке орналастыру, басқа мамандықтарға, сауаттылыққа оқыту және басқа мәселелер жүзеге асырылады [9; 37].

1999 жылдың 1 қантарындағы Ақтаудың цемент зауытында Монғолиядан келген 120 қазақ жұмыс істеді, сонымен бipгe 87 адамның жұмысқа тұру мәселесі шешілді 13 жанұяға материалды көмек көрсетілді. Жайрем ауылында жұмыспен камтамасыз етілмегені жоқ, 167 аудан коммерциялық жұмыспен шуғылданады, екі жанұя шағын кредит алуға бизнес жоспар дайындауда, 82 жанұя барлығы 530 бас малды құрайтын жеке шаруашылықпен айналысуда. 1998 жылы жағдайы нашар азаматтарды қолдау жөнінде облыстың аймақтық фонд жүйесінде Монғолиядан келген 37 жанұя қазақтары 158000 теңге, оның ішінде үш жанұя – пайызсыз 30 мың теңгені кредитке алды. Басқа да Қызыл ай, Қызыл крест қоғамдары мен азық-түлік және өнеркәсіп тауарларынан 205 мың теңге сомасында көмек болған. Аймақта оралмандардың балаларын жалпы білім беретін мектептерге, орта және жоғары оку орындарында оқыту мәселелерін шешу жөніңде жұмыс жүргізіледі. Мысалы, оралмандардың балалары үшін Ақтау қаласында бастауыш мектеп, Жайрем поселкісінде шағын кешенді мектеп ашылған. Барлығы Маңғыстау облысының жалпы білім беретін мектептерінде оралмандардың 6025 баласы бар. Аймақтың, бес жоғары оку орнында 218 студент, кәсіптік-техникалық мектептерінде – 63 және орта арнаулы оқу орындарында 52 адам ойдағыдай білім алуда.

Аймаққа Монғолиядан келген қазақ интеллигенттерінің интелектуальдық потенциалы жоғары екенін айту керек. Мысалы, Қарағанды мемлекеттік университетінде 8 оқытушы, денсаулық сақтау саласында 12 білікті дәрігер, олардың ішінде – медицина ғылымының кандидаты, инемен емдеші Бейбітхан Дақбайулы, танымал халық eмшіci Орынхан Нұриха және кардиологиялық орталықтың кеңесшісі Сайынұлы Керинхан жұмыс істейді [14; 162].

Дегенмен «моңғол» қазақтарының тағдыры аймақта барлық Республикадағыдай өтуде. Өнеркәсіп және ауылшаруашылық кәсіпорындардың қысқартылуы салдарынан еңбекке жарамды жанұя мүшелері материалдық қажеттілікті керек етуде, әcipece көп балалы жанұялар, жалғыз басты аналар, мүгедектер мен зейнеткерлер. Қарағанды басқармасының демография мен көшіп-кону жөніндегі арнайы мәліметі бойынша, 1999 жылы 1 қаңтарда жұмысқа жарамды 7580 репатрианттың 4044-i жұмыспен қамтамасыз етілді, 3536 адам, яғни 47% жұмыссыз болып табылады. Олардың ішінде (облыстық жұмыспен қамтамасыз етілген, ал 39-ы кәсіби қайта даярлауға немесе дайындыққа жіберілген. Қаржыны уақытысында бөлінбеген себепті репатрианттардың 184 жанұясы үймен қамтамасыз етілмеген. Соңғы жылдары Монғолиядан келген қазақтардың республика ішіндегі үлкен көші-қоны байқалады. Бұл көші-қон қызметкерлеріне олардың есебін алуда қиындықтар келтіреді.

1997-1998 жылдары облыс орталығына жақын орналаскаң Қарағанды қаласына және поселкелеріне алыс ауылдық аудандардан және поселкелерден 650-ге жуық репатриант жанұялар (әр жанұяның құрамында орта есеппен 5 адам бар) қоныс тепті. Олардың Қазақстан ішінде «көшпенділігі» зерттелмеген, бірақ олардың амалсыздан көшiп жүргенін жоққа шығаруға болмайды. Қазақстанның көптеген аймақтарындағы қатал климат, қатты кыс, жеке үйдің, жердің, тұрмыстық құралдардың жетіспеушілігі, т.б. оларды жұмыс табу мақсатында қалаға жақын қоныстандыруға мәжбүр етеді. Дегенмен, өндіріс көлемінің қысқаруына, көптеген өнеркәсіптік және ауылшаруашылық мекемелердің жабылуы салдарынан мұны icтey оңай емес. Монғолиядан көшіп келгендердің адаптациясы, аймақтағы менталитеттін, жергілікті халықпен тіл табуында, орыс тілін айтпағанда, айырмашылық көп. Осы себептерге байланысты, Қазақстан Республикасында тұрмайтын себептермен жұмыспен қамтамасыз ету орталықтары оларды жұмыссыздар деп қабылдамайды. Көшпенділердің көбici ауылдық жерлерге орналасты. Қайта келушілердің жаңа жағдайға yйpeнyi қиындау болды. Орналасқан ауданның климаты бұрын өздері тұрған жерден айтарлықтай суық болды. Мысалы, Шымкент облысының көлік және әлеуметтік инфра жүйесі аз дамыған. Созақ ауданының аулақтанған шаруашылығына ирандық қазақтарды орналастырды. 1994-1995 жылдары катты қыста орналасып бол май жатқан олар кедейшілік жағдайға тап болды. Облыстық газет беттерінде кедейленген отандастарымызға көмектесуге жергілікті тұрғындарға үндеу тасталды. Көшпенділерге арнап азық-түліктер мен жылы киімдер жинауды ұйымдастырды. Көшпенділер клубтарда, ескі және жартылай қираған үйлерде түрды. 2000 жылы 5000 жанұяның тұратын жері болмады.

Біліктіктің төмеңдігіне байланысты (келгендер, әдетте, аз маманданған немесе біліктіліксіз еңбек өкілдері – малшылар, шоферлер, бастауыш кластар мұғамдері, тәрбиешілер, механизаторлар және сондайлар) қоныстанушылар негізінен мал шаруашылығы мен егін шаруашылығында енбек еткен. Әйелдер тек маусымдық жұмыстарда болды. Балалар мектептерде, оның ішінде қазақ, тілінде білiм алу мүмкiндiгi болған. Алайда ата-аналармен байланыстар қиынға соқты. Әлеуметтік-психологиялық бейімделу күрделі жағдайда өтті. Шеттен келген қазақтардың бейімделуін жергілікті халықтың орыс тілін колданатындығы қатты қиындатты, қоныстанушылар бұл тілді білмеді. Бұдан басқа көшіп келгенге дейін негізінен таулы және тау аңғарындағы жерлерде тұрған, ауыл шаруашылығымен айналысқан моңғолдық қазақтар дәстүрлі құндылықтарды иеленуші болғандықтан көбінесе ұлттық дәстүрлерін жоғалтқан жергілікті халықтың көз алдында «бөтендер» болып көрінді. Бұл да оралмандардың бейімделуін қиындатты.

1990 жылдың ортасында совхоз, колхоздардың жүйесі қайта құрылуы басталғанда, көшпенділердің жағдайы қиындады. Мүлікті жекешелендіру процесі жұмыс icтey стажы мен басқа жағдайларға байланысты болды, бұл репатриандықтарды ыңғайсыз жағдайға қалдырды. Сол кездерде көшпенділердің тиянақты жеке шаруашылығы болмады және колхоз, совхоздардан ешқандай көмек алмады. Айлықтың төмендiгi, оларды кeшіктipiп бepyi бipaз көшпенділерді азып тозуға әкеп соқтырды.

Мемлекет өзі мен отбасын асырауға шамасы келмейтіндерді қамқорлығына алуға ұмтылды, оралмандарың 13600 отбасы өз адрестеріне әлеуметтік көмек алады, олардың ішінде 898 асыраушысынан айырылған отбасы, 3014 көпбалалы отбасы бар, аз қамтылған 4398 отбасы үшiн бip дүркін жәрдемақы берілді. Көші қон жөніндегі Агенттік мәліметі бойынша, 2001 жылдың басында 552 адам шағын несиелер алған [80; 67]. 2000 жылы елге квотадан тыс Монғолиядан 5490 отбасы жұмыс орындарын іздеп келіп қоныстанды. Еңбек және әлеуметтік корғау министрлігінің мәліметтері бойынша, жергілікті атқарушы органдар оралмандарды жұмысқа орналастырумен айналысты.

Қазақтардың ең қөп тобы Қытай Халық Республикасында тұрады, оның саны 1,2 млн адамды кұрайды. Пекиндегі Қазақстан Республикасы Елшілігінің мәліметінше, Қытайдағы этникалық қазақтардың саны төмендеген. Олардың басым көпшілігі Қазақстанның батыс жағымен шектесетін Синьцзянь – Ұйғыр автономды ауданында (СУАР) тұрады. Бұл аудан халықтарының бітпейтін наразылықтары мен СУАР-ға қытайлардың көшіп баруына байланысты этникалық қазақтардың тарихи отанына көшiп кету мәселелерін Қытай Орталық үкіметі қатаң бақылауға алды.

Жергілікті әкiмшіліктің кeйбip мәліметтері бойынша, қазақтың білiктi мамандарын, ғылыми және творчестволық интеллигенциясының, сондай-ақ, қазақ жастардың кетіп қалуын болдырмау жолы қарастырылған. Бұған қоса мамандар Қытайда тұрмыс деңгейі жоғары, экономикалық даму перспективалары мен енбекпен, зейнетақымен қамтылу неғұрлым тұрақты, сондықтан Синьзянь-ұйғыр автономиялы ауданында және жалпы Қытайда Қазақстанға кету жөнінде оншальқты мүдделілік байқалмайды.

Қоныс аударушылардың дені еңбекке кабілетті жастағылар, жоғары оқу орнын аяқтамағандардың 9,7% пайызы жақын шетелдерден келгендер. Жоғары білімділерін еңбекке орналастыру оңай емес. Орта білімі барлар 29%, орта білімділері 56%, бастауыш бiлiмi жоқтар 3,3%. Оларды жұмысқа орналастыру әр жыл сайын кеміп барады. Мысалы, 1998 жылы 7464 оралмандардан шамамен 3 мыңы орналасты немесе 1997 жылға қарағанда 24% аз.

Монғолиядан келген этникалық қазақтарды орналастыру мәселесі қиындай түсуде, соңғы жылдары олардың екінші рет көшуіне тура келді. Олар Қазақстанның шығысынан оңтүстік аймақтарына қарай ығысуда, климаттық және басқа да жағдайлары қиындауда. Осы icпeттec өзіндік жер ауыстырулар жергілікті әкімшілік пен көшіп қону қызметінде үлкен қиындыққа әкeлдi. Яғни, 1993-1996 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысында жыл сайын 1,5 мың адам көшпенділердің орналастырып, жұмысқа тұрғызуға тура келді. Көшпенділердің қайталану процесі апатты элементтерді әкелді, Қазақстанда көшіп-қону процесінің реттелуін қиындатты. Kөші-қон және демография Агенттігінің Төрайымы А. Жағанова репатрианттардың көптеген мәселелерін халықаралық мекемелерін көмегімен шешкенін, әйтсе де репатрианттарды санақтан өткізу сияқты көп шешілмеген мәселелер қалғанын айтты. Төрайымның айтуы бойынша 1995-1998 жылдар аралығында Монғолиядан келген репатрианттардың саны 13 мың жанұяны, яғни 63 мың адам санын құрады, ал агенттіктің жарамды мәліметі бойынша бұл сандар 14,5 жанұя және 72 мың адамды қөpceтті (1999 жылы 1 қараша) [3; 16]. Ал Монғолдық жақ аталған кезең iшiндe Монғолияға 1200 жанұя қайтып оралғанын айтады. Қазақстанға келген көптеген оралмандар бұдан он жыл бұрын жастық шақта еді, енді олар өcтi, некеге отырды, отбасын құрады, олардың балалары пайда болды. Сондықтан шынында оралмандар саны ресми мәліметтерден асып түседі.

Репатрианттардың айтуы бойынша: «Көші-қон және демография Агенттігі Көшіп-қону туралы Заңды жүзеге асырумен айналыспайды. Агенттік көшпенділерді орналастыруға бөлінген мемлекеттік артулар құралдарын негізінде белгілеу жүзінде шығындамайды». Репатрианттардың басқа мәселесі шығып кету квотасы. Репатрианттардың ойынша, Қазақстанға көшудің мөлшерін шектеуді ауыстыру керек: мемлекетте репатрианттарды қабылдауға қажетті қаруының болмауы көшіп-қонуға кедегі болмауы керек, егер репатрианттардың өздері көшуді қамтамасыз eтiп, тарихи отандарына қайтып келгенің өзінде де мәселелер таусылмайды. Оған тұратын жерді анықтап беру керек. Қазақстан адам құқығының Декларациясы мен Конституциясы бойынша репатриант өзіне тұратын жер таңдап алуға құқығы жоқ.

Көші-қон және демография жөніндегі Агенттігі этникалық қазақтардың тарихи отанына қайтадан келуі жайында концепция жасады, оралмандар мәселелері жөнінде жоғары және шағын кеңестер құрылды, қоныстанушыларды орналастыру үшiн 70 миллион теңге бөлінді [13; 18].

Репатриация үрдісі Қазақстан азаматтығына оралмандарды қабылдауға нeгiзгi мәселені жаңа құқықтық коллизияны туғызады. Қазақстанға Монғолиядан этникалық қазақтардың негізгі ағыны 1990 жылдың екінші жартысында, мерзімі біткен еңбек келісім шартымен, 1991-1993 жж. келді Қазақстан заңы сияқты Монғолия заңдары екі азаматтықты қамтымайды, осы елден келген бірнеше оңдаган мың репатрианттар казіргі кезде Қазақстан азаматтығынсыз, тіркелу құжаттарынсыз, жұмыссыз қалды. Монғолиядан келген репатрианттарды «Халықтың көшіп-конуы туралы» Заңда анықтаған ұғым – «Оралман» мәртебесі бар, Репатрианттар – (оралмандар) тарихи отандарының шегінен шыққан, саяси репрессияның, заңсыз реквизицияньң, зорлықпен ұжымдастырудың, басқа да адамзатқа қарсы іс-әрекеттердің себебінен азаматтықтан айырылған, өз еркімен Қазақстан Республикасына көшіп келген жергілікті ұлттың адамдары. Бұл сонымен біpгe репатрианттардың (оралмандардың) ұрпақтарына да байланысты. Заңда сонымен бipгe жергілікті ұлт адамдарына міндетті түрде жатпайтын «Қашқын репатрианттар» ұғымы ашылды. Анықтауға сәйкес қашқын-репатрианттар-бұлар, кезінде саяси, ұлттық, діни және баска да себептермен қуғынға ұшырап зорлықпен және заңға қайшы Қазақстаннан қуылған және қазіргі кезде Қазақстан Республикасына қоныс аударуға мәжбүр болган адамдар немесе солардың ұрпақтары. Бұл мәселенің қиыншылығы мен бip мағыналы еместігін республиканың мемлекеттік органдарына құқықтық базасын жетілдіруге, халықаралық нормаға сәйкес «қашқындар туралы» Заңын қабылдауға, «Апатрид мертебесі туралы» БҰҰ конвенциясын бекітуге, ликвидация туралы Заң жобасын жетілдіруге немесе азаматсыздықты болдырмауға және ең бастысы Монғолия және Өзбекстан репатрианттарының азаматтығын қабылдауда және азаматтығы жоқ жағдайларға ескертулерде үнемі жігер қолданып отыруға мәжбур етеді. Бұл болмай тұрғанға дейін, халықаралық мекемелер, алдымен БҰҰ-ның УВКБ, соншама бip мағыналы емес жағдайында табылған абыржыған адамдардың әлпетін көрсетедi. Моңғол қазақтарының тарихи отанға қоныс аудару үрдісі тек қана ұйымдастырушылық және қаржылық киыншылыктардың құқықтық жетіспеушілігіне ғана байланысты емес. Жағдайдың бip мағыналық емес мәселесі саяси жалпақтыққа көшкенде үлкейеді. Халық санының аздығы (1998 жылы – 2,5 млн адам) мен оның тығыздығының төмендігі тән (1 кв мильге 4 адам немесе 1 кв км-ге 2,5 адам.) Монғолия, Қытай сияқты көршісінің демографиялық қысымын айтарлықтай сезіне отырып, өзінің ұлттық кауіпсіздігі мен мемлекеттік саясатында мүмкін қауіп-қатерді жоққа шығара алмайды.

Мамандардың айғағы бойынша, Монғолиядағы соңғы президенттік сайлау кезінде Моңғол азаматтығы бар этникалық қазақтар негізінде жұмыс icтeп тұрған президентке дауыс берді. Сондықтан мемлекетте болып жатқан саясат аз халқы мен үлкен аймағымен адал саяси компоненті бар халықтың үлкен тобын жоғалтқысы келмейді. Дегенмен Монғолия конституциясында азаматтардың еркіндікке карай жүру құқығы бекітілді, сондықтан Монғолиядан шыққан этникалық қазақтар туралы мәселе келе-келе шешіледі деп болжауға болады. Моңғолия қазақтарын көшіп-қондыру жағдайында талдау негізінде казіргі кезде Қазақстан – Монғолия қарым-қатынасындағы негізгі мәселе – Монғолия қазақтарының өз тарихи отандарына келу, Монғолиядан шығып Қазақстан азаматтығын алу мәселесі көшпенділердің жыл сайынғы келісім саны көшіп келуге ынтасы бар адамдардың нақты санымен Монғолия мен Қазақстан органдарымен, сонымен бipгe қабылдайтын жақтың техника – материалдық және басқа мүмкіндіктерімен бipгe келісуі керек. Қазақстан көшпенділердің көліктік шығындарын толығымен өздеріне міндеттеулері керек және оларға тұрғын үйді және ақшалай жәрдем ақыны қоса әлеуметтік – тұрмыстық жағдай жасау керек, Қазақстан Республикасы аймағында тұрғылықты тұруға орын алуға мүмкіндік беруге, көшіп келгендерді мамандықтары мен кәciптepi бойынша жұмысқа тұрғызуға, білім алуға жағдай жасауға, жаңа мамандық алуға, даярлықтан өтуге және басқа мамандыққа өтуге міндеттеме алады. Келісім шарт мәтініне кіретін репатрианттардың көшуін жеңілдететін кажетті жағдай екі жақ кедергіні өткізуге және қандай да бip кедендік салықтардың баж салығынан және басқа да көшпенділердің мүліктерін жекешелендіру құқығына жататын салықтарын, малды қоса, жеңілдік жасауға міндеттеме алады. Келісім шарттың ережесі көшпенділердің өзіне және аралас некенің жанұя мүшелеріне таратылған. 2001 жылы ақпан айында Қазақстан Республикасы мен Монғолия арасында нота алмасу түрінде жасалған 1994 жылы 2 желтоқсан күні Қазақстан Республикасына еңбек келісімі бойынша өз еркімен келген көшпенділер мен азаматтардың мәселесін реттеу жөнінде келісімі жасалды. Келісім нотаны ауыстыру кезінен күшіне енді, дегенмен ол туындалған мәселелерді шешуде ic жүзіне аспады. Оларды шешуге eкi жақтағы елдердің этникалық қазақтардың репатриация мен азаматтық мәселелерін eкi жақтама шешетін еш елдің екі жактың келісімі керек [14; 45].

Этникалық қазақтарды Қазақстан Республикасына – бұл қаржылық-экономикалық мүмкіндіктер мен республика мүдделерін, сондай-ақ халықаралық құқық нормаларын есепке ала отырып, ойластырылған тұрғыдан жетуді кажет ететін күрделі үрдіс. КСРО құлап, ТМД құрылғаннан бepгi уакыт ішінде көші-қон проблемаларына катысты бірнеше eкi жақты және көп жақты келісімдер мен меморандумдарға қол қойылды. Мәселен, Қазақстан мен Ресей арасындағы көші-қон аясын қоса алғандағы әлеуметтік-саяси және басқа салалардағы қатынастар 1992 жылғы 25 маусымда Мәскеуде президенттер Н.Ә. Назарбаев пен Б. Ельцин қол қойған «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы достық ынтымақтастық және өзара көмек туралы кeлiciмгe» негізделеді. Ресей Федерациясынан Қазақстанға қазақтардың иммиграциясы қазіргі уақытта тұрақты сипат алуда. Бұған Қазақстан республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы азаматтық алудың жеңілдетілген (тipкey) тәртібі туралы келісім көмектеседі.

Ресейдегі сияқты, Өзбекстанда ең көп мөлшерде қазақтар бар, олар негізінен экология апат аймақтарында, Арал жағалаулары мен Қызылқұм даласында тұрады. Өзбекстандағы Қазақстандық елшіліктің хабарламасы бойынша, 500 мыңға жуық этникалық қазақтар Қазақстанға қоныс ауыстыруға үміт артады. Оның ceбeптepi ішінде, экономикалық және экологиялық жағдайды былай қойғанда, кадрларды іріктеуде және балаларды ана (қазақ) тілінде оқыту мәселесінде өзбек өкiмeтi билеушілерінің кемсітушілік саясаты да айтылып жүр.

Ол жақтан көшіп жатқандардың саны мен екі ел үкiмeтi тарапынан жасалған келісімдер жөнінде бiз жоғарыда сөз еткен болатынбыз. Монғолиядан келгендер Өзбекстаннан келгендердегідей де азаматтықтары жоқ. 2001 жылдың 1 қаңтардағы мәлімет бойынша Өзбекстаннан 62,7 мың қазақ көшіп келген [81;19]. Моңғол қазақтарын туған отанына қайтару құқықтық негіздің жетімсіздігіне ғана емес, ұйымдық және қаржы қиыншылыктарына да байланысты. Ресми емес мәліметтерге көз жүгіртер болсақ олардың саны 100 мыңға жеткен.

Егер өткен 10 жыл ішінде қазақтардың бұрынғы ата мекеніне қайтару саясатының аралық нәтижелерін келтірсек, онда олар сондайлық карама-қайшылықты болып шығады. Бұл жылдары Қазақстанға 183 мыңға жуық қазақ келген, елден 100 мыңнан астам қазақ кеткен. 1997 жылы, статистика жөніндегі Агенттік мәліметтеріне сәйкес, Қазақстаннан кеткен этникалық қазақтар саны келушілер санынан асып түскен, бұл қазіргі Қазақстан тарихындағы теңдесі жоқ сұмдық факт. Осы кезеңде елді үш миллионнан астам адам тастап кетіп, бұл мемлекет пен қоғамға миллиардтаған ақшалай зиян келтірді.

Ата қонысқа оралту саясатын жүзеге асыру институттандырылған дамудан басқа, тікелей шетелдердегі этникалық қазақтар саны туралы мәліметтерді жинау мен талдау, шет елдерге барып, келіссөздер жүргізу, байланыстар орнату, халықаралық келісімдерге қол қою, нормативтік-құқықтық база жасау, қоныстанушыларды ұйымдастыру мен тұратын орынға алып келу, құжаттар дайындау, есепке алу, элементтік көмек көрсету, жұмысқа орналастыру және солар сияқты мәселелерді шешуді көздейді. Оралмандарды орналастыру мен жаңа орынға бейімдеуге зор көлемдегі мемлекеттік және халықаралық ұйымдар қаражаттары жұмсалды.

Мұнымен бipгe таяу арада шешуі қиын көптеген жаңа проблемалар, соның ішінде азаматтығы жоқ адамдар пайда болу қаупі. Этникалық және саяси «мақсатқа сай» орналастыру нәтижесінде екінші рет қоныстандыру үрдісі басталды, ол көші-қон үрдістері стихиялы және басқаруға болмайтын жағдайға келтіреді.

Қазақтарды бұрынғы ата қонысына кайтару саясаты жеткілікті қаржының ұйымдастыру және басқа ресурстардың болмауынан, мемлекет абыройына қолайсыз әсер етеді. Германия, Израиль сияқты басқа да елдер бұрынғы тарихи қонысқа оралту саясатын жүргізеді, бipaқ оны өздерінің экономикалық және қаржы мүмкіндіктерімен өлшемдейді. Бұл елдерде бұрынғы тарихи отанына қайта келу бағдарламасы мемлекеттік қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады. Бейімдеу мен интеграциялау жүйесі өмір сүреді де жетілдіріледі және ең бастысы, өкімет билігіндегілердің қоныстандыру бағдарламасын орындау жолындағы жауапкершілігі әрқашан сақталады. Қазақстан өкіметі тарапынан шет елдік қазақтарды жоспарлы түрде көшіріп әкелу жалғасуда. Aгенттік 2001-2015 жж. 100 мың отбасын немесе 500 мың қазақты көшіріп әкелу жөнінде квота жобасын жасады. Дегенмен, бұл жөнінде әлі де терең ойланып, бағдарламаны пicipiп алулары тиіс. Квотаны 500 мыңға жеткізу жөніндегі ұсынысты Агенттік төрайымы АҚШ-тағы қайғылы оқиғаға дейін жасаған. Mүмкін мұның арғы жағында Өзбекстаннан келетін потенциалды қоныстанушылар туралы айтылған болар. Қазіргі жағдай реалистік және ұтымды әдісті қалайды.

Келіп жатқан отандастарымыз жөніндегі мәліметтерді реттеу Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетіне және аумақтық басқармаларына жүктелген. Басқармалардың негізгі міндеттері мемлекеттік көші-қон саясатын Қазақстан Республикасындағы заңнамаларға сәйкес жүзеге асыру, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын ескере отырып бағдармалар әзірлеу, іске асыру. Оралмандарға қатысты барлық мәселелерді үйлестіру, олардың қоныс аударуына, атаулы көмек, әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін іс-шараларды жүзеге асыру. Оларды қарсы алу, қоныстандыру, заңнамалық түсініктемелер беу, оралман мәртебесін беру. Және оралмандарды уақытша орналастыру орталығына қабылдап, орналастыру, Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау мәселелеріне бағыт-бағдар беріп, жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып оларға тегін медициналыөқ көмек көрсету, балаларының мектепке баруын, жоғары оқу орнына дайындық курстарына қабылдауын қамтамасыз ететін тікелей жұмыстар атқарады.

Қазақтардың тарихи отанына оралуы халқымыздың сан жағынан өсуіне әсер етіп, демографиялық жағдайды жақсарта түсуде. Егеменді еліне оралып, азаматы атану, ата-жұрт топырағын түлету, елін көркейту оралмандардың басты арманы. Шетелден этникалық қазақтардың иммиграциясы халық санының артуына және жалпы сандағы байырғы халық үлесінің артуына септігін тигізері анық.


1.2. Репатрианттардың тарихи Отанына оралуы


КСРО-ның құлауы және Қазақстан Республикасының өз алдына тәуелсіз мемлекет аталып қалыптасуы тағдыр талқысымен шетелде қалған қазақтардың өзінің тарихи Отанына оралуына өз септігін тигізді.

Ендігі жерде Қазақстан репатриация проблемасымен тек 30 жылдан кейін ғана Егемендік алғаннан соң қақтығысты. Келісімшарт бойынша 1991 ж.
17 наурызда алғашқы 96 адам Талдықорған облысы Кербұлақ ауданына келіп, жұмысқа орналасады. Бұл келісім іс жүзінде 1990 жж. басталған қазақ көшіне сара жол ашылуына түрткі болған құжат болды [29; 46].

1991-1992 жж. Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылық өнеркәсіп кешені кәсіпорындарымен Монғолия мен Алтайдан келген 1024 отбасы қабылданған. 1993 ж. 15 сәуір айындағы №1184 «Иммиграция квотасы мен Иран Ислам Республикасы мен басқа да мемлекеттерден отандастарымыздың қоныс аударуын ұйымдастыру туралы» ҚР Президентінің Қаулысын жүзеге асыру жөніндегі 1993 жылдың 27 мамыр айындағы № 437 ҚР Министрлер Кабинетінің Қаулысы бойынша 1993 жылы Қызылорда облысына 250 отбасы бөлінген. Сондай-ақ Түркиядан 200 отбасы Қызылорда облысына қоныстану туралы өз еркін білдірген [34; 18]. 1993 ж. тамыз айының ортасында Ираннан 1686 адам оралған. Олар Оңтүстік Қазақстан мен Талдықорған облыстарында жайласты-рылған. Оңтүстік Қазақстан облысына – 950 адам, Талдықорған облысына – 756 адам орналастырылған. Олардың 60%-н 30 жасқа дейінгі жас буындағылар құраған. Келгендер негізінен Ауғанстанда тұрғандар, 1970-1980 жж. босқын болып Иранға келгендер. Иранда олардың негізінен солтүстік аудандарда Горган, Бендер-Түркмен қалаларында тұрғандар. Облыс әкімшіліктері тарапы-нан отандастарымызды жайластыру барысында тамақтандыру, әлеуметтік-тұрмыстық мәселелері қарастырылап, медициналық тексерістен өткізілген.

Шетелдегі қазақтардың жалпы саны 5,5 млн. адам болса, олардың негізгі бөлігі Қытай, Монғолия, Түркия, Иран сол сияқты Ресей мен Өзбекстанда және басқа елде де тұрады. 1991-1995 жылдар ішінде Республикаға 137919 адам келсе, оның жартысынан көбі 69819 адам немесе 5-6 % жақын шетелдерден негізінен алғанда Ресей, Украина, Тәжікстан, Балтық елдері мен Кавказдан көшіп келді. қазақтардың 49,4 % алыс шетелдерден келді. Монғолиядан ­61040, Ираннан – 4372, Түркиядан – 2007, Қытайдан – 443, Ауғанстаннан – 18 адам оралды.

1991-1994 жж. Монғолиядан Қазақстанға 10461 отбасы, 54201 адам қоныс аударды. Монғолиядан қоныс аударған қазақтар әрбір облысқа келген жанұя, адам санына қарай: Шығыс Қазақстан, Семей, Павлодар, Көкшетау, Жезқазған, Талдықорған, Ақмола, Алматы, Қостанай, Ақтюбе, Орал, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарына орналасқан. Осыған байланысты облыстарда көші-қон басқармалары құрылған [8, 155-156,160-бб].

1989-98 жж. тұрақты тұруға келген көшіп келушілердің айтарлықтай бөлігі ұрпақты болу жасындағы адамдар (65,9 %). Олардың ішіндегі ширақтары 15-19 жастағылар (52,7 %) [30; 49]. Республикадағы қазіргі көші-қон себептерінің ішінде басым рөл экономикалық факторларға тиесілі. Көші-қон легін қалыптастыруда әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың анықтаушы маңызы бар. Көшіп-қонушылар шоғырлануының үлкен деңгейі республикалық экономикалық дамыған өңірлерінде және қалаларда байқалады. 1999 ж. көшіп келу квотасына сәйкес ұйымдасқан түрде: Пәкістаннан – 95 отбасы (419 адам), Түркиядан – 32 отбасы (147 адам), Монғолиядан 50 отбасы (195 адам), Иран Ислам Республикасынан – 18 отбасы (65 адам) көшіріліп әкелінді; өз бетінше ҚХР-нан - 20 отбасы (105 адам), Тәжікстанан – 10 отбасы (49 адам), Өзбекстанан – 45 отбасы (226 адам), Ауғанстаннан – 10 отбасы (59 адам) көшіп келді. Көшіп келу квотасына сәйкес оралмандардың отағасына 15 еселенген есептік көрсеткіш мөлшерінде, отбасының әрбір мүшесіне 10 еселенген есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолға жәрдемақы төленді. Келген кезде барлық оралмандар тегін медициналық тексеруден өткізіліп, оларға қажетті көмек көрсетілді. Көбіне Қытай, Иран, Ауғанстаннан келген қазақтардың орыс тілін білмеуі олардың Қазақстан жерінде тез сіңісіп кетуіне кедергі жасайтын себептердің бірі [34; 23].

1993-2002 жж. аралығында Қытайдан Қазақстанға 856 отбасы (3331 адам) қандастарымыз оралған. Қытайдан келген оралмандардың көші-коны мен интеграциясы жолындағы кедергілерді талдау барысында мына факторларды атауға болады: құжаттарды дер кезінде реттеп, алудағы қиындықтар, экономикалық проблемаларға байланысты бейімделу күрделілігі, тіл мен мәдени алшақтықтар. Қытайдың ішкі аймақтарынан тұрғылықты халықтардың Шыңжанға қоныстануының көбеюі, қазақтардың біртіндеп ассимиляцияға ұшырау қаупін күшейте түсуде. Шыңжан қазақтарының тарихи отанына оралуының қазіргі кезде бәсеңсуі, екі ел арасындағы азаматтық алу мен орнықталуда кездесетін қиыншылықтар, сондай-ақ алғашқы келген оралман-дардың бейімделу кезеңінің кейбір сәтсіздіктері де әсер етуде.

1991-2001 жж. шетелдерден 52487 отбасы – 215224 қазақ көшіп келіп, қатарымызға қосылған. 2003 жылы квота бойынша Қазақстанға 5 мың отбасы; Өзбекстаннан – 4096, Түркіменстаннан – 91, Қырғызстаннан – 10, Тәжікстаннан – 10 отбасы көшіріп алынды. Бір жылда осы мақсатқа бюджет қаржысынан бір миллиард теңгеден артық бөлініп оның 768 миллионы баспана алуға, әлеуметтік және транспортқа – 358 миллион жұмсалды.

Көші-қон және демография агенттігінің мәліметтері бойынша 1991-2006 жж. арасындағы шет елдерден келген оралмандардың жалпы саны 143343 жанұя (565757 адам). Мемлекет оралмандарға қажетті әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетіп келеді. Қазіргі уақытта біржолғы жәрдемақыны, тұрғын үй алуға берілетін қаражатты, жол ақысы және жүк тасымалдау шығыстарының өтеміне берілетін қаржыны ескергенде, орта есеппен 5 адамнан тұратын әрбір отбасына 833 мың теңге қаражат бөлінеді. Елімізде 14 оралмандарды уақытша орналастыру орталықтары жұмыс істейді. 2008 жылдан бастап Қарағанды, Шымкент қалаларында және Оңтүстік Қазақстан облысының Ақсукент ауылында оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталықтары жұмыс істей бастады. Орталықтарда іске асырылатын бейімдеу бағдарламалары құқықтық мәселелер бойынша консультация беруді, мемлекеттік тілді, оралманның қалауы бойынша – орыс тілін оқытуды, кәсіби даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды көздейді. Шеттен келген отандастарымызды өздерінің ата-қонысына дұрыс орналастырған жөн және өз қара шаңырағына қайтқан бауырластарымыздың ата кәсіпке, ұлттық дәстүрге, дін мен тілге бейімділігін орынды пайдалана білсек, өз Отанына қайтқан репатрианттардың Қазақстанға құт-береке алып келері сөзсіз.

Қазақтардың Қазақстан Республикасына оралуына байланысты бастаманы ең алғаш көтерген Елбасымыз болатын. 1992 жылы қыркүйекте Алматыда өткен дүниежүзі қазақтарының Бірінші құрылтайында өз қандастарына елге оралу ұсынысын жариялаған еді [5;11].

Бірінші Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы 1992 жылғы 28 қырқүйек пен 3 қазан аралығында Алматы қаласында өтті. Құрылтайдың басты мақсаты – бүкіл әлемдегі қазақ қауымының болашағы жөнінде ойлау, ұлтымыздың тарихын-дағы осынау ерекше белестің тұсында ендігі тағдыр-талайымыздың қалай өрілетінін талқылау. Құрылтай барысында әлем қазақтарының ұйытқысы болатын қауымдастық құрылды [30;18]. Ең бастысы – тұңғыш Құрылтай алыстағы ағайынның елге оралатын ұлы көшіне қозғау салып берді.

2002 ж. қазанның 23-інде Түркістан қаласында Дүниежүзі қазақтарының 2 Құрылтайы өткізілді. Қалай көшіп келу, білім алу, еңбек ету мәселелері қаралды. Қазақстанға 2 млн. қазақ көшіп келуге дайын отырған. Дүниежүзі қазақтарының 3 Құрылтайы 2005 ж. 28-30 қырқүйек аралығында Астана қаласында өткізілді. Бұл құрылтайда Елбасы Н.Ә. Назарбаев 1991 ж. бастап 2005 ж. шілде айына дейін елімізге барлығы 110 мың 591 оралмандар отбасы қоныс аударғандығын айта келіп, еліміздегі қазақтардың саны алты жүз мыңға жуық адамға көбейгендігін атап өтті. Елбасы тағы бір тоқталған мәселесі: әлемдегі әрбір үшінші қазақ шет елдерде тұрады. Сондықтан олардың бәрін бір мезгілде туған Отанына көшіруге мүмкіндік жоқ екенін ашық айтып, шет елдерден жайлы қоныс, сыйлы кәсіп пен қадір-құрмет көріп отырған қандастарымызға екі ел арасын жалғастыратын алтын көпір ретінде жылы орындарымызды суытпаймыз деген ағайынның да пайдасы мол деген ойын айтты. Ал олардың балаларының атамекенге келіп, білім алып, туған Қазақстанды бірге түлетуіне барлық жағдай жасалғандығын атап өтті. Бұл Құрылтай іскерлік бағытта өтті.

Қазақстан Республикасының егемендік алып, алғаш рет демографиялық саясатын өзі қалыптастыра бастауының тұңғыш кепілі – 1992 ж. 26 маусымда қабылданған «Иммиграция туралы» Заң [30; 19]. Бұл заң бойынша әрбір жылға иммиграция квотасы белгіленіп отырды. Онда иммиграция түрі мен сандық мөлшері белгіленіп, қай елден келетіндіктері, оларды қабылдауға қажетті материалдық-қаржылық ресурстар, орналастыру мен ортаға бейімдеу, олар мекендейтін аймақтар мен оларды еңбеккке орналастыратын шаруашылық типтері көрсетілді. Ұлттық диаспораға және оны жаңа орынға орналастыруға қамқорлық көрсету Үкімет пен көші-қон департаменті, жергілікті әкімшілік органдарына жүктелді. Осы Заңның күшімен 1991 ж. 1998 жылдар аралығында елімізге 200 мыңдай оралман-репатрианттар көшіп келді.

1997 ж. 13 желтоқсанында қабылданған «Халықтың көші-қон» туралы заңдары көші-қон саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеп, көші-қон үрдісінің құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгіледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 ж. 16 қыркүйектегі № 900 қаулысы-мен этникалық қазақтардың тарихи отанына оралуы тұжырымдамасы бекітілді. Бұл тұжырымдама этникалық қазақтардың тарихи отанына оралуы жөніндегі шараларды әзірлеуде басшылыққа алынады. Тұжырымдаманың негізгі мақсаты этникалық қазақтардың тарихи отанына оралуының нақты тетіктерін жасау, оның ішінде оларды ұйымдасқан түрде көшіру және орналасқан жерінде өмір сүруіне жағдай туғызу болып табылады [34; 101].

Дүние жүзінде шашырап жүрген отандастарымызды біртұтас Қазақ мемлекетіне топтастыруды шешудің құқықтық негіздері: Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияда; Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық Заңда; Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы Заңда; Қазақстан Республикасының көшіп келу туралы Заңында; Біріккен Ұлттар ұйымының «Босқындар туралы» жарғысында және басқа да халықаралық хұқықтық құжаттарда айтылған. ҚР Президентінің № 1346 2000 ж. 5 қырқүйегінде Үкімімен бекітілген Қазақстан Республикасының миграциялық саясатының тұжырымдамасы қабылданды. 2001-2010 жж. бекітілген көші-қон саясатының салалық Бағдарламасы ҚР үкіметінің 2001 ж. 29 қазанда № 1371 Қаулысымен бегітілген болатын. Бұл Бағдарламаның мақсаты еліміздің бірқалыпты әлеуметтік-экономикалық, демографиялық дамуын қамтамасыз етумен қатар, мигранттардың құқықтары-ның орындалуына жағдай жасау, сондай-ақ еліміздің қауіпсіздігін арттыру болып табылады. Репатриация тәуелсіз құқықтық мемлекеттің қалыптасу жағдайына, саяси және әлеуметтік-экономикалық мазмұнына ие бола отырып сыртқы миграцияның маңызды құраушысы болып табылады. Қазақстан Республикасы өзінің сыртқы көші-қон саясатын халықаралық құқықтың көпшілік мойындаған үрдістерін негізге ала отырып, мемлекет пен халық мүддесіне сәйкес жүргізіп келеді.































  1. Қытай мен Монғолия РЕПАТРИАНТТАРЫНЫҢ

отбасылық, ішкі отбасындағы жалпы және

ерекше қарым – қатынастары





2.1. Отбасының түрі мен құрылымы



Отбасы – адамның тұлға болып қалыптасуының іргетасының рухани негізі. «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің» демекші, қазақ халқы отбасын өмірдің басты тұтқасы ретінде қадір тұтады. Отбасы ұғымына әр саланың ғалымдары әртүрлі анықтама беруге тырысады. Ғалымдардың бір тобы отбасы – бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы десе [74; 208], екінші тобы балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді кажеттіліктерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан қауым жиынтығы деп анықтама береді [17;31]. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Отбасында сәби алғаш рет өмір жолымен танысады, моральдық нормалардың барлық түрін игереді. Сондықтан да отбасылық өмір – жеке адамның азамат болып өсуінің басты негізі болып табылады. Отбасы ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді. Сол себепті ол адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.

Отбасы, жанұя, үйелмен, семья деген атаулар бір мағынаны береді. 
Мәселен, «Отбасы – семья, үй деген сөздің синонимі» [83; 615], яғни бір оттың (ошақтың) басында өмір сүріп жатқан қандас туыстар.
  «Жанұя – өмірдегі туысқандық қарым – қатынастық ортақ белгісі» [84, 43]. Жоғарыда отбасы түсінігіне берілген анықтамалардан мынадай қорытынды жасауға болады: адамның өз өмірінің негізгі кезеңдерін бастан кешіретін кіші әлеуметтік топ. Отбасындағы әрбір адам өмірінің онымен тығыз байланыстылығы сонша, ол әрбір отбасы мүшесінің дамуына шешуші әсер етеді.  Отбасы қоғамдық қатынастар мен процестердің алуан түрлі формалары біртұтас болып ұштасатын комплексті әлеуметтік құбылыс. Сондықтан да отбасыға объективтік тұрғыдан ғылыми зерттеу жүргізу оңай емес. Жеке адам мен қоғам үшін отбасының маңызы, атқаратын қызметі алуан түрлі болғандықтан оны зерттеуші қоғамдық ғылымдар да көп. Бұл мәселеге ғылымдардың әрқайсысы өз анықтамасын беруге тырысады.  Әлеуметтану ғылымы оны былай анықтайды: отбасы дегеніміз – тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік топ, оның жалпы белгілері – бөтен адаммен жыныстық байланыс орнату, туысқандық қатынастар жүйесі, адамның жеке-дара адамгершілік сапаларын қалыптастырып дамыту, белгілі бір экономикалық қызметті іске асыру [84; 141].  Отбасы еркек пен әйелдің табиғи физиологиялық және басқа қажеттерін (рухани, этикалық, эстетикалық, т.б. қажеттерін) өтеп, ұрпақ өсіру арқылы қоғамды қалпына келтіре дамытушы әлеуметтік топ болып табылады.  Отбасының жоғарыда келтірілген анықтамасы бойынша, ол отбасындағы қатынастар, отбасының құрылымы мен формасы тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік топ. Отбасы ұсақ (кіші) топ ретінде мынадай негізгі міндеттерді жүзеге асырады: 

репродуктивтік (бала туу арқылы қоғамды алдыға жылжыту); 

экономикалық (өндіру және пайдалану, тұтыну); 

  • қорғаныстық қызметі (отбасы мүшелерінің денсаулығына, материалдық

  • игіліктермен қамтамасыз етілуіне, қауіп-қатерден қорғалуына қамқорлық жасау); 

  • балаларды оқыту және тәрбиелеу; 

  • эмоциялық (ерлі-зайыптылардың бірін-бірі сүюі); 

  • әлеуметтендіру қызметі (балаларды қоғамдық тәртіпке, биязы мінез-құлыққа т.б. баулу) .

Отбасының өзінің тарихи өзгерісіне байланысты бұл функциялардың арақатынасы да өзгеріп отырады. Отбасының формасы мен атқаратын міндеттерінің (функциясының) өзгеруі, сайып келгенде, өндіргіш күштердің дамуына, яғни адамның шығу тегін айқындайтын элементтердің дамуына байланысты болады. Бұл жөнінде Ф. Энгельс өзінің «Отбасының, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы» деген еңбегінің кіріспесінде былай деп жазды: «Қоғамның материалистік ұғымына сәйкес тарихтағы шешуші күш сайып келгенде өмірді тікелей өндіру және ұдайы өндіру болып табылады. Алайда, өндіріс те екі түрлі болады. Бірінші жағынан – тіршілік қажеттерін: азық-түлік, киім-кешек, баспана және бұларды өндіру үшін қажетті құралдар өндіру;  Екінші жағынан – адамның өзін өндіру, ұрпақты өсіру. Белгілі тарихи дәуірде және белгілі бір елде өмір сүретін адамдардың қоғамдық қатынастары өндірістің осы екі түрімен: бір жағынан, еңбектің, екінші жағынан, семьяның даму дәрежесімен анықталады…» [85; 59].  Қазір қоғамдағы отбасы кіші әлеуметтік топ қана емес, ол сондай-ақ құқықтық институт та болып табылады. Құқықтық институт ретінде отбасы – туысқандық және некелік қатынастар арқылы өзара байланысты адамдар тобы. Оларға тиісті құқықтық нормаларға сәйкес белгілі бір құқықтар мен міндеттер берілген. Отбасының өзіндік тарихи даму формалары бар. Мәселен, адамдардың өндіріс тәсіліне сәйкес отбасы да әлеуметтік топ ретінде тарихи дамып отырады. 

Отбасы деген не? Оның мәні неде? Қоғамда қандай рөл атқарады? Осы сұрақтарды жан-жақты қарастырып, шешуде ежелгі грек ойшылы Платон «Адамдар отбасын құру үшін болашақ өмірдегі серігінің қандай отбасынан шыққанын, оның әке-шешесі мен ата-бабаларын жақсы білуі қажет» [86; 52] деген екен. Ал, Аристотель болса, «отбасы адамдардың қарым-қатынастарының ең бірінші түрі және ол мемлекеттің бірінші кішігірім бөлігі» деп санаған [86; 54]. Классикалық неміс философиясының өкілі Кант отбасы мәселесін қарастыра отырып, ондағы адамдардың құқықтық мәселелеріне көп көңіл бөлген. Фихте отбасының негізі – махаббат десе [86; 56], Гегель бірінші болып отбасы мен некенің тарихи формаларын көрсеткен [86; 58].  1877 жылы шыққан «Ежелгі қоғам» [87; 49] атты кітабында Л. Морган отбасының тарихын, оның некелі қарым-қатынасын, экономикалық, әлеуметтік дамуын және қызметін қарастырған [87; 49]. Одан кейінгі уақыттарда отбасы туралы марксистер де жазды. Соның бірі – Ф. Энгельстің 1884 жылы шыққан «Отбасының, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы» атты еңбегі [88;48]. Мұнда Ф. Энгельс жанұяны тарихи категория ретінде қарастырып, оның формаларының байланысын, даму жолдарын көрсетті.  ғасырдағы Француз ағартушысы Ж.Ж. Руссо, швейцарлық И.Г. Песталоцци, орыс педагогтары К.Д. Ушинский, Н.К. Крупская, А.С. Макаренко,т.б.өз еңбектерінде отбасы тәрбиесін қарастырған [89; 53].  Отбасындағы тәрбие мәселесін көптеген әлеуметтану, философия, психология, педагогика, демография, құқық, әдептану, тарих, т.б. ғылымдардың қарастыруына байланысты көптеген анықтамаларды кезіктіруге болады. Философиялық тұрғыда «отбасы» – қоғамның ажырамас құрамды, өмірде зор мәні бар кішігірім ұйымы деп санаса, әлеуметтану ғыымында отбасы – некеде және қандас туыстар негізінде құрылған кішігірім топ деп берілген. Оның мүшелері бір-бірімен тұрмыстық, моральдық жауапкершілік, өзара жәрдем көрсету қарым-қатынаста болып, әлеуметтік құрылыс ретінде қоғамның экономикалық базисінің дамуына байланысты өзгертіп, жекелей дербестікте болады деп көрсетеді. Ал, педагогикалық – психологиялық тұрғыда отбасы – ата-ана мен балалар арасындағы, ерлі-зайыптылардың және басқа да отбасы мүшелерінің қарым-қатынасының тарихи нақты жүйесі болып табылады [90; 18]. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «Отбасы» – өзіне, «неке мен қандас туысқа негізделген шағын топ» [91;54] деп анықтама берілген. Оның ерекшелігі- тұрмыстың ортақтығы, өзара көмек және рухани жауапкершілік арқылы байланысқан. Қоғаммен, бүкіл қоғамдық қатынастардың жүйесімен тығыз байланыста бола тұрса да, отбасы - қоғамдық өмірге қарағанда адамдардың белгілі дәрежедегі дербес сырлас тобы.  Отбасы өмірі материалдық және рухани үрдістермен сипатталады. Табиғи-биологиялық және шаруашылық тұтыну қатынастары оның материалдық жағын құраса, рухани жағын құқықтық, адамгершілік және психологиялық қатынастар құрайды. Отбасы мәселелері ТМД елдерінің ғалымдары В.И. Зацепин, В.Д. Цимбалюк, Г.К. Матвеев , Ю.И. Семенов, Н.Е. Соловьев, А. Г. Хрипкова, З. Я. Янкова, ал Қазақстанда С.Қалиев, М. Жарықбаев, Ж.Б. Қоянбаев, К. Бейсенбиева, М. Тажин, Б. Аяғанова секілді ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған [91;26]. Бұл ғалымдардың тұжырымдамалары бойынша отбасы – адамдардың, яғни некелік негізде қосылған еркек пен әйелдің, олардың туған немесе тумаған балаларының, кей кезде басқа да бірге тұратын жақын адамдарының қарым-қатынастық, бірлестік формасы. Авторлардың ойынша бұл анықтама барлық отбасының кез келген даму кезеңдерінің мәні мен сипаттарын қарастырады. Дүниежүзіндегі әрбір халықтың өзіне тән отбасы тарихы бар. Сол сияқты, қазақ отбасы да өзіне тән ерекшеліктермен сипатталады. Қазақтың отбасы мәселесіне байланысты бұрын-соңғы жазылып, кезінде баспа жүзін көрген үлкенді-кішілі ғылыми мақалалар мен монографиялық еңбектер, әдеттік құқық туралы жинақтар мен қазақтың ауыз әдебиеті – фольклор деректері де көптеп табылады. Мәселен, орта ғасырлық ғұлама ойшылдар Сағди, Науаи, Кей Каустың отбасы мәселесі төңірегінде айтқан құнды пікірлерінің баға жетпес еңбек екендігіне ешқандай күмән жоқ. Мұнда отбасында балаларды тәрбиелеуге маңыз беріледі. Отбасындағы тәрбие әміршілдік қағидаларға негізделіп, ата-ананың балаға деген қатынасын анықтайды. Отбасының бірлігі оның мүшелерінің бір-біріне адамгершілік, экономикалық, құқықтық т.с.с. өзара жауапкершіліктеріне, түсініктеріне, сонымен қатар эмоцианалдық (сезімдік) жақындықтарына негізделеді. Бір жағынан отбасы – адамдардың өзінің ішкі өмірін, құпияларын, сырларын, қарсы тұрған сыртқы әсерлерден қызғанышпен қорғайтын тұйық бірлестік. Егер отбасының ішкі өмірін қоғамға ашық етсе, онда ол бірден ыдырап, күйзеліске ұшырауы мүмкін, ал екінші жағынан, отбасы адамдардың қоршаған ортаға, қоғамға ашық, айқын бірлестігі. Мұндай отбасыда өз мәселелері қоғам мәселелерімен қатар қарастырылып, шешімі де ыдырамайды. Керісінше, отбасының дамуына қауіпсіздік және сақтану сезімдерін қамтамасыз ететін мүмкіндік туғызады.  Қандай да тұйық, жабық отбасы болғанымен ол қоғамсыз өмір сүре алмайды. Өйткені оның мүшелері жан-жақты әлеуметтік топтарға, яғни өндірістік, оқу ұжымдарына, балалар ұйымдарына, қоғамдық ұйымдарға, сонымен қатар сауда, денсаулық орындарына қатысты, ондағы адамдармен тығыз байланыста болады. Сонымен қатар отбасы қоғамдық қарым-қатынасқа оның барлық өмірінің үрдісіне ықпалын тигізе алады. Отбасы адамдарға қажеттілігін қанағаттандырып қана қоймай, бірқатар әлеуметтік функциялар орындалып, қоғамның әлеуметтік құрылымы, бір элементі болып табылады. Отбасы мүшелелері бір-бірімен тығыз байланыста, ерекше жанашырлық, сүйіспеншілік сезімде болады. Олар бір-бірінің өміріне, тағдырына елеулі ат салыса алады. Бұл жерде бір немесе бірнеше ұрпақ отбасы болып іріктелінеді. Екі ұрпақты отбасында: әйелі мен ерінің, әке мен шешенің, балалардың, ағалардың және қарындас, сіңлілердің рөлі негізделеді. Ал, үш ұрпақтық отбасыда ата мен әженің, ене мен атаның, күйеу бала мен келіннің, қайындар мен балдыздардың рөлі қосылады. Отбасындағы ата мен баланың қарым-қатынасына ешкімнің күмәні жоқ. Ана баланы өмірге әкеледі, ақ сүтімен тамақтандырып, әлдилейді, өсіреді. Ал, әке мен бала арасындағы қарым-қатынасқа әртүрлі көзқарастар мен тұжырымдар бар. Біреулер-балаға әкесі әйелі арқылы байланысады десе, екіншілері әке мен баланың байланысы тек экономикалық және эмоционалдық көмекте дейді, ал үшіншілері «Әкенің баласына деген ниеті, жасаған жақсылығы – олардың анасын сүюі» деген ойда. Қалай болса да әкенің рөлі ананың рөлінен кем болмауы керек. Ол тек әр адамның жауапкершілік сезіміне байланысты болады. Ғалым-педагогтар мен психологтардың ойынша балаға әке-шешесінің қарым-қатынасы мен олардың берген тәрбиесіне жететін өмір жоқ. Балалардың дұрыс қалыптасуы олардың отбасындағы сүйіспеншілік, кішіпейілділік, сыйластық, жауапкершілік, қайырымдылық, сезімталдық, т.б. адамгершілік қасиеттерінің даму негізіне байланысты болады. Сонымен отбасының өзіндік даму тарихы бар.

Отбасы – кішігірім мемлекет, әлеуметтік топ. Ол алғашқы адам баласы пайда болған кезеңнен бері қарай дамуда. Ертеде отбасын құру – күнкөріс қамынан, ерлі-зайып қатынасынан, ұрпақ әкелуден туындаған. Бүгінде отбасыға мынадай анықтама беруге болады: қазіргі заманғы отбасы – ерлі-зайыпты екі адамның арасындағы некеге құрылған негізгі әлеуметтік топ, отбасыға сонымен бірге ұрпақтары (ұл-қыздары) да кіреді. Отбасының функциясы бала тауып, тәрбиелеп өсіру, ерлі-зайыптылардың жыныстық, эмоциялық сезімдерін және басқа (әлеуметтік, экономикалық) қажеттерін өтеу. Отбасы нақты қоғамда өмір сүреді, сондықтан отбасының жалпы сыйпатымен қатар өзі өмір сүретін қоғамдық қатынастардың мазмұнына сәйкес ерекше белгілері де болатыны түсінікті.

Заңдық мағынасында отбасы дегеніміз – бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзгеде нысандарынан туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік және мүлікке катысты емес жекебастың құқықтарымен байланыскан адамдар тобы. Отбасы-неке қатынасын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңы болып табылады [92]. Адамдар арасында некеден, туыстықтан, бала асырап алудан, отбасына тәрбиелеу үшін бала алудан туындайтын жанұялық қатынастар туындайды. Отбасындағы қатынастардың бәрі бірдей тек қана заңдық тұрғыда реттеле бермейді. Отбасындағы қатынастар негізінен, адамгершілік, игілік-өнегелік сынды гуманистік қасиеттер негізінде орындалады. Отбасылық тұрақтылыққа өзара кұрмет, сүйіспеншілік, қамқорлық және имандылық қолдау қажет. Сондай-ақ отбасылык өмір қалыбы, көбінесе ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға, атап айтқанда үлкендерді қадірлеу, отбасын қамтамасыз ету оның басшысы ретінде толықтай ер адамға жүктеледі, туысқандарды қадірлеп, құрметтеуге сүйенеді. Отбасының ішкі мәселелері отбасы мүшелерінің өзара келісімі бойынша шешіледі. Заңдық негіз отбасылық қатынастар бұзылганда қажет. Отбасының толық және толық емес түрлері болады. Толық отбасында ата-анасы, балалары және әдетте, әкесі жағынан да және шешесі жағынан да аға ұрпақ өкілдері – атасы мен әжесі болады. Толық емес отбасы балалардың ата-анасының біреуінің ғана болуымен сипатталады. Отбасының заңдық белгілеріне мыналар жатады: адамдардың неке немесе туыстық негізде бірігуі; өзара имандылық және материалдық қолдау; бала туу және оларды тәрбиелеу; өзара жекебасындық және мүліктік құқықтар. Бір негізден немесе бір ортақ атадан тарайтын адамдардың қандастық-кіндіктестік байланысы, туыстық деп түсініледі.

Отбасының тарихи дамуының ғылыми-материалистік теориясына сүйене отырып, американдық ғалым Льюис Морганның этнологиялық зерттеулерін пайдалануға болады: ол ұзақ уақыт бойы солтүстік американдық үндістердің Сенека тайпасында тұрып, жүргізген байқауларын, атап айтқанда, олардың туысқандық және отбасылық қатынастарына жасаған зерттеулерінің нәтижелерін пайдаланды. Л. Морганның зерттеулеріне негізделген жорамал бойынша, адамзат қоғамы тарихының бастапқы кезеңінде адамдар арасындағы жыныстық қатынастарға ешқандай шек қойылмаған – үлкендер мен жастар, балалары мен ата-аналары қатынаса берген. Бұл жабайы не жартылай жабайы кез болатын. Морганның және басқа зерттеушілердің дәлелдеуіне қарағанда, отбасылық қатынас промискуитет деп аталатын бұл кезеңнен кейін бір қандастар отбасы, снидиасмикалық отбасы және моногамиялық отбасы кезеңдерінен өткен. Бір қандастар отбасы топтық некеге негізделеді, мұнда жыныстық қатынастар тек бір ұрпаққа жататындар арасында ғана рұқсат етіледі. Бір ұрпаққа жататындардың бәрі, яғни аға-інілер мен апа-қарындастар туысқандығына қарамастан бір отбасын құрған. Мұндай семья эндогамиялық (жақын туыстар арасындағы жыныстық қосылу дегенді білдіреді) топ болады, өйткені оған бір руға немесе тайпаға жататындар кіреді. Қазіргі кезде мұндай отбасылар жоқ, бірақ кейбір халықтарда ағайынды екі адамның балаларының үйлену фактілері кездеседі (өзбектер, арабтар т.б.).

Бұдан кейін біртіндеп эндогамиялық принцип экзогамиялық принциппен, яғни руаралық некелесу формасымен ауысады. Бір рудың бір топ қыздары (апалы-сіңлілер) басқа рудың бір топ туысқан жігіттеріне шығатын болған. Бұл бір әйел мен бір еркектен тұратын отбасына көшудің алғашқы қадамы болды.  Бір еркек пен бір әйелден тұратын моногамиялық отбасыға өтудің тарихи типі синдиасмикалық отбасы болды – ол жабайылықтан варварлыққа өту кезеңінде пайда болды, ал полигамиялық (көп әйел алу формасында) тек еркектердің ғана еркіне тиді. Отбасының бұл формасында баланың шын биологиялық әкесі белгілі болатын болды да, мұның өзі рулық қоғамның ыдырап, жеке меншіктің, қосымша өнімнің шығуына, сөйтіп моногамиялық отбасының тууына жағдай жасады. Моногамиялық отбасы патриархалды қатынастарға негізделгендіктен отбасы басшысы еркек болды, отбасының ажырасуы да еркектің ғана еркімен болатын болды. 

Қазіргі заманғы отбасының негізгі типтері өзгеше. Қазіргі заманда бір типті отбасы жоқ. Отбасылық қатынастардың формалары түрліше болуының себебі, белгілі бір қоғамның даму дәрежесімен және ондағы қоғамдық қатынастардың сипатымен анықталады. Қазіргі кезде отбасының типтері мыналар: тотемдік қауым (ру), патриархалды туыс топ, патриархалды отбасы және жеке отбасы. Тотемдік ру біздің заманымызда әлі де болса кездесетін ең көне отбасы формаларына жатады. Мұндай отбасылар Австралиядағы кейбір тайпаларда кездеседі. Ру мүшелерінің жеке-дара есімі болмайды екен, бәрінің ортақ есімі болады. Мұндай отбасындағы неке жеке болмайды, жалпы (ортақ) болады екен, баланың әкесін анықтау мүмкін емес, бала шешесінің есімімен аталады. Мұндай отбасы кейбір көшпелі тайпаларда кездесді. Патриархалдық туыстар тобы (туыстық отбасы) өткен замандарда үндіеуропалық халықтардың бәрінде болған, ал кейбір халықтарда қазір де бар. Бұларда бірнеше ұрпақ бірге тұрады, есімдері де жалпы болады. Бұл ұрпаққа жататын отбасы мүшелерінің бәрі туысқан аға-іні және апалы-сіңілі болып табылады.

Отбасының басшысы біреу – ол отбасының атасы болады. Ұрпақтардың шығу тегіне қарай бұл отбасы матриархалды немесе патриархалды отбасы болды. Біріншісі – отбасының ең көне түрі. Мұнда бір әйелдің көп күйеуі болуы жиі кездеседі. Мұндай отбасы тибеттіктерде және Оңтүстік Үндістанда тұратын тода деген халықта кездеседі. Патриархалды отбасының басшысы – еркек. Сондай-ақ баланың тегі бір мезгілде әке жағынан да, шеше жағынан да анықталатын екі жақты отбасы да кездеседі. Бұл жеке отбасының түріне өтетін өтпелі форма болып табылады. Моногамиядағы патриархалды отбасында отбасы басшысы мүліктің бірден-бір иесі болып саналады. Бұл - жеке меншіктің шығуына байланысты болған отбасылық қатынас. Бұл отбасының мүшесі – ері (құқықтың бәрі ер адамдікі), әйелі, ұлдары (әкесі өлгенше), қыздары (тұрмысқа шығып кеткенше).

Жеке отбасы – бүгін таңда дүниеде ең кең тараған отбасының түрі. Бұл отбасы енді тек әлеуметтік топ қана емес, сондай-ақ заң жүзінде бекітілген топ. Қорыта келгенде, отбасыға мынадай анықтама беруге болады: қазіргі заманғы отбасы – ерлі-зайыпты екі адамның арасындағы некеге құрылған негізгі әлеуметтік топ, отбасыға сонымен бірге ұрпақтары (ұл-қыздары) да кіреді. Отбасының функциясы – бала тауып, тәрбиелеп өсіру, ерлі-зайыптылардың жыныстық, эмоциялық сезімдерін және басқа (әлеуметтік, экономикалық) қажеттерін өтеу. Отбасы нақты қоғамда өмір сүреді, сондықтан отбасының жалпы сипатымен қатар өзі өмір сүретін қоғамдық қатынастардың мазмұнына сәйкес ерекше белгілері де болатыны түсінікті. Әр елдің, ұлттың отбасын құру жолдары әртүрлі. Соған байланысты бала тәрбиесі де ерекше.

Отбасы тәрбиесі өмір өзгерісіне ұшырап отырады. Мәселен, қазақтың ертедегі, кеңес заманындағы және бүгінгі бала тәрбиесіндегі өзгешіліктер осындай.

Қазақстан Республикасының 1991 жылы тәуелсіздік алуы, әлемдік деңгейде егеменді ел ретінде айқын танылуы, сондай-ақ президенттік басқару нысанындағы демократиялық мемлекеттік және жаңа азаматтық қоғамның тууы, нарықтық қатынастар жүйесіне көшуі, объективті қажеттіліктерге байланысты болып отырғаны қоғамдық сананың түбегейлі өзгерістер шеңберін кеңейтті. 
Отбасында адам өмірге келеді, тәй-тәйлап басады, бірінші қуанышы мен қиындығын кездестіреді, өседі, өнеді, одан үлкен өмірге аттанады. Осы жерде көптеген сұрақтар туындайды.
Отбасының материалдық жағын табиғи биологиялық және шаруашылық-тұтыну қатынастары құрастырады, рухани жағын – құқықтық, адамгершілік және психологиялық қатынастар құрайды. Дәстүрлі дүниетаным бойынша күнделікті отбасылық тіршілік ырғағының қалпы қоршаған ортаның үйлесімділік немесе үйлесімсіздік жағдайларына, әдет-ғұрыптарына, салт-дәстүрлеріне, діни наным-сенімдеріне байланысты болды. Тіршілік циклі салт-жоралғыларының әрқайсысының ішкі құрылымдық принциптері мен атқарылу тәсілдері әртүрлі болды, бірақ түпкі мақсаттары бір – ол отбасылық және қоғамдық қатынастардың, материалдық және рухани жағдайлардың, экономикалық іс-әрекеттердің принциптерін сақтау болды.


2.2 Ішкі отбасындағы қарым-қатынастың өзіндік ерекшеліктері мен отбасылық жоралғылар


Қытай қазақтарының тұрмыстық салт-дәстүрі тұтас қазақ ұлтының салт-дәстүрінен бөлектеніп кетпейді. Дегенмен де, тайпалық одақ дәуірінен қалыптасқан қоныстық өзгешелік олардың әрбіреуінің өзіне тән жерлік қасиеттерімен ерекшеленіп отыратын болған. Қазақ ұлты, мейлі кім болсын, қонақтарын «құдайдай күтіп», мал сойып қызу қарсы алады. Абыройлы қонақтар келгенде ауыл болып жиналып, «көк қасқа тай», «ақсарбас қой» сойып күтеді. Малы жоқтары барын аямайды, өздері жемей сақтаған қымбатты тағамдарын меймандарының алдына қояды. Ал жатарда: «қонақты қондырма, қондырғансоң тоңдырма», – деп ең жақсы көрпе-тондарын соларға жабады, аттарын отқа қояды. Бұларға жамбас ақы тілемейді. Кетерінде хош айтып, қолтығынан алып аттандырып салады. Тіпті, қазақтардың тары-талқан жеп отыратын тақыр кедейлері де қонақтарын ренжітіп көрген емес. Бұл ғадеттер әлі де бар. Қазақтың дәстүрлі де, даңқты осы ұлттық салты жөнінде шетелдік бір саяхатшының: «егер экватор сызығын бойлап ылғи қазақ ауылдары қонып отырған болса, мен жер шарын бір тиын ақша жұмсамай айналып шыққан болар едім» – деген сөзі өте дәл айтылған.

Жер бетіндегі қазақтар ішінде «кең қолтық керей» атанып осы қонақжайлықты күні бүгінге дейін сақтап отырғандар Қытайдың Алтай аймағы мен Монғолияның Баян-Өлгий, Қобда аймақтарынан көбірек кездеседі, мүбәдә жолыңыз түсіп сондай үйдің біріне түсе қалсаңыз, олар сіздің кім екеніңізді сұрап жатпай-ақ ақсарбас ала жүгіреді. Үйіне қонақ түскеніне мәз болса, қонақты ыразы етіп аттандырып салғанына екі мәз болады.

Қазақтар тамақтың алды-артында қол жуып бата жасайды. Тамақтану үстінде көп сөйлемейді, ренжімейді. Қақырынып-түкірінбейді, құлақ-мұрынын шұқымайды.

Ырымы жасалып кесілген басты үй иесіне, құлағын баласына ұсынады. Табақ келіндерге қайтарылады. Келіндер сәлем етіп қабылдайды. Әңгіме-кеңес тамақ артынан шертіледі. Түнде сақал-мұртын, шаш-тырнақ алмайды. Шаш-тырнақтарын күн ашық күні, ас-тамақ, ішіп-жем, ыдыс-аяқ, орын-көрпеден аулақ жерде алып, өртеп жібереді немесе көміп тастайды.

Көп санды қазақтар жұма күні кір жумайды, сейсенбі күні жолаушы шықпайды. Қазақ әйелдері алғашқы жаңбыр жауып, күн күркіреген күні: «сүт көп, көмір аз», – деп белдеу айлана бір шөміш сүт шашып шығады. Мұнысы табиғаттан құлшылық тілегені болса керек. Сыпыртқымен бала ұрмайды, оның «әр талында бірден шайтан тұрады», – деп есептеп, сібірткімен бала ұрғандарды өте жек көрген. Бұл ғадет олардың аурулардан сақтанып, тазалықты қастерлейтіндігін, әсіресе, балалар денсаулығына өте көңіл бөлетіндігін көрсетеді. Қазақ малшылары таң сәріден тұрып, тамақтанып малын өрістетіп, кешке дейін мал соңында болады. Кеште мал сауып, малдарын қоралайды. Мұны «ел орынға отырған уақыт» деп атайды. Кешкі ас-суларын ішкен соң, қора (қотан депте атайды) шетіне қарақшы тігіп күзет қойып барып ұйқыға жатады. Шопандар жаз мезгілі түстерде қойды қорада жусатады. Ал, күздің қысқарған күз мезгіліндегі түстерде қойды қораға әкелмейді. Мұндайда олардың түскі қорегі – «қорықтық» болады. «Қорықтық» дегеніміз – үлкен ағаш саптаяққа (қойшылар мұны қанжығаға байлап жүреді) екі-үш кесек, қатты қыздырылған ақ тасты салып пысырған қой-ешкі сүті. Түндерде дала және киіз үй ішінде жағылған оттарды сөндіріп, немесе көміп барып жатады. Мал күзетіндегілер кештерде «Бастанғы» жасап ән айтып, «Алтыбақан» теуіп сауық құрған күндері болмаса, бет алды от жақпайды. Сөйтіп олар тек өз қоралары ғана емес, айнала төңіректің өрт апатының кетіп қалмауынан ежелден сақсынып отырған.

Шынжаң қазақтары адамдар ара бауырмалдық, ар-ұят дегендерді де басты орынға қояды. Күн көріс нашар жанұяларға аудан, ауыл, туыс-туған болып көмектесіп, оның «торқалы той мен топырақты өлімін» бірге көтеріседі. Қытай қазақтарының ішінен «қайыршы, тілемші» атауын естімейсіз, әрі көрмейсіз. Адамдар ара шындықты айту өте жоғары орында тұрады. Өтірік айту, ұрлық істеу – кешірілмес күнә саналады. Біреу уағдасына жете алмаса басқалар оған «ұят болады» десе, бұл үлкен мін саналады. «Ұят» атты бір ауыз сөз-ақ талай жанды көрге сүйрейді [68; 13].

Қазақ жаралмыштан ауыл үйге ылаң салатын барлық қылмыскерлерді жек көріп оларға қарғыс жаудырып келген. Осылардың ішінде, әсіресе өз күшіне сүйеніп жан бақпайтын, адал қауымның қан-терін сүліктей соратын-ұрлықшы қиянатшы, өтірікші, зинақор, арсыз-намыссыз, содыр-сойқандарды тіпті де жек көрген. Оларда адамгершілік, махаббат, достық, талап-талант атаулы болмайды деп есептеген.

Қазақ ауылдары әлмисақтан қазірге дейін көрші қонған елге «Ерулік» көшетін елге «қонақасы» берсе, ал, шаршап-шалдығып көшіп келе жатқан елге арнаулы адамдар жол сусынын ұсынып келген. Қазақтың ежелден келе жатқан береке-бірлігінің бейнесі сияқты бұл ғадет қазірден жалғасып келеді.

Шынжаң қазақтарының көшпелі тұрмысының әлі аяқталмауына байланысты ежелгі әдет-ғұрыптарымыздың көбі қаз-қалпында сақталуда. Кейде Алматы қаласындағы қазақтың мемлекетінің Орталық мұражайын аралап жүріп, қазақтың мал шаруашылығына байланысты әр түрлі жәдігерлерінің Шынжаңда әлі күнге қолданылып жүргенін байқаймыз, содан Шыңжаңды «қазақ этнографиясының тірі музейі» дегіміз келеді. Десе де, жер бетіндегі соңғы қазақ керуенінің де доғарылар күні таяу екенін ойлағанда өшкіндеп бара жатқан бабалар ізіне батқан күнге қарағандай мұңая көз тігеміз.

Қазақ халқының бүкіл өмірі той-думанмен өтеді. Адам өмірге келгеннен о дүние құшағына аттанғанға дейінгі тұтас бір өмірінің тойсыз өтетін сәттері аз болса керек. Шілдехана, жарысы қазан, ат қою салты, ат тергеу, сүйінші, ит көйлек, бесікке салу, тыштыма, қырқынан шығу (қарын шаш), тұсау кесу, байғазы, атқа мінгізу, сүндетке отырғызу, баланы оқыту, құдалық, қарғы бау, құдаласу, ұрын бару, жыртыс той, қоржын той, қыз танысу, қыз ұзату тойы, келін түсіру тойы, әмеңгерлік, аужар, беташар, көрімдік, өлі-тірі, отау той секілді дәстүрлердің көбі тоймен өтеді.

Соның ішінде Шынжаң қазақтарында баланың өмірге келгеннен кейінгі барлық салттары қазақ дәстүріне сай атқарылып келеді. Шілдехана, ат қою, бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесу салттары дерлік шағын той түрінде өтеді. Қытай қазақтарының балаға ат қою дәстүрі заман ауқымына қарай әр мезгілде әртүрлі болып отырған. 18-19 – ғасырларда ислам дінінің ықпалындағы аттар көбірек қабылданса, 20-ғасырға келгенде «хан», «бек» жалғанған аттар көбірек қойылатын еді. Хан, бек қосымшасының жалғануы ерте заманнан келе жатқан дәстүр болса да, қазақ хандықтарынан кейін біршама кең қолданысқан енген. Әсіресе, Қытай, Монғолия қазақтарының қазақ хандығының аумағынан алыстап Қытай хандықтарына бағынышты болған дәуірінде қазақ хандарының ұрпағын төрелікке әкелумен «Хан» қосымшасы тіпті де көп жалғанатын болған. Атап айтқанда «қыйыр қонып шет жайласақ та қазақ хандығына бағыныштымыз» дейтін ішкі арман-тілегінің бейнеленуі еді. Мысалы: сол тұстағы белгілі адамдардың атын айтар болсақ, Қасымхан, Жеңісхан, Сейілхан, Шәріпхан, Есімхан, Дәлелхан, Бөкейхан секілділер.

Соңғы кездері «сүндетке отырғызу» үлкен той түрінде атқарылып келеді. Қытайдағы жоспарлы туу саясаты бойынша әр отбасында 2-3 баладан артық бала болмайтындықтан олар баланың бесікке шыққан мезгілін үлкен белес санайды. Ал қыз баласы ғана барлар сүндет тойдың орнына «сырға салу» тойын жасап, сүндет той жасаушыларға кеткен қаржысын қайтарып алады.

Кейінгі кезде Шыңжаң қазақтарында «оқуға аттану тойы», «қоныс тойы» деген тойларда өткізілетін болды. Оқуға аттану тойы-баласы университетке түсетін болғанда немесе шетелге оқуға аттанса жасайтын алысқа аттандыру, ақ жол тілеу тойы, Қоныс тойы-жаңадан үй салып кірерде немесе жаңа отауға арнап үй салып соның босағасын аттарда жасалатын шаңырақ тойы. Қыз бен жігіттің некеленуі төңірегіндегі тойларда белгілі салтанатпен өтеді.

Отбасылық өмірде Қытай мен Монғолия қазақтарында қазақтың ежелгі салт-санасы мен дәстүрлері біршама молырақ сақталған, үй ішінде ер мен әйел бірін-бірі ерекше сыйлауы керек. Әсіресе, үлкендер әйелдердің бойында «мұсылман әйеліне тән» қасиеттердің болуын шарт етеді. Отбасының берекесі әйел болғандықтан «ерді ер ететін де, жер ететін де әйел» деп қарайды. Әйел еркектің бетінен алмауы керек, жалаңбас жүрмеуі керек, денесін толық жауып жүретін көйлек киіп жүруі шарт деп қаралады. Ал арақ ішіп, темекі тарту мұсылман әйелдеріне мүлдем жат құбылыс саналады.

Әйелдер үлкендердің алдынан кесе өтпейді, әуелі келіндер үйге кіргенде алдымен кірсе, шыққанда алдымен шығатын салт болған. 1980 жылдар шамасы Қытайдың Көктоғай ауданында тұрып жатқан белгілі ақын, өнер қайраткері Қалибек Манапұлы әйгілі ғұлама, ақын Ақытқажы Үлімжіұлының суретін салып, оны Ақыттың ұлы Қазездің үйіне апарып, төр алына іледі, сыртқы күйбеңдеп жүріп үйге кірген Қазез шалдың бәйбішесі (Ақыттың келіні) үйге кіріп келіп, суретті көріп көзіне жас алып, тәжім етеді, әрі: «жарықтықтың алдында алдымызбен кіріп, артымызбен шығушы едік» деп үйден шегініп шығып кетеді.

Қытай қазақтарында әке мен бала арасындағы қарым-қатынаста біршама жақсы сақталған, бала болған адам әке-шешесінің бетінен алмауы керек. Оны үнемі сыйлап жүруі қажет. Ал әке-шешесі оларды ат жалын тартып мінгенше (бүгінгі күннің есебімен 18 жасқа дейін) бағып-қағуы қажет. Ал одан асқан соң ол азамат болғандықтан өз күнін өзі көреді, еңбек етіп, нан табуы тиіс деп қаралады.

Қытай ұлтының еңбеккерлігінен үйренген ондағы қазақтар балаларын жастайынан еңбекке баулуды парыз санайды. Ауылды жерлерде мал бағу, егін салу, сауда-саттық тектес алуан жұмыстарда балалар үлкендерге жәрдемші болады, ұлдар әкесіне ілесіп, қыздар шешесіне еліктеп еңбек етуді ата жолы санайды. Сол үшін де халқымыз «ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген аталы сөз қалдырған. Осымен қатар бізде: «әке тұрып ұл сөйлегеннен без, шеше тұрып қыз сөйлегеннен без» деген мәтел бар. Бұлар ұл әкесінің ақылын тыңдап еңбекқор болып өссе, қыз ананың ақ сүтін ақтап инабатты болып өссін деген ақ тілектен туған тамаша қасиеттер.

Қытайдағы қыз-жігіттер әке-шешесінің алдында албаты сөйлеуді, арақ ішіп, темекі тартуды өздеріне үлкен мін санайды. Інісі ағасын, сіңілісі әпкесін тыңдағанды жөн санайды.

Соңғы жылдары Қытай ұлттарында сақталған беттен алатын безбүйректік, «әйелдер еркекпен теңбіз» дейтін коммунистік азғырулар салдарынан қазақ салтына немқұрайлы қарайтын жаман әдеттер пайда болды, әсіресе, неге болса да тез еліктей жөнелетін қыз-келіншектер жағы қазақы таза ғұрып пен мұсылмандықтан шеттеп, өзге ұлттың озық жағынан гөрі тозық жағын қабылдауға бой ұра бастады, бұл олар үшін аса қауіпті індет.

Салт-дәстүр дегеніміз – халықтың жөн-жоралғылардың, ұстанымдардың жиынтығы. Салт-дәстүрлер халықтың өмір-тұрмысынан, шаруашылық-тіршілігінен, қалыптасқан қоғамдық қатынастарынан, дүниетанымынан туындайтын мәдени құбылыс. Салт-дәстүр дегеніміз не? Қазақ этнопедагогикасының үлкен бір саласы қазақ халқының салт-дәстүрі болып табылады. Халықтың игі әдеттері дағдылана келе әдет-ғұрыптар, салт –дәстүрлерге халықтың өмірінде қалыптасқан салт-дәстүрлер салт-сана болып қалған. Халықтың салт-дәстүрлері, рәсімдер мен жөн- жоралғылар, ырымдар мен тыйымдар, түрлі сенімдер өмірде қолданыс тауып келеді.Оның бәрі дамып, толысып, жаңарып отырады. Қазақ халқының салт-дәстүрлері осы ұлттың мінез-құлқын, қасиеттерін көрсетеді. Кейбір салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар сол халықтың тұрмысына, тәрбиесі мен мінезі, сеніміне, ырымына қарай қалыптасып келеді. Қазақ «Ат тұяғын тай басар» деп кейінгі ұрпақтың ата салтын бұзбауын, ұмытпауын талап етеді. Салт - кәсіпке, сенімге, тіршілікке байланысты әдет-ғұрып, дәстүр. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады. Уақыт өткен сайын салтқа өзгеріс еніп,өзгеріп, қоғамға байланысты бейімделіп келеді. Жаңа қоғамдық қатынасқа сай келмейтін дәстүрлер ығысып,өмірге қажетті жаңалары дамып отырады. Дәстүр – ұрпақтан-ұрпаққа ауысатын, тарихи қалыптасқан нормалар мен үрдістер. Ол қоғамдық ұйымдар мен халықтың мінез-құлқының, іс-әрекетінің рухани негізі [84; 117]. Дәстүр мәдениетпен тығыз байланысты, сондықтан мәдениеті дамыған ел дәстүрге де бай. Ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық, әдептілік, мейірімділік сезімдері озық дәстүрлерге жатады. Қасиетті қазақ халқының салт-дәстүрлері өте көп. Соның ішінде қазіргі кезде ұмытылып бара жатқан салт-дәстүріміздің бірі – «Ерулік» туралы ізденіп, соны сіздерге ұсынып отырмын. Ата-бабаларымыз ұлттық дәстүрінде жолы түсіп, үйіне ат басын тіреген жолаушы – құдайы қонаққа мал сойып, кең дастарқан жайып, дәм-тұзын татқызатын. Жаңа қонысты бетке алып, ауыл тұсынан өтпекші көш адамдарына ақ жаулықты аналар зереңдері толы ақ- қымыз, шұбат, айран ұсынған. Түстендіріп не қона жатқызып сыйлы мейманға лайық кәделі қонақасы берген. «Көш көлікті, көрікті болсын» десіп аттандырған. Ауылға, үйге қоңсы қонған отбасына ерулік атаулы дәмдестік сыйлы дастарқан жайылған. Жаңа ғана шаңырақ көтерген жас жұбайлар да көрші-көлемін шақырып, «Тана тағар» атаулы алғашқы қонағасын ұсынған. Ертеңгісін  сәлемдесуге келген «Таңғы ас – Тәңірден» ырымымен дәм татқызбай жібермеген. Осы ретте айта кетерлік жәйт – қазақтың дастарқанды киелі санауы. Дастарқан таза ұсталған, жиегі жиылмаған, үстіне ыдыс-аяқтан, тағамнан өзге нәрсе қойылмаған. Дастарқан басында отырғандарға бейпіл сөз айтуға, ұрыс-керіске, насыбай атып, шылым шегуге, үстінен аттап өтуге тыйым салынған [60; 103].

Кез келген қазақ азаматы жол-жөнекей жаяу-жалпы шаршаған жолаушыны кездестірсе, ерулі атына мінгізген не астындағы атына мінгестірген. Тұлдырсыз жақыбайды көрсе, есіркеп, иініне біркиер, «Дұшпанкөз» киімін жапқан. Қазақ әдет-ғұрыптарын олардың қоғамдағы атқаратын қызметіне қарай отбасылық және қауымдық-қоғамдық ғұрыптар деп үлкен екі топқа бөлуге болады. Отбасылық ғұрыптарға баланың дүниеге келуі, ержетуі, келін түсіру, қыз ұзату және өлген адамды жәнелту жатады. Қауымдық-қоғамдық ғұрыптарға бүкіл қауым болып өткізетін, жалпы қоғамдық мәні бар әдет-ғұрыптарды жатқызуға болады. Мысалы, наурыз тойы, құрбан айт, ораза айт, ас беру, т.б. Қазақтың шаруашылыққа, тұрмыс-тіршілікке байланысты әдет-ғұрыптары да бір төбе. Қазақ әдет-ғұрыптарын отбасылық және қауымдық-қоғамдық деп бөлуді шартты түрде ғана түсіну керек. Өйткені отбасылық ғұрыптар мен қауымдық- коғамдық салт-саналар өзара астасып, араласып жатады. Отбасылык ғұрыптар кейде қоғамдық сипат алады, ал бүкіл қауым атқаратын, қатысатын ғұрыптар әр отбасында көрініс табады.

Шашу – бұл қуанышқа арнап жиналған жұрттың алдында жасалатын ырым. Әдетте, шашуға кұрт, ірімшік, өрік, кейіннен қант, компит пайдаланылған. Шашуды жаңа түскен келінге, алғаш босаға атаған күйеуге, түсауы кесілген балаға, алғаш атқа мінген балаға,т.б. жақсылықтарға шашады. Шашудың мәні –жақсылық, молшылық, құт-береке тілеу. Сүйінші – қуанышты хабарды, алдымен, бірінші болып жеткізген адамның алатын сый-қәдесі. Қуанышты хабар жеткізуші «Сүйінші, сүйінші!», – деп жұртка естірте хабар бере келіп, сүйіншісіне не беретінін де алдын ала сұрап алады. Хабардың маңызына, сүйінші берушінің қолының ашықтығына қарай сүйінші көлемі орқалай болады. Көрімдік-қандай да болсын бір жаңа дүниені алғаш көрсеткенде көрімдікті ұйымдастырушының алатын сый-қәдееі. Мысалы, қазақ алғаш көрген келінге, күйеуге, нәрестеге, ботаға, жаңа киімге, әшекей затқа, жаңа отауға көрімдік береді.

Бала дүниеге келген күні шілдехана жасалады. Шілдехана – қазақтардың арасындағы жүкті әйел аман-есен босанған күні кешке жасалатын салтанатты кеш. Негізінен жастардың ән салып, ойын ойнап түнімен ұйықтамайтын бұл ғұрыптық отырысының негізгі мақсаты – дүниеге жаңа келген нәресте мен оның анасын әртүрлі зиянкес рухтардан қорғау. Негізгі шаралары жағынан шілдехана аталған халықтарда өте ұқсас жағдайда өтеді. Шілдехананың негізгі мазмұны жаңа туған нәресте мен ананы әртүрлі зиянкестерден қорғау. Шілдехана жасаудағы бірінші мақсат-дүниеге келген баланың қуанышына кішігірім дастархан жайып сауық өткізу болса, екінші мақсат жаңа ғана дүниеге есігін ашқан сәбиді түрлі жамандықтардан (жын, шайтан) қорғау. Түнімен ән салынып, ойын-сауық құрылып бала жатқан жерге ондай пәле жоламайды деп есептеген. Сондықтан кейбір өңірлерде шілдехананы шілде кузет деп атаған. Қазақтар бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Қазақтың дәстүрлі тәрбиелік үлгі-өнегелері  ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады. Жиналып тұрған топқа жақын келген адам оларға бірінші болып сәлем беруге міндетті. Атты адам жаяу кісіге, жасы кіші үлкендерге бірінші болып сәлем береді. Алға келген астан алдымен жасы үлкен адам дәм татады. Тамақ ішіп отырған кезде көп сөйлеуге болмайды. Балаларға жақсы тәрбие, үлгі-өнеге беруде мақал-мәтелдердің атқаратын рөлі зор.

Халық даналығы балаларды еңбексүйгіштікке, алды-артын аңдап сөйлейтін сақтыққа, адамгершілік асыл қасиеттерге баулиды. Мәселен, «Аққа Құдай жақ», «Батырдың күші – айласында», «Асықпаған арбамен қоян алады», «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Бірлік бар жерде тірлік бар», «Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды», «Жаздың бір күні жылға азық», «Жақсыда жаттық жоқ», «Жаман үйді қонағы билейді», «Жақсы жігітке жеті өнер де аз» сияқты мақалдардың тәрбиелік маңызы зор. Ат қою. Қазақ балаға атты әр түрлі ырымға сүйеніп қойған. Мысалы, баласына соған тартсын деп бір жақсы адамға ат қойғызған, немесе жақсы адамның атын қойған. Мысалы, Абылай, Абай, Шоқан, т.б. белгілі, даңқты адамдардың атын берген. Немесе Алдаберген, Құдайберген, Тілепалды деп қойған. Мұндай аттарды ұзақ күткен, әулие-әнбиелердің басына түнеп тілеп алған балаларға қоятын. Қазақ кейде баласына жағымсыз да ат қоятын. Мысалы, Күшікбай, Боқбасар, Қасқырбай, т.б. Әдетте, Мұндай атты баласы тұрмай, шетіней берген соң ата-аналары тіл-көз тимесін деп қоятын. Қазақта тілеулі аттарда болған, мысалы, Ұлболсын, Тоқтасын, Тұрсын, т.б. Бесікке салу рәсіміне, негізінен, әйелдер шақырылады. Баланы бесікке салу сол ауылдағы сыйлы бәйбішеге тапсырылатын. Бесікті бала атасына тартып өссін деген ниетпен атасының шапанымен, тонымен, атқа тақымы мықты болсын деген тілекпен аттың жабуымен жапқан. Бала дүниеге келгеніне 40 күн толғанда қырқынан шығарады. 40 күнге дейін балаға тіл-көз тимесін деп сырт адамға көрсетпеген. Қырқынан шығаруға да көрші-қолаң, туыстардың әйелдері келеді. Бұл күні баланың қарын шашын (туғандағы шашы), тырнағын алады, 40 қасық суға шомылдырады. Бала жүруге талпынғанда оның тұсауын кесу рәсімі жасалады. Тұсау кесуге де, негізінен, үлкендер жиналады. Баланың аяғын ала жіппен, не койдың тоқ ішегімен түсайды да, бала жүрейін дегенде түсауды пышақпен кесіп жібереді. Баланың аяғын ала жіппен, тоқ ішекпен тұсауда мән бар. Қазақта ала жіп касиетті, адалдықтың белгісі саналған. Өзінің адалдығын білдіргісі келген жан «біреудің ала жібін аттағаным жоқ» дейді. Бұл бала адал болып өссін деген тілектен I туған ырым. Ал енді баланың аяғын тоқ ішекпен тұсау бала өскенде бай болсын, малды болсын деген тілектен туындаған. Бала 4-5 жасқа келгенде оны атқа мінгізіп, ашамайға отырғызған. I Ашамай дегеніміз бала аттан құламауға ыңғайланып жасалған ердің бір түрі. 6-7 жасқа келгенде бала өз бетімен атқа мініп әкесімен, не ағаларымен сапарға шыкқан жағдайда ата-анасы баласының тоқым қағар рәсімін жасаған.

Қытай мен Монғолия қазақтарының барлығы баланың санына, көптігіне деген ұстанымы бірдей болған. Олардың барлығы да баланың көп болғанын қалаған, әсіресе ұл баланың көптігін тілеген. Патриархалды қазақ қоғамында баласыздықтың күнәсі көбіне әйелге жабылған. Жадылау және одан емдеу бақсы – балгерлердің, молдалардың, бедеу әйелдердің қолынан келеді деп сенген. Бала тууға байланысты демонологиялық персонаждардың ең көп таралған түрі – албасты. Жалпы осы зиянкес персонаждың түркі, иран, герман, армян тілдеріндегі атының үндестігі оның әріден келе жатқан және Еуразия жерінде кең таралған демонологиялық ұғым екендігін білдіреді [69; 45]. Қытай мен Монғолия қазақтарының әйел екіқабат кездегі тиымдары (қоян, түйе етін жемеу, көген аттамау, итті «өкпелетпеу», т.т.), ырымдары бір-біріне өте ұқсас. Босанғалы отырған әйелдің киімінің ілгектері мен белбеулері босатылған, өрген шашы тарқатылған, теңдер шешілген, сандық, кебеженің қақпағы ашылған, әйелдің үстіндегі метал әшекейлер алынып тасталған. Бұл ғұрыптар аймақтың барлық халықтарына тән, бірінде көбірек, екіншісінде азырақ кездесуі мүмкін. Жалпы таза магиялық сенімге құрылған бұл ырымдардың этникалық мәні, айырмашылықтары жоқтың қасы. Екіқабат әйелдің «жерік асын» қанағаттандыруға тырысқан. Жерік асына қарай болашақ баланың өзгеше қасиеттерін болжаған. Әйел босандыруға маманданған тәжірибелі бәйбішелер, аққол аналар болған. Ағаштан жасалған тербетілетін бесік кең таралған. Аймақ халықтарының бесікке салу мерзімдерінде азғана айырмашылық болғанымен негізінен ортақ.

Қазақтар баланың туғанына қырық күн толғанда қырқынан шығару рәсімін жасайды. Негізгі орындалатын шаралары жағынан бұл ғұрып регион халықтарында өте ұқсас. Осы күні баланың осы кезге дейін киген «ит көйлегін» шешу ырымы барлығында да бар [58; 47]. Жаңа туған балаға кигізетін «ит көйлек» аймақ халықтарының бәрінде ұқсас. Баланы 40 қасық суға шомылдырған, шылапшынға 40 кішігірім тас, құмалақ, жүзік, сақина салған. Нәрестені шомылдырғаннан кейін әйелдер жүзікті, сақинаны, суға салынған асыл тастарды бөліскен. Сол күні нәрестенің шашын, тырнағын алады. Баланың қарын шашын, тырнағын, қырқынан шығарған күні алады. Тырнақты жерге көмген немесе қабырғалардағы саңылауларға тығып қойған, ал шашты домалақтап, шүберекке орап сандыққа тығып қояды, тәжік, түркімендер ағаш басына да іліп қоятын. Мұны парциальды ырыммен түсіндіруге болады. Ортақ осы ғұрыптың этникалық атрибуциясын анықтау әзірге мүмкін болмай отыр [60;81-94].

Қытай мен Монғолия қазақтарында туған нәрестені әртүрлі пәле-жаладан қорғауға бағытталған магиялық шаралар көптеп кездеседі. Олар бала мен ана жатқан бөлмеде үнемі шырақ жағу, жаңа туған баланы біреуге өтірік беру, жеті киіз үйдің шаңырағынан, егде тартқан жеті адамның тақымынан, жеті ошақтың бұтынан өткізу, т.с.с. ырым-жоралғылар. Жалпы осы ғұрыптардың түркі тілдес халықтарда кең орындалатынын және де онда көбінесе көшпелі тұрмыс заттарының (шаңырақ, үш бұтты ошақ, кереге, бір арқа отын) жиірек пайдаланылатынын ескерсек оның түркілік мәдени тектестігін анықтауға болар. Бала дүниеге келуіне және оның тәрбиесіне байланысты рәсімдері – сиқырға, анимистік, тотемистік сенімдерге толы болды. Бұл наным-сенімдер этникалық шеңберден тыс, стадиалдық дүниетаным мен сенімдер түрлерімен байланысты. Баланың дүниеге келуі мен тәрбиесіне байланысты рәсімдерде магиялық мазмұндағы ырым-жоралар басым екендігін аңғаруға болады, әсіресе қорғау-қоршау, емдеу магиясы ырым-жоралғылары көптеп кездеседі. Сонымен қатар фетишизм, тотемизм, анимизмге негізделген ғұрыптық әрекеттер де аз емес. Егер бұл ырымдарды сәбидің өміріндегі алатын ролі бойынша топтастырсақ, 4 негізгі типті атап көрсетуге болады: залалдан корғау, сақтандырғыш, жасыру және емдеу. Ер балалар үшін мұсылмандықтың белгісі болып есептелетін сүндет – осы халықтарда кең таралған, үлкен мән берілетін дәстүр. Мұсылман халықтарда сүндетке отырғызған соң баланы қоғамдық қатынасқа араласуға жарамды, яғни, бала жасынан шықты деп есептеген. Сүндет тойға үлкен мән берген, оны тойдың ең ұлығы деп есептеген. Дәл осылай түстік қазақтарында да сүндеттің және сүндет тойдың алатын орны ерекше. Бала енді енді қаз тұрып қадам жасай бастаған кезде орындалатын ғұрыптың бірі тұсау кесу. Қазақтарда тұсау кесу салты өте ұқсас жағдайда орындалады. Әр халықтың тұсау кесу салтын салыстыра келе оның магиялық сенімге толы екендігіне, негізгі мәні жолының ашық болуын тілеу екендігіне көзіміз жетті. Жалпы «тұсау кесу» негізінен аймақтың түркі халықтарында міндетті түрде орындалатын және ерекше мән берілетін ғұрыптың бірі. Оның атының өзі айтып тұрғандай бұл ғұрыптың таза түркілік мәдени ортада туғандығында шүбә жоқ.

Өлген адамды жерлеуге, артын күтуге байланысты әдет-ғұрыптар, діни наным-сенімдер ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. бас кезіндегі қазақтардың жан туралы түсініктері өте күрделі болып келеді. Рух немесе жан адамның өліміне 40 күн қалғанда денеден шығады. Рух егер адам күнәлі болмаса жұмаққа түседі, егер ол күнәға батса тұзаққа түсіп азап шегеді. Жан ұйықтап жатқандағы сияқты өлген адамның денесін тастап, мұрнынан маса, шыбын болып ұшып кетеді. [65; 114].

Жан тапсыру ұзаққа созылып, адам қиналмауы үшін қырғыздар мынадай ырым-жоралғы жасаған: қой сойылып, айыл адамдарына ет асып, бата оқытқан. Кейбір ру-тайпаларда – ыстықкөл мен тянь-шань қырғыздарында ырыммен (саяк және бугу тайпаларында) адам қиналмай жаны тез шықсын деген науқас адамның жаны шығар кезде көйлегі мен шапанын алып, оларды аулаға жағасын төмен қаратып ілетін болған. Адамның жаны шыққаннан кейін, оның денесін жақын адамдары жеңіл тазалап, оң жаққа қоятын ғұрып болған. Қазақта мәйітті тақ санды адам жуған. Сүйекті жууға тірісінде силасқан, жегжат, құда адамдар қатысқан. Сонымен қатар жуушылардың ішінде бір адам ет жақын туысы болуын қадағалаған. Самарқандта өлікті кәсіби жуушылар жуған, олар келер алдында тумалары мәйітті бір қабат жуып, тазартып қоятын болған. Жартылай көшпелі өзбектер мәйітті өздері жуған немесе оның сүйегіне тумаларынан үш адам түсуі шарт. Ал отырықшы өзбектерде тәжіктердегі сияқты мәйітті арнайы адамдар жуған. Әйелдердің кебінін солдан оңға қарай, еркектердің кебіні оңнан солға қарай ораған. Өлікті зиянды деп ұғу, оны тірілерден бөлектеу барлық халықтарына тән.

Адам жан тапсырысымен оны оң жаққа қояды. Өлген адамның басын есікке қаратып салған. Қазақта ертеде күйеуі өлген әйел өз қайғысының өте қаттылығын көрсетіп, бетін жыртып, шашын жұлатын. Регион халықтарының бәрінде де қаралы болу белгілері бар. Қаралы болудың негізгі түсі аты айтып тұрғандай – қара түс. Деседе, қаралылық белгісі этникалық тетктестік жағынан да, өлген адамның жасы жағынан да түсін өзгертіп отырады. Терістік қырғыздарда жесір қара көйлек пен қара кемсел (қамзол) киген. Өлген адамның үлкен ұлдары мен оның кіші інілері мәйітті жерлегенге дейін бастарын қызыл орамалмен байлаған. Терістік қырғыздары мәйіттің жасына сәйкес, басына ақ, көк немесе жасыл орамал тартқан. Қырғыз әйелдері қырық күн бойы көк немесе жасыл түсті көйлек киген. Түс ауа жаман күштер, арам рухтар көбейеді. Жаман күштер таза қалпында аттанатын жанға жабыспас үшін күн көкке көтерілгенше жерлеу керек деп есептеген. Жоқтау – аза тұтудың белгісі. Бұл ғұрып қазақ халқында көнеден бері өшпей, мәнін сақтап келе жатқан дәстүр. Өлген адамды үйден аяқ жағынан шығарады. Үйден табытты екі адам көтеріп шығарады, сосын төрт адам көтереді. Қарақалпақстан қазақтары марқұмды үйден шығарарда, табалдырыққа үш рет түсіріп-көтереді, бұл өліктің өз үйімен қоштасуы. Өлікті аяғынан бастап шығару себебі, үйден тағы бір өлік шықпасын деген тілекпен жасалған. Өлік үйден шығысымен әйел адамдар дауыстап жылайды. Қазақтар марқұмның жаназасын шығармастан бұрын ысқат, фидия оқып, оның тіршіліктегі күнәсін басқа тірі адамға аудару ғұрпы бар. Жалпы бұл мұсылмандықтан бұрын пайда болған ғұрып, өйткені ислам діні бойынша әркім өз күнәсін өзі көтеруі керек. Қазақта мәйіт жатқан бөлмеде қырық күнге дейін шырақ жағу ғұрпы бар.

Жалпы алғанда негізінен ислам қағидаттарымен іске асатын адамды жерлеу, артын күту ғұрыптары Қытай мен Монғолия қазақтары үшін біріңғай болып келеді. Ондағы этникалық ерекшеліктер басқа отбасылық ғұрыптар тобына қарағанда кемшіндеу болып келеді.

Қытай мен Монғолия қазақтарының барлығына жуық ортақ дәстүрдің бірі «тұл» дәстүрі. Тұлдау о баста қаза болған адамның бейнесін бейнелеп, киімдерін кигізіп, үй ішіне қуыршақ жасап отырғызып қою дәстүрі болған. Тұл өлген адам жанының белгілі бір уақытқа дейін (әдетте бір жыл) сақталатын денесі іспетті [50]. Бұл исламнан бұрынғы анимистік дүниетаныммен байланысты шыққан ғұрып. Бұл ғұрып әсіресе сібірдің түркі тілдес халықтарында ұзақ уақытқа дейін сақталды. Өліктің артынан тұл жасау ғұрпы бір кезде бүкіл түркі халықтарына түгел ортақ болған болуы керек. [50;251].

Көптеген ғасырлардың барысында қазақтардың өзіндік бірегей әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері қалыптасты. XVIII ғасыр мен XX ғасырдың бас кезінде оның бірқатарын Ресей әкімшілігінің өкілдері, орыс және шетел ғалымдары, саяхатшылар айқын байқап, жазып қалдырды. Қазақтардың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері үй ішіндегі отбасылық және адамдардың өзге де топтары арасындагы өзара қарым-қатынастарды қалыптастыруда үлкен роль атқарды. Олар бірнеше салаларға бөлініп, өзіндік тағылымдық мазмұны жоғары болды:

қазақтардың қонақжайлылық қасиеті және өзара көмек жөніндегі әдет-ғұрыптары;

әдептілік пен сыпайылық әдет-ғұрпы;

жасы үлкендерге құрмет көрсету;

тамырлық әдет-ғұрпы;

қоныс таңдау әдет-ғұрпы;

отбасы және неке саласындағы әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер;

бата беру;

бала тәрбиесіне байланысты салт – дәстүрлер, т.б.

Мәселен, қазақтардың қонақжайлылық қасиеті және өзара көмек жөніндегі әдет-ғұрыптары туралы ой қозғасақ, қазақтарға дәстүрлі қонақжайлылық қасиет ежелден тән. Олардың бұл қасиеті көптеген ғасырлар барысында қалыптасқан. Бұл жөнінде XIX ғасырдың аяқ кезінде Ресей зерттеушісі Виктор фон Герн былай деп жазған болатын: «Жалпы алғанда, қазақтар осы уақытқа дейін жылы жүзділігімен, қайырымды ақкөңілділігімен және қонақжайлылық қасиетімен таңғалдырады. Мұның өзі олардың сүйегіне ежелден сіңіп кеткен керемет асыл қасиет».

Үйге келген қонақ оларда әрқашан үй иесінің қамқорлығы мен қорғауында болады. XIX ғасырда Қазақстанда болып, оны зерттеген неміс зерттеушілерінің бірі Ф. фон Хелльвальдта былай деп жазды: «Қырғыз-қайсақтар барынша қонақжай мейірімді болып келеді. Олардың киіз үйіне кіріп жайғасқан кез келген жатжерлік адамның өзімді біреулер тонап немесе өлтіріп кетеді-ау деп қауіптенбей, алаңсыз ұйықтай беруіне әбден болады».

Қазақтарда үйіне келген кез келген адамға міндетті түрде тегін қонақасы беру, оған жайлы төсек-орын салып, қондырып жіберу әдет-ғұрпы ежелден орын алды. Егер үй иесі қонаққа ондай құрмет көрсетудің дәстүрлі әдет-ғұрпынан бас тартса, әлгі бейтаныс жолаушы үй иесінің үстінен биге барып, шағым айтуға құқықты болған. Ал би қонақжайлылық әдет-ғұрыпты бұзған үй иесіне ат-тон айып салатын. Әдетте мұндай келеңсіз оқиға қазақ арасында өте сирек ұшырасқан.

Қазақтарда ежелден келе жатқан әдет-ғұрыптың бірі дәм ауыз тию. Үйге бас сұққан кез келген адамды дәмнен ауызтигізбейінше жібермейтін «Қуыс үйден құр шығармайтын» болған.

Қазақтардың және бір жақсы әдет-ғұрпы – ерулік беру. Басқа жақтан жаңадан көшіп келгендерді оның туған-туыстары немесе көршілері арнайы дастарқанға шақырып, ерулік тамақ беретін болған. Бұл арқылы көшіп келген туыстарына немесе көршілеріне деген ыстық ықыласы мен ізгі ниетін білдірген. Ал көшіп келгендер жаңа қонысқа тез үйреніп, оңдағы адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға ықыласты болатын. Далалық көшпелілердегі кеңінен таралған әдет-ғұрыптардың бірі қалау. Үйге келген қонақтың сол үйдегі өзіне ұнаған заттың кез келгенін қаладым деп айтуына болады, ал үй иесі ол затты міндетті түрде беруі тиіс. Мұның өзі де адамдар арасындағы достық қарым-қатынастыңнегізін қалайтын. Анасы аман-есен босанып, дүниеге жас нәресте келген соң тап осы әдет-ғұрып бойынша кіндік шешенің де өз қалауын айтып, ұнаған нәрсесін алуына болатын.

Қымызмұрындық қымыз ашыту маусымының басталуына байланысты әдет-ғұрып. Ауыл адамдары бірін-бірі шақырысып, қымыз ішер алдында арнайы дастарқаннан тамақ жеседі. Қымызмұрындыққа шақырған үй иелеріне ауыл ақсақалдары-ақ батасын береді. Қазақтарда жылу жинау әдет-ғұрпы да бар болатын. Оның мәні кездейсоқ жағдайда үйі өртеніп кеткен немесе дұшпанның шабуылынан, қатал қыстың ауыртпалығынан, су тасқынынан, аштықтан зардап шеккен отбасыларына ауылдас немесе туысқан адамдардың көмек; көрсетуі болып табылады. Олар зардап шеккен жандардың алдына қолдарынан келгенінше мал салып береді, киім-кешек, көрпе-төсек, ыдыс-аяқ жағынан көмеккөрсетеді, бастарына шаңырақ көтеруіне жәрдемдеседі. Мұның өзі зардап шегіп, қиналған ағайынға жаны ашынғандықтың, қамқорлық жасағандықтың көрінісі еді. Мүмкіндігі бола тұрып, ондай көмек көрсетуден бас тартқан ағайын-туыс ру ішінен қуылып, аластатылатын. Ал мұндай жазаға кесілгендер өз руының тарапынан жанашырлық жақсылық дәмете алмайды. Өйткені ондай құқықтан айырылған болып саналады. Оларды кез келген қарақшы аяусыз тонап кете алатын.

Қазақ даласында жұртшылық деген әдет-ғұрып та кеңінен тараған. Оның мәні белгілі бір себеппен бөлшесінен қарызға батып, оны төлеуге жағдайы жоқ туысқан адамға рулас ағайын-туғандарының көмек көрсетіп, қарызынан құтылуына көмектесуі болып табылады. Мұндай көмек ауыл ақсақалдары кеңесінің шешімі бойынша көрсетіледі. Қазақтардың ауызбірлігінің, өз жақындары мен туыстарына жанашырлықпен жәрдем жасауының бір көрінісі міне осындай.

Дала тұрғындарының дәстүрлі әдет-ғұрыптарының бірі асар. Онда ауыл тұрғындары ешқандай ақы алмастан бірлесе жұмылып, біреудің белгілі бір жұмысын бітіріп береді. Мәселен, олар біреудің қысқы баспанасын немесе мал қорасын салып беруге, сондай-ақ құдығын қазып беруге жұмыла көмектеседі. Асар ауылдас отырған рулас адамдардың туысқандығы мен ынтымақ бірлігінің жарқын көрінісі болып табылады. Асарға шақырылғанда оған бармай қалу әдепсіздік саналатын. Қазақтар XX ғасырдың бас кезінде осы әдет-ғұрыпты пайдаланып көптеген жерлерде зайырлы мектептер және мешіттер салып алды.

Әрбір қазақ суға кетіп бара жатқан адамға жәрдем қолын созуға, қиналған адамның өтінішін орындауға, шөлдеген адамға сусын беруге міндетті. Рулас адамдар жоғалған немесе ұрланған малды бірлесе іздеген. Дала тұрғыны өте-мөте мұқтаж, кейінге қалдыруға болмайтын шұғыл міндетті орындау қажеттігі туған жағдайда кез келген қазақтың жылқықосынан ат ұстап мініп кете беруге құқықты болған. Бұл үшін ат иесінен рұқсат сұрау міндетті емес-ті. Ондай кезде көлікберуден бас тартқан адамға ат-тон айып салынған және ол туралы жағымсыз қоғамдық пікір қалыптасқан. Екі қазақ кездесе қалғанда жасы кішісі жасы үлкеніне «Ассаламағалейқұм!» деп бірінші болып сәлем береді. Жасы үлкен кісі оған «Уағалайқұмассалам!» деп жауап қатады. Тек содан кейін ғана егжей-тегжейлі аман-саулық сұрасады. Бұлай сәлемдесу бірін-бірі тіпті танымайтын адамдар үшін де міндетті болып саналады.

Дала тұрғындарына тән әдептілік пен сыпайылық, кішіпейілділіктің бір көрінісі – үлкен кісінің есіміне әке (еке) сияқтыжұрнақ сөз қосып айту. Мәселен, Қазбек – Қазеке, Диқан – Дәке, Бауыржан – Бауке сияқты айтылады. Мұны XX ғасырдың бас кезінде белгілі орыс ғалымдарының бірі Л. Баллюзек те байқаған: «Қырғыздардың сыпайылығы, кішіпейілділігі мен әдептілігінің бір көрінісі – жасы үлкен кісілердің есіміне еке (әке) сөзін қосып айтуы».

Жас келіндер ер азаматты ерекше құрметтеудің белгісі ретінде күйеуінің жақын туысының атын атамаған. Күйеуінің әкесі мен шешесін ата, ене деп атаған. Күйеуінің іні-қарындастарын шырақ, жарқын, айнаш, гүлім, бауырым деп еркелете ат қоятын. Өзге туысқандарына да жаңа әрі жарасымды ат ойлап табатын.

Қазақтар екіқабат әйел мен жасы үлкен адамның алдын кесіп өтуді әдепсіздік санаған. Келіндер атасының, қайынағаларының көзіне түспеуге тырысқан.

Отағасы үйде жоқ кезде ересек ер адамның үйге түсуіне рұқсат етілмеген. Қазақ даласының мызғымас заңы, міне, осындай еді. Қазақтар үйге бас сұғар алдында қару-жарағын әрқашан тыста қалдыратын. Ал ханның алдына қамшы ұстап кіруге де болмайтын. Алыс сапардан немесе жәрмеңкеден қайтып оралған адам өзінің жақын туыстары мен көршілеріне әр түрлі сыйлықтар – базарлық ала келетін. Ауыл ақсақалдары тамақ үстінде үлкен табақтан жасы кішілерге асату жасайтын. Егер кімде-кім әлдебір жаңа киім кие қалса, бағалы затқа ие болса, оған жақын туыстарының, дос-жарандарыныңбайғазы беру әдет-ғұрпы болған.

Әйелдер үйде қалған балалары мен жақындарына мереке-тойларда болған жерлерінен сарқыт ала келетін. Мұның өзі, бір жағыман, тағамға деген құрметті білдірсе, екінші жағынан, болып өткен мереке тойлардан үйде қалғандардың дадәм татып, қатысты болғанын сезінуге тәрбиелейді. Қазақтарда көптен бері көрмеген жақын-туыстарына қымбат бағалы заттардан, әдемі естелік бұйымдардан, қазы-қарта, мүшелі жіліктерден, сүр еттерден сәлемдеме беріп жіберу әдет-ғұрпы да болған.

Сәлемдемені алған жақ шын ниетімен разы болып, ізгі батасын беретін. Базарлықтар мен сыйлықтарды туған-туыстар, дос-жарандар мен көрші-қоландар өзара бөлісетін. Дала тұрғындары бір-біріне қуанышты хабар жеткізгенде сүйінші сұрайтын әдет-ғұрып та болған. Қуанышты хабар жеткізген адамға жақсы сыйлық жасалатын. Саят құру кезінде жас аңшы бағалы олжасын өзімен бірге аңға шыққан адамдардың жасы үлкен ақсақалына байлайтын. Ол мұны дәстүр бойынша өз еркімен жасаған [69; 89].

Қазақта ежелден бар тұрмыстық әдет-ғұрыптың бірі – ажырасу аяқ. Оның мәні ауылдың бір түрғыны басқа бір алыс жаққа көшіп кетерде ағайын-туғандарымен, көрші-қолаңдарымен қоштасу ретінде ажырасу аяқ деп аталатын тамақ беруінде болатын. Ауылдастарына айтпай, үн-түнсіз көшіп кету көргенсіздік, тәрбиесіздік саналатын. Ал көшіп бара жатқан жақ өздерінің туған-туыстарына, құрметті ауылдастарына көзіміздей көріп жүріндер деп, естелік сыйлықтар қалдыратын. Ал ауылдастары өз кезегінде ризашылығын білдіріп, көш көлікті, барған жердегі қоныстарың құтты болсын айтысып, ақсақалдар ақ баталарын берісетін.

Дәстүрлі қазақ қоғамында жасы үлкен адамдарды құрметтеу рәсімі ежелден бар болатын. Ондай құрмет жасы үлкен кісінің қай рудан, қай жүзден, қай ұлттан екендігіне қарамай көрсетілетін. XIX ғасырдың аяқ кезінде неміс ғалымдарының бірі Ф.Фон Шварц былай деп жазған болатын: «Қырғыз-қайсақтарда сұлтан, батырлармен қатар барлық жасы үлкен, қартайған ер азаматтардың бәрі де кім екеніне, қандай тектен шыққанына қарамай, ерекше сый-құрметке бөленеді». Олар барлық мерекелерде, жиын-тойларда құрметті орындарға, төрге шығарылады. Жиналыстарда олар елеулі рөл атқарады. Жастар олардың айтқан сөзін жерге тастамай, мүлтіксіз орындайтын. Жас жігіт үшін үлкен табақтан ақсақалдың өз қолынан ет асау ең жоғары марапаттың белгісі саналатын. Кіші іні үлкен ағаның рұқсатынсыз дастарқан басына өз бетінше ешқашан отырмайтын.

Жас адамның үлкен кісінің алдын кесіп өтуі көргенсіздік деп есептелінетін. Бұл ереже әйел адамның ер азаматтың алдын кесіп өтпеуіне де қатысты болатын. Жасы кішілердің жасы үлкендерге дауыс көтеруіне барып тұрған әдепсіздік ретінде үзілді-кесілді тыйым салынатын. Әңгіме үстінде жасы үлкен кісінің сөзін бөлуге ешқашан рұқсат етілмейтін [50; 45]. Жастар алыс жолға аттанарда не үй болып, шаңырақ көтерерде жасы үлкен ақсақалдардың алдынан өтіп, ақ батасын алатын. Қазақтар жасы үлкен әрі құрметті адамдардан мұндай батаны жауға аттанарда да тілейтін.

Қазақтардың арасында достасып-бауырласу немесе тамыр болу әдет-ғұрпы да кеңінен тараған. Бұл рәсім куәлардың көзінше салтанатты жағдайда өткізіліп, нығайтыла түсетін. Рәсім кезінде екі дос қылыштың не қанжардың жүзін сүйіп, мәңгі адал дос болуға серттесіп, ант ішісетін. Олар бір-біріне мәңгі достықтың белгісі болсын деп қымбат бағалы бұйымдар ұсынатын. Дос-жаран, тамырдың үйінде қашан болса да қонуға болатын, ал үй иесі оған қолдау көрсетіп, қамқорлық жасайтын.

Қазақстан аумағында Ресей қазақтары мен қоныс аударып келген орыс шаруаларының пайда болуына байланыстымал өсіретін көшпелі қазақтар мен егін салатын отырықшы орыстардың арасында достасып, тамыр болу әдет-ғұрпы етек алды. Іс жүзінде әр қазақтың орыс шаруалары мен шекара шебіндегі әскери қазақтардың арасында өзінің тамыр-досы болды. Мұның өзі халықтар арасындағы достықтың кеңінен қанат жаюына игі ықпалын тигізді. Әдетте олар бірінің тілін бірі үйренді, бірінің мәдениетін бірі құрметтеді. Бұл әдет-ғұрыптың ең мықты түрі дос-тамыр болу еді. Олар бір-бірінен өздеріне ұнаған нәрсесінің бәрін де қалап ала беретін. Дос-тамырлық әкеден балаға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып кете беретін сипат алды.

Қазақтарда қыстаудан өзге жер меншігінің толық дерлік жоқ болуы себепті көшіп-қонып жүруі үшін уақытша қоныстаңдау әдет-ғұрпы кеңінен таралған болатын. Ал жайылымның негізгі бөлігі қоғамдық меншік негізінде пайдаланылатын. Мұндай ереже 1867-1891 жылдардағы әкімшілік реформаларының қолданылу барысында да сақталып, бекітілген еді. Алайда көші-қон үшін кейде жер дауы да туындап отырды. Бұрыннан қалыптасқан әдет-ғұрып бойынша, ауылдар мен ру-ақсақалдары өздерінің бірінші жетіп қоныс тандаған жерлеріне арнайы белгілер қоюы тиіс саналатын. Ондай белгілер жерге найзаның сабын немесе құрық қадап кету арқылы қойылатын. Құмның бетіне немесесазды жерге сол ру таңбасының суреті салынатын. Немесе биік өскен шөптің басын буып, белгі салып кетуге де болатын. Мұндай белгілері бар жерлерге өзге ешкімнің қоныстануына рұқсат етілмейтін.

Егер жаңа қонысқа әр түрлі ауылдардың өкілдері бір мезгілде келе қалса, онда жер дауы мынадай тәртіппен шешілетін: сұлтан мен қатардағы қазақ дауласса, сұлтан жеңіп шығатын, би мен старшын дауласса, старшынның мерейі үстем болатын, ал егер би мен қатардағы қазақ дауласса, бидің талабы орындалатын. Егер жер дауы сұлтан мен сұлтанның, би мен бидің, старшын мен старшынның, қатардағы екі қазақтың арасында болса, онда олардың қай жасы үлкені жеңіске ие бола алатын. Жерге дауласушылардың мәртебесі мен дәрежесі тең болған жағдайда олардың қай жағының руы не тайпасы жолы жағынан үлкен болса, сол жағына артықшылық берілетін. Сөз болып отырған кезеңде қазақтарда отбасы мен некеге қатысты сонау ежелден ккеле жатқан бірегей әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері болатын. Дүниеге келген жас нәрестеге оның құлағына азан шақырып ат қойылатын. Жасы үлкен туысқандардың бірі Құраннан аят оқып, нәрестенің атын оның құлағына үш рет қайталап дауыстайтын.

Ер бала 3, 5 және 7 жасқа толғанда оны сүндетке отырғызу рәсімі өткізілетін. Сүндет тойына қонақтар шақырылатын, ат шаптырылып, спорт жарыстары өткізілетін. Ата-ана өздерінің ұлын үйлендіру қамын әрқашан ойластырып жүретін. Болашақ келінді бала кезінен іздестіре бастайтын. Тіпті балалар дүниеге келмей жатып-ақатастыру рәсімі болатын. Құдаларды өнегелі, құрметті, текті жерден іздестіретін. Құда түсудің салт-дәстүрлері бойынша арнайы рәсім өткізілетін. Қазақтарда жеті атаға толмаған туыстар арасында неке қиюға қатаң тыйым салынатын.

Баланы үйлендіруге қатысты әдет-ғұрыптардың реті мынадай болатын: құда түсуге алдын ала келісу, ата-ананың құда түсуі, күйеудің қалыңдыққа ұрын баруы, келін түсіру тойы, неке қию рәсімі. Ұзатылатын қыздың әкесі құда түсіп келген құдаларға құйрық-бауыр жегізетін. Бұл салт-дәстүр құдалық рәсімінің орындалғанын көрсететін. Ал құдалық екі жаққа да белгілі міндеттер жүктейтін. Құдалықтан айнуға болмайтын.

Құда түсудің ресми бөлігі аяқталғаннан кейін жігіт жағы қыздың калыңмалын төлейтін. Қалыңмал әдетте мал басымен есептелетін. Оның мөлшері құда түсушілердің қаншалықты бай, ауқатты екендіктеріне қарай белгіленетін. Қалыңмалдың мөлшері 5 жылқыдан 1000 жылқыға дейін жететін. Үйлену тойы кезінде құдалар бір-біріне кит кигізетін болған. Ол түрлі қымбат бағалы киімдерден, мата кездемелерден, мал басынан тұратын. Құдалар жағы бір-бірімен қоржын алмасып, өзара сыйлық жасасатын. Үйлену тойының әдет-ғұрыптары неке қию рәсіміне ұласады. Қазақтардың дәстүрлі қоғамында қыздың жасауын берудің де зор маңызы болды. Жасау қыз баланың жас кезінен әзірлене бастайтын. Қыздың жасауына киіз үй, кілем, текемет, сырмақ сияқты бұйымдар, киім-кешек түрлері мен ыдыс-аяқтар, әр түліктен тұратын мал басы және басқалары кіретін болған.

Күйеуі өліп, жесір қалған жае әйелге күйеуінің жақын туыстарының біреуі әмеңгерлік жолымен үйленуге құқықтысаналатын. Көшпелі қазақ халқының өмірінде мұның әлеуметтік маңызы үлкен болды. Әйел ерден кетсе де елден кетпеді. Марқұм болған адамның балалары өз руының, өз туысының қарамағы мен қамқорлығында қалды, жат жұртқажіберілмеді. Өйткені олар өз туыстарының арасында жетімдік көрмейді, бейшаралық халге душар болмайды. Сондықтан да құдалардың арасы суыспайды. Егер біреудің отбасы перзент көрмесе немесе баласы тұрмай, шетіней берсе, ол алдын ала келісім бойынша, өз туыстарының бірінің баласын бауырына басып, асырап ала алатын.

Жеке шаңырақ көтеріп, ата-анасынан еншісін алып шыққан жас отбасында күнделікті тіршілігіне қажетті нәрсенің бәрі де – отауы, төсек-орындары мен үй ішінің жабдықтары, есік алдында малы да болатын. Ежелден келе жатқан әдет-ғұрып бойынша ата-анасының қолында кенже ұлы қалып, қара шаңыраққа бүкіл мал-мүлкімен қоса иелік ететін. Қазақтар өздерінің ата-анасын ешқашан тастап кетпейтін. Даланың жазылмаған бұл әдет-ғұрпын бұзғандарды қазақтарнағыз жексұрын, жауыз жандар ретінде жек көрді.

Қазақтарда бата беру әдет-ғұрпы кеңінен етек алды. Ол әрбір іске кірісер алдында міндетті саналатын. Бата поэтикалық тілмен жалпы жұртқа қарап тұрып беріледі. Онда бата беруші адам езгелерге ізгі жақсылық, табыс тілейді Батаны жасы үлкен адам немесе жолы үлкен қонақ беруі тиіс. Бата беруші Жаратушы Алладан бақытты өмір, материалдық байлық, әрбір істе табысты болуын тілейді. Бата екі қолды ілгері қарай жоғары созып, екі алақанды өзінің жүзіне қарата бұрып тұрып беріледі. Бата беру «әумин» деген сөзбен аяқталады.

Бата адамдарды лайықсыз, теріс қылықтардан сақтандырады, ол жастарды, ізгілікті әрі қайырымды істерге баулиды. Қандай да болсын бір іске кірісерде, дастарқаннан дәм татуға отырғанда немесе жол жүріп, алыс сапарға аттанарда әркім ақсақалдардан бата алатын болған. Бата шаңырақ көтеріп, жеке үй-жай болғандарға да беріледі. Қазақтар өздерінің балаларына атақты кісілерден, құрметті қонақтардан бата алып қалуға тырысқан. Ислам дінінің таралуына байланысты бұл дәстүр бұрынғысынан да күшейе түсті. Қайтыс болған адамның үй-іші мен туған-туыстарына көңіл айту кезінде де бата беріледі, марқұмның өзіне де, артында қалған үрім-бұтағына да ізгі тілектер білдіріледі.

Қазақтар бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Қазақтың дәстүрлі тәрбиелік үлгі-өнегелері ұрпақтан ұрпаққа ауысып отырады. Жиналып тұрған топқа жақын келген адам оларға бірінші болып сәлем беруге міндетті. Атты адам жаяу кісіге, жасы кіші үлкендерге бірінші болып сәлем береді. Алға келген астан алдымен жасы үлкен адам дәм татады. Тамақ ішіп отырған кезде көп сөйлеуге болмайды. Балаларға жақсы тәрбие, үлгі-өнеге беруде мақал-мәтелдердің атқаратын рөлі зор. Халық даналығы балаларды еңбексүйгіштікке, алды-артын аңдап сөйлейтін сақтыққа, адамгершілік асыл қасиеттергебаулиды. Мәселен, «Аққа Құдай жақ», «Батырдың күші – айласында», «Асықпаған арбамен қоян алады», «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Бірлік бар жерде тірлік бар», «Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды», «Жаздың бір күні жылға азық», «Жақсыда жаттық жоқ», «Жаман үйді қонағы билейді», «Жақсы жігітке жеті өнер де аз» сияқты мақалдардың тәрбиелік маңызы зор.

Қасиетті қазақ халқының салт-дәстүрлері өте көп. Соның ішінде қазіргі жастар біле бермейтіндеріне қысқаша тоқталсақ. Ұлдың төбе шашын ұзарта өсіріп, моншақ араластыра өріп қою. Оның аты айдар. Бұл ғұрып негізінен, тіл – көзден сақтау үшін ер балаларға жасалады. Кенесарының інісі Наурызбай батырдың ұзын айдары болғаны тарихтан белгілі. Ақсарбас атау. Адамдар қауіп-қатерге ұшырағанында «Аллаһ Тағала мені осы қиындықтан құтқара гөр! Ақсарбас!» деп құдайы атайтын болған. Мұндай жағдайда «Ақсарбас!» деп үш рет айқайлаған. Сосын қауіп-қатерден аман қалғанында әлгі адам ауыл айма ғын шақырып құдайы берген. Ақсарбасқа шалынатын малдар: бозқасқа (қой), көкқасқа (жылқы), қызыл-қасқа (сиыр). Адам ақсар-бас атағанда қай малын айтса, соны құдайыға союға тиіс [71; 45].

Халқымызда: «Үйге кірген жыланға да ақ құйып шығарады» деген мәтел бар. Қазақтың ақ деп атайтыны: сүт, қымыз, шұбат, айран. Қалың өрт келіп қалғанында алдынан ақ шашады, үйге жылан кіріп кеткенінде басына сүт не айран құйып үйден шығарып барып өлтіреді. Бұл қазақтың үйіне келген жауына да жамандық жасамайтын ұлттық мінезінен шыққан әдет.

Ат тергеу – адамды сыйлауға арналған ізеттілік әдет-ғұрып. Ұлттық болмыс бойынша әйелдер атасына, қайнағасына, қайнысына, қайын-сіңілісіне атын атамау үшін қосымша ат қояды. Мұны ат тергеу деп атайды. Мұндайда қойылатын аттардың кейбірі мынандай: «Мырза қайнаға», «бай атам», «би аға», «тентегім», «еркежан», «шебер шешей», «ақ әже», «сырғалым», «шашбаулым». Жеңгелері қайныларына әзілдеп, бойлары тапал болса «сұңғақтым», жайбасар болса «жүйрігім» деп те ат қояды. Ер адамдар да өзінен үлкендерді Мәке, Сәке деп құрметтейді. Анттасу. Жаудан кек қайтару үшін, адамдар бір-біріне деген адалдықтан айнымау үшін, еларалық тату келісімді сақтау үшін ант айтатын салт-дәстүр бар. Халық антын бұзған адамды «Ант атқан» деп жек көріп, «Уа, айтылған ант, серттескен уәде, алысқан қол қайда?»» – деп, кінәласады. Араша түсу. Дауласқан, жанжалдасқан адамдарға басу айтып, ажырату, сабасына түсіру – араша түсу деп аталады. Бұрындары мұндай жанжалда ауылдың, елдің абыройлы абызы «Араша!» Араша! деп айқайлап, от шыққалы тұрған ортаға барып, ағайынға араша түскен [75; 96].

Арыздасу – бұл фәнидегі (өмірдегі) тататын дәм-тұзы таусылып, өмірден өтіп бара жатқан ғаріп отбасымен, туған-туыстарымен, көрші-көлем, дос-жарандарымен соңғы рет тілдесіп, хош айтысады. Мұны арыздасу деп атайды. Арыздасуда бақилық болғалы жатқан пенде біліп, білмей жасаған қателік, күнә, кінәлары үшін жиналғандардан, олар одан кешірім сұрайды [71; 82]. Асар жасау салты үй салу, қой қырқу, тай таңбалау, киіз басу, егін ору, шөп шабу тәрізді қауырт жұмыстарды көптің күш-қайратымен, көмегімен тез атқару үшін ру басының, үй иесінің ауылдастарын, туған-туыстарын шақырып, бірлесе қимылдауын асар жасау деп атайды. Оның екінші атауы – үме, серне. Үй иесі жәрдемдесуге келгендерге тамақ дайындап, сый-құрметін көрсетеді. Асарға келгендер атқарған жұмысына, көмегіне ақы алмайды.

Асату салтын С. Мұқанов өзінің «Халық мұрасы» деген кітабында кең насихаттап жазған. Дастарқан басында ет жеп отырғандар тоғая бастағанында, төрде отырған ақсақал қалған етті қолымен қонақтарға, жас балаларға асатады. Бұрындары ауыл балалары ет асаймыз деп қонақ келген үйдің қасында жүретін-ді [93;58].

Ат тұлдау ер адам қайтыс болғанында мініп жүрген атының жал-құйрығын күзеп, оны бос жібереді де, өлген адамның жылында сол атты әкеліп сояды. Бұл дәстүрді ат тұлдау деп атайды. Аунату. Қазақтар үйіне келіп қонақ болған, қонып кеткен адамдардың отырған, жатқан жеріне «баламыз осы атасына тартсын, бойына осы атасының қасиеттері қонсын» деп балаларын ауна тып алатын болған. Елге, ағайынға сыйлы азамат кіндік қаны тамған туған жері не келгенінде халық, туған-туыстары, дос жарандары оны сол жердің топырағына аунатып алған. Шыңғыс Айтматов үйіне Мұхтар Әуезов келгенінде, ол отырған орындыққа ұлын аунатып алған көрінеді.

Ауыз тию дәстүрі алыс сапарға аттанарда сол адам ауылындағы немесе әулетіндегі үлкен үйге кіріп дәм татып, жолға шыққан. Сонда ол «Осы қара шаңырақтың киесі қолдайды» деп сенген. Отбасы тамақтанып отырғанда дастарқан үстіне келген адам ондағы дәмнен ауыз тиюге тиіс. Әсіресе, таңғы астан ауыз тимеуге болмайды. Ас тан ауыз тию – үй иелерінің қонаққа, қонақтың дастарқандағы асқа деген ыстық ықыласының бір белгісі болып саналады.

Аузына түкірту – қазақтардың ертеден келе жатқан ырымы. Олар батырлар мен билерге, ақындарға, тағы да басқа атақты адамдарға баласының аузына түкіртіп алатын болған. Түкіргенде оның ырымы ғана жасалады. Бұл ырым баламыз сондай адамға ұқсап, өнегелі болсын дегеннен туған. Баласының аузына бір адамға түкіртсе, жеткілікті.

Аяғына жығылу – кешірім сұраудың ең үлкен, кішіреюдің ең ауыр түрі – осы ғұрып. Оны орындағанда айыпты адам жанына абыройлы, қадірлі кісілерді ертіп алып, тиісті адамның үйіне рұқсат сұрап кіріп, кешірім сұрайды. Айыбы үлкен болса, айыпкер өзі кінәлі болған адамның аяғына жығылып, оны құшақтаған қалпы жылап, кешірім сұрап, жалынған. «Аяғына жығылу» – әрі ғұрып, әрі жазаның бір түрі. Байғазы беру – үлкеннің кішіге, яғни балаға беретін сыйы. Жас ұл-қыз, бойжеткен, бозбала жаңа киім кигенде, жаңа зат алғанда аға, апа, ата-әжесінен, туған-туыстарынан оған байғазы сұрайды. Олар байғазыға ақша, мал, мүлік, әйтеуір бір зат беріп, құтты болсын айтады. Базарлық әкелу. Алыс сапарға шыққан, қыдырып қайтқан, сауда жасап келген адамдар туған-туысқандарына, көрші-көлемдеріне, дос-жарандарына ірілі-ұсақты сыйлықтар әкеліп береді. Мұны базарлық деп атайды. Ол жақсы көргеннің, сыйлағанның белгісі. Бастаңғы жасау – үйдегі үлкендер жолаушылап кеткенінде қалған жастар өздері бас қосып (келіндер, абысындар, күйеулер, балдыздар болып), немесе замандастарын шақырып ойын-суық өткізеді, әңгіме-дүкен құрады, әр түрлі дәмді тағамдар жасап ішеді. Бұл әдет-ғұрыпты бастаңғы жасау деп атайды. Бәсіре атау – ежелгі әдет-ғұрыптардың бірі. Ата-анасы баласына арнап жас төлге ен салады да оны «бәсіре» деп атайды. Бәсіре аталған төл өскен соң сол баланың қажетіне, тойына жаратылады. Оны ен салып, малды таңбалаумен шатастырмау қажет. Босаға майлау – жастар шаңырақ құрғанында немесе біреу жаңа үй алғанында жақын туған-туыстары келіп жаңа үйдің босағасына май жағу салтын жасайды. Ол осы үй берекелі, майдай жұғымды, көптің үйі болсын деген ниеттен туған. Босағасын майлаған адамға шаңырақ иелері кәде береді [70;58].

Ен салу – малдың құлағын тіліп, немесе оны ойып белгі – ен салады. Ол малын табу, жоғалып, басқа малдармен араласып кетсе тану үшін жасалады. Енді әр құлақтың алды-артына алмастыра салу арқылы мынандай түрлерін жасайды: тілік ен, бұрыш ен, кез ен, қиық ен, құмырсқа ен, тесік ен, кесік ен, т.б. Енші беру. Ата-анасы баласы балалы болғаннан кейін «енді өз күндерін өздері көре алады» деген сенімге келіп, отау тігіп, бөлек шығарады. Сонда малынан – мал, мүлкінен – мүлік бөліп береді, ыдыс-аяқ сыйлайды. Оған келіннің төркінінен келген дүниесі қосылып, жас жұбайлар жеке шаңырақ болып шыға келеді. Мұны енші беру деп атайды. Ата-анасы қайтыс болса, олардың малы мен дүние-мүлкі қалған ағасы інісіне еншібас беруге тиіс. Әке орнында әке болып отырған ағасының ата-анасынан қалған мұраны бауырына басып алып, оның бар рахаты мен қызығын өзінің ғана көруі – тасбауырлық. Ондай аға кейін інісі өз бетінше күн көріп, бақ-дәулетке ие болғанында «Інім маған, балаларыма қараспайды» деп күңкілдемеуге тиіс. Кейбір ата-ана балаларының енші басын алдын-ала бөліп, атап қояды. Ерулік беру – ауылға басқа жақтан бір үй көшіп келсе, бауырларының бірі туған-туыстарына жапсарлас келіп қонса, көрші-көлемі немесе жақындары жаңа үйге «ерулік» деп ас пісіреді, табақ тартып, қонақасы береді. Бұл салтты ерулік деп атайды [69; 78]. Осылайша қазақтар танысын, танымасын бір-бірін бөтенсімей, өз ортасына тарта білген. Жол беру - қазақта үлкен адам келе жатқанында алдын кесіп өтпейді, оған жол береді, үйге кіргенінде орнынан тұрып төрге отырғызады. Аң аулағанда да жасы үлкен адам бірінші болып оқ шығарады, олжаның алғашқысын иемденеді. Алыстан келген қонаққа да, қызметі мен шені үлкен адамдарға да әр істе жол береді. Мұның бәрі қазақтың дәстүрлі әдет-ғұрыптарындағы этикалық жоралғы болып саналады.

Жылу жинау – бір бақытсыздыққа ұшырағанында, үй мүлкі, малынан айырылғанында ауыл тұрғындары, көрші-көлемі, туған-туыстары мал, дүние, ақшалай көмек көрсетеді. Мұны олардың ор- тасынан бір адам ұйымдас тырады. Бұл жәрдем – жылу жинау деп аталады. Арам жолмен шығынға ұшырағандарға жылу жиналмайды. Олар: дүние-мүлкін қартаға салып ұтқызып жібергендер, зинақорлыққа салғандар, ішіп құртқандар, қоғамның, мемлекеттің дүние-мүлкін жеп қойғандар. Жұмалық - бұрындары дәріс алып жүрген шәкірттері жұма күні молдасына сыбағаға ет, қымыз, май, құрт әкелетін болған. Оны халық жұмалық деп атап кеткен [33; 77].

Көрімдік беру – нәрестелі болғанында, келін түсіргенінде «құтты болсын» айта келгендерден сәбиді, келінді көрсетпей тұрып «көрімдігін бермесеңдер көрсетпейміз» деп кәдесін сұрайды. Қыз ұзатыларда ұл жағынан келген құдаларға болашақ келіндерінің жасауын көрсетіп те көрімдік сұрайтын әдет-ғұрып бар. Қазір жоғары оқу орнын бітіріп диплом алған жастар да туған-туыстарынан көрімдік сұрап жатады.

Көрісу – қазақ салты бойынша сағынысып кездескен адамдар бір-бірімен құшақтасып амандасады, кісі қайтыс болғанында құшақтасып жыласады, қыз ұзатылғанда да қимастықпен қоштасып, жылайды. Мұны көрісу деп атайды. Көгентүп беру – малды адамдар жақын туған-туыстарының кішкентай баласына бұзауларының, құлындарының, қозыларының, лақтарының, боталарының бірін атайды. Бұл көгентүп беру. Атаған көгентүбін кейін бермей кету – өнегесіздік, дүние-қоңыздық. Қайырлы болсын айту – бала туғанда, келін түсіргенде, тағы да басқа үлкен қуаныштарға ие болғанында туған-туыстары, көрші көлемі келіп «қайырлы болсын» деп құттықтайды. Ол – қазақтың қуанышты бірге бөлісетін ізгі салты. Адамдар қайырлы болсын айтпағандарға ренжиді де. Қазан шегелеу – жақын туыс, әзіл-қалжыңы жарасқан адамдардың үйіне екі-үш адам бірге барып: «Осы үйдің қазанын шегелей келдік» дейді. Бұл олардың түстеніп, ет жеуге келгендігі. Үй иесі оған әзілмен жауап қайтарып: «Жақсы болды, қазан шегелейтін адам таба алмай отыр едік» деп қонақжайлық танытады, әйелі ет асып қонақасы береді.

Қалау айту – біреудің жақсы малына, мүлкіне көңілі кеткен адам сол үйдің иесіне немесе әйеліне, баласына соған лайықты бағалы бір тарту әкеліп, әлгі дүниені, жануарды «менің қалауым осы» деп сұрайды. Кейде үй иесі мұндай сыйлы, жөн-жоралғысымен келген қонаққа өзі сөз салып: «Бұл үйден қалаған бір заттың бар ма? Қалауыңызды айтыңыз» деп сұрап, қалаған затын сыйлайды.

Қонақкәде айту – үй иесі қонағына «Қонақ кәде айта отырыңыз», – деп қолқа салатын болған. Ол - өлең айтыңыз, күй тартыңыз, өнер көрсетіңіз, деген тілек, қонақтың өнерін, қабілетін сынау, көңілді отыру. Сол себепті қазақтар баласын жастайынан ән айту, күй тарту тәрізді өнерге баулыған. Өйткені қонақкәде айта алмай қалу – ыңғайсыз жағдай. Қорықтық құю – емдік ғұрып [63;58]. Ауырған адамның төбесінің үстіне (басына тигізбей) май құйылған табаны әкеліп, екінші бір ыдыста қорытылған сұйық (ыстық) қорғасынды оның үстіне құйып кеп жібереді. Сонда «шар» етіп кішкене қорғасын сұйығы бір бейне қалпына түседі. Емші соған қарап ауруға «Сіз иттен немесе адамнан, жыланнан қорыққансыз» дегендей болжам айтып, ауруды жазылатынына сендіреді. Мойнына бұршақ салу - ертеде баласы жоқ адамдар мойнына көгеннің бұршағын салып Аллаһ Тағаладан перзент сұрап жалба рынған, жылаған. Мойынға бұршақты бала тілегенде ғана салады. Салауат айту – Аллаһты, Пайғамбарды мадақтап айтылатын дұға. Оны намаздың соңында зор ынта-ықыласпен оқиды. Сауға сұрау. Бұрындары қылмысы үшін бір адам ауыр жазаға, өлімге бұйырылғанында өте беделді кісілер барып оның жазасын жеңілдетуді, кешіруді сұраған. Сөзі өтсе айыптаушы жақ та, билер де ондай адамдардың өтінішін орындаған. Мұны сауға сұрау деп атайды. Сауғаға жазасы сұрап алынған адам да жолынан жығылмай құн, шығын төлеген, екі жақты бітістіруге күш салған. Сауын айту – бір ауылда, елде үлкен ас, үлкен той болатын болса, алдын-ала (бірнеше ай, бір жыл бұрын) жан-жаққа хабар жіберіліп, адамдарды соған шақырады. Бұл сауын айту. Яғни, әр жүз, әр ру мұндай асқа қымызын, малын ала келіп, батыр, балуан, ақын, әнші, күйшілерімен өнер көрсетіп, бәйгеге жүйрік аттарын қосып, астың, тойдың жақсы өтуіне жан-жақты қолдау көрсетеді. Жиынға қымыз әкелгендердің ыдысына сойылған малдың жіліктерін салып жібереді. Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» кітабында: «Мырза өз әкесі Өсекеңе ас берем деп, Көкшетауға сауын айтып, елді жиды ғой» деген сөздер бар[73;68].

Сүйінші сұрау – өте қуанышты хабарды жеткізуші адам ол үйге «Сүйінші, сүйінші!», – деп кіреді. Бұл сөз тосынан естілсе де үй ішіндегілерді шошындырмай, қайта қуантады. Сол кезде үй иесі: «Қалағаныңызды алыңыз» дейді немесе ол риза болатындай бір жақсы сыйлық береді. Сүйінші алудың сөкеттігі жоқ.

Сәлемдеме – біреу арқылы беріп жіберілген затты сәлемдеме деп атайды. Сәлемдемеге жіберілетін заттар: сыбаға, ақша, көйлек-көншек, орамал (бір ұшына сақина, білезік байланған). Сәлемдеме жолаушының жүгін ауырлатпай тындай болуға тиіс. Алыстағы адамдар бір-біріне таныстары арқылы ауызша сәлем, өтініштерін де жолдайды. Сірге мөлдіретер. Бие ағытар күні берілген қымызды «Сірге мөлдіретер» деп атайды. Оған ауылдың ақсақалдары, әжелер, ел ағалары шақырылады.

Сүйек жаңғырту – бұрындары құда-құдағи болған жақтар қайтадан қыз алысып, қыз берісіп құдалықты одан әрі жалғастырса, оны сүйек жаңғырту дейді. Бұл салт қыз бен жігіттің келісімімен қазір де жасалып жүр. Ұлы Қазақ Елінің дархан даласы қандай кең болса, оның салт – дәстүр мазмұны да орасан бай, тағылымы зор. Қытай мен Монғолия қазақтарының отбасы мен отбасылық әдет-ғұрыптарын өзара салыстыруға, олардың жекелеген этностарға, немесе этностық топтарға, немесе тұтас регион халықтарына бірдей түрлерін анықтауға, жекелеген этностардың осы саладағы ерекшеліктерін ашып көрсетуге, оның тарихи-генетикалық себептерін анықтауға арналады. Қазақта қалыңдық таңдауда жігіттің әкесінің рөлі басым болады. Құдалық мәселесі шешіліп болғаннан кейін құдалық берік болу үшін ақ бата берісіп , мал шалынып, құйрық-бауыр жесіседі. оны бұзбауға серттеседі. Құдалықты бекітудің бұндай дәстүрі Қытай мен Монғолия қазақтарының бәріне тән.













3. Қытай мен Монғолия репатрианттарының дәстүрлі және жаңа үлгідегі неке қию көріністері


3.1. Неке түрлері


Қазақ халқының өмірінде сақталып келген көптеген салт-дәстүрлер қазақ отбасы мен некесінің бүкіл дүние жүзі халықтарының отбасы тарихына тән көне кезеңдерді басынан өткізгендігін дәлелдейді. Осы жағдайларды ескере отырып, біз бұл еңбекте қазақи отбасы мен неке формаларын, әртүрлі отбасылық, некелік қарым-қатынастарды жан-жақты сипаттаймыз.

Қазақстанның ұшы-қиыры жоқ байтақ жерінде мекендеген қазақ халқының неке құру түрлері мен үйлену тойын ұйымдастыру тәртібі және оған байланысты қалыптасқан сан алуан әдет-ғұрыптары жайында толып жатқан деректер бар. Жастай некелестіру ежелден келе жатқан дәстүр. Кей уақытта қыздарды 13-14 жасында ұзатса, ер балаларды 15-16 жасында үйлендіре берген. Халық түсінігі бойынша неғұрлым жастарды ерте үйлен- дірсе, олар әрбір жағымсыз қылықтардан аулақ болып, ұрпақтары мықты болады деген сенімде болған.

Неке құрудың негізгі жолы құда түсіп, қалыңмал төлеп, жасаумен тұрмысқа шығу. Ал, малы жоқ шаруаларға, әсіресе, кедейлерге 27, 17 бас мал төлеп, келін түсіру оңайға түспейтін. Сондықтан, кедей балалары 20-30 жасқа дейін үйленбей жүрген. Тіпті тақыр кедейдің балалары әуелі бірнеше жыл жалда жүріп, қалыңмалға беретін мал жиятын немесе оңтүстікте қалыңдық үшін қыз әкесіне қызмет ету әдеті де болған. Әке-шешеден жастай айырылып, кедей туысының қолына қараған қыздар мен жесір қалған кедей әйелінің қыздарына құда түсіп, азын-аулақ малын беріп, күйеу әкесінің қалыңдықты 9-10 жасқа толысымен өз қолына алып, бағатын әдет те бар. Мұны қазақ «қол бала етіп алу» дейді. Қол бала болып жүрген қыз бала болашақ күйеуімен бірге өскенмен, балиғатқа толғанша ерлі-зайыптылық тұрмыс құрмайды.

Қыздарын 12-13 жасқа толысымен күйеуге беру, әрине, кедей-жарлылардың ісі. Өйткені, көп баланы асырап, бағуға олардың қолы қысқа және құдасы ауқаттырақ болса, қалыңмалын төлесімен қызды жас болса да өз қолына алып, үй шаруасына үйретіп, қолқанатқа жарау жағын қарастырған. Қалыңмалын алып қойған жарлының қызын бермеске амалы болмайтын. Мұндай мүмкіндіктен аулақ болған ата-ана тек малды шаруалар, байлар. Олар қыздарын 17-18-ге келмей ұзатпаған. Осы уақытта бай қыздары әбден бой жетіп, оң-солын айырып, болашақ өмірге дайындалатын. Барлық әдет-ғұрыптарын айтарлықтай етіп өткізіп, ырғап-жырғап ұзатуға байлар бір-бірімен бәсекелес болатын. Әсіресе, еркекшора болып өскен жалғыз қызды немесе көп ағаның ортасындағы кенже қызды өте әлпештеп кемеліне келгенше ұзатпай, оң жақта ойнап-күлсін деп, күйеу таңдауға да өзіне ерік берген. Елден асқан сұлу, өнерлі қыздар әрқашан күйеу таңдап, көп уақыт оң жақта отыра береді [69; 17].

Қазақ әдетінде қыз бен күйеудің жас шамаластығына көбіне қарамаған. Өйткені, барлыққа масаттанған, егде тартқан байлар жоқшылық зардабынан қысылған жарлылардың жас қызын төсек жаңғырту ниетімен әйел үстіне немесе әйелі өлгеннен соң малға жығып алатын. Мұндай жағдайда 13-15 жасар қыздарды 50-60 жастағы шалдар айттырып алатын әділетсіздіктер жиі кездесіп тұратын. Осындай жас қыздардың тіпті әкесінен үлкен қарттарға тұрмысқа шығуының негізгі себебі, қыз әкесінің кедейлігі, өгейлігі не жетім қыздың жалғыздығы екендігін көптеген мұрағат деректері де дәлелдейді [56; 112]. Айттыру арқылы қосылған ерлі-зайыптылардың жас ерекшелігі, кейде керісінше болады, яғни әйелі ерінен әжептеуір үлкен болады. Мұндай жағдай, көбінесе әмеңгерлік әдетпен үйлендіру тәртібіне байланысты болатын. Жасы келген уақытта жеңгесін алғандықтан, олардың арасындағы жас ерекшелік онша көзге түспейді. Ал, ағасы өліп жесір қалған жеңгені ержеткен әмеңгері болмағандықтан, жас балаға қосып, некесін қиғандағы жас ерекшелігі кейде тіпті алшақ жатады. Мәселен, 17-40 жастағы әйелдерді 13-15 жасар балаларға қосу туралы деректерді тағы да мұрағат қазынасынан және ел арасынан жинаған деректерден кездестіреміз. Кейде үй шаруасына қарайтын кісісі жоқ байлар жас баласына бой жеткен кедей қызын айттырып, алып беретін. Мұндайда 16-17-ге келген қыздың күйеуі 12-13 жастағы бала болатын.

Әрине, ерлі-зайыпты адамдардың жас ерекшеліктерінің тым алшақтығын көпшілік халық қолдай бермейтін. Байлықпен жас қыз айттырып алған шалға да, балалықпен өзінен көп үлкен келіншекке сырттан иемденіп жүрген жасқа да көлденең адам күле қарап, мысқыл ететін. Құр мысқылдан басқа, әділетсіз некеден жапа шегіп жүрген жас келіншектерге қалыңмалы толық берілген соң, пақырдың өзінен басқа ешбір ара түсуші болмайды. Сондықтан, жалпы халық қыз айттыру кезіндегі күйеу мен қалыңдықтың жасы көбінесе тең, ең болмағанда күйеу 5-10 жасқа дейін ғана үлкен болуын ұнататын. Құда түсіп, қыз алысудағы бүкіл қазақ қауымына ортақ тәртіптің бірі туыстық жақындығы жеті атаға толмай, қыз алыспау. Мұндай тәртіпті этнография ғылымында экзогамия дейді. Қазақ халқындағы экзогамиялық тәртіптің мән-жайы туралы көптеген авторлардың еңбегінен деректер келтіруге болады. Мәселен, А. Левшин экзогамиялық тәртіптің қазақ арасында қатал сақталғандығы сондай, кей уақытта туыстық жақындығы тым әріге кететін жұртшылықтың арасында ғана некелесуге болатындығын айта келіп, тіпті бір рудың адамдары бір-бірімен қосылмайтындығына мысал ретінде Жағалбайлы руына жататын жігіттің қалыңдықты өз ішінен емес, басқа рулардан, ең болмағанда жеті рудың басқасынан іздейтіндігін келтірген. Қазақ арасында ежелден бері жеті атаға толмай қыз алыспау себебі туыстық қарым-қатынас, алыс-беріс, өзара көмек мәселесі жеті атаға дейін сиыр құйымшақтанып барып аяқтала- тындықтан. Сондықтан, жеті атадан ары қарай туыстық жақындықтан гөрі құдандалық жақындық басым болады. Ал, туыстық қарым-қатынас үзілмей тұрып, аталар арасында құдандалық жақындықтың іс жүзінде керегі де болмайды. Тіпті, қыз алысқан күннің өзінде құдалық жақындықтан гөрі, туыстық қатынас басым болады. Осы себептерден туыстық қатынас әбден жойылғанша қыз алысудан бой тартатын.

Қазақстан жері ұланғайыр болғандықтан, оның әр түкпірінде мекендейтін қазақ жұртшылығына сырттан тиетін экономикалық әсер мен ислам дінінің ықпалы әртүрлі болғандығы даусыз. Айталық, Ресей шекарасына жақын жатқан солтүстік, солтүстік-шығыс, батыс аудандарда және оңтүстікте ежелден отырықшы, қала мәдениетінің әсерінде болған Ташкент, Шымкент, Түркістан маңын мекендейтін қазақ жұртшылығының шаруашылығына тауар ақша айналымының әсері мен ислам дінінің ықпалы тиіп, олардың арасындағы туыстық қарым-қатынастың бұрынғыдан әлдеқайда әлсірей түскені анық. Осыған орай, Қазақстанның әр ауданына байланысты әр уақытта жазылған әдеби деректерге тоқталайық. Мәселен, Ы. Алтынсариннің айтуынша, Қазақстанның солтүстік-батысын мекендейтін қазақ жұртшылығы ХІХ ғасырдың екінші жартысында сегіз атаға толғанша қыз алыспаған. П. Е. Маковецкийдің айтуынша, Қазақстанның солтүстік-шығысында бұрын жеті атаға дейін қыз алыспайтын болса, өткен ХІХ ғасырдың 80-жылдарында үш атаға толысымен қыз алысқан. Ел арасындағы деректерге қарағанда, П. Е. Маковецкийдің үш ата арасындағы қыз алысу тәртібі жалпы қазақтар арасындағы қалыптасқан әдет емес, тек төрелер мен қожалар арасындағы қатынас екендігін дәлелдейді [51; 47].

Сырдария облысын мекендейтін қазақтар арасында жеті атаға толғанша қыз алыспау тәртібі негізінен ХІХ ғасырдың соңына дейін сақталмағанмен, үш-төрт атадан да қыз алыса беру әдетінің орын алғандығын көптеген авторлар өз еңбектерінде көрсеткен болатын. ХХ ғасырдың басында өзіне дейінгі әдеби мұраны зерттей келіп, қазақ арасында жеті атаға толмай қыз алыспау тәртібінің мықты сақталуымен бірге, үш-төрт атадан қыз алысатындардың кездесетіндігін Н. Малышев та атап көрсеткен [17;28]. Жеті атаға толмай қыз алыспау себебін халық өзінше топшылайды. Біріншіден, қандастық жақындық ұрпақтың болмауына, яғни аз болуына, оның азып, тәуір қасиеттерден айрылуына әсер етуі мүмкін десе; екіншіден, туыстық қатынас ыдырап, олардың арасында әдепсіздіктер көбейген болар еді; үшіншіден, жеті атадан бергі ұрпақтардың өзара туыстық қатынасы созыла берсе, жеті атадан асқан аталастармен қыз алысу арқылы жақындасып, құдандалық қарым-қатынас бірлікті ұлғайта береді деп қарайды. Шынында да халықтың түсінігінде жаңсақтық жоқ сияқты.

Неке мәселесі жөнінде шариғат қағидасы бойынша баласының енесіне әкесі үйленуге болмайды. Өгей шешеге, сондай-ақ өгей шешесінің артынан еріп келген қызға, яғни тумаған қарындасына үйленуге қақысы жоқ. Бірге туған апалы-сіңлілі қыздардың бірге туған ағалы-інілі адамдарға тұрмысқа шығуға болмайтындығын бірнеше авторлар өз еңбектерінде атап өткен. Ал, ел ішіндегі деректерге қарағанда, халық арасында мұндай некелесуге тыйым болмаған. Өйткені, апалы-сіңлілер абысын- ды-ажынды болып тұрмысқа шықса, күйеулерінің арасындағы туыстық байланысты үзбей, қайта біріктіре түсуге көмектеседі. Апалы-сіңлілерді ағалы-інілілердің алғандығына қазақ ауыз әдебиетінен көптеген мысал келтіруге болады. Мысалы, “Ер Төстік” ертегісіндегі Ерназар байдың тоғыз ұлына екінші бір байдың тоғыз қызын айттырып, алып бергені.

Қазақ отбасындағы некелесудің тағы бір ерекшелігі туған балдызына әйелінің тірі кезінде үйленуге болмағанымен, әйелі өлсе, үйленуге рұқсат етілген. Ал, туған қайынбикесіне еш уақытта үйленуге болмайды. Күйеуі өліп, жесір қалған әйелдің қайын атасына және туған қайнысының балаларына тұрмысқа шығуына болмайды. Ал, қайын атасының інісіне, қайнаға- ларына, олардың балаларына шығуға қақы бар.

Қыз бала анасының бірге туған аға, інісіне тұрмысқа шықпайды, бірақ олардың балаларына шығуға болады. Сол сияқты, жиен балалардың нағашы апаларын алуына рұқсат жоқ, бірақ олардың және нағашы ағаларының қыздарына үйлене береді. Мұны қазақ халқы бөлелер арасындағы және жиендер мен нағашы жұрт арасындағы неке десе, этнография ғылымында кузендік (кузенный) неке дейді. Бұл некенің екі түрі болады: 1) кроскузендік неке (анасының аға-інілерінің қыздарына не әкесінің апа-қарындастарының қыздарына үйлену, яғни нағашы мен жиен арасындағы неке). Мұның осы көрсетілген екі түрі де қазақи неке арасында кездеседі. Бірақ, қазақ дәстүрінде жиен алғаннан гөрі, нағашы алғанды дұрыс көреді. Сондықтан да қазақтың арасында “Жиен алған молықпас, нағашы алған тарықпас” дейді. Жиендердің нағашы ағасының қыздарына үйленуі өте көне замандағы жиендердің тек қана аналары шыққан топтан, рудан әйел алатын тәртібімен байланысты нәрсе; 2) ортокузендік неке (әкесінің аға-інілерінің қыздарына үйлену, яғни немерелер арасындағы неке не шешесінің апа-сіңлілерінің қыздарына үйлену немесе бөлелер арасындағы неке). Мұның алғашқы түрі, яғни немерелер арасындағы некелесу қазақ тәртібіне жат, өйткені ол экзологиялық тәртіпті бұзғандық болар еді. Ал, екінші түрі, яғни бөлелер арасындағы неке кездесіп отырады. Ата-енеге екі жағынан да қайырым- дылық мол болғандықтан, бөлелер некесі қазақ ұғымында өте берік болады. «Төрт аяқтыда бота, екі аяқтыда бөле тату» деген мақал да осыдан қалыптасқан. Мұндай некенің адамгершілік және тәрбиелік мәні өте зор. Сонымен, ағайынды ұл мен қыздың балалары, яғни нағашы мен жиендер бір-бірімен қыз алыса береді. Екі елге ұзатылған ағайынды апалы-сіңлілердің балалары (бөлелер) да бір-бірімен қосыла береді. Өйткені, ана тарапынан болған туыстық қатынас қазақ әдет-ғұрпында экзогамиялық тосқауылды бұзғандық болып есептелмейді.

ХХ ғасырдың басында бүкіл қазақ халқына тән болған некелесудің ең негізгі түрі қалыңдықты қалыңмал төлеп сатып алуға негізделген құдалық арқылы неке құру болды. Мұнымен бірге алғашқы қауымдық қоғамда үстемдік еткен топтық некенің қалдығы ретінде қазақ арасында әмеңгерлік (левират) және балдыз алу (сорорат) ғұрыптары бойынша неке құру әдеті де өте жақсы сақталып келді. Әртүрлі жағдайларға байланысты қыз-келіншектерді алып қашып некелесу әдеті де болды. Некелесудің осы түрі әлі күнге дейін ел арасында сақталып келеді. Бірақ, бұл әдет ХХ ғасырдың құдалық арқылы неке құру ғұрпымен тығыз байланысты болды. Олай дейтініміз, кей уақытта құдалық арқылы некелесу тәртібі алып қашумен аяқталса, енді бірде алып қашу арқылы некелесу міндетті түрде құдалық ғұрпымен қалыңмал төлеу арқылы бітісетін.

Қазақ арасында сирек болса да ХХ ғасырдың басында кездесіп тұратын некелесу түрінің бірі туған-туысы жоқ, қалыңмал төлеуге шамасы келмейтін жалғызбасты кедей жігіттер қыз әкесінен қалыңмал орнына күшін сатып, белгілі мөлшерде қызмет істеу немесе қыз әкесінің ер балалары болмаған жағдайда қолына күшік күйеу болып кіру арқылы неке құру еді. ХІХ ғасырдың бірінші жартысына дейін әртүрлі жаугершілік оқиғаларға байланысты тұтқын болып қолға түскен қыз-келіншектерді жауынгерлер өзара бөлісіп немесе сауға ретінде сұрап алатын некелесу түрі болған.

Патриархалды құлдықтың жойылмай тұрған кезінде қарауындағы күңге үйлену әдеті де кездескен. Көбінесе алғашқы уақытта күңге ресми түрде үйленбей, тек көңілдес болып жүретін. Мұны қазақта күңге «аяқ салу» деп атаған. Аяқ салудың нәтижесінде күң балалы болса, ауқатты адамдар оны бөлек үй етіп, тоқалы ретінде заңдастырған [67; 98]. Осындай күңнен туып, өз алдына терезесі тең ел болған ата ұрпақтары, тіпті үлкен рулар да аз емес.

Қалыңдықты қалыңмал төлеп сатып алуға байланысты құдалық арқылы некелесуді жан-жақты қарап, сан алуан сипаттарын еске ала отырып, оның мәнін толық талдауды қажет етеді. «Құдалық» деген сөздің өзі некелесудің бұл түрін тек ата, әке, аға не басқа туыстар еркіне байланысты, тіпті күйеу өз тізгінін өзі алған адам болған күннің өзінде, оның атынан сөйлейтін кісі тарапынан жүргізілетіндігін көрсетеді.

Әр әке өзінің шама-шарқына қарай, мүмкіндігінше өзіне теңдес адамды таңдайтын. «Бай бастас, батыр білектес, би құлақтас» деген халық даналығы тегін айтылмаған. Алайда, құда болудың бірнеше жолы, яғни тәртібі бар. Кейде дағдылары ұштасып, достасқан екі адамның әйелдері жүкті болса, олар босанбай тұрып, кімде ұл, кімде қыз боларын білмей-ақ ниет қосып, құда болатын. Мұны «бел құда» дейді. Әдетте бел құдалар қалыңмал алыспайтын. Қазақ арасында кең тараған аңыз – «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырындағы Қарабай мен Сарыбайдың тумаған балаларын атастырып серттесуі осы бел құдалықтың анық дәлелі. Онда: «Алланың әміріне көніселік, Көздің қыры түскенін көріселік, Ұл туар да, қыз туар заман болса, Уағдамен қалыңсыз беріселік», – деп уәделескен. Мұндай құдалықтың шарты әйелдері босанған уақытта бірі ұл, екіншісі қыз туса, екеуін қалыңмалсыз үйлендіру, ал екеуі де бір жыныстан болса, екеуін дос етіп, әкелерінің достығын әрі жалғастыруды тапсыру. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырындағы Қарабайдың опасыздығына, Қозы мен Баянның ғажайып махаббатына қарап, мұндай құдалық тағдыры ылғи осылай аяқталады деп қарауға болмайды. Уәдеге екі жақ та берік болса, көбінесе, мұндай серттер орындала беретін. Дегенмен, іштегі балалар туылып, олар ержетіп, үйленгенше талай өзгерістер де болуы ықтимал. Соған қарамастан, іштегі балаларын атастырып, алдын ала құда болу қазақ арасында онша жиі болмайтын. Бел құдалық жалғыз қазақ емес, сонымен бірге, қырғыз және түркімен халқының арасында болатындығын И.Д. Старынкевич атап өтеді. Ол құдалықтың бұл түрі көпке созылып, талай жағдайға душар болатындығын ескертумен бірге, ұл әкесі баласы туысымен уәдеге беріктігін дәлелдеу үшін қыз әкесіне бір жылқы беріп, асықпай қалыңмалын да төлей беретіндігін көрсеткен.

Қазақ арасында ежелден келе жатқан құдалық түрінің бірі бесікте жатқан екі нәрестені атастырып қою. Мұндай құдалықты «бесік құда» дейді. Балалары шыр етіп дүниеге келісімен айттыру негізінен ерекше бір мақсатты діттеген әкелердің ісі. Кейбіреулер келешекте ісі түсетін адаммен жақындасуды көздесе, енді біреулері (әсіресе, дәулеті шағын орта шаруалар) бесіктегі балалары ержеткенше қысылып-қымтырылмай қалыңмалды біртіндеп төлеуді көксейді. Қыз әкесінің де өз есебі өзінде болады [25; 84]. Біреулері қызы үшін ерте алынатын қалың-малдың өсімін пайдалану мен ол малды керегіне ұстауды, тіпті ер баласына айттырған қыз үшін қалыңға беруді ойласа, енді біреулер шағын дәулетін төгіп-шашпай, асықпай жасау жинап, уақыты келгенде баласын дұрыстап ұзату қамын ойлайды. Ежелгі қазақ жұртшылығында балаларын жастай айттыру жиі кездескен.

Қалыңмалды қай уақытта болсын онша қысылмай өтеуге мүмкіндігі бар ауқатты адамдар, әсіресе белгілі байлар төтенше жағдайға байланысты болмаса, бесіктегі балаларын атастырып, құда болуды құптамайтын. Өйткені, байлар құда болу мәселесінде ел арасындағы рулық талас-тартыс, билік, ықпал, сән-салтанат жайларын негізгі мақсатына сай пайдаланатын. Демек, олардың негізгі ойластыратыны болашақ қалыңдық пен күйеудің шаруашылық жағдайы. Қалыптасқан шаруашылық олардың тұрмыс жағдайына, өміріне айтарлықтай әсер етеді. Ендеше, мұның өзі әркімнің сана-сезімін оның тұрмыс-жағдайы, болмысы билейді деген материалистік қиғаданың қазақ арасындағы тікелей көрінісі секілді.

Бесік құда тек қазақ халқына ғана тән нәрсе емес. Оның Орта Азия халықтарының көбінде болғандығын Н. А. Кисляков атап көрсеткен. Қай халықта болмасын бесік құда болудың мәні мен мақсаты жоғарыдағы қазақтар арасындағы бесік құдалықтың мазмұнымен түгелдей үйлеседі. Н. А. Кисляковтың айтуынша, мұндай құдалар шамасынша бір-біріне сый-құрмет көрсетіп, кейде балаларының көйлектерінің етегіне ішек салып, олардың бірінің күйеу, екіншісінің қалыңдық болғанын әйгілеген. Мұндай құдалар арасында қалыңмал мөлшері де кейде шағындау болған. Сайып келгенде, бесіктегі нәрестелерді атастыру әдетінің түп тамыры өте көне замандарға, яғни аналық дәуірге кететін тәрізді. Ана үстемдігі дәуірінде бір аналық рудың ұлдары туысымен екінші аналық рудың қыздарының күйеулері болып саналса, екінші аналық рудың қыздарының күйеулері болып саналатын неке түрін «ортодоксалды неке» деп атаған [43; 69].

Ел қорғаны болған ер-азаматтар, ел еркесі атанған сал мен сері, ақындар қалыңдықты өздері таңдаған. Құда түсу қалыңдық таңдаудан кейін жүргізілетін. Бұдан қазақ арасында әрдайым ер азаматқа қалыңдық таңдауда ерік беріле берді деген ұғым шықпайды. Кейде қатыгез әке өз үкімін жүргізіп, дегенін істететін. Бұған «Қыз Жібек» жырындағы Базарбай сияқты феодалдың баласы Төлегенге жасаған қаталдығы айғақ бола алады. Жігітке қалыңдық таңдауда ата-ананың жанашыр жақын туыстары көмектесетін. Қыз таңдаушылар қыздың жағымды- жағымсыз жақтарымен түгелдей танысатын.

Қыз таңдау ісі аяқталған соң, күйеу жағы қыздың әкесіне құда түсіп, қалыңмалын төлеп, әдет-ғұрып бойынша толып жатқан алыс-берістер, жол-жобалар орын-орнымен екі орындалғаннан кейін, қыз ауылында ұзату, күйеу ауылында келін түсіру тойы жасалып, құдалық арқылы неке құру түрі аяқталады.

Некелесудің көне түрінің бірі қызды алып қашып үйлену. Қазақ арасында қыз алып қашудың ең көп кездесетіні өзінің айттырылған заңды қалыңдығын алып қашу. Күйеу жағын мұндай іске мәжбүр ететін әртүрлі себептер болған.

Кейде қыз әкесі құдасына не күйеу баласына көңілі толмай немесе өзіне пайдалы басқа адаммен құдандалы болып, оны өз мүддесіне сай пайдаланғысы келеді. Мұндай жағдайда әртүрлі сылтаулармен алғашқы құдасына қыз ұзату ісін ұзарта береді. Тіпті, қалыңмалдың түгелдей төленіп немесе оның негізгі бөлімінің берілгендігіне де қарамай, қызын «әлі жас» деген сүйретпемен дәйекті жауап бермей, кешіктіре береді. Бата бұзуға дейін баратын қыз әкесінің мұндай жат ойын сезген жігіт жағы да бірнеше рет кісі салып, алдынан өткеннен кейін қалыңдықты алып қашу шарасын қарастырады. Мұндайда қыз әкесі де қамсыз болмайды. Сондықтан, қалыңдықты алып қашудың ең тиімді жағын ойластырады [28; 31].

Егер қыз әкесі алғашқы құдасының тек кедейлігін менсінбей қызын байлығына, мансабына қызығып, жасы үлкен шалға немесе «Аузы қисық болса да, бай баласы сөйлесін» дегендей, әкесі бай кемтарға, кейде тіпті тоқалдыққа бергісі келгенде оң-солын танып қалған қыз бұған көнгісі келмейді де, шамасынша қарсылығын білдіреді. Мұндай жағдайда алғашқы атастырған қайын жұртының алып қашуына оңайырақ болады. Егер алғашқы айттырған жеріне қалыңдықтың да барғысы келмейтіндігіне көзі жеткен күйеу жағы қалыңмалы төленіп не жартылай беріліп қойса, мүмкіндігі болса зорлықпен, болмаса қапысын тауып ұрлап әкетуге дейін барады. Мұндайда күйеу жағы тегеурінді ел болса, батыл келеді. Қызды еріксіз әкеткен жағдайда күйеудің өз ауылына тікелей апармай, басқа жерге бой тасалай тұрып, оқиғаның барысына қарай іс істейді. Қыз әкесі қандай мықты болғанмен, әдет-ғұрып алдында өзінің шеттігін сезіп, аса батыл қимылға бармайды. Оған қосымша қалыңдықтың қалыңмалын төлеп, енді керек болған жағдайда тартып әкету осал ел мен дәрменсіз күйеудің қолынан келмейді. Мұндай істі өзіне сенген, тәуекелге көз жұмған намысқой ауыл адамдары ғана істейді. Олар әрдайым болған іске бекем болуға түйінеді.

Құда түсу салты бойынша құйрық-бауыр жегізіп, ақ бата жасалып, қалыңмал түгелдей немесе жартылай төленіп қойған жағдайда өз қалыңдығын алып қашудың қандайы болсын кешірілмес күнә емес. Дегенмен, мұндай жағдайда қалыңдықты алып қашқан күйеуге әртүрлі мөлшерде айып кесіледі. Қалыңдықтың келісуімен әкетсе және де әкету алдында құда алдынан бірнеше рет өтіп, қалыңдықты беру туралы өтініш болса, айып мөлшері соншалықты көп болмайды. Ал, мұндай ескерту болмаса, оған қосымша қыз төркіні әлді жер болса, айып мөлшері бір тоғыздан үш тоғызға дейін барады. Кейде намысқой қыз әкесі қызын қайтарып алып, тез арада тойын жасап, жасауымен қолынан да береді. Көбінесе қалыңдығын алып қашқан күйеу жағы айыбын мойындап, қыз әкесінің алдына келсе болды, әдет-ғұрып бойынша заңдылық келісімге келетін. Сайып келгенде, өз қалыңдығын алып қашу (әсіресе, қалыңмалы төленген соң) бата бұзғандық болып табылмайды [61; 83].

Енді қыз алып қашудың жоғарыда айтылғаннан басқа түріне тоқталайық. Біреудің айттырып қойған, керек десеңіз қалыңмалы төленіп қойған қалыңдығын алып қашу да қазақ арасында кездесіп тұратын. Мұндай оқиғалар мынадай жағдайларға байланысты болатын: біріншіден, ержеткен сұлу қыздардың әрқашан ел ішіндегі еті тірі өнерлі жастардың назарын аударатындығы заңды. Ал, қазақ дәстүрінде ата-аналардың балаларын жастайынан атастырып қоятындығын еске алсақ, көркімен де, өнерімен де талай жанды тамсандыратын сұлу қыздардың бой жетіп қалған кезінде басы босы некен саяқ кездесетіндігіне күмәндануға болмайды. Мұндайда ержеткен қыздар өз бойына тең санаған болашақ күйеуіне бар үмітін артып, сонымен бақыт табуды армандайтын. Ал, енді көрікті бойжеткеннің барар жері де, болашақ күйеуі де ойлаған жерден шықпаса, тек қалыңмалын жыға беріп, сұлуды құшпақ болып жүрген жасы келген бай не өнерсіз, кемтар болса, осындай жағдайда ақ батаны аттап, сүйгенімен қашып кететін [26; 125]. Намысқа шыдамаған жесір иесі қыз алып қашқан жігіт ауылын шауып, жесірін тартып әкетумен бірге, мал-мүлік, тіпті сол ауылдың басқа қыздарын қоса әкету сияқты зорлық жасап, ел арасында бітпейтін барымта, шабыс басталатын. Нәтижесінде бүкіл қауым жазықсыз жапа шегіп, күйзелушілікке ұшырайтын. Кейде мұндай шапқыншылық қаупін болдырмау үшін кейбір қатыгез билер бірін-бірі сүйген екі жасты қорғай алмай, намыс кегі кернеген даугер жағына ұстап беріп, аяғы өкінішті өліммен бітетін. Бұған мысал ретінде «Еңлік-Кебек» трагедиясын атап өтсек болады.

Ал, ешкімге айттырылмаған басы бос бойжеткен қызды алып қашу өз алдына назар аударарлық мәселе. Басы бос қызды алып қашу да әртүрлі жағдайларға байланысты болатын. Мұндай жағдай, көбінесе, бірін-бірі сүйген жастар арасында кездесетін. Өйткені, қалыңмалды ойдағыдай етіп төлеуге шамасы келмейтін жігіттерге өз қолынан қызын беруге қыз әкесі әрдайым қарсы болатын да, құдалықтан ат-тонын алып қашатын. Мұндайда бір-бірін ұнатқан жастар өз беттерімен қосылуға серттесіп, қыз ешкімге білдірмей уәделі жерге баратын да, жігіт сенімді жолдастарымен келіп алып қашатын. Әке-шешесінің рұқсатынсыз қашқан қызды күйеу жігіт бірден өз ауылына апармай, басқа жақтағы сыр сақтарлықтай немесе қысылғанда пана боларлықтай тамыр-таныстары мен құдандалы елдерге апарып, келіссөз аяқталғанша бой тасалай тұратын. Кей уақытта қуғыншының келмейтіндігіне көзі жеткен іргелі ауыл өз еркімен келген келінді бірден-ақ ауылына түсіріп, тойын да жасата беретін. Қайткен күнде осындай жағдайдың көпшілігі жастардың ықыласын бұзбай, екі жақтың үйлесуімен аяқталатын [25; 113]. Мұндайда қыз түскен жерінде қалып, ол үшін қалыңмал, түйе бастатқан тоғыз не қалың мөлшеріне тең айып беріп, қыз әкесінің оң батасын алатын. Қызының өз еркімен кеткендігіне көзі жеткен ата-ана «Бетінен жарылқасын» деп, баласының бақытты болуына тілектерін білдіретін. Ал, қалың мен айыбын алған соң қызына жасауын беріп, қолынан ресми түрде ұзататын. Бұдан кейін жігіт әкесі келін түсіру тойын жасап, құдаларын шақырып, әртүрлі әдет-ғұрыптарын, ырымдарын, жол-жоралғыларын жасайтын, құдалар арасындағы алыс-беріс, қарым-қатынас әдеттегідей қалпына түсіп, өмір көші ары қарай жылжи беретін.

Қыз алып қашудың бұл түрі қайсыбір уақытта керісінше аяқталады. Қыз төркіні тегеурінді ел болса, қызының өз еркімен кеткендігіне қарамай, алып қашушы елді шауып-жаншып, қыздарын тартып әкететін кездер де болып тұратын. Махаббаты үйлескен екі жастың ата-аналарының құда түсіп, қыз беріп, келін түсіруге шамалары келмейтіндей жағдайда екі жағы астыртын келісіп, жігіт жағы жасырын алып қашқан болады да, қыз төркіні білмей қалған болып қолдарынан аттандырып жібереді. Мұндай жағдайда құдалар арасында ешбір келіспеушілік қаупі болмайды. Келін түсірген ауыл өз шамасынша той жасайды. Кешікпей қыз әкесіне кісілер жіберіледі. Әдетте, одан кешірім сұралып, айып төленеді. Әртүрлі жол-жоба екі жағынан да әдеттегісінше орындала береді.

Кейбір мықты ауылдың жігіттері қызбен алдын ала келіспей-ақ алып қашатын жағдай қазақ арасында кездесіп тұратын. Өкінішке орай, осы әдет қазіргі уақытқа дейін сақталған. Еріксіз әкелінген қызды алдап-сулап, сөзге көндіріп, әкесіне беделді адамдар бастаған елшілер жіберіліп, айыбы мен қалыңмалын төлеуге әзір екендігін білдіретін. Мұның айыбы ауырлау болғандықтан, қыз төркіні айыбы мен қалыңмалын толық етіп алуға тырысатын. «Тас түскен жеріне ауыр» дегендей, еріксіз болса да, қыз барып қалған соң, қайтып әкетуді ар көріп, көбінесе ризашылығын беретін. Ал, қыздың өзі көнбесе, екі ел арасында дау-шар басталып, билер алдына жүгінісетін де, кінәліге айып кесіп, қызды үйіне қайтаратын. Мұндай жағдай сирек кездесетін, оның өзінде қызды алмақ болған адам кемтар не тым кәрі болса немесе бірнеше әйел үстіне тоқалдыққа алмақ болса, ақыл тоқтатқан батыл қыздар ғана мұндай қорлыққа ешқашан мойынсұнбайтын. Көпшілік жағдайда бұйығы өскен жас қыздар ғана көндіге беретін [43;58]. Бұдан кейінгі әңгіме тек төркінімен келісуде қалатын. Қызы көнген жағдайда төркіні теріс кетпейтін. Алда-жалда қыз төркіні мен күйеу арасында шыққан дау қалыңмалдың не жасаудың толық берілмеуі төңірегінде ғана болатын. Ал, қызды қайырып алу деген атымен күн тәртібіне қойылмайтын. «Қайыра шапқан жау жаман, қайтып келген қыз жаман» деген мақал тегін айтылмаса керек.

Қазақ арасындағы неке құрудың бір түрі ертеректе көрші халықтармен жиі болып тұрған соғыстар мен шабыстарда қолға түскен тұтқын қыз, келіншектерге үйлену болып табылады. Феодалдық қоғам қатынастарының үстем болған кезінде қазақ хандары мен билерінің мүддесіне сай қалмақ, қырғыз, өзбек, түркімен, қарақалпақ және башқұрт халықтарымен болған қантөгіс шайқастардың нәтижесінде қолға түскен тұтқын қыз, келіншектерді ең алдымен соғысқа қатысқан батырлар бөлісетін де, одан қалғандарын ел шетіне кірер-кірмес алдынан сауғалап шыққан туыстары алатын. Тұтқынға түсіп батырлар үлесіне не сауғаға тиген жас қыздармен неке құратын болса, мосқал тартқандарының күні күңдікке өтетін. Жаугершілікте қолға түскен Орта Азия халықтарын былай қойғанда, діні, тілі, әдет-ғұрпы, салт-санасы бөлек қалмақ қыздарының қазаққа сіңісіп кеткендері туралы қазақ арасында аңыз-әңгімелер жиі кездеседі. Ата-анадан ерте қалып, жетімдіктің, жоқшылықтың зардабын басынан өткізген жарлы жігіт ес білісімен өз еңбегімен күн көруге кіріседі. Мұндай адамдардың, әдетте қалыңмал беріп әйел алуға, өз бетімен үй болуға көбінесе мүмкіндігі болмайды. Сондықтан, олар көп жыл бойы жалда жүріп, үйлену үшін мал табуға кіріседі. Кейде олар қызы бар, ұлы жоқ адамдарға бірнеше жыл қалыңмал үшін қызмет істеп, қызын алатын.

Өз еліне жанашыр жақыны жоқ жарлы жігіттер бөтен елде кәсіп қуып жүріп үйленіп, қайын жұртында қалып қойса, оны «кірме күйеу» деп атаған. Бірақ, олардың барлық шаруашылығы қайын атасының шаруашылығынан мүлде бөлек болатын. Сөйтіп, қазақ арасында әлде де болса сақталып келген күйеудің қалыңдық әкесінің қолына енуі не сол елге кірме болып қалып қоюы патриархалды қарым-қатынастан бұрын болған матриархалдық некенің жұрнағы болса керек. Сондықтан да патрилокалды некенің әбден жеңген кезінде оның ішінара бой көрсетуі оқшау көрінуі заңды нәрсе.

Неке құрудың ең бір көне түрінің, яғни алғашқы қауымдық қоғамда болған топты некенің жұрнағы ретінде қазақ арасында әмеңгерлік (левират) және балдыз алу (сорорат) әдет-ғұрыптары бойынша үйлену тәртібі күні бүгінге дейін сақталып келді. Бұл әдеттер тек қазақ халқына ғана емес, сонымен бірге көптеген түркі тілдес халықтар мен монғол халықтарына тән [66; 58].

Әмеңгерлік және балдыз алу әдеттері алғашқы қауымдық қоғам қатынастарының қалдығы ретінде осы күнге дейін өзінің алғашқы мазмұнын өзгертті. Қоғамдық қатынастардың өзгеруіне сай бұл әдеттердің де мазмұны жаңғырып отырды. Мәселен, Н.А. Кисляковтың айтуынша, егер тапсыз қоғамға «басқа бір рудың апалы-сіңлілі қыздарына тән топты неке правосы ортодоксальды некенің негіздерінің бірі болса», Қытай жазбалары бойынша әмеңгерлікпен балдыз алу әдеттері ертедегі ғұндарда «…тұқым үзілу қаупін болдырмау мақсатымен» қолданылған. Ал, таптық қоғамда әмеңгерлікпен балдыз алу әдеттері қалыңдықты қалыңмал төлеп сатып алумен және мұрагерлікпен тығыз байланысты болған, яғни оның барлық экономикалық жағдайларымен араласып жататын. Бұдан әмеңгерлік пен балдыз алу әрекеттерінің сонау алғашқы қауымдық қоғамнан бастап біздің заманымызға дейінгі даму жолын байқауға болады. Ең көне топты некенің қалдығы ретінде ертедегі ғұндарда бұл әдеттер тұқым үзілуін болдырмай, әркімнің үрім-бұтағының ары қарай жалғасуын қамтамасыз ету мақсатын көздегендік болса, кейініректе таптық қоғамдағы тауарлы ақша айналымының дамуына байланысты оған тек тұқым сақтау мақсаты тұрғысынан емес, экономикалық тұрғы- дан да қарайтын болды. Бұған қазақ өміріндегі әмеңгерлік және балдыз алу әдеттерінің қалыңмал, жасау және мал-мүлкіне байланысты іске асатындығы анық мысал болады.

Қазақта «Аға өлсе жеңге мұра, іні өлсе келін мұра» деген мақалға айналған нақыл бар. Мұның негізгі мәні күйеуі өлген жеңгені ағасының мұрагері есебінде қайнысы алады немесе күйеуі өлген келінін қайнағасы алады деген сөз. Мұра есебінде тек әйел ғана емес, онымен бірге бала-шағасы, мал-мүлкі де өлген адамның ең жақын мұрагеріне тиеді. Ағалы-інілі адамдар бірінің баласын бірі әрдайым «балам» дейді. Әсіресе, ағасына інісінің баласы тек қана бала қатарында болса, інісіне ағасының баласы іні қатарында болады. Сондықтан, әкесі өлген жас балаларға жетімдік көрсетпеу үшін, әсіресе, олардың жас шешесі бөтен елге кетіп, мал-мүлікті бөтенге олжа, жас балаларды жат бауыр еткізбеу үшін жесірді ешқайда жібермей, жақын әмеңгері иемденуге тырысады [78; 98].

Қазақтың әмеңгерлік правосы туралы егжей-тегжейлі деректерді Л. Баллюзиктің еңбегінен табамыз. Ер балалары бар жесір қайнағасына, қала берді қайныларына тиеді және барлық мал-мүлік әмеңгердің қарауына өтеді. Баласыз жесір әмеңгерінің біріне шыққан уақытында тек төсек-орын, киіз үй, азын аулық малдан басқа ештеңе алмай, қалған мал-мүлік туыстар арасында бөлінетін. Жесірде бір ғана қыз болса, ол өз үлесімен шеше қолында болады, ал бірнеше қыз болған жағдайда шеше қолында біреуі ғана қалып, қалғаны өз үлестерімен туыстар арасында бөліске түседі. Егер жесірдің бір ұл, бірнеше қызы болса барлығы түгелдей мал-мүлкімен, шешесімен бірге әмеңгер қолына өтеді. Баласы бар егде тартқан жесір тұрмысқа шықпаймын десе, оған зорлық болмайды. Ылғи қыз болған жағдайда бір туысының ер баласын асырап, бауырына салады. Әмеңгерлерінің ешқайсысына шыққысы келмей, басқа біреуге шыққысы келген жесірді шама келгенше жібермеуге тырысады. Кей уақытта зорлау да болып қалады. Бірақ, оның бәріне көнбеген жағдайда дүние-малдан тіпті балалардан да айырып, баратын күйеуінен қалыңмал талап етіп, айып алып қана жіберетін. Жесір тарапынан мұндай қарсы- лықтың ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап күшейе түскендігін Л. Баллюзик ескерте кеткен. Бұдан кейінгі көптеген авторлар әмеңгерлік право туралы жоғарыда айтылған Л. Баллюзиктің деректеріне еш жаңалық қоспай, әрқайсысы әртүрлі дәрежеде осы айтылғандарды қайталаумен болған.

П.Е. Маковецкий зорлап көндіретін жесірге баса көңіл бөлген, ал И. Аничков біршама асыра сілтеп, шындыққа қиянат жасауға бой ұрған. Мәселен, И. Аничковтың айтуынша, жап-жас жігіттердің әйел үстіне мосқал тартқан жесір жеңгесіне әмеңгерлік құқық бойынша үйлену себебі: біріншіден, жеңге үшін бір кезде төленген қалыңмалды босқа жібермеу; екіншіден, оның қызы болса, келешекте ол үшін алынатын қалыңмалды өзіне екінші әйел айттыру үшін пайдалану мақсатын көздегендіктен деп түсіндіреді. Біздің қолымыздағы көптеген әдебиет, мұрағат деректері, әсіресе, өзіміз ел арасынан жинаған мәліметтер бойынша жесірді әмеңгерлік әдетімен күйеуге шығуға ылғи зорлау, күштеу әдісімен мәжбүр етеді деу қиянат сияқты. Әрине зорлау, жәбірлеу де жиі болған, бірақ бүкіл халық осылай істеді деу шындыққа жатпайды. Ал, қыздың қалыңмалын өз мүддесіне пайдалану мәселесіне келсек, ол да жете түсінбей, сырттай топшылаудан туған жаңсақ пікір. Тіпті, бұған дәлел ретінде қызға берілетін жасау мен той шығындары көпшілік жағдайда ол үшін алынатын қалыңмалдан артық болатынын айтсақ та жеткілікті. Әйелі өліп, жас балалары жетім қалған жағдайда басы бос, жас шамасы шамалас балдызын оның еркімен алу қай заманда болсын моральдық нормаларды бұзғандық болып табылмайды. Туған жиендеріне нағашы апасының қамқорлығы өз шешесінен кем болмайды. Әмеңгерлікпен жеңге алу да, балдыз алу да алғашқы қауымдық қоғамға тән топты некенің, яғни туысқан ерлердің бәріне ортақ әйелдер не туысқан қыздардың бәріне ортақ күйеулер болған көне некелік қатынастың қалдығы екені даусыз.

Қазақта болған неке құру түрлерінің ең негізгісі қалыңмал төлеп, қыз айттыру арқылы үйлену болып табылады.Барлық елдің халықтары тәрізді қазақ халқының да өзіне тән отбасы тарихы бар. Адам баласы жүріп өткен сан алуан қоғамдық-экономикалық формациялардың қай-қайсысы болмасын, әртүрлі отбасы формаларымен тығыз байланысты және оны барлық халықтар өз басынан өткізген. Қазақ отбасы мен некесін зерттеудің ғылым үшін де маңызы зор. Өйткені бұл мәселе туралы жазылған зерттеулерде қазақ отбасының тарихы толық қамтылмағандықтан, отбасы мен неке проблемасын жан-жақты қарастырудың нәтижесі қазіргі таң-дағы жастардың отбасы-некелік өмірге деген оң көзқарастарын қалыптастыруда себін тигізеді деген ойдамыз. Бұл зерттеулердің отбасы-некелік өмір туралы ой-пікірлері, қағидалары, тұжырымдары, талдаулары отбасы-некелік өмірдің негізін құрайтын отбасы және неке туралы қажетті материалдар мен деректерді береді. Философиялық, тарихи, әлеуметтік, педагогикалық, психологиялық ғылыми-әдебиеттерді саралай келе, «отбасы», «неке», «отбасы-некелік өмір», «отбасы-некелік өмірге даярлау» ұғымдарына анықтама беруге ықпал етеді. Отбасы дегеніміз – әртүрлі жыныстағы адамдардың өзара көзқарастары мен іс-әрекеттері үйлескен, тығыз қарым-қатынаста болатын әлеуметтік топ. Неке дегеніміз еркек пен әйел арасындағы табиғи қажеттіліктен туындаған, ерікті негізде құрылатын, өзара құқықтары мен міндеттері белгіленген, адамның табиғи, әлеуметтік, биологиялық, психологиялық және рухани өмірінің қажеттілігі [17; 89]. Отбасы-некелік өмір философиялық, әлеуметтік, педагогикалық, психологиялық, биологиялық, физиологиялық, жыныстық мәселелерді қамтитын құбылыс. Отбасы-некелік өмірге даярлау дегеніміз жастардың отбасы-некелік білімдерін жетілдіріп, олардың отбасы-некелік өмір туралы дұрыс көзқарастарын және жағымды іс-әрекет дағдыларын қалыптастыру. Сондықтан, мәселенің ішкі және сыртқы қайшылықтарын педагогикалық проблемамен байланыстырып шешу маңызды.

Некелесудің туыстық шарттарына қарай Қытай мен Монғолия қазақтарының некесі экзогамиялық неке түріне жатады. Аймақ халықтарының некелік ғұрпындағы алыс, жақын некелік қатынастардың қалыптасуының, біздің ойымызша, бірнеше себебі бар. Біріншіден, экзогамия рудың шығуының негізгі алғышарттарының бірі бола отырып, ру сақталған халықтарда міндетті түрде сақталуға тиіс болған. Екіншіден, жақын туыстық некенің шығуының, тұрақтануының отырықшы-егінші халықтарда экономикалық-шаруашылық себептері болды. Оның бастысы жерді, шаруашылықты бөлмеудің амалы еді. Үшіншіден, жақын туыстық неке ислам қағидаттарын қатты ұстанатын халықтарда басымырақ болып келетінін байқауға болады. Тіпті қазақтың ішіндегі өздерін араб тұқымынанбыз деп есептейтін қожалар көбінесе эндогамиялық некеге басымдылық береді. Сондықтан, бұл мәселеде мұсылман дінінің әсері аз болмағанға ұқсайды [26; 34-36].

Сонымен, ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. бас кезіндегі қазақтардың қалыңмал төлеу және оның мөлшері мәселесінен туындайтын қорытындылар мыналар. Біріншіден, Қытай мен Монғолия қазақтарының халықтарында қалыңмал беру кәдесі некеге тұрудың негізгі шарты болып саналды. Екіншіден, қалыңмал некелесу кезінде жасалатын кәде-жоралғылардың, қалыңдық жақтағы той шығыны мен қыз жасауының өтеуі ретінде қарастырылды. Үшіншіден, Қытай мен Монғолия қазақтарының кейбір жекелеген топтарында қалыңмал кәдесі малдан гөрі көбінесе ақшамен төленген. Бұл жағдай отырықшылық шаруашылыққа және тауар-ақша қатынастарының енгізілуімен байланысты болды. ХІХ-ХХ ғғ. аралығындағы Қытай мен Монғолия қазақтарының арасындағы қалыңмал мен жасау мәселесін қорыта келіп, мынаны айтпақшымыз. Күйеу мен қалыңдықтың кездесуі «ұрын келу», «қалыңдық ойнау», «қойнына кіру» деген түрлі атаулармен белгілі. Бұл дәстүрдің арғы мәні, оның генетикалық түп-тамыры – аналық-рулық қатынастар дәуірімен байланысты, сол кезде болған матрилокалды некенің қалдығы. Қазан төңкерісі қарсаңына дейінгі кезеңде қалыңдықтың күйеуге шығар алдындағы арулығын мұқият тексеріп, оған зор мән беру тек қазақ халқына тән әдет емес. Қай халық қандай әдіспен тексеріп, оған қандай мән берсе де оның әуелгі, негізгі мақсаты қыздарды әдептілікке, адалдыққа тәрбиелеумен тығыз байланысты. Біраз қалыңмалы төленгеннен соң қалыңдығына ұрын баратын Қытай мен Монғолия қазақтарының қыздың арулығын тексеру көп жағдайда үйлену тойынан бұрын, неке қиылғанға дейінгі кезеңдерде өтті. ХХ ғ. бас кезінде Қытай мен Монғолия қазақтарының дәстүрлі үйлену салтын сипаттай, зерттей келе, олардың шығу тегі, қалыптасуы, ішкі мәні жағынан салт-дәстүрлер кешенінің көп ғасырлық тарихы бар өте күрделі әрі көп қабатты жүйе екенін пайымдауға болады. Аймақ халықтарының ескі қоғамдық-әлеуметтік қатынастармен байланысты ғұрыптары әртүрлі формада кездеседі. Мысалы, қазақтағы ұрын бару салты өзінің шығу тегі жағынан матрилокалдық некемен, немесе матрилокалдық некенің патрилокалдық некемен ауысуы кезінде пайда болған бір өтпелі кезеңді білдіретін ғұрып. Әдет-ғұрыптарды саралай, сараптай, салыстыра отырып мынадай қорытынды жасауға болады: қандай да болмасын әдет-ғұрып белгілі бір этникалық ортада ортада қалыптасады. Оның қалыптасуына этностың қоршаған ортасы, оның шаруашылық-мәдени типі көп әсер етеді. Этностың белгілі бір замандарда қалыптасқан әдет-ғұрыптары кейін басқа халықтармен араласу барысында белгілі бір өзгерістерге де ұшырап отырады. Дегенмен де этностың мәдениеттін анықтаушы ғұрыптарының көпшілігінің негізгі тіні, ділі сақталады. Оған біз жоғарыда қарастырған Қытай мен Монғолия қазақтарының отбасылық әдет-ғұрыптары, белгілі бір тұрғыда, дәлел бола алады.

Қытай мен Монғолия қазақтарының әйел екіқабат кездегі тиымдары (қоян, түйе етін жемеу, көген аттамау, итті «өкпелетпеу», т.т.), ырымдары бір-біріне өте ұқсас. Қазақтардың салт-дәстүрі сияқты босанғалы отырған әйелдің киімінің ілгектері мен белбеулері босатылған, өрген шашы тарқатылған, теңдер шешілген, сандық, кебеженің қақпағы ашылған, әйелдің үстіндегі метал әшекейлер алынып тасталған. Бұл ғұрыптар аймақтың барлық халықтарына тән, бірінде көбірек, екіншісінде азырақ кездесуі мүмкін. Жалпы таза магиялық сенімге құрылған бұл ырымдардың этникалық мәні, айырмашылықтары жоқтың қасы. Баланы бесікке бөлегенде қазақтар 7 зат жапқан. Жабылатын заттардың құрамы негізінен ұқсас. Ал 7 немесе 9 түрлі зат болуы негізінен бұл сандардың магиялық қасиетіне байланысты. Жалпы 7, 9 сандары, әсіресе, сый-сияпатқа байланысты түркі-моңғол мәдени дәстүрімен тығыз байланысты. Орталық Азия халықтарының бәрінде де туған нәрестені әртүрлі пәле-жаладан қорғауға бағытталға магиялық шаралар көптеп кездеседі. Олар бала мен ана жатқан бөлмеде үнемі шырақ жағу, жаңа туған баланы біреуге өтірік беру, жеті киіз үйдің шаңырағынан, егде тартқан жеті адамның тақымынан, жеті ошақтың бұтынан өткізу, т.с.с. ырым-жоралғылар. Жалпы осы ғұрыптардың түркі тілдес халықтарда кең орындалатынын және де онда көбінесе көшпелі тұрмыс заттарының (шаңырақ, үш бұтты ошақ, кереге, бір арқа отын) жиірек пайдаланылатынын ескерсек оның түркілік мәдени тектестігін анықтауға болар. Сонымен, қазақтар бала дүниеге келуіне және оның тәрбиесіне байланысты рәсімдері – сиқырға, анимистік, тотемистік сенімдерге толы болды. Бұл наным-сенімдер этникалық шеңберден тыс, стадиалдық дүниетаным мен сенімдер түрлерімен байланысты [18; 56]. Сонымен қатар осы ғұрыптардың, оған пайдаланылатын заттардың аймақ халықтарындағы қатты ұқсастығы – Орталық Азия халықтарының арасындығы этногенетикалық және этномәдени байланыстардың тығыз болғандығын тағы да дәлелдей түседі. «Тұсау кесу» негізінен аймақтың түркі халықтарында міндетті түрде орын-далатын және ерекше мән берілетін ғұрыптың бірі. Оның атының өзі айтып тұрғандай бұл ғұрыптың таза түркілік мәдени ортада туғандығында шүбә жоқ. Әйелдердің қолдаушы пірі Ұмай ана туралы түсінік те негізінен қазақ, қырғыз топырағында сақталған. Ұмай культінің түркілік екенін ғалымдар дәлелдеген [78; 12].

Қорыта келе, қазақ халқы ежелден текті халық саналады. Оның басты белгілерінің бірі неке салтынан көрінеді, араларында жеті атаға толмай ағайын ара қыз алмайды, әуелі жігіт пен қыз тұрған «екі ауылдың арасында жеті өзен болсын» деген шарт та бар, мұның барлығы ұқсас қандылардың өзара некеленуіне тиым салудан келіп шыққан. Малшаруашылық өмірде қалыптасқан: «жақсы айғыр өз жатырына шаппайды» деген мәтел де соның бір мысалы. Бұхардың Абылайға: «Ей, Абылай, Абылай қатын алма қарадан...» деп басталатын жырының өзі тектілікті сақтауға қаратылған. Ежелгі хан-патшалардың өзара құдаласуы да жайден-жай емес. Құдаласудың өзі «қарын құда», «қарсы құда», «бесік құда», «әдеттегі құдалық» деп бірқанша түрлерге бөлініп отырған. Бұдан қалса қазақта «әмеңгерлік» деген жол бар.Қазақтың жалпы неке салты бұл күнде өзгеше мән алғанымен Қытай қазақтарындағы бұрынғы дәстүрлердің көп түрі сақталып келеді.

Қытай қазақтарында қыз бен жігіт өзара сөз байласқаннан кейін ар жағы оны ата-аналарына немесе аға-жеңгелеріне айтады. Жігіт жағына иелік ететін ауыл ақсақалы немесе сөз білетін жанашыр туыстарының бірнешеуі (кейде жігіт әкесін де ішіне алады) жиналып қыздың үйіне барады. Қызы арқылы мұны алдын ала біліп отырған қыз жақ қыз айттыруға келушілерді ыстық ықыласпен қарсы алады, ақсарбас сойып қонақ етеді. Қыз айттырып келушілер жағы сөз бастап: «жас өседі, жарлы байиды, ұл ержетсе керегең кеңиді, қыз ержетсе ат байларың болады, балаларымыз өзара табысып, сөз байласқан екен, сіздерге құдалыққа келдік» деген бұйымтайын айтады. Ал қыз жақ: «бала мен бала мақұл болса бізде не айтар болсын» деп разылық сыңаймен аттандырады. Әрі «жауабын артынан айтамыз» деп сөз соңын кейінге қалдырады. Мұның мәнісі-бірі туыс туғанмен ақылдасу, бірі қыздан істің анық-қанығын сұрап қайтадан қадағалауға қаратылған. Қыз жақтың разылығын алған жігіт жақ енді оларды «құдалық қонағына» шақырады. Бұл бір жағынан «құданың от жаққан жерін көру», бір жағынан «құда болып, құйрық-бауыр жесіп» келісімге келу мазмұнында жүріледі, Жігіт жақтың өтініші бойынша құдалық қонағына кем дегенде 5-6 адам, көп болғанда 15-20 адам барады. Жігіт жақ қыз жақты ақсарбас айтып сойып үлкен дайындықпен қарсы алады. Күнімен-түнімен аяғынан тік тұрғызып күтеді, бұл бір жағынан шағын той сияқты өтеді, ән шырқалып, би биленеді. Құда-құдағилар, құдаша-құда балалар өлеңмен айтысып қонағасын одан ары қыздырады, көп жағдайда бұл күні қыз жағы жігіт жағына қонып аттанады, бір қызығы, қарсы алған құдалар жағы келген қонақтарды ұйықтатпай, таң атқанша күтуге тырысады, таңертең ұйықтамаған қалпы аттанып жататын жайттар көп кездеседі. Қонақтар аттанар алдында құдаларға алдын-ала дайындалған сый-сияпат ұсынылады, бұл негізінде бұрынғы дәстүріміздегі «қалың малдың» өтеуі ретінде жүріледі, бас құда (қыздың әкесіне ат немесе атаннан тартып аяғына жұнантай делініп, малдан жетек жетектетіледі. Шыңжаң қазақтарында 30 жетекке дейін жетектететіндер бар, жетектен қалса мотоцикл, теледидар, магнитофон, кілем секілді әр алуан дүниелер ұсынылады, қыздың үйіне арнап арнайы ақша және «ақтық» салады. «Ақтық» өлгендер парызы есептеледі. Қазақтардың «бай мен байдың арасына жорға жүреді, кедей мен кедей арасына дорба жүреді» деуі осындайда айтылса керек. Себебі әлгіндей «құдалық қонағында» қанша нәрсе беруі жігіт жақтың ауқаты шешеді, кейде қыз жақтың қатаң талабынан кедей жігіттің үй-іші келін аламыз деп қарызға белшесінен бататын жағдайлар кездеседі. «Құдалық қонағынан» кейінгі өтелетін салттың бірі «үкі тағу» немесе «сырға салу» деп аталады. Бұл жігіттің шешесі немесе жеңгелерінің қыздың ауылына алғашқы сапары есептеледі. Мұндайда жайдан-жай бара алмайды. Ат немесе құнан жетектеп, қызға арнап алтын сырға алып барады. Мұның мәнісі бір жағынан «қыз бұдан кейін біздікі,оған бөгде ешкім тиіспесін» деп жігіт анасының қыздың баскиіміне үкі қадап, құлағына сырға салу ырымына қаратылған. Үкі тағып, сырға салынғаннан кейін екі жақ тойдың қамына кіріседі. Мұнда көбінесе қыз жақтың тойға соятын малы мен басқа да шығындарын жігіт жақ дайындайды. Той дайындығы біткен соң алдымен қыз жағы «қыз ұзату тойын» жасайды. Жігіт жақ өздері дайындаған отау жүгін машинаға тиеп той жасаудан бір күн бұрын немесе той жасалып жатқан кезде бір топ болып тойға келеді. Күйеу бала қызды алып қайтуға осы көппен бірге келеді. қыз ауылындағы келіншектер жүктің алдына шығып арқан кереді. Онан соң жүк шешеді. Мұның бәрі де кәдемен атқарылады.  Қыз жақтың тойы аяқталған соң, енді тойға келуші жігіт жақ (көбінесе жеңгелері) келінді алып қайту қамына кіріседі де қыздың басына жаулық салады. Қыз босағамен, ата-анасымен, аға-бауыр, әпеке-сіңлімен қоштасып «сыңсыма» және «көріс» айтады. Көрісіп болған соң қыздың жеңгелері мен жезделері қызды қолтығынан сүйеп аттандырады. Өз босағасынан сыртқа шығып бара жатқан қыз артына қайырылып қарамауы керек. Ол жаман ырым есептеледі. «Келін келеді» деген күні немесе соның ертеңі жігіт жақ тойды бастайды. Той басталар кезге үлгіріп келуі керек. Келін босаға аттар алдында «беташар» айтылады [23; 56]. Той басқарушы, пысық жігіт беташар жырымен келіннің бетін ашады. Жігіт шешесі алдынан шығып, бетінен сүйеді, «бақытты болсын» айтады. Келінге шашу шашады. Кейбір жерлерде босаға аттаған келін алдымен ошаққа май салады. 

«Беташардың» айтылуы тойдың басталуы есептеледі, қызды ұзатушы топ ішінде қыз шешесі де болады. Қызды ұзата келгендер де құр қол келмейді, жігіт жақ құдаларға арнап «кит» аталатын сый-сияпат ала келеді қызымызға деп мінер ат, сауын сиыр сыйлайтын салт та бар. Ауылды жерлерде той үлкен салтанатпен өтеді. Шамасы келгендер ат шаптырып, бәйгеден келген жүйріктерге жүлде таратады. Балуан түсіріп, қыз қуар, теңге ілу, көкпар тарту ойындарын жасайды. Той аяқталғанның ертесіндегі таңғы шәйді жаңа келін құйады. Екі жақтың үлкендері ақ батасын арнайды, қызды әкеліп тастаушы шешесіне сүт ақысы деп бір ат немесе сиыр жетелетеді. Екі жақ «күйеу жүз жылдық, құда мың жылдық» деп берекемен тарқасады. Әр жердің салт-дәстүрлеріне сай жоғарыдағы некелесу салтының өзге де үлгілері кездеседі.


    1. Танысу түрлерінің ерекшеліктері


Қазақтарда отбасы мен некеге қатысты сонау ежелден келе жатқан бірегей әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері болатын. Ата-ана өздерінің ұлын үйлендіру қамын әрқашан ойластырып жүретін. Болашақ келінді бала кезінен іздестіре бастайтын. Тіпті балалар дүниеге келмей жатып-ақ атастыру рәсімі болатын. Құдаларды өнегелі, құрметті, текті жерден іздестіретін.

Неке жолына қатысты қазақта «қыз танысу» дәстүрі сақталған. Қыз жанына бір жеңгесін және бір туысын ертіп жан-жақтағы туыстарын кемінде бір ай аралайды, қоштасады. Барған үйлері оның дайындалып жатқан төсек-орнына кілем, алаша, сырмақ, киіз үйдің кереге, үзік, туырлық, керме-бау сықылды бұйымдарын және киім береді. Ел-жұртына, туысына, жекжатына өзі, ата-анасы сыйлар бұл жолы артынып-тартынып келеді. Бұл жолы танысқан қызды қазақ салты бойынша ерекше құрметтейді. Барған үйлері ойын-думан өткізіп, бас қосады. Төсек-орынды дайындауға ауыл-аймақ атсалысады, ісмер әйелдер, зергерлер, тұрманшылар, үйшілер кіріседі. Бәрі дайын болған соң ұрындап күйеу келеді. Есік көргендігідей емес, бұл жолы күйеудің қалыңдығымен бірге болуына рұқсат. Онда да жеңгенің рұқсатымен. Болған шындықтың куәгері-жеңге. Өйткені, ол қыздың пәктігі жөнінде құдалар жаққа да, таңда-мақшарда да жауап беретін қыз жеңгесі ғой.Осы ұрындап келудің мақсаты – келін алып қайту. Сондықтан мұндағы бірге болудың заңын алдыдағы айтылатын кәделерде сөз етеміз.Ұрындап келген күйеу жеке үйге орналастырылады да, қасында кілең жастар, көбінесе балдыздары болады. Ән-күй, әзіл-қалжың дүрілдейді. «Әкенің жақсысы жездедей ақ», – деген бауырмалдық басталады. Ұрын тойында қыздың барлық жасауы ілулі жиюлы тұрады. Жақындардың көмегі туралы әйелдер сыпсыңға басады. Құда түсудің салт-дәстүрлері бойынша арнайы рәсім өткізілетін. Қазақтарда жеті атаға толмаған туыстар арасында неке қиюға қатаң тыйым салынатын. Баланы үйлендіруге қатысты әдет-ғұрыптардың реті мынадай болатын: құда түсуге алдын ала келісу, ата-ананың құда түсуі, күйеудің қалыңдыққа ұрын баруы, келін түсіру тойы, неке қию рәсімі. Ұзатылатын қыздың әкесі құда түсіп келген құдаларға құйрық-бауыр жегізетін. Бұл салт-дәстүр құдалық рәсімінің орындалғанын көрсететін. Ал құдалық екі жаққа да белгілі міндеттер жүктейтін. Құдалықтан айнуға болмайтын [45; 56].

Құда түсудің ресми бөлігі аяқталғаннан кейін жігіт жағы қыздың калыңмалын төлейтін. Қалыңмал әдетте мал басымен есептелетін. Оның мөлшері құда түсушілердің қаншалықты бай, ауқатты екендіктеріне қарай белгіленетін. Қалыңмалдың мөлшері 5 жылқыдан 1000 жылқыға дейін жететін. Үйлену тойы кезінде құдалар бір-біріне кит кигізетін болған. Ол түрлі қымбат бағалы киімдерден, мата кездемелерден, мал басынан тұратын. Құдалар жағы бір-бірімен қоржын алмасып, өзара сыйлық жасасатын. Үйлену тойының әдет-ғұрыптары неке қию рәсіміне ұласады. Қазақтардың дәстүрлі қоғамында қыздың жасауын берудің де зор маңызы болды. Жасау қыз баланың жас кезінен әзірлене бастайтын. Қыздың жасауына киіз үй, кілем, текемет, сырмақ сияқты бұйымдар, киім-кешек түрлері мен ыдыс-аяқтар, әр түліктен тұратын мал басы және басқалары кіретін болған.

Күйеуі өліп, жесір қалған жас әйелге күйеуінің жақын туыстарының біреуі әмеңгерлік жолымен үйленуге құқықты саналатын. Көшпелі қазақ халқының өмірінде мұның әлеуметтік маңызы үлкен болды. Әйел ерден кетсе де елден кетпеді. Марқұм болған адамның балалары өз руының, өз туысының қарамағы мен қамқорлығында қалды, жат жұртқа жіберілмеді. Өйткені олар өз туыстарының арасында жетімдік көрмейді, бейшаралық халге душар болмайды. Сондықтан да құдалардың арасы суыспайды. Егер біреудің отбасы перзент көрмесе немесе баласы тұрмай, шетіней берсе, ол алдын ала келісім бойынша, өз туыстарының бірінің баласын бауырына басып, асырап ала алатын.

Жеке шаңырақ көтеріп, ата-анасынан еншісін алып шыққан жас отбасында күнделікті тіршілігіне қажетті нәрсенің бәрі де – отауы, төсек-орындары мен үй ішінің жабдықтары, есік алдында малы да болатын. Ежелден келе жатқан әдет-ғұрып бойынша ата-анасының қолында кенже ұлы қалып, қара шаңыраққа бүкіл мал-мүлкімен қоса иелік ететін. Қазақтар өздерінің ата-анасын ешқашан тастап кетпейтін. Даланың жазылмаған бұл әдет-ғұрпын бұзғандарды қазақтар нағыз жексұрын, жауыз жандар ретінде жек көрді. «Жүз жылқы той малына кетіпті» – деп М.Ж. Көпеев атамыз айтпақшы некелу рәсімі барысында той малы әзірленетін болған. Келін алуға келген қадірлі құдалар ел дәстүр салты бойынша сән салтанатымен, жөн жосығымен келіп түседі. Той малына әр құда өз дәулеті мен шамасына қарай жылқы немесе бірнеше қой әкеледі. Күйеудің абырой, беделі осы кәдеге де байланысты болады. Бұған қымбат мата, бұйым, жеміс, қант, шәй да қосылады. Әкелген мал арқылы құдалар қыз әкесінен, атасынан немесе сол ауылдағы жолы үлкен ақсақалдан бата тілейді. Батадан кейін әлгі мал сойылып, тойға жиналғандар одан ауыз тиеді. Той малы толымсыз болса қыз жеңгелері құдалардың бетіне басады. Сондықтан да «той малының» мүшесі түгел әрі семіз болуы қатты қадағаланады.

Құда түсу рәсімі келісілген соң дала заңы бойынша күйеу жағы «қалың мал» төлеуге тиіс. Бұл қазақ, қазақ болғалы бұлжымаған ежелгі дәстүр. Оның мөлшері құдалардың дәрежесі мен дәулетіне байланысты екі жақ келісе отырып шешеді. «Бұрынғы кедейлер арасындағы қалың мал мөлшері бес алты малмен тынса, ірі байлар арасында екі жүз, бес жүз, мың жылқыға дейін жеткен. Би мен байлар, хан мен төрелер арасында қалың мал үстіне «бес жақсы» деп аталатын бес түйеге қосып бір «жетім қыз (күң), «аяқ жақсы» деп беретін үш түйеге қоса бір «еркек жетім» (құл) бергендігі кейбір деректер арқылы белгілі. Қалың малдың «қырық жеті», «отыз жетінің бүтіні», «отыз жеті», «отыз жетінің жартысы», «жақсылы отыз жеті», « жиырма жеті», «он жеті», «домалақ қалың мал», «домалақ бата» сияқты түрлері болған [53; 17]. Мұның сыртында той мал, сүт ақы, күйеу апаратын ілу, өлі тірі апаратын, тағы басқа көптеген бағалы кәде, жоралар да болады. Бұған кеңес үкіметі кезінде «қызды малға сату» деп қара күйе жағылып келді. Ал шындығында қыздың жасауы «қалың мал» мөлшерінен кем болмаған. Демек, бұрынғы дала заңында бұл ескерілген сияқты. Әрине «қалың мал» құдалардың дәулетіне байланысты болған. Бұл істе әркім өз шама шарқына қарай белгілеген. Бұрынғы заманда «қалың мал» байлық пен мырзалықтың дәрежесін әйгілейтін көріністің айғағы болғаны шындық. ХІХ ғасырдың алғашқы ширегінде Кіші жүзде Байсақал мен Орта жүзде Сапақ құда болған. Сонда Байсақалдың қызының «қалың малы» бес жүз жылқы болған. Қазақта сондай-ақ күйеу балаға да сый-құрмет көрсетерін болған. Күйеуді алып келу ушін барған жеңгей күйеудің атына мініп ат көрпенің астынан көпшік қыстырарын алады. Белгіленген уақытта күйеу жолдастарымен, тиісті тарту, сыйлығымен, той малымен қалыңдық ауылына жүреді. Той басталады. Күйеубала келісімен ауылдағы ең сыйлы бәйбіише табаққа құрт, ірімшік, табылса, тәтті қосып шәшу шашады. Жұрт мұны жапа тармағай таласа теріп алып жейді.  Бұл қуаныштың белгісі. Қыз алуға келген күйеу жігітке қыздың тойында бір табақ етті «қыз алар» дәстүрі бойынша жігіттің алдына қойған. Күйеу жігіт табақ әкелген жеңгеге сыйақы берген. Аттанар алдына қыз әкесі келген жігіттерге сый құрметін көрсетіп, киіт кигізеді. Жаңа күйеуге сыйлық береді, бұл «қапқа салар» деп аталады. Бұл Құданың тұрмыс жағдайына байланысты. Бұл сыйлыққа қымбат киім, ат әбзелі және басқа мал да беріледі. Бұл, әрине, қайын атасының мал бастылығы, атақ абыройы.

Құда түсуге келген құдаға қыз әкесі осы тойға байланысты мәселелермен түгелдей келіседі. Бұл тойға жігіт бас құдамен келеді. Басқада жақын туыстар мен бірге өзінің таланты, білімдар достарымен келеді. Сыйлықтар ішінде ерекше ырым-кәде – «сүт ақы» болып табылады. Қыздың анасына «Сүт ақы» береді. Қызын жақсы, өнегелі етіп тәрбиелегені үшін енесіне «сүт ақы», атасына «жігіт-түйе» сыйлайды. Бұл сыйлық – қымбат киім, түйе, жылқы, ат абзелі т.б. Қыз әкесі батасын беріп ризашылық білдіреді [69; 56].

Неке оқу – қыз бен жігіттің бірге болу үшін асатын ең биік асуы осы. Бұдан бұрын бірге болса ол – күнә. Бұны нимахрам дейді мұсылмандар. Қазақта некені молда оқиды. Неке оқылғанда сол бөлмеге адам сыйғанынша жиылады. Бұлар – екеуінің қосылғанына күә. Сондықтан бұның бәрі неке суынан ауыз тиюлері керек. Неке суы үлкен кеседе болады да, оған су, тұз, қант, сақина салады. Су – екеуінің пәктігіне, тұз – егер біреуі келешекте опасыздық етіп осы некені бұзса дәм атадыға, қант екеуінің тату-тәтті өмір сүруіне, сақина неке ескерткіш ету үшін салынады. Біздің қазақта куәлер некеден соң тарап кетеді [67; 58].

Ал, Шығыстың кейбір мұсылмандарында, жас куәлер қыз бен жігітті жатқызуға апарған тамның төбесіне топырлап шығып алып, төбедегі тесіктен жатып ап сығалайды (ертедегі тамдардың терезесі төбеде болған ғой). Қыз бен жігіттің жеңгелері құранды ұстап, бір жалпақ нан, онан соң екеуінің астына төсейтін ақ алып үйге кіргенін де көруге бұлар ақылы. Жеңгелер ақты төсекке емес, жердегі төсекке салып кетеді... Ертеңінде екі жеңге келіп күйеу-ұлға «Көңілің толды ма?» – дейді. Астыларындағы ақты көреді. Қыз оңды болса, екі жеңге қыз үйіне қуанышты хабар айтып шүйінші алады. «Қыз өсірсе, міне, сіздей болсын. Арық аттатпай, ауыр жүк көтертпей, еркекті жолатпай өсіргендеріңізге мыңда бір рахмет». Дегенді естіген ата-ана бір жасап, құданың төрінде өте кеуделі, ер отырады. Алда-жалда бұның керісінше болса әлгі жалпақ нанның ортасын тесіп апарады. Мұндай қыл көпірде ешкім өтрік айта алмайды. Екі жеңге қолдарындағы құраннан қорқады. Қазақта мұнша қатал болмағаны нан, екі жақтың жеңгелері де «емтиханды» аз алмайды.

Неке оқылғаннан кейін келіншек аталатын қалыңдық ертеңінде той тарасымен далаға тігілген шатырға шақырылады. «Бұл күйеуің екеуінің енді ер жетіп адам болдыңдар. Келешекте шаңырақ иесісіңдер. Біз енді осы қуанышқа асығамыз. Бүгіннен бастап қол ұстасып, тізе қосып, ашық жүрулеріңе рұқсат» дегені. Бұл жолғы шатырдың байғазысын ұл жақтың бір құдағиы береді. Өйткені болашақта отау – осылардікі.







ҚОРЫТЫНДЫ


Қазақ ел болып қалыптасқалы басынан небір қасіреттер өткен. Алпауыт елдер қазақ елін тарихи аренадан жойып жіберуге ұмтылған. Нақтылап айтсақ, отыз жыл ойран болған 1916-1945 жж. арасында қазақтар өз ата-мекенінен бірнеше дүркін үдере көшуге мәжбүр болған. Репатриация процесі осы үдере көшкен қазақ халқының оның ұрпақтарының тарихи Отанына оралуы. 1930 жылғы келгендерде «Отаным» деген сезімнен гөрі, бала-шағасын, жанын сақтап қалу ойы басымырақ болған. Себебі, Голощекин саясатының озбырлығынан қашқан ел, жол жағдайының немесе көшіп-қонудың шыдамсыз ауыр тіршіліктеріне шыдамай, өз еліне қайтадан келуге мәжбүр болған. Сонымен қатар, Ресей мен Қытайдың келісімімен Қытай шенеуніктері казактарды күшпен қайтарып отырған. Ашаршылық пен індет, әділетсіздік пен қатігездік билеуінде болған қазақ елінің өз ата-жұртына қайта оралуға ниеттері аса болмаған. 1950-1960 жж. Репатриа-ция процесі екі жақ келісімімен бейбіт түрде болған, әрі қазақтардың тарихи Отанына жаппай қоныс аударған, көшіп-қонудың жарқын кезеңі.

Тәуелсіз Қазақстандағы репатриация үрдісінің аса бөліп айтатын ерекшелік-тері – біріншіден еліміздегі демографиялық олқылықты қалпына келтіретін этникалық қазақтардың өз тарихи отанына оралуын Қазақстан Республика-сының көші-қон саясатының негізгі басымдылықтарының бірі деп саналуы; екіншіден қалыптасқан репатриация механизмін орнату, көші-қон шараларын қамтамасыз ететін мемлекеттік қордың болуы, жеңілдіктер мен компенсация-лардың бөлінуі, үшіншіден, репатриация барысындағы барлық шығындарды төлейтін және жартылай қазақстандық қоғамға бейімделу шығындарын көтере-тін жыл сайын белгіленетін репатриация квотасы, төртіншіден, мемлекеттік өкілетті органдары көші-қон және демография Агенттігі, қазіргі кезде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі жанындағы көші-қон комитетінің құрылуы, бесіншіден шетелдерде тұратын отандастарымыздың істері жөніндегі ҚР Үкіметінің қарамағындағы ақпараттық-консультативтік Комиссияның құры-луы, алтыншыдан мемлекеттік емес мекеме Дүниежүзі қазақтарының қауым-дастығының құрылуы және оның қазақ диаспорасымен жұмыста бағдар беріп отыратын президиумының болуы, жетіншіден оралмандарға, қазақ диаспора-сына жеке мемлекет тарапынан қолдау көрсетіп, әлеуметтік жәрдем көрсету. Көші-қон мәселелерінде этностық қазақтардың тарихи отанына оралуының орны ерекше. Өйткені Қазақстандағы демографиялық ахуалды жақсартып, халқымыздың санын көбейтуге үлес қосатын – осы оралмандар көші.

1990 жж. репатриация ерекшелігі оның еңбек шартынан бастау алғандығы болды. Тәуелсіздік жылдары Монғолиядан келген отандастарымыз репатриация процесіне жол ашты. Бұл процесті Қытай Халық Республикасы, Түркия, Иран, Ауғанстан, кейінірек Тәжікстан, Ресей, Өзбекстан, Түркменстандағы отандас-тарымыз жалғастырды. Ең басты ерекшелік тәуелсіз Қазақстандағы репатриация процесі әр түрлі тарихи құбылыстарға байланысты шетелдерде өмір сүріп жатқан отандастарымыздың атамекенге оралу армандарының орындалуы өз еріктерімен ұлтжандылық сезіммен болып жатқан құбылыс. 1990 жж. бас кезінде негізінен алыс шетелден келгендер басым болды. Билік органдары ең алдымен қауіп-қатерлі соғыс зардаптарын шеккен Иран Ислам Республикасын-дағы отандастарды көшіруге амалдарын жасаған. 1991-1993 жж. Монғолиядан оралғандар басымырақ болған. Бірақ еліміздегі жекешелендіру саясатының басталуы салдарынан келгендердің көпшілігінің бұл жағдайлардан тыс қалып, экономикалық ауыртпалықтарға байланысты кері көшулер де орын алған. 1993 жж. бастап көшіп-келі квотасы бөлініп, 1997 ж. «Халықтың көшіп-қону туралы» Заңының қабылдануы отандастарымыздың көшіп келулерін жандан-тып көшіп-келудің жаңа толқыны орын алды. Келгендер еліміздің оңтүстік аймақтарына орналасуға тырысқан.

2000 жж. басында жақын шетелден келушілер легі көбірек болды. Әсіресе көрші елдердегі экологиялық апатты аудандардан өз бетімен келгендер көп болған. Келгендер ауа-райы қолайлы, бірақ жұмыс орындары аз оңтүстік аймақтарға орналасуда. Өзбекстанға квотаның көп бөлінуіне қарамастан, квотадан тыс келушілер легі өсуде. Квотадан тыс келген оралмандарға да алғашқы кезде көрсетілетін бір реттік әлеуметтік көмек көрсетілу қажеттігі, олардың қазақстандық ортаға бейімделілулерін жеңілдетер еді. Сондай-ақ қазақтар жиі орналасқан сырт жерлерге барып, көші-қон жұмыстарын алдын ала дайындайтын, ұйымдастыратын шағын мемлекеттік ұйымдар ашылса. Бүгінде шетелден келген этностық қазақтардың ең көп қиындық көрсеткен мәселесі – тұрақты тіркеу. Тұрақты тіркеуі жоқ адам оралман куәлігін ала алмайды, яғни жұмысқа да орналаса алмайды. Бұл алыстағы отандастарымыз-дың атажұртқа келуіне үлкен кедергі болып отыр. Осындай олқылықтардың шешім табуы шетелдегі отандастарымыздың атажұртқа көптеп келуіне бұрынғыдан да кең жол ашар еді.

Елбасымыз «Қазақстан – 2030» стратегиясында былай деген еді: «Демографиялық және көші-қон саясаты ұлттық қауіпсіздіктің басты бағдарының қатарында болуы керек. Егер біздің мемлекеттік мекемелер бұрынғыша бұл мәселеден тыс қалса, онда бізде ХХІ ғасырдың тоғысында Ресейден кейін «демографиялық дағдарыс» жағдайына енеміз. Мұндай дағдарыста халықтың саны сыртқы көші-қон процестерінің салдарынан ғана емес, табиғи өсімнің жоқтығынан да төмендейді. Бұл ағым тезірек тоқтатылуы керек». 2007 жылы еліміздегі халықтың санын 2015 жылы 20 млн-ға жеткізу міндетін қойды.

Бүгінде Қазақстан әлемдегі бар отандастарының елге оралуларымен үнемі шұғылданып келе жатқан төрт мемлекеттің біріне жатады және осы мақсатқа үлкен бюджеттік қаражаттар бөледі.

Шекаралас отандастарымыз бен қазақ диаспорасының балаларына жыл сайын еліміздегі оқу орындарына түсу үшін екі пайыз квота бөлінеді. Елбасының бастамасы бойынша Дүниежүзі қазақтарының үш құрылтайы өткізілді. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің жанынан көші-қон және демография істері Комитеті жұмыс істейді. 2005 жылы көші-қон квотасының жылдық саны 15 мың отбасына жетті. Квота алдымен материалдық жағдайы нашар, өздігімен Қазақстанға көшіп келе алмайтын шет елдегі қазақтарға беріледі. Квотаның жоғарыда көрсетілген көрсеткіштері 2006-2012 жылдарында да сақталынып келе жатыр. Мемлекет тарапынан: оралмандарға арнайы мемлекеттік жәрдем ақша, мүгедектерге, асыраушысы жоқ отбасына жәрдем ақша және жасына қарай зейнетақы төлеу; Қазақстан Үкіметінің қаулысымен оралмандар отбасының балаларына кәсіби орта және жоғары білім беретін оқу орындарына түсетін квота; Қазақстан Республикасына келерінде визаға төленетін консульдік салықтан босату; әскери борышын өтеуді кейінге қалдыру көзделген. Жергілікті атқарушы биліктің мекемелері оралмандардың тегін медициналық жәрдемнің кепілденген көлемін алуды, мемлекеттің арнайы әлеуметтік жәрдем көрсетуін, жұмысқа орналастыру көмегін, біліктілігін арттыру және жаңа кәсіпті меңгеру шараларын; мектептерге, мектепке дейінгі мекемелерге балаларын орналастыруға жәрдемдесуді; әлеуметтік жәрдем беру, мемлекеттік және орыс тілдерін оқып-білуге жағдай жасау жүмыстарын бақылап, жүзеге асырып отырады.

Иммиграциялық квотаға енген оралмандар өз бетінше квотадан тыс келгендерге қарағанда, төмендегідей қосымша жәрдемдер мен төлем ақы алады: шекарадан өткенде кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден босатылады, қоныстанған ауданынан үй алуға қаражат, бір рет жәрдем ақы, қоныс тепкен жерге жету жолы мен көлік шығындары мемлекет тарапынан өтеледі. 2002 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасының азаматтығы» туралы заңға қосымшалар мен өзгерістер енгізу туралы» ҚР Заңында оралмандар ықшамдалынған тізбемен қазақстан азаматтығын бұрынғы өзі тұрған елден сыртқа шықпай алуға мүмкіндік көрсетілген. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 9 шілдедегі № 748 қаулысы бойынша оралмандарға өздері қоныс тепкен елдік мекендерде жеке үй салуға жер бөлінетіндігі көрсетілген. Қазақстан азаматтығын алғасын бұл жер бөлігі оның жеке меншігіне өтетіні де айтылған.

Аталған мәселелердің барлығын қорыта қарасақ бүгінгі таңда мемлекет тарапынан Отандастарымызды елімізге оралту мақсатында бірқатар игі іс-шаралар жасалғандығын байқаймыз. Ғылым-білім саласы, әлеуметтік жағдайға көрсетілетін көмектер бір жағынан Отандастарымыз үшін үлкен стимул болып табылады. Қанша дамыған мемлекетте диаспора болып тұрғаннан гөрі өз еліңнің ел қатарлы азаматтарының бірі болып тұрған дұрыс. Сондықтан да халқымыздың «өзге елдің сұлтаны болғанша өз еліңнің ұлтаны бол» – деген нақыл сөзі бекер айтылмаса керек. Шетелдердегі қазақ диаспорасының тарихына үңілсек, оның қалыптасуы – көптеген себептердің салдарынан туындайтын ұзақ уақытқа созылған тарихи процесс. Қазақтардың бір бөлігі XIX ғасырдың алпысыншы-жетпісінші жылдары Алтай тауының солтүстік беткейіне асып, Қобда өлкесін мекендеген. Олардың Қобда бетіне барып мекендеуінің негізгі себебі жайылым жер мәселесіне байланысты болды.

Моңғолия аумағындағы қазақтардың бір бөлігінің қазақ руларының қоғамдық құрылымын, ондағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың сипатын түсіну үшін, қазақ халқының ортағасырдағы тарихындағы көптеген мәселелерге үңілуге тура келді. Бұл мәселелер көп жылдар бойы маркстік-лениндік теория тұрғысынан, атап айтқанда, формациялық теория тұрғысынан зерттелді. Ол бойынша ортағасырдағы қазақ, қоғамын феодалдық қоғам, ал оның қоғамдық – әлеуметтік қатынастарын феодалдық сипатта болды деген қорытынды жасалды. Бұл қорытынды көшпелі мал шаруашылығымен шұғылданған елдердің тұрмыс-тіршілігіне орай, барлық жерлеріне сәйкес келе бермейді.

Қазақ жерінде феодал деп аталып келген үстем тап өкілдерінің жер меншігі болған жоқ, жерге феодалдық монополиялық меншік болмаған жағдайда басыбайлылықтың болуы мүмкін емес. Мұндай қайшылықтан шығудың жолын КОКП тапты. Партияның шешімі бойынша «патриархалды феодализм», «патриархал феодалдар», «жартылай феодалдар» деген атаулар дүниеге келіп, 1928 жылы феодалдарды тәркілеу жұмысы жүргізілді. Моңғолияны мекендеген қазақ халкының, қоғамдық әлеуметтік құрылымын маркстік-лениндік формация теориясы негізінен зерттеуге болмайды, деген қорытынды жасалды.

Қоғамтанушы ғалымдардың соңғы кезде ұсынып жүрген көшпелі мал шаруашылығымен шұғылданатын елдерге байланысты көшпелілер өркениеті деген ғылыми бағытты ұстанған жөн. Монғолиядағы ұлт-азаттық көтерілістің нәтижесінде 1911 жылы ұлт бостандығы қолға алынды. Ал Моңғолиядағы қазақтар 1932 жылы қыркүйекте теңдік алып, тағдырын моңғол халқымен жалғастырды. 1921 жылы моңғол халқының ұлт-азаттық революциясы елдің батыс бөлігінде жеңіске жетуіне қазақтар белсене ат салысты. Бұл революция көп жылдар бойы социалистік революция типіне жатқызылып, елдің болашағын социализммен ұштастыруға әкеп соқты.

Революцияның нәтижесінде моңғол халқының алдынан капиталистік даму жолы ашылды. Бірақ, моңғол елі қоғамдық дамудың табиғи жолынан ауытқып, социалистік даму жолына бет бұрып кетті. Елдегі ұлт - азаттық революцияның жеңісінен соң, МХРП үкіметі Монғолияны мекендеген аз ұлттар, оның ішінде қазақтардың саяси-экономикалық, әлеуметтік өмірінің ерекшеліктерімен санасу саясатын белгіледі. Бұл саясат отызыншы жылдардың соңына дейін жүргізілді, онда ескі әкімшілік жүйе қалпы сақталып, қазақтар мемлекетке қандай да бір міндет (алым-салық мал шаруашылық өнімін дайындау, әскери міндет), т.б. атқарды. Отызыншы жылдардың соңында қазақтардың ерекшеліктерімен санасу саясаты олардың арасында жүргізілетін өзгерістерді революциялық жолмен, яғни күш көрсету арқылы жүзеге асыруға ұласты,оны біз «қатал саясат» – деп атадық. Оның мазмұны қазақтар арасында социалистік экспериментті жүзеге асыру болды.

Социалистік эксперимент моңғол елінде 1924 жылдан басталды. Осы жылы шақырылған партия съезі Монғолияны капитализмнен тыс жолмен дамытып, социализмге жеткізу партияның сара жолы деп жариялады. Қазақтар да моңғол халқымен бірге болашақта социализмге өтуге тиіс болды. Дегенмен, осы кезде қазақтардың ерекшелігімен санасу саясаты жүріп жатқандықтан, социалистік эксперименттің зардабы қазақтар үшін кейінірек сезілді. 1938 жылы партия мен үкіметтің орталық органдарының шешімі бойынша қазақ байлары мен молдаларын, интеллигенцияның біразын революцияның жауы, шетел тыңшысы деген жалған жаламен сотқа тартып, мал-мүлкін тәркіледі. Қазақтың ауқатты тобына жалған жала жабылып, тап ретінде жойылды.

Социалистік экспериментті жүзеге асырудың құралы ретінде қолданылып келген қатал саясаттың келесі бір көрінісі алпысыншы жылдардың басында моңғол елінің ауыл шаруашылығын ұжымдастыру. Бұл эксперименттің моңғол халқына, соның ішінде, қазақ диаспорасына тигізген зардабы өте ауыр болды. 1959 жылдың аяғында Баян-Өлгей аймағында малшы халықтарды ұжымдастыру толығымен аяқталды. Қазақтар экономикасының басты саласы мал шаруашылығы ұжымдастырудың соңғы 30-жылында бір орыннан жылжымады. Осы жылдары мал шаруашылығының материалдық базасын нығайту үшін жұмсалған қыруар қаражатта, малшы халықтың еңбегі де еш нәтиже бермеді. Мал жеке меншіктен ұжымдық меншікке айналғандықтан, онын иесі болмады. Иесіз малдың өсіп-өнуі мүмкін емес еді, керісінше, оны талан -таражға салу оңай іс болды. Қазақ малының тұқымы өзгерді. Қазақтар ғасырлар бойы жинақтаған мал шаруашылығын ұйымдастыру тәжірибесінен айырылды, көші - қон процесінін жүйесі өзгерді. Көшпелі мал шаруашылығымен айнылысатын халықтардың дүниежүзі өркениетіне қосқан негізгі үлесі - көшпелілер өркениеті ұмыт болуға айналды. Қазір қазақ және моңғол сияқты мал шаруашылығымен шұғылданған көшпелі елдерде мал шаруашылығын социалистік әдіспен ұжымдастыру саясаты теориялық тұрғыдан ғана емес, практикалық тұрғыдан да қате саясат ретінде танылып отыр. Социалистік эксперимент рухани салада да өзінің терең ізін қалдырды. 1930 жылдан бастап, Моңғолияның қазақ диаспорасының әліппесі араб – усул - жадид-латын - кириллица болып үш рет өзгертілді. Қазақтар тарихи жадынан үш рет айырылып, үш рет сауатсыз болып қалды. Социалистік эксперименттің саяси-әлеуметтік зардабы да аз болған жоқ. Алпысыншы жылдары елдің экономикасы мен мәдениетінің жеткен деңгейіне көңілі толмай, елдін болашағы үшін қиналған басқаша ойлаушыларды партияға қарсы топ деп жариялап, зиялылар қатарынан аластап, өз позициясын мықтап алған қайраткерлер қазақ диаспорасы хақында жүргізіп келген қатал саясатқа, енді шовинистік рең бере бастады. Мұндай саясат Баян-Өлгей аймағын басқару ісін моңғол азаматтарының қолына беру, қазақ диаспорасы арасында Қазақстанның ықпалының күшеюіне жол бермеу, қазақтарды бірте-бірте моңғолдандыру саясатын жүргізу әрекеттерінен көрініс тапты. Бұл шовинистік саясат нәтиже бермеді, екі-үш жылдан соң аяқсыз қалды. Социалистік қатал саясаттың да, алпысыншы жылдардағы шовинистік әрекеттердің де қайсысы болмасын Моңғолиядағы қазақ диаспорасының басқа ұлтқа сіңіп кетпей, өз халықының тілін, әдет - ғұрпын қазақы күйінде сақтап қалуын тежеуге олардың атамекенімен байланысы үзіліп қалмай керісінше, оның жыл санап нығайып отыруына, қазақтардың ұлттық аймағының болуына, аймақ халқының басым көпшілігі қазақтардан құралуына, іс-қағаздары мен білім алу қазақ тілінде жүргізілуіне, қазақ пен моңғол халқының қоғамдық құрылымы, әлеуметтік-экономикалық қатынастарының сипатына, өмір тіршілігінің ұқсас болуына байланысты болды. Қазақ диаспорасы тақырыбының көкейтесті мәселелерінің бірі - оның болашағы туралы екені талас туғызбаса керек.

Қазақ диаспорасының болашағы атамекенге байланысты қаралуға тиіс. Халықтың өзі бастап, өзі «көш» атандырған қазақ диаспорасының атамекенге оралуы 1991 жылдан басталды, оны моңғол еліндегі қазақтар бастады.

XX ғасырдың соңында дүниежүзінде, атамекенде сондай-ақ, Монғолия мемлекетінде болған саяси-әлеуметтік өзгерістер, жетпіс жыл өмір сүрген тоталитарлық жүйенің құлауы, демократияның өрістеуі, тәуелсіз жас мемлететтердің орнауы, халықтардын ұлттық сана сезімінің оянуы, тағы басқа оқиғалар осы көштің негізгі себебі болды.

Дүниежүзі қазақтарының І құрылтайы нәтижесінде әлемдегі қазақтармен тығыз қарым-қатынас жасайтын орталық құрылып, оның қолға алып, жүзеге асырған істері кеңінен қолдауға тұрарлық. Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы шақырылып, қауымдастықтың құрылғанына жиырма жылдан асты. Осы, зымырап өткен уақыт шамасында қауымдастықтың тікелей басшылығының арқасында Дүниежүзі қазақтарының ІІ, ІІІ және ІV құрылтайлары өтті. Тұңғыш құрылтайда қазақ ұлтының өзекті жан -жақты мәселелері қарастырылып, бірегей мақсаттарын дамыту міндетімен айналысатын орталық құрылды.

2002 жылы өткен Дүниежүзі қазақтарының ІІ құрылтайына әлемнің 33 елінен барлығы 470 адам келді. Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы әлем қазақтарының ІІ құрылтайында бас қосуына мұрындық болды. Құрылтайда қарастырылған мәселелермен қатар төрткүл дүниедегі қазақтардың арасындағы тұрақты байланыстарды одан әрі тереңдетіп, кеңейтуді басты міндет қойып, ХХI ғасырға қадам басқан ұрпағымызды халқымыздың тарихы мен қалыптасқан рухани-адамгершілік қасиеттеріне сай ата-жұртқа деген адалдығы жолында тәрбиелей беретіндігіне сенім білдірді. Құрылтай әлем қазақтарының алдында тұрған міндеттердің аса күрделі екенін айрықша сезіне отырып, қандастарымыз өмір сүріп жатқан сырт елдермен өркениетті келісімдер негізінде қазақ ұлтымыздың қалыптасу жолын жалғастыра беру, бауырластарымыздың ұлттық-мәдени тұрғыдан жан-жақты дамуына күнделікті қолдау жасау өзектілігіне тоқталып өтті.

Шетелдерде тұратын қазақ диаспорасы басқа түскен ауыр жағдайда әлемнің көптеген елдері қазірдің өзінде түсіністікпен қарап отыр. Алыс шетелдердегі қазақ диаспорасы топтасқан Моңғолия, Иран, Түркия мемлекеттері қандастарымыздың өз Отанына қайтуына еш кедергі жасамай, шығар есіктерін айқара ашып тастады.

Еліміз тәуелсіздік алғаң соң, бірнеше жылдар ішінде Моңғолиядағы ағайындарымыздың шамамен үштен бірі көшіп келді. Сол ағайындарды қарсы алып, қоныстандырған кезде ауыз толтырып айтарлықтай іскерлік таныта алмадық. Иран мен Түркия тарапынан да сонау жылғы аласапыранда Ауғанстаннан ауып барған қандастарымыз болмаса, қалғандары қозғала қоймай, әліптің артын бағуда. Ол елдерде тұратын қазақ диаспорасы жаңа заманға бейімделген кәсіпкерлер. Кейбір елдердегі қандастарымыздың қазіргі жағдайы, көп мәселені көтере бермейді. Түркия мен Ирандағы қазақтардың сол елдерге барып қоныс тепкеніне алды алпыс, арты қырық жылдан асып кеткен екен. Ал Қытайдағы ағайындардың саны бір миллионнан астам. Қазақ ұлтының болашағы көп жағдайда, әлемнің 45 елінде саны 5 миллионнан асатын қазақ диаспорасы, сол бауырларымыздың қатарымызға аман-есен оралуына байланысты.

Тәуелсіздікке қол жеткізгелі Президент Н.Ә.Назарбаев тарыдай шашылған қазақтың бір шаңырақтың астына жиналуына айрықша ден қойып келеді. Сол мақсатта елімізде арнайы жоспарлар жасалынып, қаржы бөлініп, соның қазіргі нәтижесі де баршылық. Елге келген оралмандар ғылым мен мәдениеттің, әдебиет пен өнердің дамуына да өзіндік үлестерін қосып келеді. Бүгінде атажұртына көшіп келген бауырларымыздың арасында 45 ғылым докторы, 242 ғылым кандидаты, 24847 жоғары білімді мамандар бар. Олардың ішінде 1530-ы шығармашылық жұмыспен айналысса, 11753-і біліммен және 6058-і медицина салаларында, 773 адам мемлекеттік қызметте жұмыс атқаруда.

ТМД елдерінің ішінде қандастарын тарихи отанға оралтумен жүйелі айналысып, қомақты мемлекет қаржысын жұмсап отырған жалғыз ел – Қазақстан, ал дүниежүзінде - үш елдің біреуі.

Бүгінде ҚР-дың ең алдымен, мемлекеттік ұйытқы ұлты – қазақ ұлтының бүгіні мен мен болашағына баса назар аударып қарастырылуда. Қазақстанның соңғы жылдардағы жетістігі ол қазақ халқының үлес салмағы артып келеді. Егер 1989 жылы республикадағы қазақтардың үлесі 40 пайызға жетер-жетпес болса, қазір бұл көрсеткіш 58 пайызға жетті. Бүгінде кеңестік дәуірге қарағанда билік басындағы қандастарымыздың мемлекеттік қызметтегі үлес салмағы 80 пайызға көтерілді, әрине бұл салада қолға алатын істер әлі де баршылық, алайда, қол жеткізген нәтижелерде ауыз толтырып айтатындай. Осы орайда 1991 жылдан (2005 ж.) 1 шілдеге дейін елімізге барлығы 110 мың 591 оралмандар отбасы қоныс аударды. Соның ішінде 1991 жылдан 2007 жылға дейін бірғана Оңтүстік Қазақстан облысына 19 алыс және жақын шетелдерден оралмандар қоныс аударып, олардың саны 39936 отбасы немесе 136787 адамға жетіп отыр. Оның ішінен 10521отбасы көшіп келу квотасымен 29415 отбасы квотадан тыс көшіп келгендер. Бұл республикаға келген оралмандардың 28 пайызын құрайды. Тәуелсіз еліміздің жыл сайын нығайып, мемлекетті құрайтын негізгі ұлт ретінде қандастарымызды атамекенге көшіріп әкелуде ҚР Үкіметі мүмкіндігінше жағдай жасауда. Егер 2000 жылғы көшіп келу квотасы 500 оралман отбасына арналған болса, 2003 жылғы бұл көрсеткіш -5000 отбасын, 2004 жылғы -10000 отбасын қабылдауды қарастырған. Елбасының 2004 жылдың 27 желтоқсанындағы №1508 Жарлығымен бекітілген 2005 жылғы көшіп келу квотасына сай 15000 отбасыны қабылдап, жайғастыру көзделіп отыр.Көшіп келу квотасының мөлшерінің көбеюі–Үкіметіміздің қандастарымызды тарихи отанына оралуына үлкен мән беруінің айғағы.

Сөйтіп, еліміздегі қазақтардың саны бір миллионға жуық адамға көбейді. Соңғы кезде көші-қон квотасының жыл сайынғы мөлшерін 20 мың отбасына жеткізіп, оған қажетті қаражатты мемлекеттік бюджеттен толық бөлініп отыр. Осылайша ҚР-дың жалпы қандастарымыздың елге оралу қарқыны мен мәселесінің шешілу дәрежесін байқауға болады. Сонымен қатар бұл қарқындылық үнемі өсіп отырудың жағдайы ҚР-дың үкіметі тарапынан үздіксіз қаралып қолға алынуда. Тағы осы тұста қарастырып кететін ерекше жайт әлемде басқа ұлттармен салыстырғанда әрбір үшінші қазақ шетелде тұрады. Сондықтан олардың бәрін бір мезгілде туған Отанына көшіруге мүмкіндік жоқ екендігі Елбасының сөзінде ашық айтылды, алайда Қазақстанның қазақ диаспорасы басым мемлекеттердің басшылармен келіс сөздерде оларға қамқорлық етілуін өтінетінін де атап өтті.

Дүниеде қазақ деген ұлт біреу, демек оның ұлттық болмысы, салт санасы, әдет ғұрпы барша қазаққа тән, оның ғажап рухани қазынасын да бөліп жаруға жатпайтын ортақ байлық. Тәуелсіз ҚР-сы азаттық туын көкке көтерген сәттен мәдениетімізді, өнерімізді жалпы айтқанда рухани құндылықтарымызды ашып, дүниеге паш еттік. Осы кезден тарихымызда шетелдердегі қандастарымызбен тығыз байланыс жасау, осы байланыстарды ғылыми тұрғыдан дамыту- қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі. Әлемнің 45 еліндегі бес миллион қазақ диаспорасының қалыптасу тарихын, мәдени-рухани, өнер-білім, салт-дәстүр, әдет-ғұрып саласындағы қазына байлығын, демографиялық өсуін, ұлттық даму жөніндегі қазіргі өзекті мәселелерін жан-жақты, нақты мәліметтер негізінде ғылыми тұрғыдан зерттеп белгілі бір негізге түсіруде ғалымдар біршама жұмыстар атқарды.

2011 жылғы 25-27 мамырда Астанада Дүниежүзі қазақтарының 4 құрылтайына 35 шет мемлекеттерден 380 делегат, Қазақстанның әр аймағынан 300-ден астам адам қатысты. ІV құрылтайдың делегаттарының 60 пайызы жастар болды. Құрылтайда қаралған өзекті мәселелерге қандастарымызға қолдау көрсетіп, қамқорлық жасаудың нақты жолдарын айқындау, көші -қон туралы заң жобасының қайта қаралуы, «Нұрлы көш» бағдарламасының 2 кезеңінің жобасын жоспарлап қолға алу, қандастардың Қазақстаннан жан-жақты хабар алып тұруына жағдай жасау, ұлттық өнерді кеңінен тарату, шет елдерде кіші құрылтайлардың тұрақты өткізілуі және оған «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қолдау көрсету және т.б. келелі мәселелер қаралып, бүгінде шешімін табуда.

Әлемнің 45 елінде тұратын қандастарымызға қолдау көрсету, жағдай жасау жөніндегі Дүниежүзі қазақтар құрылтайларында қаралып, алға қойылған жұмыстар негізінде түрлі іс-шаралар атқарылуда. Ағайындарымызға сапалы білім беруде мемлекет тарапынан қолдау көрсету және шетелдегі қазақтардың атамекенге мүмкіндігінше көбірек оралуына жағдай туғызуды басты назарға алуда. Өркениетті елдер қатарына толық құқықты мүше ретінде еніп отырған Қазақстанның енді оларға қол ұшын беруі, күнделікті өмір-тіршілігіне жағдай жасауы, балаларын оқытуға мүмкіндік жасауы, елге қайтып келуіне себепкер болуы әбден орынды.

Жерінің көлемі жөнінен әлемде тоғызыншы орын алатын қазақ елінің кең байтақ даласы үшін он жеті миллион халық әрине аздық ететіндігі көңілімізге қаяу салады. Ұшса қыран құстың қанаты талатын кең байтақ қазақ жеріне бірнеше мемлекеттің халқы сияды. Жалпы саны бес миллионға жуық шетелдердегі қазақ диаспорасының басым бөлігі Қазақстанмен көрші мемлекеттерде өмір сүруде. Өзге елдердегі отандастарымызды елімізге қайыру бір жағынан халқымыздың санын арттырса, екінші жағынан патриоттық сезімімізді оятады. Өзге елдің жерінде қанша жыл тұрса да қазақы салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың қаймағын бұзбай мүлтіксіз орындап келеді. Шетелдегі қазақ халқының рухани құндылықтары фольклоры, жазба әдебиеті, өнері қазақ халқының бай мәдени мұрасының ауқымды бөлігі екені даусыз. Халқымыздың рухани мәдениеті мен ұлттық қазыналары сол ортада әлі күнге дейін жақсы сақталып келгендігін, оны жинап, зерделеу маңызды екендігін елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Дүниежүзі қазақтарының ІҮ құрылтайында: «Біз көрші елдерде қазақтың қаймағы бұзылмаған ұлтымыздың аса құнды рухани мұралары сақталғанын жақсы білеміз. Білім және ғылым министрлігі мен Мәдениет министрлігіне экспедициялар ұйымдастырып, осындай құнды мұраларды жинақтауды тапсырамын» – деп, нақтылап анықтап айтқан болатын. Осының нәтижесінде шетелдегі қандастарымыздың Отанымызға оралуы күннен-күнге артып келеді. Қазақ елінде қозғалған тарихи жағдайдың бірде-біреуі шетелдегі қандастарымыздың назарынан тыс қалмайды. Өйткені, шетелдерде өмір сүріп жатқан қазақтар – қай елде тұрса да қазақ халқының құрамдас бір бөлігі болып табылады. Демек, қазақ халқының бүгіні мен ертеңіне байланысты қолға алынған кез-келген іс-шара оларға да тікелей әсер беретіні анық. Сондықтан да, шетелдердегі отандастар әрдайым еліміздің атақ-абыройының асқақтап, шарықтап дами беруіне барынша ниеттес. Олар елбасымызды халқымыздың басшысы ғана емес, әлемдегі бүкіл қазақтың көшбасшы ретінде  бағалап, қадір тұтып сыйлайды. Сондай-ақ Елбасымыздың қолға алған әрбір игілікті бастамасына өздері де үлес қосуды арман етеді. Өйткені, шетелдегі ағайындардың көбі өз мамандықтарын жетік меңгерген, еңбек сүйгіш, ешкімге алақан жаймай, жанын салып жұмыс істеуге бейім келеді. Оның үстіне  ана тілін, ұлттық салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты өте жақсы біледі.

Елбасымыздың «Қазақстан – 2050» бағдарламасында қарастырылған әрбір басымдық қандастарымыз үшін болашақ ұлы бастама. Әрбір шетелдік отандасымыз бағдарламада көрсетілген мақсат-міндеттерді, атап айтқанда  экономикалық дамудан бастап, ана тілімізді, ұлттық ерекшелігімізді өркендетуге дейінгі өзекті мәселелерге жан-жақты үлес қосып, ұшан-теңіз пайда тигізе алады.



















Пайдаланылған деректер тізімі


  1. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 1999. – 296 б.

  2. Назарбаев Н.Ә. Дүние жүзі қазақтарының ІІ-құрылтайында жасаған баяндама // Дүние жүзі қазақтарының шежіресі. – ІІ кітап. – Алматы: Дүние жүзі қазақтарының қауымдастығы, 2005. – 71 б.

  3. Миграция населения Республики Казахстан. Итоги переписи населения
    1999 года в Республике Казахстан. Статистический справочник. / Под
    ред. А. Смаилова.
    Алматы, 2000. 13,17 бб.

4. 2009 жылғы санақ қорытындысы. – Алматы, 2010. – 18-23 бб.

  1. Дүниежүзі қазақтарының І құрылтайы. – Алматы, 1992жыл, 29 қыркүйек.

  2. Дүниежүзі қазақтарының ІІ құрылтайы . – Түркістан, 2002 жыл, 23 қазан.

  3. Дүниежүзі қазақтарының ІІІ құрылтайы. – Астана, 2005 жыл, 29 қыркүйек.

  4. Дүниежүзі қазақтарының ІV құрылтайы Астана, 2011 жыл, 25-27 мамыр.

  5. Қазақстан көші-қон туралы Қазақстан Республикасының заңы.
    13 желтоқсан, 1997 ж.

  6. Козыбаев М.К. История и современность. – Алматы: Ғылым, 1991. – 254 с.

  7. Қозғамбаева Г.Б., Қалыш А.Б. Моңғолиядағы қазақ диаспорасының тарихы ( ХІХғасырдың 70-жылдарынан – ХХ ғасырдың 90-жылдары ортасы) оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2013. -122 б.

  8. Калыш А, Касымова Д. Пути интеграции оралманов в казахстанское общество: реалии и вызовы. – Алматы: Қазақ университеті, 2013. – 206 б.

  9. Калыш А, Касымова Д. Поле и смысли социокультурной интеграции этнических репатриантов. – Алматы: Қазақ университеті, 2014. – 242 б.

  10. Әжіғали С, Байғаматова Н, Ошанов О Баян-Өлгей аймағындағы 2003 жылғы этнографиялық зерттеулердің кейбір нәтижелері// Қазақ диаспорасы мәдениетінің зерттелуі: семинар материалдары. – Алматы, 2004. 108 б

  11. Қалшабаева Б.К. Орталық Азия қазақтары (тарихи-энографиялық зерттеу). –Алматы: Қазақ университеті, 2011. – 406 б.

  12. Мендикулова Г.М. Исторические судьбы казахской диаспоры. Происхождение и развитие. – Алматы: Ғылым, 1997. – 261 с.

  13. Мендикулова Г.М. Казахская диаспора: История и современность. – Алматы: Реиз, 2006. – 343 с.

  14. Мендикулова Г.М., Атантаева Б.Ж. История Миграции между Казахстаном и Китаем в 1860-1960 гг. – Алматы: СаГА, 2008. – С. 213.

  15. (Меңдікұлова Г.М. Қазақстандағы оралмандардың бейімделуінің кейбір мәселелері // Отан тарихы. №, 2, 2004. – 3-14 бб.; Современные миграционные тренды между Казахстаном и Китаем // Международная конференция «Центральная Азия – Китай: состояние и перспективы сотрудничества» 4-5 июня 2008 г. – Алматы, КИСИ. – 2009, – С. 158-170).

  16. Алимбай Н., Аргынбаев Х., Муканов М. Традиционная культура жизнеобеспечения казахов (очерки теорий и историй). – Алматы: Ғылым, 1998. – 234 с.

  17. Жолдасбаев С. Қазақтардың жартылай отырықшылық мәдениеті (ХVІ – ХVІІІ ғғ). (Жетісу аймағының материалдары бойынша) – Алматы, 1998. –157 б.

  18. Арғынбаев Х. Қазақ отбасы. – Алматы: Қайнар, 1996. – 288 б.

  19. Толеубаев А.Т. Реликты доисламских верований в семейной обрядности казахов (ХІХ – начало ХХ вв). – Алматы: Ғылым, 1991. – 214 б.

  20. Ажигали С.Е. Традиционная система скотоводческого поселения казахов (в историческом развитии) // Этнографо-археологические комплексы: Проблемы культуры и социума. – Новосибирск, 2002. – Т. 5. – С. 143–190.

  21. Артыкбаев Ж. Казахское общество: традиции и инновации. – Астана: Парасат Әлемі, 2003. – 290 с.

  22. Тоқтабаева Ш. Шедевры Великой степи. – Алматы: Дайк Пресс 2009. – 237 с.

  23. Шаханова Н. Мир традиционной культуры казахов (Этнографические очерки). – Алматы: Казахстан, 1998. – 184 с.

  24. Мустафина Р. Представления, культы, обряды у казахов. – Алматы, 1991. – 163 с.

  25. Тәтімов М.Б. Қазақ әлемі. Қазақтың саны қанша. – Алматы: Атамұра, 1993. – 105 б. Елбасы және ел саны. – Алматы: Арыс. – 2009 – 224 б.

  26. Асылбеков М.Х., Галиев А.Б. Социально-демографические процессы в Казахстане (1917-1980 гг.) – Алма-Ата: Ғылым, 1991. – 252 с.

  27. Асылбеков М.Х., Төлешова Л.Х. Қазақстан тарихи демографиясының даму белестері. – Алматы: Өркениет, 2002, – 144 б.

  28. Қиянатұлы З. Монғолиядағы қазақтар. – Алматы: ДҚҚ, 2001. – 320 б.

  29. Қиянатұлы З. Монғолиядағы қазақтар. – Алматы: ДҚҚ, 2007. 2-кітап. – 256 б.

  30. Асылбеков М.Х., Козина В.В. Демографическое развитие Республики Казахстан в условиях суверенитета. – Алматы: Өркениет, 2001. – 112 с.;

  31. Асылбеков М.Х., Козина В.В. Народонаселение Казахстана в условиях суверенитета. – Алматы: Тарих тағылымы, 2010. – 152 б

  32. Алексеенко Н.В., Алексеенко А.Н. Население Казахстана за 100 лет (1897-1997 гг.). – Усть-Каменогорск: Полиграфия, 1999. – 159 с.

  33. Асылбеков М.Х., Құдайбергенова А.И. Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1939-1959 жж.). – Алматы: Өркениет, 2005. – 160 б.

  34. Галиев А.Б. Миграция населения и этническая судьба // Казахстанская правда. – 1995. – 8 июля; Галиев А.Б. В разгаре этнополитические процессы в КZ-е // Заря. – 1991. – № 10. С. 11-12;

  35. К.Қ. Нұрымбетова «Тәуелсіз Қазақстандағы репатриация мәселелері мен болашағы: тарихи талдау (1991-2008 жж.) // Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. – Алматы, 2010.

  36. Бадавамов Л. Шығыс Түркістан халықтарының чанхайишілік гоминданның үстемдігіне қарсы ұлт-азаттық қозғалысқа қатысуы: Тар. ғыл. канд. дисс. ... авторефераты. – Алматы, 1968. – 18 б.

  37. Бенсон Л., Сванберг И. Казахи Китая // Сванберг И. Казахская диаспора: Проблемы этнического выживания. – Алматы, 1997. – С. 12-85.

  38. Назарбаев Н.Ә. Жадымызда жатталсын татулық, дәйім сақталсын // Егемен Қазақстан. – 1998.– 16 қаңтар.

  39. Сапаралы Т. Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы. – Алматы, 1993. – 189 б.

  40. Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. – Алматы: Жалын, 1993. – 400 б.

  41. Мұқаметқанұлы Н. ХVІІІ-ХХ ғасырлардағы қазақ-қытай байланыстары. – Алматы: Санат, 1996. – 128 б.) мен мемлекеттің қоғамдық тарихы жан-жақты қамтылғанi Мұқаметқанұлы Н. Қытайдағы қазақтардың қоғамдық тарихы (1860-1920 жж.). – Алматы: ҚАЗақпарат, 2000. – 336 б.

  42. Сыроежкин К.Л. Казахи в КНР: очерки социально-экономического и культурного развития. – Алматы: Институт развития Казахстана, 1994. – 122 с.)

  43. Сәмитұлы Ж. Қытайдағы қазақтар. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы, 2000. – 312 б.

  44. Су Бихай. Қазақ мәдениетінің тарихы. – Алматы, 2001. – 380 б.

  45. Потанин Г.Н. Очерки Северо-Западной Монголии. Результаты путешествия, исполненные в 1876-1877 гг. по поручению ИРГО. – Вып. І-ІІ. – СПб.: Тип. Киршбаума, 1881.– 425.

  46. Бичурин Н.Я. (Иакинф). Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена. – Т.І.-ІІІ. – М.: Изд-во АН СССР, 1950-1953.

  47. Сапожников В.В. Монгольский Алтай в истоках Иртыша и Кобдо. – Томск, 1911. – 138 с.

  48. Казнаков А.Н. Монголия и Ким. – СПб.: Рус. Геогр. Об-во, 1907. – 320 с.

  49. Грумм-Гржимайло Г.Е. Западная Монголия и Урянхайский край. – Т. 2. – Исторический очерк в связи с историей Средней Азии. – Л.: Ученый Комитет МНР, 1926. – 840 с.; Т.3. – Антропологический и этнографический очерк этих стран. Торговая и колонизаторская в них деятельность китайцев и русских. Дополнения и поправки. – Л.: Ученый Комитет МНР, 1930.

  50. Позднеев А.М. В Монголии. – М.: Изд. АН СССР, 1938. – 172 с.

  51. Певцов М.В. Путешествия по Китаю и Монголии. – М.: Госиздат географ. литературы, 1951. – 283 с.

  52. Бурдуков А.В. В старой и новой Монголии. Воспоминания. – М.: Изд. АН СССР, 1969. – 419 с.

  53. Мініс Ә., Сарай А., МХР Баян-Өлгей аймағының қазақ халқы тарихынан. – Бай-Өлгей: Аймақ баспаханасы, 1960. – 134 6..

  54. Хабшай С. Баян-Өлгей аймағында партия ұйымдарының құрылуы. – Өлгей: Аймақ баспаханасы, 1978. –142 б.

  55. Қабышұлы И. Керейлер керуені (тарихи монограф. қысқаша шолу). – Өлгей: Аймақ баспаханасы, 1978. – 190 б.

  56. Қабышұлы И. Монғолия қазақтарынын тарихы. – Өлгей: Аймақ баспаханасы, 1980. – 240 б.

  57. Қабышұлы И. Қазақ қауымы: Қазақ ұлысының 2200 жылдың тарихы. – Алматы: Жазушы, 1997. – 224 б.

  58. Абдыкадырова Х.С. Экономическое, научно-техническое, культурное сотрудничество Казахской ССР с Монгольской Народной Республикой (1960-1980 гг.): Автореф. дис. ... канд. ист. наук. Алма-Ата, 1986. 23 с.

  59. Қинаятұлы 3. Жылыған жылдар шежіресі (Тарихы көркем публицистика ). – Алматы: Мерей, 1995. – 297 б.

  60. Қинаятұлы 3. Моңғолиядағы қазақтар. – І том. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы, «Атажұрт» баспасы, 2001. – 318 б.

  61. Қинаятұлы 3. Моңғолиядағы қазақтар. – ІІ том. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы «Атажұрт» баспасы, 2007. – 256 б.

  62. Камалашұлы Б. Монғолиядағы қазақтардың салт-дәстүрлері (этнологиялық зерттеулер). – Өлгей: Аймақтық баспа өңдірісі, 1995. – 342 б.

  63. Б. Моңғолиядағы қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы (ХІХ ғ.соңғы жартысы – XX ғ.): Тар. ғыл. докт. дис. ... авторефераты. – Алматы, 1998. – 54 б.

  64. Қатран Д. Моңғолиядағы қазақтардың дәстүрлі тағам жүйесі: Тар. ғыл. канд. дис. ... авторефераты. – Алматы, 1996. – 24 б.

  65. Мухамадиұлы Қ. Монғолиядағы қазақ субэтносының қалыптасуы мен дамуы. – Алматы-Улаанбаатар: Чойжол, 1997. – 221 б.

  66. Әжіғали С.Е., Ошанов О.Ж., Тоқтабай А.У., Оразбек Е.Ж. Моңғолия қазақтары этникалық тобын зерттеудің бағдарлама-сұрақнамасы. – Алматы: Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, 2004. – 47 б.

  67. Құрманбайұлы Ү., Рахметұлы Ш. Моңғолиядағы қазақ халқы. – Улаанбаатар қаласы: «АДМОН» баспаханасы, 2007. – 264 б.

  68. Навий Л. Моңғолиядағы қазақ мектептерінің қалыптасуы мен дамуы: Пед. ғыл. канд. дис. ... авторефераты. – Алматы, 2007. – 27 б.

  69. Рахметұлы С. Моңғолия мен Қытайды мекендеген қазақтардың қоғамдық-саяси өмірінің тарихы: Тар. ғыл. кан. дис. ... авторефераты. – Алматы, 2009. – 28 б.

  70. Қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылар мен балаларға мекенжайлық әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру бойынша ұсыныстар. – Өскемен, 2009

  71. Никандров Н.Д. Ценности как основа целей воспитания // Педагогика, 1998, № 3, с. 3-10.

  72. Табылдиев Ә. Халық тағылымы. – Алматы: «Рауан», 1994. – 204 б.

  73. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. – 569 б.

  74. Тәтімов М.Б. Дербестігіміз - демографияда. Алматы: Жеті Жарғы, 1999. – 224 б.

  75. Саясаттану ғылымының түсіндірме сөздігі. – Алматы, 2007. – 480 б

  76. Нысанбаев Ә., Арғынбаев Ә. Қазақ диаспорасының бүгінгі мен ертеңі // Егеменді Қазақстан. – 1992. – 23 кыркүйек.

  77. Назарбаев Н.А. Стратегия развития Республики Казахстан до 2030 года. – Алматы, 1997. - 38 б.

  78. Составлена по: Численность и состав населения СССР. По данным Всесоюзной переписи населения 1979 года. 13 б.

  79. Итоги Всесоюзной переписи населения в 1989 г, 32 б.

  80. Статистический ежегодник Казахстана. – 1989. 9-34 бб.

  81. Итоги миграции населения по Республике Казахстан за 1996 год.
    Национальное Статистическое Агентство Республики Казахстан. -
    Алматы
    , 1997.

  82. 2001 жылғы қаңтар-маусым аралығындағы ҚР-ның халқының көші-қоны – Алматы, 2001. – 19 б.

  83. Сборник проблемы социологии. – М., 2006. – 230 б

  84. Қазақ Совет энциклопедиясы. – Алматы, 1976. – 314 б

  85. Қазақ Совет энциклопедиясы. – Алматы, 1974. 489 б

  86. Энгельс Ф. Отбасының, жекеменшіктің және мемлекеттің шығуы. – Алматы, 1984. - 240 б

  87. Мысли и изречения. – М, 1965.

  88. Морган Л. Ежелгі қоғам. – Алматы, 1956. – 318 б

  89. Энгельс Ф. Отбасының, жекеменшіктің және мемлекеттің шығуы. – Алматы, 1984. – 212б.

  90. Бегалиев Т.Б. Педагогика. Лекциялар курсы. – Тараз, 2002. – 98 б

  91. Латышина Д.И. История педагогики. – М, 2003. – 321б

  92. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы, 2006. – 287 б

  93. Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңы. Алматы, - 1998. – 180 б

  94. Мұқанов С. Халық мұрасы. – Алматы, 1976. – 318 б.








i

94


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!