ҚУЫРШАҚТАР

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚУЫРШАҚТАР

Материал туралы қысқаша түсінік
тәжірибе алмасу тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: шығармашылық, қатынас.

Бөлімі: мүсіндеу.

Тақырыбы: «Қуыршақтар»

Мақсаты: балаларды ойыншықтар әлемімен таныстыруды жалғастыру, жұмбақ жасыра отырып, қуыршақтың ерекшелігіне көңіл бөліп, құрастыру жолдарын үйрету; домалақ пішіннен әртүрлі көлемде сопақша және «шұжықша» пішіндерді жасауды дамыту; шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру.

Қажетті құрал- жабдықтар: қуыршақтар, ермексаздан жасалған үлгі, тақтайша, ермексаз, бейне таспа,сулық.

Сөздік жұмыс: бас бармақ, балаң үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек.

Билингвальды компонент: қуыршақ- кукла.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері


Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Балаларды шеңбер құрып тұруға шақырады.

-Біздің шеңберіміздің көлемі қандай болды?

-ОЛ неге ұқсайды?

-Ендеше, біз шар сияқты шеңберімізді үрлеп, үлкен шеңбер жасайық. Кәне, бәріміз

бірдей үрлейік.


-Жақсы, енді»Деніміз сау болсын!» деп бір-бірімізді емдейік.

. –Қайырлы таң, көздерім, сендер

ояныңдар!

-Қайырлы таң, құлақтарым, сендер ояныңдар!

-Қайырлы таң, саусақтарым, сендер ояныңдар!

-Қайырлы күн, сен де ояндың ба?

Тағы бір күн артта қалып,

Арайланып таң атты.


Балаларға ойыншықтар әлемін бейне таспадан тамашалату. Қуыршақ туралы жұмбақ жасыру.

Жұмбақ:

Аяғы бар жүрмейді,

Аузы бар күлмейді.

Айнымайды бөпемнен

Тек сөйлеуді білмейді.

(Қуыршақ)


Билингвальды компонент: қуыршақ- кукла.



Балалар шаттық шеңберін құрады.


  • Үлкен.


  • Шеңберге.



-Балалар үрлейді.



Бір-бірін емдеген болады.



  • Көздерін уқалайды.


Құлақтарын уқалайды.


Шапалақтайды.


Жымиып күледі.







Балалар жұмбақтың шешуін табуға тырысады.



-Қуыршақ.





«Қуыршақ-кукла» сөзін қайталайды.




Ұйымдастырушылық-ізденістік


Тосын сәт:

-Балалар, бізге Айсұлу ағасы Айдос , інісі Айдын

үшеуі қонаққа келіпті.

-Кімнің бойы ұзын?

-Айсұлудың киімінің түсі қандай?

-Айдостың киімінің түсі қандай?


-Айсұлу мен Айдынның достары жоқ екен, оларға достар жасап берсек қайтеді.

Педагог балаларға өзі дайындаған қуыршақтардың үлгісін көрсетеді.

-Айсұлу мен Айдынның денесі қандай пішіндерден жасалған?


Жұмыстың орындалу тәсілін көрсетіп, түсіндіру:

-ермексазды жұмсарту;

-тақтайшаның үстінде домалақтау;

-үлкен бөлігі - денесі, кішкентай бөлігі- басы;


-ермексазды «шұжықша» пішінге келтіру, ол- қолы.

- бөліктерді біріктіру, біріктірген жерін тегістеу.


Балалардың өз бетінше жұмысы.

Көзін, қасын, аузын жасауға педагог өзі көмектеседі.


Сергіту сәті.

Бір үйде біз нешеуміз?

Кел, санайық екеуміз.

Бас бармағым – әкем,

Балаң үйрек – анам,

Ортан терек – ағам,

Шылдыр шүмек –мен,

Кішкене бөбек –сен!

Балаларға өздерінің жасаған

Қуыршақтарына ат қойдыру.


Қызығушылық танытады.




Педагогтің сұрақтарына жауап береді.





Балалар жауап береді








Жұмыстың орындалу барысын мұқият тындайды.








Қуыршақты мүсіндейді.










Сергіту сәтін орындайды.








Жасаған қуыршақтарына ат қояды.

Рефлексиялық-түзеушілік

Айсұлу мен Айдос балалардың жасап берген қуыршақ достарына қуанып, рахмет айтады. Балаларға жасаған қуыршақтарымен ойын ойнауды ұсынады.


Балалар жасаған жұмыстарын Айсұлу мен Айдынға береді, ойын ойнайды.



Күтілетін нәтиже :

Жасайды: домалақ , сопақша пішіндерді біріктіріп, қуыршақ бейнесіне келтіреді.

Түсінеді: әртүрлі қуыршақ ойыншықтардың болатындығын;

Қолданады: ермексаздан алақан арасына салып, домалақтау, есу тәсілдерін.



Технологиялық картаны толтырған II-кіші: « Мөлдір» тобының тәрбиешісі: Байбекова Жанна Несипбаевна .



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
20.06.2018
1624
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі