Материалдар / Қыз бала сұлулығы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қыз бала сұлулығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қыз бала тәрбиесін, қыз бала әдептіліктің, әдеміліктің, сұлулықтың жаршысы екенін көрсету. Ұл бала мен қыз баланың бірін – бірі шынайы құрметтеп, қастерлей білуге баулу, өзара сыйластықты, достық қарым – қатынасты қалыптастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қазан 2021
591
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» ҚМҚК



«Бекітемін» _______________

Колледж әдіскері: Кабимолдина А.К.

«Келісемін» _______________


Сынып жетекшісі: Сейтханова Г.К.




Тәрбие сағатының жоспары



Тақырыбы: «Қыз бала сұлулығы»

Өтетін орны: «№3 ЖОББМ» КММ

Сынып: 6 «Г»

Мерзімі: 11.10.2021

Тобы: 27

Машықкер: Асқарова Асылым Асқарқызы

Баға: «__ » (________)

Баға: «___ » (________)





Семей 2021

Тәрбие сағатының мақсаты:Қыз бала тәрбиесін, қыз бала әдептіліктің, әдеміліктің, сұлулықтың жаршысы екенін көрсету. Ұл бала мен қыз баланың бірін – бірі шынайы құрметтеп, қастерлей білуге баулу, өзара сыйластықты, достық қарым – қатынасты қалыптастыру.

Тәрбие сағатының міндеті:

-Оқушыларды сұлулық, көркемдік, әдемілік ұғымын сезіне, түсіне, көре білуге тәрбиелеу.

-Оқушылардың адам әдемілігі туралы алған білімдерін, ойлау шеберліктерін, сөйлеу мәдениетін дамыту.

- Оқушыларға эстетикалық-этикалық тәрбие беру. 

-Қыз балалар тәрбиесін, қыз баланың – әдептіліктің, әдеміліктің, сұлулықтың жаршысы екенін сөз ету.

Тәрбие сағатының ұйымдастыру формасы, түрі: Сайыс

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, тренинг.

Техникалық жабдықталуы: телефон.

Көрнекілік: стикер, смайлик, суреттер.

Қажетті жабдықтар:маркер, а4 қағазы.


Тәрбие сағатының құрылымы


І. Ұйымдастыру кезеңі

- Сәлемдесу өлеңі

- «Менің таңбам» тренингі

3-5 минут

ІІ. Негізгі кезең

- Ой қозғау

- Қыз бала сұлулығы түсінігін қалыптастыру.

- «Ассоциация» әдісі

- Топтық жұмыс

- «Мақал-мәтел»

- «Сезім – адамдық қасиет»

- «Саусағынан бал тамған».

-«Бэкроним» әдісі

- «Кім жылдам?»

-«Алтын қағида» әдісі

25-30 мин

ІІІ. Қорытынды кезең

-Қорытындылау

-Рефлексия

3-5 мин



Тәрбие сағатының барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлеметсіздерме оқушылар!

Бабаларым қыздарды қадірлеген,

Қыз баладан басталар өмір терең

Ауыл көркі қыз болып, ән айтылып,

Күн болмаған сазды күй төгілмеген — дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Қыз бала сұлулығы» деп аталады.

Бүгінгі күнге барлықтарыңызға көтеріңкі көңіл күй және сәттілік тілеймін. Бүгінгі тәрбие сағатын бастамас бұрын сіздермен тренинг өткізіп алайық.


«Менің таңбам» жаттығуы

Дәптерге алақаныныздың суретін сызып, ішіне жауаптарыңызды толтырыңыздар.

  • Мен жақсы істей аламын

  • Өзімді жақсы сезінетін орта

  • Ең үлкен жетістігім

  • Мен сенетін үш адам

  • Өзім туралы естігім келетін үш сөз


ІІ. Негізгі кезең

Ой қозғау.

-Жан сұлулығы дегенді қалай түсінесіңдер?

-Адамды тек сыртқы келбетіне қарай сұлу деп айта аламыз ба?

-Қыздарды сыйлау деген не?


«Қыз» – ең қасиетті сөз. Қасиетті болатыны, бүкіл адамзат қыздан тарайды: қыз келін болады, келін анаға айналады, ал ана әже деген зор дәрежеге жетеді. Осы үшеуі арқылы ұрпақ өсіріп,ұлт қатарын көбейтеді. Ұлттың бойындағы бар жақсы қасиеттерді-тілін, дінін, әдет ғұрпын, салт санасын,дәстүрін немересіне, немересінен шөбересіне жеткізуші, дамытушы әрине, әйел-ана. Қыз баланы тәрбиелеуге халқымыз ерте заманнан бері ерекше мән беріп келеді. Қыз баланы құрметтеп, олардың алдында дөрекі сөйлемей ізетті болуды, ер – тұрманы әшекейленген сұлу жорғаларды қыздарына, қарындастарына мінгізуді, киімнің сәндісін, алтын бұйымдардың жақсысын қыздарына тарту етуді дәстүрге айналдырды. Жиын – тойларда қыз баланы әр уақытта сыйлы орынға отырғызған.Қыз бала үшін өтірік айту, ұрлық істеу және қатыгездік қулық – сұмдық деген жат қасиет. Сондықтан, жас қыз баланы « Біреудің ала жібін аттама», «Өтірік өрге бастырмайды», «Ешкімге қиянат жасама» деп адалдыққа тәрбиелеген.

Адамның сұлулығы сырт келбетінің және жанының көркемдігімен үйлесуі тиіс. Ал мұндай үйлесімділік болмайынша, ол сұлулыққа қол жеткізе алмайды.

Адамның бәрі өмірге әдемі болып келеді және оның түрінің қандай болатыны өзіне байланысты емес. Алайда адам өзінің жан-дүниесін өзі жасап, қалыптастыра алады. Бірде үлкен ғұлама өте сұлу қызды көріп, оған қарапайым сұрақ қойған екен. Алайда сұлу оның сұрағына жауап бере алмапты. Сонда ғұлама: «Сен алтын тостағанға құйып қойған ашыған сусынмен бірдей екенсің», - депті. Яғни ол бойжеткеннің жан-дүниесінен еш сұлулық көре алмаған. Сондықтан ашып кеткен сусынға теңеп отыр.

«Ассоциация» әдісі

Жайғасып отырсаңыздар, енді тәрбие сағатымызда әрі қарай жалғастырайық.Оқушылар тақтаға назар ауадрыңыздар «Жан сұлулығы» сөзін естігенде ойларыңызға не келеді? Тақтаға шығып бір-бірден жазып шыға қойыңыздар.


Топтық жұмыс. Әр топқа сурет беріледі. Сол сурет бойынша оқушылар постер құрайды.

  1. Қазақ қызының ұлттық киімдері

  2. Әшекейлер

  3. Қыз баласына тән қасиет


«Мақал-мәтел»

 Қыз бала және оның тәрбиесі, сұлулық жайындағы мақал – мәтелдер біздің өмірімізде елеулі орын алады. Енді сол мақал – мәтелдерді ары қарай жалғастырыңыздар.

«Қыз өссе, елдің көркі, гүл өссе, жердің көркі»

«Қыз – өмірдің қызғалдағы»

«Қызды асырай алмаған күң етеді, ұлды асырай алмаған құл етеді»

«Қыз қуыршақ, ұл – құлыншақ»

«Ұлың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол, Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол»

«Қыз балаға қырық үйден тыйым»

«Қызым – үйде , қылығы – түзде»

«Қыз қылығымен әдемі»

«Қыздың жиған жүгіндей»

«Қарындасын сыйламағанның қары сынсын»


«Сезім – адамдық қасиет»

Қыздарға арналған ұлдардың назы. Ұлдар қыздарға арнап өздерінің ақыл –нақыл сөздерін айтып шығады.


«Саусағынан бал тамған».

Келесі кезең ән мен биге де кезек жетті. Әр топтан 1 баладан шығып өз өнерін көрсетеді.


«Бэкроним» әдісі.

Мен қазір сөздерді оқимын, сол сөздер бойынша бүгінгі тақырыпқа байланысты мағыналы сөйлем құрайсыздар.

Өнер,білім, жан сұлулығы, әдептілік, шаш, көз, тәрбие, бойжеткен.


Шолпы, шашбау – сәндік бұйымдардың ішіндегі талай сал-серілердің  мадақтауына ие болған ең романтикалық әшекей зат деуге болады. Ата-анасы әр қызына арнап шеберге әшекей бұйымдарға тапсырыс берген. Сондықтан болар,  түзде жүрген қызының қайсысы үйге келе жатқанын ата-анасы алыстан-ақ шашбауының сылдырынан таныған дейді. Әр қыздың шашбауының, шолпысының, сырғасының тек өзінің жүріс-тұрысына ғана тән керемет, өзгеше әуені болған.

Білектей арқасында өрген бұрым,

Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.

Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,

Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?-деп Абай атамыз жырлаған болатын. 


Кім жылдам?

Мен сұрақтарды кезек-кезек оқып тұрамын. Сендер жылдам сұрақтарға жауап бересіңдер.

  • Сыртқы бейне сұлулығы дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Сымбаты мен ішкі жан дүниесі сай адамды қалай атайды?

  • «Әр адам ісімен көрікті» дегенді қалай түсінесіңдер.

  • Сұлулық деген сөзді басқа сөзбен қалай айтуға болады?

  • Сыр мен сымбаттың үйлесімі дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Адамды тек сыртқы келбетіне байланысты сұлу деп айта аласыз ба? Неге?

  • Жан сұлулығы дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Жаны сұлу адамды қалай сипаттар едіңдер?

Әсемдікке, әдемілікке, көрікті де көркем нәрсеге ұмтылған адамның ішкі әлемі де сұлу болады. Сыртқы ортаның сұлулығына табына білген адамның жан әлемінен әсем нұр тарайды. Халықта жүзіне нұр тұнған, сөзінен бал тамған деп бекер айтылмаған шығар. Адамның жан дүниесі дүние сұлулығымен, жақсылығымен үндестікте болуы керек, сонда адам рухани да, табиғи да сау болады.


«Алтын қағида» әдісі

Бүгінгі тәрбие сағатымызға қатысты бір фактіден айтып шығу.


Қорытынды

Осы жарқыраған күндей мейірімді , жан шуақты, көңілдерің ақ, адамға тек жақсылық жасай білетін, адамгершілігі мол азамат болыңдар. Бүгіннен бастап жаман әдет пен қылықтардан тазарып, жаны таза, көңілі ақ, рухани сезімдерге бай адам болыңдар, « қазақ қызы» деген қастерлі де қасиетті атқа лайық болыңдар.

Қыз емес, қыздың аты – қызыл алтын, 

Көрінер толған айдай жүзі жарқын

Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес,

Халқының сақтай білген ізгі салтын-дей келе тәрбие сағатымызды аяқтайық.


Р
ефлексия. «Керемет алма ағашы»




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!