Материалдар / Қыз өссе - елдің көркі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қыз өссе - елдің көркі

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушы қыз балаларды имандылыққа, білімділікке баулу мақсатында өткізілген 5-7 сыныптар аралығында өткізген "Қыз өссе - елдің көркі" тақырыбындағы сайысы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Ақпан 2021
428
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін: ___________

Мектеп директорының тәрбие

ісі жөніндегі орынбасары Т.Көшербаева

Тақырыбы: Қыз өссе елдің көркі

Мақсаты: Қыздарымызды сайыстыра отырып өнерлерін арттыру. Ізденушілік қабілеттерін, ой - өрісін, қызығушылықтарын арттыру.

Әдісі: сайыс

Көрнекілігі: слайд, тақырып



Жоспары

І. Кіріспе бөлім

ІІ. Негізгі бөлім

Сайыс кезеңдері

  1. Сәлем – сөздің анасы

  2. Өнерлі өрге жүзер

  3. Мақал- сөздің мәйегі

  4. Өлең – сөздің патшасы

  5. Салт-дәстүрді білесің бе?

ІІІ. Қорытынды

Қыз бала ұлттың ұяты, халықтың шырайы (марапаттау)















Барысы

Құрметті «Инабат» қыздар клубының мүшелері, оқушылар, мұғалімдер!

Бүгінгі «Қыз өссе елдің көркі» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады

  1. Таныстыру

  2. Өнерлі өрге жүзер

  3. Мақал – сөздің мәйегі

  4. Өлең - сөздің патшасы

  5. Салт- дәстүрді білесің бе?

Сайысымызға 5 а, 5б, 6, 7-сынып қыздары қатысады.

Өнер, білім, өнеге тұнған дарын,
Өнерліге өз басым таң қаламын.
Өнерді әділдікпен бағалайтын,
Таныстырайын әділқазы алқаларын.

Ендеше, сіздерді әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейін

  1. __________________

  2. __________________

  3. __________________



Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі

Тал бойна жарасқан күлкі әдемі

Бір көргенде болмай-ақ сахнада

Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі, - дей отырып сайысымызды бастайық.


1-кезең «Сәлем – сөздің анасы»

1-кезеңде әр топ өздерін таныстырады. Таныстыруға жоғары балл 5 балдық жүйемен қойылады. Таныстыруға қойылатын талаптар әр топ өз аттары мен эмблемаларын, ұранын, топ мүшелерімен таныстыру

1-топ: 5 «А» сынып қыздары

2-топ: 5 «Б» сынып қыздары

3-топ: 6-сынып қыздары

4-топ: 7-сынып қыздары


Қыз - ата - ананың, елінің сүйікті баласы, мақтанышы, сәні, базары, көркі. Қыз – ел еркесі, үлпілдеткен үкісі, алақандағы аяулысы, басқа елдің болашақ келіні, анасы.

«Қыз - өріс, қыз - қонақ» деп туған - туыстары оларды аялап, мәпелеп өсірген.


2-кезең: Өнерлі өрге жүзер.

Дарытқан бар асылды өз елінен,
Қыз сұлу көрінеді өнерімен
Құлпырды мектебімнің арулары
Өткендей сұлулықтың елегінен

Өнер қуып арулар өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәсекеге түскен арулар кезектесіп,
Өз өнерін көрсетіп өтер деймін.

Бұл кезеңде әр топтан бір қатысушы өз өнерін көрсетеді.

3-кезең

Мақал – сөздің мәйегі

Сөздің көркі -мақал” деген аталы сөз бар. Мақалдың көмегімен айтайын дегеніңді ұнамды да ұтымды жеткізуге болады.

Мақал-мәтелді көп біліп ,көп қөлданатын адамдардың білімі де, ақылы да арта түседі. Олай болса «Мақал – сөздің мәйегі» кезеңін бастайық. Бұл кезеңде әр топтан 1 қатысушы шығып берілген мақал-мәтелдердің жалғасын табады. Әр берілген жауапқа 1 балл қойылады.


1-топ: 5 «А» сынып қыздары

  1. Туған үйдің түтіні жылы,

(Туған ананың күтімі жылы.)

  1. Отаны бірдің жүрегі бір,

(Жүрегі бірдің тілегі бір.)

  1. Ананың көңілі балада...(баланың көңілі далада)

  2. Батыр туса ел ырысы...(жаңбыр жауса жер ырысы)

  3. Қыз өссе елдің көркі, (гүл өссе жердің көркі)






2-топ – 5 «Б» сынып қыздары


  1. Оқу- білім бұлағы...(білім-өмір шырағы)

  2. Ерді намыс өлтіреді, (Қоянды қамыс өлтіреді.)

  3. Отансыз адам (ормансыз бұлбұл)

  4. Ел мақтаған жігітті (қыз жақтайды).

  5. Ұл ұяға, (қыз қияға).

3-топ: 6-сынып қыздары

  1.  Қыздың жолы (жіңішке).

  2. Шешесін көріп (қызын ал).

  3. Білімдіге дүние жарық,

(Білімсіздің күні кәріп.)

  1. Өзге елде сұлтан болғанша,
    (Өз еліңде ұлтан бол)

  2. Көп сөз күміс, (аз сөз..... алтын)

4-топ: 7-сынып қыздары

  1. Әділдікті данадан үйрен, мейірімділікті....(анадан үйрен)

  2. Әке көрген оқ жонар, шеше көрген....(тон пішер)

  3. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім біл)

  4. Алтау ала болса ауыздағы кетеді, (төртеу түгел болса төбедегі келеді)

  5. Ұлдың ұяты әкеге, .... (қыздың ұяты шешеге)

4-кезең

Өлең –сөздің патшасы

Жүректен өлең төгіп, қосқан жырға, 
Тұлпардай топтан озған жүйрік тұлға. 
Қошеметтеп, көрермен, қол соғыңдар 
Сайысқа қатысушы тұлғаларға, - дей келе келесі кезеңде әр топ қатысушысы өлеңді мәнерлеп оқиды. Бұл кезеңде әр қатысушы неше өлең оқимын десе де болады. Және бұл кезең 10 баллдық жүйемен бағаланады.

5-кезең – Салт-дәстүрді білесің бе?

Кең даланың ежелгі,
Қазақ дейтін халқымыз.
Өзге ұлттай бізде де,
Бар дәстүр мен салтымыз, - дей келе сайысымыздың соңғы кезеңі «Салт-дәстүрді білесің бе?» деп аталады. Бұл кезеңде әр топ басшысына салт-дәстүр туралы 5 сұрақтан беріледі.

1-топ: 5 «А» сынып қыздары

  1. Ұлыс күні жасалатын тағам? (наурыз көже)

  2. Қазақ қыздарының бас киімі? (бөрік, сәукеле)

  3.  Шілдехана қандай дәстүр? (өмірге келген нәрестенің құрметіне жасалатын той)

  4. Қазақ халқы жаңа туған сәбиге жақсы есімдер беделді кісілерге қойғызып батасын алған. Бұл салт қалай аталады?(ат қою)

  5. Сүйінші қандай дәстүр? (Қуанышты хабар әкелушіге берілетін сыйлық)

2-топ: 5 «Б» сынып қыздары

  1. Наурыз көже неше түрлі тағамнан жасалады? Оларды ата.(7 . бидай, тары, сүр ет, бұршақ, сүт, су, тұз)

  2. Халықтың түсінігі бойынша наурыздың 22-сіне қараған түні даланы кім аралайды?(Қыдыр)

  3. Байғазы дегеніміз не? ( балалардың, жастардың жаңа киімі, заты үшін берілетін ақшалай, заттай сый).

  4. Төрт түлікті ата (жылқы, сиыр, түйе, қой)

  5. Базарлық деген не?( алыс сапарға шыққан адамдардың жақындарына әкелген сыйлығы).

3-топ : 6-сынып қыздары

  1. Ұлыстың ұлы мерекесі қарсаңында қандай спорттық ойындар ұйымдастырылады? (гір тасын көтеру, арқан тартыс, асық, қазақша күрес, тоғызқұмалақ)

  2. Асату қандай дәстүр? (ет желініп болған соң төрде отырған ақсақал табақта қалған етті жас балалар мен жігіттерге асатады).

  3. Көрімдік сұрау дегеніміз не? ( бұрын көрмеген адамды біреуге көрсеткен кезде)

  4. Үш жүзді атаңдар (Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз)

  5. Тұсаукесер қандай дәстүр? ( жаңа тәй –тәй басқан баланың тұсауын кесу)







4-топ: 7-сынып қыздары

  1. Төрт-түлік бабаларын ата ( Сиыр атасы Зеңгібаба, Жылқы атасы Қамбар ата, Түйе атасы Ойсылқара, Қой атасы Шопан ата)

  2. Рамазан айында айтылатын жыр қалай аталады? (Жарапазан)

  3. Бес қаруға нелер жатады?(Мылтық, садақ,найза,қылыш,айбалта)

  4. Сыбаға дегеніміз не?( Құрметті қонаққа немесе өздерінің жақын - жуығына сақтаған кәделі ет мүшелері)

  5. Енші қандай дәстүр? (Балалары ер жетіп үй болғанда ата – анасы оған дүние – мүлік, мал беріп, жеке шығарады.)

Кімдер жүйрік өнерпаз білейікші,

Арулары деп мектептің жүрейікші.

Әділқазыларға тек әділдікті,

Ал аруларға тек сәттілік тілейікші дей келе әділқазы алқасына сөз кезегін береміз.

Марапаттау рәсімі.





.









































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!