Материалдар / "Қыз сұлулығының құпиясы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Қыз сұлулығының құпиясы"

Материал туралы қысқаша түсінік
қыздарға қырық үйден тыйым жөнінде тәрбие беру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Сәуір 2018
687
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ТАҚЫРЫБЫ: ҚЫЗ СҰЛУЛЫҒЫНЫҢ ҚҰПИЯСЫ

МАҚСАТЫ: Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық, жан-жақты ұлттық қасиеттерді таныта білу.Қазақ халқының әдет-ғұрпы арқылы қыз бала тәрбиесіне тән қасиеттерді бойына сіңіру, жаман әдеттерден бойларын аулақ сақтап, жақсы қасиеттерді дарыта білу.

Қыз емес, қыздың аты – қызыл алтын,
Көрінер туған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын кесіп сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын.

Қыз бала – бойжеткен, келін, ана
Бәрі де дер кезінде дара тұлға
Ұрпағынның ойласақ болашағын,
Қызды сыйла, жамағат, қызды сыйла.

Халқымыздың халық ауыз әдебиетінде көптеген ақындарымыз қызға деген көптеген суреттемелер берген. Сондай–ақ қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін, сүйкімділігін, жанының нәзіктігін, өнер, білімге бейім тұратынын жоғары бағалап, оның ол қасиеттерін бейнелі сөздер арқылы ерекше көрсеткен. Мысалы: «Қыздың жиған жүгіндей», «Қыздың тіккен кестесіндей», «Жақсы қыз – жағадағы құндыз», «Қызы бар үйдің қызығы бар».

Біз қыз бойынан нені көргіміз келеді: нәзіктік пен сұлулықты, ұяндық пен инабаттылықты, сыпайылықты, әдемілік пен ұялшақтықты, өнерлік пен іскерлікті, шеберлік пен ақ ниеттілікті, ақкөңіл қасиеттерді.

Қазақ халқында «Қыз – елдің көркі, гүл – жердің көркі» деген мақал бар. Мақалдың мәні қыз баланың нәзіктігін, сүйкімділігін, салтқа беріктігін көрсетеді.

Қазақта ұл балаға ауыр жұмыстарды, яғни сырттағы жұмыстарды жүктеген. Ал қыз балаға төсек жинау, үй жинау, ас әзірлеу, шай құю жалпы үйдің ішіндегі жұмыстарды жүктеген.Осы істердің барлығын қыз балаға ерте жастан үйретіп отырған.

Қыз сұлу көрінеді қылығымен,
Жарыса төгілген қос бұрымымен.
Бұл күнде сұлулықтың үлкені осы – 
Қыз сұлу көрінеді білімімен.
Қыз сұлу көрінеді шашыменен,
Ай қабақ, қиғаш қара қасыменен.
Қыз сұлу көрінеді толған айдай
Он бес пен он сегізде жасыменен.
Қыз сұлу көрінеді өрнегімен,
Тізілтіп сөз маржанын тергенімен
Майысып, бұратылып, майда басып,
Жаныңа наз қылықпен келгенімен.
Дарытқан бар асылды өз елінен
Сұлу қыз көңілді өнерімен
Құлпырып қазағымның арулары
Өткен сұлулықтың елегінен.

Қазақ қызы десе , беті ашық, бірақ жүзінде ұяңдық бар, шашы ұзын, басқан ізі білінбейтін жан елестейді.

Әдемі болыңдар, әсем болыңдар, сонымен бірге ақылды болыңдар !
— Сұлу болыңдар, сымбатты болыңдар, сонымен бірге саналы болыңдар !
— Инабатты болыңдар, ілтипатты болыңдар, сонымен бірге ұйымшыл болыңдар !
— Ұйқышыл болмаңдар, ұмытшақ болмаңдар ұрысқақ болмаңдар !

Тәрбиеші: Қазақ отбасында қыз баланы қалай тәрбиелеген екен соған назар аударайық:

Бейнеролик «Қазақтың салт-дәстүрін сақтаған қыздар» (5 минут)
- Қазақ отбасының маңызды қызметтерінің бірі-тәрбие. Ата-ананың міндеті-жас ұрпаққа аға ұрпақтың әдет-ғұрпын, адамшылық, адамгершілік, инабаттылық, сыйлау қасиеттерін сіңіру. Әсіресе қазақ отбасында басқа ұлттарға қарағанда қыз бала тәрбиесі ерекше орын алады. Қазақ халқы қыз баланы ардақтап ұстаған, оның көңілін қалдырмаған, оған қарсы сөйлемеген, оны мәпелеп өсірген және де оны қатал ұстап, оның тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп қараған.
- Қыз бала тәрбиесінде ананың орны ерекше. Ана қыз бала тәрбиесінде әкеге қарағанда ерекше қызмет етеді. Қыз бала анаға бір табан жақын ғой. Басқа ұлтқа қарағанда біздің қазақ қыз – келіншектердің бойында ізеттілік, ар-ұят, ұялшақтық, үлкенге қызмет көрсету, үлкеннің алдын кесе-көлденең кесіп өтпеу, жан ашу қасиеттері басымырақ сияқты. Осындай қыз балаға тән қасиеттерді қызының бойына сіңіретін ең бірінші-ол анасы. Қыз баланы жастайынан үй сыпыруды, яғни үйді таза ұстауға, төсек жинауға, ас пісіру, шәй құю, кесте тігу, жанұяның үй жұмысына үйретуді анасы мен әжесі өз міндеттеріне алған.
- Қыз баланы келешек ана, бала тәрбиешісі, жанұя ұйтқысы деп түсінген халқымыз оның еңбексүйгіш, өнерлі болып өсумен қатар көрікті болып өсуіне де ерекше көңіл бөлген.
- Әсіресе қыз баланың көрікті болып өсуіне анасы ерекше көңіл бөлген. «Аттың көркі – жалы, қыздың көркі шашы» деп қыздың шашың күтіп өсіруді өнер санаған. Ол үшін оның шашын айранмен, қынамен жудырған. Шаштарын «қос бұрым», «бестемше» етіп өру бойжеткен қыздың көркі болған. Қазақ халқының жырларында қазақ қыздарының шаштарын керемет суреттеген. «Шашының ұзындығы ізін басқан», «Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген», «Қыпша бел, қиылған қас, қолаң шашты», «Қаз омырау кеуде, құлап түссе қос бұрым». Ал,

Абай атамыз қазақ қыздарының сұлулығын былай суреттеген:
Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.
Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін.

Слайд: «Бұрымды қыз»

«Бұрымды қыз» байқауынан үзінді бейнефильм
ІІІ. Енді мақал-мәтелдерге кезек береміз.

1.«Жақсы қыз – жағадағы құндыз»
2. «Қыз қылығымен сүйкімді».
3. «Қыз ақылы шешеден».
4. «Қызға қырық үйден тыйым».
5. «Қызым үйде, қылығы түзде».
6. «Қызы бар үйдің қызығы бар».

ІҮ. Бойжеткен қыздарды қазақ халқы ажарына қарай жетіге бөліп қараған ғой.
1. Әдемі қыз. 2. Әсем қыз. 3. Көрікті қыз.
4. Ажарлы қыз. 5. Шырайлы қыз. 6. Сұлу қыз. 7. Ару қыз.

Бейнеролик:Мұқағали Мақатаевтың «Қыздарға»
Тәрбиеші:
Ал қазіргі отбасында қыз бала тәрбиесі қандай?
Иә, кейбір отбасында бұл тәрбие өз мәнін жоғалтқан. Қазіргі қыздардың бойынан қазақ ұлтына жат қылықтар көптеп кездеседі. Мысалы: темекі тарту, жеңіл жүрістері, көпшілік ортада өзін-өзі ұстау этикасын білмеу, бейбас сөздер айтуы және де олардың ашық киім киуі. Әсіресе қыз балалардың бойында бұрынғы аналарға тән инабаттылық, ұялшақтық қасиеттер азайып барады. Міне, осындай жан түршігерлік қылықтардың біздің қазақтың қыздарының бойынан табылуы өкінішті-ақ.

Қыз баланың жақсы болып өсуіне оның өскен ортасының, бірге жүрген құрбы-құрдастары ның дос-жарандарының әсері күшті. Қазақтың «Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол», «Қызға қырық үйден тыйым» деген нақыл сөздері сол өмір тәжірбиесінен алынған.
Сонымен қазіргі заманғы қыздардың бойынан ақылдылық, инабаттылық, сымбаттылық, көріктілік және де іскерлік қасиеттерді табуға тиіс. Халық «Өнерсіз қыздан без, өнегесіз ұлдан без» деген. Ұлы Абай атамыз «Ары бар, ақылы бар, ұяты бар ата-ананың қызынан қапы қалма» деген екен. Демек, болашақ жас ұрпақты адамгершілігі мол, иманды, өнегелі, өнерлі етіп тәрбиелеу-қазіргі отбасындағы үлкен міндет. Сонымен қазақ отбасында тәрбиенің негізі-ұлттық салт- дәстүрлер. Тәрбие отбасынан басталады. Қазақ отбасындағы қыз бала тәрбиесі оң жолға қойылуы керек. Келешекте ұлттық салт-дәстүрлермен тәрбиеленген қыздар ел қорғайтын, ұлтжанды жас ұрпайты тәрбиелей алатынына біз сенімдіміз.

1)Қыз баланың бойында қандай қасиеттер болу керек?
2) Қыз балаға қандай міндеттер жүктелген?
3) Басқа ұлттарға қарағанда қазақ отбасында қыз бала тәрбиесінің ерекшелігі қандай?
4) Қазіргі отбасындағы қыз баланың тәрбиесі қандай?

Бүгінгі заман жастарымыздан терең білімді, салауаттылықты, ұлттық тіліміз бен дінімізді құрметтейтін мәдениетті талап етеді. Осы талап тұрғысынан көріне білуге мемлекеттімізде барлық жағдай жасалған. Біз, ата – аналар, мұғалімдер өмірден көрген – білгенімізді жастарға үлгі – өнеге, ұлағат ретінде айта жүру парызымыз. Оларға әркез аялы алақан, мәпелеген бап керек. Халқымыздың талантты ақындарының бірі Әбубәкір Қайранның мына бір өлеңі есіме түсіп отыр.
Әйелдер бар… арлы, нұрлы, ұятты,

Тірегі олар тіршіліктің миятты.

Кейде маған Хауа ананың қыздары

Жер бетінде қор болып жүрген сияқты.

Жер бетінде қасиет бар аздаған,

Ол – әйелдің ары ғана азбаған.

Ауа сынды қажеттігін әйелдің,

Еркектерге түсінуге жазбаған.

Қазіргі кезеңде қазақ қызының тәрбиесіне көңіл бөлу, «Қыз тәрбиесі-ұлт болашағы» екендігін саналы түсінген педагогикалық ұжым осы жұмыстың ауқымды болуына көңіл бөлуде.

  • Біздің ойымызша, былдыр тіліне бүкіл әлемді бағындырып, бұл қылығымен барша қауымды ұйытқан, сүйікті де сүйкімді бүлдіршін қыз;

  • өсе келе, биікке бой түзеп, тереңнен ой қозғайтын, зиялылық пен инабаттылыққа, білгірлік пен қарапайымдылыққа, мейірімділікке қол созғанжеткіншек- жауқазын оқушы;

  • әлемдегі әсемдік атаулының, адалдық пен пәктіктің өзегі, ізгілік пен жақсылықтың жаршысы, айналасына бірде жасқана, бірде асқақтай қарайтын жарқын жүзді аруларымыздың тәрбиесі ата-ана, қоғам, оқу-тәрбие мекемесі бірге көтергенде ғана мүмкін болмақ.

Қыз бала бесігінде тербелген болашақтың бастауы, көңілдің нұры, ізгіліктің жаршысы, ең алдымен ата-ана, ауыл-аймағы, бүкіл елінің қуанышы.

Қазақ халқы «Ана көрген тон пішер», «Жастай берген тәрбие, жас шыбықты игендей», «Қыз жарқылдап ас бермес, ана үлгісін көрмесе», «Баланы - жастан», «Қызға қырық үйден тыйым», «Қыз – жағадағы құндыз» деген ұлағатқа толы тәлімдік мақал-мәтелдерін қыз бала тәрбиелеу жолында бұлтартпас қағида ретінде ұстанған. Қыз баланың әрдайым сын үстінде жүретіндігі, оған қойылар талап-тілектің әлдеқайда күрделілігі, жүктелер жауапкершіліктің қиындығы ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жетіп келгені ақиқат. Алайда, бүгінгі тәуелсіз еліміздің қыздары «мен бәріне еріктімін, еркінмін» десе, орны толмас өкінішке ұрынарымыз да шындық. Бүгінгі таңның тағы бір ащы шындығы – ата-ана кішкентай қызын «еркелетемін» деп еркіне қоя беріп, «ардақтаймын» деп артық қаржыландырып, «дәріптеймін» деп дарақы қылықтарын, дөрекі мінездерін «жасы әлі кішкентай» деген желеумен жасырып, ізгілікті тәлім-тәрбие беру жолында бұралаң соқпаққа түскендерін өздері де сезбей қалады.

Осыған орай, оқу-тәрбиелеу мекемелерінің алғашқы сатысы – балалар бақшасынан бастап қыз бала тәрбиесіне ерекше назар аударып, тәрбиелеу – оқыту үрдісін жүзеге асырудың барлық кезеңдерінде аса іждаһаттықпен көңіл бөлінуі тиіс.

Дүние тек сұлулық пен сымбат талаптарына бағынған кезде адам өмірінің мазмұны да кеңейе түседі. Ұрпақ тәрбиесін, әсіресе, бесік тәрбиесіндегі негізгі бағытты мейірім мен шапағатқа, жан дүниесі, білімі, еңбексүйгіштік қасиеті, адамгершілік сапалары, дене бітімінің жетілуін әсемдік, әдемілік, әдептілік заңдарына бейімдеуді көздей отырып,ұлын ұлықты, қызын қылықты етіп тәрбиелей білген.Қазақ халқы қыз баласына салт дәстүрді бойына сіңдіріп өсірген.

Терме: «Қыздар жайлы ащы шындық» бейнеролик

Қанекей, қазағымыздың жойылмай келе жатқан қандай салт-дәстүрін білеміз.

1.Сүйінші. Қуанышты хабар жеткізуші адам «Сүйінші, сүйінші» деп келеді. Мұндайда қуанған үй иесі «Қалағаныңды ал» дейді, немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады.Бұл-шын қуанудың, ризашылықтың белгісі.

2.Шашу.Қуаныш айғағы ретінде жасалатын салтанатты дәстүр.бала дүниеге келгенде, келін түскенде, құда келгенде, осындай қуанышты күндерде тәттілермен, күміс тиындармен шашу шашады.

3.Сыбаға. Құрметті қонаққа немесе өздерінің жақын-жуығына арнап сақтаған кәделі ет мүшелері сыбаға деп аталады.Үлкен ақсақалдарға, құдаларға, жолы үлкен адамдарға сыбаға әдейі сақталады.

4.Бастаңғы.Үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып, «Жолаушылардың жолда басы ауырмасын, бастаңғы жаса» деп сол үйде ойын-сауық жасап бас қосуы.

5. Қыз ұзату. «Ұлын ұяға, қызын қияға қондыру» ата ананың тілегі әрі парызы. Соның ішінде қыз ұзату үлкен той, думан әрі қызық. Бұл күні ата ана қуанады, әрі жылайды. Қуанатыны қыз өсірді және оны құтты жеріне қондыруы, жылайтыны әрине қимастық көңілі. Қызды алуға құда (тақ санмен) бес не жеті кейде одан да көп адам келеді. Мұнда ойын сауық, құдалық рәсімдер мен кәде жоралар жасалады. Ұзатылатын қызды дәстүр бойынша таң ата, күн шыға жөнелтеді.

6.Келін түсіру. – отбасылық сән-салтанаттардың бірі, жанұядағы ер жеткен ұлдың үйлену қуанышы. Қазақ халқының түсінігінде келін түсіру – әр әулеттің, ата-ананың көптен күткен қуанышы саналады. Дәстүрлі қазақ қоғамында мұндай салтанатқа бүкіл ауыл болып дайындалған. Ауыл әйелдері жасаулы көштің алдынан шығып, шашу шашқан. Шымылдықты келіннің бетіне жауып, бет-жүзін үлкендерге көрсетпей, қайын атасының үйіне алып кіргізеді. Келін үлкен шаңырақтың босағасын оң аяғымен аттай кіріп, тізе бүгіп сәлем береді.

7.Шілдехана. Бала дүниеге келген күні кешке ауыл жастары шілдеханаға жиналады.Өнерлі жастар таң атқанша жаңа туған баланы, оның анасын ардақтап, ән салып, күй тартылады.

8.Бесік той. Кіндігі түскен баланы бес күннен кейін бесікке салады.Бұл тойға жиналған көрші-қолаң шашуларын ала келеді. Баланы бесікке салардан бұрын ауылдың жасы үлкені, беделді әйелі бесік жабдығын орын-орындарына қояды.Содан кейін бесікті адыраспанмен аластап шығады.

9.Қырқынан шығару.Қырық күн толған соң нәрестенің сүт тырнағы мен қарын шашын алып, теңгелер салған ыдысқа қырық қасық су құйып шомылдырады.

10.Тұсау кесер. Бала қаз тұрып жүре бастағанда жасалатын салт-дәстүр.Бұл дәстүр бала құламай, аяғын тез басып жүріп кетсін деген оймен жасалады, тілек айтылады.

Қаз-қаз балам, қаз балам,

Қадам бассаң мәз болам.

Күрмеуіңді шешейін,

Тұсауыңды кесейін,-деп ала жіппен кеседі.

11.Сүндет той. Сүндетке отырғызылған баланың құрметіне жасалады.Сүндеттеу VІІ-VІІІ ғасырларда араб елдерінен шығып, бүкіл мұсылман жұртына тараған. Сүндетке отырғызу мұсылмандықтың белгісі болып саналады.Ер баланы сүндетке бес, жеті немесе тоғыз жасында отырғызған.

12.Тілашар. Бүлдіршіннің тілі жеке-жеке сөздерді айтуға икемделе бастаған кезде тілі тез шығуы үшін дәстүрлі тілашар тойы ырымын жасайды.


Тыйым сөздер


Қазақта инабатты қыз өсіру ниетімен тыйым сөздерді де пайдаланған қызға 40 үйден тыйым болған:


1. Жарыса сөйлеуге
2. Жалғыз қыдыруға
3. Жыртақтап күліп, сыпсыңдап сөйлеуге
4. Орынсыз ұрынуға
5. Басқаларға қол тигізуге
6. Өтірік, өсекке 
7. Суық жүріс, сумаң қылыққа
8. Кісіге қарай керіліп есінеуге
9. Талтайып отыруға
10.Шалқайып жатуға 
11.Тамақты обырлана асауға
12.Ұрлық қарлыққа
13.Ұятты мүшелерін ашып жүруге
14.Бұраңдап қылмысуға
15.Қызыл іңірде жатуға
16.Түске дейін ұйықтауға
17.Кісі алдында киім ауыстыруға
18.Салт-дәстүрден аттауға
19.Елді ғайбаттауға
20.Үлкендердің жолын кесіп, атын атауға
21.Ішімдік пен шегімдікке
22.Ұрыс-керіске
23.Беттен алып, бет жыртысуға
24.Қараулыққа, ысырапқа
25.Рахымсыздық пен қатыгездікке
26.Түнде суға жалғыз баруға
27.Жат жыныстылармен арласып жатуға
28.Күйеуге қашып тиюге
29.Әдепсіз сөзге
30.Тарс-тұрс етуге
31.Адам мен жануарларды тебуге
32.Кісіні қорлап жәбірлеуге
33.Тәкәппарлық пен сыйқымазақ жасауға
34.Айғай сүреңге
35.Шектен тыс сыланып жасануға
36.Қызғаншақтық пен күншілдікке
37.Менмендік пен өзімшілдікке
38.Алдап-арбауға
39.Көрсеқызарлыққа
40.Нәпсі құмарлыққа тыйым



Бұл тыйым сөздердің мағынасын түсініп есте сақтау қажет. Түсінбеген, өз басына кездескен кейбір жағдайларды ашық айтып пікірлесу де адамдықтың белгісі.Ұстаз-ақылшың, оқытушың, шын досың. Әр уақытта пікірлесіп ішкі жан дүниеңді ашуда ата-анңмен бірдей адам.Ата-ана мен ұстаздың арсына қаяу түсірме. Сыйла, айтқанын тыңда. Олар сендерді қорғайды, қолдайды.

Қорытынды: Қыз мінезді келсін, ұл өнерлі келсін деп «Қызға қырық үйден тыйым» жасайды. Қыз өз үйіне қонақ. Үйдің қанша еркесі, жалғызы ата-ана мен бауырлары үшін қанша қымбат жан болса да, ол өзге үйдің келіні, ата-енесі, күйеуі мен балаларының қамқоршысы болуы керек.

Тұрмысынан батыр халықтың Тұмар мен Заринадай патшасы, әділдік пен әділеттіліктің туын ұстаған Айша бибі мен Қарашаш шешендері ошағын сөндірмей бүтін бір елді басқарған Айғанымдай көсемдері, кешегі неміс фашистеріне қарсы күресте Мәншүк пен Әлиядай, Тәуелсіздігіміз үшін күрескен Ләззат пен Сабирадай батыр қыздары болды. Әлемдегі ең сұлу қазақ қызы, қазақ анасы. Мұхтар Мағауин айтқандай әрбір ару қазақ қызы деген әдемі атқа кір келтірмесе нұр үстіне нұр болар еді.

Тәрбие сағатымызды Марат Карабаевтың «Қыз сыны» әнімен аяқтаймыз.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!