Толыбай батыр атындағы №141
жалпы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік
мекемесі
Тәрбиелік іс-шара
бағдарламасы.
Дайындаған: ДТІЖО: М.
Жауынбаева
Сарыағаш
қаласы
2017-2018 оқу
жылы
Қыз тәрбиесі - ұлт
тәрбиесі
Жүргізуші:
Армысыздар ата-аналар, ұстаздар және
оқушылар, бүгінгі «Қыз тәрбиесі – Ұлт
тәрбиесі» атты акциямызға қош
келіпсіздер.
Қазақ халқы «Қыз» деген сөздің өзін
әдеміліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың белгісі деп таныған.
Халқымыздың халық ауыз әдебиетінде көптеген ақындарымыз қызға
көптеген керемет суреттемелер берген. Сондай - ақ қыз баланың
ұқыптылығын, шеберлігін, сүйкімділігін, жанының нәзіктігін, өнер,
білімге бейім тұратынын жоғары бағалап, оның ол қасиеттерін бейнелі
сөздер арқылы ерекше көрсеткен. Мысалы: «Қыздың жиған жүгіндей»,
«Қыздың тіккен кестесіндей», «Қыз – елдің көркі, гүл жердің көркі»,
«Жақсы қыз – жағадағы құндыз», «Қызы бар үйдің қызығы бар» т.
б.
Қыз емес, қыздың аты – қызыл
алтын,
Көрінер туған айдай жүзі
жарқын.
Үлкеннің алдын кесіп сөз
сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын. - дей
отырып мектеп директоры Рысбаев Серік ағайға және ата-аналар
комитетінің төрайымы Данагул апамызға сөз кезегін
береміз.
Жүргізуші:
Қыз бала – бойжеткен, келін,
ана,
Бәрі де дер кезінде дара
тұлға.
Ұрпағыңның ойласаң
болашағын,
Қызды сыйла, жамағат, қызды сыйла. . - дей
отырып
Әбілқасым Нұрқасымның
орындауында «Мен Қазақ қыздарына қайран
қалам»
Жүргізуші:
Біз қыз баланың бойынан нені көргіміз келеді:
нәзіктік пен сұлулықты, ұяңдық пен инабаттылықты, сыпайылықты,
әдемілік пен ұялшақтықты, өнерлік пен іскерлікті, шеберлік пен ақ
ниеттілікті, ақкөңіл қасиеттерді дей келе біздің дайындаған бейне
көрінісімізге көз салуларыңызды
өтінеміз.
Жүргізуші:
Қыз бала тәрбиесінде ананың орны ерекше. Ана
қыз бала тәрбиесінде әкеге қарағанда ерекше қызмет етеді. Қыз бала
анаға бір табан жақын ғой. Басқа ұлтқа қарағанда біздің қазақ
келіншектерінің бойында ізеттілік, ар – ұят, ұялшақтық, үлкенге
қызмет көрсету, үлкеннің алдын кесе – көлденең кесіп өтпеу, жаны
ашу қасиеттері басымырақ сияқты. Осындай қыз балаға тән қасиеттерді
қызының бойына сіңіретін ең бірінші – ол анасы. Қыз баланы
жастайынан үй сыпыруды, яғни үйді таза ұстауға, төсек жинауға, ас
пісіру, шай құю, кесте тігу, т. б. жанұяның үй жұмысын үйретуді
анасы мен әжесі өз міндеттеріне алған. Қазақ халқында «Қыз – елдің
көркі, гүл жердің көркі» деген мақал бар. Мақалдың мәні қыз баланың
нәзіктігін, сүйкімділігін, салтқа беріктігін
көрсетеді.
Ендігі
кезекте Бердиев
Ерқанаттың орындауында
«Анаға
сағыныш»
Жүргізуші:
Қазақ отбасының маңызды қызметтерінің бірі –
тәрбие. Ата - ананың міндеті – жас ұрпаққа аға ұрпақтың әдет -
ғұрпын, адамшылық, адамгершілік, инабаттылық, сыйлау қасиеттерін
сіңіру. Әсіресе қазақ отбасында басқа ұлттарға қарағанда қыз бала
тәрбиесі ерекше орын алады. Қазақ халқы қыз баланы ардақтап
ұстаған, оның көңілін қалдырмаған, оған қарсы сөйлемеген, оны
мәпелеп өсірген және де қатал ұстап, оның тәрбиесіне ерекше көңіл
бөліп қараған.
Ендігі кезекте көрініс «Бала
тәрбиесі»
Жүргізуші:
Ұлы ақынымыз М.
Мақатаев «Сәби болғым
келеді» өлеңінде
Құста болғым
келмейді!
Қанатым
бар,
Қанатым бар, күмістен
жаратылған.
Сәби болғым келеді, сәби
болғым,
Мына өмірден хабарсыз, жаңа
туған
От та болғым келмейді, жылуым
бар.
Жылуым бар, керекпе
жылыңындар.
Әлди болғым келеді, әлди болғым!
деп
періштедей сәбилерімізге қызыға қараған
екен.
Жамалова Айтолқын және Төрехан Әселхан
орындауында ән «Сәби
бақыты»
Жүргізуші:
Қыз баланың жақсы болып өсуіне оның өскен
ортасының, бірге жүрген құрбы – құрдастарының, дос – жарандарының
да әсері күшті. Қазақтың «Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол»,
«Қызға қырық үйден тыйым» деген нақыл сөздері сол өмір
тәжірибесінен алынған. Сонымен қазіргі заманғы қыздардың бойынан
ақылдылық, инабаттылық, сымбаттылық, көріктілік және де іскерлік
қасиеттері де табылуға тиіс. Халық «Өнерсіз қыздан без, өнегесіз
ұлдан без» деген. Ұлы Абай атамыз «Ары бар, ақылы бар, ұяты бар ата
– ананың қызынан қапы қалма» деген
екен.
Сөз соңын Елбасымыздың: «Әйел
– бесік иесі. Демек, әйелдің жайы түзелмей, бесігіміз түзелмейді,
бесігіміз түзелмей – еліміз толық түзелмейді» деген пікірімен
қорытындылағым келіп отыр. Қаракөздеріміз бұрымды шашымен, инабатты
мінезімен, ақылдылығымен, кіршіксіз арымен әрқашан басқалардан
ерекшелене білгей.
Директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары Жауынбаева Меруерт апайға сөз
береміз.
Назар қойып тындағандарынызға рахмет, қош
сауболыңыздар.