400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қыздардың болашақ маман иесі болып шығу үшін білімге зейін қою, тәрбиелік жұмыстарға атсалысып белсенді болу және бос уақытын тиімді пайдалануы мақсатында ұйымдастырылған шара.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі»

Республикаға, облысқа танымал ханымдармен Атырау Бизнес және Құқық колледжі студент қыздарының кездесу сағаты

Уақыты: 3 қараша 2021 жыл

Өтетін орны: АБжҚк базасы 4 корпус акт зал

Мақсаты: қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс - қимыл, жүріс - тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты, болашақ ел анасы екендігі туралы жан - жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани - адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту.

Барысы:

  1. «Қыз еркем – кестесімен көркем», қолөнер жұмысымен танысу

  2. «Қызға қырық үйден тыйым», нақыл сөздермен пікірталас

  3. «Қыздарға әсемдік жарасады», тренинг

  4. Қорытынды, қонақтарға сөз кезегі

Шақырылған қонақтар:

  1. Сарсембаева Айжан Махсутовна - «Нұр Отан» партиясының Атырау қалалық мәслихаты депутаты, №18 «Балдырған» балабақшасының директоры

  2. Жапалова Камила Әбенқызы – ҚР суретшілер одағының мүшесі, ҚР көркемсурет академиясының корреспондент мүшесі, ҚР мәдениет қайраткері

  3. Рабай Күнайым Түйешіқызы –ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, «Үздік педагог-2021» байқауының жеңімпазы, педагог-психолог

Ұйымдастырушы: Атырау Бизнес және Құқық колледжі

Колледж директоры Айтиева Нұрлы Тельманқызы

Директордың орынбасары Кожабаева Назерке Нұрлыбекқызы







Қыз бала қай халықта болмасын әдемілік пен әдептіліктің, сұлулық пен іңкәрліктің символы. Халқымыз «қыз-қонақ» деп, төрінен орын беріп, қыздарды алтынның сынығына балап өсірген. Жалпы бала тәрбиесіне, соның ішінде қыз бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген. Ұлт бойындағы бар жақсы қасиеттерді-тілін, дінін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, дәстүрін немересіне, немересінен шөбересіне жеткізуші, дамытушы, әрине, әйел-ана. Халқымыздың ырысты ынтымағын, береке-бірлігін, туыстың татулығын іске асыратын да, ұйымдастыратын да әйел-ана.

Қыздар-ай қызыл жалау түзге ұстаған,

Қорғап тұрған шырылдап қызғыш далам.

Сендер гүлге керемет ұқсағанмен,

Гүлдер бірақ көбірек қызға ұқсаған!


Бүгінгі дөңгелек үстеліміз жоғарыда айтылғандай қыздардың тәрбиесіне арналады. Осы орайда студент қыздарымызға үлгі болсын, берер тәрбиесі молынан, айтарлары көп деп облысымызға, республикаға танымал әйелдер қауымын шақырып отырмыз. Таныс болыңыздар:

  1. Сарсембаева Айжан Махсутқызы - «Нұр Отан» партиясының Атырау қалалық мәслихаты депутаты, «Балдырған» балабақшасының директоры

  2. Жапалова Камила Әбенқызы – ҚР суретшілер одағының мүшесі, ҚР көркемсурет академиясының корреспондент мүшесі, ҚР мәдениет қайраткері

  3. Рабай Күнайым Түйешіқызы – Халықаралық, республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциялардың қатысушысы, педагог-психолог


Шарамызды ашу үшін алғы сөз Атырау облысы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссия басшысының орынбасары, АБжҚк директоры Айтиева Нұрлы Тельманқызына беріледі.


Халқымызда «қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің, жан - жақты сұлулықтың рәмізі ретінде қолданылады. Қазіргі кезде елімізде кейбір қыздарымыздың тәртібінің төмендеп бара жатқандығы, яғни ибалы қыздарымыздың арасындағы келеңсіз жағдайлар өз болашақтарына да, отбасына да, айналасындағы адамдарға да кесірін тигізіп жатқаны рас. Оған бірден – бір себепші кінә – теледидар, одан қала берді ұялы телефон, бос уақытында немен айналысатынын білмей оны текке құрту. Сол себепті қыздарымыз болашақ маман иесі болып шығу үшін білімге зейін қою, тәрбиелік жұмыстарға атсалысып белсенді болу және бос уақытын тиімді пайдалануы қажет деп есептейміз.

Қыз сұлу көрінеді өрнегімен

Тізілтіп сөз маржанын тергенімен

Майысып бұратылып, майда басып,

Жаныңа наз қылықпен келгенімен



Қазір біздің студент қыздарымыз өздерінің шығармашылық жұмысын әкеліп, сіздердің алдарыңызға ұсынғалы отыр. Ендеше «Қыз еркем – кестесімен көркем» атты бөлімімізді ашық деп жариялап, қыздардың қолөнер жұмыстарымен таныс болайық.



«Қызға қырық үйден тыйым» деген не, ол не үшін керек?

Таратпа материалдар арқылы студент қыздарға тыйымдар берілді, әрқайсыңыз сол жазылған нәрсені өз түсінігіңізде жеткізіп, қорғап берсеңіздер.

  1. Өтірік-өсекке тыйым

  2. Ұрлық-қарлыққа тыйым

  3. Түске дейін ұйықтауға тыйым

  4. Салт-дәстүрден аттауға тыйым

  5. Үлкендердің жолын кесіп, атын атауға тыйым

  6. Ішімдік ішіп, шылым шегуге тыйым

  7. Рахымсыздық пен қатыгездікке тыйым

  8. Әдепсіз сөзге тыйым

  9. Қызғаншақтық пен күңшілдікке тыйым

  10. Ысырапшылдыққа тыйым

  11. Көрсеқызарлыққа тыйым

  12. Талтайып отырып, шалқайып жатуға тыйым

  13. Ашық-шашық киінуге тыйым

  14. Басқаларға сөз, қол тигізуге тыйым

  15. Адам мен жануарды тебуге тыйым



Құрметті ханымдар, бұл тыйымдар туралы студенттеріміздің пікірлерін тыңдадыңыздар, енді сіздердің ойларыңызды білсек, ақыл-өсиеттеріңізді қоса отырсаңыздар.

«Жігітті тәрбиелеген – әскерді тәрбиелейді, қызды тәрбиелеген – ұлтты тәрбиелейді» — деген екен дана халқымыз. Бұл сөздің төркінін қалай түсінеміз?

Қазақ отбасының маңызды қызметтерінің бірі –тәрбие. Ата-ананың міндеті –жас ұрпаққа аға ұрпақтың әдет-ғұрпын, адамшылық, адамгершілік, инабаттылық, сыйлау қасиеттерін сіңіру. Әсіресе қазақ отбасында басқа ұлттарға қарағанда қыз бала тәрбиесі ерекше орын алады. Қазақ халқы қыз баланы ардақтап ұстаған, оның көңілін қалдырмаған, мәпелеп өсірген. Соның нәтижесінде қыздарымыз ақылына көркі сай, биязы, нағыз қазақ қызына тән қасиеттерді бойына сіңіріп тәрбиеленген.

Ендеше қазір қыздарымызбен бір парасатты сергіту сәті болсын. Сіздерге парақ таратамын, ешқандай құралдың көмегінсіз өз қолымызбен оны жырту арқылы адам сұлбасын жасап шығарамыз. Ол адамды өзіміз деп есептейміз де, менің ойымда не бар, қолымда, аяғымда, жүрегімде не бар, көзім, аузым не үшін керек деген сұрақтарға жауап іздейміз.

Дәл осы көңіл-күйде сергіту сәтін аяқтау мақсатында бір-бірімізге жылы тілек-лебіздерімізді білдірсек.



Жазушы Әзілхан Нұршайықовтың мына бір сөздерін әрбір қыз баланың бойына сіңірсек құба-құп болар еді:
– Қыздар! Өздеріңді алақанға салып әлпештеп отырған осынау бір елімізге адал перзент, асыл азамат боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар! Еңбекшіл адам ең ардақты адам.

Әдемі болыңдар, әсем болыңдар! Сонымен бірге ақылды болыңдар!
Сұлу болыңдар, сымбатты болыңдар! Сонымен бірге саналы болыңдар!
Қыздар ұйқышыл болмаңдар, ұмытшақ болмаңдар, ұрысқақ болмаңдар!
Инабатты болыңдар, ілтипатты болыңдар, ұйымшыл болыңдар!

Бүгінгі шарамыздың аса қадірлі, құрметті қонақтары, еліміз үшін атқарып жүрген еңбектеріңізді жоғары бағалаймыз, үлгі аламыз, сіздерге қарап өсеміз, өнеміз, сіздердің жолдарыңызды мына отырған бізге берсе, арманымыз болмас еді. Аға-ұрпақ ретінде берер ақыл, айтар тілектеріңіз болса, біз тыңдауға дайынбыз.

«Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» атты дөңгелек үстелімізден аларымыз көп болды, иә қыздар. Уақыттың қалай өткенін байқамай да қалдық – ол уақытымыздың босқа өтпегендігін білдіреді. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін сіздерге алғысымызды білдіреміз.

Келесі кездескенше амандықта болайық.

Естелік суретке түсіп алайық.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.11.2021
555
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі