400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қыз тәрбиесі -ұрпақ айнасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қыз балалардың өмірдегі орны, қыздар жиналысында айтылып, жасөспірім қыз-бойжеткендерге пайдалы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қыз тәрбиесі-ұрпақ айнасы

«Қазақ қызы!» Қандай қастерлі,құлаққа сондай жағымды сөз! Ежелден ер азаматпен қатар түзде жауға қарсы найза ұстаған, үйде ошақтың берекесі,алаптардың анасы атанған ол әрине—Қазақтың қызы! Он мың әскерімен парсының патшасына қарсы тұған Тұмар, даналығымен белгілі Айша бибі, Жиреншеге серік болған Қарашаш, жары дүние салғанда ошағын сөндірмей тағын ұстап, хандық құрған Айғаным ханым, ел сыйлаған Домалақ (Нүрила) Ана,Абайдай дананы тәрбиелеген Зере мен Ұлжан,жер мен су жарлыға берілсін деп ұрандаған Шолпан,Алма, фащистке қарсы қан майданда ерліктің қайталанбас үлгісін көрсеткен Әлия мен Мәншүк,еңбек майданында алға озған Камшат, Желтоқсанда ұлтым деп ұрандаған Ләззат сияқты ару қыздарымыз тарихтан ойып тұрып орын алады. Ал, «бүгінгі қазақ қызы ертеңге қалай барады? Барғанда не алып барады?—деген заңды сауалдар айналаға қараған сәтте өзінен-өзі туындайды.Айман-Шолпан, Қыз Жібек пен Баян сұлудай қазақтың бұрымды,сұлу, келбетті қыздардын қазіргі кезде шынымен де тек жырдан ғана оқитын болдық па?!. Бүгінгінің Баяны, ару Айманы, атына сай есілген Жібегі қайда жүр?!Оларды көшеден де, теледидардан да көру арман боп кетті-ау. Басына үкілі бөркін киіп, қазақ даласына ерекше сұлулығын паш еткен, ғасырдан ғасырға айнымай жеткен Қазақтың қызы басқа арнаға неге бұрылып кетті?!Бәрі емес, бірең-сараңы ғой деп елемеуге болмас. Бір қыз бір ауылдың анасына айналатынын ұмытпайықшы.

Қазақтың қызы—Қазақтың Ұлттық айнасы. Иә,қыз баланың қашан да дұрыс жүруі ата-ананың мәртебесі. Қыз баланың тәрбиесі өте салмақты,бұл нәрсеге жеңіл көзбен қарауға мүлде болмайды. Шешесіне қарап бой түзейтін қыздар үшін ананың берген тәрбиесінің ықпалы ерекше. Құрсақтан басталатын тәрбие, былдырлаған сәби кезеңмен, жасөспірім шақ, бойжеткендік жаспен сабақтасып отырады.Қыз бала-өріс.Келін атанған кезде де үйіне келген мейманына тамағынан бұрын, ашық-жарқын қабағын берудің өзі де үлкен тәрбие екендігі белгілі. Мен, жоқ мен емес, бәріміз қыз баланың бойынан нәзіктік, ұяңдық, инабаттылықты, сыпайылықты, іскерлікті, шеберлік пен ақ ниетті қасиеттерді көргіміз келеді. Қыз бала тәрбиесіне келгенде алаңдататын нәрсенің шегі жоқ. Қыз баланың әрбір іс-қимылынан бастап, орынсыз жүруі,кешке шығып, таңда үйге келуі, ата-ананың айтқанына мән бермеуі жақсылыққа әкелмейді.Біз қазақ деген халық--ұяңдаумыз ғой. Әсіресе, аналар қыздарымен қай тақырыпта болмасын ашық сырласа білуі, қызының бойындағы өзгешелікті тануы,өзгерістерді көре білуі керек. Дегенмен де, қыз баланың ары мен абыройы,болашақ жарқын күні үшін де осылардың алдын алғанымыз жөн. «Қызды қырық үйден тыю»-деп бекер айтпаса керек.Қыз гүл секілді, көпшіліктің көзі түсетін болғандықтан, қыз өсіргенде ырым етіп басынан сипап өсірген, онысы ер адам алдында жүзін төмен салсын, ер кісінің көзіне тіке қарамасын,-дегенінен болса керек, ал ер баланы арқадан қағып өсірген, онысы көпшіліктің алдында кеудесін тік ұстап, абыройлы азамат болсын деген ырымы. Қыз бала абыройлы болуы үшін, етек-жеңін жауып, сүйкімді қылығымен елді сүйсіндіріп жүргені дұрыс. Қазіргі қыз болашақ бір шаңырақтың ұйытқысы. Бір атаның ұрпағын жалғастырушы. Сол себептен ата-бабамыз қыздарымызды адалдыққа, тазалыққа, пәктікке тәрбиелеген.Қыз баланың тәрбиесіне сондықтан ерекше мән беріп өсірген. Қазақтың қандай қызы болсын осы нәрсені санасына сіңіріп өскені абзал.



Жаңақорған ауданы №194 орта мектебінің

Әлеуметтік педагогы Сарсенбекова Гаухар

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15.11.2020
508
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі