А.Байтұрсынов атындағы №
139 мектеп-гимназияда
«Қыз тәрбиесі-ұлт
тәрбиесі» тақырыбындағы қыздар жиналысының өтілуі туралы
анықтама.
10.11.2020ж күні А.Байтұрсынов атындағы №
139 мектеп-гимназияда «Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» тақырыбындағы
қыздар жиналысында семинар-тренингі
өткізілді.
Мақсаты: Қыздармен әңгімелесе отырып,
ар - намысын, пәктігін, сұлулығын жоғары қоя біліп, жұрт алдында
абыройлы болуға тәрбиелеу.
Әрбір елдің өміріндегі шешуші
кілт- қыздарға берілетін тәлім мен тәрбие арқылы өлшенеді. «Қыз»
деген сөздің өзі әдеміліктің, әдептіліктің, жан жақты сұлулықтың
символы ретінде қолданылады.
Жиналыс барысында қыз бала
қандай болу керек, жалпы мектепішілік тәртіп, мектеп формасы,
инабаттылық, кішіпейілділік сияқты тақырыптар талқыланып, мектеп
ережесін ұстау керектігін, шаш үлгісі жинақы жүру керек екендігін
тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Қ.Жакупова және тәлімгер Н.
Синасап түсіндіріп айтты. Мектеп мебдикесі Б.Бекмуханбетова
қыздардың гигиенасы жайлы, сұлу болу, сау болу - өз
қолыңда! Адамның, соның ішінде қыз - келіншектердің реңді де сұлу
болуы өздеріне байланысты. Себебі, сұлулықтың негізі - денсаулық.
Бұл денсаулыққа жеке басты тазалық, гигиена және зиянды
әрекеттердің аулақ болуы жатады. Қазіргі кезде қыздар зиянды
заттарға елігіп, әуес болады. Ол болашақ ана. Темекі тарту, ішімдік
ішу денсаулыққа үлкен қатер төндіреді деген сияқты кеңестер
берілді.Мектеп психологы Маханбет Б. көптеген тоғандырып жүрген
мәселелер бойынша сұрақтарын қойылып, ой бөлісті. Жиналыс сырласу
түрінде өтіп, оқушылар жақсы көңіл-күймен
тарқасты.
Мектеп-гимназия
психологы: Маханбет Балнұр
Мейрамбекқызы