Материалдар / "Қызметкерлер жалақысынан жеке табыс салығын есептеу жолдары" Кіріктірілген сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Қызметкерлер жалақысынан жеке табыс салығын есептеу жолдары" Кіріктірілген сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
"Қызметкерлер жалақысынан жеке табыс салығын есептеу жолдары" тақырыбында кіріктірілген сабақ. Есеп және аудит мамандығына арналған сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Сәуір 2022
646
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Атырау облысы білім беру басқармасы

«Саламат Мұқашев атындағы

Атырау политехникалық ЖОҒАРЫ колледжі» КМҚК





«Келісілді» «Бекітемін»

Әдістемелік кабинет меңгерушісі Директордың оқу- әдістемелік

_______________Г.Тусалиева жұмысы жөніндегі орынбасары

«____» ___________ 2021 ж _______________ Ж.Кереева

«____» ___________ 2021 ж










Қіріктірілген Ашық сабақтың әдістемелік өңдеуі



Мамандығы: 0518000-«Есеп және аудит»

Пәндер атауы:Салық және салық салу, Қаржылық есеп

Тақырыбы: «Қызметкерлер жалақысынан жеке табыс салығын есептеу жолдары»

Тобы: УиАб-19









Мұнай пәндік-циклдік комиссиясы Дайындаған:

отырысында қаралды және келісілді арнайы пән оқытушы

Хаттама № ________ _________А.Джанглышева

«____» ____________ 2021ж _________Э.Тулегенова

ПЦК төрайымы

__________ К.Джумабаева








АТЫРАУ – 2021



Пәні:

«Салық және салық салу», «Қаржылық есеп»

Өткізу мерзімі:

04.03.2021 ж.

Тақырыбы:

«Қызметкерлер жалақысынан жеке табыс салығын есептеу жолдары»

Тобы:

УиАб-19

Сабақтың мақсаты:

Жеке табыс салығына салынатын салық және оның маңызы туралы ұғым қалыптастыру

Білімділік:

Студенттердің өз жетістіктерін, білім-білік дағдыларын қалыптастыру

Тәрбиелік:

Студенттердің өз ойларын ашық айтуға, пікір таластыруға, дұрыс сөйлей білуге, өз бетімен ізденіс жұмысын жасауға үйрету

Дамытушылық:

Студенттердің цифрлық технологияның жетістіктерін пайдалана отырып, алған теориялық білімдерін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру

Сабақ түрі:

Кіріктірілген сабақ

Оқыту әдістері:

Түсіндіру,ақпарат беру, сұрақ – жауап, ізденіс әдісі, ой шақыру

Сабақта өткізілетін

өзіндік жұмыстардың

түрлері:

LearningApps программасы арқылы сөзжұмбақ шешу, LearningApps программасы арқылы жаңа термин сөздерді табу, ситуациялық сұрақтарға жауап беру

Техникалық оқыту

құралдары және

көрнекіліктер:

ZOOM бағдарламасы, Padlet тақтасы, презентация, компьютер, бейнеролик



САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

1. Ұйымдастыру кезеңі (3мин)

2. Өткен тақырыпты қайталау (10 мин)

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру (15 мин)

4. Жаңа материалдарды бекіту (10 мин)

5. Бағалау (1 мин)

6. Үйге тапсырма беру (1 мин)

I. Ұйымдастыру кезеңі ZOOM платформасы арқылы топты қосу, студенттермен сәлемдесу, сабаққа қатысты түгендеу және құрал-жабдықтары тексеріледі, 3-мин

II. Өткен тақырыпты қайталау, 10-мин (Бұл кезеңде студенттердің назарын пәнге аудару бағытында сергіту сәті жүргізіледі, студенттерге өтілген тақырып бойынша қайталау сұрақтары қойылады)

1) Сергіту сәті:

Берілген суретті сипаттап беру

2) «Гугл форма» тест(Өтілген тақырып бойынша қайталау сұрақтары қойылады)

3) Сөзжұмбақ орындау. (Құпия сөз яғни жаңа тақырыптың негізгі термині)


III. Жаңа тақырыпты түсіндіру, 15 мин (Жаңа тақырыпта түсіндіру барысында мультимедиялық экранды қолданып, презентацялық мәлімет беріледі, жабдықтардың құрылысы көрсетілген суреттері, үлестірмелі материалдар мен қосымша мәліметтер беріледі)


Жоспары:

1. Жеке табыс салығын төлеушілер;

2. Төлем көзінен салық салынатын салықтар

3. Жеке табыс салық мөлшерлемесі

4.Жеке табыс салығын есептеу және төлеу тәртібі


Ай сайын жұмыс беруші жалақы сомасынан болашақ зейнетақы шотына міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және жеке табыс салығы (ЖТС) шегерілетінін атап өтеміз.

Сонымен бірінші кезекте жалақыдан 
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 25-бабы негізінде 10% мөлшерінде шегеріледі. Алайда, 50 ең төменгі жалақы мөлшеріне тең (50 ЕТЖМ (2021 жылға 2 125 000 тнг)) міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін ең жоғары ықтимал табыс түрінде шектеулер бар.

Жеке табыс салығы (ЖТС) сондай-ақ МЗЖ шегергеннен кейінгі қалған сомадан 10% құрайды (ҚР Салық кодексінің 320-бабына сәйкес), бірақ ол сәл басқаша есептеледі. Салық кодексінде мөлшері 1 ЕТЖ (2021 жылға 42 500 теңге) табыс салығы салынбайтын сомма көзделген, ол жыл сайын үлкен жаққа қарай өзгеріп отырады. Салық төлеушінің төлем көзінен салық салынатын табыстары жеке тұлғалардың ақшалай түрде алған барлық табыстарының жиыны болып табылады және оның құрамына жататындар:

1) қызметкердің табысы;

2) біржолғы төлемдерден алынған табыс;

3) жинақтаушы зейнетақы қорларынан берілетін зейнетақы

              төлемдері; 

4) дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс;

5) стипендиялар;

6) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табысы жатады,

Салықты есептеу  және төлеу тәртібі.

Салық агенттері жеке табыс салығын есептеу мен ұстап қалуды төлем кезінен салық салынатын табыс төленетін күннен кешіктірмей жүргізеді. Салық агенттері, төленген кірістер бойынша салықты аударуды төлем төленетін айдан кейінгі айдың 15-іне дейін өзінің орналасқан жері бойынша жүзеге асырады. Салық агенттері тиісті бюджеттерге құрылымдық бөлімшелер бойынша салық төлеуді Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады. Салық агенттері жеке табыс салығы бойынша есеп-қисапты салық органына салық төленетін жер бойынша есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей табыс етеді.

Енді салық төлеушінің төлем көзінен салық салынатын  табыстарына тоқталайық:

1. Қызметкердің табысы.

Қызметкердің жұмыс  беруші есептеген, көзделген салық  шегерімдері сомасына азайтылған табыстары  төлем көзінен салық салынатын табысы болып табылады.

Сонымен қатар қызметкердің табыстарына:

жұмыс беруші материалдық, әлеуметтік игіліктер немесе өзге де материалдық пайда түрінде берген табыстар;

жұмыс беруші төлейтін ақшалай немесе заттай нысандағы кез келген табыстар жатады.

Қызметкердің заттай нысандағы табыстарына жататындар:

1)   заттай нысандағы еңбекақы;

2) қызметкер алған тауарлар, қызметкердің мүддесін көздеп орындалған жұмыстар, қызметкерге өтеусіз негізде көрсетілген қызметтер;

3) қызметкердің үшінші тұлғалардан алған тауарлар (орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер) құнын жұмыс берушінің төлеуі;

4) қосылған құн салығы мен акциздердің тиісті сомасын қоса  алғанда, заттай  нысандағы  тауарлардың  (жұмыстардың, қызметтердің) құны.

Қызметкердің материалдық  пайда түріндегі табыстары:

1) қызметкерге сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызмет  көрсетулердің) құны мен осы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сатып алу бағасы немесе олардың өзіндік құны арасындағы теріс айырманы;

2) жұмыс берушінің шешімі бойынша қызметкердің оның алдындағы қарызының немесе міндеттемесінің сомасын есептен шығаруды;

3) жұмыс берушінің өз қызметкерлерінің сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлық ақыларын төлеуге жұмсаған шығыстары;

4) жұмыс берушінің қызметкердің өз қызметіне байланысты емес шығындарының орнын толтыруға жұмсаған шығыстарды құрайды.

Қызметкердің  төлем көзінен салық салынатын табысын анықтау кезінде салық жылы ішіндегі әрбір ай үшін шегерімге мыналар жатқызылады:

1) Қазақстан Республикасының заң актісінде табысты есептеудің  тиісті  айға  белгіленген бір айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі сома;

2) асырауындағы адам пайда болған айдан бастап қызметкердің асырауындағы отбасының әрбір мүшесіне айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі сома. Аталған шегерімдер бір салық төлеушінің табысына — отбасы мүшесіне қолданылады.

3) жинақтаушы зейнетақы қорларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мөлшерде төленетін міндетті зейнетақы жарналары;

4) Қазақстан Республикасының тиісті қаржы жылына арналған   республикалық   бюджет   туралы   заңында   айлық   есептік көрсеткіштің 10 еселенген сомасынан аспайтын мөлшерде өз пайдасына енгізген ерікті зейнетақы жарналары;

5) жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары өз пайдасына енгізетін сақтандыру сыйлықақылары;

6) Тұрғын үй құрылыс жинақ банктерінде Қазақстан Республикасының резиденті - жеке тұлға Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үйді жөндеу, салу немесе сатып алу үшін алған тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге бағытталған сомалар.

Бірге тұратын  және ортақ шаруашылық жүргізетін ерлі-зайыптылар, балалары мен ата-анасы (оның ішінде уақытша болмағандар) отбасы деп танылады.

Асырауындағы  адам, салық төлеушінің табысы есебінен өмір сүретін және айына бір айлық  есептік көрсеткіш мөлшерінен асатын жеке табыс көзі жоқ, салық төлеушінің отбасы мүшесі.

Қызметкердің табысы бойынша жеке табыс салығының сомасы қызметкердің салық жылы ішінде төлем көзінен салық салынатын табысына 4.1-кестеде белгіленген ставкаларды қолдану жолымен есептеледі. Жеке табыс салығын есептеу және ұстап қалу уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен ұлғаю нәтижесімен ай сайын жүргізіледі. Салық жылы аяқталғанға дейін қызметкерді жұмыстан шығару кезінде салық агенті нақты жұмыс істелген кезең үшін алынған табысты негізге ала отырып, жеке табыс салығын қайта есептеуді жүргізуге және қызметкерге алынған табыс пен төленген салық туралы есеп-қисап беруге міндетті. Жұмыс орнын өзгерткен кезде жеке тұлға жаңа жұмыс орны бойынша салық агентіне жұмыс істеген кезеңде алған табысы мен төленген салық туралы бұрынғы жұмыс орнынан есеп-қисап беруге тиіс.



IV. Жаңа материалдарды бекіту, 10-мин:

  1. LearningApps программасы арқылы сөзжұмбақ шешу, LearningApps программасы арқылы тапсырма, LearningApps программасы арқылы жаңа термин сөздерді табу.


V. Студенттердің білімін бағалау,сабақты қорытындылау


VI. Үй тапсырма беру, 1-мин

Платонуска үй тапсырмасын беру


Пайдаланылған әдебиеттер:


1.Т.Крамаренко А.Қомбарова Салық және салық салу

2. https://egov.kz/cms/kk/articles/calculate_net_income

3. https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.gov.kgd.android&hl=es_PY


















Ү АПК 210-05-20. Ашық сабақтың әдістемелік өңдеуі. Жетінші басылым


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!