Қызығушылықты қалай өсіру керек?

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қызығушылықты қалай өсіру керек?

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі ұйымдарға арналған "Қалай қызығушылықты өсіру керек?" тақырыбында жазылған ата-аналар жиналысы. Бұл тақырыпта жазған себебім қазақша материалдар өте аз, ата-аналарға және тәрбиешілерге әдістемелік көмек ретінде салып отырмын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

КМҚК «№116 бөбекжай-балабқшасы













Ата-аналар жиналысы

Тақырыбы: Қызығушылықты қалай өсіру керек?









Тәрбиеші: Исагул Алтынай Аянқызы



















Алматы 2024ж

Тақырыбы: "Қызығушылықты қалай өсіру керек"

Мақсаты: Психологиялық -педагогикалық білім бере отырып, ата-ананың бала тәрбиесіндегі тәжірибесін арттыру. Мектеп жасына дейінгі балалардың қызығушылығы мен танымдық белсенділігін дамыту туралы ата-аналарға кеңес беру. Әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын көрсету.

Міндеті:

  • Баланың танымдық қызығушылығын дамыту қажеттілігі туралы ата-аналардың идеясын қалыптастыру

  • Ата – аналардың, балалардың танымдық қызығушылықтарын дамытуға деген ұмтылысын арттыру

  • Күнделікті өмірде балалардың қызығушылықтарын дамыту бойынша ұсыныстарды беру

Өткізілу формасы: Дөңгелек үстел, пікір –талас

Әдіс –тәсілдер: Ой – толғау,ашық микрафон ,рефлекция, ақпараттық сілтемелер https://www.youtube.com/watch?v=KE-SPXR1Iag

Ата-аналар жиналысының жүргізілу барысы:

-Сәлеметсіздерме, құрметті ата-аналар. Бүгінгі дөңгелек үстеліміздің тақырыбы "Қызығушылықты қалай өсіру керек". Өткізілу форматы өте ерекше яғни, қызықты және тың ақпараттарға толы болмақ.Сіздер бүгін өздеріңізге қажетті ақпараттарды аласыздар.
Алдымен мен Сіздер мен жақынырақ таныса кетсем. Өз есімдеріңізді атай отырып, есімдеріңізбен бойларыңыздағы қасиетті атап өтсеңіздер. (Ата-аналар есімдерімен таныстырып өтеді.)

-Танысқаныма қуаныштымын. Дөңгелек үстеліміздің басын, Қытай халық мақалымен бастайын.

« Маған айтсаңыз –Мен ұмытып қаламын,Маған көрсетсеңіз – есімде қалады, Өзіме жасатсаңыз –түсінемін» Бала мектеп жасынан бастап айналадығы барлық әрекетке қызығушылықпен қарайды. Теориялық білім балалар психикасына сәйкес келмейді, балаға танымдық сұрақтардың көзі ретінде толыққанды тәжірибе қажет,бала барлығын ұстап,сипап көруі қажет. Ересектердің балалардың сұрақтарына,қызығушылықтарына толық жауап беруі қажет. Баланы жаңа ойларға, бақылауларға итермелеңіз сонда баланың қызығушылық деңгейі,ойлау жүйесі тез дамиды.
белгілеп,неліктен сол жауапты таңдағандарыңызды айтасыздар.(Ата-аналарға жеке парақтар таратылып беріледі,өз жауаптарын айтады.)

Құрметті ата-аналар мен сіздерге балалардың жан-жақты дамуына қандай жағдайлар әсер ететіндігін атап өтсем

  1. Жақсы орта

  2. Ересектердің балаларға деген белсенді қарым-қатынасы

  3. Балалардың еркін іс-әрекеті

  4. Психологиялық жайлылық

  5. Балалардың шығармашылық және ойын еркіндігі.



Ашық микрофон әдісі:

  • Баланың қызығушылығын не үшін арттыру керек?

  • Баланың сұрақтарына қалай жауап берген дұрыс?

  • Баланың қиялын дамыту үшін қандай іс-әрекеттерді көбірек ұйымдастырған жөн?

  • Ғаламтор,әлеуметтік желі қызығушылықты арттыру үшін қажетпе?



-Енді, мен сіздерге «Кестелік образ » атта сауалнамалық парағын ұсынғым келіп тұр.Бұл жерде сіздер «балаңыздың қызығушылығын өсіру жолында кімнің көмегі қажет деп ойлайсыз?» деген сұраққа өз жауаптарыңызды



«Балаңыздың қызығушылығын өсіру жолында кімнің көмегі қажет деп ойлайсыз?»

Ата-анаға байланысты


Тәрбиешіге байланысты




Психологтың

Бала өздігінен дамиды.

Осы айтылған бес қағиданы сақтайтын болсақ,баланың қызығушылығының дамуында ешқандай кедергі болмайды.



Рефлекция:
Құрметті ата-аналар дөңгелек үстелімізді «Блум түймедағы» рефлекциялық әдісі арқылы қорытындылайық. Алдыларыңызда тұрған түймедақ күлтелеріне балаңыздың есімін және ең жақсы қасиеттерін жазып,тақтаға жапсырамыз. (Ата-аналар балаларының есімі мен жақсы қасиеттерін күлтелерге жазып,тақтаға жапсырады.)

Құрметті ата-аналар бүгінгі дөңгелек үстеліміз өз мәресіне жетті.Уақыт бөліп келгендеріңізге үлкен рақмет!














































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.00.2024
310
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі