Материалдар / Қызыл жұлдызды Қызылордалық қазақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қызыл жұлдызды Қызылордалық қазақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұсынылып отырған зерттеудің басты мақсаты – Ұлы Отан соғысына Сыр өңірінен қатысқан, Қызыл орден медалін иеленген Сырбойылық жауынгерлерді табу және жауынгерлік жолдарын ұлықтау болып табылады.Қызылорда қаласынан шыққан, Тереңөзек кентінің тумасы, Ұлы Отан соғысына қатысып, Қызыл жұлдыз орденінің иегері Назаров Тулебай атамыз туралы зерттелді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қазан 2024
83
0 рет жүктелген
1500 ₸
Бүгін алсаңыз
+75 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +75 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады













Ғылыми бағыты: Тарих

Секциясы: Қорғасын жауған жылдары.

Тақырыбы: Қызыл жұлдызды Қызылордалық қазақ

Студент: Зинулла Қарақат. ШТ-Д-23 оқу тобының І курс студенті

Ғылыми жетекші: Алтаева Фатима. Тарих ғылымдарының магистрі

























Қызылорда, 2024ж.




І. Кіріспе


ІІ. Негізгі бөлім


2.1.Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Сыр өңірі


2.2. Қызыл жұлдызды Қызылордалық қазақ-Назаров Тулебай.


ІІІ. Қорытынды


Пайдаланылған әдебиеттер



































Кіріспе

Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы: Егеменді, тәуелсіз мемлекет атанып, еңсе көтеріп, бар-жоғымызды түгендеп жатқан ұлттық өрлеуіміздің қазіргі беделді белесінде біз уақыт, тарих, ел мен жер, аға ұрпақ алдындағы парызымыз бен қарызымызды өтеуге зор мән беріп отырмыз. Бұл-бұрыннан жалғасып келе жатқан ізгілікті із, ұлағатты салт-дәстүр, ғибратты ата жолы. Біздің өткеніміздің бір сарасы кешегі күні Одақтың құрамында болған, ал бүгінде өз алдына жеке-дара отау тігіп, дербес даму жолына түскен бауырлас халықтардың тыныс-тіршілігімен тығыз байланысты. Енді өз еріктерімен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына біріккен осы егемен елдердің ежелден ортақ тағдырын, уақыт пен уақиғалардың сабақтастығын, ұрпақтардың үндестігін ешкім де жоққа шығара алмайды. Әсіресе, біз үшін фашистік Германиямен болған соғыс орасан зор қайғы-қасірет әкелді. Ұлан-байтақ аймағымыз тұтастай майдан даласына айналды. Ел басына күн туған қатерлі шақта миллиондаған ержүрек ерлеріміз бостандығымыз бен тәуелсіздігімізді жанқиярлықпен қорғады. Аштық пен азапты, зорлық пен қорлықты, құлымдық пен жыртқыштықты қисапсыз бастан өткерсе де қаһарман халықтарымыз әлемнің тең жартысын тізе бүктірген айбатты да қайратты жауды тек өзара тығыз топтасу, ынтымақ пен бірлік, төзімділік пен қайсарлық таныту және достықтың арқасында ғана күйрете жеңіп шықты. Ұлы жеңіске қазақстандықтар қосқан қомақты үлесте біздің Сыр елінің де лайықты сыбағасының бар екендігін орынды мақтан тұтамыз.

Тақырыптың өзектілігі: Жеңіс бізге оңай келген жоқ. Құрбандарымызға сан жетпейді. Сұм соғыс ойранын салмаған, отына шарпымаған отбасы некен-саяқ. Ана сүйікті перзентінен, ару асыл жарынан, бала аяулы әкесінен айырылып, қанатынан қайырылып, қара жамылып қалды. Тіпті аза бойды қаза тұрғыза күңіренген қайғы-қасіретке шыдамай қара жердің кеудесі де қарс айырылып жатты. Еліміз бойынша бұл зұлмат соғыста 30 миллионнан астам таңдаулы ұл-қыздар опат болды. Оның ішінде қазақстандықтар жүз мыңдап саналса, ал біздің Қызылорда облысының өзінде ғана ақ өліммен шейіт болған боздақтардың саны 30 мыңға жуықтайды екен. Туған жер төсін қасық қандарымен суғарған қайран аяулы арыстар жер бетіндегі өмір үшін, тіршілігіміздің тынымсыз жалғасын табуы үшін, бейбітшілік пен бостандығымыз үшін ақтық демдерін үзді. Бүгінгі ұрпақ осынау ержүрек ерлердің алдында мәңгілікке қарыздар. Қасіретті, қаралы жылдардың жаңғырығы әлі күнге жүректерді сыздатады. Тән жарасы жазылғанымен, жан жарасы жазылған жоқ. Ол қайғылы шежіре халықтың зердесіне қанмен жазылып, жадында берік сақтаулы. Ешкім де ешуақытты ұмытылмайды.

Тақырыптың зерттелу деңгейі: Өлкемізге қатысты деректердің деңгейін саралау үшін тарихилық ұстанымын негізге ала отырып, тарихи салыстырмалылық, іріктеу-сараптау және сыни-талдау жүргізілді. Өңірімізге қатысты еңбектердің көпшілігі дерлік кеңестік дәуірде жазылғандықтан, сол кезеңдегі зерттеуші-ғалымдардың еңбектері мен артықшылықтарын ескеруге тырыстық. Өлкеміздегі Ұлы Отан соғысына қатысты еңбектерді топтастырғанда ең алдымен Боздақтар еңбегі (Қызылорда облысы. Алматы, 1994, 1995жж), Сыр өңірі тарихы: Көне заманнан бүгінге дейін/ Құраст.Қ.Маханбетов.-Алматы:Атамұра 1998ж және архив материалдары, Памяьт народа сайттарының мәліметтері пайдаланылды. Тәуелсіздігімізді алғалы бері де Сыр өңіріндегі Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақтардың және көршілес орналасқан аймақтардың тарихы туралы отандық ғалымдардың жаңа, тың бағыттағы ғылыми ой-пікірлері мен тұжырымдары, соңғы үлгіде жазылған еңбектері басшылыққа алынды

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Ұсынылып отырған зерттеудің басты мақсаты – Ұлы Отан соғысына Сыр өңірінен қатысқан, Қызыл орден медалін иеленген Сырбойылық жауынгерлерді табу және жауынгерлік жолдарын ұлықтау болып табылады. Біз азаматтық арды ту көтеріп, төл істерінің ақта адал екендігіне имандай сеніп, дүниедегі бар асылы мен ең қымбаты-өз өмірлерін құрбандыққа шалып, шейіт болған ерлердің әруақтары алдында терең ілтипат сезіммен басымызды иеміз. Сұрапыл майданда қар жамылып, мұз жастанып, етігімен қан кешкен жауынгерлерімізге қажетті нәрсенің бәрімен қамтамассыз етіп, материалдық және рухани демеу болып, күллі әлем зарыға күткен жеңіс сағатын жанқиярлық істерімен жақындата түскен тылдағы еңбеккерлерге де шексіз құрмет, сүйіспеншілік пен ыстық ықыласқа әбден лайық. Уақыт алға жылжыған сайын бұл ерліктің шоқтығы биіктеп, қадір-қасиеті мен бағасы артып, тағлым-тәрбиесі мен мән-мағынасы мейлінше тереңдеп, даралана түспек.

Жалпы бұл зерттеу жұмысы – тірілердің қаһарман бабалардың ерлігіне қойылған үлкен ескерткіші. Мұның өзі кешегі өткен уақытқа, заманға, тарихқа және мұңдас, мүдделес, тағдырлас, мұраттас болған арманда кеткен аяулы арыстарымыздың рухына қойылған ескерткіш, перзенттік құрметіміз бен ізетіміз. Майдангер ағаларымыздың ерлік істері бізге әруақытта өшпес үлгі-өнеге, ұлағатты тәрбие мектебі. Біз олардан туған халқына ақырғы деміне дейін қалтқысыз қызмет жасауды үйренеміз. Күндердің күнінде ел басына қатер төне қалса егемендігіміз бен бейбіт өмірімізді қолына қару алып қорғауға сөзсіз дайын тұратындай отансүйгіштік сезімді бойға ұялату, Ұлы Отан соғысына қатысқан Сырбойылық жауынгерлердің ерліктерін бүгінгі күн талабына сай зерделеу, ғылыми көзқарас тұрғысынан бағалау – зерттеу жұмысының мақсаты болып табылады. Ғылыми жұмыстың мақсатынан туындайтын мынандай міндеттер қойылып отыр:

- Ұлы Отан соғысына қатысқан, Сыр өңірінен шыққан жауынгерлердің ерлік жолдарын зерттеп, зерделеуге өз үлесімді қосу;

- Сыр өңірінен шыққан Қызыл жұлдыз орденінің иегерлерін айқындау, еңбектерін жас ұрпаққа насихаттау;

Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері. Ғылыми жұмыстың мерзімдік шегі ХХ ғасыр мен ХХІ ғасырлар аралығын қамтиды.

Зерттеу жұмысының нысаны. Сыр өңірінен шыққан Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен Қызыл жұлдыз орденінің иегерлерін табу, зерттеу, ол кісілердің ерлік жолдарын насихаттау жұмыстың негізгі зерттеу нысанына айналды.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Сыр өңірінен шыққан Ұлы Отан соғысына қатысып Қызыл жұлдыз орденімен марапатталған жауынгерлер және олардың өшпес ерліктері өлке тарихында алғаш рет ғылыми жұмыстың зерттеу обьектісіне айналып, шынайы ғылыми тұрғыдан кешенді түрде зерттеле бастағандығын айта келіп, жұмыстың төмендегідей жаңалықтарын атап көрсетуге болады:

- Зерттеу барысында Сыр өңірінен шыққан Қызыл жұлдыз орденінің иегерлерінің тізімі жасақталуда;

- Сыр өңіріндегі Қызыл жұлдыз орденінің иегерлерін аудан-аудан бойынша іздестіру жұмыстарын жалғастыру ;

- Қызыл жұлдыз ордені иегерлерінің ерлік жолдарын жас ұрпаққа насихаттау, баспасөз беттерінде жариялай отырып, ғылыми айналымға ендіру;

Зерттеу жұмысының құрылымы. Ғылыми жобаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.































2.1. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Сыр өңірі

Біз, Қызылордалықтар-Сырдариядай ұлы өзен бойын мекен еткен бабаларымыздың, тіршілігімзге жан да, нәр де берген шапағатты Сыр-Аананың арда емген ұрпағымыз. Бүкіл Орталық Азияның маңдайындағы інжу-маржандай алып су айдыны-Арал аймалап өсірген ұрпақпыз. Тегінде, қазақ халқының тағдыры мен тарихында біздің киелі сыр өңірінің алар орны айрықша зор, оның әр уыс топырағы, әр бұтасы әр тасы сан алуан ғибратты шежіре-сырға тұнып тұр. Егер өткенімізге терең зер салар болсақ, жалпы қазақ елінің басына қара бұлт үйіріліп, жау жағадан алып, бөрі етектен шалған екіұдай күн туған қиын-қыстау замандарда қандастарымыздың сан мәртебе осынау қасиетті өңірге келіп паналап, ес жиып, күш-қайраты мен ерлік айбатына қайта мініп, қас дұшпанды ата жұртымыздан аластаған абыройлы шақтарын айқын аңғарар едік. Сыр елінің халқының рухани байлығы мен ауызбіршілігін көрсетін сын сағат фашистік Германияға қарсы Ұлы Отан соғысының басталуымен ұштасты.

Фашистік Германия кенеттен бастаған қанқұйлы соғыс бүкіл еліміздің тыныштығын бұзды. Бейбіт өмірдің шырқы қашты. Бұл жайсыз хабар сол мезетінде-ақ Кеңестер Одағының түкпір-түкпіріне жетіп жатты. Кеңес үкіметінің радио арқылы Отанды қорғау жөніндегі шұғыл шақыруына үн қосқан облыс еңбекшілерінің жиындары, жиналыстары жер-жерде өтті. Тек Қызылорда ақаласының өзінде ғана бір күнде митингілерге 17 мыңнан астам адам қатысты. «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Отан үшін» деген жалынды шақыру облысымыздың тұрғындарын жанқиярлық еңбекке жұмылдырды. Бүкіл Кеңес халқы сияқты облыс еңбекшілері елді қорғауға бір кісідей сапқа тұрды. Облыстық және аудандық газет беттерінде Сыр бойы жұртшылығының жүрек сезімі, олардың Отан үшін жандарын пида етуге дайын екендігі айтылды.

Соғыс жағдайы бейбітшілік кездегі самарқаулықтан оянып, тыл мен ұрыс даласын біртұтас майданға айналдыруды, сөйтіп, жаудың шабуылын тоқтатып, еліміздің тәуелсіздігін қорғап қалуды талап етті.

Қазалы атты әскер полкінің негізінде ұйымдастырылған 75-теңіз бригадасы Москва түбіндегі ауыр ұрыстарға қатысты[1,146б.]. Кейінірек 27-гвардиялық атқыштар дивизиясына айналып, Сталинград шайқасына аралсты, ол Берлинге бірінші болып кірген құрамалар сапында болды. Ақтөбеде құрылған 101-атқыштар бригадасы құрамының үштен бірі қызылордалықтар еді. Брида Ржев, Великие Луки үшін ұрыстарда ерекше көзге түсіп, Балтық майданында ұрысты. Алматы соғыс-жаяу әскер училищесі құрамында соғысқан ықызлордалықтар 1943 жылы қаңтарда Ленинград қоршауын бұзуға қатысты. Соғыстың алғашқы айларының өзінде майдан даласында соғысқан 8119 жауынгер ерліктеріне лайық үкімет ордендері мен медальдеріне ие болды. Толық емес мәліметтерге қарағанда соғыс кезінде майдандағы ерліктері үшін 20 мыңнан астам қызылордалық жауынгерлер КСРО орден, медальдарімен марапатталды. Отан соғысы майдандарында көрсеткен ерліктері мен қаһармандықтары үшін 20 қызылордалық Совет Одағының Батыры атағына ие болды. Олардың ішінде тереңөзектік Нағи Ілиясов, Жаппасбай Махамбетов, қармақшылық Көмекбай Тәйімбетов, жаңақорғандық Әнуар Әбутәліпов, Александр Романов, қазалылық Геннадий Шляпин, Үрмаш Түктібаев, Владимир Счастнов, Мақаш Балмағамбетов, Қызылорда қаласынан Иван журба, Николай Самароков, Семен Ларинов, Иван Подольцев, шиелілік Георгий Ковтунов, аралдық Александр Мин, Даңқ ордендерінің толық иегері сырдариялық Кәкім Әбдіқадыров болды.

Тереңөзектік Жаппасбай Нұрсейітов 1943 жылы 2-қыркүйекте Днепр өзенінен өту жолындағы ұлы шайқаста ерлік пен тапқырлық танытты. Днепрдің оң жағалауына алғашқылардың бірі болып жүзіп өткен жаппайбай алған шебін жауға бермей ұстап тұрып, осы ұрыста жаудың 150-ден астам солдатын жойды.

Лейтенант Шымбай Өтепбергеновтің взводы қолма-қол ұрыста жауды бекіністерінен түре қуып, мол шығынға ұшыратты. Осындай бір ұрыстың кезінде Қызылорда медицина мектебінің түлегі жалағаштық Нұрулла Алмағанбетов ұрыс даласынан 30 ауыр жарақаттанғандарды алып шықты. Осы ерлігі үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен наградталды. Сол секілді аға сержант Харченов бір өзі 72 гитлершілдің көзін жойды. Портнов, Богомазов, Антипов, Әлмаханов, Қанатбаев, Сафроновтар нағыз жауынгерлік көрсетті. Сержант Қожаниязов қатысқан соығста екі пулеметші жараланып, атыс тоқтап қалды. Взводқа қарсы ротаға жуық немістер шабуылға шықты.

Олар тік жүріп келеді. Взводта қалған алты солдат фашистерге қарай оқ атқанмен жауды тоқтата алмады. Арақашықтық 200, 150 метр жер ғана қалды. Осы сәтте пулеметке санитарка қазақ қызы жетіп барды. Дұшпан 50 метрдей жерге таяп келіп қалған-ды. Ол пулеметтен оқ жаудырды. Немістер төтеп бере алмай кері шегінді. Осы сәтте Қожаниязов ауыр жараланды. Оның жарасын таңып жатып, әлгі қыз, «тұрыңдар, күштеріңді жиыңдар, немістер жуқ арада жойылады. Қазақтың қысылған кезде –«ат ауыздығымен су ішеді, ер етігімен қан кешеді» дейтін мақалын еске түсіріңдер»-деп оларға рух берді.

Жауынгерлер қыз сөзін қуат тұтып, бастарын көтереді. Бұл медбике Тереңөзек ауданының «Қызыл диқан» колхозынан майданға аттанған Қайырлапова еді. Қызылорда қаласында Ленин атындағы мектептің оқушысы, майданда медбике болып жүріп, ерен ерлігі үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен наградталды. Медбикелер Баршагүл Ышбыраева, К.Г.Гайдмак та жауынгерлерді майдан даласынан алып шығуда қаһармандық көрсетті. Қызылордалықтардың осындай ерлік, жауынгерлік үлгісі көптеп саналады.













2.2. Қызыл жұлдызды Қызылордалық қазақ-Назаров Тулебай.

Қызылордалықтардың майдан шебіндегі өшпес ерлігі халық жадында мәңгілік сақталады. 1941-1945 жылдардағы соғыста бүкіл қазақстандықтармен бірге Қызылордалық жауынгерлер де Отанға берген антын адал орындай отырып, ел басына түскен сын сағатта өз борыштарын абыроймен атқарып, алдыңғы саптан табылды.

Фашистік Германия тізе бүккенімен, екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған жоқ еді. Импералистік Жапония әлі де әлденеге үміт етіп, қасарысып бақты. Қырымдағы Ялта конференциясының шешіміне орай, Кеңес Одағы да Жапонияға қарсы соғыс жариялауға мәжбүр болды.

Бұл Соғысқа Кеңес Одағынан Забайкал майданы қатысты. Ол ең ірі құрамалардың бірі болатын. 648 мың жауынгері бар майдан қарамағындағы 9668 зеңбірік, 2359 танк, 1324 ұшақ болды. Бұл майданға қарсы Жапонияның ең таңдаулы деген Квантун армиясы тұрды. Майдан қолбасшысы Р.Малиновский жауға қарсы 17, 39, 53-жалпы жауынгерлік армияларымен қатар, 6-шы танк армиясын қойды. Сол 39-шы армияның құрамында қызылордалық жауынгер бар 8-ші гвардиялық дивизия соғысты.

Жапон соғысында қызылордалықтар шайқастың бел ортасында жүрді, жеңіске айтарлықтай үлес қосты. Ал жалпы Забайкал майданының жауынгерлерінің ерлігін Отан да жоғары бағалады. 93 адамға Кеңес Одағының батыры атағы берілсе, оның 6-уы атаққа екі мәрте ие болды. 30 мың жауангерге ордендер мен медальдар тапсырылды.

Қызыл Жұлдыз ордені соғыс уақытында да, бейбіт уақытта да КСРО-ны қорғаудағы, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі зор еңбегін марапаттау үшін тағайындалды [2]. Біздің бүгінгі ғылыми жұмысымыздың басты арқауы Қызыл Жұлдыз орденінің иегері Сырдария ауданының тумасы Назаров Тулебай.

Назаров Тулебай 1917 жылы 15 мамырда Сырдария ауданы, №3 Ленин ауылында кедей-шаруа отбасында дүниеге келген. Партияға кандидат, үйленген.

Әйелі: Муабекова Каналия. 1924 жылы туған. Қызылорда облысы, Сырдария ауданының №5 Сталин ауылының тумасы. Мамандығы-мұғалім.

Балалары: Назаров Токмагамбет. 1954 жылы туылған.

Әкесі Сартбаев Назар. 1880 жылы Қызылорда облысы, Сырдария ауданы №3 Ленин атындағы ауылда дүниеге келген. Қазан революциясына дейін шаруашылықпен айналысқан. 1929 жылдан 1944 жылға дейін колхоз мүшесі болған. Ұзақ аурудан соң қайтыс болған. Туысқан аға апам жоқ деп жазған өз өмірбаянында. Әйелімнің ата-анасы Қызылорда қаласында Қызыл Октябрь көшесінде 43 үйде тұрады, дәл қазіргі сәтте әкесі Қызылорда қаласы әуежайында күзетші болып жұмыс атқарады.

1937-1938 жылдары Бұхар облысының соттың көмекшісі қызметін атқарған. Жалпы 10 кластық білімі бар. 1942 жылы Владивосток қаласындағы училищені жаяу әскер болып аяқтады. 1941-1946 жылдары Кеңес Армясында қызмет етті. Екі рет жарақат алған. Қызыл Жұлдыз орденінің иегерімін және Германияны алғаны үшін медалімен, Жапонияны алғаны үшін медалімен марапатталдым. Соғыс кезінде үзілістер болған жоқ, тұтқында болмадым. Туысқандары арасында сотталғандар жоқ. Шетелде ешқандай туысым жоқ. Әскери шенім лейтенант. Дәл қазіргі сәтте педагогикалық училищеде директордың шаруашылық жөніндегі орынбасарымын деп 1952 жылы 17 желтоқсанда өз өмірбаянында жазған.










































Қорытынды.

Кеңес өкіметінің 75 жылдай тарихында халықтар достығы, совет халықтары арасындағы қарым-қатынастар және өзара жәрдемдесу тақырыптары ол көпұлтты мемлекет үшін аса зор маңызды саясат болғаны даусыз. Әрине, бұл мәселелерді кіршіксіз шешілген деп отырғанымыз жоқ. Бір мемлекет шеңберінде орналасқан сол 100-ден астам ұлт пен ұлыстардың арасындағы достастық, менің өз пікірімше, тарихта бұрын-соңды болған емес. Бұл фактордың Ұлы Отан соғысында неміс-фашистерін талқандауда, нацистік Германияны жермен жексен етуде ролі, қалай да сынағанмен, аса күрделі болғаны анық. Совет баспасөзінде барша халықтар үшін достық пен ағайындық рухында тәрбиелік –ең құнды тақырып болған.

Иә, 1945 жылдан бері көп оқиға болды. Бірнеше ұрпақ ауысты. Елімізде түрлі күрделі оқиғалар болды. Әлемнің саяси картасында Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті берік орын тепті. Кеңес жауынгерлерін өз туының астына топтастырған коммунистік идеология мұрағатқа кетті. Соғыстың қорытындысында қалыптасқан социалистік лагерь, әлем саяси дамуының бағытын анықтаған Ялта бейбітшілік шарты, Варшава шарты ыдырады.

Кеңес халқының Ұлы Отан соғысындағы ерлігі әлемді таңқалдырып, мойындатты. Оған қазақстандықтар мен қазақтар қосқан қасиетті де қаһармандық ерлік үлес–ерлікті біз мақтан тұтамыз. Аға ұрпақтың ерлігі мен әскери даңқы жас ұрпақты Отанымыздың болашағы үшін азаматтық жауапкершілікке, елін қорғауға әзір болу рухын сіңіреді. Олардың ерлігі алдында тағзым етіп бас ию тірілерге қажет. Ұлы Жеңіс әкелген құндылықтар туралы айтқанда ойға ең алдымен сол бір қантөгіс, жиһангерлік соғыстан аман қайтқан ағаларымыз бен апаларымыздың соғыстан кейінгі қоғамдық өмірдің әр саласында атқарған адамгершілік, тәрбиелік, отансүйгіштік, жас ұрпаққа қамқорлық, әділеттілік пен тазалықтық қорғаушысы болған ерекше миссиясы туралы айту парыз.

Иә, майдангерлер қай салада да үлгі болды. Ер есімі-ел есінде мәңгі сақталады. Ешкім де, ештеңе де ұмытылмақ емес. Тәуелсіз Қазақстан елі өз боздақтарын қастерлеп, қасиеттейді! Біз өз аталарымызды мақтан тұтамыз өйткені, олар біз үшін Отан үшін қасық қандары қалғанша күресіп, бізге жеңіс сыйлады. Бұл жеңістің басты себебі, әрине, халқымыздың Отанға деген сүйіспеншілігі, қайтпас қайсар ерлігі, сын сағаттағы отаншылдық қасиеті. Екіншіден, ортақ жауға қарсы күрестегі көп ұлтты КСРО халықтарының ынтымағы мен достығы еді. Бұл соғыста Кеңес Одағын мекендеген барлық халық бір жеңнен қол, бір жеңнен бас шығарып отанын қорғады. «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» -дей келе ата-бабаларымыздың рухына тағзым ретінде олардың ерен ерліктерін, жер, Отан, біздердің жарқын болашағымыз үшін жасаған ерліктерін мәңгілікке есте сақтап, жадымызда ұстаймыз. Қанша жылдар өтседе, бұл соғыста ерлікпен қаза тапқан әрбір батырларымздың тарих төрінен орын алатыны және ұрпақтары мәңгі жеңіс алауын сөндірмей, Отан үшін от кешкендерді әрқашанда жүрек түпкірімізде ұстаймыз.

.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Боздақтар еңбегі (Қызылорда облысы. Алматы, 1994, 1995жж).

  2. Сыр өңірі тарихы: Көне заманнан бүгінге дейін Құраст. Қ.Маханбетов.-Алматы:Атамұра 1998,-146б

  3. https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D1%8B%D0%B7%D1%8B%D0%BB_%D0%B6%D2%B1%D0%BB%D0%B4%D1%8B%D0%B7_%D0%BE%D1%80%D0%B4%D0%B5%D0%BD%D1%96

  4. https://poisk.re/person/officers/5600393

  5. Память народа электронды архив материалдары.

  6. Архив МО. Личное дело. 103.ВОВ. Капитан Назарова Тулебай.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!