Материалдар / "Қызыл кітап" 6 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Қызыл кітап" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасының аумағында мекендеген және мекендейтін құстар мен жануарлар туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Маусым 2018
1624
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Қызыл кітап құпиясы.

Мақсаты: 1. Қызыл кітап туралы түсінік беріп, қоршаған ортамен таныстыру, қоршаған ортаны қорғау, оған қамқорлық жасау дағдыларын қалыптастыру.

2. Жануарлар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғатын себептерді түсіндіру.

3. Табиғатты аялауға баулу.


Ұйымдастыру.

1.Қызыл кітап туралы түсінік бері:

-Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан-жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жойылу қаупі төнген (саны сиреп бара жатқан) түрлерді сақтап қалу үшін оларды зоологиялық парктерде қолдан өсіріп, көбейту шаралары қолға алынған. Біздің елімізде жойылып бара жатқан жануарлар мыналар: барыс, ілбіс, қоңыр аю, бүркіт, дегелек, т.б. ал өсімдіктерден қызғалдақ, сексеуіл, т.б. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер – осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады. Қаскерлердің яғни броконьерлердің қолынан қаншамасы қырылып жатыр.




Қорытындылау.

-Туған өлке табиғатында барлық нәрсе өзара тығыз байланыста болады. Адамды табиғаттан, табиғатты адамнан бөліп қарауға болмайды. Табиғаттың жері мен суы, орманы мен тасы, жануарлары мен өсімдіктері адам үшін тіршілік етудің басты көзі болып табылады. Сол себепті өлкеміздің табиғатын туған анамыздай ардақтап, күте білуіміз керек. Аяусыз сындырылған ағаш, жұлынған гүлдер, ұясы бұзылған құстар, жазықсыз өлтірілген жәндіктер, қоқыс-қалдық салынған лас сулар көбейіп барады. Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау –әрбір адамның тікелей парызы.

Балалардың үлгі жауабы:

-Бүркіт құсының саны азайып барады. Сондықтан оны қорғауға алу керек. Бүркітті атуға, оның ұясын бұзуға болмайды....


Типі: аралас

Көрнекілігі: интерактивті тақтада дайындалған слайдтар, буклеттер, «Сен білесің бе?» атты кітапшалар.

Әдіс–тәсілдері: сұрақ – жауап, көрнекілік, баяндау, әңгімелеу.


Барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ


- Балалар, Ендеше, бүгінгі сабағымыз өткен тарауларымызда оқып, танысқан жануарларды қорғау туралы болмақ.


1948 жылы дүниежүзінің ғалымдары халықаралық табиғатты қорғау одағын құрды. Бұл одақ жойылып бара жатқан жануарлар туралы тұңғыш кітап шығарды. Кітап деректердің «Қызыл кітабы» деп аталады. «Қызыл кітап» деген атауды ағылшын зерттеушісі Питер Скотт ұсынды.


- «Қызыл кітапқа» енген жануарлар мен өсімдіктердің кейбіріне тоқталып өту.

Құлан - сырт пішіні жылқы мен есекке ұқсайды. Бұрын далада еркін жүрген, қазір бұлардың саны азайған, қорғауға алынды.


Арқар – тау ешкісі, түсі қоңыр сұр, мүйізі үлкен иілген. Еті дәмді болған соң көп ауланған, қазір саны өте аз, қорғауға алынған.


Дуадақ - қазақ даласының көркі. Өсімдіктермен, жәндіктермен қоректенеді. Тез жүгіреді. Адамдар көп аулап азайған, қазір қорғауға алынған.


Жабайы қызғалдақ – Қазақстанның қалалары мен шөлдеріне сән береді. Көше қызғалдағының арғы тегі. Сонымен бірге, Қызыл кітапқа барыс, аққу, бүркіт, бірқазан, тырна, қызыл қасқыр, т.б. аңдар мен құстар кіреді.


Бүгінгі күні Қазақстанның Қызыл кітабына балықтардың – 16 түрі, қосмекенділердің – 3 түрі, жорғалаушылардың – 10 түрі, құстардың – 56 түрі, сүтқоректілердің - 40 түрі енгізілді.


Қара кітапқа мәңгілікке жойылғандар жазылады. Дронт, қанатсыз гагара, кезбе көгершін, мамонт, жойылып кетті.


Осы жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер қорықтарда қорғалып, сақталады. Біздің табиғатымыз өте бай. Бірақ оның байлығы шексіз емес, сондықтан оларды қорғау, сақтау керек! Қазақстанда он қорық бар.

Ақсу – Жабағалы, Барсакелмес, Үстірт, Наурызым, Қорғалжын, Батыс Алтай, Алматы, Марқакөл, Алакөл, Қаратау.


Сергіту сәті. Үй жануарларын айтқанда қол шапалақтаймыз.

Қоян, күшік, түйе, арыстан, сиыр, аю, қой, ешкі, қасқыр, тауық,


Дәптермен жұмыс.


Дәптерге Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктерді теріп жазамыз.

Жануарлар: аққу, дуадақ, құлан.

Өсімдіктер: шырша, таусағыз, қызғалдақ



Бұл кітаптың аты «Қызыл кітап»- өз алдына кітап. Оның қызыл мұқабасы. Қызыл түсі қаупі- қатердің белгісі сияқты «сирек» кездесетін әрі жойылып кету қаупі бар өсімдіктермен жануарлардың кітабы «Қызыл кітабтың» парақтарының түсі де алуан түрлі- қызыл, ақ және сары.


Қызыл түсті парақтарға мүлде жойылып кету қаупі төнген аңдар мен құстардың түрлері.


Ақ түсті парақтарға тікелей жойылып кету қаупі төніп тұрса да саны азайып немесе белгілі бір шектеулі аймақта сақталып қалған сирек кездесетін түрлері жазылады.


Сары түсті парақтарға: әлі де тіршілік ету мөлшері жеткілікті болғанмен, соны күрт азайып бара жатқан жануарлар жазылған.


Жыртықыш құстар елімізде неліктен азаюда? Кім айтады.


V. Сабақты бекіту Шығармашылық жұмыс

Табиғатты сақтаңдар,

Құстарды атпаңдар.

Гүл жайнаған жерімді

Аялаңдар, сақтаңдар.


«Мен табиғат жанашырымын.»


Сканворд шешу.


Оқушылар қызыл кітап жайлы өз ойын айтады.


Тақтада ілініп тұрған көрнекіліктерді табу.














Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!