Материалдар / Қызылорда облысы күріш шаруашылығының аумақтық орналасу ерекшеліктері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қызылорда облысы күріш шаруашылығының аумақтық орналасу ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Қызылорда облысы күріш шаруашылығының аумақтық орналасу ерекшеліктері тақырыбындағы ғылыми жоба
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
2076
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МАЗМҰНЫ



КІРІСПЕ.........................................................................................................................................3



I. Күріш шаруашылығының пайда болу тарихы................……................................................4

1.1. Күріш шаруашылығының қазіргі жай-күйі мен ерекшеліктері……….............................7

1.2. Күріш дәнді дақылының түрлері мен сорттары............…………….......... ........................9

ІІ.Қызылорда облысындағы күріш өсіруші аймақтары……...................................................10

2.1. Күріш өсірудің агроклиматтық көрсеткіштері...................................................................14

2.2. Күріштің жалпы адамзатқа тигізер пайдасы......................................................................15

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


































































КІРІСПЕ


Күріш – ауыл шаруашылығының ежелден келе жатқан мәдениеті және ол дәнділер класына жатады. Жер бетінде өндірілетін күріш егілетін ауданы және өнімділігі бойынша екінші орында. Күріш жер шарындағы адамдардың жартысының азықтық қорегі болып табылады.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің 2015 жылғы Ұлт жоспары - Н.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 қадамының 35-қадамында «ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану мақсатымен оларды нарықтық айналымға енгізу. жер кодексіне және басқа да заң актілеріне өзгерістер енгізу» және 55-қадамда «Қазақстанның әлемдік нарыққа шығуы және экспорт тауарлары үшін өңдеу өнеркәсібіне ең кемінде 10 трансұлттық компанияны тарту. халықаралық экономикалық нысандардың жаңа мүмкіндіктері туралы халықаралық бизнесті ақпараттандыру» жарияланды.

Соның негізінде мемлекет тарапынан Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде Шымкент, Шардара, және Алматы облысының Ақдала аймағы мен Қызылорда облысындағы бірқатар күріш өсіретін аймақтар ел экономикасын көтеру мақсатында Ыбырай атамыз бен оның ізбасарларының өмірлік тәжірибесінен алынған мәліметтер арқылы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазіргі кезеңдегі экономиканың қалыпты қызмет етуі және Президенттің «Бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру» бағдарламасы нәтижелі болу үшін, ел экономикасындағы агроөнеркәсіптік кешен оның ішінде астық шаруашылығының дамуын қамтамасыз ету бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады.

Қазақстанда күріш егіншілігі екі оазисте шоғырланған, олар: Іле мен Қаратал өзендері алқабы және Сыр өңірі, Қызылорда мен Шымкент облыстары территориясында. Іле мен Қаратал өзендері алқабында күріш егіп өсіруді 1871-1882 жылдары Қытайдың Құлжа провинциясынан келген донғандар мен тарачандар бастаған. Олар өздерімен бірге күріш тұқымын әкеліп, ирригациялық құрылыс жұмыстарын жасап, тәжірибесін үйретті.

Қазақстанда 2006 жылы күріштің 12 сорты аудандастырылып себілді, олар: Авангард, Золотистый, Кубань-3, Краснодарский-424, Лазурный, Лиман, Маржан, Солнечный,УзРОС-59, Уш-Тобинский, Златый,ПАК-Ли.

Сыртқы ортаның факторларына қойылатын талаптар. Күріш – жылылықты сүйетін дақыл. Оның өнуіне қолайлы температура 10-12ºС. Осындай жылулықта тез және тегіс көктеп шығады. Күріштің өсі кезеңіндегі қолайлы температура 25-30ºС шамасында. Оның жаңа шыққан көгі үшін – 0,5º салқынның өзі қауіпті. Күріштің толық өсіп жетілуі үшін 3000-3500 градус жылулық қажет.

















І. Күріш шаруашылығының пайда болу тарихы



Күріш – жер бетіндегі ең өнімді әрі маңызды дақылдарының бірі. Әлемдегі барлық адамзаттың жартысынан көбі күріш дәнін тамақ ретінде пайдаланады. Соның ішінде, Азия тұрғындарының 80%-ның ең маңызды тағамы болып саналады. Өсіру технологиясының әртүрлілігіне қарамастан күріш әлемдегі ең өнімді дақылдардың бірі. Агротехникасы реттелген жағдайда өсірілетіндіктен көп мөлшерде арттыруға болады. Өнімділік гектарына 80-110 ц/га және одан жоғары болғанда әлем халықтарының 80-90 %-ын күріш астығымен қамтамасыз етуге болады.

Азия континентіндегі ең көне әрі өте маңызды азық-түлік дақылдарының бірі – күріш. Бұл дақыл әлемнің 112 елінде 145 млн. гектардан астам жерде өсіріледі. Күріш дәнінің жалпы өнімі 1990 жылы 426,6 млн.тоннаға, 1995 жылы 433,0 млн. тоннаға жетті, ал кейінгі он жыл ішінде күріш өндірісінің жылдық орташа көрсеткіші 560 млн.тоннаға жеткен.

Қазіргі тарихи, археологиялық, палеоботаникалық, лингвистикалық мәліметтерге қарағанда, күріш өте ерте, көне заманнан бері егіліп, екпе дақыл түрінде айналған. Күріштің жабайы түрлерін мәдени (екпе) түрге айналдыру 20 мың жыл және одан да бұрын Солтүстік Үндіқытайда жүзеге асқан. Бұл аймаққа Бирма, Лаос, Таиланд, Солтүстік Вьетнам және Юньнанидың оңтүстік бөлігі жатады. Үндіқытайдан күріш Қытайға жеткен, одан Маньчжурия, Корея, Жапония елдеріне тарап, егіле бастаған. Үндістанның оңтүстік-батысында да жабайы күріш түрлерін екпе дақыл ретінде егіп өсіру аталған аймақтармен қатар жүзеге асқан. [Сурет 1.]

И.И.Вавиловтың «Центры происхождения культурных растений» және «Мировые центры сортовых богатств («генов») культурных растений» атты ғылыми зерттеулерінің нәтижесінде мәдени өсімдіктердің шығу тегі орталықтарын дұрыс әрі дәл анықтайтын әдістеме тұжырымдалды. Бұл дифференциальды ботаникалық – географиялық әдістеме. Н.И.Вавилов (1926-1935) өсімдіктердің мәдени және екпе дақыл түріне айналған жерлердің сегіз орталығын анықтаған. Соның ішінде күріш екінші Үндістан аймағынан. Бұл аймаққа Бирма және Ассам қосылады, ал Пенджаб және солтүстік-батыс провинциялары кірмейді. Р.Ю.Рожевиц (1931) күріштің шыққан жері Үндістан, Үндіқытай немесе Қытай деп есептейды. Г.Г.Гущиннің (1938) пікірінше, күріш Гималайдың таулы аймақтарында (оңтүстік-шығыс беткейде және тау етегінде), жауын көп жауатын жерлерден шыққан. Бірақ күріштің табиғатында құрғақ дақылдардың қасиеті жоқ екенін П.С.Ерыгин (1950) дәлелдеген. Орталық Азиядағы күріш туралы алғашқы жазба мәлімет грек Страбонның (б.з.б. 1-ғасыр) «География» атты трактатында келтірілген. Қытаймен байланыс қалыптасқанға дейінгі күріш түрлері Үндістанда шыққан. Майда дәнді, ортаға төзімді күріш түрлері континентальды ауа райы жағдайына бейімделіп өскен. Осы күріш формаларынан майда дәнді, жартылай қатты қылшықты ортаазиялық күріш түрлері пайда болған. Б.з.б. І ғасырдан бастап Қытаймен сауда байланысы орныққаннан кейін ерте пісетін сорттар әкелінген. Орталық Азия жағдайында бұл сорттарда қатты қылшық пайда болып, масақтар көлемі үлкейген. Осы күріш түрлері арасынан ірі дәнді ортаазиялық сорттар шыққан. Сонымен, күріш егіншілігінің Еуразиядағы ең көне (б.з.б. 7-ғасырдан) аймағы – Орталық Азия. Басқа аймақтарға, соның ішінде Сыр өңіріне (Қызылорда облысы) күріш Орталық Азиядан таралған (К.Н.Жайлыбай, 2001)

Сыр өңірі өте көне суармалы егіншілік аймағына жатады. Мұны ескі қоныс орны мен көне ирригациялық құрылыс жүйесі қалдықтары дәлелдейді. СССР Ғылым академиясының мәліметтеріне қарағанда, біздің заманымыздан бұрын (б.з.б.) 2 және 1 мың жылдық кезінде Сыр өңірінде суармалы егіншілік дамыған. Антикалық дәуір кезінде (б.з.б. ІІІ-ғасырдың біздің заманымыздың ІІІ-ғасыры аралығында) бұл аймақта 2,2-2,5 млн.га көлемінде мәдени егіншілік алқабы болған. VI-VII ғасыр кезінде Сыр өңірінде ирригациялық құрылыс жүйесі болған. Қаратау етегі алқабында, Талас, Шу өзендері жағасында, Жетісуда суармалы егіншілік дамыған. Отырықшы шаруалар бидай, арпа, тары, жүгері, күріш т.б. дақылдар өсірген. (Ал-Идриси. Нузхат ал-муштак. Қолжазба, ГПБ, л.66а, л.69а; К.А.Акишев, К.М.Байпаков,1969; Қазақстан тарихы, 1996, т.1)

Сурет 1 – Ежелгі Үндіқытайдағы күріш өсіруші шаруалар

Қызылорда облысында күріш егіншілігін дамытудың тарихи тұрғыдан 5 кезеңі болды.

1 кезең (1896-1920 ж.ж.) – Қызылорда облысы территориясына күріш дақылының келуі. 1895 жылдан бастап күріш егісі үшін Сыр өңірінде жаңа жерлерді игеру Шиелі поселкесі(қалашығы) маңында, Қараөзек пен Сырдария аралығындағы көлді, қамысты жазықта жүргізілді. Кейін күріш егісі Сырдария өзенінің сол жағына ауысып, Шіркейлі, Қуаңдария ескі өзендерінің бойына және көптеген көлшіктерінің жағасына орналасты. Күріш егісі тұзданбаған, біртегіс учаскелерге орналасты. Бірінші дүниежүзілік соғыс, одан кейінгі азамат соғысы және 1917-1918 жылдары болған қуаңшылық пен шаруашылықтың құлдырауы салдарынан 1914-1920 жылдары күріш егіншілігі үлкен күйзеліске ұшырады.

2 кезең (1921-1930 ж.ж.) – халық шаруашылығын қалпына келтіру кезеңі. Қазақстан оңтүстігінде суармалы егіншілікті дамытуда 1921 жылғы Еңбек және Қорғаныс Советінің қаулысы үлкен рөл атқарды. Бұл қаулы күріш егісі көлемін ұлғайтудағы жергілікті халықтың күш-жігерін арттырып, оларды осы мәселені шешу ісіне жұмылдыруға жағдай жасады. Мысалы, 1921 жылы Қазалы су шаруашылығы округінде ескі суару жүйелерін жөндеу және жаңа суару жүйелерін салу жұмыстары жүргізілді. 1925 жылы күріш егісінің көлемі артты, жаңа гидротехникалық құрылыстар салына бастады. 1927 жылы суару жүйелері толық жөнделді.1928 жылы облыста жалпы егіс көлемі 69,4 мың га, оның ішінде күріш егісінің көлемі 3,5 мың га жетті.

3 кезең (1931-1965 ж.ж.) – Сыр өңірінің көшпелі шаруалары 1929-1931 жылдары коллективтендіріліп, негізінен жер өңдеу серіктестері мен артельдерге кірді. Сол жылдары облыста 160 ауыл шаруашылық коллективері құрылды. Колхоздарды ұйымдастыруға дейін жердің негізгі бөлігі жайылымдық, шабындық, бұталы өсімдіктер өскен өңір болатын. Жыртуға жарамдысы барлық жер көлемінің 1%-нан аспады. Осыған байланысты колхозға бірлескен шаруалар суландыру жұмысын бұрыңғыдан әлдеқайда кеңейтіп, жаңа каналдар қазу, бұрыңғы арықтарды жаңартып, жөндеуді қолға алды. Отан соғысы кезінде де күріш егіншілігі белгілі мөлшерде одан әрі дамытылды. 1941 жылы Жаңа Шиелі суару жүйесі салынып, 25 мың га егістік сумен қамтамасыз етілді. 1942 жылы ұзындығы 20 км қызылорда оң жағалық каналы салынды. Осының нәтижесінде 1945 жылы күріш егісі көлемі 22 мың га жетіп, жалры өнім 42,2 мың тонна болды. 1945 жылы Қызылорда плотинасын салу қолға алынып, ол 1956 жылы пайдалануға берілді. Бұған 15,7 млн.сом қаржы жұмсалды.

4 кезең (1965-1990 ж.ж.) – КПСС Орталық Комитетінің наурыз (1965) және мамыр (1966) Пленумдарының шешімдеріне сәйкес облыста жаңа техникалық құралдармен жабдықталған төрт трест, жаңа жерлерді игеру басқармасы, Солжағалық массивті игеру дирекциясы құрылды. Олар күріш ауыспалы егісі үшін жер әзірлеуде, су жолдарын реттеуде, жаңа совхоздар орталығын салуда қыруар жұмыстар атқарды. Осының нәтижесінде 1966-1970 жылдары, яғни сегізінші бесжылдықта облыстың совхоздары мен колхоздарында жетінші бесжылдықпен салыстырғанда күріш егісінің көлемі 14,2мың га, әрбір гектардан алынған өнім 15,9 центнерге дейін өсіп, мемлекетке сатылған күріш орта есеппен 41,4 мың тоннадан 129,7 мың тоннаға жетті немесе үш еседенартық өсті.

5 кезең (1991 жылдан қазіргі уақытқа дейін) – 1991 жылы бұрыңғы СССР жеке егемен мемлекеттерге – Республикаларға бөлінді. Нәтижесінде Одақ кезіндегі тығыз экономикалық және шаруашылық байланыстар үзілді. Бұл ТМД территориясындағы барлық мемлекеттерде экономикалық дағдарыс тудырды. Қазақстан нарықтық экономика кезеңіне өтіп, жекешелендіру процесі жүргізілді. Қазақстан нарықтық экономика кезеңіне өтіп, жекешелендіру процесі жүргізілді.

Сурет 2 - Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, атақты күрішші, Ыбырай Жақаев.



1.1. Күріш шаруашылығының қазіргі жай-күйі мен ерекшеліктері



Әлемдік практика бойынша әрбір елдерде күріш өсіру технологиясының өзіндік ерекшеліктері бар және ол ғасырлар бойы қалыптасып келеді. Тропикалық Азия және Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде (Үндістан, Бирма, Индонезия, Вьетнам, Қытай т.б.) күріш өсіру ғасырлар бойы негізінен қол жұмысы арқылы атқарылып келді.

Әлем елдерінде күріш егіншілігінің ерекшеліктеріне, айырмашылықтарына қарамастан бұл дақылды өсіру үш түрлі принципті бағытта дамыды және қазіргі кезеңде қолданылуда.

1) Күрішті көшеттеп егіп өсіру. Бұл технология Оңтүстік Шығыс Азия (ОША) және Қиыр Шығыс елдерінде мыңдаған жылдар бұрынғы кезеңнен бастап қолданылып келеді. Мысалы, күрішті көшеттеп өсіру Қытайда соңғы Хань (б.э. 23-220 ж.ж.) эпохасында пайда болған. Қазіргі кезеңде көшеттеп өсіру егіншілігі жетілдірілген және де әр елде әр түрлі көлемде қолданылуда. Мысалы, Индонезияда күріш егісі көлемінің 90 %, Бирмада -80%, Үндістанда – 75-80%, ал Қытай мен Жапонияда барлық күріш егісі көлемі көшеттеп егіліп өсіріледі.

Қазақстанда, соның ішінде Қызылорда облысында күрішті көшеттеп егіп өсіру 1998-2000 жылдары Арал өңірі агроэкология және ауылшаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының тәжірибе шаруашылығында зерттелінді және 2001-2003 жылдары өндіріске енгізіле бастады. Зерттеу нәтижесіне қарағанда, осы тәсілмен өсірілген жағдайда күріш өте мол өнім беретіні дәлелденді. ТМД елдері территориясында күрішті көшеттеп өсіру технологиясы Өзбекстанда, Әзербайжанда зерттеліп өндіріске енгізілуде. Мұндағы негізгі мақсат – жоғары әрі жылына екі өнім алуды іс жүзіне асыру.

2) Күріш тұқымын бөрттіріп суға себу. Қазіргі кезеңде бұл тәсіл көптеген елдерде (мысалы, Корея, Италия т.б.) қолданылады. Қазақстанда, соның ішінде Сыр өңірінде 1940-1955 жылдары Ы.Жақаев және оның шәкірттері күріш тұқымын негізінен осы әдіспен сепкен.

3) Жиырмасыншы ғасырда ғылым мен техника жетістіктерін өндіріске енгізу нәтижесінде жаңа күріш егіншілігі – интенсивті, индустриалды технология пайда болды. Бұл әртүрлі формада ТМД елдерінде (мысалы, Ресейде, Қазақстанда т.б.), АҚШ-та, Австралияда, Еуропаның кейбір елдерінде таралған. Осы технологияның негізгі элементтері төмендегідей:

а) инженерлік типтегі күріш жүйесін салу (инженерлік типтегі суару және қашыртқылау жүйесі, инженерлі дайындалған суармалы жерлерді игеру);

б) ғылыми негізде зерттеліп тұжырымдалған ауыспалы егісті игеріп, топырақты өңдеу жұмыстарын сапалы әрі уақтылы жүргізу;

в) негізгі технологиялық операцияларды (топырақты өңдеу, себу, егісті орып жинау, өнімді тасымалдау және тазалау т.б.) толық механикаландыру;

г) күріш егіншілігін химияландыру (минералды тыңайтқыштар дозасын, енгізу мерзімін және тәсілдерін оптимизациялау, гербицидтер, инсектицидтер, фунгицидтер, өсу реттегіші заттарын қолдану);

д) жасалынған қолайлы жағдайларға қайтарылымы мол, жоғары өнімді, жаңа типтегі сорттар шығару;

е) күріш өсірудің сорттық технологиясын тұжырымдап, өндіріске енгізу.

Тағы бір принципті айырмашылығы – тұқым құрғақ топыраққа 0,8-1,5 см тереңдікте сіңіріледі немесе топырақ бетіне шашылып сосын атыз суға бастырылады.

Арал өңірінде күріш 1895-1896 жылдардан бастап өсірілді, ал 1940-1965 жылдары тауарлы күріш егіншілігі қалыптаса бастады. Ол кездегі күріш егіншілігінің технологиялық базасы – атыздары кішкене, инженерлік дайындалған емес, жабайы күріш жүйесі болатын.

Сыр өңірінде күріш егіншілігінің интенсивті, индустриалды технологиясы 1966-1990 жылдары қалыптасты. Бұл кезеңде Краснодарлық типтегі инженерлік күріш жүйесі салынып, ауыспалы егіс игерілді. Егіске көп мөлшерде тыңайтқыш беріліп, арамшөптермен, ауру және зиянкестермен күресу үшін гербицидтер мен улы химикаттар жеткілікті мөлшерде қолданылды. Топырақты өңдеу, себу, күтіп-баптау орып жинау жұмыстары толық механикаландырылып, күріш егіншілігі интенсивтендірілді.

Күрішті көшеттеп өсіру 1998-2000 жылдары зерттеліп, 2001-2003 жылдары өндіріске енгізіле бастады. Сондықтан Арал өңірі күрішшілері бұрынғы қалыптасқан индустриалды технологияны «дәстүрлі» деп, ал көшеттеп өсіру әдістемесін «жаңа технология» деп атады.

Күріш егісі негізінен Қызылорда облысында орналасқан. Сонымен қатар, ол Алматы облысының Балқаш (Ақдала алқабы), Қаратал аудандарында және Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара ауданында өсіріледі. 2006 жылы республикада күріш егісінің көлемі 85,7 мың гектар, ал әр гектардан алынған орташа өнімі 33,5 центнер, жалпы түсімі 202,3 мың тонна. Күтіп-баптай білсе күріштен мол өнім алуға болатынын тәжірибе көрсетіп отыр. Мәселен, атақты күріш өсіруші Ы.Жақаев кезінде күріштің әр гектарынан 171 центнерден өнім алды. Бұл дақылдың мүмкіндігі зор екендігін көрсетеді.











































1.2. Күріш дәнді дақылының түрлері мен сорттары



Күріш астық түріне байланысты ұзындығы бойынша 3 түрге жіктеледі:

  • ұзын

  • орташа

  • дөңгелек

Ұзын дәнді күріш мөлдір немесе ақ қоңыр түсті болады (8 см), жіңішке, ұзынша, дәстүрлі. Бұл күріш түрі Аустралия, Солтүстік және Оңтүстік Америкада өсіріледі.

Орташа пішінді күріш – ұзындығы 6 мм-ге дейін келетін мөлдірлігі аз, домалақ пішінді құрамында крахмалдың мөлшері көп болғандықтан пісіру кезінде көп суды қажет етеді, сол себепті дайын болған бұл күріш тағамы жабысқақ болып келеді. Бұл күріш түрлерінің ақ және қоңыр түстері кездеседі.

Әлемде күріштің сорттары өте көп кездеседі. Олар: Басмати күріші (Тайланд), Жасмин (Тайланд), Жабайы күріш (АҚШ), Арборио «Карнароли», «Виалоне»(Италия), Паэлья (Италия). [ Сурет 5.]

Басмати сорты. Бұл күріш сорты өте нәзік текстуралы, жаңғақ дәмдес келетін күріш сорты. Басмати күрішін «әлемдегі күріш патшасы» деп атайды. Гималай тауларының етегінде өсіріледі. бұл күріштің ерекшелігі – бағасы өте қымбат және дәні ұзын (20 мм-ге дейін). Басмати күрішінің ең сирек кездесетін түрі – Үнді Басматиі.[Сурет 4.]

Сурет 4. Басмати сорты түрлері

Жасмин сорты. Азиялық күріш атауымен аталатын Басмати күріші секілді ұзын болып келетін өзінің керемет дәмімен, құрылымымен көзге түсетін күріш түрі. Тайландта, Камбоджада, Вьетнамда өсіріледі.

Жабайы күріш. Жабайы күріш Солтүстік Америка құрлығында Ұлы көлдер маңында өсіріледі. дәмі өте тәтті, жаңғақ дәмдес болып келетін арзан күріш түрі. Оның құрамында ақуыз, В тобындағы витаминдер әсіресе фолий қышқылы, бағалы минералдар – магний, фосфор, марганец, цинк, калий, мыс кездеседі. Бұл төменгі калориялы және тойымды азық-түлікке жатады. Бұл қан құрамындағы холестерин мөлшерін азайтып, ас қорыту мен жүйке жүйесі жұмыстарын нығайтады. Жылтырлығы аз. Қара және қоңыр болып келетін 30-40 мин пісетін тағам түрі. [11]

Жалпы Қазақстанда оның ішінде Қызылорда облысында бұрыннан бері аудандастырылып келе жатқан сорттары:

Дубовский 129 сорты. Кубаньдағы күріш тәжірибе стансасында, қазіргі Ресейлік бүкіл одақтық ғылыми-зерттеу күріш шаруашылығы институтында С.А.Яркин, Г.И.Дубов, О.С.Наталина бірігіп өсіріп шығарған сорт. Бұл сорт – жергілікті краснодарское 3352 сорты мен ВИР сортынан алынған Бибако-Моки түріне жататын №2319 күріш сортымен будандастырылып шығарылды. Масағы орташа селдір, дәні дәмді, дән салмағы -31-33г, жармағы аз. Өсі мерзімі 105-110 күн.

Кубань 3 сорты. Красноармейский 313 күріш сортынан таңдап теріліп, өсірілген. Масағы орташа, дәні тығыз бітеді, дәннің дәмі мен жылтырлығы дубовский 129 сортынан төмен. 1000 дәнінің салмағы – 29 г. 110-115 күнде піседі. Қызылорда облысының орталық аймақтарында (Сырдария, Жалағаш) егіледі.

Узрос 269 сорты. Селекционер Е.А.Свежакова Өзбекстан күріш тәжірибе орталығынан өсіріп шығарды. Сабағы 115 см. Масағы көлемді. Дән салмағы 35 г. Қызылорда облысы территориясында өсіріледі, ерекшелігі пісу уақытынан кешіксе, өзінен-өзі төгіліп тұрып пісе береді.

Қазақ салысы. Ертеден егіліп жүрген жергілікті сорт. Масағы 20 см. Қылтықты. Биіктігі – 105 см. 1000 дәнінің салмағы – 34 г.110 күнде толық піседі.

Первомайский 152 сорты. Агроном В.К.Лян Қызылорда облысының бұрынғы «1 Май» колхозында егіліп жүрген қазақ салысы сортынан теріп алған болатын. Масағы қылтықты, жинақы. 1000 дән салмағы 30-33 г. Дәні жылтырлығы сонша дәнінің 68% ақ. 100-110 күнде піседі. [8]

Анаит сорты. Гибридті популяцияның жеке іріктеуі әдісімен құрылған. Қазіргі уақытта бұл сорт түрі мемлекеттік сорт сынау орталығында. 110 күнде піседі. Сабағы қара түсті. 1000 дәннің салмағы – 44г.

Лидер сорты. Сорт түрі гибридті популяцияның үшінші буынының жеке іріктеу әдісінен құрылған. Вегетациялық кезеңі – 120 -125 күн. Сабағы тік. 1000 дән салмағы – 31 г. Сабағының ұзындығы 95 см. Дәні жылтыр күмістей. Және дәнінен жасалған өнім дәмді және көлемді.

Маржан сорты. индукцияланған мутагенездің таңдалған әдісімен
арал маңы ҒЗИ АЭиСХ (ЖШС "қазақ күріш шаруашылығы ҒЗИ) крос-356 жергілікті селекциялық үлгі бойынша жасалған. Бұл сорт түрінің ерекшелігі экологиялық қолайсыз жағдайға төзімді және топырақтың тұздануын жақсы қабылдайды.

Ренар сорты. Вегетациялық кезең – 115-117 күн. Сабағының ұзындығы – 90-95 см. 1000 дән салмағы – 32 г. Кез-келген күріш азотты қатты қажетсінеді. Бірақ күріштің бұл сорты азотты аз мөлшерде болса да өзінің еш құндылығы мен өнім көлемін, сапасын жоғалтпай пісе береді. Бұл сорттың ең маңызды ерекшеліктерінің бірі. 1 га жерге 5 млн дақыл себіледі.

Фишт сорты. Бұл сорт түрі қазіргі кезде мемлекеттік сынақтама орталығында жатыр. Гибридті жеке әдіс арқылы пайда болған. 118 күнде пісіп жетіледі. Сабағы тік және ұзындығы 115 см. 1000 дәннің салмағы – 33 г.

Сурет 5. Италиялық Карнароли сортының түрлері

Янтарь сорты. Янтарь – бірден-бір патенттеуден қорғалатын күріш түрі. (№ 2350). Сорт коды – 9811807. 114-117 күнде піседі. Дәні ақ. Жылтырлығы 92-96%. 1000 дәннің салмағы – 33г. Қазіргі таңда тез пісетін тағамда жасауда (пудинг) қолданылуда өте қолайлы. Бұл сорттың ең бір ерекшелігі суда орналасқаннан кейін немесе оған дейінгі өсіру кезеңдерінде кедергі келтіретін бактерияларға қарсы гербицидтерсіз ақ өсе береді.

Новатор сорты. Вегетациялық кезең – 105 күн. Сабағы қысқа 90 см. Дәні ұзынша келген. 1000 дәннің салмағы 31 г. Жылтырлығы - 98%. Дәні ақ. Құрамындағы ақуыз мөлшері – 7-8%. Ең жаңа сорт түрі болып табылады. Тез пісетін сорттар қатарына жатады. Сорт жеке дара гибридтік будан тәсілі арқылы алынған. (Прикубанский/ Италика 10). Новатор сортының өзіндік ерекшелігі — сабақтары жинақы, тік тұрады, жапырақтары үшкір бұрышпен орналасқан. [9]

















































ІІ.Қызылорда облысындағы күріш өсіруші аймақтары



Күріш егіншілігі Сырдария және Іле мен Қаратал өзендеоінің бойындағы алқаптарда орналасқан. Бұл өлкелердің топырақ-мелиоративтік және агроэкологиялық жағдайы күріш егісінен өнім алуға қолайлы. Ғалымдардың (М.К.Қаюмов, 1972) мәліметі бойынша, 40-50º ендікте егістерге түсетін фотосинтетикалық активті радиация (ФАР) мөлшері 3,2-2,5 млрд.ккал/га, ал биомасса өнімі гектарына 400-250 центнерге дейін жетеді. Осы ендікте Қазақстандағы күріш өсіруші ең үлкен аймақ – Сыр өңірі де (43-46º) орналасқан.

Арал теңізі суының азайып, құрғауының негізгі себебі- Әмудария мен Сырдария суын мақта, күріш және басқа да дақылдар егісіне пайдаланды. Соңғы 30-35 жылдар ішінде екі өзеннің суы түгелдей ауылшаруашылығы мақсатында жұмсалды.

1965-1966 жылдардан бастап тауарлы күріш өндіру мақсатында бұл дақыл егісі үлкен көлемде (жыл сайын 90-110 мың га) егілді. Нәтижесінде бұл Арал өңіріне орасан зор экологиялық, әлеуметтік, т.б. өзгерістер әкеледі. Күріш егісін дамыту үшін инженерлі дайындалған күріш жүйелері салынды, ал бұл аймақтың ландшафтын өзгертті, күріш дақылы өсірілген танаптарда топырақ түзілу үрдісі түбегейлі өзгерді. Бұрынғы шөл және шөлейт дала жағдайына бейімделген өсімдіктер азайып жойылды, орнына ылғалы мол жерлерге бейімделген өсімдіктер (қамыс, түйнекөлең, күрмек, шиін, т.б.) пайда болып, кеңінен таралды.

Арал өңіріндегі экологиялық жағдайлардың өзгеруіне негізгі себепкерлердің бірі – күріш егісі бола тұрса да «Экология» «Биология» «Фермерлік іс», «Гидроэкология» мамандығының студенттері күріш өсіру технологиясынан бейхабар. Аталған мамандық студенттеріне «Күріш өсірудің сорттық технологиясы» оқу-құралын арнайы, немесе таңдап алынған курс ретінде оқытылғаны жөн.

Қазақстанның оңтүстік облыстарында суармалы егіншілікке жарамды 8 млн.га жер бар. Олар Шардара су қоймасынан бастап Сырдария өзенінің екі жағасында Арал теңізіне дейін орналасқан. Территория бойынша Шымкент және Қызылорда облыстарына жатады. Суармалы егіншілік үлкен массивтерде (аймақтарда) орналасқан. Олар – Қызылқұм, Түгіскен, Жаңақорға-Шиелі, Қызылорда және Қазалы алқаптарында.

Қазақстан Республикасының Қызылорда облысы – 226,0 мың км.кв алып жатыр. Шығысы мен оңтүстік-шығысында Шымкент облысымен, солтүстігінде Жезқазған, солтүстік-батысында Ақтөбе облыстарымен, оңтүстігінде Өзбек Республикасымен шектеседі. [Сурет 6. ]



Сурет 6 – Күріш өсіруші аймақтар фото-схемасы

Қызылорда облысындағы күріш егіншілігі аймақтарының агроэкологиялық және топырақ-мелиоративтік сипаттамалары бойынша аймақтарға бөлінген:

Түгіскен аймағы – шөл зонасыныңжусанды-эфемерлі даласын алып жатыр. Аймақтың негізгі бөлігінде тақыр тәрізді топырақ (41%) дамыған. Дарияға жақындаған сайын шөлге айналған шабынды топырақ(20%), шөлейттенген(12%) және шалғынды топырақтар бар(20%). Су өткізу мүмкіндігі 55 м куб/сек. Келінтөбе магистральды каналы арқылы аймақ суландырылады. Дақылдарды өсіруге қолайлы жылы күндер ұзақтығы – 192-226 күн.

Екінші аймақ Жаңақорған-Шиелі суару аймағы – облыстың оңтүстік бөлігіндегі Сырдарияның оң жағасында орналасқан және егіншілікке жарамды жерлер көлемі үлкен. Аймақ Жаңашиелі және Сунақата ирригациялық жүйелері арқылы суландырылады. Сунақата суару жүйесі 1943 жылы салынған, канал ұзындығы 25 км, су өткізу мүмкіндігі 12м куб/сек.

Үшінші аймақ Қызылорда суару жүйесі – Сырдарияның екі бетіндегі Қызылорда облысының орталық бөлігінде орналасқан үлкен территорияны қамтиды. Бұған үш аудан – Сырдария, Жалағаш, Шиелі административтік аудандары кіреді. Аймақтың топырақ жамылғысы әртүрлі, бірақ негізінен шалғынды батпақты топырақтар. Мұнда күріш өсіру тиімді. Тұздану типі – хлорлы сульфатты.

Қазалы суару аймағы –Сырдарияның екі бетінде орналасқан, 60 мың га жерді алып жатыр. Қазалы су торабы салынып біткеннен кейін бұл аймақта күріш егіншілігі интенсивті дами бастады. 1965 жылы мұнда күріш егісі көлемі – 3,8 мың га болса, 1979 жылы 10,8 мың гектарға жетті, ал 2000 жылы 8,5 мың га болды. [12]

Биылғы табысты жылы аудан бойынша барлығы 29 850 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Негізгі дақыл күріш – 18360 гектар жерге егіліп, меже 106,6 пайызға орындалып отыр.

Егілген ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымы толық себу дәрежесіне жеткізіліп, күріштік алқаптарға егілді. Тұқым шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдаудың арқасында осы жылы егілген егіс көлемінің 99,0 пайызы жоғары репродукциялы тұқыммен себілді



2.1. Күріш өсірудің агроклиматтық көрсеткіштері.



Ауданның негізгі дақылы – күріш толық жиналып, қырман қызылға толды. Ауданда егілген Сыр салысының 18 360 гектарынан 104214,3 тонна астық жиналып, орта өнім гектарына 56,7 центнерден келді. Бұл зор жетістік, үлкен нәтиже.

Жекелеген шаруашылықтар бойынша «Мағжан және К» ЖШС 2102 гектар күріштің әр гектарынан 65,0 ц/га, «Шаған-Жер» ЖШС 2067 гектар күріштің әр гектарынан 58,0 ц/га, «Қызылдихан» ШҚ 850 гектар күріштің әр гектарынан 82,5 ц/га-дан, «Ақжарма және К» ШҚ 1000 гектар күріштің әр гектарынан 73,0 ц/га-дан өнім алды.

Үстіміздегі жылғы егін жұмыстарын жүргізуде «Қызылдихан» ШҚ-ның бригадирі Тахир Ерғалиев 290 күріштің әр гектарынан 91,7 ц/га- дан өнім жинаса, күрішшісі Жангелді Смайлов 35 гектар күріштің әр гектарынан 108,6 ц/га-дан, «Мәді-Қажы» ЖШС-нің күрішшісі Ғани Бихожаев 31 гектар күріштің әр гектарынан 101,0 ц/га-дан өнім алып, үздіктер көшін бастады.

Бүгінгі күні аудан бойынша дәнді дақылдар – жаздық бидай, арпа және мақсары дақылдарын жинау толық аяқталды. Жиналған дақылдардың орташа өнімділігі өткен жылмен салыстырғанда біршама жоғары. Атап айтқанда, жаздық бидайдан 20,2 ц/га, арпадан 18,0 ц/га, сүрлем жүгеріден 95,0 ц/га және мақсарыдан 10,1 ц/га өнім алынды.

Сырдың негізгі дақылы саналатын күріш 11150 гектарға егілді. Қазір күріш алқаптары толық орылып бітіп, әр гектардан 59,2 центнерден өнім жиналды. Соның арқасында қамбамызға барлығы 66,008 тонна астық құйылды. Сонымен бірге, минералды тыңайтқышқа – 66225795 теңге, гербицидке – 43257669 теңге, тұқымға – 20260682,51 теңге субсидия төленген. Күріш тұқымынан 2380 тонна, күздік бидайдан 282 тонна, жаздық бидайдан 15 тонна, мақсарыдан 80,5 тонна, жоңышқадан 12,1 тонна тұқым құйылды. Межеленген 800 гектар күздік бидайдың 150 гектары яғни, 18,8 пайызы егілсе, 5000 гектар сүдігері айдау жоспарлануда. Ауыл шаруашылығы өндірісінде жаңа техниканы тиімді пайдалану – егіс жұмыстарын агротехникалық мерзімде орындауға мүмкіндік береді, еңбек өнімділігін және егіннің шығындылығын арттыруға жағдай жасайды.

Сурет 7. Сыр күріші



2.2. Күріштің жалпы адамзатқа тигізер пайдасы


Күріш адам ағзасын жақсы тазалайтын күшті қасиетке ие. Оның түрлі сұрыптарынан тағам дайындалады. Негізгі азықтық дақылдардың бірі саналатын күріш дәнінен – спирт, крахмал алынады, сыра қайнатылады, сабанынан қағаз жасалады. Кебегі – мал азығы, одан жоғары сапалы май алуға да болады. Мамандардың айтуынша, күріш-калориясы төмен азық. Азиялықтардың мүсінінің әсем, өздерінің ұзақ өмір сүретінінің сырын зерттеушілер, ол күрішті көп тұтынатындықтан, деп түсіндіреді. Күріштің құрамында көмірсулар 80, жасұнық 3 пайызды құрайды. Сол себепті, көкөністерден дайындалған тағамға күрішті де гарнир ретінде ұсынады.

Сонда, күріш несімен пайдалы? Құрамында глютена жоқ болғандықтан. Глютена дегеніміз – ағзада қатты аллергиялық реакция тудыратын ақуыздар ғой. Ал, енді күріш құрамындағы ауыр көмірсулар тағаммен адам ағзасына еніп, оның бұлшық етіне жинақталады да, күш-қуатты керегінше шығарып отырады. Күріштің құрамында магний, темір, В тобының дәрумендері бар. Ақуызға бай күріш ағзаны қажетті амин қышқылдарымен қамтамасыз етеді.

Күріш құрамындағы ауыр көмірсулардың көмегімен адам ағзасында күніне қант пен майлар құрамы өз мөлшерінде реттеліп отырады. Ағзаға өзге тағамдармен түскен зиянды заттарды да күріш өз бойына сіңіріп алып, залалсыздандырады. Сол себепті күріш арқылы ем-дәм (диета) ұстанғандаағзадан тұз бен қалдықтар (шлактар) сыртқа шығады. Соның нәтижесінде, жүйке жүйесі жақсы жұмыс атқарып, ұйқы дұрысталады, бет терісінің түсі әдеміленеді, ауыздан жағымсыз иіс шықпайтын болады. Бұл, әрине, күріш тағамдарын тұтынудың басты-басты пайдасы.

Бес құрлықты «жаулаған» дақыл – күріштің құрамындағы калий жүрек қан-тамырының жұмысына, дертіне шипалы. Өйткені, ол жүректің бұлшық еттерін нығайтады, жұмысын жақсартады. Тағам болып ағзаға түскенінде, күріш ең алдымен тұзды (натрий) жояды, сол тұздық зияндылығы ағзадағы судың сіңімділігі кедергі келтіруі. Яғни, күріш ағзаны тұз бен артық судан арылтып, зат алмасу үдерісін жандандырады. Күріштің ең пайдалы қызметтерінің бірі – бүркегіштік әрекеті. Дәнді дақыл ас қорыту жүйесі арқылы ішке енгенінде оның қабырғаларын, (жақтаушаларын) асқазанды жұмсақ түрде бүркеп өтеді, әрі күріштен жасалған тағам асқазан сөлінің қышқылдығы жоғары, гастрит, жарасы бар науқастарға емдік әсерін тигізеді. Күріш суының денсаулыққа пайдасы. Ежелгі Қытай рецептілері тәніміздің саулығын сақтайды. Уақыттың өзі тексерген медициналық білім әдеттегі құралдар пайдасын тигізбеген кезде көмектеседі. Қытайлықтар күрішті ерекше жақсы көреді. Бұл тағамды көп тұтынатындары да кездейсоқтық емес. Дұрыс дайындалған күріш – өмірді ұзартып, ағзаны қажетті заттектермен қамтамасыз етіп отыратын, өте пайдалы тағам. Күріш жеп отырған кезде, ағзаңыздағы токсиндер сыртқа шығады. Асқазан мен ішек жұмысын ретке келтіреді.

Күрішке қарағанда оның суының пайдасы мол. Егер бұрын-соңды күріш суының пайдасы туралы естімеген болсаңыз, дәл қазір салауатты өмірге жаңа қадам басасыз. Мінсіз келбет, күш-қуат, сау тері – күріш суын тұтынатын адамдардың серігі. Күріш суы ағзаны көмірсулармен қамтамасыз етіп, асқазан ауруын емдейді, артериялық қысымды ретке келтіреді, оба ауруын алдын алады. Мұнымен қатар, оның косметикалық қасиеті бар: саңылаулардың аузын бітеп, тері түсін біркелкі етіп, майлылық деңгейін азайтады. Арнайы тағамдар шықпаған кезде, ата-аналар балаларын осы сусынмен тамақтандырған. Күріш суының арқасында дисбактериоз, дерматит сынды аурулар өте сирек кездесетін болған. Ол өте қарапайым әдіспен дайындалады: аз мөлшердегі күрішті суға салып қайнатыңыз. Бір стақан суға бір ас қасық күріш жеткілікті болады. Қайнатпа түсінің бұлдырлануына мүмкіндік беріңіз. Онымен күніне екі рет бетіңізді жуыңыз. Бір аптаның ішінде оң нәтижесі байқала бастайды.

























































ҚОРЫТЫНДЫ


Күріш егістігін дұрыс орналастыру және бұл дақылды егетін аудандарда мамандандыру үшін Қазақстан жерінде агроклиматтық қорларды өз мәнінде бағалау қажет. Мұндағы міндет климаттың құнарлылығын анықтауға келіп тіреледі.

Күріш егуге қажетті климат құнарлылығы деп күн сәулесін, жылу көздерін, оның ішінде ауа температурасының тұрақты түрде 15 градустан жоғары болу кезеңінің ұзақтығын, ондағы температуралар қосындысын айтамыз. Күріш егу үшін климаттың құнарлылығын толық пайдалануға кедергі жасайтын басқа да ерекшеліктерді ескерген (мысалы, зиянды өте төмен немесе өте жоғары температуралар, т.б.) жөн.

Қазақстанның күріш егуге қажетті климаттың қолайлы кезеңдері, оның өсіп-өнуінің агроклиматтық көрсеткіштеріне сәйкес бағаланады.

Қорыта айтқанда әрбір алқаптарда суармалы жерлерді тиімді пайдалану үшін

су жүйелері құрылысының ең арзан жобасын жасау оны салу мерзімін қысқарту, жоғары сапалы тыңайтқыш енгізу, түсімділікті шұғыл көбейтетін сорттарды таңдап, өндіріске кеңінен енгізу, химияландыру, т.б. шараларды қолдану арқылы күріш дақылының мәдениетін көтеруге болады.

Мүмкіндіктерді дұрыс пайдаланып, таяу жылдардың ішінде барлық өндіріс орындарын жоғары рентабельді кәсіпорынға айналдыруға толық жағдай бар. Қазіргі кезде аудандар өнеркәсіптік негізде бірлестіктерге ұйымдаса бастады. Оларға су шаруашылығы, автотранспорт, химия және ауылшаруышылығы техникасы ұйымдары кіреді. Олардың бәрі де аграрлық өнеркәсіптік комплексіне бағынады да, сөйтіп, барлық істелетін жұмыстарды басшылық шешімі бойынша атқаруға тиіс. Сондай-ақ ауылда ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін өнеркәсіп орындарының құрылуы ауылдық мекендерде өндіріс мәдениеті жағынан да, тұрмыс мәдениеті жағынан да қалалық типті мекендерге айналдыруға себін тигізеді. Ауыл еңбеккерлерінің кәсіби, мәдени дәрежесінің артуы қызмет көрсету сферасының жұмысын жақсартуды, еңбекшілердің демалысын ұйымдастыру ісін жетілдіре түсуді талап етеді. Осы бастамалар ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп мекемелерін бір-біріне жақындастыруға ықпал етеді.

Соңғы кезде күріш егісінің жерін жыртудан бастап, егінді күту, ору, жинау, тазалау жұмыстарын комплексті механикаландыруға мүмкіндік беретін машиналардың жүйесі жасалды. Қызылорда облысы ауа райының табиғатының ерекшеліктеріне сай күріш өсірудің механикаландырылған өзіндік технологиясы қалыптасты. Соның нәтижесінде озат шаруашылықтарда күрішті өсіру, жинау және тазалау жұмыстары толық механикаландырылып отыр. Машиналар жүйесі құрамына: трактор, ұшақ,жаңа плугтар, сиялкалар, комбайндар, жаткалар, күрішті кептіріп, тазалайтын машиналар және күріш сабанын таситын, күделейтін машиналар, жеңіл машиналар, трактор арбалары кіреді. Күріш егісінде қолданылатын техникалардың қатарынан жер қазатын, егістікті тегістейтін агрегаттар ерекше орын алады.







Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Жайлыбай К.Н. «Күріш егіншілігі және экология», Алматы, «ARNA-B» баспасы, 2006

  2. Зайцев В.Б. «Күріш жайлы сұхбат» (ауд.Қ.Ж.Батпенов), Алматы, «Қайнар» баспасы, 1982

  3. Әлисұлтанов Дәрібай. Ыбырай Жақаев. Очерк – Алматы: Жалын, 1976

  4. Ыбыраев Ә. «Қазақстан күріші», «Қайнар» баспасы, 1969

  5. Жаңабаев Қ.Ш., Арыстанғұлов С.С. «Агрономия негіздері», Астана, «Фолиант» баспасы, 2007

  6. М.А.Скаженник., Н.В.Воробьев., О.А.Досеева. Методы физиологических исследований в рисоводстве.Краснодар, 2009. – 23 б.

  7. Воробьев Н.В., Журба Т.П. Об оценке образцов риса на устойчивость к засолению почвы // Селекция и семеноводство. – 1991. - №3. 9-10 б.

  8. Сыдықов К. «Қазақстанда күріш өндірісінің экономикасы», Алматы, «Қайнар» баспасы, 1979

  9. Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, «Абзал және К» толық серіктестігінің интернет-порталы: http://kz.abzal.org/sorta-risa

  10. Ақтөбе облыстық қоғамдық-саяси газеті. Интернет-порталы: http://www.aktobegazeti.kz/?p=28540

  11. Интернет-портал: http://f-journal.ru/vidy-i-sorta-risa/

  12. Жайлыбай К.Н. «Күріш өсірудің сорттық технологиясы және агроэкологиялық негіздер», Қызылорда, «Алтын Орда» баспасы, 2001





18



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!