Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қызық екен
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Т.Әлімқұлов атындағы №14 мектеп интернат-лицейі
Тақырыбы:
« Қызық екен... »
(білім сайысы)
Жауапты: Ж.Сүгірбаева
2017-2018 оқу жылы
Күні: 7.03.2018 жыл
Сабақтың тақырыбы: «Қызық екен...» (білім сайысы).
Мақсаты: телевизиялық шоу негізінде ұйымдастыру арқылы оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыру, білімдерін жан-жақты дамыту
Сабақтың түрі: интелектуалды сайыс
Сабақтың әдістері: ойын, сұрақтар, тапсырмалар;
Сабақтың көрнекілігі: А4 парақтар, слайд, АКТ.
«Қызық екен...» әлемге танымал «Fremantle media» компаниясының жаңа өнімі. Бұл интеллектуалдық ойын-сауықтық бағыттағы телевикторина. Ойын екі топ арасында өтеді. Әр топ берілген сұраққа жауап беру арқылы ақшалай сыйлыққа ие болады.
Біздің бүгінгі ойынымыз осы телевизиялық шоу «Қызық екен» бағдарламасы негізінде өткізіледі. Ойынға 6-7 -сынып оқушылары қатыспақшы. Ойын 6-7 – сынып оқушыларынан құрылған екі топ арасында өтеді. Қойылған сұраққа әр топ дұрыс жауап беру арқылы ұпай жинайды.
Ойынның толық сипаттамасы: Әр топтың топ басшысы болады. Залда ойыншыларды қолдап келген жанкүйерлер болады. Ойын барысында екі топқа 12 тақырып бойынша сұрақ қойылады. Сұрақтың 3 жауап нұсқасы бар. Дұрыс жауап сюжет, презентация немесе видео-презентация түрінде беріледі. Сұрақтар әрқилы болуы мүмкін. Алайда бүгінгі ойын сұрақтарының көп бөлігі биология пәнімен байланыстырылады. Топ көп сұрақтың дұрыс жауабын тапса, ұпайы да еселене түседі.
Негізгі 11 Сұрақтан соң, финал ойнатылады, яғни 12- сұрақ қойылады. Финалда кезінде әр топ жинаған ұпайын сұраққа тігеді. Бірақ қарсыластар қанша ұпай тігілгенін білмейді. Екі топқа ортақ сұрақ қойылады. Сұраққа жауап беру үшін 20 секунд беріледі. Егер топ дұрыс жауап берсе, бәс ретінде тігілген ұпайы негізгі ұпай санына қосылады. Қате жауап берсе, жинаған ұпайы күйіп кетеді. Қай топтың жинаған ұпайы көп болса, сол топ жеңіске жетеді. «Қызық екен...» - балаға да, қариялар мен жастарға да тың ақпарат алуға және демалуға мүмкіндік беретін шоу.
Армысыңдар, бүгінгі «Қызық екен...» атты сайысқа жиналған қауым! Бүгінгі біздің сайыс сабағымызға қош келдіңіздер!
Бүгінгі сайысымызға 6 және 7- сынып оқушылары қатысып отыр.
Сайыс сабағымызды бастамас бұрын сайысқа қатысушы оқушылармен таныстырып өтейін.
Жүргізуші: Бүгінгі ойынымызға әділ баға беретін әділ қазылармен таныс болыңыздар:
Нұрмағанбетов Мұхтар ағай
Жұмашов Кенжебек ағай
Дәулеткелді Фатима апай
1.Табиғат ғажайыбы
1. “Құралайдың салқыны” қай айда болады?
а) маусымда б) мамырда с) сәуірде
2.Алқа тұқымдастардың гүлінІң формуласы?
а) Т(5)К(5)А5Ж(2) б) Т5К(5)А5Ж(2) с) Т(5)К(5)А5Ж1
3.1.Мүлде ауырмайтын жануар?
а) су сиыр б) кенгуру с) акула
2. Алкогольдік қоспалар бар улы зат бөліп шығаратын өсімдік?
а)шие б) кактус с) қызғалдақ
Жауабы: Кактустың «көңілін» аула. Қоршаған ортаның адамға тигізетін әсері орасан зор екендігі белгілі. Әсіресе, өсімдік әлеміне қандай көзқараспен қарасаңыз, ол да сізге солай «жауап» береді. Адамзат баласы сан ғасырлар бойы өсімдікті ем ретінде қолдануда. Өсімдік әлемінің адамға берері көп десе де болады. Мысалы, гүлді құмырасымен біреу сыйға тартса, сіз ол адамға сол гүл үшін аз болса да ақы төлеуіңіз керек екен. Себебі құмырадағы гүл «мені бағалады» деп «риза» болып, одан әрі жайқалып өсе түседі екен. Ал өсімдіктерге дұрыс қарамаса, уақытында суғарып тұрмаса «ренжіп», адам ағзасына зиянды улы химиялық заттар бөліп шығаратын көрінеді. Мысалы, қызанақ көшетін бөлмеде өсіріп, су құюды ұмытып кетсеңіз, түнімен ұйықтай алмайсыз. Ал кактустар да адамның көңіл-күйіне әсерін тигізеді екен. Кактусқа «түу, түрі құрысын, қандай сүйкімсіз» деп айтқан сәтте-ақ құрамында алкогольдік қоспалар бар улы зат бөліп шығарады екен. Бұл зат адамды ішімдікке итермелейтін көрінеді. Содан адам ішімдікке әуестеніп кететін кездері болғанын ғалымдар анықтаған
4). 1.гүлдің құрылысын анықта.
А) 1сағағы, 2.табаны 3.тостағанша 4.күлте 5.аталық 6. жатын
Б) 1сабағы, 2.табаны 3.тостағанша 4.күлте 5.аталық 6. жатын
С) 1сағағы, 2.табаны 3.тостағанша 4.күлте 5.аталық 6. Аналық мойны
2.Құстың тыныс алу мүшелерін анықта
А) ауа қапшығы, жемсау
Б) жемсау, өкпе
С) өкпе, ауа қапшығы
5). 1.Қараторғай қалай ұйықтайды?
А) ұясына кіріп ұйықтайды
Б) қарғаның ұясына ұшып барып, ұясын бұзып ұйықтайды
С) ұшып жүріп ұйықтайды, ол үшін олар өте биікке көтеріліп, ауа ағынында қалықтап ұйықтайды
2. Пингвиндер қалай ұйықтайды?
А) пингвиндер алдын ала өздері қазып қойған онша терең емес апанда жатып ұйықтайды.
Б) мұз үстінде ұйықтайды
С) ол өзін қармен көміп тастап астында ұйқыны соғады екен.
7.Өсімдік
1.Индонезияның Ява аралында бір түрлі «Янбай» деп аталатын ағаш бар. Бұл атау нені білдіреді?
а) кір кетіргіш ағаш б) донор ағаш с) адам жейтін ағаш
Индонезияның Ява аралында бір түрлі «Янбай» деп аталатын адам жейтін қорқынышты ағаш бар. Жайшылықта бұл ағаштың бұтақтары шұбалып, жайылып жатады. Ал адам болсын, аң болсын байқамай бұтақтың біріне тиіп кетсе, ағаш бұтақтары әп-сәтте шырмап алады. Сондай-ақ ағаш бұтақтарынан жабысқақ сұйықтық ағып, шырмалған денені ірітіп жібереді. Соңынан бұтақтарын қайтадан жайып, келесі орайды күтеді екен.
2. «қызғаншақ» өсімдік-
а) Фикус б) отбасы бақыты с) традесканция
жауабы: Фикус – «қызғаншақ» өсімдік. Кейбір өсімдіктер өз қожайынын басқа бір адамнан қызғанатын көрінеді. Ағылшын ғалымдары көп жылдар бойы адам мен өсімдіктердің қарым-қатынасы туралы зерттеулер жүргізген. Ағылшын физиологы С.Мейсонның бөлмесінде көп жылдар бойы фикус өсіп тұрған. Ғалым үйленгеннен кейін оның әйелі күннен-күнге әлсіреп, сырқаттанып қалады. Ал жерік болған кезде берекесі қашып, тіпті, дәрігерлердің қандай ем қолданғанына қарамай, түсік тастайды. Ғалымның ойына бөлмесінде өсіп тұрған фикус түседі, әйелінің ауруға шалдыққанына сол кінәлі деп оны үйдің қасындағы баққа апарып қояды. Көп ұзамай әйелі құлан-таза айығып, қайтадан бала көтеріп, дені сау, әдемі сәбиді дүниеге әкеледі. Сөйтсе, фикус өз қожайынын әйелінен қызғанып, химиялық қоспа заттар бөле бастаған, ол зат Мейсонның өзіне ешқандай әсер етпеген.
8.Әртүрлі сұрақтар
1.Сникерс өнімі 1930 жылы АҚШ-ғы Чикагода Mars Incorporated компониясы негізінде фабркада шығарылған. Бұл шоколад фабрикасының иесі АҚШ-ғы кондитер Франк Марс есімді адам болған. Кондитер Ф.Марс шоколадқа өзінің сүйікті үй жануарының атауын берген. Ол қандай жануар?
а) жылқы б) мысық с) ит
2. Қазақ халқының өте ерте заманынан келе жатқан ішекті шертіпелі музыка аспабы. Аспап ағаштан құрастырылып жасалады. Аспаптың үні өте нәзік, құлаққа жағымды. Ел арасында аспаптың шығуы жайында көптеген аңыздар айтылады. Сол бір аңыздың бірінде: өткен заманда өмір сүрген бір қарияның жеті баласынан айырылған қасіретті қайғысынан туындаған әуен - деседі. Бұл қандай аспап?
а) Домбыра б) Жетіген с) Қобыз
9.Спорт
Әлемде ерекше спорт түрлері бар. Солардың бірі – бампербол. Бампербол мына ойындардың қайсысына ұқсайды?
а) баскетбол б) волейбол с) футбол
10. «Биологиялық есеп» шешімін тап:
1.Базардан 100 қаз балапаны 400 теңгеден сатып алынды. 100 қаз балапанының 6 ай жейтін жемінің шығыны 10000 теңге. 6 айлық қаздың әрбір басын 3500 теңгеге сатылды. Одан түскен табыстан шыққан шығынын аламыз. Сонда қанша пайда болды?
а) 300000 б) 535000 с) 450000
Жауабы :
(100*3500)-(100*400+10000)= 350000-50000=300000
2.Асқабақтың дұрыс өсу және пісуіне 60 күн қажет. Егер 1 маусымда дәнін ексек, оның жемісін қай уақытта бастап жинаймыз?
а) 1 тамыз б) 30 шілде с) 31 шілде
11.География
Ең, ең, ең…
1.Әлемдегі ең үлкен көл?
а) Каспий б) Байкал с) Балқаш
2. ЕҢ ҮЛКЕН АРАЛ?
а) Мадагаскар б) Гренландия с) Австралия
12. Әлемдегі ең тез өсетін
шөп
ЖАУАБЫ: Әлемдегі ең тез өсетін шөп - Бамбук күніне 1м өседі екен
Жұмбақ көрермендерге
1.Қыз есімі 8 әріптен тұрады,
алдыңғы 4 әрпі сұрағы,соңғы 4 әрпі жауабы
(Несібелі)
2.Ұзарған сайын қысқаратын нәрсе не?
(Өмір)
3.Біздікі болғанымен , басқалар қолданатын нәрсе?
(Есім)
4.Аяқ киім жөндеушілердің ең жақсы көретін клиенті?
(Қырықаяқ)
5.Ақтөбеде біреу Өскеменде жоқ,Алматыда екеу Астанада көп не?
(А әрпі)
6.Елімізде талдармен жасалған қорған қай қалада?
(Талдықорғанда)
Сонымен, оқушылар біздің бүгінгі сабағымыз өз
мәресіне жетті.
Сау
болыңыздар!