Материалдар / Қызықты дода
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қызықты дода

Материал туралы қысқаша түсінік
Презентациясын алу үшін осы номерге хабарласыңыздар 87762236548 тек связь
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Сәуір 2024
298
0 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: «Қызықты дода» сайыс сабақ

Сабақтың мақсаты: оқушылардың білімдерін жинақтау, пәнге қызығушылығын, ізденуін, жан-жақты болуын, экологиялық білімдерін көтеруге, әрі табиғатты сүюге баулып, ұқыптылыққа тәрбиелу;

Сабақтың түрі: интелектуалды- зияткерлік сайыс

Сабақтың әдістері: ойын, сұрақтар, тапсырмалар;

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірмелі қағаздар, онлайн платформа

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Негізгі бөлім:

Жүргізуші: -Армысыңдар, бүгінгі «Қызықты дода» атты сайыс сабағымызға жиналған қауым! Бүгінгі біздің сайыс сабағымызға қош келдіңіздер!

Бүгінгі сайысымызға ............ сынып оқушылары қатысып отыр.

Сайыс сабағымызды бастамас бұрын сайысқа қатысушы оқушылармен таныстырып өтейік.

  1. Топ

  2. Топ.

Сайыс шарттары:

Shape1

І тур. Викторина. «Кофе машина» әдісі арқылы сұрақтар қойылады. Әр топ кезек-кезек жауап береді. Егер топ жауап бере алмаса келесі топ жауабын айтуға мүмкіндік алады. Әр сұрақ 1 ұпаймен бағаланады.

1.Вакуольдің қызметі қандай? (жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын реттейді)

2.Тамырдың шығу тегіне қарай неше түрі бар? (3 негізгі, жанама, қосалқы)

3.Ұйқы ауруын тарататын шыбын? (цеце шыбыны)

4.Өрмекшітәрізділердің тыныс алу мүшесі? (демтүтік)

5.Өсімдікке тән органоид? (пластид)

6.Тамырдың қызметі қандай? (топырақтан сіңірілген су мен минералды заттарды сабаққа өткізу).

7.Паразиттік тіршілік ететін құрттарды зерттейтін ғылым? (Гельминтология)

8. «Сиқырлап» ұйықтатуға болатын ұлу? (сегізаяқ)

9.Хлоропласт дегеніміз не? (өсімдіктерге жасыл түс беретін пластид)

10.Сабақтың қызметі қандай? (жер асты мүшелері мен жер үсті мүшелерін жалғастырып тірек қызметін атқарады).


ІІ тур. Тест. Бақаны кім құтқарады? «Educapley» онлайн платформасы арқылы екі топқа екі вариантта сұрақтар беріледі. Әр сұрақ 5 ұпаймен бағаланады. Ойынға сілтеме. https://www.educaplay.com/learning-resources/18661518-learning_resource.html

Тест сұрақтары.

  1. Жүгерінің жемісі:
    A) Дәнек. B) Тұқымша. C) Бұршаққын.

  2. Паразиттік тіршілік ететін жәндік:
    A) Мизан. B) Тарақан. C) Кене.

  3. Шылым түтінінің ішінде болады:
    A) Улы газ, шаң, қүйе. B) Улы газ, оттегі, шемен. C) Улы газ, шаң, оттегі.

  4. Тірі организмдердің Жер бетінің қабығы
    A) биосфера. B) литосфера. C) атмосфера.

  5. Жасушаның құрамындағы органикалық зат:
    A) Нуклеин қышқылы B) Cу C) Натрий хлориді

  6. Адам ағзасындағы ас қорыту жолының жұқпалы ауруы:
    A) Цирроз. B) Қантышқақ (дизентерия). C) Колит.

  7. Әр алуан тіршілік жағдайында пайда болып, ағзаның құрылым деңгейін күрделендіретін эволюциялық өзгеріс
    A) ароморфоз. B) конвергенция. C) дивергенция.

  8. «Динозаврлар дәуірі» болып есептелетін заман:
    A) Мезозой. B) Архей. C) Протерозой.

  9. Гетерозиготалы ағзада бір ғана белгісі бойынша түзілетін жұп гаметасы:
    A) 8 B) 1 C) 2

  10. Органикалық заттарды бейорганикалық заттарға айналдыратын ағзалар:
    A) бір жасушалы балдырлар. B) редуценттер. C) автотрофтылар.


ІІІ тур. "Ұяшықтар сыр шертеді?".

Shape2



Логикалық биология.

5 - Бала аяғы жоқ тоғыз, басы жоқ алты, ортан белі жоқ сегіз балық ұстады. Барлығынешеу? (0)

10-Бес адамға бес алманы бөлу керек, әр адам бір алманы алса, бір алма себетте қалу үшін қалай бөлеміз? (бір адам бір алманы себетпен қоса алады)

15-Еуропалықтар бұдан 400 жыл бұрын картоптың дәмін білген. Ал РесейдекартопI Петр кезінде 1700 жылы әкелінген. Ресейліктер бұл өсімдікпен неше жылдан бері таныс?(314 жыл)

Әзілді биология

5- Арыстан мықты ма әлде жолбарыс мықты ма? (жолбарыс)

10-Китті акула (китовая акула) адамдытолығыменжұта ала ма? (жоқ, ол тек планктондармен қоректенеді)

15-Жаңбыр құйып тұр. Қарлығаш қандай ағашқа қонады? (Су ағашқа)

Мозайка

5-Екі ағзаның селбесуінен құралған табиғи индикатор? (қына)

10-Қазақта «түйме» деп қандай жануарды атайды? (жылан)

15-Американың Брюнкс қаласында хайуанаттар бағының қызметкері баққа кіре берісте кәдімгі айнаны іледі де, астына жазу жазып қояды. Онда не жазды деп ойлайсыздар? (Сіз жер бетіндегі ең қауіпті жыртқышты көріп тұрсыз....)

Терминдер аукционы

5-құстарды зерттейтін ғылым- орнитология

10-мүктерді зерттейтін ғылым – бриология

15-Жәндіктерді қандай ғылым зерттейді? Энтомология


IV тур. КВЕСТ.

  1. 1870 - 1880 жылы ұсақ ағзалар бар екенін тәжірибе жүзінде дәлелдеді: Луи Пастер

  2. Улы газ да, су да оның қорегі,

Тіршілікке қоректік зат бөледі.

Сары менен қызыл түске боялып,

Күздің ызғар суығынан өледі. (Жапырақ)

  1. Құстардың теңіз жағасында ұшуын көрсет?

  2. Рефлекс терминін ғылымға енгізген ғалым? Прохаска

  3. Гектарына 165-175 центнерге дейін түсім жинаған әйгілі қазақстандық тары өсіруші кім? (Шығанақ Берсиев)

V тур. «Не жетпейді?» 5 ұпай. Бұл ойынның шарты төмендегі суреттің қалып қойған атын табыңыздар Микроскоптың бөлігін табу, тамырдың бөлімін, гүлдің бөлімін табу.


Марапаттау.

Қорытынды. Осы өткен ойын-сайыста биология пәнінің әлі де қызыққа, жаңашылдыққа толы екенін көрсетеді.

Білімнің тұңғиығы бойлайтұғын,

Тоқысақ жалықтыра қоймайтұғын.

Ғалымдар патшасы боп, дараланып,

Биология қызыққа тоймайтұғын.

Өткен сабағымызды өлең шумағы арқылы қорытындылау. 

Күніміз ашық болсын,

Түніміз тыныш болсын,

Ауамыз таза болсын,

Жан-жануарымыз аман болсын.

Бәріміз аман сау болайық. Сау болыңдар!








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!