Материалдар / "Қызықты физика"- сыныптан тыс іс-шара
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Қызықты физика"- сыныптан тыс іс-шара

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге ҚМЖ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Ақпан 2021
588
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Біржанова А

Өскемен қаласы

«Абай атындағы №33 мектебінің» физика пәнінің оқытушысы





Ф И З И К А Л Ы Қ О Й Ы Н Ы







2019-2020 оқу жылы.

«Қызықты физика» - атты

физикалық ойын сабағының бағдарламасы


Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін анықтау, логикалық ойлау қабілеттері мен

жағдаяттан шығу дағдыларын дамыту, танымдық белсенділіктері мен пәнге

қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін

қалыптастыру. Оқушыларды көпшілік ортада сөйлеуге және өз ойын еркін айта

алуға дағдыландыру, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ойынның слайдтары, қобдиша,

физикалық приборлар, оқушылардың

шығармашылық көрмесі, физикалық тәжірибе жасауға

арналған құралдар,

Әдіс-тәсілдері: ауызша жауап беру, тәжірибе жасау,

Формасы: ойын сабақ

БАРЫСЫ:

Ойынның шарттары:


  1. ТАНЫСТЫРУ (әр топ тобын, ұранын айту);

  2. «КІМ ЖЫЛДАМ» (викториналық сұрақтар);

  3. «ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!» (логикалық есеп);

  4. «КІМ ТАПҚЫР!» (берілген физикалық құралдардың атын, атқаратын қызметін түсіндіру);

  5. «ОЙЛАН ТАП!» (берілген тапсырма бойынша физикалық тәжірибе жасау);

  6. СЕРГІТУ СӘТІ. (Кел, күлейік!)

7.« ФИЗИКА ЖӘНЕ МАҚАЛДАР» (Слайдта берілген сөздердерден физикалық мағынасы бар мақал құрастырады);

8.«ТІЛ - ӨНЕР» (жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тіліне аудару)


- Құрметті ұстаздар мен оқушылар! 26 қаңтар-01 ақпан аралығында мектебімізде физика – математика және информатика пәндерінің «МИФ кемесі – білім теңізінде» атты пән апталығы өткізіліп жатыр. МИФ кемесі бүгін физика аралына келіп тоқтады.

- Олай болса, «Қызықты физика» атты физика пәнінен сыныптан тыс өткізілетін сабағымызға қош келдіңіздер!


Уа жарандар, жарандар!

Бәрің бері қараңдар.

Бәріңе жар салайық,

Бүгінгі ойын төрінде.

МИФ теңізі елінде,

МИФ теңізі тілінде

Жылдам шешіп жарысып,

Сұрақ пенен есепті.

Приборларды сөйлетіп,

Жасайық тәжірибені.

Көңілді ойын жасайық,

Асықпайық, саспайық.

Физиканың еліне

Батыл қадам жасайық,

Осылайша шабытпен,

Сабағымызды бастайық!

- Ойынға қатысушы ойыншыларға сәттілік тілей отырып, ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Ойынға 2 топ қатысады.

  1. «Ойшылдар» тобы

  2. «Тапқырлар» тобы

  1. ТАНЫСТЫРУ

(Ойынға қатысушы екі топ өздерін таныстырады.) ( 5-10 ұпай)


1-топ: «Ойшылдар» тобы


Ұраны: Жарыс десе жанамыз,

Бүгінгі күн ойында ойшылдықпен аламыз.

Сәлемдесуі:

Достарым ерігіп жүрме бос,

Қол ұстас, бірігіп тізе қос.

Жеңіспен мәреге барайық,

Жеңістің ұранын салайық.


2-топ: «Тапқырлар» тобы


Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,

Әрқашанда үміткерміз жеңіске.

Сәлемдесуі:

Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,

Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

Алға қойған мақсатымыз бір екен,

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым!


  1. «КІМ ЖЫЛДАМ» (викториналық сұрақтар)


2 топқа викториналық сұрақтар беріледі. Әр дұрыс жауап – 1 ұпай


  1. Шам, плита жұмысын жасай қалды,

Ал оның есептен-ақ басы айналды. /Электр есептегш/

  1. Электр тогы дегеніміз не? / зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы/

  2. Ең алғаш ғарышқа ұшырылған иттің есімі /Рекс/

  3. Радионың атасы /Александр Сергеевич Попов/

  4. Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» атанған ғалым. /Әл-Фараби/

  5. Ағылшын ғалымы Иссак Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңын ашуына не себеп болды? /алма/

  6. Заттың ең кішкентай бөлігі? /атом/

  7. Физика не туралы ғылым? /табиғат/

  8. Ток күшінің өлшем бірлігі? /Ампер/

  9. 1961 жылы 12 сәуірде қандай оқиға болды? /адам ғарышқа ұшты/

  10. Темірқазық жұлдызын басқаша қалай атайды? /Жетіқарақшы/

  11. «Алтын ереже» физиканың қай бөліміне жатады? /механика/

  12. Жұмыстың халықаралық жүйедегі өлшем бірлігі? /Джоуль/

  13. Ауаның қысымын анықтайтын құрал /Барометр/

  14. Физиканың жылу құбылыстарын зерттейтін бөлімі /Термодинамика/


III. «ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!» (логикалық есеп);


Тапсырма: Сіздің қолыңызда – 500 теңге ақша бар, оған 100 бас мал сатып алуыңыз керек. Жылқы – 50 теңге, сиыр – 10 теңге, қой – 1 теңге. Ойынға ойыншылармен бірге барлық көрермендер де қатысуға болады. Есептің шешуі ойынның соңында сұралады.

Есепті ең бірінші тапқан ойыншыға - 500 теңге ұтыс беріледі.



50 теңге 10 теңге 1 теңге


- Олай болса, ойынымыздың келесі шартына көшейік.


IV. «КІМ ТАПҚЫР!»

(берілген физикалық құралдардың атын, атқаратын қызметін түсіндіру);


- Оқушылар біздің «МИФ» кемеміздің қоржынындағы тапсырмаларды да орындайық. Қандай тапсырмасы бар екен? (Оқытушы 2 топқа арнап кезекпен кемеге қолын созып, бір-бірлеп физикалық приборларды алып шығады. Әр топ прибордың атын, олардың атқаратын қызметтерін айтады.) Әр дұрыс жауапқа - 5 ұпай


Берілетін приборлар:



Амперметр Вольтметр Реостат


Катушка Электроскоп


1. Амперметр /ток күшін өлшейтін құрал/

2. Вольтметр /кернеуді өлшейтін құрал/

3. Реостат /Кедергіні өлшейтін құрал/

4. Электроскоп /дененің электрленуін анықтайтын құрал/

5. Катушка /индукцияланған токты жинайтын құрал/


V. «ОЙЛАН ТАП!» (берілген тапсырма бойынша физикалық тәжірибе жасау);


2 топтың ойыншысы 2 конвертті таңдайды. Дұрыс жасалған тәжірибеге - 10 ұпай.


«А» конвертінің тапсырмасы:

Қажетті заттар: шикі жұмыртқа, суы бар стақан, бірнеше қасық ас тұзы

Тапсырма: 1. Суы бар стақанға жұмыртқаны ептеп, қасықпен сал.

Не байқалады?

Жұмыртқа стақан түбіне дейін түседі, яғни батады.

Себебі: Жұмыртқаның тығызыдығы судың тығыздығынан артық.

2. Жұмыртқаны стақанның ішінен ал, стақанға 10 шәй қасық тұз сал, толық ерігенше араластыр. Енді жұмыртқаны стақанға ептеп сал.

Не байқалады?

Жұмыртқа жоғары қарай қалқып шығады, яғни батпайды.

Себебі: тұзды судың тығыздығы жұмыртқаның тығыздығынан артық, сондықтан да жұмыртқа батпайды.


«В» конвертінің тапсырмасы:

Қажетті заттар: Стақан, өлшемдері стақан диаметрінен үлкен қалың қағаз

Тапсырма: Стақанды жиегіне дейін су толтыр.

1. Бетін қағазбен жап.

2. Бір қолыңмен стақан түбінен ұстап екінші қолыңның алақанымен су төгілмейтіндей етіп қағаз бетін стақанға қысып ұста.

3. Енді түбін жоғары қаратып, стақанды өте шапшаң төңкер.

4 Қолыңды ептеп қағаздан ажырат.

Не байқалады?

Су стақаннан төгілмейді. Қағаз стақанға кептеліп қалған тәрізді. Төңкерілген стақандағы су неге төгілмейді?

Себебі: Стақан түбіндегі қатты қағазға төменнен жоғары әсер ететін ауаның қысым күші стақан ішіндегі судың салмағынан көп болады. Сондықтан қатты қағаз стақанға тығыз жабысып, су төгілмейді.


VI. СЕРГІТУ СӘТІ. (Кел, күлейік!)


Тапсырма: Адамға қарағанда 5 қабырғасы артық, 30 қабырғалы, 517 мускулдан, алдыңғы аяғында 5 саусақ, артқы аяғында 4 саусағы бар, жүгіргенде 50 км/сағ жүгіре, 60 метр қашықтықтан көре алатын, адамға қарағанда 14 есе иісті артық сезе алатын жануар қалай аталады?

Жауабы: МЫСЫҚ


VII. «ФИЗИКА ЖӘНЕ МАҚАЛДАР»

Слайдта берілген сөздердерден әр команда жарыса физикалық мағынасы бар мақал құрастырады.

Сөздер; жел,күйген,білекті,үрлеу,түтін,күлше,жылуы,шірітеді;

1-мақал.

Жел соқпаса шөптің басы қимылдамайды. (инерция заңы)

2-мақал.

Аузы күйген үрлеп ішеді. (шайдыүрлеген кезде суық ауа кіреді де шайдың суу процесін жеделдетеді)


3-мақал.

Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады. (Ньютон заңы.)


4-мақал.

Отты үрлеген жағады, шындықты іздеген табады. (Отты үрлеген кезде, отқа жаңадан таза ауа келеді де оттың жақсы жануына себепші болады.)

5-мақал.

Түндіксіз үйден түтін түзу шықпайды. (Қыста уйге от жаққанда пеш, самауыр жақсы жануы үшін түндікті ашып, салқын ауаның кіріп, ластанған жылы ауаны сыртқа айдатқан. Конвекция құбылысы салқын ауа ауыр болғандықтан төмен түседі де, қызған жеңіл ауаны жоғары айдайды, яғни түтін түзу шықпайды.)

6-мақал.

Нан піскенше күлше күйеді. (Неғұрлым қыздырылған дененің массасы аз болса, соғұрлым оған аз жылу беру керек.)

7-мақал.

Тонның жылуы терісінен емес – жүнінен. (Жүніннің арасында ауа бар. Ауаның жылу өткізгіштігі нашар, сондықтан тон адамның қызуын сыртқа, ал сыртқы суықты адам денесіне тигізбейді. )

8-мақал.

Бір құмалақ, бір қарын майды шірітеді. (диффузия құбылысы)


VIII. «ТІЛ - ӨНЕР»

(жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тіліне аудару)

Дұрыс жауапқа қазақ тілінде – 10 ұпай, орыс тілінде – 10 ұпай, ағылшын тілінде – 10 ұпай.

Сұрақтар:

1.Аса қажет өмірге халық үшін,

Пайдаланады күн сайын жарық үшін. (ток, ток, energy)

2.Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да.

3.Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш, линейка, ruler)

4.Суға салсаң батпайы,

Отқа салсаң жанбайды. (мұз, лед, ice)

5.Қабат-қабат қаптама,

Ақылың болса аттама. (кітап, книга, book)

6.Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа, воздух, air)

7.Жұрттың бәрі соны сүйеді,

Бірақ қарағысы келмейді. (күн, солнце, sonne)

8.Жердің жүзін шарлайсың,

Онсыз еш жерге бармайсың.

Көлікпен де, жаяу да,

Саралайсың, таңдайсың. (Жол,дорога.)

9.Көп болса, асықпайсың,

Мезеттен қашықтайсың.

Асықсаң аз болады,

Табасың мұны қайсың? (Уақыт время,time)

10.Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты,

11.Жылдамдықты өзгертеді,

Қозғалысты тездетеді.

Қарсы шықса қозғалысқа,

Тоқтарына көз жетеді. (Үдеу,ускорение)

12.Күш көбейсе артады,

Аукадан артқа тартады.

Жүзі жұқа үшкір зат,

Одан бірақ қорқады. (Қысым давление)


Енді «ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!» (логикалық есеп) кезеңінің жауабын тыңдап көрейік

Тапсырма: Сіздің қолыңызда – 500 теңге ақша бар, оған 100 бас мал сатып алуыңыз керек. Жылқы – 50 теңге, сиыр – 10 теңге, қой – 1 теңге. Ойынға ойыншылармен бірге барлық көрермендер де қатысуға болады. Есептің шешуі ойынның соңында сұралады.

Есепті ең бірінші шешкен адамға - 500 теңге ұтыс беріледі.


Екі топтың ойыншыларының бағалау парағы бойынша қорытындысын шығару.

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ


Р/с

Ойын шарттары

Ойшылдар

Тапқырлар

1

ТАНЫСТЫРУ (әр топ тобын, ұранын айту);



2

«КІМ ЖЫЛДАМ» (викториналық сұрақтар);



3

«ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!» (логикалық есеп);



4

«КІМ ТАПҚЫР!» (берілген физикалық құралдардың атын, атқаратын қызметін түсіндіру);



5

«ОЙЛАН ТАП!» (берілген тапсырма бойынша физикалық тәжірибе жасау);



6

СЕРГІТУ СӘТІ. (Кел, күлейік!)



7

«ФИЗИКА ЖӘНЕ МАҚАЛДАР» (Слайдта берілген сөздердерден физикалық мағынасы бар мақал құрастыру);



8

«ТІЛ - ӨНЕР» (жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тіліне аудару)




Жалпы ұпайы




Олар жайлы төреші,

Көрермендер өздерің.

Ақ – қарасын айырып,

Куә болды көздерің.

Көңіл бөліп бұл кешке,

Келгендеріңізе көп рахмет!

дей келе «МИФ» кемесін келесі аралға аттандырамыз. Сіздердің кемелеріңіздің капитаны болған мен - Біржанова А.Б физика пәнінің оқытушысы. Келесі кездескенше күн нұрлы болсын!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!