Материалдар / Қызықты жаз
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қызықты жаз

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалар үш айлық демалысқа шығуда. Демалыс күндерін мектеп жанындағы лагерьлерде де қызықты өткізеді. Қызықты өтуі ұйымдастыра білген білікті ұстаздарға байланысты.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Маусым 2022
327
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қызықты жаз»

Жаз — бұл оқу жылы мен алдағы уақытта өтетiн көпiр. Жыл сайын мектепте оқушылардың жазғы демалыс лагерiн және сауықтырылуын ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргiзедi, жазғы кезеңде каникулдық демалысты ұйымдастыруда белгiлi бiр дәстүрлi жүйе қалыптасты. Шындығында, бiлiм беру жүйесi әлi де балалардың демалысы мен сауығуының басты ұйымдастырушысы болып қала бередi. Жазғы демалыс- бұл тек әлеуметтiк қорғау ғана емес, ол балалардың шығармашылық дамуына, баланың рухани әлемi мен интеллектiн байытуға мүмкiндiк береді.

І маусым «Балдәурен» тамақсыз ойын лагерінде Ш.Каримованың жетекшілігімен С.Токанова,М.Артыкбаева, А.Калиева және де М.Ғазиз жұмыс атқарды. Лагерь 01.06.-15.06.2022 аралығында өтті. Мектеп жанындағы «Балдәурен»ойын лагерінің жоспары құрылып,бекітілді. Лагерьге 1-3 сынып оқушыларынан біріктіріліп, 25 бала қабылданды.

«Балдәурен» ойын  лагерінде  әр күн қызыққа толы оқиғалар болды. Балалардың құрбы-құрдастарымен қызықты және пайдалы қарым-қатынас жасау үшiн барлық мүмкiндiктер пайдаланылды.Жазғы демалыс лагерінде балалардың демалысын қызықты ұйымдастыруға саяхатты — ойындар, ауысымның ашылу және жабылу мерекесi, лагерьде дәстүрге айналған ән мен би мерекесi, спорттық жарыстар, шығармашылық шеберліктерi және тағы да басқа көмектеседі.«Балдәурен»жазғы демалыс лагеріне 1 маусым балалар күніне орай лагерьдің ашылу салтанаты өтті. Балалар бұл мерекеде ән айтып, би билеп өнерлерін ортаға салды. «Балдәурен» жазғы демалыс  лагеріне жоспар бойынша балалар күнделікті сағат 9:00жиналып, таңертеңгілік бой жазу жаттығулары орындалады. Таңғы жаттығудан кейін, мектеп ауласы мен сынып бөлмесіндегі қауіпсіздік туралы нұсқау беріледі. Әр күнгі нұсқаулар күн өткізбеу ережесі,сынып бөлмесіндегі техника қауіпсіздік ережелерімен таныстырылды.

«Балдәурен»жазғы демалыс  лагерінде жоспарға сай әр күнге тақырыптар берілген. Осы тақырыптарға сай тәрбиешілер жоспар құрып жұмыстар жүргізді. Тәрбиешілер балаларға әр түрлі спорттық ойындар ойнатып, суреттер салдырды. Шығармашылық кезеңінде оқушылар әр түрлі тапсырмаларды орындап отырды. Бір-біріне сұрақтар қойып, әнгәме дебат жүргізді. Өз отбасы туралы әңгіме құрастырды, мақал-мәтел айтудан жарыс өткізілді.Оқушылар өз ойларынан өтірік өлең құрастырды. Оқушыларға тақпақтар оқылып отырды,олар сол тақпақтың ұйқасын тауып отырды.Оқушылар өздерінің білетін ертегілерімен бөлісті.Сол ертегінің мән-мағынасын ашты. Ертегілер арқылы оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын күн сайын арттырып отырды.


Лагерь жетекшісі: Ш.Каримова
















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!