Материалдар / Қызықты математика

Қызықты математика

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Ақпан 2021
358
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тобы: Мектепалды даярлық « Бүркіт» тобы

Білім беру саласы: «Таным»

Тақырыбы: «Қызықты математика»

Мақсаты: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру. 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санау, қарапайым мысалдар мен есептерді шешуге үйрету,заттардың саны және шамасы бойынша математикалық ұғымдар туралы түсінік беру, логикалық ойлау қабілетінтерін жетілдіру, ойындар арқылы математика оқу қызметіне деген қызығушылығын арттыру.

ҰОҚ барысы

Мативациялық-қозғаушы кезең.

Тәрбиеші: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Бүгін бізде ерекше күн.Себебі, бізге қонақ апайлар келіпті. Алдымен қонақ апайлармен амандасып алайық.

Мен сендерді жылулық шеңберіне шақырамын.

Шаттық шеңбер:

Қуанамын менде,қуанасың сенде

Қуанамыз бәріміз,арайлап атқан күнге

Здраствуй солнце золотое

Здраствуй матушка земля

Гуд монинг,гоулд сан

Гуд монинг май франдз

Гуд монинг дня гетс

Уй уйне ю ол зе юсте

Сұрақ-жауап:

-Балалар, бүгінгі көңіл-күйлерің қандай?

-Балалар жауабы

-Балалар сендер таңертең ұйқыдан оянған кездеріңде терезеге қарасаңдар алдымен не көресіңдер?

Балалар жауабы:

-Күнді

Тәрбиеші: Күн бізге не береді?

Балалар жауабы:

-Жылуын, шапағатын шашып тұрады.

Жылулық шеңбері:

Мен әдемімін

Мен ақылдымын

Мен бақыттымын

Мен әдепті баламын

Алақанды ашайық

Күннің нұрын салайық

Таза ауамен дем алып

Жақсы ойлар табайық

Осы жақсы лебізді

Бір-бірімізге сыйлайық

Тәрбиеші:-Ал енді балалар есімізге түсірейікші

-Бір жылда неше жыл мезгілі бар?

-Бір жылда төрт жыл мезгілі бар (көктем,жаз,күз, қыс)

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілі

-Күз мезгілінің айларын атап айтайықшы?

-Қыркүйек,Қазан,Қараша

Тәрбиеші:

-Балалар кім күз туралы тақпақ біледі

-Балардың тақпағы.

Тәрбиеші:

-Олай болса күндеріңе сәттілік

Кенеттен есік қағылады.

Топқа Есбике кешігіп келеді. Рұқсат сұрап тәрбиешімен амандасып топқа кіреді.

Тәрбиеші:Есбике сен неге кешігіп жүрсің? Бұның не?

Есбике: Кешіріңізші апай, мен ұйықтап қалыппын, уақытты білмей кешігіп қалдым.

Тәрбиеші:Неге сен уақытты білетін едің ғой.

Есбике:Есімнен шығып кетіпті.

Тәрбиеші:Балалар ,олай болса біз тәулік бөліктерін Есбикенің есіне түсіріп жіберейікші.

Тәрбиеші: Олай болса сендермен осы тәулік бөліктеріне байланысты дидактикалық ойын ойнайық.

Дидактикалық ойын: «Бұл қай кезде болады?»

Мақсаты:Балалар тәулік мезгілдерін атап, анықтауға үйрету. Ойлау қабілетін, қол қимылын жаттықтыру.

Шарты: Тәрбиеші жұмбақ оқиды, балалар жауабын тауып ретімен тиісті тәулік мезгілдері бар суреттерді қойып орналастырады.

А)Ұйқымыздан тұрамыз,

Беті-қолды жуамыз,

Әжемізге ереміз

Бақшамызға келеміз

Бұл қай кезде болады ? (Таңертең)


Ә) Біз тәртіпті боламыз

Сабақтыда оқимыз

Серуенге шығамыз

Бұл қай кезде болады?(Күндіз)


Б)Күн батады қызарып

Мамамызды күтеміз

Бұл қай кезде болады (Кеш)


В) Үйлерде шам жанады

Демалады бәр әлем

Деп әлдилеп ақ әжем

Бұл қай кезде болады? (Түн)


Тәрбиеші: Өте жақсы балалар, біз тәулік бөліктерін атап өттік.Сендер уақытты да біледі екенсіңдер. Міне Есбике сенің есіңе түскен шы,ар,отыра ғой.

Тәрбиеші: Балалар мен бүгін балабақшаға келіп топқа кірсем, үстел үстінде хат жатыр, Бірақ қолымдағы хаттың ішінде зат бар сияқты. Қане хатты ашып көрейікші.

(Кенеттен хаттың ішінен диск шығады)

Тәрбиеші: Ой, балалар мынау диск ғой.Олай болса балалар дискті бейне таспаға қосып көрейікші.

(Бейне таспадан Қанат Қаусар Еркебұланқызы шығады.)

Каусар: -Сәлеметсіңдерме! Достар Мен №86 мектеп гемназиясының 3 г сынып оқушысы Қанат Каусар Еркебұланқызы боламын. Мен №66 «Толағай» балабақшасының мектепалды даярлық «Бүркіт» тобының балалары биыл мектепке келеді деп есітіп,сендердің осы жарты жылда «Математика негіздері» оқу қызметінде нені үйренгендеріңді білгім келді. Мен сендерге бірнеше тапсырмалар беремін, ал сендер менің тапсырмаларымдыорындап берсеңдер, мен сендерді мектептегі ұстаздарыма мақтап айтамын.

Тәрбиеші:Балалар, қараңдаршы ,бізге № 86 –шы мектеп гемнпзиясының оқушысы Қанат Каусар Еркебұланқызы бүгінгі ашық оқу қызметіне бірнеше тапсырмалар беріпті. Сол тапсырмаларды оындауға дайынбыз ба?

Балалар: Әрине дайынбыз.

I тапсырма

-Балалар, жалпы сендер қарапайым математика ұғымдарды қалыптастыру оқу қызметінде нені үйрендіңдер?

Балалар:

1-ден 10-ға дейін тура және кері санауды, кеңістікті бағдарлауды, салыстыруды, пішіндерді, тәулік бөліктерін ажыратуды.

II тапсырма «Адасқан сандар»

Шарты: Тақтаға бір бала шығып, шатасып тұрған сандарды ретімен орналастырады. Балалар сандарды ретімен орналастырып, тура және кері санайды.

III тапсырма

Дидактикалық ойын: «Көршісін тап»

Мақсаты: Цифрлардың сандар қатарындағы орны, көрші сандар туралы білімдерін нақтылау.

Шарты: Тақтаға жеке цифлар ілінеді. Балалар тақтадағы цифрдың қасына көрші сандарын орналастырады.


5



IV тапсырма «Көлемді де біле жүр»

Мақсаты: Геометриялық пішіндердің түстерін, айырмашылығын және ұқсастығын ажырата білуге үйрету. Ой қабілетін дамыту.


Тәрбиеші:Балалар, сендер бұл тапсырманы дұрыс орындадыңдар. Енді сендер кеңістікті бағдарлай білесіңдер ме деп

«Ойна да ойла» келесі тапсырма беріліпті. Тапсырма кеңістікті бағдарлау туралы. Ал, бұл берілген тапсырмада Каусар бізге мынадай өлең жолдарын жіберіпті. Әр оқылған өлең жолдары арқылы тақтаға көріністі бейнелеп отырасыңдар.

Ал, өлеңді мұқият тыңдау керек.

Жоғарыда ақша бұлт күлімдеген

Арасынан күн нұрын шагса

Ал төменде айдын көл мөлдіреген

Жағасынан қос аққу орын тапса


Балалар әр өлең жолдары айтылған сайын, тақтаға бұлттың, күннің суреттерін іліп отырады.

Тәрбиеші: Балалар сендерге осы пішіндерге байланысты ойын ойнатқым келіп тұр.

Ойын: «Құлыпты аш»

Шарты: Қазір сендер музыка ырғағымен билеп жүріп, орындық үстінде тұрған геометриялық пішіндерді қалағандарыңша алып, би билеп жүресіңдер. Қай кезде музыка тоқтап қалған кезде, өз құлыптарыңды ашасыңдар. Ол үшін сендердің қолдарыңдағы пішін мен құлыптың пішіні сәйкес келу керек.

Сергіту сәті:

Аяқпенен топ-топ

Қолымызбен хлоп-хлоп

Бір оңға, бір солға

Айналамыз кел мұнда


Қолымызды бір сілтеп

Басымызды шайқаймыз

Бір оңға, бір солға

Айналамыз кел мұнда


Секіреміз жоғары

Қиын емес секіру

Бір оңға, бір солға

Секіреміз кел мұнда


YII тапсырма

Логикалық сұрақтар

Көлден ұшты 7 қаз

Қайтып қонды екі қаз

Қонбады оның нешеуі

Қане кім шешеді? (5)


1 алманы4-ке бөлдім

1 бөлігін жепте көрдім

Қалған 3 бөлігін қасымдағы досыма бердім

Сонда менде неше қалды? (0)


Тауық шықты көшеге

Ерді барлық шөжеде

Алға кетті 7-еуі

Артта қалды3-еуі

Қанша еді балапан? (10)


Әр қолында Нұриден

4 өріктен бердім мен

Бала санай білмейді

Неше өрік жеді ол? (8)


Тәрбиеші:Балалар міне Канат Каусар Қанатқызының бізге қойылған сұрақтары мен тапсырмаларын орындадық.


Тәрбиеші: -Жарайсыңдар, балалар! Бүгін біз сендермен көптеген тапсырмаларды орындадық, барлықтарың бүгінгі ашық оқу –қызметіне өте жақсы қатыстыңдар. Рахмет сендерге деп балаларды маапаттаймын.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ