Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қызықты математика" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика пәні бойынша факультативтік сабақтарды ұйымдастыру. Оқушылардың білімін кеңейту және тереңдету, олардың оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру, ойлау қабілетін дамыту мақсатында қолдану.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Математика пәні бойынша факультативтік 
сабақтарды ұйымдастыру. 1 класс (Авторлық бағдарлама)


    Қазіргі таңда қоғамды дамыту үшін мектептің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі-оқушылардың шығармашылық қабілетін барынша ашып,толыққанды қоғам құруға өзінің бар мүмкіндігін жұмсайтын шығармашылық қабілетті жеке тұлға қалыптастыру. Сондықтан математиканы оқытуда оқушыларға оқу материалын еске сақтау емес, осы материалды шығармашылықпен қолдау шеберлігін қалыптастыруға көп көңіл бөлінеді.
Математикалық есептерді шығару үрдісінде оқушылардың шығармашылық қабілеті жеке тұлға қасиеттері қалыптасады. Есеп шығару шеберлігі арқылы оқушының математикалық танымының дамуын және оның ой әрекетінің белгілі бір сапасын анықтап, дамытуға болады.
 
Факультатив сабақтар дегеніміз – оқушылардың білімін кеңейту және тереңдету, олардың оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру, ойлау қабілетін дамыту мақсатында жүргізілетін сабақтар. Аптасына 1сағаттан, барлығы 34 сабақ.
Жеткіншек ұрпаққа сапалы да тиянақты білім беріп, адамгершілікке, ізгілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу және оларды белгілі бір пән саласына икемдеу қазіргі таңдағы ұстаздар қауымының маңызды міндеттерінің бірі.
Белгілі бір пән саласына икемдеу дегеніміз не?
Бұл оқушының жекелеген пәнді игерудегі жетістіктерін одан әрі тереңдетіп, сол пәнге деген танымдық қабілетін дамытып, қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың дүниетанымын кеңейтуге, есте сақтау қабілетін нығайтуға, тіл мәдениетінің дұрыс қалыптасуына, ойлау үрдісінің дамуына да септігін тигізеді.
Математика пәні бойынша факультативтік сабақтарды ұйымдастыру арқылы қабілетті (дарынды) оқушылармен жұмысты жандандыруға болады. Өз тәжірибемде түрлі тақырыптарда «Жас математик», «Жүзден жүйрік…», «Бастауыш көшбасшысы», «Жұлдызды сәт», «Миллион кімге бұйырады?» білім сайыстарынмен Математикалық олимпиадаға, Мемлекеттік аралық бақылауға дайындық есептерін жиі өткіземін. Сонымен қатар дидактикалық ойындар, (ұлттық ойындар) математикалық ребустарды, математикалық фокус, жаңылтпаштар, мақал-мәтел, сөзжұмбақтарды шешу, қызықты әзіл есептерді шығару, математикалық ертегілер, логикалық жаттығуларды орындау оқушының ақыл –ойын, қиялын, интеллектуалдық ой-өрісінің ұшқырлығын дамытудың бірден-бір ұтымды тәсілі.
Қорыта айтқанда, факультативтік сабақтарды ұйымдастыру барысында келесідей нәтижелерге қол жеткіздім, олар:
*Оқушының ой-өрісі дамиды.
*Ойлау іскерлігі қалыптасады.
*Ақыл- ойы жетіледі.
*Есте сақтау қабілеті артады.
*Қызығушылық қабілеті оянады.
*Тіл, сөйлеу мәдениеті қалыптасады.
*Оқушы өз бетімен жұмыс жүргізуге дағдыланады.
*Шығармашылықпен жұмыстанады.
*Даму мониторингі айқын көрінеді

1 – класс.       Ғажайып математика



Р/с 

Сабақтың тақырыбы    

Сағат саны

Мерзімі

1

Заттарды санау, салыстыру.

1


2

Заттың ұзындығын өлшеу.    

1


3

Заттар тобын салыстыру. 

1


4

Заттарды ретімен санау. Нешінші ?  

1


5

Сандарды оқу, жазу.    

1


6

Сандарды салыстыру. Математикалық тақпақтар    

1


7

Тең. Артық. Кем.    

1


8

Өрнек және оның мәні.

1


9

Геометриялық  фигуралар.    

1


10

Сандар қатары. Санамақ.    

1


11

10 саны.Ұзындықтың өлшем бірлігі (дм)  1

1


12

Математикалық  жұмбақтар.

1


13

Кестелік қосу және азайту.    

1


14

Тақырыпқа берілген есептер.    

1


15

Өрнек пен сан.    

1


16

Тест жұмысы.    

1


17

Математикалық жұмбақтар.    

1


18

Теңдеу  шешу.    

1


19

Есептер шығару.    

1


20

Математикалық  санамақтар.    

1


21

1-класқа арн.олимпиада есептерін шығару.    

1


22

Ондықтарды салыстыру.

1


23

Ұзындық өлшем бірліктері. 

1


24

Математикалық жаңылташтар.

1


25

Уақыт  өлшем бірліктері.    

1


26

Математикалық қызықты есептер. 

1


27

Математикалық қызықты есептер. Тест жұмысы.    

1


28

Логикалық ойлауға арналған күрделі қызықты есептер.

1


29

Геометриялық пішіндерді таныстыру 

1


30

Әріптік өрнек.    

1


31

Бақылау жұмысы

1


32

«Ойлан, тап!», Математикалық ойындар    

1


33

«Жас математиктер» сайысы    

1


34

Тест жұмысы. Қорытындылау.

1














































1 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Заттарды санау, салыстыру

Сабақтың мақсаты: Заттарды салыстыра отырып, ұзын-қысқа, биік- аласа, қалың жұқа, сөздерінің мән-мағынасын түсіндіру. Адамгершілік тәрбие беру. Танымдылық қабілетін дамыту.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру: Оқушының назарын сабаққа аудару.

ІІ. Өткенді қайталау, жаңғырту.

а) Заттарды әр түрлі белгілеріне қарай салыстыру.

ә) Дөңгелек, үшбұрыш, шаршы терминдерін енгізу.

б) Түстері, пішінін салыстыру.

ІІІ. Жаңа сабақ

а )Сымның жіптің қиындыларын, қағаз жолақтарды салыстыру.

ә) Кітап пен дәптер қалыңдығын салыстыру. Екі оқушыны қатап тұрғызып, биік- аласа, сөзінің мән-мағынасын түсіндіру. Қарама-қарсы сөз тіркесін ажыратып, тани білу. Ұзын-қысқа. Қалың- жұқа т.б Биік-аласа

1-сурет. Ұзын-қысқа, бірдей.

2-сурет. Биік-аласа

3- сурет. Қарама-қарсы мағыналы сөздерді пайдалануға үйрету.

Сергіту сәті.

Бір, екі ,үш төрт те бес, Алты, жеті сегіз, тоғыз, он

Қайта сана көп те емес, Өлше , есепте санап жөн.

ІҮ. жаңа білімді бекіту.

Дидактикалық ойын арқылы сөз тіркестерін қолдану.

Қысқа-... аласа-... жұқа-...

Ұзын-... биік-... қалың---...

Ү. Дәптермен жұмыс

5

.

6. Салыстыр. > = <

1+1 1+2 1+0 2+0

2-1 1+1 1-0 2-0


ІҮ. Сабақты қорытындылау: Бүгін біз заттарды салыстырдық


2 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Заттың ұзындығын өлшеу.    

Сабақтың мақсаты: Ұзындық өлшем бірліктерін пайдалануды талдау, математика мен дүниетану пәндерінің өзара байланысы; ой-өрісін, сөздін  қорын дамыту

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. – бүгін аптаның нешінші күні?

    - Қазір қандай жыл мезгілі?

2. Психологиялық дайындық.

3. Қызығушылықтарын ояту.

   - Ұзындықты өлшеу бірліктерінің бізге не қажеті бар?

   - Ұзындық өлшем бірліктерін табиғатта, қоршаған ортада пайдалана аламыз ба?


5. Миға шабуыл. Кластер құру.







  

                                                    сек                                                                     күн

тәу                                       мин                  жыл

                  сағ          ай                                                            апта


6. Өлшем бірліктерді қайталату.


Сергіту сәті. Бір, екі ,үш төрт те бес, Алты, жеті сегіз, тоғыз, он

Қайта сана көп те емес, Өлше , есепте санап жөн.


7. Мысалды шығар:

2-1= 2+1=

1+2= 3-1=

3-1= 3-2=

2-1= 1+2=

1+1= 3+1=


8. Жасырын санды тап:

- 2 = 1 1 +  = 2  - 1 = 2

+1 = 3 3 -  = 2 2 +  = 3

+1 = 2  - 2 = 1 3 -  = 1



Сабақты қорытындылау.








3 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Заттар тобын салыстыру
Сабақтың мақсаты: Заттарды әртүрлі белгілеріне қарай салыстыру арқылы, олардың түстерінің, пішіндерінің бірдей немесе әртүрлі болатынын анықтай білуге үйрету.

Сабақтың барысы:

Заттарды санату. Көрнекіліктер бойынша.Қанша?Неше?Нешінші? деген сұрақтарға жауап беру, мысалдар келтіру.

- Бүгінгі өтетін сабақтың тақырыбы. Заттарды салыстыру.

Заттарды әртүрлі белгілеріне салыстыру.суретте неше доп бар?

Суретте неше шаршы, неше шар бар?

DrawObject3 DrawObject2 DrawObject1





DrawObject4



Салыстыру

Сурет бойынша әңгіме құрастыр.Сана. Жасыл жолақтағы тапсырманы орындау

Сергіту сәті

1 тапсырма: Сурет бойынша теңдік, теңсіздік құру және оларды оқу дағдыларын бекітуге арналған


2 тапсырма: Алдымен берілген сурет бойынша жұмыс жүргізіледі.

Әртүрлі заттарды салыстыра отырып, ерешеліктерін анықтау.

Балапандарды санау, суреттер бойынша әртүрлі сұраққа жауап беру.

3 тапсырма: Белгісіз қосылғышты тап

+ 3 = 4 1 +  = 2  + 1 = 2

+ 2 = 3 2 -  = 3 2 +  = 3

+ 2 = 3  + 2 = 4 3 +  = 4

4 тапсырма: Ойлан тап:

1 + 2 + 2 - 4 = 4 + 1 – 2 + 1 =

2 – 1 + 3 – 2 = 5 – 1 – 3 + 4 =

Сабақты қортындылау: Өтілген тақырып бойынша тапсырма беру..

Бағалау.

.



4 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Заттарды ретімен санау. Нешінші ?  

Сабақтың мақсаты: Математика оқулығымен таныстыру. Заттар туралы түсінік беру. Заттарды санауға үйрету. Ұқыптылққа бейімдеу.Ой-өрісін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Әр түрлі заттар, ойыншықтар, суреттер.

Сабақтың мазмұны.

Психологиялық дайындық.

  Күннің нұры ашылсын,

                           Жерге нұры шашылсын.

                           Барлық бала әлемде,

                           Шашсын нұрлы күлкісін

Жаңа сабақ: 1.Математика оқулығымен таныстыру.

2.Заттар туралы мағлұмат беру.

1- ші тапсырма:

Заттарды санау: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10

Кері санау: 10, 9, 8 ,7 ,6 ,5 ,4 ,3, 2, 1.

Сурет бойынша әңгіме құрау.


2- ші тапсырма:

Кеңістікті бағдарлау; қарама қарсы мәндес сөздерді атау (ақ-қара; үлкен-кішкентай; биік-аласа; жуан-жіңішке; ұзын-қысқа; жылдам-баяу);


3- ші тапсырма:

Есептер шығару:  3+2=  ; 2+2=  ; 4+2= ; 3-1= ; 5-4= ;  6-3= ;


4-ші тапсырма: 

Сергіту сәті.

Оңға, оңға , түзу тұр,

                       Солға, солға түзу тұр,

                       Алға қарай бір қадам,

                       Артқа қарай бір қадам,

                      Жоғары – төмен қараймыз.

                      Орнымызды табамыз.


Д/о.: «Өз орныңды тап».

Мақсаты:  Цифрлардың сандар қатарындағы орны, көрші сандар туралы білімдері көзделеді.

 Балаларға 0-ден  10-ға дейінгі цифрларды таратып беру. «Цифрлар» музыка ырғағымен билеп жүреді. Музыка тоқтағанда балалар тез бір қатарға тұра қалады. «Цифрлардың» орындарын дұрыс тапқандықтарын тексеріледі. Содан кейін бірнеше балалардан аталған сандардың көрші сандарын атауды сұрау.

 5-ші тапсырма:

Сандарды тиісті ретпен орналастыру. 2, 4 5, 6, 8, 7, 1, 9, 10

Сабақты қорытындалау: Біз бүгінгі сабақта не істеп үйрендік? Нені санадық?

Бекіту.

Бағалау





5 сабақ

Тақырыбы: Сандарды оқу, жазу.  

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға 1-ден 5-ке дейінгі сандарды оқып, жазуға үйрету. Өткен сабақты толықтыру.
Сабақ барысы. I. Ұйымдастыру.
1. Жылулық шеңбері. Балалар бір - біріне жылулық сыйлап, шеңбер бойымен жүріп тақпақты хормен айту.
Шашы – алтын, көзі - от,
Шыға ғой, Күн, тезірек.
Шуақ берші, жылу бер,
Маған оған, досыма,
Тағы, тағы, тағы да!
1. Ауызша 1 - ден 10 - ға дейін тура және кері санау.
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10.
10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1.
2. Ойын “ Кім тапқыр? ’’
Өздеріне таныс цифрлар мен арифметикалық таңбаларды атап көрсету.
1, 2, 3, 4; +, -, = ‹, ›
3. Өз орныңды тап! ойыны
Тура және кері сандар қатарын көрсету.
1, 2, 3, 4. 4, 3, 2, 1.
4. Көршісін тап! Ойыны
5. Ойын “ Cан ойла, тез ойла! ” Сандар құрамын айту. Бос орынға сан қою.
2=1+ 3=2+ 4=3+ 4= +3
3=1+ 4= +2
Сергіту сәті.
Шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап демалам.
Қанатымды бір қағып,
Гүлдей болып жайқалам.
1.Өрнек құрастыру.
Аулада 4 балапан жайылып жүр еді, оған тағы 1 балапан келіп қосылды.
Аулада неше балапан болды?(5)
2. 5 цифрымен таныстыру.
3. 5 саны қалай шыққанын айтып, өрнек жазу.
4+1=5
4. М. Қуанышбековтың “Бес саусақ’’ өлеңін жатқа айту.
Ал, санайық, саналық,
Саусақтарға қарап - ап
Қане, қане, саналық,
Санын біліп алайық,
Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу,
Қолымдағы саусағым нешеу?(5)
5. 5 саусақтың атын атау: бас бармақ, балаң үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкене бөбек.
Дәптермен жұмыс.
1. 5цифрын үлгіге қарап, саусақпен бастыру.
Ауада жазып үйренді.
2. 5 цифрын жазу.
Сабақты сұрақ - жауап түрінде қортындылау.
Біз не білдік?
Үйге 5 саны мен цифры.

6 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сандарды салыстыру. Математикалық тақпақтар    

Сабақтың мақсаты: Балалардың математикаға деген қызығушылығын арттырып, сандар жайлы түсініктерін қалыптастыру, 1 - ден 5 - ке дейін ауызша санап, есептей білуге, сандар қатарын сақтай білуге тура және кері санауға, сандардың өсу мен кему ретін салыстыра білуге үйрету.

Сабақтың барысы:

Психологиялық дайындық.

                       Қуан, шаттан, қуан, шаттан,

                       Қуанатын күн бүгін.

                       Қайырлы таң, қайырлы күн,

                      Күліп шықты күн бүгін.

Тапсырмаларымен танысайық,
1 - тапсырма
а) аспанда неше күн бар?
б) адамда неше көз бар?
в) бағдаршамда көз нешеу?
г) төртбұрыштың бұрышы нешеу?
д) адамның бір қолында қанша саусақ бар?
2 - тапсырма
Шатасқан сандарға көмектес.
Сандардың оң жақ және сол жақ көршісін тап.
3 - тапсырма
"Қуыршақтарға көмектес"Әр қуыршақтың лентасын табу.(лентаның ұзындығын өлшеу)
1, 2, 3, 4, 5. тура және кері санау(тақтамен жұмыс)
Үстел үсті ойыны.
Доптарды қызыл жолақшаға солдан оңға қарай кішісінен үлкеніне қарай өсу ретімен орналастыру.
Доптарды көк жолақшаға солдан оңға қарай кему ретімен орналастыру.(тақтаға көрсету)
Сергіту сәті
Көкке бойын созады.
Көпке қолын созады
Кең құшағын ашады
Көлеңкесін тосады
Көп қарағай - қарағай
Мейірбанды анадай!
Санамақ санау.
1 дегенім - бірлік,
онсыз болмас тірлік.
2 дегенім - еңбек.
еңбек бәрін жеңбек.
3 дегенім - үлес,
Үлес үшін күрес.
4 дегенім - терме,
Тұрған жақсы ерте.
5 дегенім - белең,
Сан үйреніп келем.
Сабақты қорытындылау : Балалар мен сендерді әдемі гүлге теңегім келеді сендер оқу - іс әрекетіне жақсы қатыса білдіңдер.(Балалар бір біріне жақсы тілектер айтып гүлдің күлтелерін іледі, гүл үлкен болып жайқалады.


7 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Тең. Артық. Кем.    

Сабақтың мақсаты: 1. Заттар топтарын әр түрлі тәсілмен салыстыру.

2. Ұқыптылыққа баулу. 3. Сәйкес нәтижені білдіретін сөздерді енгізу мән- мағынасын түсіндіру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеу. Зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Білімді бекіту. 1. Салыстыру (беттестіріп.)

2. Бөліктермен(неше бөліктен тұратынын анықтау)

3. Сызғыштың көмегімен анықтау.

ІІІ. Мақсат қою: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау

ІҮ. Жаңа сабақ: а) Артық, кем, сонша ұғымын түсіндіру.

Ү. Жаңа білімді бекіту.

а) Шахмат тастары. Ағы қанша болса, қарасы сонша.(5)

ә) Волейбол ойнап жүрген балалардың ұлы қанша болса, қызы сонша.

б) 0-4---5 1-уі кем, немесе 1-уі артық Ұшақ-(5 ) қанша болса, асық сонша.(5)

Тікұшақ қанша болса, машина сонша.(4)

Карточкамен жұмыс:



Салыстыр және есепте.

2 * 4 7 * 7 7 + 1= 6 – 1=

8 * 3 1 * 5 8 + 1= 9 – 1=

5 * 4 6 * 3 3 + 1= 8 – 1=

9 * 8 2 * 2 5 + 1= 4 – 1=

Салыстыр және есепте.

1 * 4 6 * 9 3 + 1= 9 – 1=

5 * 3 4 * 6 6 + 1= 8 – 1=

7 * 6 5 * 5 1 + 1= 4 – 1=

9 * 2 7 * 2 2 + 1= 3 – 1=


Сабақты қорытындылау :

Бүгін біз қандай математикалық ұғыммен таныстық?








8 сабақ


   Сабақтың тақырыбыӨрнек және оның мәні.

    Сабақтың  мақсаты: 1. Математикалық өрнек туралы түсінік беру; оларды  ажыратып, мәнін  таба білуге үйрету, өрнектерді таңбалардың көмегімен жазуға үйрету. 2.Оқушылардың  ойлау қабілеттерін дамыту. 3. Байқампаздыққа  тәрбиелеу.

    Сабақтың  барысы:  І . Ұйымдастыру кезеңі

  Психологиялық  дайындық

   Қатар -қатар тізіліп,

   Оқушыға лайық

   Қолымызды жіберіп,

   Түп-түзу боп  тұрайық

   Жақсы болып сабақта

   Әдеп сақтау сәніміз

   Отыруға нақпа -нақ,

    Дайындалдық  бәріміз.

   -Балалар,  бүгінгі  сабағымыз  ойын  түрінде  өтеді.

    Тірек білімдерін пайдалану.

     -Тақырыпты бастамас бұрын, өткенді  қайталау.

 «Кім жылдам?»

  - Сандарды  кему ретімен  орналастыру.

     Жаңа материалмен таныстыру. 

      №1 тапсырма  ауызша жаттығуларға ұқсас  орындалады. Жаттығуды орындау  барысында  «1+1», «2-1» түріндегі жазулардың  өрнек деп  аталатынын түсіндіру қажет.

 1 +1 = 2        -бұл теңдіктер                    2- 1 =1

 1+ 1              -бұл  өрнектер                    2-1

  2                   -өрнектердің  мәні            1             

       Бұл  сабақта  мұғалім  белгілі бір амалдарға сәйкес  математикалық өрнектер құру  бойынша  жұмыс  ұйымдастырады.  «Саматта 2 кәмпит болды, оған тағы 1 кәмпит берді» деген сияқты  тапсырмаларды  ұсынуға болады. Мұғалім санау материалдары көмегімен өрнектер  құрастыруды, бұдан кейін  өрнек  бойынша нақты жағдайларды ойластыруды ұсынады. Алынған жазуларды оқығаннан  кейін мұғалім оқушылардың  сөздік   қорына «өрнек», «өрнектің  мәні» деген  терминдерді енгізеді. Оқи алатын оқушылар  оқулықтан  оны оқуына  болады. 

       №2 тапсырманы орындау кезінде  балалар  құрастырылған өрнекке  сурет  таңдаулары керек.  Балаларға   санау  материалдарының    көмегімен өрнектерді иллюстрациялап  көрсетуді ұсынуға  болады.  

    Сергіту  сәті

Бойыңды сергек тік ұста,

    Демінді ішке тез алда.

    Емін -еркін  тыныста.

    Сол қолынды соз алға,

    Қол ұшына  қара да

    Үшбұрыш  сыз ауада

    Оң қол да  бос  тұрмасын,

    Шеңбер жасап зырласын.

   

    Сабақты қорытындылау.

    Жақсы жұмыс  істеген  оқушыларды   мадақта





9 сабақ


Сабақтың тақырыбы: Геометриялық  фигуралар.    

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға геометриялық фигуралар және олардың қасиеттері туралы дағдыларын қалыптастыру, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, жазбаша және ауызша есептеу дағдыларын жетілдіру.

Сабақтың барысы:

Психологиялық дайындық.

                       Қуан, шаттан, қуан, шаттан,

                       Қуанатын күн бүгін.

                       Қайырлы таң, қайырлы күн,

                      Күліп шықты күн бүгін.

1 – тапсырма: «Бой жазу» сұрақтарға жауап алу.

1. Төртбұрыштың неше бұрышы бар?

2.  Қосуға кері амалды ата.

3.  Бір аптада неше күн бар?

4.  Оқу жылы қай айдан басталады?

5.  2 + 2 қанша болады?

6.  Шеңберде бұрыш бола ма?

2 – тапсырма. Топпен жұмыс : геометриялық фигураларды торкөздерге орналастыру

3– тапсырма: математикалық диктант

1.     Нүкте

2.     Кесінді

3.     Төртбұрыш

4.     Тұйықталған сызық

5.     Сәуле

6.     Тұйықталмаған сызық

7.     Бұрыш

8.     Дөңгелек

9.     Қисық сызық

10. Түзу

  Сергіту сәті: Оңға, оңға , түзу тұр,

                       Солға, солға түзу тұр,

                      Алға қарай бір қадам,

                       Артқа қарай бір қадам,

                      Жоғары – төмен қараймыз.

                     Орнымызды табамыз.

4-тапсырма

Карточкамен жымыс: «Өрнектің мәнін табу»

Сабақты қорытындылау: Әр оқушының жұмысын бағалап, мадақтау. 

10 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сандар қатары. Санамақ
Сабақтың мақсаты: 10 санына дейін ретті және кері санау қабілеттерін дамыту. Ойын кезінде тез ойлап, дұрыс шешім табуға үйрету. Зейінділіктерін арттыру.
Көрнекілігі: Үлкен ойыншық қоян, әдемі қорапша, қалташалар,
«Жайлау суреті», төрт - түлік төлдерінің атрибуттары, кеспе сандар.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру.
- Арайланып таң атты
Алтын шапақ таратты.
Қайылы таң, балалар!
Қайырлы таң апайлар!
Балалар, бізге қоян сабағымызға қатысуға келіпті. Оның қолында қорапшасы бар екен. Ал қоян бізге не үшін келді екен. Ол келесі жылы мектепке дайындалып сендер сияқты сабақ оқып, орман мектебіне барғысы келеді екен. Сол үшін мына қораптағы тапсырмаларды орындауға көмектесіңдер дейді. - Ал қане, балалар қоянға көмектесеміз бе?
- Иә.
- Ендеше қарайық қоянның тапсырмалары не жайлы?
(қорапшада конверт алып қарау. Сандар қатары. Сандар әлеміне саяхат туралы екен.)
1 - тапсырма. Жылдың 4 мезгілін ата? Қазір жылдың қай мезгілі?
Сергіту сәті
Ал санайық, санамақ.
Саусақтарға қарап ал.
Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу.
Қолымдағы саусағым нешеу.
2 - тапсырма. Жайлауға малдарды төлдерімен бірге шығар.
(Санату, неше мал жайылып жүргенін өрісте. 10 жануар.)
Сергіту сәті
Оң қолымда бес саусақ.
Сол қолымда бес саусақ.
Бесті беске қосқанда
Болып шықты он саусақ.
3 - тапсырма.
“Көршісін тап”.
1 3 5 7 9 2 4 6 8 10
Сергіту сәті
Кәне, қанат қағайық.
Қарлығаш болып ұшайық.
Ұшып, ұшып алайық
Орнымызға қонайық.
- Балалар, сандарды санадық, сандарға байланысты ойындарды ойнадық, енді, осы сандар туралы санамақтар білесіңдер ме?
Сан санайық мүдірмей,
1 - санамағы.
Мені келсең білгің,
Мен таяқша бірмін.
Барлық санға жол бастап.
Ең басында тұрмын.
2 - санамағы.
Бірден кейін тұрамын.
Сандар іші тұрағым.
Бірді, бірге қосқанда
Мен иіліп шығамын.
3 - санамағы.
Екіден соң әрқашан.
Үш санымен шығамын.
Қос мүйізі майысқан
Ұлттық ою саламын.
4 - санамағы.
Үш сызықтан таяғым
Оқушылар қояды
Төрт дегенің баяғы.
Төрт түліктің аяғы.
5 - санамағы.
Төрттен кейін бесті
Білу оңай десті.
Санасаң қолдың саусағын
Оңай табасын бесті.
6 - санамағы.
Мен өзімді қатарға,
Бестен кейін қоямын
Басым бір боп басталып
Нольмен бітер аяғым.
7 - санамағы.
- Қара мына қызықты
Кесуді кім ұмытты
Жеті болам бір тартсаң
Бел ортамнан сызықты.
8 - санамағы.
- Менің атым сегіз,
Жетіден соң деңіз
Жазылғанда қос дөңгелек
Мен шығамын сегіз.

4 - тапсырма. Ойлан, тап!
Балалар, енді біз қоян әкелген математиқалық жұмбақ есептерді
Шешіп көреміз.
*Бестен төртті алайық,
Қанша қалды қарайық?
Қарайық та санайық,
Санайық та табайық (1) (Суретпен түсіндіріп, есептету)
5 - тапсырма.
Математика дәптерімен жұмыс.
Суреттерді бояту.
6 - тапсырма.
Дидактикалық ойын: “Адасқан сандарға көмектес”.
(Сандарды реті бойынша үйлеріне орналастыру)
1 5 7 10 8 2 4 9 3 6
Тура, кері санату.
Сабақты қорытындылау.
Міне, балалар, өте тамаша сабаққа қатысып, қоянға көп көмек көрсеттіңдер. Өздерің білетіндіктеріңді айтып, ойлы, тапқырлықтарыңды, қандай қиын тапсырманы да қорықпай орындайтындарыңды да көрсеттіңдер.



11 сабақ

Сабақтың тақырыбы: 10 саны. Дециметр
Сабақтың мақсаты: 1. 10 саны, оның шығуы, сандар қатарындағы орны туралы түсінік, 10 цифрын дұрыс жазуды қалыптастыру. Дециметр туралы түсінік беру.
2. Оқушылардың жан-жақты ойлауын, ізденуін, алған білімдерін одан әрі дамыту.
3. Ұлттық ойынға, пәнге қызығушылығын арттыру; толық жауап беруге, зейінділікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
1.    Ұйымдастыру кезеңі.
2.    Өткен сабақты қайталау.
а) 1,5,6,7,9 сандарының құрамын, сандар қатарын қайталап, еске түсіру.
ә) «Кім жылдам?» ойыны
1 топ                               2 топ                                     3 топ

б)  Тай жарысы.    Сандарды салыстыру <  > =
5 * 7                                 6 * 2                             4 * 7
3 * 6                                 3 * 7                             7 * 6
8 * 3                                 5 * 9                             0 * 7
3.    Сергіту сәті.
4.    Жаңа сабақ
-    9-дан  кейін қандай сан келеді? (10)
10  санының қалай шығатының, қалай жазылатынын айтып көрсету.
9 + 1 = 10                                    10 – 1= 9па
    
1-тапсырмада суреттің сюжетін әңгімелеп, оған сәйкес есептер құрастырып,10 санының пайда болуы туралы түсіндіріледі;
Кесіндінің ұзындығын өлшеу және  сызу.
10см = 1дм    1дм = 10см
2–тапсырма.  Салыстыру.
10 * 9     9 * 10
Шығармашылық тапсырма.
Қандай сан жоқ?
0    2   4   6   8  9
    Дәптермен жұмыс. Өз бетінше орындау.    

Сергіту сәті
Сабақты қорыту
-    
Балалар, біз бүгін қай санмен таныстық? Ол сандар қатарында қай саннан кейін келеді

Ауызша бағалау.















12 сабақ


Сабақтың тақырыбы: Математикалық  жұмбақтар.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін тексеру, алған білімдерін пысықтау. Мұндағы өлең-есептер, сөзжұмбақты шешу арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.Оқушыларды ауызбіршілікке , ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
Математикалық санамақ айтып жарысу.
1-дегенің жаман баға,
- Алады оны жаман бала.
2-дегенім нашар баға,
Інішегім нашарлама.
3-дегенім орта баға
Сапасы да орта ғана.

4-дегенім жақсы баға,

Сергіту сәті:
Жапырақтары жайқалып,
Биік ағаш өседі.
Самал желмен тербеліп,
Бұлттар жылжып көшеді.
Математикалық өлең есеп «Торғай нешеу?»
Талдан ұшты көп торғай,
Емес бірақ көп торғай.
Алдында оның бастаушы,
Артында оның қостаушы.
Және тағы қарасақ,
Қайта оны санасақ,
Соңында біреу қап келді,
Алдында төртеу, топ келді,
Үшеуі қатар жарысқан,
Түзіліп үшеу қалыспан.
Ойың жүйрік болса егер,
Торғай нешеу, есепкер
(Бес торғай)

6 аламаның 2-ін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады. (4)

11 түйе, бес жылқы.
2 сиыр, бір ешкі
2 қоян, үш түлкі,
Неше болды барлығы? (24)
Қызықты тапсырмалар.
1. Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны - он. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін?
2. Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды?
Сабақты қорытындылау.

13 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Кестелік қосу және азайту
Сабақтың мақсаты:1. Қосынды  және  айырма  туралы түсінік білімдерін тексеру.
2. Қосу мен азайтудың кестелік жағдайлары туралы білімді бекіту. Сөйлеу тілін, қабілеттерді, өздігінен әрекеттенуді дамыту. 3.  Есептерді таза және ұқыпты   дәптерге жазуды  үйрету.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру
Өткен сабақты пысықтау
Жаңа сабақ:     1 қосылғыш. 2 қосылғыш, Қосынды   1 + 1 = 2
Азайғыш, Азайтқыш, Айырма.               4 – 2 = 2
Жаңа сабақты пысықтау.
а) Тақтада жұмыс
Барлық мүмкін теңдіктерді жаз:
10 =                                                  9 =                                               4 =
8 =                                                    7 =                                               3 =
6 =                                                    5 =                                               2 =
ә)  Өзіндік жұмыс: 
Жазуды толықтыр:
1.    3 + 5 >                                       4 – 3 <                                       5cм – 2cм <   cм
2.    3 + 5 * 3 +                                  4 – 3 *  – 1                                   см * 3см + 4см
Сергіту сәті.
б)
Ойын Қалқанқұлақтың қатесін тап:
8 + 2 = 9                                                    3 + 3 = 9                                                10 < 5
6  -  2 =4                                                    4 + 2 =6                                                   4 > 6
5 + 3 = 7                                                    7 -  5 =2                                                   2 < 3
в) 
Шығармашылық есептер шығару:
1. Ү ш бұрышта үш мысық отыр. Әр мысыққа қарама-қарсы екі мысық отыр. Мысықтар нешеу?
2. Себетте 4 алма бар. Оны 4 адамға бір-бірден және себетте 1 алма қалатындай етіп бөлуге бола ма?
YI. Қорытындылау.




















14 сабақ


Сабақтың тақырыбы: Тақырыпқа берілген есептер.    
Сабақтың мақсаты:1. Сандардың құрамы, қосу мен азайтудың кестелік жағдайлары туралы білімді бекіту, жай есептердің мазмұны бойынша амалды таңдай алу білігін жетілдіру. 2. Сөйлеу тілін, қабілеттерді, өздігінен әрекеттенуді дамыту. 3.Тапқырлықты, ой ұшқырлығын және шығармашылық қабілетті дамыту.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру
Үй жұмысын тексеру.

Жаңа сабақ:
   Математикалық диктант: (ерекше жағдайлардағы.  қосу мен азайту туралы білімді бекіту)
5 + 2             9-2                4 + 2                  3 + 2                 2 + 2                 2 – 2
7 – 2             6+2               6 – 2                   5 – 2                 5+ 2                    2+7
Жаңа сабақты пысықтау.
а) Ауызша сұрау:
- бір қосылғышы 2 болатын екі санның қосындыларын ата;
- азайтқышы 2 болатын айырмаларды ата;
- азайғышы 2 болатын айырмаларды ата;
- 2 санын қосу кестесін айтып бер.
1 тапсырма. Есепті шығару :
Шарты – 4,2 машина
Сұрағы – ? машина
Шешуі:    4+2 =6(м)
Жауабы: 6 машина
ә)  Өзіндік жұмыс: 
Азайғышы 2 болатын айырмаларды жаз және мәндерін тап.
2 – 2                            2 – 1                      2 – 0
Сергіту сәті: Бір – иілеміз, шалқаямыз,

Екі – алақанды үш созамыз.

Басымызды үш изеп,

Төрт дегенде қол соғамыз.

Бес, алты дегенде

Орнымызға отырамыз.


2 тапсырма.
Бір қатарға тура теңсіздіктерді, ал екінші қатарға тура емес теңсіздіктерді жаз.:
0 >2              9<8               10>3                  7<9            5>6                4<3            2>1
Қорытындылау.      














15 сабақ

Сабақ тақырыбы: Өрнек пен сан.    

Сабақтың мақсаты: 1. 10-а өрнектерінің мәнін табу жолымен таныстыру. Санды өрнек пен әріпті өрнек туралы білімдерін пысықтау, өрнек құра білуге, мәнін таба білуге үйрету.

2. Түрлі тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттеріне және сөйлеуге дағдыландыру, өздігінен жұмыс істей білуге, ой өрісін дамыту.

3. Шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

Тақтада нелерді көріп тұрсыңдар?

Енді мына өрнектерді қалай бөлуге болады?

(2-ге: әріпті өрнек, санды өрнек)

-Тағы қалай бөлуге болады, кәне қарайықшы жақсылап. (дұрыс, айырмаларды бір бөлек, қосындыларды бір бөлек бөлуге болады екен.)

DrawObject12

а+3

DrawObject11

2+3

DrawObject10

4-а

DrawObject9 DrawObject7 DrawObject8 DrawObject5 DrawObject6

1+2

а-1

3-1

5+а

2-2

-


Енді осы білімімізді әрі қарай толықтыра кетейік, мына цифрограммаға назар аударайық, бұнда балалар 1-10 дейін сандар жазылған, ол сандар қалай жазылып тұр? (өсу ретімен)

Егер де ол сандарды кему ретімен қойғанда бір сөз шығады. Ол қандай сөз екен?

а

м

м

а

р

г

о

р

ф

и

Ц

0

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

10

9

8

7

6

5

4

3

2

1

0

«Цифрограмма» деген сөздің мән-мағынасын түсіндіріп, айту.

10 саны мен а-ның айырмасын жаз.

  1. а+3

а=1

а=2

а=6

  1. 9 саны мен а-ның қосындысын жаз.

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен боп өседі.

«Күн» ойынын ойнайық. Бұнда 10-нан берілген санды азайтып, мәнін табу. Топтық жарыс

-Өте жақсы, сонымен біз мақсатымызға жеттік, 10-нан кез-келген санды алып, олардың мәнін таба алдық.

Бағалау: Бір-біріне бейнелеу сабағында жасаған «Күннің көзін» сыйға тартады. Тілек айтады.

16 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Тест жұмысы.    

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың өткен сабақтары бойынша алған білімдерін тексеру. 2. Оқушылардың ойлау, есте сақтау, іскерлік дағдыларын, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

3. Оқушыларды ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, еңбекқорлыққа, тапқырлыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Білімдерін жан-жақты тексеру.

1.Жоғалған сандарды тап.


0


2

3


5


7


9



2. Торкөзге бес таяқша сал.



3. Көрші сандарды тап.

4



6




7




8


4.Суретте неше жұлдызша? Дұрыс жауабын тап.

DrawObject15 DrawObject13 DrawObject14

DrawObject16

DrawObject17 DrawObject18


DrawObject19



5.Бес санынан кейін қандай сан тұрады?






6. Шаршының сол жағында орналасқан үшбұрышты қызыл, оң жағындағыны көк түспен боя.

DrawObject20

Сабақты бекіту.

Кел ойнайық! «Балдырғанға көмектес!» Нөмірі 6-дан артық емес сыйлықты тап.

3+2=5 7-4=3 6-3=3

Қорытынды: -Сонымен, бүгін сабақта не үйрендік, не білдік?

17 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Математикалық   жұмбақтар .

Сабақтың мақсаты:  математикалық  есепті шешуді үйрену,есептерді жазу, жазбаларды оқу, 1-ден -10-ға дейін санау, кері санау, геометриялық фигуралар туралы ұғымды бекіту.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Білімдерін жан-жақты тексеру.

1.   Өзіндік жұмыс:  Жазуды толықтыр:
1.    3 + 5 >                                       4 – 3 <                                       5cм – 2cм <   cм
2.    3 + 5 * 3 +                                  4 – 3 *  – 1                                   см * 3см + 4см

«Ой сергіту сайысы» Жұмбақ шешу. 
Математикалық атаулар мен ұғымдар, 
Есте болар, құрбылар, бәріңнің де. 
Енді бір сәт солар жайлы жұмбақ шешсек 
Артық болмас, бастайық, кезек бізде. 

Нәрселерді санағанда, 
Керек ол бізге ауадай, 
Айтыңдаршы, бұл қандай сан, 
Жан-жағыңа қарамай? (натурал сан) 

Өмірің сенің қызық, 
Жолында жоқ түзу сызық, 
Басы да жоқ аяғы. 
Бір айналым баяғы. (дөңгелек) 

Дүкеннен мен сабын алдым, 
Оның және қабын алдым, 
Екі дәптер, бір қарындаш, 
Тіс ысқышты тағы да алдым. 
Есептеші сонда бәрі 
Қанша болды, қолда бары? ( 6 ) 

Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да, 
Ұзындығы жазылып тұр бойында. ( сызғыш ) 


Ойын
Қалқанқұлақтың қатесін тап:
8 + 2 = 9                                                    3 + 3 = 9                                                10 < 5
6  -  2 =4                                                    4 + 2 =6                                                   4 > 6
5 + 3 = 7                                                    7 -  5 =2                                                   2 < 3
Шығармашылық есептер шығару:
1. Үш бұрышта үш мысық отыр. Әр мысыққа қарама-қарсы екі мысық отыр. Мысықтар нешеу?
2. Себетте 4 алма бар. Оны 4 адамға бір-бірден және себетте 1 алма қалатындай етіп бөлуге бола ма?
Қорытындылау.




18 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Теңдеуді шешу.

Сабақтың мақсаты: 1. Теңдеуді шығару тәсілін меңгеру; 2. Есепті түрлендіруге және салыстыруға, бірдей қосылғыштардың қосындысын табу және оған кері іс-әрекеттер мен екі таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыруға машықтандыру; 3. Өз білімдерін бағалауға үйрену және шығармашылық ізденуін дамыту.

Сабақтың барысы:

І. Оқушылардың психологиялық қызығушылығын арттыру.

ІІ.а). таңбалы сандарды оқу, жазу, салыстыру.

ә)Топтарға тапсырма:1т.-90 2т.-95 3т.-96

80 50 86

70 75 76

60 65 66

1)оқу,

2)салыстыру: ұқсастығы, айырмашылығы.

б).Топтау. Әр топқа тапсырмалар беру.

8+2 6-х=3

6>2 x+5=10

9=9 10-4=6

8<9 7-1

16-x=8 Х+5

? Өрнек, әріпті өрнек, теңдік, теңсіздік, теңдеу.

Талдау. Қайсысы тез орындалады? Қай теңдеу қиын?(ситуация)

Жаңа білім.

1.Теңдеудің шығарылу жолын табу, талдау, түсіндіру.

Жаңа білімді қолдану.

1.Топтарға тапсырма.

1т. Х-5=4 2т. X-2=7 3т. X-5=5

2.Талдау, түсіндіру, өз білімдерін бағалау.

.Сергіту сәті

Әр топқа геометриялық тапсырма беру.

1т.Төртбұрыш сыз, оның екі тік бұрышы ғана бар.

2т.Төртбұрыш сыз, оның төрт тік бұрышы бар.

3т.Төртбұрыш сыз, оның үш тік бұрышы бар.

Қорытындылау.















19 сабақ

Сабақтың тақырыбы:  Есептер шығару
Сабақтың мақсаты:
1. Есеп шығару, қосу мен азайтудың кестелік жағдайлары туралы білімді бекіту, жай есептердің мазмұны бойынша амалды таңдай алу білігін жетілдіру. Сөйлеу тілін, қабілеттерді, өздігінен әрекеттенуді дамыту.
2.  Есептерді жазуға және салыстыруға . Терминдерді және амалдардың қасиеттерін түсіндіре  отырып шығаруда қолдану біліктігін дамыту.
3.Тапқырлықты, ойлау қабілетін және шығармашылық қабілетті дамыту.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру
Жаңа сабақ.
а) Есепті шығару және салыстыру:
Үйрек – 6                                                         Үйрек  – 6
Тауық  – 4-еуі артық                                    Тауық  – 10
Тауық нешеу-?                                               Нешеуі артық ?
Шешуі:    6 + 4 = 10 (т)                                  Шешуі: 10 – 4 = 6 (ұ)
Жауабы: 10 тауық                                      Жауабы: 6 артық.
ә)  Тақтада жұмыс : 
Азайғышы 8 болатын айырмаларды ата.
8 – 0 = 8               8 – 3 = 5                  8 – 5 = 3                8 – 7 = 1
8 – 1 = 7               8 – 2 = 6                  8 – 4 = 4                8 – 6 = 2
Сергіту сәті

. Өзіндік жұмыс.
а)  Балдырған сенің кесіндіңнен 2 см қысқа кесінді сызды. Сен өзіңнің кесіндіңді сыз.
7см + 2см = 9см
ә) Дидактикалық ойын   
  « Әр суреттен артық затты тап.»




б) Азайғыштарды салыстыр. Азайтқыштарды салыстыр. Осыған ұқсас тағы бірнеше айырма жаз. Айрмалардың мәндерін салыстыр. Не байқадың?
9 – 2               8 – 2
Қорытындылау. Бағалау.











20 сабақ

Тақырыбы: Математикалық санамақтар
Мақсаты:
Қызықты математикалық тапсырмаларды орындауға жаттықтыру, қарапайым ұғымдарын түсіндіру, 3.Тапқырлықты, ойлау қабілетін және шығармашылық қабілетті дамыту.

Сабақтың барысы:
Шаттық шеңбер: Күн мен сені сүйемін,
Саған бас иемін.
Жылу бер, бақыт бер,
Мейірім мен шабыт бер!

Бүгінгі күн туралы әңгіме жүргізу.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілінің қай айы?
- Аптаның нешінші күні?
- Бүгінгі күн қалай аталады?
Ойын мақсаты: Балаларды ойын ойната отырып, берілген сұраққа түсініп, жауап беруге және цифрларды табуға жаттықтыру. Ой қабілетін арттыру.
Сергіту сәті: Сыңғыр, сыңғыр, сырғалар,
Құлағымызды ырғалар
Оң қоламды білезік
Сол қолымда білезік
Саусақтарда сақина
Санап көрші, қанеки
1 - 2 - 3..... 1 - 2 - 3
Дем алайық жинап күш.
Санамақты айта білесіңдер ме?
Кел санайық санамақ,
Кел санайық санамақ,
Саусақтарды даралап.
Бас бармағым алғашқы -
Балаң үйрек жалғасы.
Ортан терек – кезекші,
Шылдыр шүмек – көмекші
Шынашағым – балапан,
Бәріне ортақ алақан.
Шылдыр шүмек – мен,
Титтей бөбек – сен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.

5 тапсырма: Логикалық есептер.
1. Үстел үстінде төрт алма тұр. Бір алманы алып ортасынан бөліп қайта қойды. Үстел үстінде неше алма болды? 4 алма
2. 2 сиырдың мүйізі нешеу?
3. 5 қойдың басы нешеу?
4. 3 адамның қолы нешеу?
5. 1 мысықтың аяғы нешеу?» ұнады ма? (иә)
Сабақты қорытындылау: Балаларды мадақтау.




21 сабақ

Сабақтың тақырыбы: 1-класқа арн.олимпиада есептерін шығару.    

Сабақтың мақсаты:
1.
Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлауын дамыту.
2.
Есептеу дағдыларын жетілдіру;
3.
Математикалық тілде сөйлеуге, ұқыптылыққа баулу.
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі


Логикалық есептер
1. Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны - он. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін?
2. Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды?
3. Аулада тұрған әртүрлі көліктердің (жеңіл машина, мотоцикл, велосипед) дөңгелектерінің саны - он болады. Аулада неше жеңіл машина, мотоцикл, велосипед тұр?

4. Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнайды?
5. 4 жұмыртқа 4 минут піссе, бір жұмыртқа неше минут піседі?
6. 2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма?
7. Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан ауыр. Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма?
8. Бір айда 5 жексенбі бола ма?
9. Алдында 1, артында 2, алдында 2, біреуі екеуінің арасында және үшеуі бір қатарда қаз ұшып келеді. Барлығы неше қаз?
10. Ұзындығы 10 метр жіпті әр бөлігі 2 метр болу үшін неше рет қию керек7
11. Үш қыз бір сыныпта оқиды. Айгүл, Гүлназ, Айнаш. Айгүл Гүлназдан үлкен, Гүлназ Айнаштан үлкен. Кім сонда үлкені?
12. Бақытжанның 4 ұлы, олардың әрқайсысының туған қарындасы бар. Бақытжанның неше баласы бар?
13. Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды. Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай?
14. Сенбіден кейін 2 күннен кейін қай күн келеді?
15.
Дүйсенбіден кейін 3 күннен кейін қай күн келеді?
16. Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек?

17. Бөлмеде бар болғаны екі адам отыр. Оның біреуі - екіншісінің әкесі де, алайда, екіншісі біріншісінің ұлы емес. Сонда кімі болғаны?

18. 3 шофер болыпты. Олардың Самат деген інісі болса керек. Бірақта Саматтың ағалары болмапты. Сонда қалай?


Қорытындылау.











22 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ондықтарды салыстыру.
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға ондықтарды салыстыру жолдарын көрсетіп түсіндіру.Сантиметр және дециметрді салыстыру  үлгісін көрсету. Алған білімдерін одан әрі тиянақтау. 2.  Оқушылардың ақыл-ойын байқағыштық қабілеттерін өз бетімен жұмыс істей білуін, ізденушілігін дамытып,қиялын ұштау. 3.Тапқырлықты, ой ұшқырлығын және шығармашылық қабілетті дамыту.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру
Жаңа сабақ: 
Оқы: Екі қатардағы сандарды салыстыр.
10             20            30          40           50          60           70            80           90              100
1               2              3            4             5            6             7              8             9                10
Бірінші  қатардағы ондықтар, екі таңбалы натурал сандар.
Екінші қатар бірліктер, бір таңбалы сандар.
IY. Жаңа сабақты пысықтау.
а) Тақтада жұмыс 

Салыстыр:
2 * 3                                                    8 * 5                                          6 * 6
20 * 30                                                80 * 50                                      60 * 60
2см * 3см                                           8см * 5см                                60см *  6дм
2дм * 3дм                                           80см * 50см                            0см * 1дм
8дм * 6дм                                           20см * 2дм                              5см * 9см
Сергіту сәті:  Сағаттын  тіліндей, Иіліп оңға бір.
Сағаттың тіліндей, Иіліп солға бір.
Оң аяқ, Сол аяқ. Жаттығу оң аяқ.
ә)  Өзіндік жұмыс:  Теңдеу шығар:
а + 7 = 9                          10 – а = 6                   30 + а = 20                   80 – а = 60


б) Математикалық диктант.
20 + 40                       40 + 40                   60 – 10                    80 – 70                      80 + 10
50– 30                        70 – 60                   40 – 40                    70 + 30                      100 – 80


Қорытындылау.



















23 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ұзындық өлшем бірліктері. 
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларға ондықтарды салыстыру жолдарын көрсетіп түсіндіру.Сантиметр және дециметрді салыстыру  үлгісін көрсету. Ұзындықтарды өлшеу. Алған білімдерін одан әрі тиянақтау. 2.  Оқушылардың ақыл-ойын байқағыштық қабілеттерін өз бетімен жұмыс істей білуін, ізденушілігін дамытып,қиялын ұштау.
3.Тапқырлықты, ой ұшқырлығын және шығармашылық қабілетті дамыту.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру

Шаттық шеңбер

Армысыз,қайрымды Аспан – Ата!

-Армысыз,мейірімді Жер – Ана!

-Армысыз,шұғылалы Алтын күн!

-Қуанайық, шаттанайық бәріміз!

-Күліп шықты күн бүгін…


Жаңа сабақ
:  Жазуды жалғастыр:.
1ондық = 10 бірлік                  1дм = 10cм
2ондық = 20 бірлік                  2дм = 20cм
3ондық = 30 бірлік                  3дм = 30cм
4ондық = 40 бірлік                  4дм = 40cм
10 ондық = 100 бірлік              10дм = 100cм
10 ондықтан тұратын сан қалай аталады?


Жаңа сабақты пысықтау.
а) Тақтада жұмыс 
10см = 1дм    10дм = 1м    100см = 1м

10см кесінді сыз   _______________________________
20см  = 2дм      90см =  9дм        5дм =  50см          7дм = 70см


Сергіту сәті:  Қақпаға туралап, 
Теп допты, оң аяқ 
Қақпаға туралап, 
Теп допты сол аяқ, 
Оң аяқ, сол аяқ 
Жаттығу оңай-ақ. 

ә)  Өзіндік жұмыс: 
30см  +  10см  =  40см  =  4дм                  50см – 10см = 40см = 4дм
5дм  – 1дм = 4дм = 40см                            3дм – 1дм  = 2дм = 20см


Қорытындылау.











24 сабақ

Сабақтың тақырыбы:  Математикалық жаңылташтар.
Сабақтың мақсаты:
1. Қызықты математикалық тапсырмаларды орындауға жаттықтыру, қарапайым ұғымдарын түсіндіру, 3.Тапқырлықты, ойлау қабілетін және шығармашылық қабілетті, сөйлеу тілін, өздігінен әрекеттенуді дамыту.

Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру

Сандарды салыстыру <  > =
5 * 7                                 6 * 2                             4 * 7
3 * 6                                 3 * 7                             7 * 6

ІІ. Жаңылтпаштар 

Бір ақ шымшық, 
Екі ақ шымшық. 
Үш ақ шымшық, 
Төрт ақ шымшық. 

Пеш үстінде бес мысық, 
Пеш ішінде бес мысық 
Бес күзетші.. бес пысық. 

Үш кіші ішік піштім, 
Бес кіші ішік піштім 
Неше кіші ішік піштім. 

Ұшып кетті үш құс, 
Ұшып келді ұшқыш. 

Есет атам ет асатар, 
Ет асатса, бес асатар. 

Аппақ, аппақ, бәрі аппақ, 
Ақ қар аппақ, бәрі аппақ. 
Ақ бұлт, қырау, мақта аппақ 
Ақ сүт, айран, қант та аппақ. 

Бес түп алма, 
Бестік алғандыкі. 
Төрт түп алма , 
Төрттік алғандыкі. 


Қорытындылау.








25 сабақ

Сабақ тақырыбы: Уақыт бірліктері.
Сабақтың мақсаттары:
1. Уақыт бірліктерімен (тәулік, апта, ай, жыл, мүшел, ғасыр) және олардың арақатынысымен таныстыру, сағатпен, минутпен өрнектеп жазуға үйрету; 2. Оқушыларды логикалық ойлауға, жазуға, көруге, есептеуге баулу, танымдық, шығармашылық белсенділіктерін арттыру; 3. Пәнге деген сүйіспеншілігін оятуға, табиғатты қорғауға, жолдастыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:. Психологиялық дайындау.
Күн жарығын алақанға саламын.

Ізгі әрі нәзік,жарық мейірімді жүрегіме басып ұстай қаламын.

Жып –жылы болып кетер сонда дереу жан- жағым.
- Міне жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

Жұмбақ жасыру.
Он екіге жетіп,
Жүргені кері кетіп (сағат)

Сағат бойынша жұмыс жасау. Сағаттың тілдерін анықтау. Уақытты үйрету. Топтамамен жұмыс жүргізу. Екі таңбаларды көрсету, ондықтарын, бірліктерін ажырату. 41,65,11,12,13,24,36,49 Мысалы 41 санында 4 ондық, 1 бірлік бар т.с.с.

Жаңа сабақ.
Уақыт бірліктері. №1 плакатпен жұмыс жасау. Оқытқызу, түсіндіру. Сұрақтарға жауап беру. Өмірмен байланыстыру. 1апта – 7 күн, 1 жыл – 12ай, 1 мүшел – 12 жыл.
- Балалар қазір қандай мезгіл?
- Күз
Күз белгілерін атау
-Ендеше жапырақ терейік.
«Жапырақ теру» ойыны. Сағатпен, минутпен өрнектеп жазу.

Тақтамен жұмыс жапырақ теріп, себетке саламыз (жазбаша)

90 мин.= 1сағ. 30мин.
100 мин.=1сағ 40 мин
80 мин .=1 сағ. 20 мин
70 мин.= 1сағ. 10 мин

«Орамал тастамақ» ойыны (ауызша).

1сағ. 20 мин.= 80 мин
1сағ. 30мин. = 90 мин.
1сағ 40 мин =100 мин.
1сағ. 10 мин.= 70 мин

Сабақты қорыту.
- Балалар, бүгін сендермен не өттік?
- Уақыт бірліктерін.
Уақыт бірліктерін атау. (Сағат, апта, минут, секунд, тәулік, ай, жыл, мүшел, ғасыр).

26 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Математикалық қызықты есептер. 

 Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға қызықты есептер шығарту арқылы оқушы ойын,  есеп шығару дағдысын  қалыптастыру. 2. Ойлауға, есептеуге  және ауызша есептей білуге үйрету. Жан-жақты ойлауын дамыту. 3. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың барысы:      1.Ұйымдастыру.

1-кезең   1.Қызығушылықты ояту.

 

Бірнеше таяқшаларды үстел үстіне қойып  3 топқа тапсырма беріледі.

1-топқа         Таяқшалардан шаршы құрастыру.

2-топқа         Таяқшалардан  үшбұрыш құрастыру.                               9 балл

3-топқа         Кесінді құрастыру.

 

2. Жаңа сабақ    Қызықты есептер шығарту. 

2-кезең

1-топ. Тапсырма:   Шөптің арасында қояндар тығылып отыр. Олардың 8 құлағы көрінеді. Қояндар саны нешеу?                   10 балл


2-топ. Тапсырма:  Қоршаудың ішінде бірнеше бұзаулар жүр. Олардың аяғы ның саны  12. Қоршауда жүрген бұзаулар саны қанша?       10 балл

  

3-топ. Тапсырма: Аквариумда 6 балық бар.Әрқайсысында 2 балықтан болу үшін әліде қанша аквариум сатып алу қажет?                             10  балл

3. Сергіту сәті

Біздің келер шамамыз

5-тен 3 ті аламыз.

3 ке қосып 2 нің

Жауабын тез табамыз

Біздің келер шамамыз

Кішілерге ағамыз

Апай айтқан сандарды

Біз қатесіз жазамыз..

 

4. «Миға шабуыл»   ойыны:

1-топ     Екі тауықтың салмағы бір қаздың салмағына тең. 2 қаздың салмағы неше тауықтың салмағына тең болады?                                           8 балл

2-топ    Бақшада 10 алма ағашы, 10 қайың ағашы, 4 алмұрт ағашы мен 6 шие ағашы өсіп тұр. Бақшада  барлығы қанша  жеміс ағашы өсіп тұр?        8 балл

3-топ    Ағасы 2 кесе айран ішті. Қарындасы ағасының  ішкен сүтінің жартысын ғана ішті.Қарындасы неше кесе айран ішті?                                8 балл

 

 

5.  Интерактивті тақтамен  геометриялық фигуралар құрастыру.

 

«Шашылған  фигуралар»   ойыны   арқылы   3 топ  өзі білетін геометриялық фигуралар құрастырады.                                                                            7 балл

 

6.Сабақты қорыту:

 



27 сабақ


Сабақтың тақырыбы: Математикалық қызықты есептер. Тест жұмысы.    

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін, ынтасын, қабілеттерін, белсенділіктерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, математика пәнінен алған білімдерін тереңдету, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, ептілікке баулу, білімді, озық болуға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

«Қызықты есептер»

1. Бөлменің 4 бұрышында 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысықтан отыр. Сонда бөлмеде неше мысық бар?(4 мысық)

2. Столдың басында 2 әке және 2 бала отыр. Оларға 3 алманы қалай тең бөліп беруге болады? (атасы, әкесі, баласы)

3. Аспанда бір қатар үйректер ұшып барады. Біреуі алдында, екеуі артында, біреуі артында, екеуі алдында, біреуі екеуінің ортасында. Барлығы неше үйрек ұшып барады?(3 үйрек)

4. Сағат 22.00-де жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?(жоқ)

7. Корзинадағы 7 алманы 7 қызға тең бөліп беру керек және 1 алма корзинада қалуы керек. Бұл қалай?(соңғы қызға корзинамен бірге беру керек)

8. Отбасында 5 ағайынды бар. Олардың әрбіреуінің 1 апайы бар. Отбасында барлығы неше бала?(6)

9. Столдың 4 бұрышы бар. Егер 1 бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады?(5)

Тауық бір аяғымен тұрса 2 кг, ал екі аяғымен тұрса неше килограмм болады?(2 кг)

70 мин көп пе, әлде 1 сағ 10 мин көп пе?(тең)

10. Екі қолда 10 саусақ. Сонда 10 қолда неше саусақ болады?(50)

Әсем поездың басынан есептегенде 7-вагонға отырды. Марина поездың соңынан есептегенде 7-вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. Поезда неше вагон болған?(13)

11. 86 санын ешқандай жазу жазбай 12-ге арттыр.(98)

12. Екі адам 2 сағат шахмат ойнаса, олардың әрқайсысы неше сағат ойнаған?(2)


Оқушы білімін тексеру.

1. Қосылғыштары бірдей қосындыларды жазып, мәнін тап.

2. Мәні 0-ге тең болатын айырмаларды жазыңдар.

3.Мысалдардың мәнін тап.

3+2 5-2 4+3 7-3 8-2 6+2 10-3 7+3

6-2 4+2 8-3 5+3 7+2 9-2 5+4 9-4

5+2 7-2 6+3 9-3 10-2 8+2 10-4 6+4

  1. Тура теңдіктерді 1-ші жолға, тура емесін екінші жолға жазыңдар.

5=5 3=1+4 8+1=8 7=7 3+5=8 9-4=3

  1. Тура теңсіздіктерді 1-ші бағанға, тура емесін 2-ші бағанға жазыңдар.

8>5 5<4+3 8<5+1 4<3 8+1>8 8>3+2 4>2

5+3>8 8+1<8


Сабақты қорытындылау.Біз бүгінгі сабақта нені табуды үйрендік?







28 сабақ


Сабақтың тақырыбы: Логикалық ойлауға арналған күрделі қызықты есептер.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың күрделі есептің шешуін таба білуге үйрету.

2. Есептердің шешуін қызықтыра отырып ойларын, зейіндерін дамыту. 3. Ұқыптылыққа, дұрыс жаза білуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы: І.Психологиялық тренинг

ІІ. Қызықты есептерді шешу.

1. Үш мүшел

Үш толған адам нешеде болады?


2. Саусақтар

Екі қолымда 10 саусақ болса, 20 қолда неше саусақ болады.


3. Су құйып алу

8 литр суды 10 және 3 литр ыдыс арқылы қалай құйып алуға болады?


Сергіту сәті


4. . Мысалдардың мәнін тап.


17 – 7 + 10 = 16 + 1 – 10 = 14 – 10 + 5 =

20 – 10 + 6 = 10 + 7 – 10 = 15 + 1 – 6 =

18 – 8 + 5 = 14 – 10 + 6 = 16 – 6 + 3 =

15 + 1 – 10 = 18 – 10 + 2 = 14 – 4 + 7 =


5. Тізбекті аяқта:.
10 – 7 + 1 – 2 + 5
4 + 2 – 3 + 7 – 9
5 – 3 + 6 – 4 + 6

Қалқанқұлақтың жасырған сөзін тап:
2 + 2 + 4 =    І
9 – 4 + 5 =   А
8 + 1 – 7 =  К        10 – 5 + 4 =   Т
4 – 2 + 5 =   П
2    8    9    10    7

Қорытындылау.













29 сабақ


Сабақтың тақырыбы: Геометриялық пішіндерді таныстыру 

Сабақтың мақсаты:   1.Балалардын ой-өрісін кеңейту, геометриялык пішіндерді бір-бірінен     ажыратып атай білуге үйрету. Киял болжамдарын дамытып, кабілеттерін шыңдау, таным  өнерін сөздік қарым-қатынастарын байыту. 2. Балалардың ойлау, көріп тану, зейінін, есте сақтау қабілеттерін ойын арқылы дамыту, дербес іс-әрекетке тәрбиелеу. 3. Бір-біріне деген достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

1 тапсырма

-  Қосудың компоненттерін ата.
-   Қандай геометриялық фигураларды білесіңдер?

- Ол фигуралар қалай аталады?


Жаңа сабақ:

Кесінділердің қосындысы.                                    Кесінділердің айырмасы
3см +2см = 5см                                                            3см-2см = 1см
2 тапсырма.
Ұзындықтары 4см және 5см кесінді сыз.
Өзіндік жұмыс
1.    Осыдан 1см ұзын кесінді сыз.
2.    Осыдан 1см қысқа кесінді сыз.                Салыстыру.
3.    Кесінділердің айырмасына тең кесінді сыз.
4.    Кесінділердің қосындысына тең кесінді сызу.


Сергіту сәті.
Ойын » Кім тапқыр?»
3 + 8                                                    4 + 6                                                10  – 5
5 + 4                                                    9 -  7                                                 9 -  7
6 + 7                                                    8 +  1                                                 6 -  4

Ойын «Қалқанқұлақтың қатесін тап»
8 + 2 = 9                                                    3 + 3 = 9                                                10 < 5
6  -  2 =4                                                    4 + 2 =6                                                   4 > 6
5 + 3 = 7                                                    7 -  5 =2                                                   2 < 3
Шығармашылық есептер шығару:
1. Үш бұрышта үш мысық отыр. Әр мысыққа қарама-қарсы екі мысық отыр. Мысықтар нешеу?
2. Себетте 4 алма бар. Оны 4 адамға бір-бірден және себетте 1 алма қалатындай етіп бөлуге бола ма?
    Сабақты қорытындылау.

    Жақсы жұмыс  істеген  оқушыларды   мадақта

30 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Әріпті өрнек
Сабақтың мақсаты
: 1. Оқушыларға әріпті өрнек шығару тәсілдерін  және орындаудың үлгісін көрсету. Алған білімдерін одан әрі тиянақтау. 2.  Оқушылардың ақыл-ойын байқағыштық қабілеттерін өз бетімен жұмыс істей білуін, ізденушілігін дамытып, қиялын ұштау. 3.Тапқырлықты, ой ұшқырлығын және шығармашылық қабілетті дамыту.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру
Жаңа сабақ:
а + 6    а – 6 әріпті өрнек. Кестені толтыр:
а
0    1    2    3    4
а + 6

2 . Салыстыр:
5 + 5 * 7 – 1                                         4 + 4 * 9 – 5
6 + 2 * 7 + 1                                         10 – 6 * 2 + 3
7 – 2 * 3 + 4                                          9 – 9  * 5 + 0


3.  Тиісті амалды қой:
5   *  3  *  1  =  1                          4  *  1  *  2  =  3
1  *  6  *  3  =  4                           1  *  4  *  2  =  7

Сергіту сәті: Сағаттын  тіліндей, Иіліп оңға бір.
Сағаттың тіліндей, Иіліп солға бір.
Оң аяқ, Сол аяқ. Жаттығу оң аяқ.
4. Есептерді салыстыр және шығар:
Шарты:                            Шешуі:
Дайындады – 6                               6 + 2 = 8 (з)
Артық  қалды – 2
Тігіншілер нешеу- ?
Жауабы: 8 жас  зергерлер.


5.
Математикалық диктант.
2 + 2                       4 + 2                   6 – 2                     8 – 2                       8 + 2
5 – 2                       7 – 2                    4 – 2                     7 + 2                      10 – 2


6. Шығармашылық тапсырма.
Қандай сан жоқ?
0    2   4   6   8  9

Қорытындылау.









31 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы.
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушылардың алған білімдерін тексеру, тапсырмаларды орындата отырып, өз бетінше жұмыс істей білуге дағдыландыру..
2. Дамытушылығы:  оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту..
3. Тәрбиелілігі: тапқырлыққа, жылдам ойлауға, ойын қорыта білуге тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру
ІІ.Бақылау жұмысы:
1 – нұсқа                                                                                         2 – нұсқа
1.  Амалдарды  орында:
30 + 20                     40 +10                                      70 + 30                                50 + 40
70 – 20                     70 – 50                                      100 – 30                              80 – 50
30 + 50                     60 + 20                                     60 + 30                               20 + 70
50 – 20                     90 – 30                                      40 – 20                               90 – 40


2.  Теңдеуді шеш:
а + 2 = 5                      9 -  а = 3                                 2 + а = 7                        10 – а = 6
40 + а = 50                  а – 20 = 60                             30 + а = 80                     а – 20 =40


3.  Тиісті санды қой:
2 дм =   см          2см + 3см =  см                               3дм =   см                  2 дм –  2дм =  см
40 см =  дм         8 дм – 4 дм =    см                           60 см =  дм                5 дм + 3 дм =   см
8 дм =    см         9 дм – 7 дм =    см                            8 дм =   см                4 дм + 3 дм =    см


4.   Есепті шығар:
Мұрат 50 гүл бояды. Айдос одан 30                          Мектеп асханасында 30 үстел бар еді.
гүл артық бояды. Айдос неше гүл                             Оған тағы да одан 20-сы кем үстелдер
бояды?                                                                         әкелінді. Сонда асханада неше үстел
болды?


5. Геометриялық тапсырма:
Ұзындығы 5 см кесінді сыз;                                        Ұзындығы 3 см кесінді сыз;
оны 3 см қысқарт.                                                        оны 5 см ұзарт.
Төртбұрыш сыз.                                                           Үшбұрыш сыз.


III. Қорытындылау.






32 сабақ


Сабақтың тақырыбы: «Ойлан, тап!», Математикалық ойындар    
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін тексеру, алған білімдерін пысықтау. 2. Мұндағы өлең-есептер, жұмбақты шешу арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту. 3. Пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өз ойын еркін айта білуге қалыптастыру. Оқушыларды ауызбіршілікке , ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Туған жерінің табиғатын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:


1. «Баспалдақ» ойыны
90 +10=80
24+2=26
38-8=30
72+2=75
25+3=28
40-20=20

2.Математикалық өлең есеп
Көлден ұшты 50 қаз,
Қайтып қонды 20 қаз
Қонбады оның нешеуі,
Қане кім тез шешеді? (30 қаз)

6 аламаның 2-ін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады. (4)

11 түйе, бес жылқы.
2 сиыр, бір ешкі
2 қоян, үш түлкі,
Неше болды барлығы? (24)


3. «Адасқан цифрлар» дидактикалық ойыны
Мақсаты: баланың ойлау жылдамдығын арттыру.
Мазмұны: Тәрбиеші 2, 4, 6, 7, 3, 5, цифрлары жазылған карточкаларды тақтаға іледі, балалар қалып қойған санды атайды.
4. «Сиқырлы қапшық» дидактикалық ойын
Қапшықта геометриялық пішіндер:
Балалар қолымен ұстап, сезу арқылы қандай пішін екенін айтады.


5. Математикалық жұмбақ:

1. Бір бірімен жарысқа Төрт аю, бір арыстан Екі қой мен бір  түлкі Бәрі нешеу кім білді?/сегіз/

2. Алпыс төрт бөлмеде

Отыз екі тұрғын бар.

Ақ, қарағып бөлгенде,

Бірін-бірі қуғандар,

Ханы үшін де, жаны үшін де

Бермейді олар намысын. /шахмат/

Сабақты қорытындылау.


33 сабақ


 Сабақтың тақырыбы: «Жас математиктер» сайысы    

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың ойлау қабілетін, тапқырлығын , жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру. 2. Математикалық сұраққа мәдени түрде жауап беру, қарым- қатынасты дамыту.

Сабақтың барысы:

І. «Бәйге» бөлімі:

Оң жақтағы 30: Шаршының периметрі 44 см, қабырғасы неше тең?/11 см/

Сол жақтағы 40: Інісінің 14 асығы бар, ағасының одан 5 асығы артық. Екеуінің неше асығы бар?/33 асық/

Ортадағы 40: Бұл ұпайды таңдаған ойыншыға 10 ұпай қосылады. Тағы таңдау құқығына ие болады.

Оң жақтағы 40: Қайрат Жанардан кіші,  бірақ Талғаттан үлкен.  Ал Ажар Жанардан үлкен болса,  ең үлкені қайсысы?/Ажар/

Сол жақтағы 50: Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді?/0 саны/

Ортадағы 50: Бір шеңбердің үстінде бір шеңбер/сегіз/

Оң жақтағы 50: Үш тауық 3 күнде 3 жұмыртқа табады. 12 тауық 12 күнде неше

жұмыртқа табады?(12/22)

Бұл бөлімнен ұпай аз екі ойыншы ойыннан шығады.

ІІ. Сайысымыздың келесі бөлімі «Жеті сұрақ» Бұл ойында әр дұрыс жауапқа 100 ұпайдан беріледі.

1 сұрақ: Жай сұрақ. Күннің көзі жылына неше рет шығады? /365 рет/

2 сұрақ: Қызықты сұрақ. Ағаш үстінде 30 торғай отыр еді, оның екеуін атып түсірді. Торғайлардың қаншасы қалды? /2/

3 сұрақ: Логикалық сұрақ. 35 санының соңғы цифрын өшірсек, ол қанша бірлікке азаяды?/32/

5 сұрақ : Ғажайып сұрақ. Әсем, Ардақ Жанар үшеуі математикадан бақылау жұмысынан қандайбаға алғандығын сұрағанда мұғалім:

Әрқайсыңның бағаң әр түрлі. Әсемнің бағасы үш емес, ал Жанардың бағасы 3 емес деді. Сонда әркім қандай баға алған?/ Әсем 5, Жанар 4, Ардақ 3/

6 сұрақ: Сандары белгілі бір байланыспен орналасқан.Сандар байланысы ерекшелігін тауып қатарды жағастыр:

9, 7, 10, 8, 11, 9, 12,...     /10, 13, 11.../

7 сұрақ: Математика мақал-мәтелде.

Неше елі ауызға,

неше елі қақпақ. /бір елі ауызға,екі елі қақпақ/

Келесі бөлімге ұпайы аз 1 ойыншы ойыннан шығады.

ІІІ. Келесі бөлім

Логика:

1. Бес бұтақты ағашта

Бұтақ сайын бес алма.

Біреуін бер алашқа

Қалады сонда қанша алма. /24/

 

2. Әдеттен тыс сұраққа Асқар  әрқашан шын айтады, ал Серік өтірік айтады. Оларға бірдей сұрақ қойғанда, олар бірдей жауап берді. Сондай болуы мүмкін бе?

/шыншыл да, өтірікші де «иә» деп жауап береді.

Сабақты қорытындылау. 


34 сабақ



Сабақтың тақырыбы: Тест жұмысы. Қорытындылау.

Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлауын дамыту.
2.
Есептеу дағдыларын жетілдіру;
3.
Математикалық тілде сөйлеуге, ұқыптылыққа баулу.
Сабақ барысы:

Тест
1- топ 2-топ
1. Амалды орында:
27 + 42 28 + 32
а) 69---------------------------а) 60
ә) 47 --------------------------ә) 61
б) 29 --------------------------б) 62


2. 1 жылда қанша ай бар? 1 аптада қанша күн бар?
а) 12 -------------------------------------------а) 7
ә) 18 -------------------------------------------ә) 14
б) 36 -------------------------------------------б) 21


3. Сатылғаны-10 л Кесе – 70 теңге
Қалғаны – 30 л Қасық – 30 теңге
7. Болғаны - ? Барлығы - ?
а) 10 --------------------------------------------а) 40 теңге
ә) 33 -----------------------------------------ә) 90 теңге
б) 40 -----------------------------------------б) 100 теңге


4. Салыстыр:
8 жүздік * 6жүзд 9 жүзд * 5 жүзд

Минутпен өрнекте: Сағатпен өрнекте:
2сағ 20 мин = --------------------------------1 тәуілік 4 саға=
а) 120 ә)140 б) 160 --------------------------а) 20 ә) 28 б) 24


Сабақты қорытындылау.




















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
17.12.2017
32284
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі