Логопедиялық сабақтың
жоспары
Тақырыбы: Р дыбысын
қою
Мақсаты:
Білімділік: Р дыбысы мен әріпі туралы
білімін жетілдіру;
Түзетушілік: тыныс алу қабілетін,
фонематикалық есту қабілетін, ұсақ қол моторикасын, артикуляциялық
аппарат мүшелерінің қимыл-қозғалысын дамыту; Р дыбысын жеке, буын
ішінде, сөзде айтуға машықтандыру. Ойлау, талдау қабілетін
дамыту.
Тәрбиелік: төзімділікке, бастаған ісін
аяғына дейін жеткізуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Презентация, Р әріпінің
шнуровкасы, липучкамен ойын, мақта,
жалауша.
Сабақ
барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу.
ІІ. Жаңа тақырыпқа
дайындық.
Жұмбақтың жауабын
табу.
Қарда бар, мұзда
жоқ,
Жарда бар, қызда жоқ. (Р
дыбысы)
Қырқада бар, қырда
бар,
Айранда бар, сүтте жоқ. (Р
дыбысы)
Р дыбысына арналған
артикуляциялық жаттығулар.
«Тіс
тазалау». Күлімдеу, тісті көрсету.
Ауызды сәл ғана ашып, тілдің ұшымен жоғарғы тістерді тазалау.
Ерінді қимылдатпай күлкі қалпында ұстап тұру
қажет.
«Саңырауқұлақ». Күлімдеу, ерінді сәл ғана ашу,
тілді таңдайға жабыстырып түсірмеу.
«Сағат». Тілді ауыздан шығарып,
оңға-солға қимылдату.
«Тәтті
тосап». Жалпақ тілмен жоғарғы және
төменгі ерінді айналдырып жалау.
«Сылақшы». Ауызды кең ашып, тілдің ұшымен
таңдайды оңға-солға қарай жалау.
«Тоқылдақ». Тілдің ұшымен жоғарғы тістің
артындағы қатты таңдайды ұрғылап «д-д-д» деп
айту.
Тыныс алу
жаттығулары.
Мұрынмен дем алып, ауызбен
шығару.
Мақтаны
үрлеу.
ІІІ. Жаңа
тақырып.
Р дыбысы – үнді дауыссыз
дыбыс. Дауыссыз дыбыс көк түспен
белгіленеді.
Р дыбысының артикуляциялық
қалпы. Тілдің ұшы жоғарғы тістердің
артындағы бұдырларға тиіп тұрады. Тілдің екі бүйір жағы жоғарғы
тістерге тіреледі. Тілдің пішіні қасыққа ұқсайды. Ауа екпінімен
тілдің ұшы дірілдейді. Дауыс сіңірлері жұмыс істейді, тамақ
дірілдейді (дауыс шығады).
Фонематикалық есту
қабілетімен жұмыс.
Р дыбысының айтылуын
тыңдату
Жалаушаны көтер,
егер:
-
Дыбыстардың ішінен Р дыбысын
естісең: Ш, Н, Л, Р, С.
-
Р дыбысы бар буынды естісең:
Аш, ан, ал, ар, ас.
-
Р дыбысы бар сөзді естісең:
бал, ас, ара, қазына, аға.
Фонематикалық талдау
қабілетімен жұмыс.
Липучкамен
ойын . Р дыбысының орналасу ретін
көрсет: сөздің басында, ортасында немесе соңында: радио, қармақ,
қасқыр. (Сәйкесінше көк таңбаны қажетті жерге
қою).
Сергіту
сәті.
Бір, екі –
еңкей,
Бүгілмесін
тізең.
Үш-төрт
шалқай
Иілмесін
тізең.
Қолды көтер
аспанға
Саусақты соз, жасқанба.
(Б.Бөрібаев).
Ұсақ қол моторикасымен
жұмыс.
Р әріпін жіппен байлап
шығу.
Липучкамен ойын. Төртінші
артық суретті алып таста.
Радио, ара, кітап,
жұмыртқа.
Орақ, балта, тарақ,
алмұрт.
Дыбыс
қою. Дыбысты қоюдың бірнеше
тәсілдерін қолданып көруге болады.
1-тәсіл. Еліктеу арқылы
жолбарыстың ырылдағанын салу.
2-тәсіл. Саңырауқұлақ
жаттығуын жасап тұрып, қағазға қатты
үрлеу.
3-тәсіл. 2-тәсіл көмектеспесе
«Тоқылдақ» жаттығуын жасатып тұрып, шарикті зондпен тілдің ұшының
астынан оңға-солға тербеліс қимылдарын
жасау.
Р дыбысы бірден қойылған
жағдайда буында, сөзде, сөйлемде машықтандыруға
кірісеміз.
Үйге
тапсырма: Артикуляциялық жаттығуларды,
тыныс алу жаттығуларын, дыбыс қоюды үйде ересек адаммен
қайталау.