Материалдар / р-есебі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

р-есебі

Материал туралы қысқаша түсінік
р -есебі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қараша 2024
46
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оспанов Ғабит Темірбекұлы Мектеп басшысының портфолиосы Р есебі

02-D-10-19 топ .

Алматы қаласы


Р есебі

Менің алғашқы жұмысым деңгейлік бағдарламалар бойынша біліктілік арттыру курсынан өткен мұғалімдер құрамынан тұратын өзгерістер- «Көшбасшылық» тобын құрудан басталды. Мен өзіме коуч ретінде тарих пәнінің мұғалімі Қ.А. және орыс тілі пәнінің мұғалімі Ж.Г.-ны таңдап алдым. А. Қ Ж.Г және деңгейлік мұғалімдер О.О. И.Р Л.С 9-шы қыркүйек күні «Сын тұрғысынан ойлау арқылы алдын ала қалыптастырылған өлшемдер (критерий) бойынша бағалауды қалыптастыру» 10-шы қыркүйек күні «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Диалогтық оқыту»тақырыптары бойынша коучингтер жүргізді. Өткен коучингтерге 24 мұғалім қатысты. Мұғалімдер коучингтің барысында 7 модульмен кеңірек танысты, топқа бөліп сабақ өту оқушылардың қызығушылығын оятатынын түсініп, топқа бөлудің бірнеше тәсілдерін үйренеді. Интербелсенді оқыту әдісі туралы жалпы түсінік қалыптасып, сабақ жоспарын құруда қолданылатын жаңа әдіс-тәсілдермен танысып, тәжірибелері дами түсті және LS әдісімен сабақтың қалай жүргізілетіндігімен танысты. 2019 жылдың желтоқсан айында мектеп әкімшілігі мен тәлім алушылармен бірлесе отырып, «Мектептің даму жоспарын» жасадық.

Мектептің даму жоспарының тақырыбы - « Оқыту мен оқу барысында жаңа әдіс – тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың ынтасын арттыру, білім деңгейінің көтерілуіне ықпал ету».

Жоспардың мақсаты - мұғалімдердің кәсіби даму қажеттілігіне қарай білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін мектеп үдерісіне енгізу. Сабақ жоспарына жеті модульді ықпалдастыра енгізе отырып сабақ берудің жаңа үлгілерін қалыптастыру.

Заман өзгерді. Білім саласында да өзгеріс қажеттілігі – заман талабы. Өзгеріс – оқыту үдерісімен байланысты екенін қабылдау дегеніміз – мектептер , мұғалімдер өз тәжірибесінен үйренетін, ал оқушылар тапсырамалар мен есептерді орындау арқылы білім алатын орын болу қажет дегенді білдіреді. Бағдарлама мұғалімге үш тағанды талап қойып отыр:

  • Мұғалім өз пәнінің білгір маманы болу керек, яғни өз пәнін жетік білетін;

  • Осы білімін оқушыларға әртүрлі әдіс -тәсілдермен жеткізе білетін білікті маман болуын;

  • Осы білімі мен біліктілігіне қоса оқушылардың жүрегінен жол таба білетін, жұмсақ жүректі, балалардың психологиясын жетік білетін, баланы жеке тұлға ретінде қабылдайтын адам болуына міндеттейді.

Желтоқсан айында деңгейлік мұғалімдер О.О, Д.Н, И.Р, Ж.Г кәсіби топтарға «Оқытудың және оқудың жеті модулі» тақырыбында коучинг- сессия өткізді». 7 модуль жайлы мұғалімдер мағлұмат алып, өз сабақтарында қолдана бастады. Өйткені алдымызда жаңа ұрпаққа білім беру міндеті тұр. Сол үшін қазіргі жаңа инновацияны жеткізу- осы бағдарламаны оқып келген мұғалімдер құзырында. Демек курсқа барып оны игерген мұғалім өзінің ұстанымын түбегейлі өзгертіп жаңаша жұмыс жасау керек.

12-ші желтоқсан күні Г.Ж «Критериалды бағалау» тақырыбында коучинг өткізді.

қаңтар оқуында И.Р «Модульдарды кіріктіріп сабақ өту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел барысында тәлім алушыларға әдістемелік көмек көрсетіліп, сабақтарды түрлендіріп өту әдістерімен таныстырды.

О.О., Ж.Г.,Ж.Г. 10.01.20 жылы «Сын тұрғысынан ойлау арқылы алдын ала қалыптастырылған өлшемдер бойынша бағалауды қалыптастыру» тақырыбында коучинг - сессия өткізді. Коучинг – сессияның барысында мұғалімдер бағалаудың мәнін түсінеді,оны қалай қолдану жолдарын үйренеді, жалпы өзара сыни бағалауды меңгереді және сыни тұрғысынан ойлау стратегияларын меңгереді, сыни ойлауды үйренеді.

Қорыта айтқанда, бұл дөңгелек үстел мақсаты- сын тұрғысынан ойлау арқылы әдіс- тәсілдерді қолдану жолдарын, өзара пікір алмасуын қалыптастыру, критерии бойынша өзара бағалау дағдысын дамыту.

Ж.Г. А.Қ 14.01.2020 жылы «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Диалогтық оқыту » тақырыбында коучинг – сессия өткізді. Бұл тақырып мұғалімдерге тілдік оқыту мен оқудағы басты рөлін зерттеуге, ғылыми зерттеулерге сәйкес сыныптағы оқушылармен қарым – қатынас жасау жөніндегі өзіндік тәсілді ұйымдастыруға және шығаруға көмектеседі. Мұғалімдер оқытудың диалогтік әдістерін енгізуге арналған тәсілдерді тиімді педагогиканың бөлігі ретінде қарастырады, мысалы, жауап алу және топтық жұмыс арқылы. Тиімді педагогиканың басты тәсілі-әр оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыру. Мұғалімнің міндеті- барлық оқушылардың білім алу, мақсатқа жету мен сынып өміріне қатысу қабілеттерін арттыру үшін оны тұлға ретінде дамытуға ерекше назар аудару болып табылады. Нәтижесінде, мұғалім топпен жұмыс жүргізеді, диалогтік тәсілді қолдана біледі, үйренеді. Сыныптың жағдайын өзгерте алады. Мұғалімдер:

- оқыту мен оқудағы тілдің басты рөлін түсінуге;

- бастауыш және орта буында оқыту мен оқу тәжірибесіне диалогтік әдістерді енгізуге;

- сыныптағы диалогтік әдістерді бағалауға;

- білім беруде оқушыға жеке көңіл бөлуді дамытуға ықпал ететін оқыту әдісі ретінде әңгімені, мысалы, жауап алу мен шағын топта жұмыс істеу әдістерін қалайша тиімді қолдануға болатыны туралы өз түсініктерін қалыптастыруға; диалогтік әдістердің оқуға көмегін түсіндіруге дайын болады.

Мектебімізде қаңтар айының 2,3,4- аптасында «Деңгейлік бағдарламаның оқытудағы тәсілдерінің теориялық негіздерімен ата-аналарды таныстыру » мақсатында 5-11- сынып оқушылары ата-аналарымен жаңа әдіс бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің жоспары алдын ала жасалынып, жоспарға сай өткізілді. Мектеп проблемасы бойынша ата-аналарға сұрақтар қойылып, ата-аналар қойылған сұрақтарын бойынша өз ойларын постерге түсіріп қорғады. Дөңгелек үстелге деңгейлік мұғалімдер мен қатар мектебіміздің психологтары Б.С., И.Е- дар да қатысып, ата-аналармен сауалнама жұмыстарын жүргізді. Дөңгелек үстелдер тартымды өтті. Дөңгелек үстелдердің соңында ата-аналардан дөңгелек үстелдің қалай өткендігі жайлы рефлексиялық түйін алынды. Қаңтар айының 4- аптасында деңгейлі мұғалімдер өздерінің атқарған жұмыстарын қорытындылады.

Мектептің мәдениетін өзгерту, мектеп мәдениетінің бейімделу қабілетін дамыту, мектебіміздің алға жылжуына қандай құндылықтар мен ұстанымдардың көмектесетінін түсіну мақсатында ақпан айы «Мектебіміздің мәдениеті мен салт-дәстүрі» айы деп жарияланды.

Ақпан айында О.О., Ж.Г., И.Р., К..Г,Д.Н., тәлім алушы мұғалімдер «Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау, оқытуда АКТ-ны пайдалану» тақырыбында коучинг жүргізді. Коучингтің мақсаты- сыныптар үлгерімін бақылау, тиімді әдістерді таңдау. Нәтижесінде, сыныптар бойынша білім сапасы анықталады, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері таңдалады, өзін-өзі бағалау және кері байланыс дағдылары қалыптасады. Наурыз айында Д.Н. «Оценивание для обучения и оценивание обучения» в целях повышения мотивации Реализация подхода LS в 4,7 –классах. Заседание членов СС ментора по итогам внедрения модуля», И.Р. «Көшбасшылық», И.Р., К.Г. «Тізбектелген сабақтар топтамасы бойынша мастер-класс сабақтары» тақырыптарында коучинг семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізді. 3-15 наурыз аралығында мектебімізде «Ашық есік» күні өткізілді. Ата-аналар мектебімізде болып жатқан өзгерістермен сабаққа қатысу барысында танысып, сабақтан шыққанда өз ойларын парақшаларға түсіріп кетіп отырды.

Мен наурыз айында жасаған жұмыс жоспарымды басшылыққа ала отырып, жаңа бағдарлама бойынша жүргізетін жұмыстарым негізінде тәлімгер үйретушілерім, пән мұғалімдері Б.Г., К.Э.-ға тәлімгерлік жасап, оларға методикалық көмектер беріп жүрдім. Олардың үйренсем деген, білсем деген ынта жігерлері жақсы болды. Тәлімгерлік жұмысымның мақсаты - бағдарлама негізінде тәлім алушымен жаңа сабақ дағдысы туралы біліммен бөлісу, барлық оқып үйренгенімді, жұмыстарды бірлесіп атқару және білгенімді әріптестеріме үйрету . Сабақты топқа бөліп өту, топтың ережелері болуы, топқа бөліну балаларды ұйымшылдыққа, достыққа жетелейтінін оқушыға да, мұғалімге де жақсы көмегі бар екеніне көз жеткізе білу. Оқушылардың өз бетімен ізденуіне жол көрсетіп ,оларды сырттай топпен бақылау оларды белсенділікке, сенімділікке бастайтынын байқадық. Тәлімгер мен тәлім алушының қарым-қатынасы міндетті түрде мына қасиеттермен белгіленеді: сенімділік, ортақтастық, шынайылылық, адалдық, жасөспірімді тәрбиелеуге деген талпыныс. Мектептегі тәлімгерлік жұмысымды жүйелі түрде жүргізсем, менің еңбегімнің жемісі көп күттірмейтініне сенімдімін. Мұғалім барлық жақсыны үйренсем, білсем деп жүретін ізденімпаз адам ,сондықтан менің әріптестерім бұл жұмысқа өздерін жақсы жағынан көрсетеді деп ойлаймын..

Наурыз айының 1- аптасында мұғалімдерден Талис сауалнамасы алынды. Сауалнаманы тексеру барысында даму бағыттары анықталғандығы байқалды. Осы айда оқушылардан да сауалнама алынып, деңгейлік бағдарламаның оқушы білім деңгейіне әсер ету қорытынды мониторингі жасалынды. Оқу жылының қорытындысы бойынша, жаңа әдіс-тәсілдерді оқу мен оқытуға енгізу және оқушылардың ынтасын арттыру бағдарламасының күшті де әлсіз жақтары белгілі болды.

Жылды қорытындылау барысында, бүгінгі әлем дамуының жаңа ұстанымдары білім беру жүйесінен күн сайынғы экономикалық, әлеуметтік және мәдени өзгерістерге мейлінше бейімделуді талап етеді.

Бұл ауқымды мәселе туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы Қазақстан халқына «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында: «Оқыту жүйесіне заманауи әдістемелер мен технологияларды ендіру керек,» - деп бекер айтпаған болар.

Қорыта айтқанда, бүгінгі таңда жеке, яғни салауатты өмір салтына лайықты, өз халқының патриоты болатын азамат қалыптастыру біліммен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы болып отыр. Өйткені біз өмір сүріп жатқан қоғам барған сайын күрделенуде. Сайып келгенде, білім сапасының ең жоғарғы деңгейінің негізі-мұғалімнің сабақты дұрыс болжап, нақты жоспарды шығармашылықпен жасап, ізденімпаздықпен еңбектене білуінде. Қазіргі жаңа педагогикалық технология осыны талап етеді. Әрбір сабақты «Әрбір бала-болашақ данышпан» деген қағидаға сүйене отырып, ертеңгі жасұлан қоғамға дәрменсіздік танытпасын десек, білімді болып шығуына ықпал жасауымыз керек. Ол үшін мұғалімнің біліктілігі қазіргі талапқа сай болуы керек. Әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастыру-бүгінгі ұстаз жауапкершілігі. Бұл мақсатқа жету үшін әр мұғалім іс-тәжірибесінде озық технология элементтерін пайдалануы керек. Менің ойымша, білікті ұстаз-білім кілті. Қай заманның мұғалімі болмасын, ұлы Абайдың «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға...»- дегендей, оқу-тәрбие ісінен жалықпайтын шығармашылығы мол, еңбекқор, парасатты азамат болуы шарт. Қазіргі заман мұғалімі өз пәнінен білімді болып қана қоймай, тарихи танымы мол педагогикалық-психологиялық сауатты болуы керек. Жаңа заманның тарихын жазатын, оның кемшілік тұстарын толтыратын - осы бүгінгі жас ұрпақ. Сондықтан да жастарды оқытып, тәрбиелеп жатқан біздер,мұғалімдерге, үлкен жауапкершілік жүктеледі.





Қолданылған әдебиеттер:

1.Басшыға арналған нұсқаулық

2.Үлестірмелі материалдар (екінші апта)



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!