Материалдар / "Рәміздерді құрметтеу парызың"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Рәміздерді құрметтеу парызың"

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім алушылардың отанын құрметтеуге, ұлттық сана-сезімін қалыптастыруға тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Ақпан 2021
372
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Рәміздерді құрметтеу парызың» дөңгелек стол



Сабақтың тақырыбы: «Рәміздерді құрметтеу парызың»

Сабақтың мақсаты: а) Мемлекеттік рәміздер туралы білім алушылардың білімдерін тереңдете отырып, саяси сауаттылықтарын арттыру арқылы қазіргі кездегі мәртебесінің төмендеп кеткендігін жеткізу, рәміздердің маңыздылығын  ұғындыру;

ә) Мемлекеттік рәміздерді құрметтей алатын, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан жеке тұлға дамытуға жағдай туғызу;

б) Рәміздерді құрметтеу арқылы отан сүйгіштікке тәрбиелеу, елін, жерін сүюге баулу.

Сабақтың көрнекілігі: ҚР-ның рәміздері, «Ту,Елтаңба,Әнұран.


Сабақтың барысы: 

1. Ұйымдастыру кезеңі.Педагог кіріспесі.

2. Рәміздер және олардың авторлары туралы мағлумат

3.Мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібі

4. Мемлекеттік рәміздердің мәртебесі ( презентация)

5. Мемлекеттік рәміздерді қорлаған азаматтарды жауапкершілікке тарту

6.Мемлекеттік рәміздердің мәртебесін көтеру жолдары. Қорытынды сөз.

.

1.Кіріспе: Құрметті білім алушылар! Бүгінгі сабағымыз тәуелсіз Отанымыздың ұлттық мақтанышы – мемлекеттік рәміздерге арналады. Онда мемлекетіміздің рәміздері туралы білімдерімізді толықтырып, құрметтеуге үйренеміз. Кез келген мемлекеттің айшығы – мемлекеттік рәміздері екені белгілі.

Елін, жерін сүю мен Отанға деген адалдықтың бір белгісі – мемлекеттік рәміздерімізді қадір тұту болып табылады. Олай болса, рәміз дегеніміз не?

Рәміз – белгілі идеяны білдіретін белгі, бейне. Рәміздік белгілер ғасырлар бойы дами келе мемлекеттік рәміздерге (ту, елтаңба, гимн) айналды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 4 маусымдағы №3827 Жарлығына толықтырулар енгізіліп, 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні ретінде аталып өтетін болды.

1992 жылы 6 маусым күні тәуелсіз еліміздің тұңғыш мемлекеттік рәміздерінің тұсаукесер салтанаты өтіп, сол күні Президент сарайы мен Парламент Үйінің төбесіне Ту көтерілді, Елтаңба орнықты. 6 ай өткен соң 1992 жылы 11 желтоқсанда Мемлекеттік Гимннің мәтіні бекітілді. Ол 2006 жылы қайта өзгеріп, желтоқсан айында жаңа Гимн қабылданды.

Әрбір топ мүшелері алдын ала берілген тапсырма бойынша Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Гимн туралы толық мағлуматты баяндайды .

  

Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары, өзіндік тарихы мен дәстүрі бар жас егеменді мемлекеттің бет бейнесін көрсетеді. Сондықтан әрбір адам үшін қасиетті болып саналатын елінің нышандарына кұрметпен және ерекше ыждахаттылықпен қарауды жеткіншек ұрпақтың санасына сіңіру қажет. Мемлекеттіліктің атрибуттары: Ту, Елтаңба, Гимнді зерделеу, олардың болмысы мен маңызына түсінік беру Тәуелсіз Қазақстанның болашақ азаматтарына тәрбие беру ісіндегі негізін қалаушы бағыттардың бірі болуы қажет.
Ұйымдарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау және қолдану жөніндегі жұмыста Қазақстан Республикасының Конституциясы; -Қазақстан Республикасы Президентінің  1996 жылғы 24 қаңтардағы «Қазақстан  Республикасындағы мемлекеттік рәміздер туралы» №2797 Жарғысы;Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау жөніндегі ҚР білім және ғылым министрлігінің әдістемелік ұсыныстары басшылыққа алынады.
Жоғарыда баяндалғанға байланысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолдану және насихаттау жөнінде ұсынылады:
1. Мемлекеттік рәміздердің бір деңгейде, сондай-ақ ретімен орналасуы сақталады: Ту, Елтаңба, Гимн.
2. Білім беру мекемелерінде және әртүрлі ведомстволық ұйымдарда мемлекеттік рәміздердің, салтанатты шаралар, жиылыстар өтетін арнаулы жерде орналасқан көрнекі нұсқасы (немесе стационарлык бұрыш) болуы керек.
Келесісі сақталсын:
1. Мемлекеттік рәміздер толык пайдаланылуы қажет (яғни, бір атрибуттың болмауына жол берілмейді, Тудың матадан жасалған, Елтаңбаның - бедерленген түрі);
2. Мемлекеттік рәміздер бұрышы жарықтандырылуы қажет.
Білім беру мекемесінде мемлекеттік рәміздер міндетті түрде болуы керек.













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!