Материалдар / "РАҚЫМЖАН - ЖЕҢІС САРБАЗЫ"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"РАҚЫМЖАН - ЖЕҢІС САРБАЗЫ"

Материал туралы қысқаша түсінік
сыныптан тыс іс-шараларға қолдануға арналған баяндама
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Мамыр 2021
1609
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Баяндама

Рақымжан – жеңіс сарбазы!

Биыл Ұлы Жеңіске 76 жыл. Бірақ бұл жеңіс бізге оңай келген жоқ, бұл жолда ата бабаларымыздың қаны мен жаны құрбан болды. Әрбір бесінші қазақстандық майданға аттанды, осынау қазақ елінде Ұлы Отан соғысының өрті шарпымаған бірде-бір отбасы жоқ шығар. Солардың жартысынан көбі елге оралмады. Сондықтан да қазақ елі үшін қандай да болмасын мерекенің, мейрам мен тойдың ұлысы - Жеңіс күні болып саналады, әрі бұл солай болуы да тиіс.

Соғыс жылдары елін жерін қорғауға көп азаматтарымыз өз еркімен майданға аттанды. Солардың бірі Рейхстагтың фронтанына алғаш болып туды тіккен Рақымжан Қошқарбаев.

1944 жылы қазан айынан бастап I Белорусь майданындағы 150 атқыштар дивизиясы құрамында 674-ші атқыштар полкінің взвод командирі, Польша және Германия жерлеріндегі ұрыстарға қатынасты.

Лейтенант Қошқарбаев Берлин операциясы кезінде асқан ерлік көрсетті. 30-сәуірде ол жауынгер Григорий Булатов екеуі Кеңес әскерлері арасынан Рейхстагқа алдымен жетіп, жеңіс туын тікті.

Рақымжан Қошқарбаев 1924 жылы Ақмола облысының Астанаға жақын орналасқан Тайтөбе ауылының маңындағы қыстақта дүниеге келді. Ол ата-анасынан ерте айырылды: 4 жасында анасы дүниеден өтті, ал әкесі болса, жалған саяси жаламен сотталып, ГУЛАГ лагерьлерінде болды.

1942 жылы 18 жасында әскер қатарына келді. 1943 жылы офицерлік училищеде оқытуға сержанттардың бір тобы іріктеліп алынды, Рақымжан осы топқа ілігіп, Ресейдің Тамбов қаласынан қоныс аударып, Фрунзе қаласына орналасқан офицерлік училищеге келеді. Училищені 1944 жылдың қазан айында тәмамдап, оған кіші лейтенант шені берілді. Р.Қошқарбаев бірінші Беларусь майданының 3-ші пәрменді армиясына 1944 жылғы қараша айының ортасында келіп жетеді.

Рақымжанның майдандағы соғыстарға қатысуы мерзімді баспасөзде және көркем әдебиетте жан-жақты жазылды. Берлиннің өзінде болған соғыстарда ол өзінің взводымен ең алдыңғы шептерде болды, Король алаңына — "Гитлердің үйіне" бірінші болып жетті. "Бірінші" дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен марапатталды. Осында "Гитлердің үйінде" барлау взводының командирі, лейтенант Қошқарбаевқа Рейхстагқа Қызыл туды тігу туралы тарихи жауынгерлік бұйрық берілді. "Гитлер үйі" мен Рейхстагка дейін арақашықтық 360 метр ғана, бірақ ол жан-жағынан оқжаудырылған ашық алан үстінде еді. Лейтенант Қошқарбаев өзінің солдаттарымен бұл қанды метрлерді толассыз атылған оқтың астында 7 сағатта, жерге жабыса еңбектеумен өтті. Рейхстагқа ол Григорий Булатов деген солдатпен бірге жетті және бұйрықты орындап, Рейхстагтың фронтанына туды тікті. Бүл сәуірдің 30-ы күні 18 сағат 30 минутта болған еді.

Қошқарбаевтың жасаған ерлігі туралы жазушы Борис Горбатов: «Шын мәнісінде біздің жауынгерлерді бүркіт пен қыранмен салыстыру еш керек емес. Ешқандай бүркіт Қошқарбаевпен тең келе алмайды. Ол менің көзімше Рейхстагқа Жеңіс Туын тіккен. Бұндай батырды сипаттау үшін мүлдем басқа теңеулер мен образдар, жаңа поэзия керек» -деп жазады.

Рақымжан Қошқарбаевтың көзсіз ерліктеріне бірнеше рет Кеңес Одағының батыры атағына ұсынылады. Бірақ әкесі 1937 жылғы репрессия құрбаны болғандықтан Сталиннің өзі «Бермеу!» туралы бұйрық береді.

Соғыс жылдарынан кейін:

1947 – 67 ж. Ақмола облыстық атқару комитетінде нұсқаушы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы қоныс аударушылар жөніндегі бас басқармада инспектор,

1967 жылдан «Алматы» қонақ үйінің директоры болды.

Қызыл Ту, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.

1988 ж. 10 тамызда Алматы қаласында қайтыс болды.

1999 жылы Р.Қошқарбаевқа «Халық қаһарманы» атағын беріліп Елбасының өзі батырдың отбасына Батырдың жұлдызын тапсырды.

2007 жылы Ресейдің Әскери тарих институты 150-і атқыштар дивизиясының лейтенанты Рақымжан Қошқарбаевтың және Григорий Булатовтың 1945 жылдың 30 сәуірінде Рейхстагқа ту тіккені туралы тарихи оқиғаны ресми түрде растады.

Осылайша тарихи әділдік орнап, батырларымыздың ерлігі ұрпаққа үлгі болып, тарихта алар орны алтын әріптермен жазылып қалды.

Ендеше, тамыры тереңде жатқан тарихы бар, өшпес ерлік көрсеткен батыр ерлері бар тәуелсіз Отанымызда тойланған Ұлы Жеңістің 76 жылдық мерекесі құтты болсын.

Отан үшін жанын құрбан етіп мына бейбіт заманды, тәуелсіз Қазақстан елін көре алмай, Жеңіс үшін жанын пида еткен майдангерлерге – осы ұрпақтары атынан шексіз алғыс айтып, мәңгілік құрметпен бас иеміз! Қара тасқа есімдері қашалып жазылған, ерлер есімі - ел есінде мәңгілік сақталады.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!