Материалдар / "Раушан гүлін өсіру құпиясы" жоба
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Раушан гүлін өсіру құпиясы" жоба

Материал туралы қысқаша түсінік
Зерттеу жұмысының мақсаты: - Раушан гүлінің шығу тегі, түрлерімен таныстыра отырып, раушан гүлін зертхана жағдайында зерттеу және көбейту. - Биология пәнінен алған теориялық білімдерін практикамен ұштастырып оқушылардың биология пәніне қызығушылықтарын ояту. Зерттеу жұмысының міндеті: биология пәніне қызығушылықтарын оятып, өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерін арттыру. Оқушылардың мамандық таңдауларына ықпал етіп, өмірге бейімдеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1298
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МҰҒАЛЖАР АУДАНЫ

АҚКЕМЕР ОРТА МЕКТЕБІ

«ТҰЛҒА» ОҚУШЫЛАР ҒЫЛЫМИ ҚОҒАМЫ







ОҚУШЫНЫҢ АТЫ-ЖӨНІ: КЕНЖЕГАЛИЕВА АЙДАНА

КОНАЕВА АСЕМ







ТАҚЫРЫБЫ: «РАУШАН ГҮЛІН ӨСІРУ ҚҰПИЯСЫ»





КЛАСЫ: 5-6 «Ә»



МЕКТЕБІ: АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ

МҰҒАЛЖАР АУДАНЫ

АҚКЕМЕР АУЫЛЫ

АҚКЕМЕР ОРТА МЕКТЕБІ





БАҒЫТЫ: БИОЛОГИЯ

ЖЕТЕКШІСІ: ТАНАШЕВА ГУЛЬНАЗ УТЕГЕНОВНА

БИОЛОГИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ







Аннотация

Зерттеу жұмысының мақсаты:

  • Раушан гүлінің шығу тегі, түрлерімен таныстыра отырып, раушан гүлін зертхана жағдайында зерттеу және көбейту.

  • Биология пәнінен алған теориялық білімдерін практикамен ұштастырып оқушылардың биология пәніне қызығушылықтарын ояту.

Зерттеу жұмысының міндеті: биология пәніне қызығушылықтарын оятып, өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерін арттыру. Оқушылардың мамандық таңдауларына ықпал етіп, өмірге бейімдеу.

Ғылыми болжам

Гүл өсіру – өсімдік өсірудің бір саласы. Бұл ертеден келе жатқан және қазіргі кезде тез дамыған шаруашылықтың бір саласы. Гүл өсіру Нидерландияда, Германияда, Жапонияда т.б елдерде жақсы дамыған. Раушан гүлін өсіру, көбейту қазіргі замануи нарық сұраныстарын қамтамасыз етуге өзінің сүбелі үлесін қосатын, аграрлық кешеннің әрі үдемелі, әрі жедел өзгеріп, тез дамитын саласы болып табылады.

Келешекте раушан гүлін өсіру және көбейту технологияларын жетілдіру. Раушан гүлін тамшылатып суару әдісімен жылыжайда өсіру.



Жаңалық

Бөлме жағдайына байланысты раушан гүлдерін өсірудің тиімді жолдарының құпия сырын ашу. Гүл отырғызудың қыр-сырын жинақтап, оларды жан- жақты зерттеу мен көпшілікке насихаттау. Пайдалы қасиеттерін айту.

Жауапкершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Жұмыс барысын сыныптастарына жеткізу, жобаны одан әрі дамыту.





Кіріспе

    1. Раушан гүлін өсіру және көбейту

Елбасы Н.Назарбаевтың халыққа арналған Жолдауында «Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы замандағы білім беру жүйесі қажет. Оқу жастарға тек білім беріп қана қоймай, сонымен бірге оларды әлуметтік бейімделу үрдісінде пайдалана білуге де үйретуі тиіс» деп атап көрсетіп, елімізде жаңа серпіліс жасау қарсаңында жүзеге асырылатын білім саласында алда тұрған міндеттерді белгілеп берді. Елбасымыздың жолдаған әрбір жолдауын іске асыру, оны орындау - әрбір азаматтың парызы. Сонымен бірге елу елдің қатарына қосылу үшін, ең алдымен бәсекеге қабілетті болуымыз тиіс. Ал біздің басты міндетіміз – білімді, өмірге бейімделген жеке тұлға болу.

Оқушылардың раушан гүлін өсіруге және көбейтуге қызығушылықтары арта түсіп, күз мезгілінде ұсыныс жасады. Биология пәнінен алған теориялық білімдерін практикамен ұштастырып, раушан гүлін зертхана жағдайында зерттеу және көбейтумен айналысты. Қазіргі таңда 5-6 кластың оқушылары Кенжегалиева Айдана мен Конаева Асем раушан гүлдерін өсірумен айналысады. Қазіргі таңда раушан гүлдерін көбейтудің көптеген әдіс – тәсілдері бар. Соның бірі ӨРКЕН арқылы вегативтік жолмен көбейту. Көбейтудің дәл осы жолын пайдаланып оқушылар мектеп жаныңдағы гүлзардағы раушан гүлдерін көбейтумен айналысады. Күз мезгілінде оқушылармен бірлесіп раушан гүлдерінің бұталарынан көбейтуге арнап өркен қиып алып, өркендерді дайындап, гүл егетін топырағын құнарландырып егуге дайындады. Оқушылар раушан гүлін еккеннен соң, гүлдерді күтіп, баптап уақытында суарып бақылау күнделігін жүргізді. Оқушылар асқан қызығушылықпен және жауапкершілікпен гүлдердің өсуін қадағалап отырды. Оқушылар осы зерттеу жұмысының арқасында ауызбіршілікке, топпен жұмыс жасай білуге, ізденімпаздыққа, жауапкершілікке үйренді. Қосымша білімдерін жетілдіру мақсатында көп ізденіп, ғаламтор желісінен раушан гүлдер туралы мәліметтер жинақтап өз беттерінше зерттеу жұмыстарын жүргізді. Оқушылар мен күткеннен де артық әсер алды. Өз ойларын жарыса айтып, қызу пікірталас тудыра алды. Меңгерген білімдерін жинақтап, тәжірибемен ұштастырып сараптай келе болашақта раушан гүлін тамшылатып суару әдісімен жылыжайда өсіруді жоспарлап отырмыз.









ІІ. Негізгі бөлім

2.1 Раушан гүлі туралы не білеміз?

1. Раушан гүлінің тарихы

Раушан  – гүлдердің патшайымы. Жалынды махаббат пен тәжім етудің, сүйкімділіктің нышаны. Раушан бағзы замандардан-ақ ең сәнді өсімдік саналып келген. Ежелгі Иран халқында осы гүлдің көркемдігі туралы жүздеген томды кітаптар жазылған. Еңбектегі Иран халқының ақындарының айтуынша, раушан Тәңірдің тарту еткен сыйы екен. Күндердің күнінде Флора патшалығының балалары Құдайдан өздеріне қашанда ұйқыда жүріп, билеушіге тән міндеттерін есінен шығарып ала беретін Лотостан басқа патша тағайындап беруін жалынып сұрайды. Мейірімді Аллаһ Тағала өтініштеріне құлақ асып, оларға өткір тікенді, періштедей пәк ақ раушанды жібереді. Конфуцийдің еңбектеріне сүйенер болсақ, ежелгі  Қытайдың патшалық кітапханасында раушан туралы 600 кітап болған екен. Және сол кездің өзінде қытайлықтар раушан майын дайындау тәсілін жетік білген. Б.з.д. 372-287 жылдары өмір сүрген Теофраст раушан гүлдің жабайы және бақта өсетін түрлерін ажыратып берген. Ал, көненің көзі саналатын Алтай қорғандарынан (б.з.д. V – IV ғ.ғ.) раушандар бейнеленген күміс тиындар табылған.

2. Раушан (Rosa-Роза) - раушангүлділер тұқымдасына жататын бұталы өсімдік. Гүлдері қосжынысты, қосжарнақты өсімдіктер тобы.

Раушан - жабайы итмұрыннан шығарылған іріктеме. Итмұрын гүлінде аталықтар саны өте көп. Олардың саны 100-ге жетеді. Адамның ерінбей еңбектенуі нәтижесінде соншама аталықтар күлтеге айналдырылды. Сөйтіп бұйраланған раушан гүлі пайда болды. Осыдан 2000 жыл бұрын адамдар раушан гүлдерін сәндік өсімдік (гүл) ретінде өсіре бастады. Бау-бақшада өсірілетін раушан гүлі мәдени өсімдік болып саналады. Раушан гүлінің 250 түрі, 25000 іріктемесі бар. Олар бір-бірінен сабақтары мен күлте жапырақтары арқылы ерекшеленеді .

Раушан гүлінің күлтесінен май алынады. Раушан майы - өте бағалы май, хош иісті заттар алуға пайдаланылады. Түрлі парфюмериялық өнімдер үшін негізгі шикізат көзі болып саналды .







2.2 Раушан гүлін өсіру кезеңі.

Қазіргі таңда раушан гүлдерін көбейтудің көптеген әдіс – тәсілдері бар

Соның бірі ӨРКЕН арқылы вегативтік жолмен көбейту. Көбейтудің осы жолын пайдаланып біз мектеп жаныңдағы гүлзардағы раушан гулдерін көбейтумен айналысамыз. Ол үшін бүлінбеген, солмаған гүлдеп болған раушан гүлінің сабағын алып, жапырақтарын қиып, қажетті өркен дайындаймыз. Өркеннің астыңғы бөлігін бүршіктің астынан 45оС –қа көлбеу етіп кесеміз, үстіңгі бөлігін бүршіктің үстінен 90оС- қа тіке етіп кесеп егуге дайындаймыз. Содан соң арнайы дайындаған топыраққа егіледі.

Раушан гүлінің күтімі:

Раушан гүлі ерекше күтімді қажет етпейді, тек гүлді отырғызуға арналған ыдыстың топырағы жақсы дайындалуы тиіс. Су ағатын тесіктерін бітелмейтіндей етіп жауып, түбіне майда тас салу керек. Оның үстіне еленген шымтезек пен құмның, топырақ қосындысын салады. Егу алдында топырақты жақсылап ылғалдайды.

Өркен арқылы өсіру бөлме жағдайында өсіріп, жерсіндіру арқылы өсу ерекшеліктерін, өсу қарқындылығын бақыладық. Өсімдіктерді үйде өсіруге дұрыстап іріктеп алу үшін, олардың өсуіне қажетті жағдайларды (жарық, температура және ауаның ылғалдылығы) жақсы білу керек. Оны табиғат жағдайларына сәйкестендірген жөн. Өсімдіктің өсіп-өнуі үшін ең бірінші жарық қажет.























2.3 Практикалық жұмыс: «Біздің тәжірибемізде»

Shape2 Shape1

Shape4 Shape3

Өркеннің астыңғы бөлігін бүршіктің астынан 45оС –қа көлбеу етіп кесеміз, үстіңгі бөлігін бүршіктің үстінен 90оС- қа тіке етіп кесеп егуге дайындаймыз



Shape5

Shape6

2.4 Пайдалы кеңестер:

Зерттеулер бойынша раушан гүлдері адамға әр түрлі жақтан әсер етеді. Теледидар, компьютер, толқынды пештердің сәулелерінен сақтануға көмектеседі.

Өсімдіктердің ең басты қасиеті – олар адам өміріне зиянды микроорганизмдерді жойып жіберетін ерекше зат – фитонцидтерді өз бойынан, бөліп шығарады.

Емдік қасиеттері:

Қызыл немесе ақ түсті гүлдерінің жапырағынан жасалған тұнба немесе сироп бедеулікті емдеуде қолданылып халық арасында оның емдік қасиеті мақұлдануда. Себебі раушан гүлінің жапырақтары мен күлтесі Е дәруменіне өте бай. Сонымен қатар халық емінде өкпе ауруына, тыныс жолдарын емдеуге де қолданылады.

Раушандар әлеміндегі соңғы жаңалықтар

Әр түрлі елдердің селекционерлерінің арқасында бүгінде раушанның шамамен 25 000 сұрпы алынған. Раушанды сұрыптауды жүргізіп отырған алпауыт мемлекеттердің басында  Франция, АҚШ және Англия тұр.

Гавай аралдарының көгілдір аспандарының астында көгілдір күлтелі раушандар жайқалып тұрады.

Раушандардың ең сирек кездесетін түрі – меруерт раушандар. Мұндай гүлдер Румынияның Клуж қаласындағы «Напока» ботаникалық бағында өсіріледі. Күлтелері ашық жасыл түсті бұл таңғажайып раушандар инеліктің қанатын еске түсіреді.

Бұл аз десеңіз, соңғы уақытта мұңды кейіптейтін қара раушандар дүниеге келген.

Италияда өткен гүлдер көремесіне сабағында бірде-бір тікен жоқ ақ раушан гүлі қойылған.

















Қорытынды.

Біздің ертеңгі жемісіміз - білім. Заман талабына сай болу үшін көп оқып, көп үйрену керек. Оқушыларға білім, білік және кәсіптік бағдар беру барысында мұғалім әр оқушының алдында оның келешегіне шын мәнде жауапты. Еңбекке тәрбиелеу, және кәсіптік бағдар беру, оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету басты міндетіміз. Қазіргі кездегі іскерлік заманында технологияның тез ауысуына байланысты адам өз кәсібін еріксіз өзгертуіне тура келетіне әлемдік тәжірбие куә. Қазіргі нарықтық заманда болып жатқан өзгерістерге біз дайын болуымыз қажет, шығармашылық жұмыстарға жол ашылып отыр. Біздің қоғамға жаңа мағлұматтарды қабылдап қана қоймай, оны ойлана отырып, сыни талқылап, ой елегінен өткізе алатын оқушылар керек. Олар жаңа идеяларды әр түрлі көзқараспен зерттеп, шынайылығы мен пайдасын талқылап, идеяның жалпы құндылығын анықтай алулары қажет. Сол себепті осындай жобалар арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады. Ой еркіндігіне үйреніп, бірлесе әрекет етіп, өз мақсаттарын анықтауды үйренеді.

Өсідіктер тек әдемілік сыйламайды, сонымен қатар адам денсаулығына жақсы әсер етеді. Олардың ең басты қасиеті – олар адам өміріне зиянды микроорганизмдерді жойып жіберетін ерекше зат – фитонцидтерді өз бойынан, бөліп шығарады. Сондықтан кеңселерге, мектеп ауласына көптеп раушан гүлдерін өсіруге кеңес береміз.

Оқушылар мен күткеннен де артық әсер алды. Өз ойларын жарыса айтып, қызу пікірталас тудыра алды. Меңгерген білімдерін жинақтап, тәжірибемен ұштастырып сараптай келе болашақта раушан гүлін тамшылатып суару әдісімен жылыжайда өсіруді жоспарлап отырмыз.

Кішкене жобалар арқылы болашақта еліміздің көркейуіне үлес қосу. Зерттеу жұмысы барысында оқушылар өзін-өзі реттеу қабілеттері дами бастағандығын байқадым, алған теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана білуі оқушылардың танымдық, шығармашылық, қарым-қатынас құзіреттілігін арттыруға жол ашады.

















Қолданылған әдебиеттер:

  1. Арыстанғалиев С, Рамазанов С. Қазақстан өсімдіктері

  2. Р.Әлімқұлова, Ә.Әметов. Биология жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық – Алматы: «Атамұра 2015» 141-145бет

  3. Уикипедия – ашық энциклопедиясы

  4. Massaget.kz

  5. Ғаламтор көздері













































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!