Материалдар / реферат ақша
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

реферат ақша

Материал туралы қысқаша түсінік
ақшаның қоғамдағы рөлі және маңызы. ақша айналымы туралы түсінік. ақшаның шығу тарихы. дәуірлік сиппатамасы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қазан 2022
822
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Кентау гуманитарлық-техникалық колледж»білім беру мекемесі








Реферат





Тобы: БББ-01-19(9)

Курсы: 4

Орындаған: Саулет Нұрай

Қабылдаған:Тажимбетова М.А



2022-2023 оқу жылы




АҚША

Ақшаның функциялары мен ақша агрегаттары


Ақша — айырбас құралы ретінде барлық адамдармен қабылданатын және басқа тауарларды (қызметтерді) бағалауға қызмет ететін кезкелген тауар немесе символ.

Әр уақыттарда және дүниенің түрлі бөліктерінде адамдар ақша ретінде әр түрлі тауарларды [2] – астықмал, қымбат тастар және металдарды пайдаланды. Ұзақ уақыттар бойы ақша есебінде алтын және күміс жүрді. Қымбат металдардың физикалық қасиеттері (біртектілігі, мықтылығы, құндылығы) ақша атқаруға тиісті талаптарды толық ақтады. Сондай-ақ металл ақшалардың маңызды қасиеттерінің бірі – оларды бөлуге болытын еді. Қымбат металдар, көлемі қандай болса да, өзінің пайдалы қасиеттері мен құндылығын жоғалтпайды. Құнды металдың белгілі бір көлемінің сақталуына мемлекеттік кепілдік ететін алтын және күміс теңгелер пайда болды.[3]

Соңғы ғасырларда алтын және күміс теңгелердің орнына қағаз ақшалар жүре бастады. Қағаз ақшаның құны алтынмен кепілденді және олар алтынға еркін айырбасталды.

Ақша (ағылш. money; cashнем. Geldn, Geldmittelpi) — жалпыға бірдей балама ретінде барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар. Ал барлық тауар өндірушілер, сатушылар, тұтынушылар арасындағы экономикалық байланысты қаматамасыз етеді. Ақша тауар өндірісі мен тауар айырбасының тарихи дамуы нәтижесінде пайда болды. Алғашқы кезде бір еңбек өнімі екінші еңбек өніміне тікелей айырбасталды. Кейінірек айырбас сауда дамуының барысында құнның жай формасының орнына құнның толық және жайылыңқы формасы келді. Одан әрі өндіріс пен айырбастың дамуы нәтижесінде тауарлар арасынан бір тауар бөлініп шығып, басқа тауарлар осы тауарға айырбасталды. Сөйтіп, құнның толық және жайылыңқы формасы құнның жалпылық формасына орын берді. Құнның ең жоғарғы ақша формасындағы жалпыға бірдей балама рөлі бір тауардың еншісіне тиді, яғни ерекше тауар түрі ақша пайда болды. Осы кезде әр түрлі тайпалар мен халықтар арасында ақша ретінде ішкі және сыртқы сауда-саттықтың басты заттары болып табылатын тауарлар бөлініп шықты. Ақша рөлін кейбір халықтарда (гректер, римдіктер, славяндар, моңғолдар, т.б.) мал, ертедегі РусьтеСкандинавияда – аң терісіҚытайда – шайАбиссинияда – тұз атқарды. Қазақстанда ішкі сауда-саттық жүргізу үшін жалпыға бірдей балама ретінде тоқты немесе саулық қой пайдаланылды. Бертін келе тауар өндірісі мен тауар айырбасының дамуы және халықтар арасындағы қарым-қатынастың ұлғаюы нәтижесінде ақша рөлі түрлі металдарға ауыса бастады. Өйткені, металл (әсіресе алтын, күміс) өзінің табиғи қасиетінің арқасында ақша рөлін атқаруға өте қолайлы болды. Алтын мен күмістің жалпыға бірдей балама рөлін атқаруына байланысты құнның жалпылық формасы ақша формасымен айырбасталды. Ол кез келген тауарға айырбасталды.


Ақша сауда дамуы мен алмасудан туындаған. Осыған байланысты өтімділік, өтімді зат деген категорияны анықтауымыз керек. Өтімді зат - бұл ақшаға оңай айнала алатын зат. Егер қандай да бір заттың алмасуы нөлге тең болса, оңда біздің алдымызда абсолютті өтімді алмасу құралы болады.

Экономикалық теорияда ең кең таралған акшаның анықтамасы ол орындайтын функциямен байланысты: барлык айырбас кұралы, кұндылық өлшемі, төлем құралы мен құндылық сақтау құралы ақша деп аталады. Осылайша, егер қандай да бір жетістік барлық төрт функцияны да орындаса онда оны ақша деп атайды.

Ақша функииясын нақтырақ қарастырайық.

  1. Ақша айырбас құралы болады, себебі ол келісім жасағанда жалғаушы қызметін атқарады (трансакция). Тауар ақшага алмасады, ал ақша тауармен алмасады.

  2. Құндылық өлшемі ретінде немесе санақ өлшемі ретінде ақша әртүрлі тауарлардың, құндылығын біртүрлі үлгіге келтіреді Ақша пайда болғанша әр тауардың құндылыгы пропорция арқылы көптеген басқа тауарларға алмастырылған. Ақша пайда болған соң осы әртүрліліктер мен сансыз алмасу пропорциялары тек тауарды ақшаға алмастырумен өзгерді. Осылай, баға категориясын анықтауға болады. Баға бұл тауардың ақшаға алмасу пропорциясы.

3.Ақша еңбек ақы төлегенде, қарызды және салықты төлегенде төлем құралы қызметін атқарады (біршама оқу құралында «ұзартылған төлем құралы» деген сөзтіркесі қолданылады).

4. Ақша құндылықты сақтау функциясын атқарады себебі уақытпен сатып алу күші бар. Тек ақша ғана абсолютті өтімді бола алады. Бірақ құндылықты сақтау құралы функциясын тек елде баға деңгейі тұрақты болған жағдайда ғана атқарады. Инфляция жағдайында ақша тұтынушы күшін сақтаушы қабілетінен айырылады да оның орнына «ақшадан қашу» орын алады.

Алмасудың тарихи дамуы алмасудың металдық түрі -алтын мен күміске әкелді. Асыл металдардың бірқатар қасиеттері олар өзі ақшаны алмастыру қабілеті бар екенін көрсетті атап айтқанда:

портативтілік (азғантай физикалық көлемде жоғары

құндылық);

бөліне алуы;

сақталуы;

біртектілік;

табиғатта салыстырмалы аз кездесүі.

Асыл метал-ақшаның қағаз ақша мен айырбас монеталардан өзгешелігі оларда ішкі құндылык болмайды. Бұл еркін ақшалар. Ішкі құндылық символды ақшаның олардың номиналынан біршама төмен.

Кредиттік ақшалар (векселдер, банкноттар, чектер) қарыздық міндеттемелері болады да ақшаның барлық төрт функциясын да орындайды. Мұнда біз мынаны түсінуіміз керек ақша адамдар әрекетіне байланысты ақша бола алады.

Вексель — бұл жеке экономикалық субьектінің басқа экономикалық агентке алған қарызын белгілі бір уакытта және белгілі пайызбен қайтару міндеті.

Банкнот - бұл қарыздық міндет немесе банк вексель!.

Көптеген елдерде нарықтық экономикада алғашында банкноттар алтынға белгілі пропорциямен алмастырылды. Мұндай жүйе алтын стандарты деп аталады. Ол бірінші әлемдік сорғысқа дейін болған, сосын, бірнеше талпыныстан кейін 1971 жылы түбімен жоқ болды. Қазіргі кезде ешқандай елде кредитті-қағаз ақша алтынға алмастырылмайды.

Егер қағаз ақша алмасу құралы функциясынан «өссе», онда банкноттар кредит дамуынан туындады, яғни олар ақша функциясының төлем құралы ретінде бөлінбей байланысқан. Содан бері банкноттар алтынға конвертирленбейді, олар іс жүзінде алмаспайтын қағаз ақшаға өзгерді.

Чек - қарыздық қолхаттың жеке түрі, немесе банктегі есеп иесінің белгілі бір соманы осы салымнан чек көрсетушіге бере алуы. Қатан айтқанда, ақша деген чекті депозит, ал чектің өзі - бұл салымшы беру туралы бүйрық (жекелей немесе толығымен). Сонымен ақша қолма кол немесе чекті есепті бола алады.

Кредитті карталар жоғарыда айтқан, ақша бола алмайды, сондықтан ақша массасы құрамына ене алмайды. Олар алмасу немесе толем құралы бола алмайды, тек төлемді ұзартушы тәсіл бола алады. Ресейде кредитті карталармен терминдік шатасулар болды. Олармен дебет карталарды атайды ол негізі иесіне өз есебінен белгілі соманы алуға мүмкіндік береді.

Сонымен ақша деген не? Елдегі ақша көлемін қалай анықтау керек? Тек қолма қол ақшаны ғана еске алу керек па жоқ әлде жатқан ақшаны да ескеру керек па? Қазір төленетің, жылдам төленетін немесе жинақ қорындағы ақшаны қайту керек? Егер ақша абсолютті отімді алмасу құралы болса онда жинақталған салым олай бола алмайды ғой. Әрине. оның белгілі өтімді дәрежесі бар тек абсолютті емес. Кез келген елде көптеген қаржы активтері бар, олар әртүрлі дәрежеде өтімділік қасиетіне ие. Осыдан елдің ақша басшылыгы және ақша агрегаты - ақша ұсынысының көлем көрсеткіші.

Абсолютті өтімді активтер қолма қол ақша мен чекті депозиттер бола алады, онда М ақша құралының жинағы құралган. Басында біз ақша агрегатында тоқталамыз, ол АҚШ-тың Федералды резервті жүйесімен анықталған (ФРЖ) (кесте 8.1). кейін ақша агрегатын қарастырамыз, Қазақстанның т банкімен есептелген (ҚҰБ).

М1 ақша агрегаты - бұл сөздің тар мағынасында акша деген соз. 1970 жылдардың ортасына дейін АҚШта чекті есеп ашу тек коммерциялык банктерге ғана рұқсат етілген. Бірақ кейін банктік мекемелердің жана түрі (өзара қарыз беру банктері, несиелік одақтар т.б.) пайда болды да онда чекті есеп жүргізу рұқсат етілді. Банктік мекемелер, дәстүрліден басқасы басқа чекті есептері болды жекелей алғанда NOW (қайта қайтарудың келісілген реті және АТS есептері (құралды автоматты ауыстыру есебі). Есептің соңғы екі түріне дәстүрлі депозиттерден өзгеше пайыздар жүреді, онда ереже бойынша пайыз төленбейді.




Ақша массасын талдау үшін, ақшага сұранысты, акша айналу жылдамдыгын тағы басқаларға екі түсінікті араластырмай атап көрсеткен маңызды: ақша қор және ағын ретінде.

Ақша кірісі –бұл ағын ол қандай да бір уақыт мерзімінде анықталады. Ақша қоры белгілі бір уақытқа есептеледі де кіріс пен ақша шығынынан тәуелді болады. Осы қордың өлшемі әр уақытта өзгеріп тұрады: оны белгілі уақытпен өлшейді.

Экономиканың ақшамен қанығуы немесе монеттену нормасы (монеттену коэфициенті, өтімділікті таңдау коэфициенті), М2нің ЖІӨ қатынасын көрсетеді, ол пайызбен көрсетілген. Мына әріппен белгіленеді к. Егер ақша массасын М әрпімен белгілесе, ал атаулы ЖІӨ мына белгімен белгілесе РҮ, онда монеттену коэфициенті мына формуламен анықталады:


к = (М/РҮ) х 100% ,

Инфляция деңгейі төмендеуі бойынша және ақшаға сұраныс жоғарылауынана монеттену коэфициенті жоғарылайды.

Қазіргі экономикада Дж.М. Кейнс артынан, экономикалық субьектілер ақшаға деген сұранысты көрсететін бірнеше себептерді атап өту керек

1. Трансакциялық себеп. Осыған байланысты біз келісім шарт үшін ақша сұранысын қарастырамыз. Ол деген күнделікті келісімде жүзеге асыру үшін экономикалық субьект қанша ақша ұстайды екен. Яғни тамақ өнімдерін, ұзақ қолданатып тауарларды қолдану, тұрмыстық-коммуналды шаруашылық, оқуға төлеу т.б. Осы сұраныс шамасы атаулы ЖІӨ көлемінен тәуелді, онда кұнды қағаздар бойынша пайыздық кіріс алу мүмкіндігі жоғалады. Пайыздық ставка өсуі экономикалық субъектіде өз ақша қорын М2 ақша агрегатына бөле алады, солайша қаржы активтерінің үлесін қысқартады, ол қолма қол ақша мен депозиттертүрінде болады (M1 ақша агрегаты), ол күнделікті келімсімді іске асыруға арналған.

2. Сақтану себебі экономикалық субьектінің ақшасын кездейсоқ жағдайлар тындауына сақтауға арналған. Яғни кездейсоқ жайға арналған ақша сұранысы. Осылайша мұндай жағдайлар деген ауру, соған байланысты өтімділік болуы керек, маңызды келісім жасау, экономикадағы макроэкономикалық кездейсоқтық (Ресейдегі 1998 тамыздағы дефолт сияқты). Ақшаға абайлап мотиві бойынша сұраныс тек ЖІӨ көлемімен байланысты емес, ол сонымен бірге кірісті жіберіп қоюмен байланысты, яғни онда құңды қағаз алуға ақша салмай, экономикалық субьект пайыз алу мүмкіндігінене айырылады.

Осы сұраныстың екі түрі алдымен ақшаны алмастыру құралы ретінде анықтайды.

3. Алыпсатарлық себебі ақша құралын құңдылықты сақтау функциясы ретінде негізделген. Сонымен, әр индивид өзінің ақша құралын қандай түрде сақтауға пайдалы екеніні өзі шешеді. Ақша абсолютті өтімді, бірақ пайыз әкелмейді. Ал облигациялар өтімділігі аз болса да, кіріс әкеледі. Осылайша, әңгіме ақшаға алыпсатарлық сұраныс туралы болмақ. Біз портфельді таңдау туралы айтамыз, онда әртүрлі қаржы куралының қолайлы үйлесуі туралы айтылған. Алғаш pет соңғы екі мотивті Дж.М. Кейнс қарастырды, ақшаға сұранысты ескере отырып. Кейнс бойынша алыпсатарлық ақша

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!