Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Реферат "Бұлшық ет"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Жоспары:
I.Кіріспе.
II.Негізгі бөлім:
1.Бұлшық ет тканіне сипаттама
2.Қаңқа және жүрек бұлшық тіндерінің регенерациясы
3.Өмір сүру салтына және жасқа байланысты бұлшық
еттердің өзгерісі
III.Қорытынды.
IV.Қолданаылған әдібиеттер тізімі;
V.Бағалау парағы.
КІРІСПЕ
Бұлшық ет қозғыш тіндердің бірі,басқа қозғыш тіндерге тән қасиеттер
- козғыштық, қозуды өткізу бұған да тән. Мұнымен бірге бұлшық еттің
ерекше қасиеті - жиырылу. Ет тіннің қозғыштық дәрежесі қозу
табалдырығы арқылы анықталады. Көлденең жолақты қаңқа еті жүрек
етіне қарағанда қозғыштау келеді, яғни оның қозу табалдырығы
әлдеқайда төмен болады. Бірыңғай салалы бұлшықеттің қозғыштық
дәрежесі жүрек етінікінен де төмен, демек, ол бұлшықеттің
тітіркендіру табалдырығы бәріненде жоғары болады. Ет талшықтарының
қозуды өткізу шапшандығы сомалық жүйке талшықтарынікінен көп
төмен.
Бұлшық ет ткані (muscle) —
дене, ас қорыту, фокусировка, айналу және дененің температурасын
ұстап тұру тәрізді қызметтерді орындау қозғалыстарын қамтамасыз
ететін жиырылғаш ткань. Жиырылғыштық қасиеті арқасында бұлшық ет
тіндері өздерінің басты функциясын – қозғалысты қамтамасыз
етеді.Олар қаңқаның интіректерін қозғалтып, кеңістіктегі орнын
ауыстырады,миокардтың ритмикалық(ырғақты) жиырылуын,тамырларда
қанның циркуляциясын (айналысын),ішектің перистальтикасын (толық
жиырылуын) жұмысын,тамырлардың және ішкі қуысты мүшелердің
тонусын (қуаттылығын) қамтамасыз етеді.Жиырылғыштық тек бұлшық ет
тіндеріне ғана тән қасиет емес,ол әр түрлі дәрежеде барлық дерлік
жасушаларға тән.Бұл олардың барлығына актин және миозин қысқартқыш
арнайы ақуыздарының болуына байланысты.Тармақталған, жүрек
және тегіс бұлшық еттер бар, басқаша айтқанда, фазалық және
сергіткіш (жылдам немесе тиісінше біртіндеп реттеуге жауап беретін)
бұлшық еттер бар. Микроскоппен қарағанда талшықтары тармақталған
болып көрінетін бұлшық еттер өз еркімен қозғалуға жауап және
орталық жүйке жүйесінен түскен сигналдарға жауап ретінде пайда
болатын жиырылыстардың көмегімен денені қозғалтады; миозина жуан
жіптерінің арасындағы жіңішке актина жіптерінің сырғанауы жиырылуды
қысқартады; ткань рецепторлары қозғалыстың бірқалыпты қозғалысын
және моториканы жеңіл бақылауды қамтамасыз ететін кері байланыстың
созылуын қамтамасыз етеді.Тегіс бұлшық еттер – ішкі орган мен
қантамыр бұлшық еттері, еріксіз және сергіткіш болып табылады, оның
жасушалары бәрі бірге немесе бөлек-бөлек (жеке жүйке бөліктеріне
жауап ретінде) жұмыс істеуі мүмкін және пішіндері әртүрлі болады.
Ерікті бұлшық еттердің ауруы салдарынан әлсіздік, атрофия, ауру
және жыбырлау туындауы мүмкін. Кейбір жүйелі аурулар (мысалы,
дерматомиозит, полимиозит) бұлшық еттің қабынуына әкеп соғады.
Адам мен омыртқалы жануарларда кездесетін ет тіні құрылымына қарай
көлденең жолақты қаңқа еті, көлденең жолақты жүрек еті және
бірыңғай салалы ет болып үшке бөлінеді. Көлденең жолақты еттер
қатарына қаңқа еттері, тіл, көз, жұтқыншақ, көмей, өңештің жоғарғы
бөлігіндегі еттер жатады. Қаңқа еттерінің қызметі ми қыртысымен
тығыз байланысты, сондықтан олар адам денесінде ерікті
қимыл-әрекеттерді қамтамасыз етеді.
Бірыңғай салалы бұлшықеттің де адам (жануар) үшін маңызы өте зор.
Ол теріде, ішкі ағзалардың, сөл мен несеп түтіктерінің, қан және
лимфа тамырларының, өкпе, кеңірдек, жыныс
ағзаларының қабырғаларында орналасқан. Бұл ет аталған қуысты
ағзалар мен түтіктерді кеңейтіп тарылтады да бүкіл ішкі ағзалар
қызметіне әсер етеді.
Бұлшықеттерінің физиологиялық
қасиеттері:
Бұлшық ет қозғыш тіндердің бірі, демек, басқа қозғыш тіндерге тән
қасиеттер - козғыштық, қозуды өткізу бұған да тән. Мұнымен бірге
бұлшық еттің ерекше қасиеті - жиырылу. Ет тіннің қозғыштық,
дәрежесі қозу табалдырығы арқылы анық-талады. Көлденең жолақты
қаңқа еті жүрек етіне қарағанда қозғыштау келеді, яғни оның қозу
табалдырығы әлдеқайда төмен болады. Бірыңғай салалы бұлшықеттің
қозғыштық дәрежесі жүрек етінікінен де төмен, демек, ол бұлшыкеттің
тітіркендіру табалдырығы бәріненде жоғары болады. Ет талшықтарының
қозуды өткізу шапшандығы сомалық жүйке талшықтарынікінен көп төмен.
Қозу ет талшығы сарколеммасын бойлай әртүрлі жылдамдыкпен, атап
айтқанда: қаңқа етінде секундіне 3,5-14 м, жүрек етінде 0,9-1 м, ал
бірыңғай салалы етте 0,5 мм-ден 5-10 см-дей жылдамдықпен тарайды.
Ет тіні созылғыш (серпімді) келеді. Оның созылғыштығы резеңкеге
қарағанда шүбәсіз, яғни босатқанда ет талшығының ұзындығы тура
бастапқы созбай тұрғандағы қалпына келеді.
Бұлшықеттің негізгі қызметі және
физиологиялық қасиеті - жиырылып жазылу. Жиырылу белгілі бір
тітіркендіргіш әсеріне берілетін жауап, яғни ет ұзындығының
қысқарып қатаюы (тонусының жоғарылауы). Жүрек еті мен кейбір
бірынғай салалы, яғни ішек, лимфа тамыры қабырғаларындағы еттердің
автоматиялық қасиеті де бар. Қаңқа етінің мұндай қасиеті жоқ. Ол
орталық жүйке жүйесінің әсерінсіз жиырылмайды. Қаңқа еті тұлғалық
жүйке жүйесімен, оның ішінде ми қыртысымен байланысты болғандықтан
олардың жиырылуы адамның еркіне байланысты. Жүрек еті мен бірыңғай
салалы етті адам (жануар) өз еркімен жиырылта алмайды, бұлардың
жиырылып -жазылуын және автоматиялық қасиетін вегетативтік жүйке
жүйесі реттейді. Ет пен жүйке байланысы бұзылса немесе түрлі
себептермен ет ұзақ уақыт жиырылмаса, ет талшықтары құрылымы
өзгеріп, семіп қалады (атрофия).
Қаңқа бұлшық ет тіні бір даму көзден – мезодерманың дорзалді бөлігі
болып табылатын сомиттердің ортаңғы бөліктері – миотомдардан
дамиды.Бұл тіннің гистологиялық элементі жасуша емес,ал миосипласт
пен миосателлитоциттерден тұратын көлденең жолақты бұлшық ет
талшығы .300 миллионға жуық бұлшық ет талшықтары будаларға
бірігіп,шамамен 600 қаңқалық (сомалық) бұлшық еттерді құрайды.Жарық
микроскоп арқылы зерттегенде,бұлшық ет талшығының пішіні,ұштары
сүйір аяқталатын созылыңқы көлденең - сызылған цилиндрге
ұқсайды. Қаңқа бұлшық еттері жұмыс істеген кезде қан айналымы 60-80
есеге күшейеді, ал, ми мен асқазан-ішек жолдарында ол 8-10 есеге
ғана өседі. Қазіргі таңда қаңқа бұлшық еттері белгілі бір жиелікпен
жиылатындығы, сол кезде жанында орналасқан тамырларға, әсіресе
жүрек пен көктамырдың біріккен жерінде насос ретінде жұмыс
істейтін, жүрекке қарағанда 2-3 есе күшті жұмыс істейтін
капиллярларға әсер ететіндігі дәлелденген. Міне осы перифериялық
жүрек болып табылады. «Перифериялық жүрек» миды одан да қарқынды
жұмыс істеуге мәжбүрлейді. Бұлшық еттер әлсіз болған сайын, адам
стрессті жағдайды оншалықты қиын өткереді. Капиллярлар қаншалықты
шыныққан болса, жүрекке жүктеме соншалықты аз болады.Көлденең
жолақты бұлшық ет талшықтарының қалыпты морфофункционалық жағдайын
қолдау физиологиялық регенерация арқылы қатамасыз етіледі.Осы тұста
талшықтың ескі және бұзылып жатқан
құрадастары(миофибрилдері,митохондриялары) жаңа органеллаларға және
саркоплазманың басқа құрылымдарына алмастырылады.Бұл процесс екі
механизмдер арқылы жүзеге асырылады:1) жасушаішілік регенерация –
бұл жағдайда симпласттың жаңа миофиламенттері,мембраналық
құрылымдары саркоплазмасының синтездік аппаратының (ЭПТ,Гольджи
коплексі,бос рибосомдар) активациясы есебінен түзіледі; 2)
жасушалық регенерация – миосателлитоциттердің пролиферациясы мен
миобласттарға дифференциялануы есебінен өтеді.Жаңа миобласттар
бұлшық ет талшығының миосимпласттық бөлігі құрамына
қосылып,құрылымдарының табиғи шығынын толықтырып тұрады.Көлденең
жолақты бұлшық ет тінінің репаративтік (зақымданғаннан кейінгі)
регенерациясы да жасушалық және жасушаішілік деңгейлерде
атқарылады.
Бұлшық еттердің жасқа және өмір салтына
байланысты өзгеруі..Бұлшық ет талшығының ұзындығы және жуандығының
өсуі есебінен жасөспірімдермен ересектерде бұлшық ет тінінің көлемі
ұлғаяды.Егде адамдардың қаңқа бұлшық ет тіндерінің
ультраструктуралық өзгерістері талшықтың симпласттық та және
жасушалық та бөліктерінде байқалады.Нақтылы айтқанда,базальді
мембранасы қалыңдайды,миофибрильдердің құрылымдық ұйымдасуы
бұзылады,олар көлденең жолақтығынан айырылады,жеке фрагменттерге
ыдырайды,Z- сызық «ыдырап кетеді».Елеулі өзгерістерге
митохондриялар ұшырайды,олар сарколемманың астында жиынтықтар
құрып,гипертрофияға немесе,керісінше,дегенерацияға
ұшырайды.Миосателлитоциттер бұлшық ет талшығының симпласттық
бөлігінен бөлініп шығып,жайылып өсіп келе жатқан дәнекертінді
қабатшаға өтіп кетеді.Қарастырылған жасқа байланысты өзгерістердің
салдарынан бұлшық еттің регенерациялық потенциалы азаяды,бұлшық
еттердің тұтқұрлығы және серпінділігі төмендейді,олар тез шаршайтын
болады.Бұлшық еттердегі өзгерістер өмір салтына да, мысалы
физикалық жүктее көлеміне байланысты өтеді.Жаттықтыру арқылы бұлшық
етке түсетін жүтеме көлемін өсірген жағдайда,бұлшық ет
талшықтарының диаметрі үлкейіп,саны да өседі.Нәтижесінде бұлшық
еттің массасы ұлғаяды.Бұл өзгерістердің негізінде саркоплазма
компоненттерінің – митохондриялардың көбеюі,миофибрилдерінің саны
мен диаметрі өсуі және де миосателлитоциттердің
пролиферациясы,дегенерациялануы жатады.
Жүрек бұлшық ет тіні миокардты – жүректің бұлшық ет қабығын
құрайды.Миоқұрылымы бойынша жүрек бұлшық ет тіні көлденең жолақты
бұлшық ет тіндеріне жатады,себебі он кардиомицит деп аталатын
жасушаларында көлденең сызылымды миофибрилдері бар.функциялық
ерекшеліктеріне байланысты жүрек бұлшықет тіні еріксіздерге
жатады.Жүрек бұлшық етінің тармақталған талшықтары оның торлы
құрылымды болуын қамтамасыз етеді; жиырылыс жүрек бұлшық еттері
жүректің табиғи ырғағының сигналы бойынша тікелей тканьде пайда
болады; жылжымалы жүйке мен жүйке жүйесінің бөлігі жүрек
жиырылысының жиілігін бақылайды.Жүрек бұлшық етініңтармақталған
талшықтары оның торлы құрылымды болуын қамтамасыз етеді; жиырылыс
жүрек бұлшық еттері жүректің табиғи ырғағының сигналы бойынша
тікелей тканьде пайда болады; жылжымалы жүйке мен жүйке жүйесінің
бөлігі жүрек жиырылысының жиілігін бақылайды.Қалыпты тіршілік
әрекеттері барысында жүрек бұлшық ет тіні көп көлемді қанды өмір
бойы қан айналым жүйесіне айдап,орасан зор жүктеме – салмақ
көтереді.Бұл кезде кардиомициттер цитоплазмасының құрылымдық
құрамдастары – жалпы және арнайы маңызды органеллалары әрдайым
тозып,ескіріп отырады,тіпті жасушалардың өздері де өлуі
мүмкін.Жүректер бұлшық ет тінінің жасушалық регенерациясы,яғни
кардиомициттердің митоздық бөлінуі арқылы қалпына келуі
физиологиялық жағдайда да және де зақымданғаннан кейін де мүмкін
емес,себебі гистогенез барысында кардиомициттер митоздық
бөліну қабілетінен қайтымсыз айырылған.Ал жаңаруының жалғыз
ғана әдіс – амалы болып жасушаішілік регенерация қалады.
Қорытынды
Қазіргі таңда қаңқа бұлшық еттері белгілі бір жиелікпен
жиылатындығы, сол кезде жанында орналасқан тамырларға, әсіресе
жүрек пен көктамырдың біріккен жерінде насос ретінде жұмыс
істейтін, жүрекке қарағанда 2-3 есе күшті жұмыс істейтін
капиллярларға әсер ететіндігі дәлелденген.. Міне осы перифериялық
жүрек болып табылады. «Перифериялық жүрек» миды одан да қарқынды
жұмыс істеуге мәжбүрлейді. Бұлшық еттер әлсіз болған сайын, адам
стрессті жағдайды оншалықты қиын өткереді. Капиллярлар қаншалықты
шыныққан болса, жүрекке жүктеме соншалықты аз болады.Жүрек бұлшық
етініңтармақталған талшықтары оның торлы құрылымды болуын
қамтамасыз етеді; жиырылыс жүрек бұлшық еттері жүректің табиғи
ырғағының сигналы бойынша тікелей тканьде пайда
болады;
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Интернет және лекция материалдары;
2.C.А.Ажаев,Т.Ж.Үмбетов «Жалпы гистология»
Түркістан 2010 жыл.