Материалдар / Реферат. "Жылудың табиғаты. Термодинамиканың бірінші заңы және оны термодинамикалық процестерге қолдану" 10 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Реферат. "Жылудың табиғаты. Термодинамиканың бірінші заңы және оны термодинамикалық процестерге қолдану" 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жылудың табиғаты. Термодинамиканың бірінші заңы және оны термодинамикалық процестерге қолдану
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Мамыр 2018
650
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



















Реферат





Тақырыбы: Жылудың табиғаты. Термодинамиканың бірінші заңы және оны термодинамикалық процестерге қолдану













Сыныбы: 10Орындаған: А.Мұхтарбекова





























2017-2018 оқу жылыЖылудың табиғаты. Термодинамиканың бірінші заңы және оны термодинамикалық процестерге қолдану.

Термодинамика – Денелер мен заттардың бөлшектерінің өзара әрекеттесуі мен қозғалыс сипаты туралы түсініктемелерді қолданбай, олардың әртүрлі қасиеттері мен күйлерінің өзгеруін зерттейтін физика бөлімі.Термодинамикада термодинамикалық жүйе және термодинамикалық процестер ұғымы жиі қолданылады. Термодинамикалық жүйе – бұл басқа денелердің әрекетінен оқшауланған физикалық денелер жыйынтығы. Термодинамикалық процестер деп термодинамикалық жүйенің бір күйден екінші күйге өтуін айтады. VIII ғасырда термометрді ойлап тауып, осы уақытта жылу теориясында қарама-қарсы екі көзқарас ұсынылды. Жылудың заттық теориясы деп аталатын теория бойынша жылусыйымдылық термині пайда болды. Екінші жылудың корпускалық теориясы, яғни атоммен байланыстырды. Бұл теорияны жақтаушылар И. Ньютон, Р. Гук, Р. Бойль, Д. Бернулли және тжылулық құбылыстардың теориясы. Онда денелердің атомдық–молекулалық құрылысы ескерілмейді. Термодинамикалық жүйеде жүретін кез келген процесс термодинамикалық процесс деп аталады. Макроденелерде механикалық энергиямен қатар, өздерiнiң iштерiне тұйықталған энергияға ие. Олiшкi энергия. Ол барлық энергетикалық түрленулердiң балансына кiредi. Механикалық жұмыс жасамай-ақ денелердi қыздырғанда, олардың iшкi энергиясы ұлғаяды. Iшкi энергияның механикалық энергияға айналуының керi процесi болатыны сөзсiз. Ішкі энергия ұғымын 1851 жылы У.Томсон енгізген.

Iшкi энергия туралы түсiнiк. Макроденелерд механикалық энергиямен қатар, өздерiнiң iштерiне тұйықталған энергияға ие. Олiшкi энергия. Ол барлық энергетикалық түрленулердiң балансына кiредi. Механикалық жұмыс жасамай-ақ денелердi қыздырғанда, олардың iшкi энергиясы ұлғаяды. Iшкi энергияның механикалық энергияға айналуының керi процесi болатыны сөзсiз. Молекулалық-кинетикалық теория көзқарасынан макроскопиялық дененiң iшкi энергиясы барлық молекулалардың ретсiз қозғалыстарының кинетикалық энергиялары мен олардың бiр-бiрiмен өзара әсерiнiң потенциалдық энергияларының қосындысына тең.Молекула–кинетикалық теория тұрғысынан алғанда ішкі энергия денені құрайтын бөлшектердің өздік әсерлесуінің потенциалдық энергиясының және олардың бейберекет жылулық қозғалысының кинетикалық энергиясының қосындысынан тұрады.Идеал газдардың iшiнде өзiнiң физикалық қасиеттерi бойынша қарапайым болып табылатын газ - бiр атомды газ (гелий, неон, аргон және т.б.). Егер молекулалардың әсерлесуінің потенциалдық энергиясы нөлге тең болса, идеал газдың ішкі энергиясы оның барлық молекулаларының жылулық қозғалысының кинетикалық энергиясының қосындысына тең: Дененің ішкі энергиясын екі түрлі тәсіл – механикалық жұмыс істеу және жылу алмасу жолымен өзгертуге болады. Механикалық процестер кезінде бір денеден екінші денеге берілетін энергияның өлшемі А жұмыс болып табылады. Жылу алмасудың үш түрi бар - жылуөткiзгiштiк, конвекция және сәуле шашу (сәулелi жылу алмасу). Жылу алмасу кезінде дене энергиясының өзгерісін сипаттайтын физикалық шаманы жылу мөлшері деп атайды да, Q әріпімен белгілейді. Жылу мөлшерi. Жұмыс жасалынбай-ақ, бiр денеден екiншi денеге энергияның берiлу процесi жылу алмасу немесе жылу берiлу деп аталады. Жылу алмасу кезiндегi iшкi энергияның өзгеруiнiң мөлшерлiк шамасын жылу мөлшерi деп атайды. Жылу алмасудың үш түрi бар - жылуөткiзгiштiк, конвекция және сәуле шашу (сәулелi жылу алмасу) Меншiктi жылу сыйымдылығы деп температурасы 1o К-ге өзгергендегi массасы 1 кг дененiң алған немесе берген жылу мөлшерiн айтамыз.Меншiктi жылу сыйымдылығы c заттың физикалық қасиеттерiне қалай байланысты болса, жылу алмасуы жүретiн процестiң түрiне де солай байланысты болады.Буға айналудың меншiктi жылуы. Сұйықты буға айналдыру үшiн оған белгiлi бiр жылу мөлшерiн беру қажет.1 кг сұйықты тұрақты температурада буға айналдыру үшiн қажет болатын жылу мөлшерiн заттың буға айналуының меншiктi жылуы деп атайды. Бұл шама rсимволымен белгiленедi және СИ жүйесiнде Дж/кг-мен өлшенедi.Массасы m сұйықты буға айналдыру үшiн мынадай жылу мөлшерi қажет:Qбу = r·m. (3.3)Конденсация кезiнде дәл сондай жылу мөлшерi бөлiнедi: Qбу = - rm.Балқудың меншiктi жылуы. Дене тұрақты температурада балқиды. Молекулалардың кинетикалық энергиясы өзгермейдi, барлық берiлетiн жылу олардың потенциалдық энергиясын ұлғайтуға шығындалады.1 кг затты сол температурадағы сұйыққа айналдыруға қажет болатын жылу мөлшерiн балқудың меншiктi жылуы λ (Дж/кг) деп атайды.Массасы m болатын кристаллдық дененi балқыту үшiн мынадай жылу мөлшерi қажет:

Qбал = λ·m (3.4)

Термодинамиканың бірінші заңы: Термодинамикалық жүйе бір күйден екінші күйге өткенде оның ішкі энергиясының өзгерісі жүйеге берілген жылу мөлшері мен сыртқы күштің істеген жұмысының қосындысына тең және ол осы өту жүзеге асатын тәсілге тәуелсіз болады.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!