Материалдар / Реферат Түрік қағанаты, Батыс түрік қағанаты, түргештер
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Реферат Түрік қағанаты, Батыс түрік қағанаты, түргештер

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал Қазақстан тарихы пәніне байланысты 8-11сынып оқушыларына арналған мәлімет.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қараша 2020
641
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Shape2





Қызылорда медициналық жоғары колледжі



















РЕФЕРАТ

















Тақырыбы: Түрік қағанаты, батыс түрік қағанаты, ТҮРКЕШтер

Тобы: М201-19Б

Дайындаған: Сисенбай Лашын

Қабылдаған: Қындыбаева Жанна















Түрік қағанаты

Түрік қағанатының құрылуы. Қытай деректері бойынша түркілер алғашында Қытай шегарасының батысында, Алтай тауларының етегінде өмір сүрді. Кейін түрік тайпаларының көсемі Бумынның басшылығымен иеліктерін Хуанхэ жағалауларына дейін кеңейтті. Батыс Қытай билеушісі жақын қоныстанған түркілер жайлы дерек жинай бастайды. Бұл деректер түрік тарихының ерте кезеңі туралы негізгі білім көзіне айналды. Қытай деректерінде түркілерге қатысты алғашқы мәліметтер 542 жылдан бастап кездеседі. Түркілер жужан қағанына салықты темір түрінде төлеген.

«Түрік» сөзі «мықты, күшті» деген мағынаны білдіріп, билік етуші ашина әулетіне байланысты айтылды. Кейін олардың қарамағындағы барлық тайпалардың ортақ атауына айналды. Бұл тайпалардың біраз бөлігі теле деп аталды. Түркілер Алтайдан Хуанхэ жағалауларына дейін жеткен кезде Бумын ордасына 545 жылы Қытай елшілігі келеді. Осы сәттен бастап түркілер сол замандағы ірі мемлекеттердің бірі ретінде танылып, тарих сахнасына шығады.

Қытай елімен бейбіт қарым-қатынас орнатқаннан кейін жужандардың тепкісін көрген түркілер оларға қарсы бас көтере бастайды. Бумын қалың қолмен жужандарға шабуыл жасайды. 552 жылы жужандар әскері талқандалады. Бумын түркі елінің қағаны болып жарияланады. Орталық Азиядағы жаңа мемлекет — Түрік қағанаты осылай пайда болды.

Түрік қағанатының негізін қалаушы Бумын қайтыс болғаннан кейін билікке келген Мұқан қаған (553-572 жылдар) жужандарды талқандауды аяқтайды.

Түрік қағанатының нығаюы. Мұқан қаған түркілердің Орталық Азия мен Оңтүстік Сібірдегі үстемдігін бекітті. Иштеми (Істеми) қаған қазіргі Қазақстан, Орта Азия аумағын бағындырып, Еділ мен Солтүстік Кавказға шықты. Қытай жылнамаларындағы деректер бойынша Мұқан қаған «шегара (Ұлы қорған) сыртындағы барлық иеліктердің зәресін ұшырды». VI ғасырдың 60-жылдары Түрік қағанаты сол кездегі ірі мемлекеттер — Византия, Иран, Қытаймен өзара қарым-қатынас жасады. Түрік қағанаты нығайған кезінде (VI ғасырдың 70-жылдары) Маньчжуриядан Босфорға дейінгі жерді алып жатты. Иштеми қаған тұсында түркілер әскери жағынан қуатты империяға айналды.

Түркілердің батысқа жылжуы тек жаулап алушылық қана емес, түркі тайпаларының ірі көші-қонына ұласты. Жергілікті тайпалар түркілерден құралған мемлекетке қосылды немесе Шығыс Еуропаға қарай жылжыды.

VI ғасырдың 80-жылдарының соңында түркілер Парсы елімен одақтасты. Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азиядағы қуатты эфталиттер мемлекетін талқандады. Эфталиттер мұрасын бөлуге байланысты одақтастар арасында жанжал шығып, ол тез арада шешілді. Түркілердің өз әскерін кері алып кеткені үшін Парсы жағы оларға үлкен көлемде алым төлеуге міндеттенді.

Т
үркілер Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Қытайдан Жерорта теңізі елдеріне баратын Ұлы Жібек жолының едәуір бөлігіне ие болды. Жібек саудасы түркі қағандарына орасан зор кіріс әкелді. Жібек матасын сатып алушы негізінен Византия еді. 568 жылы түркі елшісі Маниах Византияға қағанаттың елшілігін басқарып барды. Император сарайы түркі елшілігін аса жоғары құрметпен қабылдады. Түркілер мен Византия арасында парсыларға қарсы әскери-сауда келісімі жасалды. Кері қайтқанда Маниахпен бірге Византия елшісі Земарх қаған ордасына келді. Дереккөздерде Византия елшілігінің түркілерге бірнеше рет барғандығы жайында айтылады. Византиямен тұрақты сауда және дипломатиялық байланыстар орнағандығын VI ғасырдағы византиялық теңгелер растайды.

Мемлекеттің ыдырауы. VI ғасырдың 60-90-жылдарында Түрік қағанаты іштей қуатты және көршілер үшін қаһарлы еді. Түркілер Қытайды өздерінің кіріс көзі деп білді. Қытайлар мұнымен келісе алмады. Түркілерге қарсы күрес олардың басты міндетіне айналды.

VI ғасырдың соңы — VII ғасырдың басында Қытайдың күшеюі билік басындағы түркі әулетінің өз ішінде қырқыстың басталуымен және даладағы сұрапыл жұтпен тұспа-тұс келді. Мұның бәрі қағанатты дағдарысқа ұрындырды. Түркілердің қарсылығын әскери күшпен жеңе алмаған Қытай 603 жылы дипломатиялық жолмен қағанаттың ыдырауына қол жеткізді. Біртұтас мемлекет Батыс Түрік және Шығыс Түрік қағанаттарына бөлінді. Қағанат ыдырағанмен қуатты мемлекет болып қала берді.

Әкімшілік және әлеуметтік құрылымы. Түрік қағанаты Маньчжуриядан Босфорға және Сібірден Парсыға (Иран) дейінгі жерді алып жатты. Осындай орасан зор аумақты бағындырып қана қоймай, оған иелік ету қажет еді. Қағандар тек қолбасшы ғана емес, аса көрнекті билеушілер болды. Түрік қағанатында егіншілік пен қолөнер дамыды, түрлі діндер бір-бірімен үйлесім тапты. Қытайдан Византияға апарылатын жібектің бір бөлігі қалаларда қалдырылды. Түркілер мемлекетте тәртіп орнатты. Жаулап алынған халықтардың дербестігі сақталды, олар қағандарға алым-салық төлеп отырды.

Қаған мемлекетті басқарды, жоғарғы сот міндетін атқарды, әскерге басшылық етті. Мемлекетті басқаруда тайпаның ақсүйек қауымына сүйенді. Әскери және азаматтық қызметтерді басқаратын шенеуніктер аппараты — ябғу, шад т.б. құрылды. Билеуші әулеттің жасы жағынан ең үлкені қаған сайланды. Мұның өзі кәмелетке жетпеген ханзаданы таққа отырғызудан сақтап, елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Билік үнемі тәжірибелі адамдардың қолында болды. Ұлы қаған ордасы түркілердің байырғы қонысы — Алтайда орналасты.

Түрік мемлекетінде қарапайым халық бұдун (мемлекеттің қатардағы құрамы) аталды. Үстем тап, яғни «бектер» ақсүйектер билік тобын құрады. Қаған ашина руынан шыққан түркі еліндегі ақсүйек қауымының ең таңдаулы өкілі саналды. Зерттеушілер «ашина» терминін әрқилы саралайды, біреулері бұл сөзді «текті қасқыр», ал басқалары «аспаннан жаратылған» деп түсіндіреді.

Түркілердің шыққан тегі бір болғандықтан, олардың жерге және соғыстан түскен олжаға құқықтары бірдей еді. Қауым ішіндегі бірлік таптық қарама-қайшылықтарды болдырмады. Ғалымдар түркілер тарихын зерттей келе, қатардағы бүдундардың қаған билігіне қарсы көтерілген бірде-бір оқиғасын кездестіре алмаған. Түркі қоғамының бірлігі берік еді. Соғыста ерлік көрсеткендерге қатардағы жауынгер немесе ақсүйек тобынан болсын «ер» (жауынгер) атағы берілді. Бектің ерлерден тұратын тұрақты жасағы құрылды. Тіпті ең кедей ердің өзі бектің алдында еркіндігін сақтап қалды. Түркі тайпалары өз мемлекетінің шегарасында бірігіп, жаңа түркі халықтарының қалыптасу ошағына айналды.

Жаулап алғанға дейін бөлек жүрген тайпалар бейбіт өмірге көшіп, шаруашылығын дамытуға мүмкіндік алды. Түрік қағанатында дала тайпалары мен қала тұрғындары, будда, христиан дінін ұстанғандар және Тәңірге табынушылар бейбіт өмір сүрді.

Батыс түрік қағанаты

Ұлы Түрік қағандығы (552- 603) ыдырап, оның екіге бөлінуі нәтижесінде пайда болған ерте ортағасырлық түркілер мемлекетінің бірі – Батыс Түрік қағандығы (603- 704). Ұлы Түрік қағандығында саяси-әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі, оның дербестікке ұмтылған жеке бөліктерінде оқшалану үрдісінің күшеюі Шығыс және Батыс қағандықтардың құрылуына алып келді (603). Жылнамашылардың жазбаларында Батыс Түрік қағандығы негізінен бұрынғы үйсін жерлерінде құрылған, демек, оның аумағы ендік бағытта Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты. Қағанаттың негізгі этникалық-саяси ұйытқысы – «он тайпа» он оқ будунның мекендеген жері де осы еді. Сонымен қатар, ол Түрік қағанатының Шығыс Түркістан мен Орта Азиядағы (Самарқанд, Маймург, Кеш, Нахшеб, Иштихан, Кушания, Бұхара, Амуль және Андхой) отырықшы-егіншілік жұрттарындағы басып алған барлық жерлерінің мұрагері болды. Батыс түріктеріне тәуелді деген аты ғана болған Соғды мен Бүхарада да қағанның наместниктері, яғни, оның өкілдері болды ( Қазақстан тарихы.1 том.А.,1996.300.б.).

Б
атыс Түрік қағандығының іргесін қалаған жоғарғы қаған –
Бумынның інісі Истеми (Естеми, Естемі) жабғу қаған болды. Истеми 552-553 жылдардан бастап батысқа жорық жасаған түрік әскерлерінің қолбасшысы еді. Ол осы жорығында Жоңғария мен Жетісу өңіріндегі және Сырдария алқабындағы түркі тілдес тайпалар мен ұлыстарды өзіне бағындырды. 558 жылы түріктер аварларды жеңіп, Еділ алабы мен Орал маңындағы бұлғар (болгар) мен өзге де түрік тайпаларын құрамына енгізді. 561-563 жылдары Истеми (Естеми) Эфталит мемлектеін ( Ақ ғұндар) басып алуға дайындала бастады. Алайда, бір шеті Каспий теңізінен, екінші шеті Солтүстік Үнді ойпатына дейінгі Орта Азияда ұланғайыр жерді алып жатқан эфталиттерді оңай жеңе алмайтынын түсінген Түрік қағаны Иран шахы Хусрау 1 Ануширванмен одақ құрып, әулетін туыстықпен байланыстырады (Истемидің қызын Хусрауға ұзатты ). Түрік қағанымен жасалған келісім бойынша Хусрау І шах өзінің әскерлерін Тохарыстанға аттандырып, оны 564 жылы эфталиттерден тартып алады. Сөйтіп, эфталиттер берік тылынан айырылады. Мұның өзі Истемиге 567 жылы Эфталит патшалығын талқандауға мүмкіндік береді. (Б.Жұмақаева. Қазақстан тарихы. А.,2010.37.б.). 567 жылы түріктер Сырдария мен Амударияның аралығына толық билік жүргізді. Түріктер Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Жерорта теңізі елдеріндегі «Жібек жолына» дербес бақылау жасады. Кейбір деректерде осы жорықта Истемидің 100 мың қол басқарғаны және оның қол астында Батыс Түрік тайпаларының он қолбасшысы (олар «он оқ» деп аталған) болғандығы айтылады. Сол жорықтың белгісі ретінде Истемиді он тайпаның қағаны («он оқ будун» қағаны) деп атаған. Истемидің эфталиттерді күйретіп, батыс өңірдегі елдерді бағындыруы Батыс Түрік қағандығының негізін қалады.

Батыс Түрік қағандығының территориясы: Алтай тауынан Тянь-Шань тауына дейін, шығыста Баркөлден бастап Батыста Арал теңізі мен Каспий теңізіне дейін созылған кең алқапты алып жатты. Осы ұлан-байтақ территорияны мекендеген түркі тілдес тайпалар: үйсін, қаңлы, дулат, түркеш, теле, басмыл, қыпшақ, оғыз, баһа (жайма) тағы басқа тайпалар Батыс Түрік қағандығының құрамына қосылды. Қағандық құрамына әр кезеңде қарлұқтар, Енисей қырғыздары, жікілдер (шығылдар), чомулдар, тухсилер тағы басқа тайпалар енді. Оның бас ордасы Шу өзенінің бойындағы Суяб қаласында (кәзіргі Тоқмақ қаласының маңы), жазғы ордасы Мыңбұлақта (кәзіргі Түркістанның маңы) болды. Жегу – ябғу қаған (610-618), Тон-Ябғу қаған (618- 630) билік құрған кездерде қағандық қуатты елге айналды. Тохарыстан мен Кансуға ( кәзіргі Ауғаныстан) жасалған жорықтарда қағандық шекарасы Үндістанға дейін созылды. Тон-Ябғу қағанының баласы Тырду – Шадтың ордасы Құндыздыда болды (С.Кляшторный).

Қағандықтың негізгі күші басқару жүйесі мен армиясы болды. Түркілер металл өндіруден жалпы әлемдік тарих сахнасына шықты (Қ.Аманжолов, А.Тасболатов). Қағандықтың ең жоғарғы билеушісі – қаған деп аталды. Ол бүкіл елдің иесі, елдегі барлық қарулы күштердің ең жоғарғы қолбасшысы болды. Қағанаттағы жоғарғы лауазымдар – жабғы, ұлық, шад және елтебер – қаған әулетіне ғана тән атақ еді. Қағанның мирасқорлары, тудундар алым-салық жинауды, оны қаған ордасына жіберуді бақылап отырды. Сот қызметін бұйрық берушілер, тархандар жүргізді. Орданы басқаратын лауазым «үй қағаны», азық-түлікті басқаратын лауазым «ет жөні» деген атпен әйгілі болды. Батыс Түрік қағандығын түріктің Ашина тайпасынан шыққан ақсүйектер биледі. Қағаннан төменгі жабғу, ұлық, шад, елтебер сияқты жоғарғы лауазымдарға қағанның балалары мен туыстары тағайындалды. Олар қағандыққа қарасты тайпаларды билеп төстеді және өз үлестеріне тиісті әскерлерге қолбасшылық етті. Жергілікті иелік басшыларына түрік лауазымдары берілді. Батыс Түрік қағандығында мемлекеттің ең жоғарғы билеушісі қағаннан бастап, жиырма сегіз дәрежелі лауазым иелері болған, олардың барлығы феодалданып келе жатқан шонжарлар еді (Н.Мыңжан) 7 ғасырдың бас кезінде Батыс Түрік қағаны Тон-яғбу ордасында болған будданы насихаттаушы, Қазақстанда болып, оның көркін, назар аударарлық жайларын суреттеген қытай саяхатшысы Сюань-Цзяньның жазғандары қаған руының байлығы туралы біраз ұғым береді. Қағанды аң аулап жүрген жерінде кездестірген саяхатшы аңшылар киімдерінің сәнділігіне таң-тамаша қалады. «Қаған жасыл жібек желбегей киген» – дейді ол. – Оның қасына ерген екі жүзден асқан тарханы бар, олар қамқа желбегейлер киген, шаштарын бұрымдап өрген. Басқа сарбаздары аң терісінен тігілген ішік киген, бөріктері жұмсақ матадан тігілген, қолдарында айбалта, садақ, ту ұстаған. Аттары өңшең сәйгүлік, түйе, ат мінген адамдардың көптігіне көз сүрінеді (Зуев Ю.А.Китайские известия о Суябе.1960.88.б.). Одан әрі қағанның киіз үйі туралы айтқанда, оның алтын мен сәнделгені соншалық тіпті, «көз қаратпайды» дейді ол.

Көшпелі түрік халқы 10 әскери – әкімшілік бөлікке («оққа») біріктірілді. Әрбір бөлік қолбасшысымен ( шат), бір түмен ( 10 мың) атты әскер шығарды. 10 бөлік бес-бестен территориялық бірлестікке топтастырылды. Суябтан шығысқа қарай Дулудың (Дулаттың) бес бөлігінің жері, батысқа қарай Нушибидің бес бөлігінің жері алып жатты (Қазақ ССР. қысқаша энциклопедия.1 том. 90. б.). Жетісу аймағында әскери-тайпалық ұйымдарды ондық санмен атау ежелгі үйсіндер кезінен немесе б.з.б III ғасырдан бастап әдетке айналған. Қарапайым халық «қара бодун», ал, әлеуметтік құрылымның ең төменгі сатысының тәуелді тобы «тат» деп аталған . «Татсыз түрік болмас, бассыз бөрік болмас» деген көне мәтелге қарағанда, түрік шонжарлары қарамағында таттар саны аз болмаған тәрізді.

Батыс Түрік қағандығында үй жұмыстарына жұмсалатын құлдар да болған. Бұлар көбінесе соғыс тұтқындары еді. Батыс Түрік қағандығындағы шаруашылықтың басым саласы көшпелі мал шаруашылығы еді, сонымен бірге, Іле, Шу, Талас өзендерінің алқаптарында, Алатаудың баурайында егіншілік алқаптары да болды. Олар көбіне тары мен бидай екті, халықтың бір бөлігі бақшашылықпен шұғылданып, жеміс-жидек, жүзім өсірді. Көшпелі мал шаруашылығымен шұғылданған тайпалар арасында патриархалдық қатынас үстем орында болды. Ал, отырықшы-егінші аудандарда феодалдық қатынас қалыптасты (Н.Мыңжан. Қазақтың қысқаша тарихы. А.,1994.113.б.). Ұлы Жібек жолының Батыс Түрік қағандығын басып өтуі мұнда қалалық мәдениеттің өркендеуіне ықпал етті. Құлан, Нафакет, Суяб, Тараз, Меркі, Исфиджаб қалалары сауда, қолөнер орталықтары болды. Сюань Цзань 630 жылы Жетісу қалалары мен олардың тұрғындарының кәсібі туралы былай суреттейді: «Мөлдір көлден (Ыстық көл) солтүстік батысқа 500 лиден астам жүргеннен кейін Сүй-е қаласына келдік… Онда әртүрлі елдер мен худан келген саудагерлер тұрады. Жерлері қызыл тары мен жүзімді егуге жарамды… Адамдар жүн матадан тоқылған киім киеді. Суй-е қаласынан тура батыста бір-біріне тәуелсіз, бірақ бәрі түріктерге бағынышты бастықтарға қарайтын он шақты қала бар.» (Қазақтар.1 том . A.,2003.28 б.).

Түркілердің басты қатынас көлігі жылқы болды. Сондықтан олар ат әбзелдерінің жақсы жасалуына ерекше көңіл бөлген. Мал ұстауға арқан, көген, желі, бұйда, шылбыр, құрық сияқты құралдарды пайдаланған (С.Жолдасбайұлы.). Оның халқы Көк Тәңірге, Ұмай Анаға, Жер Анаға, Су Анаға табынды.

Халқының құрамы алуан түрлі тайпалардан тұрған қағандықта 630 жылдардан бастап, билік үшін талас-тартыстар басталып, Батыс Түрік қағандығының екі тайпалар одағы-дулу мен нушиби арасындағы тайпалық соғысқа әкеліп соқты. Олар 634 жылы Сырдариядан батысқа қарай созылған – иеліктерінен айырылды. Бұл соғысты Ышбар Хилаш қағанның (634-639) дулу мен нушибидің тайпалық аймақтарын «он жебеге» бөлген әкімшілік реформасы да тоқтата алмады (Қазақ Совет энциклопедиясы, I т., 232 б.). Батыс Түрік қағанатының әлсіреген жағдайын біржола пайдаланып қалуды ойлаған Қытай мемлекеті 659 жылы Жетісуға басып кіреді. Қағандық өзінің тәуелсіздігінен айырылды. Түріктердің Тан мемлекетінің (618-907 жж.) басқыншылығына қарсы жүргізген тынымсыз күресі барысында қағанат құрамында түргештер күшейіп, көтерілді. VII ғасырдың аяғында және VIII ғасырдың басында Түргеш тайпасының көсемі Үшліктің Тан империясына қарсы жүргізген соғыстары нәтижелі бола бастады. Ақыры 702 жылы Үшлік Қытайлармен күресте жеңіске жетеді. Бұл жеңіс Түргеш тайпасының беделін көтеріп, осылайша, 704 жылы Батыс Түрік қағандығы жерінде Түргеш қағандығы тарих сахнасына шықты.

Батыс Түрік қағандығын құраған тайпалар кейіннен қазақ халқының, өзге де түркі халықтарының құрамына енді, негізін қалады.



Түркештер

Түргеш қағанаты (704-756 жж.) Түргештер дулы тайпа құрамының ішіне жатады, түргештердің өзі — қара және сары түргеш болып бөлінгені белгілі. (Кейбір тарихи деректер бойынша, «сары» және «қара» деген тайпа бөліктері этниқалық емес, саяси жағынан қарастырғаны жөн. Демек, Сақал қаған болған кезде түргеш кағанаты екіге бөлініп кетеді. Біревінде Сақал өзі қаған болған, ал екіншісінде халықты басқарған Сулық. Сақалға бағынатын халықты «сары түргеш» деп атаған, ал Сулыққа бағынған халықты — «қара түргеш».)

Түргеш қағанаттың саяси өмірі тарихта Орта Азияға шапқыншылық жасаған арабтармен тығыз байланыстырады. 7-ғ. бас кезінде Араб түбегінде Араб мемлекеті қалыптасты. Ислам мемлекеттік дінге айналады. Осы дінді таратушы Мұхаммед 632 ж. қайтыс болғаннан кейін, арабтар ислам дінін тарату үшін жаулаушылық соғыстар бастады.

Арабтар Орта Азияға жаулауы басталған кезде, Қазақстан мен Орта Азияның басым бөлігі Батыс Түркі қағанаты қол астында болды. Арабтарға қарсы күресте Жетісуда өкімет басына келген түргештер болды. Оның негізін салған Үш-еліг қаған (699-706 жж.). Оның ордасы Шу бойындағы Суяб қаласы болды. Екінші (кіші) ордасы Іле өзені жағасындағы Күнгіт қаласында орналасты. Үш-еліг-қаған елді 20 түтіктікке (еншілікке) бөлді, оның әрқайсысының 7 мыңнан әскері болды. Үш-еліг-қаған Қытай империясымен және Согд мемлекетімен саяси бірлестік құрып, арабтарға қарсы күреседі.

Т
үргеш қағанатында Үш-елігтен кейін
оның мұрагері болып, баласы Сақал-қаған (706-711) таққа отырады. Оның кезіңде Түргеш мемлекетінде ішкі бірлік болмайды және қағанат үнемі арабтармен, қытайлармен күрес жүргізіп отырды. Түргеш қағанаты Сулық қаған (715-738) тұсында күшейді. Оның тұсында түргештер екі майданда күрес жүргізді. Батыстан арабтар, шығыстан Тан әулеті кұш көрсетті. Елшілік жолымен (неке байланысы) және әскери шаралар арқылы Сулық шығыстан келетін қатерді болдырмады. Бұл жағдай түргештердің батыста белсенді әрекет етуіне мүмкіндік туғызды. 723 жылы Ферғана қарлұқтарымен және Шаш тұрғындарымен тізе қосып, түргештер арабтарды жеңеді. Сулықты арабтар Абу Мұзахим (Сүзеген) деп атайды. 737 жылы Сулықты өз қолбасшысы Баға-Тархан өлтіреді.

Оның қазасынан кейін «сары» түргештер мен «қара» түргештер арасында өкімет билігін алу үшін күрес басталды. 746 жылы Жетісуға Алтай мен Тарбағатайдан қарлұқтар келіп қоныстанады. Арабтармен, сондай-ақ өзара қырқыстардан әлсіреген түргештер қарлұқтарға белсенді қарсылық көрсете алмайды. Мұны Қытай империясы пайдаланды. Оның Шығыс Түркістандағы уәлилары 748 жылы өз әскерін Суяб қаласына аттандырады да, оны басып алады. Шаштың иесі дарға асылады. Оның баласы арабтардан көмек сұрап келеді. 751 ж. Тараз жанындағы Атлах қаласы маңында арабтар мен қытай әскері арасында зор шайқас болады. Шайқас бес күнге созылады. Шешуші сәтте қытайлардың ту сыртындағы қарлұқтар көтеріліс жасап, арабтар жағына шығады. Қытайлар толық жеңіледі. Тан әскері Жетісуды, Шығыс Түркістанды тастап кейін шегініп кетеді. Арабтар Шашқа қарай кетеді. Бірақ ішкі қырқыс Түргеш мемлекетін әбден тұралатып тастады. 756 жылы түрік тілді қарлұқ тайпаларының әрекетінен түргеш мемлекеті құлады

Түркі тілді көшпелі, жартылай көшпелі тайпалар Батыс түркі қағанаты орнына 4 бірдей құдыретті мемлекет орнатады. Хазар қағанатын қоспағанда, Төменгі Еділ өңірі мен Солтүстік Кавказда, Қазақстан жерінде үш этникалық-әлеуметтік бірлестік пайда болды: Сырдың бойын, Арал өңірін Оғыз мемлекеті, ал Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында, астанасы орта ертісте болған Қимақ мемлекеті дүниеге келді. Батыс түркі қағанаты орны Жетісуда — қарлұқтар қалды.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!