Материалдар / Реферат:«Қиянат жасамау» жалпыадамзаттық құндылығы практикасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Реферат:«Қиянат жасамау» жалпыадамзаттық құндылығы практикасы

Материал туралы қысқаша түсінік
«Қиянат жасамау» жалпыадамзаттық құндылығы практикасы.«БӨБЕК» ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ ПРАКТИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ АДАМНЫҢ ҮЙЛЕСІМДІ ДАМУЫ ИНСТИТУТЫ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қараша 2021
1318
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«БӨБЕК» ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ ПРАКТИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ АДАМНЫҢ ҮЙЛЕСІМДІ ДАМУЫ ИНСТИТУТЫ











Р Е Ф Е Р А Т

ТАҚЫРЫБЫ:

«Қиянат жасамау» жалпыадамзаттық құндылығы

практикасы








Жетекші Маткаримова Л.С., «Бөбек» ҰҒПББСО АҮДИ тренері

Орындаған Мұхамбет Балсұлу Жолдығалиқызы

Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы,

Приречный жалпы орта білім беретін

мектебінің өзін-өзі тану мұғалімі







Алматы қаласы – 2020 ж

Жоспар

1.Кіріспе (көкейтестілігі)

2.Негізгі бөлім.

2.1.Жалпыадамзаттық құндылықтар сипаттамасы

2.2.Қиянат жасамау құндылығының мәні

2.3.Жеке және кәсіби өміріндегі құндылықтар практикасы

3.Қорытынды

Пайдаланылған әдебеттер тізімі
































Кіріспе

 

Жүрегі таза адам қиянатқа бармайды”

Шәкәрім Құдайбердіұлы

Тұлға мәдениетінің негізі оның жалпыадамзаттық құндылықтарының негізінде көрінеді. «Құндылық» термині болмыстың белгілі құбылыстарының адами, әлеуметтік және мәдени мән-мағынасын білдіру үшін қолданылады. Адам өмірінің өзегі-құндылықтар, ал басқа мақсаттар оған жеткізетін баспалдақтар ғана. Осы қағидаға сүйенсек, қоғамның жаңару кезіндегі жаңаша көзқарастардың бірі - құндылық бағдар.

     Қазіргі заманда ғылым мен білім, ақпараттық технология, техника қаншалықты қарыштап дамыған сайын, адамның бойындағы рухани-адамгершілік қасиеттерінің соншалықты төмендеп бара жатқанын күнделікті өмірде көріп отырмыз. Атап айтар болсақ: тастанды бала, қарттар үйі, қатыгездік, табиғатты ластау, ағашты кесу, алдап соғу, жемқорлық, өлтіріп кету, өз- өзіне қол салу, т.с.с. толып жатыр. Адамзаттың ең асылы –«адам» деп қарайтын болсақ, онда адамның азғындауына не себеп? Әлде заман кінәлі ме?-деген сұрақтар туындайды. Көпшілігі «заманына қарай адамы » деген принциппен өмір суруде. Ал, заманды құрайтын адам емес пе? Міне, сонда барлығы қайтадан адамға келіп тіреледі. Сондықтан күллі әлемді сақтап қалатын бірден- бір жол  рухани адамгершілік білім екені даусыз. Ал, адамның жүрегіне нұр құятын, риясыз сүйіспеншілікпен рухани бастауға жетелейтін, ол – ұстаз. Рухани- адамгершілік білімнің негізі болып табылатын «Өзін- өзі тану»  жобасының  авторы С. А. Назарбаева «Өмір әдебі» деген кітабында: «Рухани кәусар бұлаққа барар жол іздеу әр адамның міндеті екендігіне сенімдімін» дей келе, оған тек жалпыадамзаттық құндылықтарды оқыту арқылы ғана жетуге болатынын
атап көрсетті. Сонымен қатар: «Алланың алдында бәріміз бірдейміз. Әрқайсысымыздың жолымыз, өмірлік міндетіміз бар, бірақ бәрімізге ортақ міндет – жан дүниеміздегі  махаббаттың сөнбейтін шырағын жаға отырып, Адам боп қалу!» деп адамшылықты бірінші орынға қояды.

Мақсаты:

1.Оқушылардың өмірлік айқындамасын анықтауы;

2.Түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаларға сай саналы түрде шешуі;

3.Адамдарға және қоршаған әлемге қияат жасамау.


Міндеті:

1.Өзін танып білу, өзінің өміріндегі орнын түсіну, өзіне және басқаларға жақсылықпен қарап, сүйіспеншілік таныту ниеттерін дамыту;

2.Күнделікті өмірде нақты мәселерді шешуде қиянат жасамай белсенділік таныту.

Тақырыптың өзектілігі: Қиянат жасамау ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі мәнін ашу. Болашақта адамгершілікті басты назарда ұстайтын азаматтардың көп болуы.

Негізгі бөлім.

2.1. Жалпыадамзаттық құндылықтар сипаттамасы

Өзін-өзі тану пәні бүгінгі таңда сұранысқа ие, қоғам қажеттілігінен туындап отырған пәндердің бірегейі. Өзін-өзі таныған, өмірді түсінген адам, өз бақытын табуға ұмтылады. Өзін-өзі тану пәні даналықтың бастауы, рухани адамгершілік құндылықтарды оқушы бойына дарытатын рухани бастау. Жалпыадамзаттық құндылықтар абсолюттік (мәңгілік ) құндылықтар білімнің ең өзегі болып табылады. Жалпыадамзаттық құндылықтарды адамның бойынан жарыққа шығару ізгілікке апарады, яки, мінезін өзгертуге болады.

  Аксиология (грекше «құндылық» және «ілім») - «құндылық» категориясын зерттейтін философия саласы. Философиялық тұрғыдан алғанда құндылық дегеніміз – жалпы қоғам үшін, адам үшін ең қадірлі, ең қасиетті нәрсе туралы түсінік. Т.И.Петракова (д.пед.наук.профессор МПедГУ) ұсынған құндылықтар жүйесінің жүктемесі оларды үш түрге бөліп қарастыруды көздейді: табиғи, жүре пайда болған және абсолюттік.

  • Табиғи құндылықтар – бұл адамның күші мен жан дүниесінің қабілеттілігі құндылықтары: яғни ақыл – ой, сезім, күш-жігер (ақылдың айқындығы, ойдың ұшқырлығы, сезімнің тазалығы, естің сенімділігі, күш-жігердің қайраттылығы)

  • Жүре пайда болған құндылықтар – бұл адамның интеллектуалды және адамгершілік тұрғыдан дамуы барысында меңгерген құндылықтар (әдептілік, сыпайылық, сыйластық жанашырлық, кеңпейілділік, ақкөңілділік, сабырлылық және т.б)

  • Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар – ол уақытқа бағынбайтын, ешқандай ортамен, қоғаммен шектелмейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор құндылықтар.

Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар. Абсолюттік (мәңгілік) жалпыадамзаттық құндылықтар тұлғаға рухани-адамгершілік білім берудің негізгі өзегі болып табылады. Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар табиғи және жүре пайда болған құндылықтарды да қамтиды.Өйткені жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан алғанда олар адами қасиеттер болып табылады. Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару ізгілікке жол ашады. Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық, Сүйіспеншілік, және Қиянат жасамау адамның ұлтына нәсіліне, тұратын ортасына және уақытпен өзгермейтін жасаушы мән. Олар бөлінбейді, өзара байланысты, өзара тәуелді, бір-біріне етене сіңіп, адам руханияты мен мәдениетінің біріңғай негізін құрайды.

Егер осы құндылықтарды өзін-өзі тану пәнінінде қолданылып жүрген «Құндылықтар ағашына» келтіріп талдайтын болсақ, ағаштың тамыры – мәңгілік құндылықтар, оны ақиқатқа теңейміз. Ағаштың өсуіне жағдай жасап, нәрлендіретін суды, сүйіспеншілік деп алайық. Егер мәңгілік құндылықтарды, ақиқатты, сүйіспеншілікпен түсінсек, суарсақ, әрқашан біздің жасаған әрекетіміз дұрыс болады. Яғни, ағаштың діңі түзу өседі. Әрекетіміз дұрыс болса, ішімізде тыныштық орнайды. Ол ағаш бүршік жарады. Ішімізде тыныштық орнаса, біз ешқашан , ешкімге қиянат жасамаймыз, тіпті қиянат жасау ойымызға да келмейді. Әрине ағаш жемісін береді. Ақиқат, Сүйіспеншілік, Дұрыс әрекет, Ішкі тыныштық, Қиянат жасамау – бұл мәңгілік бес құндылық адамның ұлтына, нәсіліне, ортасына, дініне қарамайтын, уақытқа бағынбайтын, өзгермейтін құбылыс. Адамның руханияты мен мәдениетінің жиынтығы, яғни, ата-әжелеріміздің бізге қалдырып кеткен мұралары. Қазіргі жахандану заманында рухани білім әлемге ауадай қажет болып тұр. Сондықтан да әр адамның ақыл ойын жаңғыртып, санасын өзгертіп, жан дүниесін Нұрға бөлеп, Сүйіспеншілік нұрын таратқан да ғана әлем де жаңарып өзгереді.


2.2.Қиянат жасамау құндылығының мәні

Құндылықтардың ішіндегі ең соңғы, бесінші құндылық Қиянат жасамау құндылығы. Қиянат жасамау түрлері мен себептері, міндеттері.

Қиянат жасамау – түсіну ретіндегі Сүйіспеншілік.
Түсіну – барлық түршілікті қиянат жасамауға алып келу тұтастығы.
Қиянат жасамау – Ақиқат, Сүйіспеншілік,
Дұрыс әрекет және ішкі тыныштықтың іс – жүзіндегі тәтті жемісі. 

Қиянат жасамаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Біреуі болмыстың бірлігін жете түсінуге ұсынса, екіншісі барлық затқа Сүйіспеншілік ретінде көрініс береді. Қиянат жасамау  барлық адамгершілік қасиеттерді қамтиды. Табиғатқа қатысты – бұл табиғаттағы тепе- теңдікті сақтау, табиғат заңдылықтарын құрметтеу. Қиянат жасамау зиян келтірмеу дегенді  ғана білдірмейді, ол – басқа адамдардың қайғы – қасіретін жеңілдету үшін әрекет жасау.

  • Барлық болмыстың бірлгін жете түсіну;

  • Қиянат жасамау барлық затқа сүйіспеншілік ретінде көрініс береді;

  • Қиянат жасамау барлық адамгершілік қасиеттерді қамтиды;

  • Табиғатқа қатысты- бұл табиғаттағы тепе-теңдікті сақтау,табиғат заңдылықтарын құрметтеу;

  • Қиянат жасамау зиян келтірмеу дегенді ғана білдірмейді, ол, -басқа адамдардың қайғы – қасіретін жеңілдету үшін әрекет жасау.

Қиянат жасамаудың үш аспектісі.

1.Жеке тұлғалық (бес сезім мүшесіне қатысты қиянат жасамау); Өзіңе қатысты қиянат  жасамау- бұл өз сезім мүшелеріне қиянат жасамау, өтірік айту, дөрекі сөйлеу – тілге қиянат.

  • Жаман сөз есту – құлаққа қиянат.

  • Жамандық көру – көзге қиянат.

  • Жаман иіс – мұрынға қиянат

  • Жаман әрекет – тәнге қиянат.

2.Әлеуметтік (барлық адамдарға құрмет пен сүйіспеншілік таныту, барлық діндер мен мәдениеттерді құрметтеу);

3.Экологиялық(табиғатпен үйлесімділіктегі өмір, айнала қоршаған ортаға қамқорлық таныту).

Қиянат жасаудың себептері:

  • —  Сүйіспеншіліктің жетіспеуі;

  • — Рухани-адамгершілік білімнің жетіспеуі;

  • —  Өзгеріске қарсылық ретіндет қиянат;

  • —  Әлем туралы өзіндік түсінігіне сәйкес келмеу.


 Қиянат жасамаудың міндеттері:

  • Әрқашан көмектесу, ешқашан зиян келтірмеу,ешкімді ренжітпеу.Жан-жануарларға қамқорлық жасау, қауіпті заттармен ойнамау, топпен жұмыс істеу, бірлік.

  • Басқа мәдениеттің құндылығын түсіну,  толеранттылық, ақжарқындылық, татулық.

  • Мәдени мұраны құрметтеу, қоғам меншігін қамқорлау,  қоршаған ортаны қорғау.

  • Дін мен мәдениетті құрметтеу, оймен, сөзбен, не болмаса іспен тірі жанға зиян келтірмеу.Әлеуметтік, әділеттілік жақсы азамат болу.


2.3.Жеке және кәсіби өміріндегі құндылықтар практикасы

Өзін-өзі тану курсын оқу кезінде, практика кезеңінде осы қиянат жасамау құндылықтардың тәжірибесін қолдандым. Сабақ өткізу барысында жалпыадамзаттық   құндылықтардың барлығын басшылыққа ала отырып сабақ жоспарын және оқудан тыс әректтердің жоспарын құрдым.
Алғашқы сабағымды 7 «А» сыныбында
«Ұжымдағы өзара қарым-қатынас» тақырыбында бірінші сабағымды өткіздім.

Сабақ мақсатына сәйкес оқушыларға өзара қарым-қатынастың маңыздылығын түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу үшін шығармашылық тапсырмаға баса назар аударта түстім. Себебі сабақ тақырыбы ұжым, сынып, достық қарым-қатынас болғантықтан олардың әрекетіне бақылау жасау оңай болу үшін.

Бұл сабақта маған өте қатты ұнағаны «Мұғалімнің сыйы» ретінде «Мінезді тәрбиелеу» мысалын оқушыларға ұсындым. Оқушылардың барлығы қойылған сұрақтарға белсене жауап беріп, екі достың әрекеттерін талқылады. Шығармашылық жұмыс кезінде 3 топқа 3 түрлі тапсырма берілді. Оқушылар өз белсенділігін
осы кезеңде байқытты. Топтардың бірі жағдаяттан шығып, екінші топ жоба қорғап, үшінші топ сахналау қойды. Оқушылар дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашты.

Екінші сабағымды да осы 7 «А»сыныбында өткіздім. Бұл жолы жаңа тақырып «Адам және адамзат». Сабақ жаспарлау және өткізу кезінде өзін-өзі тану пәнінің барлық әдіс-тәсілдерін ретімен, тиімді қолдандым. Сабақ мақсатына сәйкес«Адам» және «адамзат» ұғымдарының байланысын түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу үшін ««Жақсылықты есте сақта,жамандықты ұмыт» мәтініне сүйендім.

Оқушыларды тақырып бойынша 3топқа бөліп алдым. Оқушылар топпен жұмыс жасауға бейімделген. Берілген тапсырмаларды уақытында аяқтап, өз көңілдерін тамаша әнмен көтеріп алды. Сабақ соңында өз пікірлерін жазып,рақметін айтып кетті.

Наурыз айының 2-сі 7 «А» сыныбында «Адам және адамзат» такырыбында үшінші сабағымды өткіздім. Бұл сабақ практикалық кезеңде өз құндылығыма байланысты яғни Қиянат жасамау құндылығына байналысты жоспарладым. Өзін-өзі тану сабақ жаспарларын өткізу кезінде барлық әдіс-тәсілдерін ретімен, тиімді қолдандым. Мақсатына сәйкес «Адам» және «адамзат» ұғымдарының байланысын түсіндіре отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу үшін мәтін және дәйексөз әдістеріне сүйендім.

Сабақтың дәйексөз, әңгімелеу, үй тапсырмасын талдау, ән айту кезеңдерінде оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын айтуға тырысты. Оқушылардың мәтін бойынша сұрақтар қойып және өз өмірлерінен мысал келтіру кезеңдері олардың қызығушылығын туғызады.

Сабақ кезеңінде нәтижелі болған кезеңдер жағымды күйге ену, әңгімелеу, және топпен ән айту.

Ал енді нәтижелі болмаған тұсы топпен жұмыс. Бұл кезеңде 2 топ «Ұлы жауынгер» ойыны бойынша батыр кейіпіне еніп, табиғатты қорғау ережесін құру сәтінде қиялдаулары орташа деңгейде болды. Сондықтан әсерлі болмады. Оқушыларға адамзат және табиғат ұғымдарын терең түсіндіріп, қиянат жасамау құндылығының маңызын мәтін арқылы және өз өмірлерінен мысал келтіру арқылы түсіндіре алдым деп есептеймін.

Ақпан айының 26-сы күні «Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» тақырыбында мұғалімдерге арналған семинар өткіздім. Жоспардың мақсаты бойынша мұғалімдерге жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген сабақты тиімді жүзеге асыруға әдістемелік көмек көрсету.Барлық дағдарыстың себептері – адамның руханилық деңгейінің төмендеуі туралы түсінік берілді. Мұғалімдер жақсы түсініп қабылдады. Шын мәнінде бала ғана емес ересектер де рухани байлықты қажет етеді. Бірінші кезекте мұғалімдердің рухани деңгейі жоғары болу керек екені түсіндірілді.

Тыңдаушылардың барлығы түгел белсенділік танытты. Оларда біз сияқты мұғалім болғандықтан шығар, көп жағдайда түсіністік танытып отырды. Тыңдаушылардың көңілдері көтеріліп, шабыт алатын кезеңі ол ән айту және нұрға бөлену сәттері.

Семинар барысында мұғалімдердің әрекетінде мынадай өзгерістер байқалды. Семинардағы жағымды күйге ену әдісі тыңдаушыларға жақсы әсер қалдырғандай.Ал соңында көңілдері көтеріліп әнді бар жандарымен шырқады. Бір-біріне деген сүйіспеншілік артқандай болды. Семинар аяқталса да, бір-бірімен жағымды әсерлері туралы сөйлесіп жатты.

Семинардан кейін мұғалімдердің пікірінше олардың санасында орын алған өзгерістер байқалды. Мұғалімдер тек білім беріп қана қоймай олардың жанын түсініп, олардың ойымен санасу керектігін түсінгендей. Мұғалім тек оқытушы ғана емес дос, сырлас, аға немесе апа бола алаындарын түсінді. Балаға білім беруге құлшынысы да арта түскенін байқадым. Мұғалімдердің рухани дүниесін байыту, «Өз жаныңа және адам жанына үңілуді» үйрету менің мақсатым деп ойлаймын.

Ақпан айының 28-і күні «Мейірім шуағы» тақырыбында көмекке мұқтаж қарияның үйіне бару. Жалғызбасты қарияға көмектесуге 7 «А» сыныбының оқушылармен бірге қайырымдылық жасауға бардық.

Бағдарламаның негізгі идеяларының бірі «Біз үлкендерге қалай көмектесе аламыз?» деген сұрақтың жауабын іздеу. Ер балалар қарың қарды ашып, отындарын тасып, суын кіргізді. Қыз балалар үй жұмыстарын істеді. Балалар әжейге қуана-қуана көмектесті. Өйткені олардың сондай әжелері бар екен.

Оқушылар үлкен әжейге көмектескендеріне қуанды. Бізде жақсылық жасай аламыз және қайырымды іс жасау үшін жәй ғана мейірімді болу жеткілікті екен. Барлық адамдарға сүйіспеншілікпен қарап, олар туралы тек жақсы ойда болу керек екен. Оқушылар әжейді бұрыннан сырттай таниды, бірақ ол туралы ақпарттары жоқ екендерін айтты. Ол кісіні көрісімен, қал-жағдайын сұрап, ыстық лебіздерін білдіріп, үй жұмыстарына көмектесуге дайын екенін айтты. Бізді көрген Александра әжейдің де қуанғанын байқадық. Балаларға риза екенін білдіріп, жылы лебіздерін айтты. Аулада жүрген балаларға тәттілер әкеліп, өз ризашылығын білдіріп, көзіне жас алды.

Оқушылардың бойынан қуаныш сезімін, жауапкершілікті, жақсылыққа талпынысын көрдім. Оқушылар «Ай сайын осындай қайырымдылық іс жасап барлық мұқтаж ата-апалардың, аға-әпкелердің үйіне барайық, күштері жеткенше көмек қолын созып отырайық» деген өз ұсыныстарын айтты.


Наурыз айының 2-сі күні 2-сі күні сағат 7 «А» сыныбының ата-аналарына арналған «Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасы тәрбиесінің негізі» такырыбында жиналыс өткіздім.

Ата-аналар жинылысының жоспарында көрсетілген бағдарламаның идеялары руханилық, жалпыадамзаттық құндылықтар, отбасындағы тәрбиеде осы құндылықтарды негізге алу қажеттілігі, әкенің, ананың орны жайлы айтылды. Жиналыс жаспарлау және өткізу кезінде өзін-өзі тану пәнінің барлық әдіс-тәсілдерін ретімен, тиімді қолдандым. Жиналыс мақсатына сәйкес ата-аналарды отбасы тәрбиесінің негізі ретіндегі жалпыадамзаттық құндылықтармен таныстыру арқылы бағдарламаның аксиологиялық негіздерін ашу және балаларды рухани-адамгершілік тұрғысынан тәрбиелеудегі ата-аналардың рөлінің маңыздылығын түсіндіріп, ата-ана жауапкершілігін арттыра отырып, отбасында баланы мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу.

Балалардың оқуы мен тәрбиесіне көбірек көңіл бөлу, ата-аналар іс-әрекеттерінің бала үшін үлгі екені жайлы кеңестер берілді. «Звездочки на земле» тақырыбында бейнеролик көрсетілді.

Жиналысты бастамас бұрын барлық ата-аналармен сәлемдесіп, «Нұрға бөлену» сәті жайлы, оның мақсаты балаларды жағымды көңіл-күйге бағыттау, тек жақсы ой, жақсы сөз, жақсы істер жасауға баулу екендігін айтып өттім. «Нұрға бөлену» сәтін өткіздім. Алғашқыда аса мән бермей отырғандар болғанмен, біраздан кейін барлығы дерлік түгел тыңдай бастады. Алған әсерлері жайында сұрағанымда, жақсы әсерде болғанын, демалып қалғандарын, «тек жақсыны ойлаңыз, көре біліңіз» деген жерлері ұнағанын айтты. Бір сәтке жұмыстарын ұмытып, ойларын жинақтағандарын айтып, өз ойларымен бөлісті.

Ата-аналар жиналыстан топпен жұмыс, ән айту кезеңдерінде ерекше шабыттанулары көрінді. Жиналыс басындағыдай емес, ашылып, күліп, көздерінен жылулық байқалды. Себебі бұрын бәрі баласының оқу үлгері мен тәртібі туралы естейтін. Осы жолы келгендеріне қуанып, ерекше өткенін айтып, өз пікірлерін айтып кетті.

Жиналыс басында ата-аналар сыни көзбен қарап, осы не айтады деген оймен отырғандай болды. Кейін олардың әрекеттері өзгере бастады. Басындағыдай көзқарас өзгерді. Бұл жиналыста ата-аналар бір сағаттың қалай өтіп кеткенін байқамай қалыппыз, десті. Жиналыс барысында белсенділік танытпаған ата-аналар жиналыс соңында өздері ашылып сөз сөйледі.

Жиналыстың қорытынды сәтінде «Қос бәйтерек»әнін ерекше шабытпен айтылғаны және оларға ұнағаны байқалып тұрды.

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!