Материалдар / Рефлексивті есеп
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Рефлексивті есеп

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғаліммен тәжірибе алмасу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Маусым 2018
2250
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Толкимбекова Айман Мұғалім портфолиосы В2 есебі

№2 топ 3 деңгей

Тараз қаласы

Жоспарланған тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған сабақ бойынша есеп

«Мұғалімге арналған нұсқаулықта» негізгі материал тиісті сабақтарда қарастырылатын жеті модульге сараланған. Алайда, осы жеті модульде қарастырылған идеялар сабақта пайдаланылатын жекелеген стратегиялар мен тәсілдер сияқты өзара байланыста болады. Бағдарламаның модульдері: 1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. 3.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. 4.Оқыту мен оқуда ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалану.5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. 7. Оқытуды басқару және көшбасшылық. (Нұсқаулық 12 бет)

-Курс бойынша танысқан жеті модульді бір сабаққа қалай ықпалдастыруға болады?

-Жаңа бағдарлама бойыншасабақта қандай әдіс- тәсілдер арқылы оқушылардың ынта- жігерін арттыруға болады?- деген ой болды.

Сабақ барысындағы әлеуметтік өзара іс- әрекеттер оқуда маңызды рөл атқарады. «Мұғалім оқушы» және «оқушы- оқушы» жағдайындағы қарым- қатынас түсінікті дамыту мен мағынаны ашудың елеулі бөлігін құрайды.(Нұсқаулық 29 бет)

Барлық әдістер мыналарға назар аударады:

- оқушының белсенділігі;

- күтілетін қажетті нәтижелерге сай сындарлы қызмет бағыттарын жүзеге асыру;

- кері байланыстың маңыздылығы;

- шоғырлану (тәжірибе) және ықпалдасу мүмкіндігі.(Нұсқаулық 30 бет)

Өзім үшін сабақ жоспарлауда нұсқаулықта көрсетілген мына тезистерді басшылыққа алдым: Бірінші тезис: Жаңа нәрсені оқыту адамның нені білетінімен және түсінетінімен байланысты.

Екінші тезис: Оқыту оқушының бастапқы білімімен дағдыларын назарға алып, оларды өрістетуді мақсат еткенде мәнді болады.

Үшінші тезис: Осы байланыстарды дамытып, нығайту үшін проблемаларды шешу үдерісін толыққанды қатыстыру қажет.

Төртінші тезис: Оқушыларға гипотеза жасауға, оны қорғауға, сынақтан өткізуге және құруға уақыт беріңіз.

Бесінші тезис: Оқушылардың бір- бірін оқытуына мүмкіндік беріңіз.

Алтыншы тезис: Белгілі бір уақыт ішінде жұмыс істеуге арналған материалдың көлемі шектеулі болуы керек.

Жетінші тезис: Мұғалімдер оқушыларға рефлексияны ынталандыру және өз идеяларын ойластыру арқылы алған білімдерін қорытындылап талдауға көмектесуге тиіс.

Сегізінші тезис: қолайлы оқу үшін адамдарға кері байланыс пен мадақтау қажет, сондықтан бағалау ісі ізгі болуы керек. (Нұсқаулық 35, 36 бет)

Тізбектелген сабақтар топтамасы бойынша өтілетін төртінші сабағымның тақырыбы: Әйтеке би. Әйтеке бидің шешендігі. Сабақтың мақсаты: Әйтеке бимен таныстырып, шешендік сөздерінің мағынасын ашу. Сабақтың міндеттері: 1. Қазақ халқының өміріндегі билердің рөлі мен тарихтағы орнын олардың ұлағатты сөздері арқылы түсінеді. 2. Шешендік сөздердің мағынасын өз беттерінше оқып, талдап, сыни ойлауға дағдыланады. 3. Халқымыздың, ата- бабамыздың ұлттық ұстанымдары мен мінез- құлықтарындағы жақсы қасиеттерді өз бойына сіңіреді. Күтілетін нәтиже: бірлесе жұмыс жасау арқылы білім мазмұнын игереді, сыни ойлауы, сөйлеу мәнерлері артады. Оқыту технологиясы: АКТ, сын тұрғысынан ойлау, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, талантты және дарынды балаларды оқыту,оқушыларды жас ерекшеліктеріне сай оқыту және оқу, оқытудағы басқару және көшбасшылық. Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту Сабақтың түрі: ізденіс сабағы Сабақтың әдіс- тәсілдері: ББҮ кестесі, топтық зерттеу,Венн диаграммасы, эссе, автор орындығы. Көрнекілігі:Билердің суреттері, слайдтар, А1 форматты қағаз, маркер, стикер Әдіс- тәсілдерді жас ерекшелігіне сай жеңіл, қызықты, әрі оқушылардың өз білімдерімен ұштастыра отырып, өз беттерінше ізденіп, білім алуларына жол ашатындай тәсілдерді таңдап алдым.Сабақ үш кезеңнен тұрды: қызығушылықты ояту, мағынаны тану,ойтолғау. Сабақты бастамас бұрын «Сапқа тұр» ойынын ойнадық. Бұл ойын арқылы сыныпта балалар жайлы, өздерін еркін сезінетіндей орта қалыптастырдым. Бірінші бетпе- бет кезеңінде дәл осы ойынды ойнаған болатынбыз. Яғни, оқушылар шаштарының ұзындығы бойынша, бойларының ұзындығы бойынша, аяқ- киім өлшемі бойынша, киімнің өлшемі бойынша сапқа тұрды. Балалар бір- бірі туралы қосымша мәлімет алды. Ары қарай сабақты жалғастыру үшін сынып оқушыларын гүл құрастыру арқылы топтарға бөлдім. Балалар әр түсті гүл күлтелерінен гүл құрастырып, төрт топқа бөлінді.Бұл сабақта балалардың топқа бөлінуінде ешқандай қиындықтар болған жоқ. Балалар жылдам топқа бөлінді. Үй тапсырмасын сұрақ- жауап арқылы сұрадым. Балалар Қазыбек би жайлы көптеген деректер жинаған. Суреттерін жинап, шешендік сөздерін жаттап келген. Өткен сабақ бойынша би айтқан қымбат ұғымдар жайлы жазып келген мақал- мәтелдерін оқыды. Үй тапсырмасы бойынша қабілетті оқушым Жекенова Аружан Қазыбек би айтқан жақын адамдар жайлы өзі өлең құрастырыпты. Соны дауыстап оқыды:

Мен бестікті алғанда,

Күлімдейсің анашым.

Жаман баға алғанда,

Жабырғайсың анашым..

Жабырқама ешқашан

Әлі –ақ үздік мен болам! Бұл оқушыны мақтап, мадақтап алып, ары қарай ынталандыру үшін, өлеңін сынып бұрышына іліп қойдым. Балаларды жаңа сабаққа бағыттау мақсатында «Білемін.Білгім келеді. Үйрендім» кестесінің бірінші бөлімін толтырдық. Әр топ өздері ақылдаса отырып, «Білемін» бөлімін толтырды. Топ ішінде талқылады. Әр жұп ең маңызды идеяларын айтты, тақтада сызылған кестеге жазды. Оқушылар Әйтеке бидің Төле би мен Қазыбек би тәрізді кіші жүздің бас биі екенін білетіндіктерін жазды.

  • Біз Әйтеке би, шешен- билер жайлы көп білеміз. Бірақ біз көбірек білгіміз келеді. Біз тағы не білгіміз келеді?

Оқушылар топ болып өз сұрақтарын ойластырды.Топта өз сұрақтарын талқылай отырып, ең маңызды сұрақтарды таңдап алды. Сол бойынша ББҮ кестесінің «Білгім келеді» бөлімін толтырды.Әр топтың көшбасшылары ең құнды деген ойларын айтты, тақтадағы кестеге шығып жазды. Балалар Әйтеке бидің қай жылдары өмір сүргенін, қандай шешендік сөздері, ел үшін жасаған еңбектері жайлы білгілері келетінін жазды. Бұл әдіс мұғалімге әр оқушыны бақылауға, оған сабақ соңында баға қоюға мүмкіндік береді. Мүмкін болса кесте сабақ үстінде толтырылады.Балалар бірін- бірі толықтырып,ортақ мәселенің топ болып шешімін тапты. Сол арқылы ойлау қабілеттері дамыды. Балалардың ойын сергіту мақсатында бір сергіту сәтін жасадық

Сергіту сәті: Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз, Бар адамды құрметтеп,Бас иеміз біз. Сергіту сәтінен соң мағынаны тану сатысында топтық зерттеу жүргіздік. Балалар жаңа сабақты өз беттерінше оқып, топта талдап, берілген тапсырма бойынша зерттеулер жүргізеді.

Топтық зерттеу: I топ: Әйтеке би жайлы мәліметті оқып, мазмұнын талдап, жариялайды.(қандай әдіспен жеткізу өз еріктерінде.)II топ: Берілген шешендік сөздердің 1- шумағын оқып, мазмұнын топта талдап, ашу мен ақыл деген сөзге сипаттама берді. III топ: Өлеңнің 2- шумағын оқып, аға мен іні арасындағы сыйластық туралы айтылған даналық ақылды түсіндіреді.IV топ: Берілген мақалдарды оқып, мазмұнын топта талдап, осы мақалдарды шешендік сөздердің мазмұнымен байланыстыру.

Балаларды зертеуге Бұл топтық зертеуде әр топ оқушылары берілген тапсырма мазмұнын ашу үшін бірге ойланып, өз ойларын дауыстап айтып, болжамдар жасап, бір- бірінен «солай емес пе? деп дәлелдеп, пікір алмасып, ортақ шешімге келді. Бұл әдіс бойынша балалар басты проблеманы көре біліп, оны шешу жолдарын қарастырды. . Бірінші топтан Аружан мен Ерғалым Әйтеке би жайлы деректерді сұрақ –жауап түрінде жариялады.

Аружан: - Әйтеке би кім?

Ерғалым: - Әйтеке кіші жүздің бас биі.

Аружан:- Ол қай жылдары өмір сүрген?

Ерғалым:- 1667-1700 жылдары өмір сүрген, деп бірнеше сұрақ- жауап ойластырған. Оқушылардың диалог құрастыруы сол бойынша деректі толық баяндаулары мені таңқалдырды. Бұл оқушылардың сыни ойлай алатындығын көрсетті. Екінші топ оқушылары берілген даналық сөздердің бірінші шумағын мәнерлеп оқып, ашу мен ақыл деген сөзге топтастыру арқылы сипаттама берді.Топ мүшелері түгел белсенділік танытты. Мұнар мәнерлеп оқыды. Ақтаң ашу деген сөзге жасаған топтастырумен таныстырса, Аида ақыл деген сөзге түсінік берді. Қорытынды ойды Жаңабек айтты. Оқушылардың ойларын қорытып, жинақтауларына бағыт бердім. Яғни, «ашу да ақыл да адам бойында кездесетін қасиеттер. Ақылды адамдар ашуға ерік бермей, кез- келген жерде жол тауып кетеді»,- деп ойларын қорытындылады. Бұл жөнінде оқушылар өте жақсы ізденгенін көрсетті.Сабаққа қатыспай өзімен өзі болған оқушы болмады. Осы қасиеттерін атап мадақтап өттім. III топ Өлеңнің 2 шумағын мәнерлеп оқып берді. Аға мен іні арасындағы сыйластық ережелерін құрды. Тақырыпты басшылыққа ала отырып: «Ағасын құрметтеу керек, аға алыстан келсе, атын байлау керек, сусынын беру керек,»- деген сияқты көптеген сыйластық ережелерін құрастырған. Бұл топтың да ізденістерін мақтап, мадақтап өттім.

IV топ оқушыларына тапсырма қиындау соқты. Сондықтан мақалдардың мазмұнын ашып, тақырыппен байланыстыруына өзім бағыт бердім.Нұрұзақ берілген мақалдарға түсінік берді, мазмұнын ашты. Берік бұл мақалдардың бүгінгі тақырып арасында қандай байланыс барын айтып өтті. Диана мақалдар қатарын толықтырды: «Білім- теңіз, мектеп –кеме», «Жаманға жалынғанша, жат та іш»,-деген сияқты көптеген мақал- мәтелдер айтты. Нәтижесінде олар да жақсы адам мен жаман адамды салыстырмалы түрде сипаттап берді. Оқушылар топтық жұмыста бірін- бірі жетелеп, білмегенін үйретіп, басқа топтардан ерекшеленуге, өз ойларын жеткізе білуге,дәлелдеуге, жылдамдыққа, бірін- бірі толықтырып отыруға үйренгенін байқадым. Өтілген сабақ бойынша ой қорыту мақсатында Венн диаграммасын толтырдық. Бір- біріне айқасқан үш шеңберге балалар топ болып Төле бидің, Қазыбек бидің, Әйтеке бидің өздеріне тән қасиеттерін жазды. Үш шеңбердің ортасына үшеуінің ортақ қасиеттерін тапты. Әр топтың көшбасшылары таныстырды. Әр топтан ең құнды деген ойларын интерактивті тақтадағы сызбаға жазды. Венн диаграммасы бойынша оқушылардың ойлары аршылып, салыстыру сияқты күрделі операция жүзеге асты. Сабақтың басында аяқсыз қалған «Білемін. Білгім келеді.Үйрендім» кестесінің үшінші бөлімін толтырамыз

-Біз бүгін сабақта не үйрендік? Әйтеке би жайлы не білдік?

Оқушылар топ ішінде берілген сұрақты талдап, тірек сөздерді айқындады. Әр топтың көшбасшылары жазған ойларын жариялады. Бәрін қорыта келе кестенің «Білдім» бөлімін толтырдық. .Осы тапсырманы орындау кезінде оқушыларымның өз ойларын еркін айтып белсенділікпен жұмыс атқарғандарын байқадым. Осыдан барып, менің оқушыларым топта бірлесіп жұмыс істеуді, өзгелермен санасуды, бірлескен жұмыста ортақ жауап табуды, өзін- өзі реттеуді, өзін және өзгелерді бағалауды, АКТ –ны пайдалануды үйренгенін көрдім.

Сабақтың ойтолғау сатысында балалар өз отбасыңдағы сыйластық, құрмет пен ізеттілік туралы эссе жазды. Тақырыпқа сай оқушы өз ойын қорыта және жинақтай отырып, ой толғанысын жазды. Жазған эсселерін автор орындығында оқыттым. Балалар эссе жазуға да бейімделіп келеді .Алғаш жазған эсселері 3,4 сөйлемнен аспаса, бүгінгі жазған эсселері 6-8 сөйлемдерден тұрды. Автор орындығында отырып оқыған оқушылар үшін қызықты болды. Жазғанын автор орындығында оқығысы келетін оқушылар саны артты. Қабілеті ерекше оқушыларым Аружан мен Ерғалымның эсселерін үлгі етіп сынып бұрышына іліп қойдым. Бұл әдісте оқушы бала өз ойын еркін жеткізе білетін болады. Шығармашылықпен жұмыс істеп, сөздік қоры дамиды. Өмірде кездесетін жағдайларға, оқиғаларға саналы, ойлы қарауға үйренеді.

Сабақтың соңында сабақтың басында айтылған бағалауға тоқталдық. Оқушылар формативті бағалау бойынша өз- өздерін бағалау парақшаларына әр түсті гүл күлтелері бойынша бағалады. Жасыл түс- өте жақсы. Сары түс- жақсы. Қызыл түс- орта. Бағалаудағы нақты критериилер: 1.Шешендік сөздерді жатқа айтуы.

  1. ББҮ кестесін толтырудағы белсенділігі

  2. Би- шешендер жайлы сұрақтарға жауап беруі.

  3. Эссе жазуда ойын еркін жеткізе білуі.

Оқушылардың бағалауларынан кейін қорытынды бағамды қойдым.

Бүгінгі сабақ бойынша кері байланыс жүргіздік. Балалар мына сұрақтар бойынша өз пікірлерін білдірді: 1.Сабақ ұнады ма?

2. Бүгінгі қай тапсырма қызықты болды?

3. Сабақта қандай қиындықтар болды?

Балалар кері байланысқа өз пікірлерін, сұрақтарын ашып жазатын болған. Кері байланыста бірінші сұрақ бойынша барлық дерлік оқушылар сабақ ұнады деп жауап берген. Ертең тағы да интерактивті тақтаға жазайық. Сергіту сәттерін жасайық. Ертең эссені автор орындығында мен оқиыншы деген ұсыныстар, өтініштер болды. Оқушылардың осылай жауап жазғандары мені қатты қуантты. Қиындықтар жайлы оқушылар ештеңе жазбаған. Себебін сұрағанымда бүгінгі тақырып бізге өте жеңіл болды деп жауап берді.

Осы сабақты жоспарлауда оқытудың жаңаша тәсілдерін енгізіп, сабақ құрылымын өзгертіп, жеті модульді ықпалдастырып жаңаша сабақ үлгісін құрастырып, оқушылардың өз беттерінше оқып-ізденуіне бағыт- бағдар беріп, бағалауға қатыстырып, тәуелсіз ойлануына жол ашуым менің көшбасшылығымды көрсетеді. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер бойынша бұл сабақта «ББҮ» кестесі мен «Топтық зерттеуді» алдым.Бұл тәсілдерді біз бұрын пайдаланған емеспіз. Бұл модульге диалогтік оқыту да кіреді. Ал осы әдістер бойынша оқушылардың бір- бірімен ой бөлісуінен өзара диалогтік қарым- қатынастарының аз да болса артқанын көрдім. Сыни тұрғыдан оқушылар ойлана алды. Осы тәсілдер сыни ойлауға үйретудің тәсілдері болатын. Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясында барлық іс- әрекет оқушыларға бағытталды.Топтық жұмыста еркін ойлануға, өз ойларын нақтылап, жүйелеп, талдап, ашық айтуға мүмкіндік болды. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясымен жұмыс кезінде баланың танымдық белсенділігін артыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететінін байқадым.

Оқудың тиімді бағасын және оқыту үшін тиімді бағаны түсіну оқыту мен оқудағы барлық жаңа тәсілдермен тығыз байланысты. Балалар өздерінің түсініктерін құра алатын белсенді оқушылар болатын болса, онда мұғалімдер үшін де, оқушылар үшін де осы түсініктің мәнін білу қажет, өйткені ол оқуда алға қадам басуға және оған қолдау көрсету үшін қажет. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 13 бет) Формативті бағалау оқыту мен оқуды қолдау үшін пайдаланылады. Осы сабағымда оқушылар өз- өздерін гүлдің әр түсі арқылы бағалады.

АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруге көмектесетін маңызды құрал болып отыр. Сондықтан оқыту барысында осы технологияларды тиімді пайдалану маңызды болып саналады. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 61 бет) Тізбектелген сабақтар топтамаларымда АКТ- ны пайдаландым. Слайдтардан билердің суреттері мен ескерткіштерін көрсеттім. Соңғы сабағымда сабақты қорытуда Венн диаграммасын интерактивті тақтада орындады. Оқушылар қаламсаппен жаза білді. Бұл балаларды сабаққа қызықтырды. Берілген тапсырма бойынша оқушылардың жылдам ойлануына көмектесті.

Мұғалім оқушының талантты немесе дарынды екенін қалай анықтайды? Бұл ұғымның мазмұндық жағы әртүрлі болуы мүмкін. Балалар бір ғана пәннен емес бірнеше академиялық пәндерден олардан күткеннен жоғары деңгей көрсетуі мүмкін: мәселен, әртістік, спорттық, музыкалық және басқа таланттарымен танылуы ықтимал. Сонымен қатар олар бір салада дарынды болса,басқа салада қиындыққа тап болуы мүмкін; олар дамудың бір кезеңінде өте қабілетті болса, келесі кезеңдерде қабілеттерін танытпауы мүмкін. Бұл дарындылық пен қабілеттілікті мұғалімдер, ата- аналар, топтың басқа мүшелері немесе балалардың өздері айқындай алады. Балалардың қабілеттіліктерін, біліктілігін,әлеуетті мүмкініктерін көрсету үшін оларға жағдай туғызу қажетжәне де бұл олардың ерте жасында олар үшін өте қиынға соғуы мүмкін. Талантты немесе қабілетті үнемі айқындай отырып бастауыш мектептердің мұғалімдері өздерін «дарынды бақылаушылар» ретінде көрсетуге тиіс. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 72 бет)

Бүгінгі сабақта қабілетті оқушым Жекенова Аружан өткен тақырып мазмұнына сай өлең құрастырып келген. Бұл оқушының мен барлық сабақта алда екенін, суретке, билеуге икемі барын білемін. Осы қасиеттерін дамыту үшін болашақта жоспарлы түрде жұмыстар жасаймын. Сонымен бірге сабақтың ойтолғау бөлімінде оқушылардың жазба тілдерін дамыту мақсатында эссе жазғызып отырдым. Мұнда да өз ойларын тамаша тілмен жеткізетін оқушыны байқадым. Ол Ғалиев Ерғалым. Бұдан ары бұл оқушыны да басты назарда ұстау керектігін білдім.Осы сабақ барысында туындаған қиындықтар:балалардың жазу каллиграфиясына көңіл бөлінбеуі. Жетістігім:балалар өз біттерінше проблема шешуге бейімделе бастады. Сабақта жауапкершіліктері артты. Топтық жұмысты меңгерді.

Келесі қадамым

Бір сабақта жеті модулді енгізуде нені басшылыққа алу керек?

  1. Уақытты ұтымды пайдалану үшін жоспарды уақытқа бөліп жасау

  2. Баланың өз бетінше білім алуына жол ашатын әдіс- тәсілдер пайдалану

  3. Оқушылардың оқып- үйренуіне қолайлы орта қалыптастыру

  4. Нұсқаулықты басшылыққа алу







Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Б.И.Иманбекова , П.Қ. Жаманқұл. Әдебиеттік оқу. 3 сынып. «Алматыкітап» баспасы.

  2. П.Қ.Жаманқұл. З. Муфтибекова. Әдебиеттік оқу. (әдістемелік құрал) 3 сынып.

  3. Мұғалімге арналған нұсқаулық. III деңгей.

  4. Бағдарлама . III деңгей

  5. С. Мирсеитова. Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде .

  6. Интерактивті әдістер” бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік

П.Б.Таңатарова. Тараз 2011 ж















































PAGE \* MERGEFORMAT 1 


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!