Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Рефлексивті есеп
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Рефлексивті есеп
XXI ғасырдағы білім беру жүйесіндегі әлемдегі өзгерістер - қоғамның дамуына ықпал тигізетін оңтайлы өзгерістердің бірі. Өзге елдермен терезесі тең болуды ойлаған егеменді мемлекетіміздің алға қойған басты мақсаттарының бірі- жаңа форматтағы мұғалімдерді оқытып даярлау.
Жаңа заман ағымына сай мұғалім болу, жас ұрпақты әлемдік әдістермен тәрбиелеу – әрбір шығармашыл ұстаздардың басты алға қойған міндеттерінің бірі. Осы бағытта деңгейлік оқу оқыған мұғалімдердің жасап жатырған еңбегіне болашақта оңтайлы нәтиже беретініне егеменді мемлекет үлкен үміт артуда.
«Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша коучинг курсы өтті. Сол курста алған әсерім шексіз. Коуч сөзінің аудармасы тәлім ету, дайындау, жаттықтыру екенін түсіндім. Басында қобалжуда болды. Бұрын естімеген ғалымдардың аттарын есіме сақтай алмай жүрдім. Осы өткізілген коучинг курсының нәтижесінде оқыту мен оқуды зерттеулер туралы пікір, болашақта бағалау нәтижелерін негізге ала отырып, оқыту мен оқу қызметін жетілдіру үшін олардың тиімді деңгейі бағалау керектігі, мектептегі барлық оқушыларды оқыту тәжірибесін жетілдіру екенін түсіндім. Коучинг курсында мен өз бойымда терең ойлану, зейін салып тыңдау, мәселені анықтау оны шешуге апаратын сұрақтарға жауап ала білдім.
Мектептегі дамуда оқытудың белсенді әдістерін пайдаланған кезде менің оқыту сапамның жақсаратынын түсіндім. Талапқа сай келмейтін сабақтар болмайды. Осы әдіс – тәсілдермен оқыту барысында оқушылардың сабақта оқу белсенділігі артатынын түсіндім.
Курстың бірінші күнін тренеріміз «Топтарда жұмыс жүргізу» әдістемесімен бастады. Саныптағы оқу үдерісі мен ондағы өзгерістерді басқару. Сабақ барысында «Танысу» сергіту сәтіне арналған жаттығулар жасадық.
Топқа бөліну шағын топтарда арақашықтық сақтау топтарда өз ара әрекетет етуін ынталандыру,талқылау кезінде топтарға жақын болу. Сарапшы топтарда ұсынылған тақырыптардың бірін талқылайды. Шеңбер – бұл пайдалы әдіс. Кез келген оқушы ойын айтқысы келгенде. Шеңбер – еш сынсыз, кекесінсіз сөйлеуге шынымен лайық жер. Тәжірибені, мысалы, фильмді, бейнежазбаны, рольдік ойынды талқылау үшін. Тапсырманы немесе мәселелерді шешуге көмектесу. Номаналдық топ. Бұл – ұзақ талқылаусыз топты құру немесе келісімге келуге мүмкіндік беретін пайдалы әдіс. Бұл – әдіс сондай – ақ басымдықты орнатуда ыңғайлы, масалы, мәселенің оң тайлы шешімін кесене қолдануға болады.
Джон Дьюидің сын тұрғысынан ойлау технологиясын зерттеу барысында білім берудегі ең тиімді әдіс деп ойлаған. Қазақстандағы ұстаздардың ең көбі осы технологияны қолданады. Сын тұрғысынан ойлау деген сөздің өзі – ойлау туралы ойлану. Ең үлкен дайындықпен, еңбекпен келетін нәрсе. Эдвард Глейзер (1941) СТО модулінің қабілеттілігінің үш элементтерін зерттеген.
-
Проблемалар мен мәселелерді шешу кезінде өзінің тәжірибесін қалыптастыру өрісіне.
-
Логикалық зерттеу мен ой жүгірту әдістерін білу.
-
Осы әдістерді қолданудағы тәжірибелік дағдылар.
Сын тұрғысынан ойлау – сабақта балалардың қызығушылығын арттыра отырып, ойыңды еркін және зерттей талпындырып жеткізіп, тұжырым жасау деп түсіндім.
Келесі сабақтарында Флейвелл (1976) «Метатану» термині оқушылардың саналы білім алуы мен ойлауын дамытуға ықпал ететін бірқатар үдерістерге қатысты қолданады. Флейвелл өзінің кең көлемді метатану зерттеуінде ерте жастағы балаларға еске сақтауға арналған тапсырмалар берілді. Бестен жеті жасқа дейінгі балаларға зерттеуші белгілі бір ретпен бірқатар заттарды көрсетті.
Тренеріміз бізге де әр түрлі заттарды рет – ретімен қоя отырып, оларды ретімен дұрыс атауға тапсырма берді. Жұмыс барысында мынындай ойға келдім. Топ балаларына осындай зерттеудің есте сақтау қабілетін дамытуының тиімді екенін білдім. Метатануды өлшеудің үш құрылымы
-
Мақсаттар мен құрылымдарды білу.
-
Өзін оқушы деп білу өлшемі, түсіну және бағалау – тапсырмаға бағытталған.
-
Тапсырманы орындауға қажетті стратегияларды.
Флейвелл (1995ж) ерте жастағы оқушылардың метатану мүмкіндігі шектеулі екенін айтады. Метасана қабілеті жасқа байланысты өзгереді және жасы үлкенірек балалар метатанымдық ақпаратты көптеген мөлшерде игергендіктен олардың үлгерімі жоғарырақ деп тұжырымдаған.
Александер (2001-208) Диалогтың бес үлгісін анықтады.
Механикалық есте сақтау, декламация, нұсқаулық, талқылау, диалог.
Диалог түрінде оқыту оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді деп санайды. Диалогтік оқыту механикалық әңгіме, жауап алу, түсіндіру және талқылау сияқы әңгімелесуге үйретудің барынша дәстүрлі түрлерімен тығыз байланысқан. Оны нақты стратегия деп атау қиын. Дұрысын айтқанда. Ол – сабақ барысында танымдық бәсекелестік өз ара қарым – қатынас қалыптастыратын стратегиялар жиынтығы. Диалогтік оқыту балаларды оқу үдерісіне барынша мақсатында әғгіменің күшін пайдаланады, олардың түсінік – пайымдарын кеңейтіп, оқу мен ұғынуын дамытуға ықпал етеді. Сабақта әңгіме үнемі бұндай нәтиже бере бермейді, кей кездері олар оқушыларға кедергі келтіріп жатады. Алесандердің (2004) пайымдауынша, диалогтік оқыту негізгі бес қағидаттарға негізделеді.
-
Ұжымдық: мұғалім мен оқушылар тапсырманы топпен немесе бүкіл сынып болып бірге зерделейді.
-
Өзара: мұғалім мен оқушылар бір – бірін тыңдайды, идеяар мен бөліседі және балама көз қарастырды қарастырады.
-
Жиынтық: мұғалім мен оқушылар жеке өздерінің идеяларына және бір – бірінің идеяларына негізделіп, оларды бір тізбекке біріктіреді.
-
Қолдаушы: балалар өз идеяларын анық жеткізеді, дұрыс болмай қалама деп қорықпастан өөз ойларын еркін айтады, олар бір – біріне өз ара түсністікке қол жеткізуге көмектеседі.
-
Мақсатты: мұғаліидер белгілі бір білім беру мақсаты бар әңгімені жоспарлайды және реттеп отыралы.
АКТ - Ақпараттық – комуникативтік технологияны пайдалану оқытудың тиімді әдістерінің бірі. Олардың бірі – интерактивтік тақта, мультимедиялық және онлайн сабақтарАКТ – ның пайдаланудың артықшылықтары мынандай:
-
Олар оқытудағы тақырып шеңберіндегі немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуы тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады.
-
Білімге бір – бірінен үлкен арақашықтықта орналасқан әр түрлі оқу орнында отырып қол жеткізуге болады. Жас баланың әр нәрсені білсем, үйренсем деген ой – сезім, тілек, мүдделерді өсіру үшін қажет технология деп ойлаймын. Бұл технология – жан жақты білім, тәрбие беретін, өнертанытқыш қызмет атқаратын құрал. АКТ құралдарын пайдалана отырып презентация құралдары арқылы сипаттап, артынан осы материалдарды флеш – карталарына салып берудің тиімділігін білеміз. АКТ – ның 3 аспектісі:
-
Әлеуметтік
-
Аффектік (эмоциялық)
-
Танымдық
Мұғалімдер оқу үдерісінің танымдық, әлеуметтік, аффектік бөліктеріне негізделе отырып, АКТ қолданылатындай сабақ жоспарларын дайындайды. Түйінді идеяға сүйене отырып, АКТ қолдану үш аспектіні қамту керек екенін білдім.
Лев Выготский оқытудың әлеуметтік – мәдени теориясын дамыту барысында оқушының өз бетімен қол жеткізе алмайтын оқу деңгейін ересек немесе маңызды адамның көмегімен қамтамасыз етудегі рөлі туралы жазады. Выготский (1962) саналы рефлексивті бақылау және білімді кемелдендіре игеру мектепте оқытудың аса маңызды факторлары болып табылатынын түсіндіргендердің ең алғашқысы болды. Выготскийдің айтуы бойынша, жақын арадағы даму аймағы (ЖАДА) – оқушының өз бетінше шешкен міндеттердің көмегімен анықталған өзекті даму деңгейі мен үлкендердің басшылығымен және анағұрлым қабілетті жолдастарымен бірігіп шешілген міндеттер арқылы анықталатын болжамды даму деңгейі арасындағы қашықтық. Мерсер және Фишер (1993) ЖАДА – ның тапсырманы орындау жауапкершілігін білім аушыға беру қасиетін көпіршелердің басты мақсаты деп қарайды. Көпірше деп саналу үшін оқыту мен оқуда мынандай жағдайлар болуы керек.
-
Оқушыларға өз бетінше орындай алмайтын тапсырманы орындауға мүмкіндік беру.
-
Оқушыны тапсырманы өз бетінше орындауға мүмкіндік беретін құзыреттілікке жеткізуді мақсат ету.
-
Көпіршелер тәжірибесін қолдану нәтижесінде оқушылардың өзіндік құзіреттіліктің жоғары деңгейіне қол жеткізуіне жағдай тудыру.
«Оқудағы бағалау» Критериалды бағалау – бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу - танымдық құзырлығын қалыптастырады.
Рубрика – (айдар, тарау) – өтілген тақырып бойынша оқушылар білімін бағалау.
Дескриптор – оқушының әр критерийі бойынша (сатылы түрде) нәтижеге жету деңгейін сипаттайды және оны белгілі бір ұпайлармен бағалайды. Жетістік жоғары болған сайын сол критерий бойынша ұпайыда жоғары болады.
Рубрика ---- Критерий---- Дескриптор
Р- оқушыны не үшін оқитынын көрсетеді.
К- оқушы нені үйрену керектігін байқайды.
Д- (түйінді сөз) оқушы қалай жоғары нәтижеге жете алатындығын көрсетеді.
Осы сабақта тренеріміз «Мұғалімдерге арналған шипажай» макетін жасауға тапсырма берді. Тапсырманы орындамас бұрын көңілімізді жағымды музыкамен көтеріп алдық.Топқа бөліндік. Содан кейін бізге керекті ресурстар үлестірілді. Сол ресурстарды пайдалана отырып, әдемі шипажай макетін жасадық. Топ болып шипажайымызды жарнамаладық. Талапқа сай, заманауи, қазіргі ұстаздардың қалтасы көтеретін, жан – жақты абаттандырылған, бес жұлдызды шипажайымыз Тренеріміздің құрылған критерийіне сай креативті болып шықты.
Критерийлік бағалау жүйесіне ерекше мән берілу керек екенін білдім. Себебі, мұнда жаңаша бағалау жүйесі мұғаліммен қатар оқушының өзіне де алған білімінің жетістігін айқындауға үлкен мүмкіндіктер туғызады.
Американдық психолог - ғалым Б. Блум таксономиясында айтылатындай, бала білімді жай ғана түсінп қабылдап қана қоймай, оны қорытып, жаңғыртып, саралап салыстырып, іс – жүзінде қолданып, өзінше бағалай алу керек. Мысалы: 1сынып жетекшісінің тәжірибесінде шәкірттерінің білімін критерийлік бағалаудың экспериментті жобаларды қолдана бастаған кезде бірқатар қиындықар туындағанын айтты. Себебі, сынып жетекшіге оқушыларының бойына білім мен түсінікті ғана емес оны сабақ процесінде қолдана білуді, өз білімін сараптап, жинақтап, бағалауды қалыптастырып, сіңіру қажет болды.
Коучинг курс барысында менің оқу іс – әрекетіме СТО модулінің әдіс – тәсілдері ең тиімді екенін білдім. Мектеп жасына дейінгі баланы қалыптастырып дамыту үшін оның мүмкіншілігі мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет. Баланың қабілетін қаншалықты ерте алып дамытса оның нәтижесі де соншалықты жемісті болмақ. Себебі, тәрбиеленушілерім анағұрлым өзіндік құзіреттілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізуіне жағдай тудыратынына көзім жетті.
Курстан алған білімімді тәжірибе түрінде өз сабақтарымда пайдалануға, іске асыруға кірістім. Бұл ретте ең бірінші өзгерісті неден бастауым керек деген сұрақтың аясында ойландым. Шағын орта тәрбиешісі болғандықтан, сабақта пайдаланатын әдіс-тәсілдерімнің тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне байланысты қолданғаным жөн деп білдім .
Бірінші сабақтың тақырыбы: «Бауырсақ» ертегісі
Диалогтың пайдасы өте зор. Өз сабағымда диалогті оқытуды пайдалана отырып, жақсы нәтижеге жеттім деп ойлаймын. Себебі, тәрбиеленушілелдің сөздік қоры молаяда. Өз ойларын толыққанды жеткізе алады. Александер (2004) сыныптағы диалог барысындаоқушылардың идеялары екі жақта жүреді және осының негізінде оқушының білім алуы алға жылжыйды деп тұжырымдайды. Осыдан Александердің ойын назарға ала отырып, сабақ өткізу барысында тәрбиеленушілерге диалогты оқытудың тиімді екенін білдім. Оқу іс – әрекетімнің барысында тәрбиеленушілердің психологиялық ахуалды «айна» әдісі бойынша жұпқа бөліп, бір – біріне қарама - қарсы тұрып бір оқушы әртүрлі қимылдар жасайды. Ал екінші оқушы айнаның қызметін атқарады. Бір минуттан кейін оқушылардың орны ауысты. Бұл әдіс балалардың көңіл күйін көтерді. Келесі кезеңде балаларды «Кемпірқосақ» жаттығуы арқылы топқа бөлдім. Топқа бөлерде жас ерекшеліктерін ескердім. Топтағы балаларға өздерінің қызметін тағайындап бердім. Топтың ережесімен таныстырдым. Сабақтың келесі бөлімінде сыни ойлауға тәрбиеленушілерімді әңгімеге тарту арқылы Александердің (2008) диалог орнату сұрақтарды орынды қою арқылы сабағымның тақырыбын аштым. Тәрбиеленушілердің қызығушылығын туғызу мақсатында сұрақтар қоя отырып, диалогты қолдандым. «Бауырсақты кім пісірді? Бауырсақ кімдерден қашты? Бауырсақ кімге жем болды?» Балалардың жауаптары : «Әже пісірді, атадан, әжеден, аюдан, қасқырдан, қояннан қашты, түлкіге жем болды». Сұрақтар арқылы белсенді қатысқан балаларды «Жарайсың! Бәрекелді!» дей отырып бағаладым. Мерсер ұсынған ой қозғау әдісі бойынша өздерінің ойларын еркін айтуға мүмкіндік алды. Тапсырманы орындап болған топ қол соғу арқылы белгі берді. Кедергі тәрбиеленушілердің сөздік қорының аздығы және ойларын жинақтай алмауы. «Кір жаю» әдісі арқылы мынандай тапсырмалар берілді. Ертегіні сипаттайтын жануарлардың суреттері таратылды. Кірдің жібіне рет – ретімен іліп қойды . Балалар арасында диалогты пікірталас орнады. Осы әдісті тәрбиеленушілердің ойын ұштаудағы миімді білім берудегі және құзіретті тұлға қалыптастырудағы тиімді тәсіл. Формативті бағалау әдісі смайлик арқылы бағаланды.
Екінші сабақты топқа бөлуден бастадым. Топқа бөлудің мақсаты тапсырма бойынша өз ойларын талдау, өзінің пікірімен санасу, ынтымақтастық жұмысты жетілдіру болды. Топқа бөлгенде геометриялық пішіндерді пайдаландым. Пішіндерде тақырыпқа сай суреттер болды. Сол суреттер бойынша топқа бөлініп отырды. Бұл әдіс арқылы тәрбиеленушілердің жұптастықта жұмыс жасайтыны мен ұтымды деп есептеймін. Санамақтар арқылы сергіту сәтін пайдаланған тиімді. Танымдық белсенділігін арттыру барысында , сабағымның нәтижелі, сөз қорларының молая түскенін білдім.
Үшінші сабақта сыни тұрғыдан ойлауды дамыту модулінің инсерт әдісін пайдаландым. Инсерт әдісі бойынша тақырып төңірегінде білемін, білгім келеді, білдім қортындысын жасайды. Нәтижесінде сабақта нақты материалды игеруге, тәрбиеленуші не білетінін, сабақта не білгілері келетіні жайлы пікірімен бөлісіп, сабақтың аяғында нені білді қортынды жасайды. Бұл қадағалау парағы бір сабақ бойы толтыруға берілді. Бейне материалды көріп, «білемін» тармағы бойынша барлық тәрбиеленушілер бұрын не білгендері жайлы ойларымен бөлісті.