Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Рефлексивті есеп "Оқыту мен оқудың жаңа тәсілі- диалогтік оқыту жайлы рефлексивтік есеп"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Толкимбекова Айман мұғалім портфолиосы А есебі
№2 топ 3-деңгей
Тараз қаласы
Оқыту мен оқудың жаңа тәсілі –диалогтік оқыту жайлы рефлексивтік есеп
-Диалогтік оқытудың нәтижелілігі қандай?
- Диалогтік оқытуды тізбектелген сабақтар топтамасына қалай енгізуге болады?, - деген сияқты сұрақтар мені толғандырды. Осы тұста «Мұғалімге арналған нұсқаулықта» Мерсер мен Литлтон(2007) еңбектерінде айтылған ойлары еске түсті. Диалог – сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар , білім деңгейінің өсуіне үлес қосатынын атап көрсетті.(Бағдарлама 19 бет) Диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы мен мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтің шәкірттердің өзіндік ой- пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал екенін меңзейді.Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Выготский кіші жастағы балаларды когнитивті даму әрекеттері әлеуметтік қарым- қатынас үдерісінде, яғни анағұрлым қабілетті оқушылармен араласу және мәдениет, қоршаған ортамен өзара қарым- қатынас жасау арқылы оқушыларды ересектерше ойлау әдісіне үйрету кезінде қалыптасатын субьекті ретінде суреттейді. (Бағдарлама 19 бет) Александер (2004) оқытудағы әңгімелесу- қарым- қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше, идеялар екі жақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдайды. Диалог барысында оқушылар (сонымен қатар мұғалімдер де) келісілген нәтижеге жету үшін күш жігерін жұмсайтын және Мерсер ( 2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе, «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы іске асады. Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың ажырамас бөлшегі болып табылады және әңгімелесудің үш түрі бар: әңгіме дебат, топтық әңгіме, зерттеушілік әңгіме. Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізуі үшін мұғалімдер қолданылатын сұрақтардың екі түрі: төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтар кең қолданылады. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты әртүрлі техникаларын пайдалануға болады. Түрткі болу: түрткі болуға арналған сұрақтар бірінші жауап алу үшін және оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет, айталық, сұрақты қарапайым етіп қою, өткен материалға оралу, ойға салу, дұрыстығын қабылдау және толығырақ жауап беруге итермелеу. Сынақтан өткізу: сынақтан өткізуге арналған сұрақтар оқушыларға анағұрлым толық жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге, өз идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп құрылуы қажет. «Сіз мысал келтіре аласыз ба?» деген сияқты сұрақтар тапсырманы орындау барысында оқушыға бағдар беріп отырады. Қайта бағыттау: сұрақты басқа оқушыларға қайта бағыттау, мысалы, «Көмектесе алатындар бар ма?» Мұғалімдер бастапқыда қоятын сұрақтар ғана емес, оқушылардың жауаптарымен мұқият танысқаннан кейін туындайтын сұрақтардың маңызы зор. Мұғалім оқушылардың жауабын олардың білім деңгейлерін тексеру үшін ғана емес, оларға өз ойларын анық жеткізуге, дамытуға және кеңейтуге мүмкіндік беру үшін де пайдаланылады.(Нұсқаулық 41 бет) Диалогтік оқытудың нәтижелілігі жайлы көп мағлұматтар алған соң оны екінші қашықтықтан оқыту кезеңінде сабақ өту барысында іс- тәжірибемде қолдандым. Тізбектелген сабақтар топтамасында бірінші сабағымның тақырыбы:Әнет баба батасы. Бұл сабақта сабақ бойынша өтілген тақырыпты жинақтап, қорытындылау мақсатында «Мен саған, сен маған» әдісін пайдаландым.Алдымен жіңішке сұрақтарға жауап алдым. Содан кейін жалпақ сұрақтар қойылды.
Ол сұрақтар слайдтар арқылы көрсетілді. Жіңішке сұрақтарға жауап берушілер көп болды.Жалпақ сұрақтақтарға мысал келтіре кетсем,
-
Тақтадағы қай жауап Төле бидің сөзіне ұқсайды?
-
Әнет бабаның жұмбақтап айтайын деген ойы не еді?
-
Мәтін мазмұнынан үлкенді сыйлау дәстүрі байқала ма? -бұл сұрақтар бойынша оқушылар оқығандары бойынша ойланып жауап берді. Аружан тақтада көрсетілген жауаптардың дұрыс нұсқасын оқып, түсінік берді. Ерғалым: «Әнет бабаның жұмбақтап айтайын деген ойы ауызбіршілік, бірлік, татулық еді. Көптің аты көп, бірліктің аты- бірлік,»- деп жауап берді. Алуа үшінші сұраққа былай деп жауап берді: «Үлкенді сыйлау дәстүрі жақсы көрсетілген. Мұнда Төле би өзінің ұстазын үлгі тұтады, амандасу, қошемет көрсету, қонақты атқару рәсімдерін байқадық.»
Екінші сабағымның тақырыбы: Төле би. Төле бидің толғауы. Бұл сабақта жаңа сабаққа кіріспе ретінде сұрақ- жауап жүргіздім. Бұл сұрақ- жауаптың маңыздылығы сол балалардың өткен сабақтағы білімдерін өз білімдерімен ,жаңа сабақпен ұштастыру. Осы сабақты қорытындылап, жинақтауда «Диалогтік ойын» жүргіздім. Яғни, тақырып бойынша оқушылар диалог құрастырады. Мысалы бірінші топ екінші топқа сұрақтар әзірлеп, қояды екінші топ жауап береді. Үшінші топ төртінші топқа сұрақтар қояды, төртінші топ жауап береді. Сұрақ көлемі үшеу. Содан соң керісінше, екінші топ біріншіге, төртінші топ үшіншіге сұрақтар қояды. Бұл ойында балалар сұрақтар құрастырып, сұрақтарға жауап табу арқылы білімдерін шыңдап, ойлана білді. Топ болып бірлесіп сұрақтарға жауап беріп, білмегенін біріне бірі үйретіп белсене атсалысты. Үнемі сабаққа енжар оқушым Есенқұл Нұрұзақ та екі сұраққа жауап берді. Ал үздік оқушыларым Аружан мен Ерғалым, Бақнұр, Аидалар топ мүшелерін алға жетелеумен болды. Тізбектелген сабақтар топтамасы бойынша үшінші сабағымның тақырыбы:Қазыбек би. Кім жақын, не қымбат, не қиын?Бұл сабақта жаңа сабаққа бағыттау мақсатында «Алдын –ала берілген атаулар» әдісін пайдаландым.Бұл әдіс бойынша диалогтік оқыту арқылы сын тұрғысынан ойлауға үйреттім. Бұл әдістің қолданылуы: слайдтан бірнеше сөздер көрсетілді. Қазыбек би. Орта жүз. Абылай хан. Мемлекет басқару ісі. Енді осы сөздер бойынша проблемалық сұрақ қойып, оқушылармен сұхбат жүргіземін. – Тақтадағы сөздердің арасында қандай байланыс бар? - Қазыбек би- орта жүздің бас биі болған. - Ал Абылай хан мен мемлекет басқару ісінің арасында қандай байланыс бар? -Абылай хан тұсында өмір сүрді. Мемлекет бақару ісіне белсене атсалысты. Бұл сұрақтардың жауабын ұшқыр ойлы Алуа мен Айжан бірінші болып жауап берді. Осы сабақта мағынаны тану сатысында жаңа білімді «Сұрақ қою, қайтадан сұрақ қою» тәсілі бойынша меңгерттім. Қолданылуы: оқушылар топ ішінде төртке бөлініп,өлеңнің бірінші бөлімін оқыды. Оқып болғаннан кейін, бірінші нөмерлі оқушылар екінші нөмерлерге, ал үшінші нөмерлі оқушылар төртінші нөмерлі оқушыларға оқыған бөлімдері бойынша сұрақтар қояды. Оқушылар тапсырманың екінші бөлімін оқиды. Оқып болғаннан кейін олар бір- біріне кері тәртіппен сұрақтар қояды: екінші нөмерлі оқушылар біріншілерге, ал төртінші нөмерлі оқушылар үшінші нөмерлерге. Оқушылар өлеңнің үшінші бөлігін оқиды. Оқып болғаннан кейін олар бір- біріне жұптасып жұмыс жасайды. Бірінші және екінші нөмерлі оқушылар үшінші және төртінші нөмерлерге сұрақтар қояды, содан кейін керісінше. Оқушылар Қазыбек бидің айтқан сөзі жайлы бір- біріне көптеген сұрақтар әзірлеп,сұрақтарға жауап таба білді. Бірінші топтан Жаңабек Нұрұзаққа былай деп сұрақ қойды: - Өмірде адамға ең жақын деп кімдерді айтар едің? - Қазыбек бидің айтуына сүйенсек, ағайың, апайың, інің, қарындасың, нағашың, адал досың жақын. –Жақын адамдар бір- бірімен қандай болу керек? -Тату, бауырмал, адал,бір- бірінен көмегін аямайтын, ақылшы, бір- бірін қимайтын, сырлас болу керек. Бұл Жаңабек пен Нұрұзақтың құрастырған диалогы болатын. Бұл жерде Нұрұзақтың оқыған тақырып бойынша сұрақтарды нақты әрі толық жауап бергені таңқалдырды. Бұл оқыған бөлікті Нұрұзақ жақсы түсінгенін көрсетті. Одан әрі екінші бөлікті оқығандары бойынша Аружан мен Ерғалымның диалогы өте тартымды, өз жас ерекшеліктеріне сай өте қызықты әрі мағыналы жоғары деңгейде болды. Ерғалым: - Қазыбек би айтқан адамға ең қымбат дүниелерді ата. Аружан: Алтын ұяң- Отан қымбат, құт берекең – атаң қымбат, аймалайтын анаң қымбат, асқар тауың – әкең қымбат, мейірімді апаң қымбат, туып өскен елің қымбат.Ұят пенен ар қымбат. – Не себепті Отанды алтын ұя деп айтқан? -Себебі, құстар өз ұясында өсіп- өнеді. Сонда мекен етіп тіршілік еткендіктен ұяларын әркез жаман, зиянды жануарлардан қорғайды. Сол тәрізді біз де өзіміздің туып –өскен Отанымызды қорғап,көркейтуіміз керек.
-
Бұл айтылғандар Қазыбек бидің айтуы бойынша, сен өзің «қымбат» ұғымына нені қосар едің?
-
Маған ең бастысы осы айтылғандардан басқа өзімнің өмірім қымбат. Достарым, ұстаздарым, мектебім қымбат.
Ендігі кезекте Бақнұр мен Бек былайша сұрақ- жауап жүргізді:
-
Қиын деген сөзді қалай түсінесің?
-
Білмеген нәрсем қиын, бір іс қолымнан келмесе сол қиын, өтілген сабақты түсінбесе сол қиын.
-
Тақырып бойынша адамға ең қиыны не екен?
-
Арадан шыққан жау қиын, таусылмайтын дау қиын, шанышқылаған сөз қиын, жазылмаса, дерт қиын, іске аспаған серт қиын, ақылыңнан адасып өзің түскен өрт қиын.
-
Серт деген не?
-
Серт деген ант. Яғни, айтқан сөзде тұру. Бұл оқушылардың да диалогын құнды деп таптым.
«Сұрақ қою, қайтадан сұрақ қою» тәсілі бойынша балалар тақырыпты өз беттерінше мазмұнын меңгерді.Сол бойынша сұрақтар дайындады. Сұрақтар дайындауда жүйеліліктің керек екенін сезді. Яғни, басынан аяғына қарай баяндалатындай. Қойылған сұрақтарға жауап іздеп тапты. Оқығандарын қайта қарап, дұрыс бұрыстығын салыстырып нақты жауап беруді үйренді. Сұрақтар дайындап, жауап табуда бір- бірінің пікірін тыңдап, ортақ шешімге келді. Бірінің түсінбегенін бірі түсіндіріп, бірін- бірі оқытты. Адамға керекті қасиеттерді ажырата білді. Ойлау мен сөйлеу дағдылары қалыптасып, өз ойларын еркін жеткізе білді. Осы тұста оқушылардың бір- бірімен ой бөлісуінен өзара диалогтік қарым- қатынастың аз да болса артқандығын сезіндім.
Осы сабақта оқушылардың сабақ үстінде пікір алмасу, сын айту, талдау, түсіндіру бойынша бұрын- соңды байқамай жүрген ерекшеліктерді көруге мүмкіншілік болды. Алдыңғы сабақтарыма қарағанда оқушылар топпен жұмысқа бейімделіп, алтын ережені көп бұзбай берілген тапсырманы орнықты орындауға бейімделгенін байқадым. Төрт топтың оқушылары да белсенділікпен, ұйымшылдықпен уақытты ұтымды пайдалана білді.
Тізбектелеген сабақтар топтамасы бойынша төртінші сабағымның тақырыбы: Әнет баба. Әнет баба батасы. Бұл сабақта оқушыларды зертеушілік әңгімеге тарттым.
Барнс (1976) пен Мерсердің(2000) айтуынша, зерттеушілік әңгіме- мұғалімдердің оқушыларды әңгімеге тарту кезінде дамыту қажет болып табылатын әңгіменің түрі. Зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар өз сыныптастарымен шағын топтарда жұмыс істейді. Оларда ортақ проблема болады, бұл мәселе бойынша бірлескен түсінік қалыптастырады; идеялармен пікір алмасып, бір- бірінің идеяларын талқылайды, баға береді; ұжымдық білім мен түсінікті қалыптастырады. Оқушылар зерттеушілік әңгімеге тартылғанда, өз ойларын дауыстап айтады; болжамдар ұсынып, талқылайды. Талқылау кезінде олар «мүмкін», «бәлкім», деген сияқты сөздерді қолданып, өз идеясын дәлелдеу үшін «сондықтан» деген сөзді пайдаланып, топ тарапынан қолдау қажет болғанда «Солай емес пе?» деген сұраққа сүйенеді. Бұл әңгіме олар үшін қалыпты емес, сол себепті мұғалімдер бірігіп істеген жұмыстың құндылығын түсінулеріне көмектесу керек. (Нұсқаулық 40 бет)
Мағынаны тану сатысында топтық зерттеуді пайдаландым. Оқушыларға алдымен бағыттау сұрақтары қойылды:
-
Әйтеке би жайлы не білеміз?
-
Шешендік өнерімен танысқыларың келе ме?- дей келіп әр топқа тапсырма бердім.
I топ: Әйтеке би жайлы мәліметті оқып, мазмұнын талдап, жариялайды.(қандай әдіспен жеткізу өз еріктерінде.)
II топ: Берілген шешендік сөздердің 1- шумағын оқып, мазмұнын топта талдап, ашу мен ақыл деген сөзге сипаттама береді.
III топ: Өлеңнің 2- шумағын оқып, аға мен іні арасындағы сыйластық туралы айтылған даналық ақылды түсіндіреді.
IV топ: Берілген мақалдарды оқып, мазмұнын топта талдап, осы мақалдарды шешендік сөздердің мазмұнымен байланыстыру.
Бұл топтық зертеуде әр топ оқушылары берілген тапсырма мазмұнын ашу үшін бірге ойланып, өз ойларын дауыстап айтып, болжамдар жасап, бір- бірінен «солай емес пе? деп дәлелдеп, пікір алмасып, ортақ шешімге келді. Бұл әдіс бойынша балалар басты проблеманы көре біліп, оны шешу жолдарын қарастырды. . Бірінші топтан Аружан мен Ерғалым Әйтеке би жайлы деректерді сұрақ –жауап түрінде жариялады.
Аружан: - Әйтеке би кім?
Ерғалым: - Әйтеке -кіші жүздің бас биі.
Аружан:- Ол қай жылдары өмір сүрген?
Ерғалым:- 1667-1700 жылдары өмір сүрген, деп бірнеше сұрақ- жауап ойластырған. Оқушылардың диалог құрастыруы сол бойынша деректі толық баяндаулары мені таңқалдырды. Бұл оқушылардың сыни ойлай алатындығын көрсетті. Екінші топ оқушылары берілген даналық сөздердің бірінші шумағын мәнерлеп оқып, ашу мен ақыл деген сөзге топтастыру арқылы сипаттама берді. Бұл жөнінде оқушылар өте жақсы ізденгенін көрсетті. Әр топ мүшелері белсене қатысты .Сабаққа қатыспай өзімен өзі болған оқушы болмады. Осы қасиеттерін атап мадақтап өттім. III топ Өлеңнің 2 шумағын мәнерлеп оқып берді. Аға мен іні арасындағы сыйластық ережелерін құрады. Тақырыпты басшылыққа ала отырып: «Ағасын құрметтеу керек, аға алыстан келсе, атын байлау керек, сусынын беру керек,»- деген сияқты көптеген сыйластық ережелерін құрастырған. Бұл топтың да ізденістерін мақтап, мадақтап өттім.
IV топ оқушыларына тапсырма қиындау соқты. Сондықтан мақалдардың мазмұнын ашып, тақырыппен байланыстыруына өзім бағыт бердім. Нәтижесінде олар да жақсы адам мен жаман адамды салыстырмалы түрде сипаттап берді. Оқушылар топтық жұмыста бірін- бірі жетелеп, білмегенін үйретіп, басқа топтардан ерекшеленуге, өз ойларын жеткізе білуге,дәлелдеуге, жылдамдыққа, бірін- бірі толықтырып отыруға үйренгенін байқадым.
Мен оқытудың жаңа әдістерін сабағыма енгізу арқылы өзімнің жаңару бағытыма жол аштым. Оқытуда жаңа өзгерістердің болуы оқушыларыма да жаңа өзгеріс әкелді деп ойлаймын. Сабаққа енжар оқушылардың қызығушылығы оянып, сұрақтарға жауап беріп өздерінің бесенділіктерін көрсетті. Жалпы тізбектелген сабақтар бойынша менің кемшілігімнен жетістігім басымдау болды. Бұған дәлел- балалар күнделікті сабаққа үлкен дайындықпен келіп, «бүгін не істер екенбіз» деп бір жаңалықты күтетін болды. Яғни, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артты. Әдебиеттік оқу пәніне деген көзқарастары өзгере бастады.
Выготский оқыту моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды. Сондықтан, оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің рөлі ерекше. Оқушылардың көбірек білетін басқа адамдармен, әрине, бұл рөлдерде сыныптастары мен мұғалімдері болуы мүмкін, диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда, оқыту жеңіл болмақ. (Нұсқаулық 39 бет)
Диалог негізінде білім беру мен білім алу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтің шәкірттердің өзіндік ой- пікірін жүйелеуі мен дамуына көмектесетін амал. Мұғалімнің жаңалыққа бет бұруы – оқушымен бірігіп жасалатын қарым- қатынас үйлесімділігі, жай ғана оқып үйрету сабағы емес, тұғыры биік білім сатысына жетелеу болып табылады. Курстан бұрынғы сабақтар және одан кейінгі кезеңде өтілген тізбектелген сабақтар топтамасын өтуім бойынша,салыстыра қарағанда оқушылардың оқуға ынта- ықыласының артқандығын, адагершілік қасиеттерінің қалыптасқанын, бір- бірімен кеңесу, шыдамдылық, табандылық, ынтымақтастықпен жұмыс істеуге,бір- бірін тыңдауға бейімделгенін байқадым. Тәжірибе- қашан да таңлым көзі. Әрбір ұстаз өзінің шеберлігіне қарай сабақта оқыту мен оқу тәсілдерін түрлендіріп отырады. Сол арқылы сабақтың маңыздылығын арттырады.Диалог сабақтарда оқушылар мұғаліммен тең дәрежеде әңгімелесе алады.Диалогтік оқытуды келешектегі сабақтарымда жан- жақты қарастырып, әр қырынан падаланамын деп ойлаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Б.И.Иманбекова , П.Қ. Жаманқұл. Әдебиеттік оқу. 3 сынып. «Алматыкітап» баспасы.
-
П.Қ.Жаманқұл. З. Муфтибекова. Әдебиеттік оқу. (әдістемелік құрал) 3 сынып.
-
Мұғалімге арналған нұсқаулық. III деңгей.
-
Бағдарлама . III деңгей
-
С. Мирсеитова. Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде .
-
“Интерактивті әдістер” бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік
П.Б.Таңатарова. Тараз 2011 ж
2