Материалдар / Рефлексивтік есеп
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Рефлексивтік есеп

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай Құнанбайұлы туралы өткізілген ашық сабақтың Рефлексивтік есебі берілген. Сабағымның мақсаты: Абай Құнанбайұлы туралы түсініктерін молайту, білімдерін кеңейту, оқушының білім алуға деген ынтасын арттыру, өзара диалог құрастыра білу дағдыларын жетілдіру,оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу тілін, логикалық ойлауын, қиялын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2021
349
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Рефлексивтік есеп


7 «Г» сыныбында «Нәтиже сабақ.Абай Құнанбайұлы» деген тақырыпта ашық сабақ өткіздім. Сабағымның мақсаты: Абай Құнанбайұлы туралы түсініктерін молайту, білімдерін кеңейту, оқушының білім алуға деген ынтасын арттыру, өзара диалог құрастыра білу дағдыларын жетілдіру,оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу тілін, логикалық ойлауын, қиялын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Сабағымды бастамас бұрын ынтымақтастық ортаны құру мақсатында, оқушылармен «Ыстық лебіз» тренингін өткіздім, яғни оқушылар тұрып бір – бірлерімен амандасып, бір - бірлеріне жақсы тілектер, жылы сөздер айтты және нейрогимнастика өткіздім. Абай Құнанбайұлы туралы білімдерін кеңейте отырып, ауызекі сөйлеуге төсілдіру, өз ойын еркін айтуға дағдыландыру мақсатын қойдым. Мақсатқа жету үшін сабақта тапсырмалар мен интербелсенді әдіс- тәсілдерді қолдануды ұйғардым. Күтілетін нәтижем: оқушыларыма сұрақтар беру арқылы сыни ойлауға үйретуге түрткі болу, мәтінмен танысып, мазмұнын меңгереді, тест тапсырмасын орындайды, өзара диалогке түседі деп жоспарладым. Мақсатқа жету үшін сабақта тапсырмалар мен интербелсенді әдіс- тәсілдерді қолдануды ұйғардым. Нәтиже сабақты қарастыруды жеке,жұптық,топтық жұмыс ретінде жүзеге асырдым.

Қарастырылған модуль: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ , сыни тұрғыдан ойлау, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау,оқытуды басқару және көшбасшылық.Сабақта жеті модульді ықпалдастыру оқушыларды дербес ізденістеріне, жұппен, топта жұмыс жасауларына, рөлдік ойындарда белсенді болуларына, өзін-өзі, өзара бағалаулары арқылы қызығушылықтарын оятуға түрткі болып, өздерін үйретуші және үйренуші ретінде сезіндірді. Ең бастысы оқушылар өнімді іс-әрекетке қол жеткізе отырып, өздерін еркін ұстауға үйренді.

Білімді шыңдау үшін өте тиімді тәсіл оқыту үшін бағалау екендігін білгендіктен әр тапсырмадан кейін «Өзара бағалау» арқылы бағалаулар жүргізіп отыру оқушылардың өзіне сенімділігін, бір-біріне сыни қарауға үйретуге жетелейтінін болжадым.Бұрынғы бағалауға қарағанда қазіргі бағалау оқушылардың көңілдерінен шығып, олардың оқуға деген құштарлығын дамытады деп түйіндедім.Топтық жұмысты бастамас бұрын қорғалатын өнімді бағалау үшін табыс критерийі құрылды. АКТ көмегімен оқушыларды жаңа сабаққа кіргізу мақсатында интерактивті тақтадан модульге қатысты дайындаған бейнероликті көрсеттім. Оқушылар Не байқадық? сұрағы арқылы көрген бейнероликтерін сипаттап берді. Ең алдымен қайталау жұмысы жүргізілді.

Бағдарламаның идеясына қатысты кәсіби дамыту бағытында кері байланыс жасап отырдым. Білімді шыңдау үшін өте тиімді тәсіл оқыту үшін бағалау екендігін білгендіктен әр тапсырмадан кейін «Өзара бағалау» арқылы бағалаулар жүргізіп отыру оқушылардың өзіне сенімділігін, бір- біріне сыни қарауға үйретуге жетелейтінін болжадым. Бұрынғы бағалауға қарағанда қазіргі бағалау оқушылардың көңілдерінен шығып, олардың оқуға деген құштарлығын дамытады деп түйіндедім.Топтық жұмысты бастамас бұрын қорғалатын өнімді бағалау үшін табыс критерийі құрылды.

Тыңдалым бойынша оқушылар мәтінді екі рет тыңдап, тест тапсырмаларын орындады (5 тапсырма), бір-бірімен алмасып, жауаптарын тексеріп бағалады. Оқылым бойынша мәтінді оқып,тапсырмаларды орындады.Сабақ барысындағы сұрақтардың өзі оқушыларымның жас ерекшеліктеріне сай, байланыстырып сөйлеу қабілеттерін, сөздік қорларының артуына ықпал етті. Мен өзімді жоспар барысында оқушыларыма бағыт- бағдар беруші, жетелеуші ретінде көрсетіп отырдым.

Жазылым бойынша: 1. оқушылар синквейн құрастырды.

1. 1 зат есім

2.2 сын есім

3.3 етістік

4. 4 сөзден тұратын сөйлем

5. Мағыналас сөз

2. Кластер құрастырды.

3. Абай Құнанбайұлының өлеңдерін тауып жазу.


Үйге тапсырма : «Мен Абайды қаншалықты білдім» атты тақырыпта ойтолғау жазу. Сабақ соңында сарапшы оқушыларды бағалады.

Рефлексия . «Чемодан, еттартқыш, қоқыс жәшігі».

өз ойын айту кезінде оқулықпен шектеліп қалмай жан–жақты, терең ойланып жауап бере алды. Осындай жауаптардың нәтижесінде олар сұраққа сыни тұрғыда ойлана отырып, өз жауаптарын сенімді түрде дәлелдеуге мүмкіндік алды. Осыдан кейін алдағы уақытта мен сабағымда осындай жетелеуші сұрақтарды жиі қолданамын деп ойлаймын.Топтық жұмыспен өткізілген сабақтардың нәтижелі болатынына көз жеткіздім. Осындай жаңа тәсілдерді қолдану арқылы, мен мақсатыма жеттім деп ойлаймын. Оқушылар тақырыпты игеріп, іздеген сұрақтарына жауап тапты.

Оқушылар сабақта өз мүмкіндіктерін аша білді, топта ынтымақтастық орнады, білімдерін көбейтті. Өз ойларын еркін, зерттей жеткізуге тырысты. Көргендеріне салыстыру жасады, өздері тұжырымдады. Сөйтіп бірлесе шығармашылық жұмыс жасауға дағдылана бастады.

Жүргізілген зерттеу жұмысы кезінде А оқушы (үндемейтін оқушы) өзін бірқалыпты ұстады. Осы оқушым сабақта өз ойын айтып, белсендірек қатыса алмағандығын атап көрсеткім келеді.

В оқушы өзін өте еркін ұстады, өйткені материалды нақты біліп отырды. Топ басшысына лайықты дәрежеде болды. Тапсырмаларды орындауда ептілік және жылдамдық танытты. Топты басқара және ұйымдастыра білді.

С оқушы үй тапсырмасын дұрыс айта алмады (қобалжу болды және өлеңді дұрыс айта алмағаны үшін қатты ұялды).Оқушылар сыни тұрғыдан ойлана отырып, сабақтағы алған білімдеріне сүйене отырып, топ ішінде ақылдасып отырды. Мен әр топтың қасына барып бақыладым, оқушылар сыни тұрғыдан өзін-өзі реттеп сұрақтарға жауап берді. Зейіні төмен оқушы алғашқыда топтан шеткері қалып жұмыс үрдісіне кіре алмады.

Қорыта айтқанда, ашық сабағымда оқушылар тапсырмаларды қызығушылықпен орындады, белсенді болды.Сабақ  оқушыларға ұнады.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!