Материалдар / Рефлексивтік есеп қмж
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Рефлексивтік есеп қмж

Материал туралы қысқаша түсінік
Рефлексивтік есеп қмж Курстан үйренген жаңа әдіс-тәсілдерді сабақ барысында қолданған сәттерімде оқушылардың пәнге, сабаққа деген қызығушылықтары артып, әр жаңа тақырыпты өздерінше қуанышпен күтетін сияқты.Себебі курста алған жаңалықтардың жаңа белестері ынталандырып, жаңа қадамға ықпал етті.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қазан 2018
1094
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Рефлексивтік  есеп  Мақпал      қмж                      

Курстан үйренген жаңа әдіс-тәсілдерді сабақ барысында қолданған  сәттерімде  оқушылардың пәнге, сабаққа деген қызығушылықтары артып, әр жаңа тақырыпты өздерінше қуанышпен күтетін сияқты.Себебі курста алған жаңалықтардың жаңа белестері ынталандырып, жаңа қадамға ықпал етті. Соның барысында өзіме сыни тұрғысынан ойлау модулі бойынша диалогтық оқыту  тиімді болды.Осы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту модулі бойынша сабақ барысында жұмыс жасағанда оқушылар  өз алдына қойған сұрақтарға жауап іздеп, жан-жақты пікірлесіп, талдау жасап отырады. Осы орайда, қазіргі заман талабына сай жаңа әдіс-тәсілдерді сабақ беру барысында пайдаланып, оқушы мен мұғалім, оқушы мен оқушы арасындағы диалогтық қарым-қатынаста орнату керек  деп ойлаймын Бұл менің бірінші өткізетін сабағымның жоспары.Бұл сабаққа толталғаным диалогтық оқыту әрбір мұғалімнің, әрбір сабағында жүзеге асырылып жатқан жайы бар, ашығын айтатын болсам, мұғалім өз сабағына қатысып отырған оқушыны жансыз бейне ретінде қарамай, жеке тұлға ретінде қарап, оқушының ойымен санасуға және ойын ашық түрде жеткізе білуге мүмкіншілік берсе, диалоготық оқыту осы жерде көрініс табады.

Сабақтың тақырыбы көлемді болғандықтан, оқушылардың игеруіне де жеңіл болсын деп. Осы әдіс тәсілге сүйене отыра сабағымда мен  диалогтік оқытуды және сыни тұрғыдан ойлауды үйретуді тиімді қолдана білдім.Міндет қоя отырып, жұмыс істеу оқушыларды жайлылық аймағынан аздап шығатын деңгейде  жұмыс  істеуге міндеттейді.

Осы сабағымда  оқушыларымның жасерекшеліктерін ескере отырып, дарынды балалармен диалогті оқытуда қасындағы досына ықпал етіп отырар еді.Осы  технологияларды қолданған кезде оқушыларға өздері ойланып, өздері мәселені шешіп, өздік білім алудың маңызы аса зор болып отырғанын практика барысында көргім келеді.Тізбектелген сабағымның ішінен екінші сыныптың әдебиеттік оқу пәніне Спиридон Ванчелидің «Дельфин»әңгімесі. Оқыту мақсатым - әңгіменің негізгі идеясын түсінуге дайындау, басты кейіпкерлердің жағымды және жағымсыз іс-әрекеттеріне сипаттама және талдау жасауға үйрету. Осы сабағымның құрылымын Блум таксаномиясын негізге сала отырып құрастырдым. Бұл сабағымды да «Ыстық алақан» тренингін жүргізу арқылы бастап, дельфиннің бейнесін құрастыру арқылы екі топқа біріктіріледі. Құрастырған бейненің артында тағы тапсырма болады.Әрі қарай топқа бөлінген дельфинның атын анықтау арқылы жаңа сабақтың тақырыбымен таныстырамын. Автор туралы мәліметпен танысу үшін әр жұпқа ресурстар таратылады. Әуелі жұпта бір-бірімен, одан кейін топта талқыланады. Алғашында жұпта дегеніммен олар іштерінен оқып, өздіктерінен оқып түсініп жатады. Одан кейін бір-біріңе сұрақ қойып, талдаулар кезінде, бір-біріне сұрақтар қойып талдай білулері керек. Мәтін мазмұнымен танысу үшін «Аквариум» әдісін қолданамын. Әуелі барлығы мәтінді іштей оқулары керек. 1-топ мәтін мазмұнын баяндаулары керек, 2-топ сұрақтар әзірлеп, сұрақтарын қояды, қалған топтар жауап береді, 3-топ кейіпкерлерге сипаттама жасайды.Мәтін мазмұндық бөліктеріне әр топ ақылдаса отырып ат ойластырады, өз нұсқаларын оқиды. Дәптерге 2-топтың нұсқасын жазып алады. Түртіп алу стратегиясымен оқушылар жаңа сөздердің мағынасымен танысып, дәптерлеріне көшіріп алады. Жаңағы әңгіме бойынша диологқа түсіп сұрақ қою арқылы әңгіме жүргізеді.Әр топқа үш түрлі тапсырма бере отырып, топта оқушылар тапсырмаларын талқылау барысында зерттеушілік әңгіме жүргізулері қажет. Өз тапсырмаларын қорғау кезінде оқушылардың мәнерлеп оқу дағдылары қалыптасады.Осы  модульдерді  қолдану барысында оқушылар мәселені тиімді, нақты, әрі дұрыс шешу жолдарын қарастырумен қатар аталған мәселені шешуде ізденпаздық, алғырлық, білімділік біліктілік, шапшаң ойлау, мәселенің логикалық байланыстарын анықтай білу қабілеттерінің артқанын байқағым келеді. Сабақ жоспарын құру барысында  модуль идеяларының тиімді екенін байқадым,яғни берілген уақыт ішінде үлгеретінім анық.Нәтижесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артады,сөздік қорлары дамиды.Жеке,жұптық,топтық жұмыстардың арқасында ұйымшылдық,ойлау қабілеттері арта түседі .Сыныптағы тұйық оқушылар ашылып диологқа түседі,жас ерекшеліктеріне сай қызықты тапсырмалар бергенде бірігіп ,бірінің-бірі түсінбеген сұрақтарына жауап алады.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!