Реляциялық деректер қоры. Bigdata.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Реляциялық деректер қоры. Bigdata.

Материал туралы қысқаша түсінік
Реляциялық деректер қоры. Bigdata. колледж оқытушыларына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақ жоспары №2


Сабақ тақырыбы

4.1.3. Реляциялық деректер қоры. Bigdata.

Модуль /пән атауы

Информатика

Дайындаған педагог

Шыңғысова Айнұр Қуанышқызы

Күні


Курс, топ

1 курс

Сабақтың түрі

Білімді тексеру және бағалау сабағы

Міндеттер

2) "Реляциялық деректер базасы" ұғымын ашады.

Мақсаты

1)Bigdata қолданудың оң және теріс жақтарын  бағалау.

Күтілетін нәтижелер

1)Деректер қорында бірінші кілтті анықтап, Bigdata оң және теріс жақтарын ашады

Қажетті ресурстар және АКТ

Компьютер, Интернет ресурстары, оқулықтар

Сабақтың барысы


Кезеңі / Уақыты

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурсы


  1. Ұйымдастырушылық және уәждемелік



Ұйымдастыру: Сәлемдесу, түгендеу

Шаттық шеңбері: Білім алушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып, сабаққа көңілді қатысады


Психологиялық ахуал

(7 минут)

Топқа біріктіру: «Адасқан әріптер» әдісі

«Кесте», «ұяшық», «баған» сөздерін құрастыру арқылы топтарға бірігеді


Мақсаты мен міндетін хабарлау

1) көп кестелі мәліметтер қорын жасайды;

2) бір кестелік мәліметтер қорын жасау;

3) көп кестелі мәліметтер қорын жасау;


  1. Теориялық және практикалық


2.1. Алдын ала білім

Жалпы қайталау

(13 минут)

«Тұжырымдамалық карта» әдісі

Білім алушылар үлкен парақтың ортасына басты тақырыпты немесе сұрақты жазады

  • Біз өзімізге керекті деректерді қалай жинақтап, сақтаймыз?

  • Компьютер көмегімен деректер қорын қалай құруға болады?

  • Мәліметтер қорындағы негізгі кілт дегеніміз не?



2.2. Жаңа материалды зерттеу


2.3. Жаңа білімді практикада қолдану


Бекіту.

Бақылау жұмысы


(60 минут)

  1. Жаңа сабақ. (Бейнеролик). Bigdata термині шамамен 2011 жылдан бастап қолданыла бастады. Big Data (тура аударма – «үлкен деректер») дегеніміз не? «Үлкен деректер» терминін деректердің үлкен көлемін басқаруға және талдауға қатысты деп болжауға болады. Деректер – компьютерді басқаратын және электр сигналдары түрінде сақталатын және берілетін магниттік, оптикалық, механикалық тасығыштарға жазылатын шамалар, белгілер немесе символдар.

«Big Data» термині қысқа уақыт ішінде алуан түрлі, ауқымды, құнды деректерді жинау дегенді білдіреді. Мұндай деректерді өңдеу машинасыз жүзеге аспайды.











  1. Топтық жұмыс. (12 минут). 3 топқа әр түрлі тақырыптар беріледі. Padlet.com қосымшасында әр топ берілген тақырыпқа сәйкес постер дайындап, қорғау керек. Интерактивті тақтадан студенттердің топтық жұмысы көрініп тұрады.



Деректер қоры (ДҚ) – мекеменің ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған логикалық байланысқан деректердің жиынтығы (және олардың сипаттамасы).

Деректер қорын басқару жүйесі (ДҚБЖ) қолданушыларға деректер қорын анықтауға, жасауға, қолдауға және оны бақылауға мүмкіндік беретін программалық жасақтама.

Деректер қорының түрлері. Деректер қорының бірнеше түрлері бар: реляциялық (кестелік), иерархиялық және желілік.

Реляциялық (ағылш. relation – байланыс) деректер қоры. Relation екі өлшемді кестелерді қамтиды. Екі өлшемді кестелер дерек терминологиясында жазылған жолдар мен өрістер деп аталатын бағаннан тұрады. Мұнда жолдар (жазба) – нысан, нақты оқиға немесе құбылыс саны, ал бағандар (өрістер) нысанның, оқиға немесе құбылыстың атрибуттары (белгілер, сипаттамалар, параметрлер).

Иерархиялық деректер қорының графикалық түрде түрлі деңгейдегі нысандардан тұратын төңкерілген ағаш ретінде ұсынылу мүмкін.

Желілік деректер қоры. Желілік деректер қоры иерархияны жалпылау болып табылады және әрбір элемент кез келген басқа элементпен байланыстырылуы мүмкін ағаш құрылымы түрінде деректерді ұйымдастыруды қамтиды.

  1. Практикалық жұмыс (17 минут) Оқытушының түсіндіруімен студенттер компьютерде тапсырма орындайды.

Деректор қорын жасау үшін, біз Microsoft Access мәліметтер базасын қолданамыз. Бағдарламаны іске қосу үшін, Бастау-MS Access командасын таңдаймыз.

Ашылған терезеден Новая база данных батырмасын таңдаймыз

Т езезенің оң жақ бөлігінде жаңа құжатты сақтау орнын және атауы таңдайсыз.

Microsoft Access мәліметтер базасында 2 режимде жұмыс жасауға болады.


Студенттерге тапсырма

Shape1 Тапсырма. «Елдер» деректер базасын құру.

1. Жаңа деректер базасын құрыныздар

2. Деректер базасының кестесін құрыныздар, «Елдер» деп сақтаңыздар

3. Кестенің өрістерін анықтаныздар №2кестеге сәйкес

4. Елдерді өсу реті бойынша сұрыптаңыз


1 кесте. Деректер кестесі Елдер


Имя поля

Тип данных

Счетчик

Елдер

Текстовый

Астанасы

Текстовый

Халқы

Числовой

Ауданы(кв км)

Числовой

Тілі

Текстовый

2 кесте. Кестені толтырыңыздар

Елдер

Астанасы

Халқы

Ауданы (кв км)

Тілі

1

Аустралия

Канберра

19731984

768650

Ағылшын











  1. Қорытынды


Үй тапсырмасы

(4 минут)


Н.С. Кольева., Е.В.Шевчук., Информатика 10 сынып, 100-114бб


Бағалау

(3 минут)

https://learningapps.org қосымшасында әр топқа бөлек тапсырмалар беріледі


Деректер қоры (ДҚ) – мекеменің ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған логикалық байланысқан деректердің жиынтығы


«Big Data» термині қысқа уақыт ішінде алуан түрлі, ауқымды, құнды деректерді жинау дегенді білдіреді.



  1. Сабақ бойынша рефлексия


(3 минут)

Кері байланыс: «Табыс сатысы» әдісі

Оқушылар «Мен білемін», «Мен үйрендім», «Мен жасай аламын» сатысында пікірлерін жазады.






Бағалау парағы


Сандық эквивалент

Балл

Критерийлер

Баға

«Өте жақсы»

90-100


  • көп кестелі мәліметтер қорын жасайды;

  • бір кестелік мәліметтер қорын жасау;

  • көп кестелі мәліметтер қорын жасау;

  • кестелер арасына байланыс орнатады

Баға

«Жақсы»

70-89


  • көп кестелі мәліметтер қорын жасайды;

  • бір кестелік мәліметтер қорын жасау;

  • көп кестелі мәліметтер қорын жасау;


Баға

«Қанағаттанарлық»

50-69


  • көп кестелі мәліметтер қорын жасайды;

  • бір кестелік мәліметтер қорын жасау;




Оқытушы___________________А. Шыңғысова

Н.06.2-14 Басылым 3

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.04.2024
426
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі