Материалдар / Реляциялық деректер қоры SQL ұбт дайындық толық материал
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Реляциялық деректер қоры SQL ұбт дайындық толық материал

Материал туралы қысқаша түсінік
Реляциялық деректер қоры SQL ұбт дайындық толық материал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Наурыз 2024
1115
1 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Деректер қоры
Деректер қоры (ДҚ) – компьютер арқылы тез арада іздеу және керек құжатты алу мүмкіндігін
арттыру үшін ұйымдастырылған деректер мен ақпараттар жиынтығы.
ДҚ қандай деректерді сақтау керек және олармен қалай жұмыс істеу керек екеніне байланысты
реляциялық және реляциялық емес болып бөлінеді.

Реляциялық деректер қоры – бұл кестелер жиынтығы ретінде ұсынуға болатын деректер
қоры. Реляциялық деректер қоры – кестелерден тұрады.
Реляциялық деректер қорындағы кестенің негізгі қасиеттері:
• Әр кесте объектінің бір класын сипаттайды;
• Әрбір бағанның қайталанбайтын аты бар(кесте ішінде);
• Кестеде бағандардың орналасу тәртібі маңызды емес;
• Бір бағанның барлық мәндері бір деректер типіне жатады(сан, мәтін, күні...);
• Кестеде екі бірдей жол болмайды;
• Кестедегі жолдар реті анықталмаған.
Кестенің бағандары өрістер(баған) деп, ал жолдар жазбалар(жол) деп аталады.

Суреттегі кесте «объект-қасиеттер» типіне жатады, яғни жазба – бір объектінің
сипаттамасы(бұл жағдайда адамның), ал өрістер осы объектінің қасиеттерін(атрибутын)
білдіреді. Берілген кестеде төрт өріс(Аты-жөні, Ұлты, Аймақ, Пәні) және үш жазба бар.

Баған/өріс – нысанның, оқиға немесе құбылыстың атрибуты(белгілер, сипаттамалар,
параметрлер). Бағандардың негізгі ерекшелігі – бір баған элементтері бір типті етіп құрылады.
Бұл реляциялық деректер базасының Excel кестелік процессорынан негізге айырмашылығы.
Кез келген өрістің қайталанбайтын атауы болуы
керек. Мысалы, екі өріске Адрес деп атау беруге
болмайды, бірақ бірін Адрес, ал екіншісін
Уақытша адрес деп атауға болады.

Индекс
Программалау кезінде жиі орын алатын әдіс – қосымша жадты қолдану арқылы алгоритмнің
орындалу жылдамдығын арттыру болып табылады. Жазбаларды іздеуді тездеті үшін көптеген
кітаптарға индекс қосады.
Деректер қорында арнайы іздеу үшін қосымша кестелер құрылады және оларды индекстер
деп атайды.
Индекс – бұл негізгі кестедегі іздеуді тездететін көмекші кесте және жазбаларда кездесетін
беттері көрсетілген кілттік сөздер тізімі.

Деректер қорын басқару жүйесі(ДҚБЖ)
Деректер қорын басқару жүйесі(ДҚБЖ) – бұл ДҚ құру, ақпаратты жаңарту және толықтыру
мүмкіндігін беретін, ақпаратқа икемді қолжеткізуді қамтамасыз ететін программалық
жабдықтама.
ДҚБЖ маңызды міндеттерінің бірі – деректер қорының тұтастығын сақтау, яғни кестелер
арасындағы байланыстардың дұрыс болуын қамтамасыз ету.
ДҚБЖ деректерді басқару бойынша барлық міндеттерді шешеді, соның ішінде:
• Деректерді ізде, деректерді өңдеу;
• Қарапайым есептеулерді орындау;
• Деректердің тұтастығын қамтамасыз ету(дұрыстығын, дәйектілігін);
• Ақаулардан кейін деректерді қалпына келтіру.
ДҚБЖ-ның байланысқан кестелердегі әрекеттері:
• Деректер қорында байланысты жазбалар бар болған жағдайда жазбаны жоюды болдырмау;
• Каскадтық жоюды орындау, яғни жойылған жазбамен бірге басқа кестелердегі барлық
жазбаларды жою;
• Өзгерістер енгізуге рұқсат беру, не бермеу.
Реляциялық деректер қорын басқарудың танымал жүйелері мыналар:

Oracle көп
жағдайда кәсіби
және үлкен
қосымшалар үшін
қолданылады

Microsoft SQL
server – Microsoft
компаниясының
ДҚБЖ-сі. Тек
Windows
операциялық
жүйесі үшін
қолжетімді.

MySQL – танымал, IBM – бірнеше
еркін таратылатын ДҚБЖ-сі бар, ең
ашық бастапқы
танымалы – DB-2.
коды бар ДҚБЖ.

Ms Access –
пайдаланушыға
арналған
интерфейсі бар
деректер қорын
жасауға мүмкіндік
беретін ДҚБЖ

SQL(Structured Query Language) – сұраныстардың құралымдық тілі) - реляциялық деректер
қорына арналған деректер қорын басқару тілі.
MySQL деректер қорының сервері – үлестірілген деректер қорының жылдам және мықты
басқару жүйесі. Ол ақпаратты тиімді түрде сақтауға, іздеуге, сұрыптауға және таңдауға
мүмкіндік береді.

MySQL - дің мүмкіндіктері
MySQL ANSI 92 стандартындағы SQL сұраныстарын қолданады. Оның мынандай
мүмкіндіктері бар:
1. Саны шектеусіз пайдаланушылар деректер қорымен бір уақытта жұмыс істей алады;
2. Кестеде жолақтар саны 50-млн-ға дейін жетеді;
3. Командалар өте тез орындалады. Осы күнге серверлердің ішінде MySQL ең жылдамы
болып есептеледі;
4. Қарапайым және қауіпсіз жүйе.
Артықшылықтары:
• Web-қосымшаларының файлдық нұсқауларына қарағанда кодтың әлдеқайда кішігірім
болуы(2-3 есе). Оның құрастыру уақытын үнемдеп, өңдеу үрдісін жеңілдетеді;
• С тілінде жазылғандықтан, МҚБЖ сұраныс процедураларының жоғары
жылдамдығымен орындалуы.







Қазіргі заманғы ақпараттық жүйелердің көпшілігіне деректерді басқару үшін келесі
командалары бар SQL тілі қолданылады:
Жаңа кестелерді құрі
Жаңа жазбаларды қосу
Жазбаларды өзгерту
Жазбаларды жою
Берілген шартқа сәйкес бір немесе бірнеше кестелерден жазбаларды таңдау және басқалар

Бастапқы(алғашқы) кілт
Бастапқы кілт немесе кілт(Primary key) – бір немесе бірнеше өрістегі бірдей мәндерді
ерекшелейтін жиынтық .
Бұл әр жазбаның анық болуына мүмкіндік береді. Кестедегі негізгі өрістің арқасында бірдей
жазбалар кездеспейді, өйткені барлық жазу өрісіндегі ақпарат сәйкес келіп тұрса да, негізгі
өрістің мәні ешқашан қайталанбайтын бірегей болады. Күнделікті өмірде де қайталанбайтын,
бірегей ақпараттарды кездестіресің. Мысалы, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), ұялы телефон
нөмірі (бірдей екі телефон нөмірі болмайды), төлқұжат және жеке куәлік нөмірі. Бірақ «Тегі»,
«Аты» өрістерін негізгі өріс ретінде қарастыра алмаймыз, себебі тегі ұқсайтын адамдар жиі
кездеседі, ал есімі бірдей жан тіпті көп.
Бастапқы кілттер жазбаны бірегей анықтаудан бөлек, басқа кестелермен байланыстыру үшін
де қолданылады.
Бастапқы кілтті екіге бөліп қарастыруға болады:
• Логикалық кілт – деректер қорындағы төлқұжат нөмірі, аты-жөні немесе мекенжай.
• Суррогатты кілт – кестенің әр жолына бірегей және мәні бүтін сан болатын өріс.
Кілтті пайдаланудың артықшылықтары:
• Жазбалардың бірегейлігі кестеде кілттік өріс бірдей мәні бар жазбаларды енгізуге және
сақтауға мүмкіндік бермейді;
• Кілтті пайдалану арқылы кестелер арасында байланыстар орнатылады;
• Кілттік өріс бойынша қажетті жазбаларды іздеуді және сұраныстарды орындауды
тездететін индекс құрылады;
• Ретке келтіру кесте жазбаларын кілттік өрістегі мәндердің өсу немесе кему ретімен
автоматты түрде сұрыптайды және бейнелейді.

Деректер қорын жасау(формалар)
Форма – кесте мен сұраныс деректерін енгізу, түрлендіру және түзету әрекеттерін орындау
үшін қолданушы интерфейсін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін нысан.
Формалар – ақпаратты кестеге тасымалдаудағы «қолданушы канал» немесе деректерге
қолжетімділікті қамтамасыз ететін қолданушы орта. Қолданушыға өзіне таныс емес кесте,
деректер сызбасы секілді нысандарды қарастырмастан, үйреншікті ортасынан қажетті
ақпаратты алуға мүмкіндік береді.
Деректер қорын жасауға және оны web-бетпен байланыстыруға арналған OpenServer
құрамына кіретін құралдар:
MySQL–мен жұмыс істеуге арналған өте танымал визуалды интерфейс.
PhpMyAdmin-де деректерді жұмыс істеудің негізгі SQL мүмкіндіктерінің
көпшілігі түсінікті берілген.
Apache – бұл HTTP web-сервер, интернет желісінде деректерді беруге
арналған сервердің арнайы қосымшасы. Серверге клиенттен сұраныс
түскен кезде Apache сервері жауап береді.
Apache web-серверінің артықшылықтары:
- PHP, Python, Ruby, Perl, ASP программалау тілдерін қолдауы.

-

PHP (Hypertext Preprocessor – гипермәтін препроцессоры) – web-серверде
орындалатын web-қосымшаларды(сценарийлерді) жазу үшін арнайы
әзірленген программалау тілі.
PHP Тілінің артықшылығы:
Енгізілген PHP командалары бар HTML құжаттарын жасау мүмкіндігі.

CREATE командасы
CREATE DATABASE – деректер қорын құруға арналған SQL команданың синтаксисі:
CREATE DATABASE name_database;
• CREATE DATABASE – деректер қорын құру командасы.
• name_database – деректер қорының атауы
CREATE TABLE кесте құру нұсқаулығы және оның синтаксисі
CREATE TABLE ‘TableName’ (‘fieldname’, datatype [қосымша параметр]);





CREATE TABLE - деректер қорында кестені құруға жауапты;
fieldname – өрістің аты;
datatype – деректер типі, өрісте сақталуы тиіс деректердің сипатын анықтайды;
[қосымша параметр] – auto_increment, PRIMARY KEY, NOT NULL және өріс туралы
қосымша ақпарат. Қосымша параметрлер:
• auto_increment – автоматты нөмірлеу;
• PRIMARY KEY – кілттік өріс;
• NOT NULL – кестедегі жазба бос(пустой) бола алмайды.

Деректер қорын жасауда деректер типтері(datatype)





Сандық;
Символдық(мәтіндік);
Уақыт;
Логикалық.

Сандық тип
INT

-2147483648-ден 2147483647-ге дейін қалыпты, 0-ден 4294967295-ке дейін
шексіз
-32768-ден 32767-ге дейін қалыпты, 0-ден 65535-ке дейін шексіз
SMALLINT
MEDIUMINT -8388608-ден 8388607-ге дейін қалыпты, 0-ден 16777215 дейін шексіз
-9223372036854775808-ден 9223372036854775807-ге дейін қалыпты, 0-ден
BIGINT
18446744073709551615-ке дейін шексіз
Жылжымалы үтірмен шамамен үлкен емес сан(нақты сан 3,14)
FLOAT

Символдық тип
CHAR()
VARCHAR()
TINYTEXT
TEXT
MEDIUMTEXT
LONGTEXT
Күні/Уақыт
Тип
DATE

Ұзындығы 0-ден 255 таңбаға дейін бекітілген бөлім
Ұзындығы 0-ден 255 таңбаға дейінгі айнымалы бөлім
Ұзындығы 0-ден 255 таңбаға дейінгі айнымалы бөлім
Ұзындығы 0-ден 65 535 таңбаға дейінгі айнымалы бөлім
Ұзындығы 0-ден 16 777 215 таңбаға дейінгі айнымалы бөлім
Ұзындығы 0-ден 4 294 967 295 таңбаға дейінгі айнымалы бөлім
Сипттамасы

Күнін(дата) сақтауға арналған
деректер типі
Уақытты сақтауға арналған деректер
TIME
типі
Жылды сақтауға арналған деректер
YEAR
типі
Күнін(дата) және нақты уақытты
DATETIME
сақтауға арналған деректер типі
TIMESTAMP Күнін(дата) және нақты уақытты
сақтауға арналған деректер типі
Логикалық тип
BOOL

Бекітілген форматы
YYYY-MM-DD
HH:MI:SS
YYYY
YYYY-MM-DD HH:MI:SS
YYYY-MM-DD HH:MI:SS

tinyint(1) синонимі логикалық мәндерді сақтау үшін қолданылады.

INSERT INTO синтаксисі
INSERT INTO ‘table_name’ VALUES (value_1, value_2, …);
• INSERT INTO ‘table_name’ – MySQL серверіне table_name атымен кестеге жаңа Жол
қосу туралы хабарлайтын команда.
• VALUES(value_1, value_2, …) жаңа жолға қосылатын мәндерді көрсетеді.
Жаңа кестеге енгізу қажет деректер мәндерін қойғанда, әртүрлі деректерді қарау кезінде
келесілерді ескеру қажет:
• Деректердің жолдық типі – барлық жолдық мәндер тырнақшаға алынуы тиіс;
• Деректердің сандық типі – барлық сандық мәндер оларды бір немесе екі рет
тырнақшаға алмай тікелей берілуі тиіс;
• Күні/Уақыты типі – «ГГГГ-ММ-ДД» форматындағы бір тырнақшаға күн немесе
уақыттың мәнін енгізу.
UPDATE командасы
UPDATE командасы - кестедегі жолдарды өзгерту немесе жаңарту үшін қолданылады.
Сонымен қатар, бір немесе бірнеше өрісті бір уақытта жаңарту кезінде пайдаланылады.
UPDATE командасының синтаксисі
UPDATE ‘table_name’ SET ‘column_name’ = ‘new_value’ WHERE [шарт];
• UPDATE table_name – кестедегі деректерді жаңарту туралы MySQL хабарлайтын
команда;
• SET column_name = new_value – жаңарту қажет өрістердің атаулары мен мәндері.
Жаңарту мәндерін баптау кезінде осы жолдардың типтері бір тырнақшада болуы тиіс.
Сандық мәндер тырнақшада болуы міндетті емес. Күннің(датаның) түрі бір тырнақшада
және «ГГГГ-ММ-ДД» форматында болуы тиіс;
• WHERE [шарт] - міндетті емес және UPDATE сұрауына әсер ететін жолдар санын
шектейтін сүзгіні(фильтр) орналастыру үшін пайдаланылуы мүмкін.
DELETE командасы
DELETE командасы деректер қорының кестелерінің қажет емес және ескірген деректерді
жоюға ыңғайлы. DELETE командасы бір сұраныста кестеден көп жолды жоя алады. Жол
жойылған соң, оны қалпына келтіру мүмкін емес.
DELETE командасы синтаксисі
DELETE FROM ‘table_name’ WHERE [шарт];
• DELETE FROM table_name - MySQL серверіне кестеден жолдарды жою туралы
хабарлайды;
• WHERE [шарт] – міндетті емес және DELETE сұраныстарымен сұралған жолдар санын
шектейтін сүзгіні(фильтр) орналастыру үшін пайданылады. Егер where ұсынысы delete
сұраныстарында пайдаланылмаса, осы кестедегі барлық жолдар жойылады.

Сұраныстар(query)
Сұраныс - деректер қорынан белгілі бір ақпаратты алу талабы.

SQL ұсыныстары
SELECT
FROM

WHERE
ORDER BY
GROUP BY
HAVING

Сұраныс командалары
Сипаттама
Қажетті деректерден тұратын өрістерді анықтайды
SELECT ұсынысында көрсетілген өрістері бар кестелерді
анықтайды;
Ақпарат алынатын кестелердің қалай байланысу керектігін
анықтайды.
Нәтижелерге енгізілген барлық жазбаларға сәйкес келетін
өрістерді іріктеу(сүзгі) шарттарын анықтайды
Нәтижелердіә сұрыптау тәртібін анықтайды
Бағандардың бірдей мәні бойынша жолдарды топтастырады
Деректерді топтау арқылы жолдар санын шектейді

Міндетті
Иә
Иә

Жоқ
Жоқ
Жоқ
Жоқ

SELECT синтаксисі
SELECT * FROM table_name WHERE fieldname=’’





SELECT – өрістерді таңдайды;
* - барлық өрістерді таңдайды;
FROM – мәліметтерді қай кестеден алу қажеттілігін анықтайды;
WHERE – шартты(сүзгі) қанағаттаратын жазбаларды анықтайды.
ORDER BY синтаксисі

SELECT * FROM table_name WHERE fieldname=’’ ORDER BY fieldname ASC/DESC;
• ORDER BY – сұрыптауды анықтайды;
• ASC – мәні өсу реті бойынша сұрыптау;
• DESC - мәні кему реті бойынша сұрыптау.
JOIN командасы
JOIN командасы - MySQL деректер қорында сұраныспен бірнеше кестелерден деректерді
алуға мүмкіндік береді. JOIN «біріктіру» мағынасын білдіреді.
Талаптарға байланысты үш типті біріктіруге болады:
1. INNER JOIN (CROSS JOIN) – ішкі (қиылысу) біріктіру;
2. LEFT JOIN – сол жақты сыртқы біріктіру;
3. RIGHT JOIN - оң жақты сыртқы біріктіру;
4. FULL OUTER JOIN – жалпы біріктіру.

JOIN командасы синтаксисі
JOIN Командасы
SELECT column_name(s) FROM table1
INNER JOIN table2 ON
table1.column_name=table2.column_name;

SELECT column_name(s) FROM table1
LEFT JOIN table2 ON
table1.column_name=table2.column_name;

SELECT column_name(s) FROM table1
RIGHT JOIN table2 ON
table1.column_name=table2.column_name;

SELECT column_name(s) FROM table1
FULL OUTER JOIN table2 ON
table1.column_name=table2.column_name;

Белгісі

Байланыс түрі
«Біреуден – біреуге» - негізгі
кестенің бір жазбасына бағынышты
кестенің бір жазбасы сәйкес келуі.
Қатынастың бұл түрі «біреуденкөпке» қатынасына қарағанда аз
қолданылады. Егер деректер
қорының кестесі қосымша
ақпараттармен ұлғайып кетпеуін
қаласақ, осы қатынас түрін
қолданамыз.
«Біреуден – көпке» - негізгі
кестенің бір жазбасына бағынышты
кестенің бірнеше жазбасы сай
келеді. «Біреуден – көпке»
байланысын кейде «көптенбіреуге» деп те атайды. Екі
жағдайда да кестелер арасындағы
байланыс өзгеріссіз қалады.
«Біреуден – көпке» - негізгі
кестенің бір жазбасына бағынышты
кестенің бірнеше жазбасы сай
келеді. «Біреуден – көпке»
байланысын кейде «көптенбіреуге» деп те атайды. Екі
жағдайда да кестелер арасындағы
байланыс өзгеріссіз қалады.
«Көптен-көпке» қатынасы мынадай
жағдайларда қолданылады:
• Негізгі кестедегі бір жазбаға
бағынышты кестенің бірден көп
жазбалары сәйкес келеді;
• Бағынышты кестенің бір
жазбасына негізгі кестенің
бірнеше жазбасы сәйкес келеді.

Екі немесе одан да көп кесте жолын біріктіру үшін кілттік бағанға қатысты JOIN
операторы қолданылады. JOIN пәрменінің 4 түрі бар:

INNER JOIN
SELECT Customers.customer_id,
Customers.first_name, Orders.amount
FROM Customers INNER JOIN Orders
ON Customers.customer_id =
Orders.customer;
SELECT Customers.customer_id,
Customers.first_name, Orders.amount FROM
Customers INNER JOIN Orders ON
Customers.customer_id = Orders.customer
WHERE Orders.amount >= 500;

LEFT JOIN
SELECT Customers.customer_id,
Customers.first_name, Orders.amount
FROM Customers LEFT JOIN Orders ON
Customers.customer_id = Orders.customer;

RIGHT JOIN
SELECT Customers.customer_id,
Customers.first_name,
Orders.amount FROM Customers
RIGHT JOIN Orders ON
Customers.customer_id =
Orders.customer_id;

OUTER JOIN

FULL

SELECT Customers.customer_id,
Customers.first_name, Orders.amount
FROM Customers FULL OUTER
JOIN Orders ON
Customers.customer_id =
Orders.customer;

LIKE операторы
LIKE операторы - символдық жолдың үлгімен сәйкестігін тексереді.
LIKE операторының синтаксисі келесідей:
expression LIKE pattern
• expression – кез келген символдық өрнек.
• pattern – expression өрнегіне тексеру жүргізілетін үлгі.
Символ

Қызметі

Мысал

WHERE title LIKE '%c%' кестеде барлық
‘c’ әріпі бар сөздерді табады.
WHERE title LIKE 'c%' кестеде ‘с’ әріпінен
басталатын сөздерді табады.
WHERE title LIKE '% c' кестеде ‘с’ әріпінен
%
аяқталатын сөздерді табады.
WHERE title LIKE ' c %r ' кестеде ‘c’ әріпінен
басталып, ‘r’ әріпінен аяқталатын сөздерді
табады.
Кез келген бір таңба(символ) WHERE name LIKE '_aka' кестеде name
өрісінен ter сөзімен аяқталатын 4 әріпті
__
жазбаларды табады. Мысалы(baka, saka,
waka).
WHERE name LIKE '[B-P]ui' кестеде name
Таңбалардың ауқымы
өрісінен латын алфавиті бойынша B мен P
немесе реті.
аралығында соңы ui деген сөзбен аяқталатын
[]
Кез келген диапазондағы
символ [a-f] немесе тағайындау сөздерді табады. Мысалы(Kui, Tui, Qui)
арқылы [abcdef]
WHERE name LIKE 'Be[^r]%' кестеде
Таңбалардың ауқымын
немесе реттілігін болдырмау name өрісінен латын алфавиті бойынша Be ден
басталатын барлық жазбаларды табады. Бірақ
[^]
Кез келген диапазондағы емес келесі әріпі R бар болса оны таппайды.
Мысалы(Besik, Bekzad, Bekham, Bekzan) ал
символ [^a-f] немесе
тағайындалады [^abcdef]
Berik, Bereke деген сөздерді таппайды.
Үлгі мынадай арнайы символдарды қамтуы мүмкін:
Кез келген жолдың
ұзындығы

Есептер
Есептер - экран беті, принтер секілді құрылғыларға немесе файл ретінде шығарылатын бір
немесе бірнеше кесте деректерінің қосындысы. Есепке сызбалар мен диаграммалар, суреттер
мен бейнелер, графикалық басқару элементтері, қызметтік ақпараттардан тұратын жоғары
және төменгі колонтитулдар жатады.
Есеп құру барысында ескерілетін екі маңызды дағдыға төмендегілер жатады:
• есеп құру механизмінің мүмкіндіктерін білу;
• деректер қорының серверін қолданатын SQL-ді жүзеге асыруды жетілдіру.

SQL мен PHP байланысы
PHP және MySQL байланыстыру үшін, яғни PHP скрипінде MySQL деректер қорынан
деректерді алу үшін келесілерді білу керек:
1. Хост – MySQL деректер қоры серверінің адресі;
2. Деректер қорының атауы;
3. Пайдаланушының аты;
4. ДҚ-ға кіру үшін құпиясөз;
5. SQL командалар
PHP командалары

$conn = mysql_connect($servername, $username,
$password)
if (!$conn) {
die("Серверге қосыла алмады!" .
mysql_connect_error()); }
echo " Серверге қосыла алды!";
mysql_select_db(‘db_name’, $conn);
mysql_query(‘set names utf8”, $conn)
$result = mysql_query(“SELECT * FROM
producers”)

while($row = mysql_fetch_array($result))
{
echo $row[‘id’]. “ “ . $row[‘name’]. “
“.$row[‘address’];
echo “
”;
}
mysqli_close($conn)
?>

PHP сценарийі басталуы
Деректер қорына қосылу
Байланыстың дұрыстығын тексеру

Хабарламаны көрсету
ДҚБЖ қосылу сәті
Бұл жол ASCII кодында ұсыныла алмайтын
символдармен берілген деректерді серверге
жіберу үшін пайдаланылады.
Деректер қоры таңдалған, байланыс жасалған,
бірақ орындау үшін сұраныс жоқ. Сұраныс
жасаймыз және оны mysql_query()
функциясымен ДҚБЖ-не жібереміз. Барлық
қайтарылатын жазбалар $result массивінде
сақталады.
Енді PHP синтаксисі web-бетке $result мәндерін
шығару үшін қолданылады. While циклі
деректердің соңына жеткенше жазбаларды
таңдайды.
PHP echo екі командасы әр жазбаның
id, name’, address’ өрістерін web-бетке
шығарады. Шығарылатын жолдар HTML-дің

тегімен бөлінеді.
ДҚБЖ-не қосылу жабылады
PHP сценарийі аяқталды.

$conn – PHP тілінде айнымалы “$” белгісімен тағайындалады. “$” белгісінен кейін тұрған
айнымалы атауы, сәйкесінше бұл жерде айнымалы атауы – conn.
POST әдісі
POST әдісі тек формада қолданыла алады.
• Форманың бірінші параметрі – «method», біз оны жіберу үшін қолданамыз.
• Форманың екінші параметрі – «action». Бұл деректерді жіберетін скрипт файлының
жолы мен аты.
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!