Материалдар / Решение математических задач
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Решение математических задач

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға математикалық тапсырмаларды оңай жолмен шығару әдістерін үйрету
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Желтоқсан 2020
417
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Кім жылдам?» кезеңі

1. Коррозияға бейім металл? (Темір)
2.
Адам алақанында балқитын металл? (Цезий)
3. Ең жеңіл металл? (Литий)
4. Пышақпен кесуге болатын металл? (Натрий)
5. Ерте туған металл? Алюминий)
6. Ең қиын балқитын металл? (Вольфрам)
7. Ең қатты металл? (Хром)


«Жұмбақтар» кезеңі

1. Алғашқы буыным таcқын су, екінші буыным мал құлағына салынатын белгі. Мен қандай элементпін? (Селен)
2. Өзім химиялық элементпін, егер -ан жұрнағын жалғасаң қыстың қаһарлы күнінің біріне айналамын. Бұл қандай элемент? (Бор)
3. Алғашқы буыным бастауыштың сұрағы, екінші буыным сан есім,  мен қандай элементпін? (Неон)
4. Бірінші бөлігі «алда кел» бұйрық рай, екінші бөлігі сан есім, ойлаңдаршы бұл қандай газ? (Озон)
5. Өзі химиялық элемент, бас әріпін алып тастасаң шаруашылық  құралының  біріне айналады. Бұл қандай элемент? (Фтор)
6. Химиялық элемент бір әріпін өзгертсең, мысыққа қарсы айтылатын сөзбін. Бұл қандай элемент? (Мырыш)
7. Жазылуы бойынша оқысаң химиялық элементпін, керісінше оқысаң өткізгіш. Ойлаңдаршы бұл не? (Мыс)   

 

«Ойлан тап» кезеңі

1. Тоңазытқышқа немесе тартпаға көмір кесектерін уақытша адсорбент есебінде салады. Неге? (Ауаны тазарту, сіңіру үшін)
2. Тамақ өнеркәсібінде суды газдандыруға пайдаланады, «құрғақ мұз» деген атауы бар. Бұл не? (Көмір қышқыл газы)
3. Жазылмай жүрген жарақатқа қант себеді. Неге? (Себебі, ауадағы және микроағзадағы суды тез тартып алады)
4. Терезе әйнегінің аралығына күкірт қышқылын қояды. Неге? (Ылғал тартқыш қасиетіне байланысты әйнекке мұз қатырмайды)
5. Ауыр жұмыс істегенде адам тез шаршайды. Неліктен? (Қандағы глюкоза тотығып, бұлшық еттерде сүт қышқылы жинақталады)
6. Сұйық сабынның қатты сабыннан айырмашылығы бар. Неге? (Сұйық сабында калий, қатты сабында натрий элементі бар)
7. Француз химигі Б.Куртуаның иығында отырған мысығы қарғып түсіп, күкірт қышқылы бар шөлмекті қағып кетіпті, ол төгіліп балдырдың  күліне қосылған, сол кезде будақтаған күлгін түсті бу пайда болады. Осы күлгін бу арқылы жаңа элемент пайда болады. Ол қандай элемент? (Йод элементі, грек тілінде йод – «күлгін түс» деген мағына береді)          

«Әріптер сөйлейді» кезеңі

(Берілген әріптерден басталатын химияға қатысты 7-сөз айту керек.)

«А» - (Атом, алтын, адсорбция, анион, амфотерлі, алкан, ацетилен)
«С» - (су, сабын, сахароза, силикат, сульфат, сілті, сутек)
«К»- (катион, күшті, карбонат, крахмал, карбонил, кетон, күл)
«М»- (Метан, май, металл, магний, магнит, моль, молекула)
«Т»- (Таразы, тас, тұнба, тұз, тотығу, топша, темір)
«Г»- (Гидролиз, глюкоза, грамм, гексан, газ, графит, газойль)
«Б»- (Бензол, болат, бутан, байланыс, бром, бейтарап, бор)

«Тіл - шешендік» кезеңі

(Әр элементті қазақ, орыс және латын тілінде айту)

Ag - күміс, серебро, аргентум; Au - алтын, золото, аурум; Hg - сынап, ртуть, гидраргирум; Cu - мыс, мед, купрум; Fe – темір, железо, феррум; Si - кремний, силициум; Pb -  қорғасын, свинец, плюмбум;

«Сандар сыры» кезеңі

(Әр санға қатысты оқиғаларды мәлімдейді)

1869 ж – Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесінің ашылған жыл.
2007 ж - Павлодарда алюминий зауыты ашылған жыл.
1865 -  Н.Н.Бекетовтің металдардың кернеу қатарын жасаған жыл.
22,5 -  Қ.ж. газдың бір молінің көлемі.
1776 ж - Сутегінің ашылған жылы.
6,02*1023 - Авагадро саны.
1834 ж - Д.И.Менделеевтің туған жылы.

«Тізбекпен шығып қалма» кезеңі

(Химияға қатысты сөзді бастап соңғы әріпі арқылы жалғастыру)

Мысалы: Зинин-неон-неодим-мышьяк-күміс-сода-алмас-селен-нейтрон.

Үй тапсырмасын сұрау (Ой қозғау) 

1.Спирттер деп қандай заттарды айтады? 
2. Спирттер қалай жіктеледі, мысалдар келтіріңдер. 
3. Этанолдың ағзаға зиянды әсері туралы не білесің? 


Түсіндіру бөлімі:

Барлық органикалық заттар көміртегіден тұрады, сондықтан біз көміртегінің периодтық жүйедегі орнына тоқталайық. Оқушылар интерактивті тақтадан көміртегінің периодтық жүйедегі орнына сипаттама береді.

Көміртегінің атомдық құрылысын жазып түсіндіреді.

+ 6 ) ) 1 S2 2 S2 2 P 2

2 4

Көңіл бөліп отырған периодтық жүйедегі IV топтың негізгі топшасындағы көміртегі элементі адам өміріне маңызы қандай?

Көміртек өмір элементі.Себебі , көміртегі тіршіліктің құрамына кіретін элемент .

Көміртегі элементі табиғатта көп таралған.

Жерде → Бос күйінде

Органикалық заттардың құрамында

Минералдардың құрамында

Тіршілікте Жануарларда

Адамдарда

Өсімдіктерде

Микроорганизмдерде

Жерде Бос күйінде алмаз, графит

Органикалық заттардың құрамында табиғи газ, мұнай, тас

көмір,отын

Минералдардың құрамында ізбестас, мәрмәр, магнезит, бор, доломит

Бұлар табиғаттың байлығы. Табиғатқа қандай пайдасы бар?

Қазақстанның қандай жерлерінде кездестіруге болады ? Экологияға әсері қандай?

Ал осы заттарды өңдеу үшін қандай заттардан аламыз? Әрине тіршіліктен аламыз.

Көміртегі өмір элементі болғандықтан, оның байланысуға қандай мүмкіндігі бар?

1. Карбон қышқылдарына сипаттама

Құрамында міндетті түрде көміртек атомы болғандықтан , бейорганикалық қышқылдардан ерекше органикалық қышқылдарды карбон қышқылдары деп атайды.

Мысалы, айранның , қымыздың т.б. сүт тағамдарының, қымыздықтың , қарақаттың, лимонның, мүкжидектің және піспеген жеміс –жидектердің қышқыл дәмі – карбон қышқылдарына байланысты.

Карбон қышқылдарының жалпы формуласы - R - COOH н/е CnH2n+1COOH

Функционалдық топшалар :

- ОН гидроксил , - СОН карбонил , - СООН карбоксил .

Құрамы, құрылысы

Құрамында карбоксил тобы - COOH бар көмірсутектердің туындылары карбон қышқылдарына жатады.

Н-СООН – құмырсқа (метан) қышқылы

СН3 - СООН - сірке (этан) қышқылы

СН3 – CH2 - СООН - пропион (пропан) қышқылы

СН3 – CH2 – СН2 - СООН май (бутан) қышқылы

Жеке өкілдердері : Іздену жұмысы

1. Құмырсқа қышқылы - НСООН , өткір иісті , суда жақсы еритін , түссіз сұйық зат. Құмырсқа қышқылының тұздары – формиаттар деп аталады.

2. Сірке қышқылы СН3СООН - өткір иісті, суда жақсы еритін түссіз сұйықтық. Сірке қышқылының 6-9 %-тік судағы ерітіндісі – асханалық сірке суы деп аталады. Сірке эссенциясы құрамында - 70-80% сірке қышқылы болады. Сірке қышқылының тұздары - ацетаттар деп аталады. CH3COOН - сірке қышқылы, CH3COO – ( I ) валентті. Мысалы : CH3COONa – натрий ацетаты, ( (CH3COO)2Сa – кальций ацетаты. Сірке қышқылы әлсіз қышқылдарға жатады. 

5. «Экперимент» 

Сірке қышқылының қасиеттерін зерттеу 
Сірке қышқылының химиялық қасиеттері - бейорганикалық қышқылдардың қасиеттеріне ұқсас. 

Жұмыстың орындалуы.

1. №1 Сынауыққа 1-2 мл сірке қышқылының сұйылтылған ерітіндісін құйыңдар. Тапсырма: Сірке қышқылының түсіне көңіл аудар, абайлап иісін байқаңдар.

 2. Сынауықтағы ерітіндіге берілген индикатор қағазын батырыңдар. Тапсырма: Не байқадыңдар ? Түсі қалай өзгерді?

  1. 2 сынауықтағы сірке қышқылының ерітіндісіне мырыш түйірін салыңдар. Реакция баяу жүрсе , аздап қыздыру керек. Тапсырма: Не байқадың ?

  2.  4. №3 Сынауыққа бордың кішкене түйірін салыңдар. Тапсырма: Газ бөлінуін бақылаңдар. 



Қасиеттері және реактивтер 


СН3СООН 


1. Физикалық қасиеттері 




Индикаторға әсері 




2. Zn ( немесе Mg ) 




3. Na2CO3 ( немесе CaCO) 





Деңгейлік тапсырмалар 

1. Құмырсқа қышқылының құрамындағы көміртектің 
массалық үлесін есепте. 
2. Массасы 12 г натрий сірке қышқылымен әрекеттескенде неше 
грамм натрий ацетаты түіледі ? 
3. Құрамында 4,35 % сутек, 26,09 % көміртек және 69,56 % оттек болатын карбон қышқылының молекулалық формуласын есептеп шығарыңдар. 

Қорытынды : 
Карбон қышқылдары – молекуласында көмірсутек радикалымен байланысқан карбоксил тобы бар органикалық заттар. Карбон қышқылдарына тән реакциялардың бірі – эфирлендіру реакциясына қатысуы. 



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!