Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
“РОБОМАҢҒЫСТАУ-2018” Маңғыстау облысы ашық чемпионатының ережелері
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
“РОБОМАҢҒЫСТАУ-2018”
Маңғыстау облысы ашық чемпионаты
-
Жалпы ережелер
-
Осы Ереже «РОБОМАҢҒЫСТАУ» облыстық байқауының өткізілу міндеттері мен тәртібін анықтайды.
-
Байқауды облыстық оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырады.
-
Байқаудың мақсаты мен міндеттері
-
Роботты құрастыру және бағдарламалау бағытында дарынды оқушыларды анықтау және қолдау көрсету.
-
Білім саласында ғылым мен технологияның дамуына орай, оқушыларды ғылыми ізденіспен айналысуға дағдыландыру.
-
Роботты техника бойынша дарынды балалардың шығармашылық ортасын қалыптастыру.
-
-
Байқауға қатысушылар
3.1. Байқауға жалпы орта білім беретін мектептердің 9-16 жас аралығындағы мектеп оқушылары қатыса алады.
3.2.Байқау командалық жарыс. Команда бір жетекші және екі команда мүшесінен тұрады. Бір жетекші бірнеше команданы басқара алады. Бір ұйымнан бірнеше команда қатыса алады. Бір команда (2 адамнан тұратын) тек бір категория бойынша қатыса алады. Байқауда роботты оқушылардың өздері ұсынады. Жетекшінің роботты ұсыну құқығы жоқ.
3.3.Әр команда өзіне қажетті құрал-жабдықтарды өзі қаматамасыз етеді (тоққа қосу фильтрі, қажетті бағдарламасы орнатылған ноутбук, қажетті материалдары - робот, бағдарламасы бар диск, қажетті детальдар, батарея аккумуляторлар артық қорымен және т.с.с.). Бағдарламалау тілі - LEGO MINDSTORMS Education EV3. NXT.
4.Байқаудың өткізілу уақыты мен тәртібі
4.1.Байқау 2018 жылдың _______________________________өтеді. Қатысушыларды тіркеу сағат 9.00-9.30-да жүргізіледі.
4.2.Байқау келесі категориялар бойынша өткізіледі:
-
Сызық бойымен жүру бастаушылар үшін (9-12 жас аралығы)
-
Сызық бойымен жүру жалғастырушылар үшін (13-16 жас аралығы)
-
Кегельринг бастаушылар үшін (9-12 жас аралығы)
-
"Кегельринг - квадро" жалғастырушылар үшін (13-16 жас аралығы)
-
Сумо бастаушылар үшін (9-12 жас аралығы)
-
Сумо жалғастырушылар үшін (13-16 жас аралығы)
5. Роботтардың байқауға қатысу регламенті (ережеге қосымша тіркелді)
5.1. Роботтардың "сызық бойымен жүру" жарысының регламенті.
5.2. Роботтардың "кегельринг бастаушылар үшін" жарысының регламенті.
5.3. Роботтардың "кегельринг - квадро" жарысының регламенті.
5.4. Роботтардың "сумо" жарысының регламенті.
6.Байқау қорытындыларын шығару және жеңімпаздарды марапаттау
6.1. Байқау қорытындыларын қазылар алқасы шығарады.
6.2. Облыстық байқаудың жеңімпаздары үшін әр категория бойынша 3 жүлделі орын белгіленеді:
I орын – біреу;
II орын – біреу;
III орын – біреу.
Сонымен бірге, қазылар алқасының шешімімен қосымша номинациялар тағайындалады.
6.3. Байқау жеңімпаздары облыстық білім басқармасының дипломдары және грамоталарымен марапатталады.
Сұраныс
№ |
Мектеп |
Команда атауы |
Категориясы |
Оқушының аты-жөні толығымен |
Жетекшінің аты-жөні толығымен |
Жетекшінің телефон нөмірі және электронды адресі |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
РОБОТТАРДЫҢ "СЫЗЫҚ БОЙЫМЕН ЖҮРУ"
ЖАРЫСЫНЫҢ РЕГЛАМЕНТІ
1. Жарыс категориялары
1.1. "Сызық бойымен жүру" жарысы екі категория бойынша жүргізіледі:
"Сызық бойымен жүру бастаушылар үшін" және "Сызық бойымен жүру жалғастырушылар үшін".
1.2. Роботты техникамен 1 жылдан артық айналысатын оқушылардың роботтары "Сызық бойымен жүру бастаушылар үшін" категориясына қатыса алмайды. Сонымен бірге бастаушылар категориясының оқушылары "Сызық бойымен жүру жалғастырушылар" категориясына қатыса алады.
Өрістің және роботтың техникалық шектеулерін 2.3 және 3.1-тармақтарынан қараңыз.
2. Өріс пен сызықтың сипаттамасы
2.1. Полигон түсі - ақ.
2.2. Сызық түсі - қара.
2.3."Сызық бойымен жүру категориясы сызығының ені-50 мм, (бастаушылар үшін де жалғастырушылар үшін де)
2.4. "Сызық бойымен жүру жалғастырушылар үшін" категориясына қосымша шектеулер қойылады.
2.4.1. Бастау және мәре сызығы сары түспен белгіленген.
2.5. Сызыққа қосымша шектеулер қойылады.
2.5.1. Жүруге арналған сызық бастау аймағынан басталып, мәре аймағында аяқталады. Бастапқы және соңғы сызық нүктелері көлденең сызық арқылы анық белгіленуі керек.
2.5.2. Бастапқы және мәре сызығы арасында кесіп өтетін 10 см аймақ қалуы қажет.
2.5.3.Сызық ешбір жерде өзін кесіп өте алмайды.
2.5.4. Төбешік және кішкене дөңес жерлері боуы мүмкін, сызықтың көрші аумағы әр сызық аумағының ортасынан есептегенде 15 см-ден кем емес қашықтықта орналасуы тиіс.
2.5.5. Жарыс өрісінің соңына сызық жақындайтын ең аз арақашықтық әр сызықтың ортасынан есептегенде 15 см-ден кем емес болуы қажет.
2.5.6. 90 градустан кем емес бұрылу бұрыштары болуы мүмкін.
3. Робот
3.1. Физикалық сипаттамасына шектеулер: робот 25 см х 25 см-ден, салмағы 1 кг-нан аспауы керек.
3.2. Робот бастаудан кейін толық дербес болуы керек. Кері жағдайда робот байқауға қатысу құқығынан айырылады.
3.3. Құрастыруды талап етпейтін дайын роботтарды, сонымен қатар сызық бойымен жүру алгоритмі дайын датчиктерді қолдануға тиым салынады.
3.4. "Сызық бойымен жүру" категориясының роботтары білім беру конструкторларынан дайындалуы қажет.
3.4.1. Білім беру конструкторлары дегеніміз, барлық детальдары пластиктен немесе пластикті корпустан дайындалған болуы керек.
3.4.2. "Сызық бойымен жүру" категориясының роботтары білім беру конструкторларынан құрастырылуы қажет. Бұл жағдайда білім беру конструкторлары "өндірушіден" болуы қажет, конструкторлар тізіміне кірмеген деталь, сымдардың, көректену көздерінің немесе тыс детальдардың қолданылуына жол берілмейді.
4. Жарысты өткізу тәртібі
4.1. Айналым уақыты роботтың бастапқы сызықты кесіп өткеннен бастап мәре сызығын кесіп өткенше есептеледі
4.2. Роботтың ең алдыңғы бөлігі сызықты жанап немесе кесіп өткенде, робот сызық кесіп өтті деп есептеледі.
4.3. Роботтың бір әрекетіне:
4.3.1. "Сызық бойымен жүру бастаушылар үшін" категориясы үшін - 3 минут уақыт беріледі.
4.3.2. "Сызық бойымен жүру жалғастырушылар үшін" категориясы үшін - 1 минут уақыт беріледі.
4.4. Әрекет уақытын төреші секундомер арқылы белгілейді. Кез-келген жағдайда белгіленген уақыт соңғы болуы тиіс.
4.5.Робот бастапқы сызықты кесіп өткеннен бастап дербес болуы қажет. Кері жағдайда робот байқауға қатысу құқығынан айырылады.
4.6. Жарыс өрісінде адасқан робот байқауға қатысу құқығынан айырылады.
4.7. Роботтың кез-келген дөңгелегі, аяғы немесе шынжыр табаны өрістен шығып кетсе робот байқау аймағынан шығарылған болып есептеледі.
4.8. Егер роботтың корпусы сызықтың үстінде болудан қалса, робот сызықтан шыққан болып есептеледі,
4.8.1. "Сызық бойымен жүру жалғастырушылар үшін" категориясында өнер көрсеткенде роботтан сызыққа дейінгі қашықтық робот корпусының үш ұзындығынан аспаса, сызықтан тек жанап кетуге жол беріледі. Сызықтан 3 секундтан артық кетсе, робот байқаудан шығарылады.
4.9. Егер робот траекторияның аймағын кесіп өтсе, байқауға қатысу құқығынан айырылады.
4.10. Төрешілердің шешімі талқыланбайды және қарсылық көрсетілмейді.
4.11. Аппеляцияны екінші айналымның аяғына дейін ұйымдастыру комитетіне береді.
5. Робот операторларының жұмысына қойылатын талаптар
5.1. Бастау дабылынан кейін қатысушылар өз роботтарына, өріске жақындауға құқығы жоқ. Өз роботын қашықтықтан басқаратын кез-келген құрылғы, ДК немесе басқа құралдармен басқаруды ұйымдастыруға тиым салынады. Осындай жағдай анықталса команда байқаудан шығарылады.
5.2. Төрешіге немесе қарсыластарына жазбаша, ауызша немесе басқа формада сыйламаушылық көрсетсе тәртіп бұзушылық болып есептеледі. Команда мүшелерінен жәбірлеу, қорлау мінездері көрінсе, бірінші ескерту шығарылады, қайталанған жағдайда команда байқаудан шығарылады.
6. Жеңімпазды анықтау
6.1. Осы категорияда команда роботы бір бастапқы сызықтан бастап, аяқтайды. Жарыс кезінде қатысушылардың келісімімен қос айналым өткізілуі мүмкін.
Сызықтан өту үшін әр командаға екі мүмкіндіктен беріледі (мүмкіндік санын төрешілер анықтайды, бірақ екеуден аспайды). Барлық мүмкіндіктердің қорытындысы бойынша сызықты өткендегі ең жақсы уақыт есептеледі.
6.2. Қашықтықты ең аз уақыт ішінде өткен команда жеңімпаз болады.
6.3. Сызықты қос-қостан өткенде роботтың біреуі сызықтан шығып кетсе және қарсыласының қозғалысына кедергі жасаса, қашықтықты қайтадан өту жарияланады.
6.4. 6.3-тармақ бірнеше рет қайталанған жағдайда робот жарыстан шығарылып, төреші байқауға қатысу құқығынан айырады.
7. ЖАРЫС РЕГЛАМЕНТІНІҢ ИКЕМДІЛІГІ
7.1.Ереже икемділігі жарысқа қатысушылардың санының өзгеруіне байланысты болуы мүмкін, ол регламент мазмұнына болмашы әсерін тигізуі мүмкін, сонда да оның негізгі компоненттері сақталуы тиіс.
7.2. Жарысты ұйымдастырушылар жарыс басталмас бұрын регламентке өзгерістер енгізе алады, бірақ одан кейін олар шара соңына дейін тұрақты болып қалады.
7.3. Жарыс регламентінің өзгерістері туралы қатысушыларға жарыс басталмай 15 минут бұрын айтылуы қажет.
7.4. Түзету енгізілген ережелер жарыс барысында өзгертілмейді.
8. ЖАУАПКЕРШІЛІК ТУРАЛЫ
8.1. Роботтардың еңбекке жарамдылығына, қауіпсіздігіне, команда мүшелерінің немесе олардың роботтарының іс-әрекеті негізінде туындаған жазатайым оқиғаларға ҚР Заңнамасына сәйкес команда мен жарысқа қатысушылар жеке жауапкершілікте болады.
8.2. Жарысты ұйымдастырушылар команда мүшелері мен олардың құрылғыларының іс-әрекеті негізінде туындаған апатты немесе жазатайым оқиға үшін жауапкершілік алмайды.
ҚОЛДАНЫЛҒАН РЕСУРСТАРҒА СІЛТЕМЕ
1. www.roboland.kz
2. www.myROBOT.ru
3. robolymp.ru
4. www.rus-robots.ru
5. Kazrobotics.org
РОБОТТАРДЫҢ "СУМО" ЖАРЫСЫНЫҢ РЕГЛАМЕНТІ
Бұл жарыста қатысушылар қарсылас роботты рингтің қара сызығының шегіне тиімді итеруге қабілеті бар дербес робот дайындауы қажет. Роботтар тіке жүріп бір-бірімен түйісуі қажет, роботтар түйіскеннен кейін рингтің ішінде әртүрлі бағытта маневрлар жасай алады.
1. Жарыстың шарттары
1.1. Жарыс екі робот арасында өткізіледі. Жарыстың мақсаты - қарсылас роботты рингтің қара сызығының шегінен итеріп шығарып тастау.
1.2. Роботтар тіке жүріп бір-бірімен түйісуі қажет, роботтар түйіскеннен кейін рингтің ішінде әртүрлі бағытта маневрлар жасай алады.
1.3. Егер роботтың кез-келген бөлігі қара сызықтың шегінен шығып кетсе, робот жекпе-жекте (өріс подиум ретінде қолданылған жағдайда роботтың кез-келген бөлігі подиумнан тыс бетті жанаса жеңіліс есептеледі) ұтылған болып есептеледі
1.4. Егер айқас аяқталғаннан кейін ешбір робот қара сызықтың шегінен шығарылмаған болса, дөңгелек ортасына жақын тұрған робот жеңімпаз болып есептеледі.
1.5. Егер жоғарыда көрсетілген әдістермен жеңімпаз анықталмаған жағдайда, жарыс төрешісі кері ойнау немесе жеңімпазды жариялау шешімін қабылдай алады.
1.6. Айқас кезінде команда қатысушылары роботтарға жолай алмайды.
2. Өріс
2.1.Диаметрі 1 м, қалыңдығы 5 см қара жиегі бар ақ дөңгелек.
2.2. Дөңгелекте қызыл сызықшалармен роботтардың бастау аймақтары белгіленген.
2.3. Қызыл нүктемен дөңгелек ортасы белгіленген.
2.4. Өріс 10-20 мм биіктігі бар подиум түрінде болуы мүмкін.
3. Робот
3.1.Роботтарға негізгі ережеде тиым салынғандардан басқа, қандайда бір жиынтықтарды қолдануға шектеулер қойылмайды.
3.2. Жарыстың барлық уақытында:
-
Робот өлшемі бастаушылар үшін 250х250х250 мм-ден жалғастырушылар үшін 150x150x150 мм-ден аспауы қажет.
-
Робот салмағы 1кг-нан аспауы керек.
3.3.Раунд алдында робот мына шартты қанағаттандыруы тиіс:
3.4.Робот дербес болуы керек
3.5. Төрешілердің ойынша басқа роботтарға әдейі зақым келтіретін немесе ластайтын немесе өрісті бүлдіріп, ластайтын робот байқау барлық уақытында ойыннан шығарылады.
3.6. Раунд алдында роботтардың габариттері, салмағы, детальдары тексеріледі.
3.7. Конструктивті тыйымдар:
-
Робот дөңгелегі мен корпусында жабысуға бейімделген құралдарды қолдануға тыйым салынады.
-
Роботтың ашық беттерінде қандай-да бір майланған құралдарды қолдануға тыйым салынады.
-
Робот жұмысына жоғары орнықтылық беретін құралдарды қолдануға тыйым салынады, мысалы вакуумдық орта.
-
Қарсылас роботқа бір нәрселерді лақтыратын құралдарды қолдануға тыйым салынады.
-
Қарсылас роботқа қару ретінде сұйық, порошок және газ тәріздес заттарды қолдануға тыйым салынады
-
Тез өртенуге бейімді заттарды қолдануға тыйым салынады.
-
Қарсылас роботқа немесе рингке зиянын тигізетін конструкцияларды қолдануға тиым салынады
Жоғарыда көрсетілген ережені бұзған роботтар жарыстан шығарылады.
3.8. Раундтар арасында роботтын конструкциясын және робот бағдарламасын өзгертуге болады.
3.9. Әр айқаста роботқа әртүрлі жүктелген бағдарламаны қолдануға рұқсат.
3.10. Бастаушылар үшін робот сайыс барысында өз формасын өзгертуге болмайды. Жалғастырушылар үшін бастау дабылы берілгеннен кейін өз формасын 250x250x250 ге дейін өзгерте алады.
4. Жарысты өткізу.
4.1. Жарыс бірнеше Жекпе-жектен (мүмкіндік) тұрады. Жекпе-жек екі қатысушы роботтың ең күштісін анықтайды. Жекпе-жек 30 секундтық 3 айқастан тұрады. Айқастар қатарынан өткізіледі.
4.2. Жарыс кем дегенде екі раундтан тұрады (нақты санын ұйымдастыру комитеті анықтайды). Раунд - бұл әр робот ең аз дегенде 1 рет қатысатын жекпе-жек жиынтығы.
4.3. Бірінші раунд пен раундтар арасында командалар өз роботтарын баптай алады.
4.4. Раунд басталмас бұрын командалар өз роботтарын "Карантин" облысына орналастыруы қажет. Төрешілер роботтардың талапқа сай екенін растағаннан кейін жарысты бастауға болады.
4.5. Егер тексеру барысында роботтың құрастырылуында бұзушылық болса, төреші дұрыстауға 3 минут уақыт береді. Бірақ, бұл ескерту берілген уақытта түзетілмесе, команда жарысқа қатыса алмайды.
4.6. Робот "Карантинге" өткеннен кейін раунд соңына дейін оны өзгертуге, бағдарлама көшіруге, батарейкаларын ауыстыруға болмайды.
4.7. Төреші раундтың басталуы туралы жариялағаннан кейін, операторлармен қызыл сызықтың алдына роботтар қойылады.
4.8. Роботтар бастау позициясына қойылғаннан кейін, төреші операторлардан дайындығы туралы сұрайды, егер екі оператор роботты іске қосуға дайын болса, төреші бастауға дабыл береді.
4.9. Роботтарды іске қосу дабылынан кейін операторлар бағдарламаны іске қосады.
4.10. Роботтар тіке жүріп бір-бірімен түйісуі қажет, түйіскеннен кейін рингтің ішінде әртүрлі бағытта маневрлар жасай алады. Айқастың басталуымен роботтардың түйісу уақыты 15 секундтан аспауы керек.
4.11. Егер айқас басталғаннан кейін 15 секунд ішінде роботтар түйіспесе, төрешінің ойынша қай роботтың кесірінен түйісу болмады, сол робот айқаста женіледі.
4.12. Егер роботтар тіке жүріп, бірақ 15 секунд ішінде түйісіп үлгермесе, онда өріс ортасынан алыс тұрған робот жеңілген болып есептеледі.
4.13. Жекпе-жекке тікелей төрешілер және робот операторлары, яғни команданың бір мүшесі қатысады.
4.14. Роботтарды іске қосқаннан кейін операторлар 5 секунд ішінде өрістен 1 метрге әрі кетуі қажет.
4.15. Айқаста робот ұтылады, егер:
-
Роботтың бір бөлігі рингтің қара шегінен асса.
-
Егер робот қарсыласына қарағанда ринг ортасынан алыс тұрса. Айқас уақыты бітіп, ешбір робот ринг шекарасынан шықпаған жағдайда.
6. Төрелік
6.1. Егер өзгертулер ешбір командаға үстемдік бермесе, ұйымдастыру комитеті жарыс ережесіне өзгертулер енгізуге құқылы.
6.2. Бақылау және қорытындылар шығару белгіленген ережелерге сәйкес төрешілер алқасымен жүзеге асырылады.
6.3. Төрешілер барлық жарыс барысында барлық өкілдіктерге ие болады, барлық қатысушылар олардың шешіміне бағынуы қажет.
6.4. Төреші даулы жағдайларды шешу үшін қосымша мүмкіндіктер (айқастар) бере алады.
6.5. Егер төрешілікке байланысты қандай-да бір қарсылықтар болса, команда ағымдағы раунд аяқталмай тұрып, ұйымдастыру комитетіне ауызша шағымдана алады.
6.6. Роботтың жұмысына бөтен адам араласса, ойын өрісі жағдайының нашарлығынан ақаулық туындаса немесе төрешілердің қателігі болған жағдайда төрешілердің шешімі бойынша айқас кері ойналады.
6.7. Команда мүшелері және жетекшісі өз командасының роботының іс-әрекетіне немесе қарсыластың роботына физикалық тұрғыдан да, қашықтан да араласпауы керек. Араласқан жағдайда бірден жарыстан шығарылады.
7. Жеңімпазды анықтау
7.1.Ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша роботтарды саралауды шараның регламентіне және қатысушылар санына қарай әртүрлі жүйеде өткізуге болады.
Ұсынылатын жүйе:
-
Бірінші раундқа "олимпиадалық жүйедегідей қос-қостан шығып қалу" бойынша 2-4-ке дейінгі финалистер анықталғанша барлық қатысушылар қатысады. Қатысушылар кезек бойынша жұптасады: бірінші екіншісімен, үшінші төртіншісімен және т.с.с. Жұптағы жеңілгені жарыстан шықпайды, тағы бір жекпе-жек өтетін төменгі кестеге ауысады және екі рет жеңілген робот ойыннан шығады.
-
Екінші раунд бірінші раундтағыдай өтеді (әр командада кем дегенде 4 жекпе-жектен болады)
-
Финалда алдыңғы раундардың барлық финалистері қатысады және әрқайысысы бір-бірімен жүйе бойынша жарысады
-
Саралау жеңген жекпе-жек саны бойынша жүргізіледі, бірақ финалдың басында барлық финалистер тең деп есептеледі. Даулы жағдайларда қосымша жекпе-жектер (айқастар) өткізіледі.
8.Жарыс регламентінің икемділігі
8.1.Ереже икемділігі жарысқа қатысушылардың санының өзгеруіне байланысты болуы мүмкін, ол регламент мазмұнына болмашы әсерін тигізуі мүмкін, сондада оның негізгі компоненттері сақталуы тиіс.
8.2. Жарысты ұйымдастырушылар жарыс басталмас бұрын регламентке өзгерістер енгізе алады, бірақ одан кейін олар шара соңына дейін тұрақты болып қалады.
8.3. Жарыс регламентінің өзгерістері туралы қатысушыларға жарыс басталмай 15 минут бұрын айтылуы қажет.
8.4. Түзету енгізілген ережелер жарыс барысында өзгертілмейді.
9.ЖАУАПКЕРШІЛІК ТУРАЛЫ
9.1. Роботтардың еңбекке жарамдылығына, қауіпсіздігіне, команда мүшелерінің немесе олардың роботтарының іс-әрекеті негізінде туындаған жазатайым оқиғаларға ҚР Заңнамасына сәйкес команда мен жарысқа қатысушылар жеке жауапкершілікте болады.
9.2. Жарысты ұйымдастырушылар команда мүшелері мен олардың құрылғыларының іс-әрекеті негізінде туындаған апатты немесе жазатайым оқиға үшін жауапкершілік алмайды.
ҚОЛДАНЫЛҒАН РЕСУРСТАРҒА СІЛТЕМЕ
1. www.roboland.kz
2. www.myROBOT.ru
3. robolymp.ru
4. www.rus-robots.ru
РОБОТТАРДЫҢ "КЕГЕЛЬРИНГ БАСТАУШЫЛАР ҮШІН"
ЖАРЫСЫНЫҢ РЕГЛАМЕНТІ
1. Роботқа қойылатын талаптар.
1.1. Роботтың габариты (ені х ұзындығы) 200х200 мм, биіктігі туралы көрсетілмейді, робот конструкциясы жарыс барысында өзгертілмеуі керек.
1.2. Робот салмағы шектелмейді.
1.3. Роботтың корпусы металл детальдардан (қоректену элементінен басқа), кегль-манипуляторларды тартып алу немесе лақтыру бойынша арнайы құрылғылардан, пневматика элементтерінен, акустика, тербеліс және т.б. тұрмауы қажет. Робот тек корпусымен жұмыс жасайды.
1.4.Корпустың беті жабысқақ немесе желімденген болмауы қажет. А4 бақылау парағына қойылған робот, орнын ауыстырғанда ешбір бөлігі қағазды өзінің артынан көтермеуі керек.
1.5.Жарыс тек дербес роботтар үшін өткізіледі.
2. Кегльдерге қойылатын талаптар.
2.1. Кегльдердің биіктігі 12 см, диаметрі 7см, салмағы 50 граммнан аспайды.
3.Рингке қойылатын талаптар
3.1. Ринг диаметрі 100 см ақ дөңгелек өріс болады, дөңгелекке шек қоятын сызық - қара, сызықтың ені - 50мм.
3.2. Дөңгелекте сары түсті кегльдерді қоятын белгілер орналасуы мүмкін.
4. Жарыс ережесі
4.1. Жарыстың шарттары рингте орналасқан барлық кегльдерді азғантай уақыт ішінде оның шегіне итеріп шығарудан тұрады. Бұл ретте роботқа ринг сызығынан шығуға 3 секундтан артық берілмейді, кері жағдайда әрекет жеңілген болып есептеледі.
4.2.Роботты рингтің ортасына тиісті таңбаға сай орналастырады.
4.3. Рингте дөңгелектің периметрі бойынша таңбаларға (бірқалыпты) дөңгелек сызығынан 12-15 см қашықтықта 8 кегль қойылады. Бастау дабылының алдында жарыс төрешілерінің рұқсатымен операторға өз бетімен кегльдерді талапқа сай түзетіп қоюға рұқсат етіледі.
4.4. Жарыс кезінде кегльдің кез-келген бөлігі дөңгелектің ішкі секциясын жанамай, соның ішінде кегль қара сызықтың үстінде орналасса төреші кеглді итерліді деп есептейді.
4.5. Кегльді дөңгелекке қайталап итергеннен кейін домаласа, төреші кегльді рингтен шығарады.
4.6. Төрешілердің шешімі талқыланбайды және қарсылық көрсетілмейді.
4.7. Аппеляцияны екінші айналымның аяғына дейін ұйымдастыру комитетіне береді.
5. Робот операторларының жұмысына қойылатын талаптар
5.1. Бастау дабылынан кейін қатысушылар өз роботтарына, өріске жақындауға құқығы жоқ. Өз роботын қашықтықтан басқаратын кез-келген құрылғы, ДК немесе басқа құралдармен басқаруды ұйымдастыруға тыйым салынады. Осындай жағдай анықталса команда байқаудан шығарылады.
5.2. Төрешіге немесе қарсыластарына жазбаша, ауызша немесе басқа формада сыйламаушылық көрсетсе тәртіп бұзушылық болып есептеледі. Команда мүшелерінен жәбірлеу, қорлау мінездері көрінсе, бірінші ескерту шығарылады, қайталанған жағдайда команда байқаудан шығарылады.
6. Жеңімпазды анықтау
6.1. "Кегельринг" категориясында жақсы уақытты анықтау үшін командаларға екі мүмкіндіктен беріледі (мүмкіндік санын төрешілер анықтайды, бірақ екеуден аспайды). Барлық мүмкіндік қорытындысы бойынша есебін шығару үшін жарыста ең жақсы уақыт көрсеткен, ең көп кегль итерілген мүмкіндік есептеледі.
6.2.Барлық кегльдерді аз уақыт ішінде итеріп шығарған команда жеңімпаз болады.
Ешбір робот толық тазалауды орындай алмаса, ең көп кегль итерген командалардың уақыты қарастырылады. Ең аз уақыт ішінде орындаған команда женімпаз болады.
7.ЖАРЫС РЕГЛАМЕНТІНІҢ ИКЕМДІЛІГІ
7.1.Ереже икемділігі жарысқа қатысушылардың санының өзгеруіне байланысты болуы мүмкін, ол регламент мазмұнына болмашы әсерін тигізуі мүмкін, сондада оның негізгі компоненттері сақталуы тиіс.
7.2. Жарысты ұйымдастырушылар жарыс басталмас бұрын регламентке өзгерістер енгізе алады, бірақ одан кейін олар шара соңына дейін тұрақты болып қалады.
7.3. Жарыс регламентінің өзгерістері туралы қатысушыларға жарыс басталмай 15 минут бұрын айтылуы қажет.
7.4. Түзету енгізілген ережелер жарыс барысында өзгертілмейді.
8.ЖАУАПКЕРШІЛІК ТУРАЛЫ
8.1. Роботтардың еңбекке жарамдылығына, қауіпсіздігіне, команда мүшелерінің немесе олардың роботтарының іс-әрекеті негізінде туындаған жазатайым оқиғаларға ҚР Заңнамасына сәйкес команда мен жарысқа қатысушылар жеке жауапкершілікте болады.
8.2. Жарысты ұйымдастырушылар команда мүшелері мен олардың құрылғыларының іс-әрекеті негізінде туындаған апатты немесе жазатайым оқиға үшін жауапкершілік алмайды.
ҚОЛДАНЫЛҒАН РЕСУРСТАРҒА СІЛТЕМЕ
1. www.roboland.kz
2. www.myROBOT.ru
3. robolymp.ru
4. www.rus-robots.ru