«Робототехника-балабақшада»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Робототехника-балабақшада»

Материал туралы қысқаша түсінік
: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында «Заманның ағымынан қалмай алға қарай ілесе беру керек» деген сөздерінің астарында қаншама мағына жатыр. Адамның қолы жетпеген жерге ойы жетеді. Балабақшада инновациялық білім беру мақсатында робототехниканы оқыту балалардың қызығушылығы мен ынтасын оятатын оқу ортасындағы қызықты әрі тәжірибелік жаттығуларды ұсына алатын бірегей оқу құралы ретінде танылуда.
Материалдың қысқаша нұсқасы

1- слайд: Сәтбаев қаласы «Гүлдер» бөбекжай» балабақшасының тәрбиешісі Хужаева Улжамал Бахитовнамын.Менің сіздермен бөліскелі отырған іс-тәжрибемнің тақырыбы«Робототехника-балабақшада»

2- слайд: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында «Заманның ағымынан қалмай алға қарай ілесе беру керек» деген сөздерінің астарында қаншама мағына жатыр. Адамның қолы жетпеген жерге ойы жетеді. Балабақшада инновациялық білім беру мақсатында робототехниканы оқыту балалардың қызығушылығы мен ынтасын оятатын оқу ортасындағы қызықты әрі тәжірибелік жаттығуларды ұсына алатын бірегей оқу құралы ретінде танылуда.

3 –слайд:Робототехника – балалардың зерттеу дағдылары, шығармашылық ойлау, шешім қабылдау, проблеманы шешу, қарым-қатынас жасау және командада жұмыс істеу дағдылары сияқты танымдық, метатанымдық және әлеуметтік дағдыларды қалыптастырады.

4 - слайд: 2020-2021 оқу жылында заманауи оқыту ортасын құру мақсатында «Робот – менің досым» атты робототехника үйірмесі ашылып, кабинеті 3 пен 5 – жасқа дейінгі жас ерекшелігіне арналған робот ойында-

рының түрлерімен жабдықталды. Бұл құралдарды пайдалана отырып тәрбиеле-

нушілердің лабиринт құрастырады, алгаритм құру арқылы көздеген жерге жетеді, қалашықтар құрастыру, робот тышқан, робот күшік, робот мысықты бағдарламалау арқылы, балалрдың қызғушылық арттыру мақсатында үйірме ашылды.

5-слайд:Мен осы бағытта тәрбиеленушілермен 5 – білім беру саласын қолданысқа алып отырмын. Айта кетсем: «Денсаулық» білім беру саласында бала құрастыру барысында шапшандыққа, алғампаздыққа тәрбиеленеді. «Катынас» білім беру саласында тәрбиеленушілердің еркін қарым – қатынас жасау дағдыларын, тіл байлығын, ой қиялының дамуына септігін тигізеді.  «Таным» білім беру саласында құрылыс материалдарын құрастыра отырып санауға, үлкен – кіші, биік – аласа, аз – көп ұғымдарын бекітеді. «Шығармашылық» білім беру саласында шығармашылық қабілеттері, қиялы, байқағыштығы қалыптасып «Әлеумет» білім беру саласында ынтымақтастық, бастамшылдық, достық қабілеттері қалыптасады. Білім беру салаларын пайдалана отырып оқу қызметтерін байланыстырып жүргіземін.

6 - слайд: Роботты құрастыру ойынын «Таным» және «Қатынас» саласымен байланыстыра отырып, роботты құрастыру, легомен жұмыс жасауда, ұсақ қолдың маторикасын дамиды, бір-бірімен достық қарым қатынаста, бәсекелестік қабілеті артады.Робот құрастырғанда бөлшектерінің мығымдығы мен беріктігі де оның шыдамдылығын арттырады.

7- 8 слайд:Лабиринт құрастыруда «Таным» мен «Қатынас» саласымен байланыстыра отырып, тәрбиеленушілер лабиринтті құрастырады, алгаритм құру арқылы көздеген жерге жетеді.Бір-бірімен тілдеседі, оң-сол, алға-артқа және де күрделі кептелістерден өту барысында қйындықты жеңе білуге жетелейді.Осындай лабиринтті құрастыру жолында тез меңгерген балаларды лол және фиксики кейіпкері ретінде кіргізіп балаларды алға жетелеу мақсатында ойластырған болатынмын.

9- слайд:

«Денсаулық» «Әлеумет» салаларымен байланыстыра жүргізілетін ойын. Бұл ойында мысалы допты көрген иттің баласы күшік алаңға жалғыз өзі шығып кетеді, анасына айтпастан, оны іздеп шыққан ит өз баласының қауіпсіздігіне алаңдап іздеуге шығады, Ал баласы бірнеше оқиғаларға тап болады.Күшік қалай ойнайтынын, ойын арқылы бірнеше заттармен танысатыны, анасы іздеп тапқандағы, енді жалғыз, үлкендерсіз жүруге болмайтынын айтады.Осы бағытта бірнеше ойындары бар.

10- слайд:

Қазіргі таңда үйде отырған балаларменде құрастыру қызығушылығын арттыру мақсатында ата-ананың көмегі арқылы әртүрлі легомен роботты құрастыру немесе өздерінде бар ойыншықтарымен құрастыру жүруде.

11-12 - слайд:

Сонымен қатар оқу жылының соныңда «Робот – біздің досымыз» атты тақырыпта мектеппен байланыста кіріктірілген оқу қызметін мектепалды даярлық сынып ұстаздарының арасында өтіп, жақсы деңгейге ие болдым.

Бұл жердегі оқу қызметімде қулықпен ұйымдастырдым.Алгоритм құру арқылы, тышқан роботтың әрбір жүрген қадамдарына жыл бойы өтілген әріптермен сандарды қою арқылы білімдерін көрсеттік

13- слайд: Осындай үйірме жұмысының нәтижесінде биылғы оқу жылында

Робототехникадан, Үйірме өз нәтижесін берді. Қатысушы балалар өздерінің білімдерін көрсете білді және жүлделі марапаттарға ие болды.

14- слайд:Сіздердің назарларынызға видео ұсынамын.

1) Бұл жерде біздің тәрбиеленушіміз карточкамен берілген тапсырманы алгоритм құру арқылы финишке жетеді.

2)Лабиринттің қйын кептеліс жолдарымен жүріп, білім кілтіне жетеді.

3) Карточкамен берілген тапсырманы алгоритм құру арқылы әрбір тышқанның қадамындағы әріптерді атай отырып жетеді.

4) Карточкамен берілген тапсырманы алгоритм құру арқылы әрбір тышқанның қадамындағы әріптерді атай отырып жетеді.

15-слайд:

Қорыта келгенде жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізі. Ал, оны меңгерген ұрпақ көштен қалмай, еліміздің көркеюіне үлес қосары сөзсіз.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.12.2021
3602
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі